Жаңалықтар

Кооперация өзі ағармай, елді ағарта алмайды

Кедейді байға жалынышты қылмайтын кооперация, орта ауқаттыларды жем қылмайтын кооперация жалпының шаруасына қор мал болатын оны ілгері бастыруға басшылық қылатын кооперация дегенді бесіктегі баланың да аз болса 100 естімегені жоқ. Соның үшін «пәлен кооперация халыққа пайда орнына зиян келтірді» жеп қойды деген байбаламды қайда, қашан болса да естуге тура келеді. Бұл әрине жалпының коопер. деген қасиетті атқа қандай көзбен қарайтынын көрсетеді. Рас, осы күнгі ел коопер. көбінің басындағылар бас пайдасын ғана қарастыратындар екені, сол үшін «кеп жортқан түлкідей терісін алдырып» жүргендер де бар екендігі көпке мәлім. Бірақ 100 біреу болса да шын ынтасымен қызмет қылғысы келетіндер елдің бір тыйынын қиянат қылуды арам ет жегенмен бірдей керетіндер жоқ деп айтуға болмайды, ондайлар бар: болғанмен көзге көріне алмай жүргендерінің себебі коопер. жұмысымен таныс еместіктен, көбінесе пайда орнына зиян келтіреді. Жұмыстың жайын білмеген соң қыбыр етсе шатасат, аяқ басса адасады. «Қанша көп азар епті болса да, арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дегендей бастапқы айтқан жебір қулар күнілгері үкіметтің бақылауы, бұқараның қаралауымен бірте-бірте жоғалмақ. Ал енді жоғалту емес оңалтуды керек қылатын кооперация қызметкерлерінің соңғы түрлері арамдығы жоқ, надандығы барлар. Қай жұмысқа «надандық жақсы?» Әйтседе кооперация жұмысына надан болудың кеселі үлкен, өйткені бір кісінің надандығы бүкіл елдің шаруасын бүлдірмек. Соның үшін жақын арада партияның кіндік комитеті кооперацияға қызметкер дайындау, олардың білім көтеруге белсене кірісу керек деген қаулы шығарып отыр. Ол қаулы бойынша жоғарғы дәрежелі мектептерде кооперация білімдерін оқытатын бөлімдер болмақ, әр жерде арнаулы курстар ашылмақ, газет-жур. кітапшалар шықпақ; қаладағы клубтарда кооперацияға арнаулы алқалар болмақ.      Ел ішіндегі кооперациялар үшін үгіт-насихат жолы зорайтылып мәдениет ағарту ұйымдарымен араласын күшейтпек. Бұл әрине, бір кісінің жұмысы емес. Партияның басшылығы мен бұқараның қосшылығын керек қылады. Кооперацияны жақсы басқару білімге тірелетін болса, оның ісі жалғыз сауда ғана деп қоюға болмайды. Ол қай реттен болса да елдің қамқоры, жетекшісі болу керек. Кооперациясыз сауда қылып аштардың тамағын тойғызса жарыққа тартып қабағын да жадыратсын. Ел бесікте бала болса, коопер. ана есебінде болу керек. Бала кит еткенді шешесіне шақса, ел қия басса кооперацияны табатын болсын. Тегінде біліммен қоса түзетпесе, жеке шаруа өз бетімен түзелмек емес. Надан бір айтқанды ұқпайды, ертеңгі бір сомдық пайдасын бүгінгі бір тыйынға сатады. Сондықтан кооперация қалың бұқараға шаруа жағынан бір қамқор болса, білім жағынан екі қамқор болсын. Сонда ғана кооперация өркендейді, сонда ғана елмен табысады. Олай болса езі надан кооперация елді ағарта алмайды. Әуелі өзі ағаруға тырыссын. Өйтпеген кооперацияның өмірі саулық қойдың өміріндей-ақ.  
08.12.2012 06:35 3208

Кедейді байға жалынышты қылмайтын кооперация, орта ауқаттыларды жем қылмайтын кооперация жалпының шаруасына қор мал болатын оны ілгері бастыруға басшылық қылатын кооперация дегенді бесіктегі баланың да аз болса 100 естімегені жоқ. Соның үшін «пәлен кооперация халыққа пайда орнына зиян келтірді» жеп қойды деген байбаламды қайда, қашан болса да естуге тура келеді. Бұл әрине жалпының коопер. деген қасиетті атқа қандай көзбен қарайтынын көрсетеді.

Рас, осы күнгі ел коопер. көбінің басындағылар бас пайдасын ғана қарастыратындар екені, сол үшін «кеп жортқан түлкідей терісін алдырып» жүргендер де бар екендігі көпке мәлім. Бірақ 100 біреу болса да шын ынтасымен қызмет қылғысы келетіндер елдің бір тыйынын қиянат қылуды арам ет жегенмен бірдей керетіндер жоқ деп айтуға болмайды, ондайлар бар: болғанмен көзге көріне алмай жүргендерінің себебі коопер. жұмысымен таныс еместіктен, көбінесе пайда орнына зиян келтіреді. Жұмыстың жайын білмеген соң қыбыр етсе шатасат, аяқ басса адасады. «Қанша көп азар епті болса да, арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дегендей бастапқы айтқан жебір қулар күнілгері үкіметтің бақылауы, бұқараның қаралауымен бірте-бірте жоғалмақ. Ал енді жоғалту емес оңалтуды керек қылатын кооперация қызметкерлерінің соңғы түрлері арамдығы жоқ, надандығы барлар. Қай жұмысқа «надандық жақсы?» Әйтседе кооперация жұмысына надан болудың кеселі үлкен, өйткені бір кісінің надандығы бүкіл елдің шаруасын бүлдірмек.

Соның үшін жақын арада партияның кіндік комитеті кооперацияға қызметкер дайындау, олардың білім көтеруге белсене кірісу керек деген қаулы шығарып отыр. Ол қаулы бойынша жоғарғы дәрежелі мектептерде кооперация білімдерін оқытатын бөлімдер болмақ, әр жерде арнаулы курстар ашылмақ, газет-жур. кітапшалар шықпақ; қаладағы клубтарда кооперацияға арнаулы алқалар болмақ.     

Ел ішіндегі кооперациялар үшін үгіт-насихат жолы зорайтылып мәдениет ағарту ұйымдарымен араласын күшейтпек. Бұл әрине, бір кісінің жұмысы емес. Партияның басшылығы мен бұқараның қосшылығын керек қылады. Кооперацияны жақсы басқару білімге тірелетін болса, оның ісі жалғыз сауда ғана деп қоюға болмайды. Ол қай реттен болса да елдің қамқоры, жетекшісі болу керек. Кооперациясыз сауда қылып аштардың тамағын тойғызса жарыққа тартып қабағын да жадыратсын. Ел бесікте бала болса, коопер. ана есебінде болу керек. Бала кит еткенді шешесіне шақса, ел қия басса кооперацияны табатын болсын. Тегінде біліммен қоса түзетпесе, жеке шаруа өз бетімен түзелмек емес. Надан бір айтқанды ұқпайды, ертеңгі бір сомдық пайдасын бүгінгі бір тыйынға сатады. Сондықтан кооперация қалың бұқараға шаруа жағынан бір қамқор болса, білім жағынан екі қамқор болсын. Сонда ғана кооперация өркендейді, сонда ғана елмен табысады. Олай болса езі надан кооперация елді ағарта алмайды. Әуелі өзі ағаруға тырыссын. Өйтпеген кооперацияның өмірі саулық қойдың өміріндей-ақ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға