Жаңалықтар

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар. «Отан» орденімен «Соколов-Сарбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті М.М.Турдахунов марапатталды. І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандардың қатарында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті А.Т.Ибрагимов, жазушы Ш.Мұртаза, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің профессоры Ә.Ә.Әшімов, академик С.С.Қирабаев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - Шығыс Қазақстан облысындағы «Багратион» ШҚ басшысы В.Г.Воропай, «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы В.К.Жүнісов, ақын К.Салықов, Қостанай облысындағы «Шеминовка» ЖШС директоры Ю.Б.Чеховский бар. Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тұқым» ЖШС бас директоры Т.К.Ақаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас дизайнері М.Қ.Әлин, Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті  Қ.Ергөбек, Қарағанды облысы «Қайнар» ЖШС директоры С.А.Нығметов, қоғам қайраткері Ө.О.Озғанбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры С.Пірәлиев, «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ю.В.Пя, Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының вице-президенті Д.Қ.Сәдуақасов, ақын  И.Сапарбай, жазушы Ә.Т.Сарай және басқалар  «Парасат»  орденінің иегерлері атанды. ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталғандар арасында «Жамбыл облыстық гректер қоғамы» ҚБ төрағасы Г.И.Буюкиди, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРІКСОЙ) бас директоры Д.Қ.Қасейінов, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі В.Б.Молотов-Лучанский, Ақтөбе облысы «Даут-М» ЖШС директоры А.Р.Муширов, Ақтау қаласының «Народное согласие» ҚБ төрағасы  Ю.А.Шахшаев бар. Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, спорт қайраткерлері, өндірістік сала  өкілдерінің еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді. Олардың арасында «Таукент тау-кен химиялық кәсіпорны» ЖШС уран өндіру өндірісінің операторы Е.К.Абдуғамитов, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының директоры Ә.Әмірғалиұлы, Астана қаласы №1 қалалық емханасының дәрігері Л.Г.Астахова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар және жасөспірімдер театрының актері М.Н.Ахманов, «KEGOC» АҚ Жамбыл аумақтық электр торабының электромонтеры Қ.М.Байменов, Алматы облысы «Қарасу» су пайдаланушылар кооперативінің төрайымы К.Бердіғұлова, «Эра» телекомпаниясы» ЖШС байқаушы кеңесінің төрайымы Б.Н.Жексенбай, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Қ.П.Жүсіп, Ақмола облысы «Аждар және К» ӨК төрағасы А.Тайшытаев, «Ембімұнайгаз» АҚ машинисі З.О.Өркенғалиев, Шымкент қалалық гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ә.М.Юсупова бар. Әскери және қызметтік бор­ы­шын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ер­лігі үшін» медальдарымен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет, өндіріс пен әлеуметтік са­ланың 79 көрнекті өкіліне беріліп, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 275 адам ие болды. www.akorda.kz  
14.12.2012 03:58 3106

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

«Отан» орденімен «Соколов-Сарбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті М.М.Турдахунов марапатталды. І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандардың қатарында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті А.Т.Ибрагимов, жазушы Ш.Мұртаза, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің профессоры Ә.Ә.Әшімов, академик С.С.Қирабаев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - Шығыс Қазақстан облысындағы «Багратион» ШҚ басшысы В.Г.Воропай, «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы В.К.Жүнісов, ақын К.Салықов, Қостанай облысындағы «Шеминовка» ЖШС директоры Ю.Б.Чеховский бар.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тұқым» ЖШС бас директоры Т.К.Ақаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас дизайнері М.Қ.Әлин, Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті  Қ.Ергөбек, Қарағанды облысы «Қайнар» ЖШС директоры С.А.Нығметов, қоғам қайраткері Ө.О.Озғанбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры С.Пірәлиев, «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ю.В.Пя, Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының вице-президенті Д.Қ.Сәдуақасов, ақын  И.Сапарбай, жазушы Ә.Т.Сарай және басқалар  «Парасат»  орденінің иегерлері атанды.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталғандар арасында «Жамбыл облыстық гректер қоғамы» ҚБ төрағасы Г.И.Буюкиди, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРІКСОЙ) бас директоры Д.Қ.Қасейінов, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі В.Б.Молотов-Лучанский, Ақтөбе облысы «Даут-М» ЖШС директоры А.Р.Муширов, Ақтау қаласының «Народное согласие» ҚБ төрағасы  Ю.А.Шахшаев бар.

Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, спорт қайраткерлері, өндірістік сала  өкілдерінің еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді. Олардың арасында «Таукент тау-кен химиялық кәсіпорны» ЖШС уран өндіру өндірісінің операторы Е.К.Абдуғамитов, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының директоры Ә.Әмірғалиұлы, Астана қаласы №1 қалалық емханасының дәрігері Л.Г.Астахова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар және жасөспірімдер театрының актері М.Н.Ахманов, «KEGOC» АҚ Жамбыл аумақтық электр торабының электромонтеры Қ.М.Байменов, Алматы облысы «Қарасу» су пайдаланушылар кооперативінің төрайымы К.Бердіғұлова, «Эра» телекомпаниясы» ЖШС байқаушы кеңесінің төрайымы Б.Н.Жексенбай, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Қ.П.Жүсіп, Ақмола облысы «Аждар және К» ӨК төрағасы А.Тайшытаев, «Ембімұнайгаз» АҚ машинисі З.О.Өркенғалиев, Шымкент қалалық гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ә.М.Юсупова бар.

Әскери және қызметтік бор­ы­шын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ер­лігі үшін» медальдарымен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет, өндіріс пен әлеуметтік са­ланың 79 көрнекті өкіліне беріліп, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 275 адам ие болды.

www.akorda.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға