Жаңалықтар

«EXPO-2017» – Астананың дамуына тың серпін береді – М.Башимов

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу Астананың дамуына тың серпін береді. Заң ғылымдарының докторы, «Человек и закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. «Біздің елімізде тұрақтылық, тыныштық, ұлтаралық келісім мен татулық болғандықтан, өзге мемлекеттер халықаралық көрмені өткізу құқығын Қазақстан беруді ұйғарды. Яғни, бұл біздің мемлекетке деген сенімді білдірсе керек. Сарапшылар Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның үлкен жетістіктерге жеткенін айтып отыр. Енді алдағы төрт жарым жылда көрмені абыройлы өткізу үшін үлкен жұмыстар күтіп тұр», - деді М. Башимов. Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі көрмені өткізу Астананы әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді. «Мен Астанаға екі мыңыншы жылдардың басында келдім. Ол кезде елордамыз бірнеше жылдан кейін осындай кейіпке енеді деп ойлаған емеспін. Ал ЭКСПО-ны өткізуге дайындық Астананы одан әрі өркендете түсетіні даусыз. Жаңа нысандар салынады. Әрі олардың сапасы жоғары болады. Өйткені белгілі стандарттар бар. Шетелдіктер бақылайды. Мұнымен қатар бизнеске үлкен мүмкіндіктер беріледі. Қарапайым халыққа да пайдасы бар. Жұмыс орындары ашылады, бюджетке түсім түседі, салық төлейді. Еліміздің экономикасын дамытады. Бұл көрмені өткізу Олимпиаданы өткізуді жеңіп алғанмен тең. Қазақ елінің мерейін әлемдік қауымдастық алдында тағы да асқақтатып, беделімізді биіктете түседі деп ойлаймын»,- деп атап өтті М.Башимов.
08.12.2012 15:20 3303

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу Астананың дамуына тың серпін береді. Заң ғылымдарының докторы, «Человек и закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Біздің елімізде тұрақтылық, тыныштық, ұлтаралық келісім мен татулық болғандықтан, өзге мемлекеттер халықаралық көрмені өткізу құқығын Қазақстан беруді ұйғарды. Яғни, бұл біздің мемлекетке деген сенімді білдірсе керек. Сарапшылар Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның үлкен жетістіктерге жеткенін айтып отыр. Енді алдағы төрт жарым жылда көрмені абыройлы өткізу үшін үлкен жұмыстар күтіп тұр», - деді М. Башимов.

Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі көрмені өткізу Астананы әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.

«Мен Астанаға екі мыңыншы жылдардың басында келдім. Ол кезде елордамыз бірнеше жылдан кейін осындай кейіпке енеді деп ойлаған емеспін. Ал ЭКСПО-ны өткізуге дайындық Астананы одан әрі өркендете түсетіні даусыз. Жаңа нысандар салынады. Әрі олардың сапасы жоғары болады. Өйткені белгілі стандарттар бар. Шетелдіктер бақылайды. Мұнымен қатар бизнеске үлкен мүмкіндіктер беріледі. Қарапайым халыққа да пайдасы бар. Жұмыс орындары ашылады, бюджетке түсім түседі, салық төлейді. Еліміздің экономикасын дамытады. Бұл көрмені өткізу Олимпиаданы өткізуді жеңіп алғанмен тең. Қазақ елінің мерейін әлемдік қауымдастық алдында тағы да асқақтатып, беделімізді биіктете түседі деп ойлаймын»,- деп атап өтті М.Башимов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға