Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылданғанына байланысты құттықтау жеделхаттары мен хаттар көптеп келіп түсті, деп хабарлады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құттықтау жолдаған авторлар қатарында оқушыдан зейнеткерге дейінгі, қарапайым еңбеккерден көрнекті мемлекет және қоғам қайраткеріне дейінгі барлық әлеуметтік топ өкілдері бар. Хаттардың басым бөлігі кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарынан келді.
«Әлемнің түкпір-түкпірінде «Назарбаев», «Астана», «Қазақстан» деген сөздер тұрақтылық, қарқынды өсу және жаппай құрметтің синониміне айналды» делінген Өскемен қаласынан келген «Қазмырыш» компаниялар тобы ұжымының хатында. Жас тәуелсіз мемлекет құрылысындағы Қазақстанның табыстары, оны құрудағы еліміздің Тұңғыш Президентінің орасан рөлі мен еңбегі ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Қазхром ТҰК» АҚ, «Кегок» АҚ, «ҚазФосфат» ЖШС, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Қазақстандағы өкілдігі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, Қостанай қаласындағы «Иволга-Холдинг» ЖШС, Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы «Рза» АҚ ұжымдарының және басқалардың құттықтауларында атап өтіледі.
Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің шынайы құттықтауларын білім мен ғылым саласының өкілдері де жолдаған.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің хатында: «Еліміздің тарихы үшін мұндай маңызды мерекенің бекітілуі – біздің елімізді үздіксіз ілгерілеу мен өркендеу жолына бастаған Ұлт Көшбасшысы ретінде Қазақстан халқының Сіздің еңбегіңізді мойындауы», - делінген. Мұндай пікірлер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының, Алматы қаласынан «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігінің ұжымдары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Ә.Бейсенова мен С.Қирабаев, Павлодар облысынан білім саласының ардагері Ш.Исенова, Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің мұғалімдері, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауылының Жамбыл атындағы мектеп-лицейі, Астана қаласынан кітапханашы М.Ахтаева, Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің профессоры А.Қарасайтегі, Шығыс Қазақстан облысындағы білім саласының қызметкерлері, «Enactus Қазақстан» халықаралық форумының өкілі А.Ержанова жолдаған құттықтауларда білдірілген.
Қазақстанның халық артисі, композитор Б.Жұманиязов, КСРО халық суретшісі, ҚР ҰҒА академигі Қ.Телжанов, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қайраткерлері, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ұжымдары, Астанадағы цирк артисі М.Өселбаев өз құттықтаулары мен игі тілектерін білдірген.
Мемлекет басшысына рухани қуат тілеген еліміздің діни қайраткерлері қатарында Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал епархиясы православ христиандары мен дінбасылары, Қарағанды қаласынан «Свет мира» жергілікті діни бірлестіктер шіркеуінің пасторы Т.Рахматуллин бар.
Жүрекжарды құттықтаулар жастар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен келіп түсті. Олардың арасында жас қазақстандықтар – Қызылорда қаласынан З.Өмірзаққызы, Астана қаласынан Н.Шералы, Шымкент қаласынан М.Ерболатова, К.Бөгенбай, Р.Піскенбаева, Ж.Молдахметова, Тараз қаласынан №48 орта мектебінің оқушылары, Павлодар облысы, Ақсу қаласынан А.Ералиева, Павлодар қаласының «Самал» оңалту орталығы МҚҰ қызметкерлері, Ақтөбе облысы, Темір ауданының жастары, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының және Павлодар облысы, Қашыр ауданының «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облысы ХV сессиясына қатысушылар, Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы мүшелері, Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы Орталық Азия бойынша Аймақтық Өкілдігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы, «Е.Қайыржанов атындағы Қазақстан криминологтар одағы» ЗТБ, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Батыс Қазақстандағы филиалы және «Желтоқсан-86 – Тәуелсіздік Қырандары» халық батырлары қозғалысы бар. Хат иелері бұл мереке ел өмірінде үлкен қоғамдық-саяси мәнге ие екенін, Ұлт Көшбасшысы бағытының аясында барша қазақстандықтардың бірлігін және жалпы қоғамның топтасуын білдіретінін атап өткен. Өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері бүгінде еліміздің әр азаматы Мемлекет басшысының бастамалары мен ойларын қолдайтынына сенім білдіреді.
