Астанада ЦСКА спорттық жыл қорытындысын шығарды
Астанада Армияның Орталық спорт клубы жыл қорытындысын шығарды. Әскерилердің ойынша, 2012 жыл олар үшін медальдер мен жетістіктерге толы жыл болды. Жыл бойы клуб спортшылары 97 халықаралық, 98 республикалық деңгейдегі 195 спорттық іс-шараға қатысып, 678 рет жеңімпаз-чимпион атанды, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Әскерилер Оңтүстік Кореядағы (Пьянг-Чанг қ.) биатлоннан Азия чемпионатын жемісті бастады. Мұнда қатардағы жауынгерлер Галина Окольздаева мен Анна Кистанова және ефрейтор Николай Брайченко 7,5 км жүгіруден 1-ші орын алса, аралас эстафетада 10 шақырымға жүгіруден 2-ші орынды, ал, негізгі армиялық спортшылар арасында да 2-ші орынды місе тұтты.
Ғ. Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық дәстүрлі турнирде де армиялықтар ҚР Ұлттық құрамасына жол беріп, командалық есепте екінші орынға шықты. Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағанбетов жүлдесі үшін болған бокстан XVII халықаралық турнирде де сол құрамда құрметті 1-ші орынға қол жеткізді.
Лондон Олимпиадасына біздің елдің Ұлттық құрамасы сапына 10 спорт түрінен өнер көрсеткен 27 армиялық спортшы енген болатын. Олар: жеңіл атлетика, ескек есу және каноэ, синхронды жүзу, дзюдо, бокс, жүзу, ауыр атлетика, заманауи бессайыс, еркін және әйелдер күресі спорттары. ҚР ҚМ ЦСКА өкілі, капитан Ольга Рыпакова Колумбия мен Украинадан келген өзінің бұрынғы қарсыластарын басып озып, үш дәрежелі секіруден (14, 98 метр) керемет нәтиже көрсетті. Капитан Серік Сапиев финалдық бәсекеде британдық спротшыны тізе бүктіріп, Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін Вэл Баркер Кубогын жеңіп алды.
Армиялық спортшылардың керемет өнер көрсетулері ҚР Ұлттық құрамасы қоржынына екі алтын алып берді. Бұл біздің жалпыкомандалық есепте 12-ші орынға көтерілуімізге мүмкіндік жасады.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz