Жаңалықтар

Оқу-ағарту жабдығы

Ел мұғалімдерінің міндеті күшейді. Мәскеуде кеңестер одағындағы оқытушылардың жалпы көптен күтілген зор съезі январьдің ішінде (13—17) болып өтті. Бүл съезд оқытушылардың түңғыш съезі. Съезге уәкілдер кеңестер топырағының әр.жерінен келді. Уәкілдердің жалпы саны 8 500-дей, кебі партиясыз. Бұл съезде ішкі-тысқы саясат жағынан, кәсіп өндірме, шаруа жайынан, оқушылар жөнінен тағы әртүрлі баяндамалар болып съезд көңілдегідей жақсы өтті. Бұл съезде еңбекшілер үкіметінің тарихында маңызы зор келешекке салынған негізі татымды. Патша тұсында біреу дінмен ноқталанып, біреу өлшеулі сызықпен қамалып, енді біреулер жоғарғы орындардың иегімен іс қылуға үйреніп қалған елдің қалың оқушыларға кешегі Октябрь төңкерісі тұсында көбі барлықтарын көрсете алмады. Жазаласа кейбіреулері байлар тілегінде болды, кеңес үкіметі орнағаннан кейін оның ұстаған бетімен таныс бола келе оқушылар көпшілігі 'бұрын түсіне алмай жүргендігін өкінішке кіргендей бұрынғы күнде қадірі аз, бейнеті кеп, еңбекшіл ел мұғалімдерінің шын қамқоры кеңес үкіметі екенін сезгендей болды. Съезде мұғалімдердің бұрынғы әм казіргі халы, оқуға патша мен кеңес үкіметінің көзқарастарын әрине салыстырып отыр. Бұл күнде оқу жұмысы 3-майдан атанып, оқу жұмысына шамадан келгенше күшті қазына көтергенше пұл жұмсалу керектігі сөйленіп өтті. Оқытушылардың тұрмысын көтеруге де байлау болды (еңбек ақылары 40 сомнан кем болмасын деген сияқты). Мұғалімдер міндетін жалғыз оқытуға ғана емес, коммунистер партиясы еңбекшілер үкіметінің елдегі қолқанаты болуға лайық қазіргі салынып «бетті ауылға» деген ұранның бірсыпырасы солардың танысуымен орындалатынын айтып өтті. Өйткені елдегі көзі ашық тап мұғалім. Олар жас буынды әлеуметшілік (социалистік) тұрмысқа лайықты қылып тәрбиелеуге қандай міндетті болса, ел мен үкіметтің арасына нөкер болуға, қара бұқараның білмегенін үйретуге, басшылық қылуға онан да үлкен міндеттерді атқару керек. Мұғалім деген сөз, үйретуші деген сөз болатын болса, жалғыз балаға ғана емес кім білмесе соны үйрететін болса, сонда мұғалімдіктің атын ақтай алады. Онан соң елдегі партия ұялары, Лениншіл жастар ұйымы бұдан былай мұғалімдермен қол ұстасып жұмыс қылулары керек. Елдегі үкімет мекемелері де оқытушыларға бұрынғы көз қарасты жоғалтулары шарт, мұғалімдерді сабақ алып «Әптиек» оқытатын «молдекеңдер» дәрежесінде көремін деуге енді орын жоқ. Олармен қатынасып іс әрекетіне кірісу керек. Онан соң мұғалімдердің де есінде болсын, бұрын олардың міндеті біреу болса, енді саясатқа қатысуы керек. Үкіметтің істерімен таныс болу керек, елдің шаруасына мидай араласу керек, қара бұқараға әр жайдан үйретуші болу керек. Сонда ғана мұғалімдер мойындарына түскен борышты өтей алады.  
08.12.2012 06:48 3327

Ел мұғалімдерінің міндеті күшейді. Мәскеуде кеңестер одағындағы оқытушылардың жалпы көптен күтілген зор съезі январьдің ішінде (13—17) болып өтті.

Бүл съезд оқытушылардың түңғыш съезі. Съезге уәкілдер кеңестер топырағының әр.жерінен келді. Уәкілдердің жалпы саны 8 500-дей, кебі партиясыз. Бұл съезде ішкі-тысқы саясат жағынан, кәсіп өндірме, шаруа жайынан, оқушылар жөнінен тағы әртүрлі баяндамалар болып съезд көңілдегідей жақсы өтті.

Бұл съезде еңбекшілер үкіметінің тарихында маңызы зор келешекке салынған негізі татымды. Патша тұсында біреу дінмен ноқталанып, біреу өлшеулі сызықпен қамалып, енді біреулер жоғарғы орындардың иегімен іс қылуға үйреніп қалған елдің қалың оқушыларға кешегі Октябрь төңкерісі тұсында көбі барлықтарын көрсете алмады. Жазаласа кейбіреулері байлар тілегінде болды, кеңес үкіметі орнағаннан кейін оның ұстаған бетімен таныс бола келе оқушылар көпшілігі 'бұрын түсіне алмай жүргендігін өкінішке кіргендей бұрынғы күнде қадірі аз, бейнеті кеп, еңбекшіл ел мұғалімдерінің шын қамқоры кеңес үкіметі екенін сезгендей болды.

Съезде мұғалімдердің бұрынғы әм казіргі халы, оқуға патша мен кеңес үкіметінің көзқарастарын әрине салыстырып отыр.

Бұл күнде оқу жұмысы 3-майдан атанып, оқу жұмысына шамадан келгенше күшті қазына көтергенше пұл жұмсалу керектігі сөйленіп өтті. Оқытушылардың тұрмысын көтеруге де байлау болды (еңбек ақылары 40 сомнан кем болмасын деген сияқты). Мұғалімдер міндетін жалғыз оқытуға ғана емес, коммунистер партиясы еңбекшілер үкіметінің елдегі қолқанаты болуға лайық қазіргі салынып «бетті ауылға» деген ұранның бірсыпырасы солардың танысуымен орындалатынын айтып өтті. Өйткені елдегі көзі ашық тап мұғалім. Олар жас буынды әлеуметшілік (социалистік) тұрмысқа лайықты қылып тәрбиелеуге қандай міндетті болса, ел мен үкіметтің арасына нөкер болуға, қара бұқараның білмегенін үйретуге, басшылық қылуға онан да үлкен міндеттерді атқару керек. Мұғалім деген сөз, үйретуші деген сөз болатын болса, жалғыз балаға ғана емес кім білмесе соны үйрететін болса, сонда мұғалімдіктің атын ақтай алады.

Онан соң елдегі партия ұялары, Лениншіл жастар ұйымы бұдан былай мұғалімдермен қол ұстасып жұмыс қылулары керек. Елдегі үкімет мекемелері де оқытушыларға бұрынғы көз қарасты жоғалтулары шарт, мұғалімдерді сабақ алып «Әптиек» оқытатын «молдекеңдер» дәрежесінде көремін деуге енді орын жоқ. Олармен қатынасып іс әрекетіне кірісу керек. Онан соң мұғалімдердің де есінде болсын, бұрын олардың міндеті біреу болса, енді саясатқа қатысуы керек. Үкіметтің істерімен таныс болу керек, елдің шаруасына мидай араласу керек, қара бұқараға әр жайдан үйретуші болу керек. Сонда ғана мұғалімдер мойындарына түскен борышты өтей алады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға