Жаңалықтар

Оқу ойыншық емес

  Осы күнде қазақ балаларының көбі оқуға сусап жүргені рас. Кіндік губерна, уезд қалаларында оқу мезгілі түгіл, қыс ортасына шейін оқуға деп келіп жатқан, орын таба алмай кетіп жатқан балаларды көресің. Алайда, үкімет адамдары шамасы келгенше көңіл бөліп, оқимын деп келген кедей балаларын мүмкінінше орналастырып отырудың қамында болатын әм бұдан былай да болмақ. Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдан жыл күшеймесе, кемімек, әлсіремек емес. Бірақ өкінішке қарай біздің оқуға сусап жүрген жастарымыздың арасында бір көңілсіз әдет бар; қанша жердей келіп қанша бейнетпен кірген мектебінде үзбей екі жыл оқып шығатын қазақ балалары шамалы болады. Мәселен, Семейдегі қазақ педтехникумынан оқушылардың биылғы оқу жылына 50-ақ процент келетін түрі бар. Былтырғы жылы ашылған сол педтехникумге даярлайтын қазыналық орындағы 100 баланың биыл келуі екі талай болып отыр. Былай болғанда, биылғы алатын бала да жаңа, ендігі жылғы да жаңа болып, өмірде екінші белімге бала шықпақ емес. Оқудың міндетті еместігі көрсеқызар, айнымалы, дағдарғандардың «нем кетеді» деп ашық тұрған орынға кіре салуы. Сондықтан оқу іздеген жастарға ұстанатын жол: қай мектепке кірмек болсаң, әуелі кірместен бұрын буыныңды бекітіп, ойланып ал, не қылсаң сол мектепті бітіріп шығуды мойныңа алып кір, болмаса биыл бір мектеп, ендігі жыл екінші мектептің ыңғай бірікшілерінде оқып, біріншіні бітіре алмай қажыған соң, оқудан атып шығып, оған бір ұрынып, бұған бір ұрынып, аяғында елдегі нағыз шаруа адамы бола алмай, не мекеме қызметін жарамай «жер ортасы кек тебе» шалапай болып босқа қалып жүруге болады. Бұл қалып оқушылардың оқудан бос қалдырғанның үстіне, оқу үшін еңбек сіңіріп, оқу орындарын ашып, жыл сайын мыңдаған расход шығартып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген басшы азаматтардың жігерлерін қайтармақ, оқу жұмысына үміт көзімен қарауын кемітпек, қардан қалаған қора секілді биылғы енбегі ендігі жылы жоққа шығып отырса, кім ынтамен жұмыс істемек, кімнің жұмысы өркендемек? Соның үшін бұл сияқты әдетпен әрбір ағарту орындары,„ оқумен қатынасы бар қызмет иелері шындап күресулері керек. Бұдан былай оқуға кірерлік балалар тесе тексеріліп, міндетті шартпен алыну керек. Оқуға алынатын бала, жолсоқты болмай, шын белсеніп кіріскен болсын. «Қарағым, қазынаның қадақтап берген тамағынан аштан өліп қала жаздайсың ғой, азғана мал аман тұрса, сенің ішіп-жеуіңе жетер, биыл бармай-ақ қой!» делінетін үлпілдек байдың еріккеннен (шынында төре болу үшін) келген еркесі болмай, нағыз тесік екпе, кедейдің баласы болсын. Онан соң әрбір мекеме әм қызмет адамдары сол баланың кірген мектебін бітіріп шығуына міндетті болатын болсын. Олай болмаған уақытта оқуға алынбайтын болсын. Толық себепсіз оқуға келмей қалған, яки не үшін келмегендігін хабарландырмаған оқушылар ширақ түрде зерттеліп, жиғызылып отыратын болсын. Мектепке кірген бала, оқуын бітірмей шықпасын. Аяқсыз шыққан бала зерттеусіз бетімен жіберілмейтін болсын. Оқу ойыншық емес, міндетті болуға керек.  
08.12.2012 06:47 3126

 

Осы күнде қазақ балаларының көбі оқуға сусап жүргені рас. Кіндік губерна, уезд қалаларында оқу мезгілі түгіл, қыс ортасына шейін оқуға деп келіп жатқан, орын таба алмай кетіп жатқан балаларды көресің.

Алайда, үкімет адамдары шамасы келгенше көңіл бөліп, оқимын деп келген кедей балаларын мүмкінінше орналастырып отырудың қамында болатын әм бұдан былай да болмақ. Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдан жыл күшеймесе, кемімек, әлсіремек емес.

Бірақ өкінішке қарай біздің оқуға сусап жүрген жастарымыздың арасында бір көңілсіз әдет бар; қанша жердей келіп қанша бейнетпен кірген мектебінде үзбей екі жыл оқып шығатын қазақ балалары шамалы болады. Мәселен, Семейдегі қазақ педтехникумынан оқушылардың биылғы оқу жылына 50-ақ процент келетін түрі бар.

Былтырғы жылы ашылған сол педтехникумге даярлайтын қазыналық орындағы 100 баланың биыл келуі екі талай болып отыр. Былай болғанда, биылғы алатын бала да жаңа, ендігі жылғы да жаңа болып, өмірде екінші белімге бала шықпақ емес.

Оқудың міндетті еместігі көрсеқызар, айнымалы, дағдарғандардың «нем кетеді» деп ашық тұрған орынға кіре салуы. Сондықтан оқу іздеген жастарға ұстанатын жол: қай мектепке кірмек болсаң, әуелі кірместен бұрын буыныңды бекітіп, ойланып ал, не қылсаң сол мектепті бітіріп шығуды мойныңа алып кір, болмаса биыл бір мектеп, ендігі жыл екінші мектептің ыңғай бірікшілерінде оқып, біріншіні бітіре алмай қажыған соң, оқудан атып шығып, оған бір ұрынып, бұған бір ұрынып, аяғында елдегі нағыз шаруа адамы бола алмай, не мекеме қызметін жарамай «жер ортасы кек тебе» шалапай болып босқа қалып жүруге болады.

Бұл қалып оқушылардың оқудан бос қалдырғанның үстіне, оқу үшін еңбек сіңіріп, оқу орындарын ашып, жыл сайын мыңдаған расход шығартып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген басшы азаматтардың жігерлерін қайтармақ, оқу жұмысына үміт көзімен қарауын кемітпек, қардан қалаған қора секілді биылғы енбегі ендігі жылы жоққа шығып отырса, кім ынтамен жұмыс істемек, кімнің жұмысы өркендемек?

Соның үшін бұл сияқты әдетпен әрбір ағарту орындары,„ оқумен қатынасы бар қызмет иелері шындап күресулері керек. Бұдан былай оқуға кірерлік балалар тесе тексеріліп, міндетті шартпен алыну керек.

Оқуға алынатын бала, жолсоқты болмай, шын белсеніп кіріскен болсын. «Қарағым, қазынаның қадақтап берген тамағынан аштан өліп қала жаздайсың ғой, азғана мал аман тұрса, сенің ішіп-жеуіңе жетер, биыл бармай-ақ қой!» делінетін үлпілдек байдың еріккеннен (шынында төре болу үшін) келген еркесі болмай, нағыз тесік екпе, кедейдің баласы болсын.

Онан соң әрбір мекеме әм қызмет адамдары сол баланың кірген мектебін бітіріп шығуына міндетті болатын болсын. Олай болмаған уақытта оқуға алынбайтын болсын. Толық себепсіз оқуға келмей қалған, яки не үшін келмегендігін хабарландырмаған оқушылар ширақ түрде зерттеліп, жиғызылып отыратын болсын.

Мектепке кірген бала, оқуын бітірмей шықпасын. Аяқсыз шыққан бала зерттеусіз бетімен жіберілмейтін болсын.

Оқу ойыншық емес, міндетті болуға керек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға