Жаңалықтар

Терминология түйткілдері қайтсе шешіледі?

  Терминология түйткілдері қайтсе шешіледі?   «Ана тілінде» жарияланып жүрген шағын терминологиялық этюдтер үлкен істің бастамасы болар деген үміттеміз. Олай дейтінім − ұсынылған техникалық, медициналық, әдеби, электромеханикалық терминдердің қазақша баламаларының кейбірін қазірдің өзінде қолдана бастадық. Дегенмен, ғылыми сөздік қорымызды толықтыруда қазақ тілінің мүмкіндіктерінің тек жүзден бірін ғана пайдаланып отырмыз десек, әсте өтірік айтпаған болар едік.   Қазіргі мойындалып отырған жәйт − қазақ тілінің, әсіресе, ғылыми тілінің тұрақты, қалыптасқан жүйесінің болмауы. Мұның өзі тілдің орасан зор байлығына қарамастан болып отыр. Ғылымның көптеген салаларын қазақша сөйлету тіпті қолға алусыз жатыр, ал алынғандарының өзі орысшадан ілестіре аудару нәтижесінде жарымжан қойыртпаққа айналуда. Осы мәселені шешу ең алдымен қазақ ғылыми терминдер қорын жасау мен салалық тірі ғылыми тіл жүйесін қалыптастыру арқылы шешілмек.   Ғылыми терминдердің басым көпшілігі еуропалық тілдерден енгендігі белгілі, оларды түгел алмастыру мүмкін емес. Дегенмен қазақша айтуға қиын сөздерді, әрпі көп сөздерді ауыстыратын қазақша баламаларды іздеген жөн. Ал «шар», «том», «тоқ» сияқты қысқа, жатық сөздерді ыңғайлы баламасы болмаса ауыстырудың қажеттігі шамалы. Тілімізге енген сөздердің барлығы бірдей айтуға қиын не оңай емес. Мәселен, араб, орыс, неміс сөздері өз тілімізге бейімдеп айтпасақ, айтылуы өте қиын, ал француз, ағылшын тілдерінікі өзінің дыбысталуы жағынан қазақшаға жақын (әрине, туыс емес). Сондықтан да осыларды ескерген абзал. Қазақ тілінің ғылыми термин жағынан толығуының көптеген жолдары бар. Солардың бірі − түрк халықтарының сөздік қорын пайдалану. Бұл көне түрк сөздерінен бастап қазіргі тілдерді қамтиды. Мұнда да басты назарды көне түрк, қыпшақ, қазіргі алтай, саян, сібір түрктерінің тілдеріне аудару керек, өйткені олар оңтүстік түрктерге (өзбек, әзірбайжан, түрік) қарағанда араб-иранизмдермен былғанбаған, өзінің табиғилығын біраз сақтаған. Ғылыми тіл жасау бүгінгі күннің шаруасы болғанымен, оның ырзығын көру келер ұрпақтың несібесі. Сондықтан еуропа-орыс сөздерінен құтыламыз деп оның орнын араб-иран сөздерімен толтыру келешекте тағы да «қап, әттеген-ай» дегізуі әбден мүмкін екендігін ұмытпауымыз керек. Бұл ретте ертедегі грек-рим сөздері бүкіл Еуропа тілдері үшін қандай рөл атқарса, көне түрк және шығыс түрк (хакас, саха, тува, алтай, т.б.) сөздері қазақ тілі үшін дәл сондай рөл атқаратынын ұмытпайық.   Қазақ жағырапия ғылымының тілі де кенжелеп қалған салалардың бірі. Мұндағы басты ауру − өте көп жағырапиялық атауларды жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде жағырапия тілі шашыраңқы, көп нұсқалы болып келеді. Қазақ тілінде әлі күнге шейін тұрақты ғылыми ұғымдар (жағырапиялық) орныға алған жоқ. Қазір көпшілік жағдайда «түр» мен «түс» деген ұғымның өзін айыра алмай, «жер бедерінің түрі қандай» деген сұраққа «сары», «қара», т.б. деп жауап беретін кездеріміз бар. Бұл тек ең қарапайым мысал ғана. Сонау Шоқаннан бері басталған жағырапиялық еңбектердің бірде-бірі қазақ тілінде жарық көрген жоқ. Қазақстанда жағырапиялық бағытта бірнеше институт жұмыс істейді, оларда мыңдаған мамандар бар, олардың еңбегі де зор, бірақ қазақ тілінде жазылатын еңбек, кітап жоқ. Әрине, оған қазіргі айтылып жүрген жәйттер (орыс факторы) әсер еткендігі белгілі, бірақ басты нәрсе − қалыптаспаған қазақ жағырапия тілінен гөрі орыс тілінде жазғанның оңай әрі тиімді екендігі. Сондықтан ғылыми тіл жасау бүгінгі күннің басты міндеті болуы керек, тек содан кейін ғана біз жұрттан «қазақ тілін біл» деп міндеттей де, ерікті түрде қызықтыра аламыз.   Жағырапиялық терминдерді байытудың екінші біржолы − қазақ, түрк жер-су атауларын пайдалану. Кез келген топонимнің шығу тегіне үңілсек, ден қойсақ, оның ежелгі жағырапиялық атауға, құбылысқа байланысты екенін аңғару қиын емес. Бұл салада еңбек етіп жүргендер де (Е.Керімбаев, Е.Қойшыбаев, Ғ.Қоңқашпаев, т.б.) бар, бірақ пайдаланып жүргені шамалы. Тағы да айта кететін нәрсе − біздің моңғол сөздерінің, оның ішінде Қазақстандағы моңғол текті топонимдерді пайдаланудан қашқақтайтынымыз. Түрк және моңғол тілдері − туыстас тілдер. Ал жиі айтылып жүрген моңғолдардың түрк дүниесінің бір тармағынан өрбігені жөніндегі дәлелдемелерге зейін қойсақ, онда сөз қазақтікі ме, әлде моңғолдікі ме, қайсысы қайсысынікін қабылдаған деген сұраққа жауап берудің өзі қиын. Сондықтан реті келсе, моңғолдікі деп жүрген сөздерді дыбыстық жағынан қазақылап пайдалануға әбден болады.   Ендігі бір бағыт − қазақ тілінің өзінің ішкі мүмкіндіктері. Біз қазір көбінесе сөздерді біріктіріп, жаңа сөз алумен ғана шектеліп қалып отырмыз. Ал күнделікті тілдегі жалғаулар мен жұрнақтарды сирек пайдаланамыз, тілде сирек кездесетін немесе жойылып кеткен жұрнақтарды тіпті де қолданбаймыз. Мәселен, -нақ, -нек, -дақ, -дек, -тақ, -ген, -ым, -ім, ауыт, -иет, -ыр (ойнақ, түйнек, саздақ, жүрдек, тастақ, көреген,таным, білім) сияқты басқа да жұрнақтардың көмегімен сөз жасаудың орнына «хана», «нама» сөздерін кез келген жерге орынсыз тықпалап, тілімізді жауыр етуге айналдық. Басқа тілдерде жасанды жұрнақтар арқылы сөз жасау дәстүрі бұрыннан бар. Мәселен, -он, -ид, -ит, -ат жұрнақтары арқылы нейлон, поролон, релон, скилон, сульфид, нитрат, т.б. сөздерді жасай алған. Осы арқылы мағыналас, түбірлес терминдерді бір сөзден өрбітуге болар еді. Сол сияқты сөздерге әріп қосу не алып тастау арқылы да, бұрыннан бар сөзге ұқсас сөз жасау әдісін пайдалану керек. Қазақ тілінде үшкіл, төрткіл деген сөздер бар, егер оларды пирамида, параллелопипед деген сөздердің орнына қолдана қалсақ, Пентагон не пантаэдрді түсіндіру үшін «бескіл» сөзін пайдалана алар едік. Ал ол әрі қарай алтығыл, жетігіл, т.б. болып кете берер еді. «Үшен» деген сөзден төрттен, бесен, алтен, жетен сияқты сөзді келтіруге болады. Орыстың «тень» сөзін «көлеңке» деп қазақшалаймыз, ал «проекция» сөзін «көлең» деп алуға әбден болады.   Қазақ тілі жағырапиялық атауларға бай екендігін айтып өттік. Бір ұғым − бір сөз принципіне сүйену − жаңа дамып келе жатқан ғылым тілі үшін өте қажет. Сондықтан да ғылыми терминдердің жүйелі тобын атау үшін де сондай жүйелі сөздер керек. Мәселен, орыс тілінде «песок», «супесь», «суглинок», «глина» деген сөздерді құм, құмақ, құмайт, құмдақ, құмдауыт, саздақ, саз, саздауыт, сазды т.б. сөздермен белгілеуге болады. Ал төрт сөздің арасында, орналасуында логикалық заңдылық бар екенін ескерсек, оларды тек құм, құмдауыт, саздауыт, саз деген түрде ғана аудару қажет екендігі көрініп тұр. Әрине, сөз жасау әдістерін көрсету кішкентай мақалада мүмкін емес. Ол − мамандардың ісі. Дегенмен, тілді өркендетуге үлес қосу − қолына қалам ұстап жүрген әрбір қазақтың міндеті, ал ұсыныс көп болса, ішінен таңдауға да мүмкіндік бар екендігін естен шығармайық.   Төменде біз ұсыныс ретінде жағырапиялық терминдер сөздігін беріп отырмыз:   Геоморфология - бедертану спелеология − үңгіртану лимнология − көлтану гляциология − мұзарттану криология − тоңтану океанология − мұхиттану, телегейтану океанография − мұхитсипат морфология − тұлғатану морфография — тұлғасипат гипсометрия − биіксипат абсолют − дәл гидрология − сутану гидрография – сусипат гидрометрия – суөлшем экватор – үйек ось – өс полюс – кіндік сальдо − сарқын  пропорция – балауыр  норма – сыбаға  процесс – дәурен  центр – ергін  профиль – жақсызба  разрез – жармасурет  вертикаль – боса  маятник − бигеш  компас – тебендік  амплитуда − ауыт  ядро − өзек  компонент − құраш  масштаб − ауқын  эрозия − мүжілу  коррозия − жемірілу  дефляция − үрлену  динамика − пәрмен  гравитация − зілен траектория − ұшпақ, ұшпажол, ысырат мантия − тама диапазон — ауқым цикл − оралым молекула − тұл экология − елан экономика − елемен, ықтисат натура, природа − табиғат физика − табиат, тәбиет геофизика − жертәбиет химия − кемиет геохимия − жеркемиет экосистема − елат резервуар − құйғын лагерь − табыр комфорт − салғам, сая ландшафт − жертарап ландшафтоведение − жертараптану  пейзаж − жеркелбет, пейзаж, жер өңі урочище − қоныс фация − қошын экспозиция − бағыр циклон − орайын, орағын антициклон − керорайын, керорағын фронт — шеп вектор − сайрақ рацион − ырзық рациональное использование − ырзықты пайдалану флюгер − желбағар роза ветров − желбағыс пласт − қат плита − жабын легенда карты − топшын прогноз − топшы транспорт − тасымал водоносный горизонт − еспе, сулыкенер терраса речная − қашат минеральные воды − арасансу конус выноса − қом вулканология − жанартаутану композиция − күрмек график − кереген брутто − салт доминанта — үстем фон природный − ая панорама − аян гипотеза − тұспал, болжам градус (карта) − бұлық азимут − бойлан складчатость — бүріш материя − каран седловина − емелген субъект − некен объект − саяқ классификация − жіктелу  теория − ілім  платформа − тұғырлық  конкреция − жұмыршық  атмосфера − ауа қабығы (ауа қабық)  гидросфера − су қабығы (су қабық)  литосфера − қатты қабық (тасқабық)  биосфера − тіршілік қабығы (биоқабық) «Ана тілі» газеті, мешін жылы, 4 ақпан          
08.12.2012 06:47 5447

 

Терминология түйткілдері қайтсе шешіледі?
 
«Ана тілінде» жарияланып жүрген шағын терминологиялық этюдтер үлкен істің бастамасы болар деген үміттеміз. Олай дейтінім − ұсынылған техникалық, медициналық, әдеби, электромеханикалық терминдердің қазақша баламаларының кейбірін қазірдің өзінде қолдана бастадық. Дегенмен, ғылыми сөздік қорымызды толықтыруда қазақ тілінің мүмкіндіктерінің тек жүзден бірін ғана пайдаланып отырмыз десек, әсте өтірік айтпаған болар едік.
 
Қазіргі мойындалып отырған жәйт − қазақ тілінің, әсіресе, ғылыми тілінің тұрақты, қалыптасқан жүйесінің болмауы. Мұның өзі тілдің орасан зор байлығына қарамастан болып отыр. Ғылымның көптеген салаларын қазақша сөйлету тіпті қолға алусыз жатыр, ал алынғандарының өзі орысшадан ілестіре аудару нәтижесінде жарымжан қойыртпаққа айналуда. Осы мәселені шешу ең алдымен қазақ ғылыми терминдер қорын жасау мен салалық тірі ғылыми тіл жүйесін қалыптастыру арқылы шешілмек.
 
Ғылыми терминдердің басым көпшілігі еуропалық тілдерден енгендігі белгілі, оларды түгел алмастыру мүмкін емес. Дегенмен қазақша айтуға қиын сөздерді, әрпі көп сөздерді ауыстыратын қазақша баламаларды іздеген жөн. Ал «шар», «том», «тоқ» сияқты қысқа, жатық сөздерді ыңғайлы баламасы болмаса ауыстырудың қажеттігі шамалы. Тілімізге енген сөздердің барлығы бірдей айтуға қиын не оңай емес. Мәселен, араб, орыс, неміс сөздері өз тілімізге бейімдеп айтпасақ, айтылуы өте қиын, ал француз, ағылшын тілдерінікі өзінің дыбысталуы жағынан қазақшаға жақын (әрине, туыс емес). Сондықтан да осыларды ескерген абзал.
Қазақ тілінің ғылыми термин жағынан толығуының көптеген жолдары бар. Солардың бірі − түрк халықтарының сөздік қорын пайдалану. Бұл көне түрк сөздерінен бастап қазіргі тілдерді қамтиды. Мұнда да басты назарды көне түрк, қыпшақ, қазіргі алтай, саян, сібір түрктерінің тілдеріне аудару керек, өйткені олар оңтүстік түрктерге (өзбек, әзірбайжан, түрік) қарағанда араб-иранизмдермен былғанбаған, өзінің табиғилығын біраз сақтаған. Ғылыми тіл жасау бүгінгі күннің шаруасы болғанымен, оның ырзығын көру келер ұрпақтың несібесі. Сондықтан еуропа-орыс сөздерінен құтыламыз деп оның орнын араб-иран сөздерімен толтыру келешекте тағы да «қап, әттеген-ай» дегізуі әбден мүмкін екендігін ұмытпауымыз керек. Бұл ретте ертедегі грек-рим сөздері бүкіл Еуропа тілдері үшін қандай рөл атқарса, көне түрк және шығыс түрк (хакас, саха, тува, алтай, т.б.) сөздері қазақ тілі үшін дәл сондай рөл атқаратынын ұмытпайық.
 
Қазақ жағырапия ғылымының тілі де кенжелеп қалған салалардың бірі. Мұндағы басты ауру − өте көп жағырапиялық атауларды жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде жағырапия тілі шашыраңқы, көп нұсқалы болып келеді. Қазақ тілінде әлі күнге шейін тұрақты ғылыми ұғымдар (жағырапиялық) орныға алған жоқ. Қазір көпшілік жағдайда «түр» мен «түс» деген ұғымның өзін айыра алмай, «жер бедерінің түрі қандай» деген сұраққа «сары», «қара», т.б. деп жауап беретін кездеріміз бар. Бұл тек ең қарапайым мысал ғана. Сонау Шоқаннан бері басталған жағырапиялық еңбектердің бірде-бірі қазақ тілінде жарық көрген жоқ. Қазақстанда жағырапиялық бағытта бірнеше институт жұмыс істейді, оларда мыңдаған мамандар бар, олардың еңбегі де зор, бірақ қазақ тілінде жазылатын еңбек, кітап жоқ. Әрине, оған қазіргі айтылып жүрген жәйттер (орыс факторы) әсер еткендігі белгілі, бірақ басты нәрсе − қалыптаспаған қазақ жағырапия тілінен гөрі орыс тілінде жазғанның оңай әрі тиімді екендігі. Сондықтан ғылыми тіл жасау бүгінгі күннің басты міндеті болуы керек, тек содан кейін ғана біз жұрттан «қазақ тілін біл» деп міндеттей де, ерікті түрде қызықтыра аламыз.
 