Астана қаласындағы «Мейірім-Демеу» аналар мен балаларды қолдау және көшіп-қонушылардың ақпараттық орталығы» ұжымы мен оралмандардың республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Мемлекет басшысын құттықтай отырып, «тәуелсіз еліміз тарихындағы әрбір берекелі де игілікті істер, бірлігіміз бен тыныштығымыз, республиканың әлемдік аренадағы беделі мен абыройы Сіздің атыңызбен тығыз байланысты» деп жазады.
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» қызметін пайдаланушылар бұл мерекені «Тұңғыш Президенттің туған Қазақстанымыздың игілігі үшін әр күн сайын атқарып жатқан зор еңбегінің заңды нәтижесі» деп атайды.
Мемлекет басшысын маңызы зор оқиғамен Қостанай облысынан соғыс және еңбек ардагері Ф.Карапыш құттықтап, бұл мереке «Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегін халықтың мойындауы» деп атап өтеді. Мұндай мазмұндағы хаттар Оңтүстік Қазақстан облысы, Үшбұлақ ауылынан ардагер Ә.Өмірәліұлынан, Павлодар облысы, Қашыр ауданынан В.Пахандриннен, Астана қаласынан А.Бекмәдиевтен, Ақмола облысының ақсақалдарынан, Жамбыл облысы, Жаңатас қаласынан тыл еңбеккері К.Каштановадан, Астана қаласындағы «Ардагер» АҚ өкілдерінен, Қызылорда облысы, Қазалы қаласынан З.Баймахановадан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласынан М.Барлыбаевтан, Семей қаласынан Н.Қасеновадан, Шығыс Қазақстан облысы, Прибрежный кентінің тұрғындарынан, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері мен фермерлерінен, Көкшетау қаласынан Б.Қожановадан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мырзакент ауылынан Р.Төлемісовадан, Қызылорда облысы, Аққорған ауылынан А.Әмзеевтен, Алматы облысы, Кеген ауылынан С.Оразаевтан, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласынан М.Бачаевадан келді.
Еліміздің Президентіне қолдаулары мен ізгі тілектерін хат арқылы білдіргендер арасында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауылынан А.Касмаль, Алматы облысы, Талдықорған қаласынан Н.Летов, Б.Төреханова, Қостанай қаласынан Ж.Ақбасов, Семей қаласынан Б.Ботантаева, К.Әбілмәжінов, Астана қаласынан Ж.Ғабдуллин, М.Құсайынов, Л.Панчук, Р.Байғабылова, Рогалевтар отбасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылынан М.Байтасов, Қызылорда қаласынан Х.Құнанқараев, Алматы облысы, Талғар қаласынан К.Дугашев, Алматы қаласынан М.Қасенова, Б.Мәсәлімов, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының жұртшылық өкілдері, Шымкент қаласынан В.Андрюков, Орал қаласынан С.Досанова, Т.Құбашев, Тараз қаласынан А.Назарбаева, Е.Сыбанқұлов, сондай-ақ «Рысбаева и К» ЖШС жетекшісі С.Рысбаева, Павлодар облысынан Ақсу ферросплав зауытының жұмысшысы В.Кресс, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылынан А.Жамабатыров, Атырау қаласынан Б.Өтетілеуова, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласынан З.Торыбаев бар.
Мемлекет басшысына құттықтауларын Қарағанды облысындағы Теміртау қаласынан Н.Беликов пен Ағадыр ауылынан О.Қойшыбаев, Қостанай облысы, Рудный қаласынан М.Костина, Ақтөбе қаласынан Ж.Омаров, Алматы қаласынан С.Алентьев, Ақтөбе облысы, Ойыл ауылынан Г.Серікқалиева, Астанадан Ш.Асубаева, Айжан мен Әлия Айтхожиналар өлеңмен жолдаған.
Президент поштасынан орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларынан, еліміздің Парламенті мен облыстық мәслихаттар депутаттарынан, дипломатиялық корпустан, республиканың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен, сондай-ақ шетелдік саясат, ғылым, мәдениет және іскер топтар өкілдерінен, халықаралық ұйымдар жетекшілерінен келген хаттар мен жеделхаттар үлкен орын алды.
Атап айтқанда, «Сіздің көрегендігіңіз, мемлекет басқарудағы мол әрі сан қырлы тәжірибеңіз, сондай-ақ, ерен еңбегіңіз Қазақстан экономикасының қарқынды дамуының және оның азаматтарының әл-ауқаты артуының, қоғамдық келісім мен бірліктің сақталуының кепілі болмақ» делінген «Еуразия даму банкі» басқармасының төрағасы И.Финогеновтың хатында.
***
Республика елордасында ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу туралы Халықаралық көрмелер бюросының шешімі Тұңғыш Президент күні қарсаңында елеулі оқиғаға айналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның үлкен халықаралық жетістігінің біріне айналғаны шүбәсіз. Мемлекет басшысының атына хаттардың толассыз келуі - осының айқын айғағы.
Өздері жолдаған құттықтауларда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мүшелері бүкіләлемдік көрме еліміздің жаңаруына қуатты серпін беретініне сенім білдірген. Ассамблея өкілдері бұл Қазақстан үшін әлемнің орнықты даму аясында, сондай-ақ экологиялық таза энергия ресурстарын, баламалы энергияны пайдалануда жаңа айналым болатынына сенімді.
Көптеген құттықтаулар түрлі білім мен ғылым саласы өкілдерінен келіп түсті. Олардың қатарында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Рудный индустриялық институты, ҚазТұтынуОдағының Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан-Ресей университеті «Лицей-Колледж-ЖОО» ОМК оқытушылар ұжымы мен студенттері бар. Құттықтауда ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбының жоғары маңызы мен ғылыми әлеуеті атап өтілген.
Атап айтқанда, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы «ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстанды әлемге тек Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі ретінде ғана емес, жаһандану талаптарына сай келетін және «жасыл» экономика» қағидаттары бойынша даму үстіндегі индустриялы мемлекет ретінде де танытуға мүмкіндік береді» деп жазады. Осы орайда, профессор Н.Бөкетова Бүкіләлемдік көрменің алаңы ретінде Астананың таңдалуы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің мойындалуы екеніне тоқталған.
«Мен Қазақстанның бүкіл әлемге өз қуатын ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған заманауи жаңа елордасын қысқа уақыт ішінде салуымен дәлелдегенін мақтан етемін. Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік» деп атап өткен Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің директоры Г.Шунаева.
Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері де құттықтауда. Олардың арасында Қазақстан Жазушылар Одағы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының Азаматтық альянсы, Қарағанды облысының техникалық және кәсіби білім беру мекемесі, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, Астана қаласындағы «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау жөніндегі қоғамдық қоры, Қарағанды облысының Кәсіподақ федерациясы, «Астана қаласындағы мүгедек балалар қоғамы» АҚ, «Ел шежіре» қайырымдылық қоры» ҚҚ да бар.
«Маңғыстау» газетінің бас редакторы М.Қосымбай, «Огни Маңғыстау» газетінің бас редакторы Н.Бутырина және «Қазақстан-Ақтау» телерадиокомпаниясының директоры Ж.Ағыбаев Маңғыстау облысының журналистері қоғамдастығы атынан ЭКСПО-2017 көрмесі өте жоғары деңгейде өтетініне және Қазақстанды бүкіл әлем тани түсетініне сенім білдіреді.
Ақордаға құттықтаулар мәдениет қайраткерлерінен де келді. Атап айтқанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры ұжымдары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Р.Рымбаева, Л.Кесоглу, Д.Исабеков. т.б. хат жолдаған.
«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу – қазақстандықтардың болашаққа деген сенімінің жарқын көрінісі» делінген М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артистері жолдаған хатта.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысын А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқушылары және «Жас толқын» патриоттар клубының мүшелері, «Дизайн апталығы Алматы-2012» халықаралық фестиваліне қатысушы А.Бобыкин, А.Казарин, С.Чуев, А.Лысогоров, И.Байбурин, Т.Сүлейменов құттықтаған.
Қазақстан Президентін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу салтанатымен Қазақстанның белгілі спортшылары, спорт мекемелерінің еңбеккерлері құттықтады. Олардың арасында Лондон Олимпиадасының чемпиондары С.Сәпиев пен О.Рыпакова, Олимпиаданың күміс жүлдегері Г.Цурцумия, ҚР Президенті Кубогы үшін өткен «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлдегері Ш.Жоламанов, олимпиадалық құраманың мүшелері және Астана қаласының Олимпиялық ізбасарлар даярлау орталығының ұжымы бар.
Астана қаласынан хат жолдаған ардагер Р.Атығаева «Сарыарқа төсінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу еліміз тарихына енетін кезекті оқиғаның алтын парағына айналатынын» атап өткен. Мұндай мазмұндағы пікір Батыс Қазақстан облысының соғыс және еңбек ардагерлері, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Н.Молостов жолдаған хатта білдірілген.
Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алуына байланысты өз қуаныштарын Мемлекет басшысының сыныптастары-курстастары атынан Ермаханбетовтар отбасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті А.Оржеховская, Астана қаласынан Мұхаметшиналар отбасы мен А.Жәңгіров, Алматы облысы, Үштөбе қаласынан О.Кәрбозұлы, Шымкент қаласының тұрғыны Б.Шүкірбеков, Жамбыл облысы, Меркі ауылынан С.Дәрменов, Алматы облысынан К.Тұрсынбекова, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан М.Жақашбаев және басқалары бөліскен.
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көптеген хаттар мен жеделхаттар қазақстандық кәсіпорындар ұжымдарынан, атап айтқанда, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Кегок» АҚ, Алматы локомотив пайдалану депосынан, «Normal Work» ЖШС, «Алтын қыран» компаниялар тобынан, сондай-ақ Павлодар облысының Сауда-өнеркәсіп палатасына мүше кәсіпкерлерден келіп түсті.
Құттықтаулар шетелдік азаматтардан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен де келіп түсті. Атап айтқанда, «Альстом» компаниясының президенті П.Крон, Eurocopter компаниясының президенті және басқарма төрағасы Л.Бертлинг, «АРЕВА» тау-кен тобының аға атқарушы вице-президенті О.Вонс және «La Meurice» қонақ үйінің бас менеджері Ф.Холтман Франциядан жолдаған құттықтауларда көрмені өткізу құқын жеңіп алуы Қазақстанның көптарапты халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын ұстануының дәлелі болып саналатыны атап өтілген.
Өзі жолдаған құттықтауда Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Т.Блэр Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу баламалы энергия саласындағы әлемдік жетістіктерді көрсетудің тамаша мүмкіндігі, ал Қазақстан ұсынған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы барша адамзаттың алға жылжуы үшін айтарлықтай маңызды тақырыптың бірі екенін атап өткен.
Еліміздің Президентінің атына келіп түскен құттықтаулардың басым бөлігі жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Елбасы атына келіп түскен барлық құттықтаулар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайына мұрағат ретінде сақтау үшін берілетін болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіп түскен барлық хаттарды және жеделхаттарды оқып шығып, барлық авторларға құттықтаулары мен ізгі ниетті тілектері үшін зор ризашылығын білдіреді және баршасына табыстар мен амандық-саулық тілейді.