Астана-Мәскеу жастары арасында телекөпір өтті
Білімді де білікті мамандарды қалай дайындау керек? Жастардың білімге деген құштарлығын қалай арттыруға болады? Кәсіби мамандарды даярлау мәселелері Астана–Мәскеу телекөпірі кезінде қызу талқыланды. Ашық пікір-талас кезінде, жастар, байырғы «Жаздық лагерь» құру керектігін айтты. Телекөпірде Ресейде білім алып жүрген қазақ студенттерінің қауіпсіздігі мәселелері де көтерілді. Қазақ жастары, ұлтшылы көп Мәскеуден гөрі Бейжің, Лондон немесе АҚШ пен Канадада оқығанды жөн көреді екен. Жалпы алғанда шетелде 67 мың студент білімі алып жүр.
Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ презеденті:
Ресейдің осындай бағдарламалар керек екендігі, шетелге жастарды жіберу керек екендігі туралы ойлары айтылуда. Біз, 20 жыл ішінде Аллаға шүкір, алты мыңнан астам түлектерді даярлап, қазір басқару жүйесінде, басқа да түрлі салаларда мықты даярланған кадрларды қалыптастырдық.
BAQ.kz