Жағырапиялық терминдерді байытудың екінші біржолы − қазақ, түрк жер-су атауларын пайдалану. Кез келген топонимнің шығу тегіне үңілсек, ден қойсақ, оның ежелгі жағырапиялық атауға, құбылысқа байланысты екенін аңғару қиын емес. Бұл салада еңбек етіп жүргендер де (Е.Керімбаев, Е.Қойшыбаев, Ғ.Қоңқашпаев, т.б.) бар, бірақ пайдаланып жүргені шамалы.
Тағы да айта кететін нәрсе − біздің моңғол сөздерінің, оның ішінде Қазақстандағы моңғол текті топонимдерді пайдаланудан қашқақтайтынымыз. Түрк және моңғол тілдері − туыстас тілдер. Ал жиі айтылып жүрген моңғолдардың түрк дүниесінің бір тармағынан өрбігені жөніндегі дәлелдемелерге зейін қойсақ, онда сөз қазақтікі ме, әлде моңғолдікі ме, қайсысы қайсысынікін қабылдаған деген сұраққа жауап берудің өзі қиын. Сондықтан реті келсе, моңғолдікі деп жүрген сөздерді дыбыстық жағынан қазақылап пайдалануға әбден болады.
 
Ендігі бір бағыт − қазақ тілінің өзінің ішкі мүмкіндіктері. Біз қазір көбінесе сөздерді біріктіріп, жаңа сөз алумен ғана шектеліп қалып отырмыз. Ал күнделікті тілдегі жалғаулар мен жұрнақтарды сирек пайдаланамыз, тілде сирек кездесетін немесе жойылып кеткен жұрнақтарды тіпті де қолданбаймыз. Мәселен, -нақ, -нек, -дақ, -дек, -тақ, -ген, -ым, -ім, ауыт, -иет, -ыр (ойнақ, түйнек, саздақ, жүрдек, тастақ, көреген,таным, білім) сияқты басқа да жұрнақтардың көмегімен сөз жасаудың орнына «хана», «нама» сөздерін кез келген жерге орынсыз тықпалап, тілімізді жауыр етуге айналдық. Басқа тілдерде жасанды жұрнақтар арқылы сөз жасау дәстүрі бұрыннан бар. Мәселен, -он, -ид, -ит, -ат жұрнақтары арқылы нейлон, поролон, релон, скилон, сульфид, нитрат, т.б. сөздерді жасай алған. Осы арқылы мағыналас, түбірлес терминдерді бір сөзден өрбітуге болар еді. Сол сияқты сөздерге әріп қосу не алып тастау арқылы да, бұрыннан бар сөзге ұқсас сөз жасау әдісін пайдалану керек. Қазақ тілінде үшкіл, төрткіл деген сөздер бар, егер оларды пирамида, параллелопипед деген сөздердің орнына қолдана қалсақ, Пентагон не пантаэдрді түсіндіру үшін «бескіл» сөзін пайдалана алар едік. Ал ол әрі қарай алтығыл, жетігіл, т.б. болып кете берер еді. «Үшен» деген сөзден төрттен, бесен, алтен, жетен сияқты сөзді келтіруге болады. Орыстың «тень» сөзін «көлеңке» деп қазақшалаймыз, ал «проекция» сөзін «көлең» деп алуға әбден болады.
 
Қазақ тілі жағырапиялық атауларға бай екендігін айтып өттік. Бір ұғым − бір сөз принципіне сүйену − жаңа дамып келе жатқан ғылым тілі үшін өте қажет. Сондықтан да ғылыми терминдердің жүйелі тобын атау үшін де сондай жүйелі сөздер керек. Мәселен, орыс тілінде «песок», «супесь», «суглинок», «глина» деген сөздерді құм, құмақ, құмайт, құмдақ, құмдауыт, саздақ, саз, саздауыт, сазды т.б. сөздермен белгілеуге болады. Ал төрт сөздің арасында, орналасуында логикалық заңдылық бар екенін ескерсек, оларды тек құм, құмдауыт, саздауыт, саз деген түрде ғана аудару қажет екендігі көрініп тұр.
Әрине, сөз жасау әдістерін көрсету кішкентай мақалада мүмкін емес. Ол − мамандардың ісі. Дегенмен, тілді өркендетуге үлес қосу − қолына қалам ұстап жүрген әрбір қазақтың міндеті, ал ұсыныс көп болса, ішінен таңдауға да мүмкіндік бар екендігін естен шығармайық.
 
Төменде біз ұсыныс ретінде жағырапиялық терминдер сөздігін беріп отырмыз:
 
Геоморфология - бедертану
спелеология − үңгіртану
лимнология − көлтану
гляциология − мұзарттану
криология − тоңтану
океанология − мұхиттану, телегейтану
океанография − мұхитсипат
морфология − тұлғатану
морфография — тұлғасипат
гипсометрия − биіксипат
абсолют − дәл
гидрология − сутану
гидрография – сусипат
гидрометрия – суөлшем
экватор – үйек
ось – өс
полюс – кіндік
сальдо − сарқын 
пропорция – балауыр 
норма – сыбаға 
процесс – дәурен 
центр – ергін 
профиль – жақсызба 
разрез – жармасурет 
вертикаль – боса 
маятник − бигеш 
компас – тебендік 
амплитуда − ауыт 
ядро − өзек 
компонент − құраш 
масштаб − ауқын 
эрозия − мүжілу 
коррозия − жемірілу 
дефляция − үрлену 
динамика − пәрмен 
гравитация − зілен
траектория − ұшпақ, ұшпажол, ысырат
мантия − тама
диапазон — ауқым
цикл − оралым
молекула − тұл
экология − елан
экономика − елемен, ықтисат
натура, природа − табиғат
физика − табиат, тәбиет
геофизика − жертәбиет
химия − кемиет
геохимия − жеркемиет
экосистема − елат
резервуар − құйғын
лагерь − табыр
комфорт − салғам, сая
ландшафт − жертарап
ландшафтоведение − жертараптану 
пейзаж − жеркелбет, пейзаж, жер өңі
урочище − қоныс
фация − қошын
экспозиция − бағыр
циклон − орайын, орағын
антициклон − керорайын, керорағын
фронт — шеп
вектор − сайрақ
рацион − ырзық
рациональное использование − ырзықты пайдалану
флюгер − желбағар
роза ветров − желбағыс
пласт − қат
плита − жабын
легенда карты − топшын
прогноз − топшы
транспорт − тасымал
водоносный горизонт − еспе, сулыкенер
терраса речная − қашат
минеральные воды − арасансу
конус выноса − қом
вулканология − жанартаутану
композиция − күрмек
график − кереген
брутто − салт
доминанта — үстем
фон природный − ая
панорама − аян
гипотеза − тұспал, болжам
градус (карта) − бұлық
азимут − бойлан
складчатость — бүріш
материя − каран
седловина − емелген
субъект − некен
объект − саяқ
классификация − жіктелу 
теория − ілім 
платформа − тұғырлық 
конкреция − жұмыршық 
атмосфера − ауа қабығы (ауа қабық) 
гидросфера − су қабығы (су қабық) 
литосфера − қатты қабық (тасқабық) 
биосфера − тіршілік қабығы (биоқабық)
«Ана тілі» газеті, мешін жылы, 4 ақпан
 
 
 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға