Жаңалықтар

Бүгін «Алашорда» үкіметі құрылған күн

Бүгін Қазақ мемлекеті үшін ең маңызды күн. Дәл осы күні, осыдан 95 жыл бұрын 1917 жылы 13 желтоқсанда Алашорда үкіметі жарияланды. Әлбетте, оған дейін Алаш қозғалысының туындауына себеп болған бірқатар тарихи оқиғалар өтті. ХХ ғасырдың басында патшаның қанаушылық саясатынан әбден зәрезап болған жұрт оянды. Оянған халықты басу оңай ма? Енді Ресейді төңкеріс елесі кезіп кетті. Осы аралық толқуылды ұтымды пайдаланған Алаш көсемдері қазақтың басын біріктіріп, азаттық идеясын ту қылып көтерді. Бірақ, халықтардың ұлттық рухының оянуынан өлердей қорқатын орыстың отарлаушылары қазақты ұйымдастырып жүрген ұлт зиялыларының соңынан шам алып түсті. Мәселен, 1907 жылы 18 желтоқсанда Петербор сот палатасының төтенше мәжілісі Әлихан Бөкейхановты «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін үш ай мерзімге Семей түрмесіне қамауға шешім шығарса, 1909 жылы Ахмет Байтұрсынұлы «Қарқаралыда өкіметке қарсы әрекеттер жасады» деген айыппен тұтқынға алынып, екі жылға жер аударылды. Қаншама түрме есігін тоздырып қуғынға ұшыраса да, рухы асқақ алаш арыстары діттеген мақсаттарына қол жеткізбей қоймады.  Сөйтіп, патшаның қуғын-сүргінін көріп жүріп ұлт зиялылары Алашорда үкіметін жариялап үлгерген еді. Бұдан кейін Алаш көсемдері «Алаш» автономиясының қалай дамуы керектігі жайлы мемлекеттің толыққанды тұғырнамасын жасады. Басқа да маңызды қаулы-жарғыларды айтпағанда, заманның ең өзекті деген алты мәселесін ұлттық ұстанымы етті: Бірінші, «Бай, кедей, орта деген секілді таптық бөлінушілік болмасын»; Екінші, «Жерді сатуға мүлде болмайды»; Үшінші, «Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі ретінде саналады»; Төртінші, «Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол ең алдымен қазақтың үстінен табылуы қажет»; Бесінші, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын»; Алтыншы, «Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын». Бұл – Алаштың арыстарының осыдан 95 жыл бұрын орыс отаршылығынан жасқанбай, қазақтың тәуелсіз мемлекетін қалыптастырудағы жасаған алғашқы батыл қадамдары еді. Алаш мұратының негізгі идеясы жарты ғасырдан астам уақыт өткеннен соң, 1986 жылдың желтоқсанында қайта жаңғырды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі азаттық жолындағы бұрыннан сабақтасып келе жатқан жанкешті күрестердің заңды жалғасына айналды. Желтоқсан - ұлт тарихындағы ұлы дүмпу бола алды. Алаңға шыққан жастар да алаш қайраткерлері секілді елі үшін өз мойнына үлкен жүк артып, ұлтының құрбанына айналды. Желтоқсан – бүкіл кеңестік жүйе бойында қоғам дамуына үлкен рухани серпіліс тудырды, мызғымас деп саналатын империяның күйреуіне, тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуіне жол ашты. Қазақ жастары посткеңестік елдердің бәрінің санасын оятып, қозғау салғаны, соңынан ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер көршілес республикаларда да орын алғаны баршаңызға мәлім. Әйгілі жастар көтерілісінен бес жыл өткеннен соң, тағы сол желтоқсан айында 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жарияланды. Желтоқсанның 16-сы күні ата бабамыз армандап өткен бостандығымызға қол жеткіздік. Сондықтан да ұлтымыз үшін ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күні. Алаш зиялыларының бейнесі де, олардың шығармаларының оқылуы, насихатталуы, бүгінгі ұрпаққа пайдасы тиуі керек. Алаш рухын насихаттау сол зиялылар секілді тәуелсіз ойлауға, кез-келген нәрсені салмақтап, оған ұлт мүддесі тұрғысынан баға беруге үйретеді. "Алаш" оқып немесе жазып қоя салатын ғылыми еңбек емес. Алаш – бізге үйренуді, оны синтездеуді, және жүзеге асыруды талап ететін ұлы қозғалыс. Алаш мұраты – мемлекеттілік жолында біз ұстанатын мәңгілік мәселе. Алаш феноменінің біздің санамызға сыймай тұрған бір құпиясы ар мен азаттықты бәрінен жоғары қою. Алаш арыстары мәңгілік елдің мемлекеттік концепциясын осылай көрсетіп кетті. Алаш арыстарының заңды мұрагері тек сіз бен біз, қадірлі қазақ жастары! Baq.kz
13.12.2012 11:16 3647

Бүгін Қазақ мемлекеті үшін ең маңызды күн. Дәл осы күні, осыдан 95 жыл бұрын 1917 жылы 13 желтоқсанда Алашорда үкіметі жарияланды.
Әлбетте, оған дейін Алаш қозғалысының туындауына себеп болған бірқатар тарихи оқиғалар өтті. ХХ ғасырдың басында патшаның қанаушылық саясатынан әбден зәрезап болған жұрт оянды. Оянған халықты басу оңай ма? Енді Ресейді төңкеріс елесі кезіп кетті. Осы аралық толқуылды ұтымды пайдаланған Алаш көсемдері қазақтың басын біріктіріп, азаттық идеясын ту қылып көтерді.
Бірақ, халықтардың ұлттық рухының оянуынан өлердей қорқатын орыстың отарлаушылары қазақты ұйымдастырып жүрген ұлт зиялыларының соңынан шам алып түсті. Мәселен, 1907 жылы 18 желтоқсанда Петербор сот палатасының төтенше мәжілісі Әлихан Бөкейхановты «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін үш ай мерзімге Семей түрмесіне қамауға шешім шығарса, 1909 жылы Ахмет Байтұрсынұлы «Қарқаралыда өкіметке қарсы әрекеттер жасады» деген айыппен тұтқынға алынып, екі жылға жер аударылды. Қаншама түрме есігін тоздырып қуғынға ұшыраса да, рухы асқақ алаш арыстары діттеген мақсаттарына қол жеткізбей қоймады. 
Сөйтіп, патшаның қуғын-сүргінін көріп жүріп ұлт зиялылары Алашорда үкіметін жариялап үлгерген еді. Бұдан кейін Алаш көсемдері «Алаш» автономиясының қалай дамуы керектігі жайлы мемлекеттің толыққанды тұғырнамасын жасады. Басқа да маңызды қаулы-жарғыларды айтпағанда, заманның ең өзекті деген алты мәселесін ұлттық ұстанымы етті:
Бірінші, «Бай, кедей, орта деген секілді таптық бөлінушілік болмасын»;
Екінші, «Жерді сатуға мүлде болмайды»;
Үшінші, «Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі ретінде саналады»;
Төртінші, «Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол ең алдымен қазақтың үстінен табылуы қажет»;
Бесінші, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын»;
Алтыншы, «Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын».
Бұл – Алаштың арыстарының осыдан 95 жыл бұрын орыс отаршылығынан жасқанбай, қазақтың тәуелсіз мемлекетін қалыптастырудағы жасаған алғашқы батыл қадамдары еді.
Алаш мұратының негізгі идеясы жарты ғасырдан астам уақыт өткеннен соң, 1986 жылдың желтоқсанында қайта жаңғырды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі азаттық жолындағы бұрыннан сабақтасып келе жатқан жанкешті күрестердің заңды жалғасына айналды. Желтоқсан - ұлт тарихындағы ұлы дүмпу бола алды. Алаңға шыққан жастар да алаш қайраткерлері секілді елі үшін өз мойнына үлкен жүк артып, ұлтының құрбанына айналды. Желтоқсан – бүкіл кеңестік жүйе бойында қоғам дамуына үлкен рухани серпіліс тудырды, мызғымас деп саналатын империяның күйреуіне, тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуіне жол ашты. Қазақ жастары посткеңестік елдердің бәрінің санасын оятып, қозғау салғаны, соңынан ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер көршілес республикаларда да орын алғаны баршаңызға мәлім.
Әйгілі жастар көтерілісінен бес жыл өткеннен соң, тағы сол желтоқсан айында 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жарияланды. Желтоқсанның 16-сы күні ата бабамыз армандап өткен бостандығымызға қол жеткіздік. Сондықтан да ұлтымыз үшін ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күні.
Алаш зиялыларының бейнесі де, олардың шығармаларының оқылуы, насихатталуы, бүгінгі ұрпаққа пайдасы тиуі керек. Алаш рухын насихаттау сол зиялылар секілді тәуелсіз ойлауға, кез-келген нәрсені салмақтап, оған ұлт мүддесі тұрғысынан баға беруге үйретеді.
"Алаш" оқып немесе жазып қоя салатын ғылыми еңбек емес. Алаш – бізге үйренуді, оны синтездеуді, және жүзеге асыруды талап ететін ұлы қозғалыс. Алаш мұраты – мемлекеттілік жолында біз ұстанатын мәңгілік мәселе. Алаш феноменінің біздің санамызға сыймай тұрған бір құпиясы ар мен азаттықты бәрінен жоғары қою. Алаш арыстары мәңгілік елдің мемлекеттік концепциясын осылай көрсетіп кетті. Алаш арыстарының заңды мұрагері тек сіз бен біз, қадірлі қазақ жастары!

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға