Жаңалықтар

Іздену жолында

  ІЗДЕНУ ЖОЛЫНДА   Қазір еліміз тарихи жаңа кезеңде, биік асуда тұрған шақ. Өткен жылы бүкіл халқымыз тойлаған үлкен мерекелер біздің қиялымыз бен ісімізге зор серпіліс берді. Партиямыздың таяуда болған XXIV съезі соңғы жылдардағы іс-тәжірибемізді терең зерттеп, жинақтап қорытып, бүкіл халқымыздың алдына жаңа міндеттер қойып, тағы да мәртебелі биікке нұсқады. Партия съезі қашан да халық өмірімен тығыз байланысты совет әдебиетінің алдына келелі міндеттер қойып, оны көркем ойдың жаңа биігіне мегзеді. Қазақстан жазушыларының VI съезі — осындай аса жауапты кезеңде өткелі отыр. Бұл жағдайда, сөз жоқ, жазушылардың республикалық құрылтайына үлкен жүк артады.   Партиямыздың XXIV съезінің рухы — бізді, әдебиетіміздің бүгінгі жағдайына терең бойлап, барымыз бен жоғымызды, жақсымыз бен жаманымызды ажыратып, бойлай алмай жүрген тереңіміз бен шыға алмай жүрген биігімізді дәл белгілеп алуды талап етеді. Партия талабына, съезд рухына сай болу үшін жазушыларымыздың адал еңбегін орынсыз азырқанып, қадірліміздің бағасын кемітіп, барымызды тәрк етуден қандай аулақ болсақ, бос дақпырттан, орынсыз мақтаннан да соншалықты аулақ болумыз шарт. Жазушылар съезінде — әдебиетіміздің кең талқылауды, даурықпай ойлы пікірлесуді керек қылып тұрған мәселелер аз емес.   Аз жылда көп өскен, тез толысып, жедел жетілген қазақ совет әдебиетінің тамаша табыстарын атап жатудың қажеті де болмас. Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин бастаған прозаиктер мен Ілияс Жансүгірів, Сәкен Сейфуллин бастаған ақындарымыздың есімдерін атап шығудың өзі қыруар уақыт алар еді. Және сол ақын, жазушылардың қай-қайсысының да қазақ әдебиетінде елеулі орны болар еді. Егер біз жетіспей жатқан жақтарымызды, шешілмеген түйіндерімізді айтсақ — ол табысымыздың аздығынан емес, қайта соның молдығынан. Кешегі тігіп берген киімің бүгін кішірейіп кететін өскелең бала сияқты, өскелең әдебиет те, өзінің кешегі қалыбына бүгін сыймай жатады. Сондықтан да оның шешілмеген проблемалары, ізденетін бағдарлары көп болмақ.   Бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен үміт күттіретін жақсы бір қасиеті — онда тоқмейілдік, қолы жеткенге қанағат жоқ. Әдебиетіміз тынымсыз іздену үстінде. Мұны прозадан да, поэзия мен драматургиядан да көруге әбден болады. Кейінгі ұрпақ алдыңғы буынның қолы жеткен көркемдік табыстарын жедел игере отырып, ескі шиырға соқпай, өзінше соны соқпақ салғысы келеді. Бұл сапарда олар дүние жүзі әдебиетінің соңғы үлгілеріне де үңіледі. Осы күнгі көркем әдебиеттің қолы жеткен бейнелеу тәсілдерін, адамға әсер ету әдістерін молырақ игеруге ұмтылады. Соңғы он шақты жылдағы әдебиетке келген жастардың осындай ізденіс-талпыныстары — әншейін жастық шақтың әуесқойлығы есебінде із-түзсіз кеткен жоқ. Ол және Хемингуэй, Бель, Сэлинджер сияқты батыстың шебер жазушыларына еліктеу дәрежесінде де қалған жоқ. Кейінгі толқынның еңбектері — қазақ әдебиетінің төл туындылары есебінде қабылданды. Олар әдебиетімізге соны бояуларымен, өзіндік дауыстарымен, жаңаша балауса сезімдерімен келді. Бүгінгі прозамызды Әбіш Кекілбаев пен Әкім Таразидың, Сәкен Жүнісов пен Сайын Мұратбековтің, Қалихан Ысқақов пен Жайсаңбек Молдағалиевтің әңгіме, повесть, романдарынсыз көз алдымызға елестету қандай қиын болса, талантты ақындарымыз Сағи Жиенбаев пен Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев пен Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов пен Қадыр Мырзалиев, Өтежан Нұрғалиевтардың шығармаларынсыз қазіргі қазақ поэзиясы да олқы болып тұрар еді. Осы тізімге кірмей қалған, бірақ қазақ әдебиетіне өзіндік бір бояуын қосқан талантты жастарымыз қанша?!   Осы бізден кейінгі буынның әдебиетке алып келген ерекшелігі, көркемдік тәсілдері, стиль машықтары — тиіп қашты болмаса, сыншы қаламы тереңдеп бата алмай тың жатқан нәрсе. Бұл да бір алдағы уақытта көп зерттеуді, үңіле зерттеуді керек ететін дүние. Біздің сынымыз іздену жолындағы жеңіл әуесқойлығын, кездейсоқ өткінші құбылыстарын, кейбір әсіре қызылдығын тауып, танып алып, дәлелдеп түсіндіріп, сақтандыра қойған жоқ. Сонымен бірге олардың әрқайсының өзіндік ерекшелігін, аз болсын, көп болсын біздің әдебиетке қосқан үлесін, талант сипатын, суреткерлік келбетін айқындап ашып, көпке танытып та бере алған жоқ.   Жаңағы талпыну жастыққа тән қасиет деуші еді. Бұл қасиет бүгінде біздің қазақ әдебиетінің айнымас мінезіне айналған түрі бар. Қаламы төселіп қалыптасқан, әдебиеттен белгілі орын алған жазушылардың өзін қазір ұдайы ізденіс үстінде көреміз. «Қан мен тер» трилогиясын жазу үстінде Ә. Нұрпеисов шеберлігінің қаншалықты шыңдалғанын, оның көркемдік құралының сан түрленіп құлпыра түскенін қайсымыз байқамадық, бір повесінен екіншіге бояуы құлпыра түсетін Б. Соқпақбаев ше? Машықты жазушы С. Шаймерденов соңғы «Жыл құсы» повесінде жаңа көрінген жоқ па?   Бұрын прозаның дәстүрлі стилінде, жаймашуақ, сыршыл «Өмір ұшқыны» повесімен Зейнолла Қабдолов соңғы «Жалын» романында — прозаның жаңа бір оқыс түріне және бүгінгі өмір ағымына сай ұтқыр, динамикалы түріне ауысты. Тәкен Әлімқұловтың ілгерілеу жолы қандай қызғылықты. Әр шығармасына жаңаша түрмен көркемдік құралдарын ғана іздеумен шектелмей, оның өзіне оңтайлы тақырыбын да саралап, екшеп келе жатқанын көреміз. Осы орта буыннан Қалтай Мұхамеджанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың драматургиядағы сәтті ізденістері жемісті нәтиже беріп жүр. Қазіргі қазақ драматургиясы мазмұн жағынан ғана емес, форма жағынан да әдемі байып келеді.   Ал, поэзияда ше? Басынан-ақ поэзиямызға өлеңнің өзіндік ажары мен мінезін ала келген Хамит Ерғалиев осы күнге дейін сол ізденімпаз ықыласын суытып көрген емес. Қазақ өлеңінде өз дауыстарын шыңдап, өз формаларын бекітіп алды деген Қ. Бекхожин мен. С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев пен М. Әлімбаевтар да тосын жаңа ізденіс үлгілерін көрсете бастады. Олар өлеңдерінің мазмұнына ғана емес, формасы мен ырғағына да нәрлі жаңалықтар енгізетін болып жүр. Қазақ жазушыларының қай буыны да қолы жеткенін қанағат етіп отырмаған сияқты. Алпыстың ар жағына шыққан ағаларымыз да «енді қалыптасып болған шығармын» деп өз машығын қайталай бермейді. Ғабиден Мұстафиннің «Қарағандысы» мен «Дауылдан кейіні» бір машықпен жазылмағаны жай көзге де көрініп тұр. Ал, соңғы «Көз көргенінде» қарт жазушының реалистік қуаты күшейе түскен де, ол соған орай өзінің байсалды стилін де жетілдірген. Осындай ілгерілеу тынымсыз ізденуді Хамза Есенжанов шығармаларынан да байқаймыз. «Ақ Жайықтың» алғашқы кітаптары мен «Тар кезең», «Жүнісовтер трагедиясының» арасында үздіксіз іздену, жаңалық табу, тереңдеу, жетілу жолы жатқаны даусыз. Ежелден жаңаға елгезек Әбділда Тәжібаевтың ақындық ойы да шау тартқан жоқ. Ол өз поэзиясын «әр қияға бір салып» — соңғы жылдары драмалық поэмалардың әдемі бір түрін тапты.   Мен үлкен әдебиеттің бетінде бадырайып тұрған мысалдарды ғана келтірдім. Ал, тұтас қазақ әдебиетінің іздену, өсу жолы қандай күрделі де қызғылықты. Осы қозғалысты, іздену, ілгерілеу сапарын зерттеу, әдебиетіміз бен жеке таланттарымыздың бағдар бағытын анықтай тексеру сын үшін қиын да, аса абыройлы да міндет емес пе?   Жазушыларымыздың осылайша көп ізденуінің нәтижесінде қазіргі қазақ прозасының суреттеу тәсіліне, стиліне, дүние тану машығына көптеген өзгерістер енді. Бұрынғы прозамызда негізінен эпикалық жанр басым болса, соңғы жылдары лирикалық проза кең өріс алды. Лирикалық прозаның негіздері қазақ әдебиетінде бұрыннан да болатын. Ол кей жазушыларымыздың жеке шығармаларынан елес беріп көрініп отыратын. Бірақ прозамызға негізгі арна болып кең өрістемеген еді. Заманымыздың рухына сай соңғы он-он бес жылдағы әңгіме, повестеріміз, романдарымыз да лирикалық сарынға, сыршылдық сазға ауысты.   Бұл бүгінгі әдебиетімізді реализмнің тереңдеуіне — шығармаларымыздың схемадан, жасандылық пен шарттылықтан айығып, өмір шындығын молырақ көрсете бастауына тәнті жағдай болса керек. Өмір шындығымен қоса кейіпкер шындығын — оның сезімі мен жүрек сырын да тереңірек ашу қажет болды. Бүгінгі шығармаларымыздың кейіпкерлері — өзінің барша шынын айтуға, сырын айтуға, керек болса, өз басындағы мінін айтуға да қысылмайтын, тартынбайтын ашық жандар. Олар оқушыға қалтқысыз сеніп ағынан жарылады. Ал, кейіпкер дегеніміздің өзі де сол көп оқушының бірі, солардың қалың ортасынан шыққан өмірлесі, мұңдасы. Сөйтіп, кейінгі шығармалар өмірмен жақындасты. Сол арқылы оқушымен де жақындасты.   Ілгеріректегі кейбір шығармаларымызға тән өз ортасынан дара шығып, оқшау тұратын, қолынан келмейтіні жоқ ерекше, бірақ жасанды геройлардың орнын кәдімгі қарапайым көптің бірі — сырға, ой-пікірге бай, шын мәнінде толық қанды, жанды образдар басты. Бұл — бүгінгі әдебиетіміздің өсу жолындағы, кемелдену жолындағы келелі табысы.   Лирикалық прозамыздың даму жолында бірыңғай табыстар мен ұтыстар ғана емес, елеулі кемшіліктер де, ұтылыстар да болды. Әрине, сыршылдық — көркем әдебиет үшін тамаша қасиет. Геройдың жан-жүйесін ашу, барша сезімін тебірентіп, дірілдеген жанды күйінде ыстығын суытпай жеткізу — әдебиет үшін биік мұрат. Бірақ сырдың да сыры, сезімнің де сезімі бар. Лирикалық проза жасаған жақсы үлгілерге еліктеушілер көбейіп, біраз жағдайда әдебиет тақырыбын, шығармадағы кейіпкерлерді ұсақтатып алдық. «Жаман сырын айтам деп шынын айтады» демекші, көптеген кейіпкерлер өзінің болмашы тіршілігін, мардымсыз, ұсақ арманын, көңілдегі кірбіңін оқушы алдына жайып салатынды шығарды. Әрине, әдебиет оны да көрсетуге тиіс. Әдебиет үшін шектеулі тақырып, еленбейтін өмір құбылысы болмауға тиіс. Бірақ ол үлкен өмірдің, қызғылықты жақсы характер мен қилы-қилы өмір құбылыстарының көлеңкесінде көрінсе ғана орынды болар еді.   Прозамыз сияқты бүгінгі поэзиямызда да лирикалық сыршылдық сарыны үстемдік құрып келеді. Ертеректегі жалаң пафос, даурықпа патетикадан айығып, бүгінгі өлеңдеріміз ойлы, тебіреністі азаматтық әуенге ауысты. Сол сияқты баяндау мен жалаң оқиғасы басым келетін поэма жанрында да сыршылдық, геройдың сан-жүйесін, ішкі сырын, көңіл құбылысын ашатын сезімталдық сарыны күшейді.   Лирикалық проза мен поэзияның өріс алуы қазақ әдебиетінің әріден келе жатқан эпикалық сипатын өзгерте алды ма деген сұрақ туады. Бұған мен қазақ әдебиетінің эпикалық негізгі сипаты өзгере қойған жоқ; ол тек молықты, байыды, сол арқылы жаңа сатыға көтерілді деп жауап берер едім. Шынында да бүгінгі қазақ прозасының шоқтығын көтеріп тұрған әлі де сол эпикалық шығармалар. Олар әдебиетіміздің алып туындысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының заңды жалғасы. Осы эпопеяның ұлы дәстүрі бізде өріс алып, ілгерілеп келеді. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабит Мүсреповтің «Оянған өлкесі», Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейіні» мен «Көз көргені», Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романдар циклі, Әбдіжәмил Нұрпеисовтың «Қан мен тері», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Ілияс Есенберлин мен Әзілхан Нұршайықов, Әлжаппар Әбішевтің романдары осының айғағы.   Бірақ бүгінгі эпикалық прозамыз кешегіден әлдеқайда өзгеше. Ондай проза жазып жүрген авторларымыз оқиғаны бір ырғақты кең арнамен байсалды баяндап, салиқалы, сабырлы суретпен жеткізіп қана қоймайды. Тарихи тақырыпқа жазған шығармалардың өзінде геройларының жүрегінің лүпілін, көңілінің дірілін ыстық арманы мен күйініш-сүйінішін — қысқасы, оның барша сезімі мен ахуалының ыстығын суытпай жеткізуге тырысады. Эпикалық прозамыз бүгінгі лирикалық прозаның көптеген көркемдік тәсілдерімен қаруланды. Адам сезімін бақайшағына дейін талдап беретін психоанализ, я болмаса, кейіпкерлердің өз ішін өзі ақтарып, өз сезімін сарапқа салатын самоанализ, лирикалық шегіністер, авторлық толғаныстар сияқты бояуларды молынан пайдаланып жүр. Бұл біздің эпикалық прозамыздың бояуын түрлендіріп, бетіне қан жүгіртіп, оны қазіргі оқушымыздың жүрегіне жақындатып әкелді.   Лирикалық сыршылдық сарынмен байыған эпикалық проза — бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен табысы.   Осы айтылғанның бәрі — қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі бір сипаты, оның даму тенденциясының бір қыры. Ал, біздің әдебиетіміздің талқыға түспей, ашылмай жатқан сырлары көп. Бүгінгі съезд әдебиетіміздің көп мәселелерін ортаға салып оның өсу жолындағы сүбелі проблемаларын кең талқылап, бұдан арғы ілгерілеу бағдарымызды белгілеп береді ғой деген үмітіміз зор.
08.12.2012 06:29 6835

 

ІЗДЕНУ ЖОЛЫНДА

 

Қазір еліміз тарихи жаңа кезеңде, биік асуда тұрған шақ. Өткен жылы бүкіл халқымыз тойлаған үлкен мерекелер біздің қиялымыз бен ісімізге зор серпіліс берді. Партиямыздың таяуда болған XXIV съезі соңғы жылдардағы іс-тәжірибемізді терең зерттеп, жинақтап қорытып, бүкіл халқымыздың алдына жаңа міндеттер қойып, тағы да мәртебелі биікке нұсқады. Партия съезі қашан да халық өмірімен тығыз байланысты совет әдебиетінің алдына келелі міндеттер қойып, оны көркем ойдың жаңа биігіне мегзеді. Қазақстан жазушыларының VI съезі — осындай аса жауапты кезеңде өткелі отыр. Бұл жағдайда, сөз жоқ, жазушылардың республикалық құрылтайына үлкен жүк артады.

 

Партиямыздың XXIV съезінің рухы — бізді, әдебиетіміздің бүгінгі жағдайына терең бойлап, барымыз бен жоғымызды, жақсымыз бен жаманымызды ажыратып, бойлай алмай жүрген тереңіміз бен шыға алмай жүрген биігімізді дәл белгілеп алуды талап етеді. Партия талабына, съезд рухына сай болу үшін жазушыларымыздың адал еңбегін орынсыз азырқанып, қадірліміздің бағасын кемітіп, барымызды тәрк етуден қандай аулақ болсақ, бос дақпырттан, орынсыз мақтаннан да соншалықты аулақ болумыз шарт. Жазушылар съезінде — әдебиетіміздің кең талқылауды, даурықпай ойлы пікірлесуді керек қылып тұрған мәселелер аз емес.

 

Аз жылда көп өскен, тез толысып, жедел жетілген қазақ совет әдебиетінің тамаша табыстарын атап жатудың қажеті де болмас. Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин бастаған прозаиктер мен Ілияс Жансүгірів, Сәкен Сейфуллин бастаған ақындарымыздың есімдерін атап шығудың өзі қыруар уақыт алар еді. Және сол ақын, жазушылардың қай-қайсысының да қазақ әдебиетінде елеулі орны болар еді. Егер біз жетіспей жатқан жақтарымызды, шешілмеген түйіндерімізді айтсақ — ол табысымыздың аздығынан емес, қайта соның молдығынан. Кешегі тігіп берген киімің бүгін кішірейіп кететін өскелең бала сияқты, өскелең әдебиет те, өзінің кешегі қалыбына бүгін сыймай жатады. Сондықтан да оның шешілмеген проблемалары, ізденетін бағдарлары көп болмақ.

 

Бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен үміт күттіретін жақсы бір қасиеті — онда тоқмейілдік, қолы жеткенге қанағат жоқ. Әдебиетіміз тынымсыз іздену үстінде. Мұны прозадан да, поэзия мен драматургиядан да көруге әбден болады. Кейінгі ұрпақ алдыңғы буынның қолы жеткен көркемдік табыстарын жедел игере отырып, ескі шиырға соқпай, өзінше соны соқпақ салғысы келеді. Бұл сапарда олар дүние жүзі әдебиетінің соңғы үлгілеріне де үңіледі. Осы күнгі көркем әдебиеттің қолы жеткен бейнелеу тәсілдерін, адамға әсер ету әдістерін молырақ игеруге ұмтылады. Соңғы он шақты жылдағы әдебиетке келген жастардың осындай ізденіс-талпыныстары — әншейін жастық шақтың әуесқойлығы есебінде із-түзсіз кеткен жоқ. Ол және Хемингуэй, Бель, Сэлинджер сияқты батыстың шебер жазушыларына еліктеу дәрежесінде де қалған жоқ. Кейінгі толқынның еңбектері — қазақ әдебиетінің төл туындылары есебінде қабылданды. Олар әдебиетімізге соны бояуларымен, өзіндік дауыстарымен, жаңаша балауса сезімдерімен келді. Бүгінгі прозамызды Әбіш Кекілбаев пен Әкім Таразидың, Сәкен Жүнісов пен Сайын Мұратбековтің, Қалихан Ысқақов пен Жайсаңбек Молдағалиевтің әңгіме, повесть, романдарынсыз көз алдымызға елестету қандай қиын болса, талантты ақындарымыз Сағи Жиенбаев пен Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев пен Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов пен Қадыр Мырзалиев, Өтежан Нұрғалиевтардың шығармаларынсыз қазіргі қазақ поэзиясы да олқы болып тұрар еді. Осы тізімге кірмей қалған, бірақ қазақ әдебиетіне өзіндік бір бояуын қосқан талантты жастарымыз қанша?!

 

Осы бізден кейінгі буынның әдебиетке алып келген ерекшелігі, көркемдік тәсілдері, стиль машықтары — тиіп қашты болмаса, сыншы қаламы тереңдеп бата алмай тың жатқан нәрсе. Бұл да бір алдағы уақытта көп зерттеуді, үңіле зерттеуді керек ететін дүние. Біздің сынымыз іздену жолындағы жеңіл әуесқойлығын, кездейсоқ өткінші құбылыстарын, кейбір әсіре қызылдығын тауып, танып алып, дәлелдеп түсіндіріп, сақтандыра қойған жоқ. Сонымен бірге олардың әрқайсының өзіндік ерекшелігін, аз болсын, көп болсын біздің әдебиетке қосқан үлесін, талант сипатын, суреткерлік келбетін айқындап ашып, көпке танытып та бере алған жоқ.

 

Жаңағы талпыну жастыққа тән қасиет деуші еді. Бұл қасиет бүгінде біздің қазақ әдебиетінің айнымас мінезіне айналған түрі бар. Қаламы төселіп қалыптасқан, әдебиеттен белгілі орын алған жазушылардың өзін қазір ұдайы ізденіс үстінде көреміз. «Қан мен тер» трилогиясын жазу үстінде Ә. Нұрпеисов шеберлігінің қаншалықты шыңдалғанын, оның көркемдік құралының сан түрленіп құлпыра түскенін қайсымыз байқамадық, бір повесінен екіншіге бояуы құлпыра түсетін Б. Соқпақбаев ше? Машықты жазушы С. Шаймерденов соңғы «Жыл құсы» повесінде жаңа көрінген жоқ па?

 

Бұрын прозаның дәстүрлі стилінде, жаймашуақ, сыршыл «Өмір ұшқыны» повесімен Зейнолла Қабдолов соңғы «Жалын» романында — прозаның жаңа бір оқыс түріне және бүгінгі өмір ағымына сай ұтқыр, динамикалы түріне ауысты. Тәкен Әлімқұловтың ілгерілеу жолы қандай қызғылықты. Әр шығармасына жаңаша түрмен көркемдік құралдарын ғана іздеумен шектелмей, оның өзіне оңтайлы тақырыбын да саралап, екшеп келе жатқанын көреміз. Осы орта буыннан Қалтай Мұхамеджанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың драматургиядағы сәтті ізденістері жемісті нәтиже беріп жүр. Қазіргі қазақ драматургиясы мазмұн жағынан ғана емес, форма жағынан да әдемі байып келеді.

 

Ал, поэзияда ше? Басынан-ақ поэзиямызға өлеңнің өзіндік ажары мен мінезін ала келген Хамит Ерғалиев осы күнге дейін сол ізденімпаз ықыласын суытып көрген емес. Қазақ өлеңінде өз дауыстарын шыңдап, өз формаларын бекітіп алды деген Қ. Бекхожин мен. С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев пен М. Әлімбаевтар да тосын жаңа ізденіс үлгілерін көрсете бастады. Олар өлеңдерінің мазмұнына ғана емес, формасы мен ырғағына да нәрлі жаңалықтар енгізетін болып жүр. Қазақ жазушыларының қай буыны да қолы жеткенін қанағат етіп отырмаған сияқты. Алпыстың ар жағына шыққан ағаларымыз да «енді қалыптасып болған шығармын» деп өз машығын қайталай бермейді. Ғабиден Мұстафиннің «Қарағандысы» мен «Дауылдан кейіні» бір машықпен жазылмағаны жай көзге де көрініп тұр. Ал, соңғы «Көз көргенінде» қарт жазушының реалистік қуаты күшейе түскен де, ол соған орай өзінің байсалды стилін де жетілдірген. Осындай ілгерілеу тынымсыз ізденуді Хамза Есенжанов шығармаларынан да байқаймыз. «Ақ Жайықтың» алғашқы кітаптары мен «Тар кезең», «Жүнісовтер трагедиясының» арасында үздіксіз іздену, жаңалық табу, тереңдеу, жетілу жолы жатқаны даусыз. Ежелден жаңаға елгезек Әбділда Тәжібаевтың ақындық ойы да шау тартқан жоқ. Ол өз поэзиясын «әр қияға бір салып» — соңғы жылдары драмалық поэмалардың әдемі бір түрін тапты.

 

Мен үлкен әдебиеттің бетінде бадырайып тұрған мысалдарды ғана келтірдім. Ал, тұтас қазақ әдебиетінің іздену, өсу жолы қандай күрделі де қызғылықты. Осы қозғалысты, іздену, ілгерілеу сапарын зерттеу, әдебиетіміз бен жеке таланттарымыздың бағдар бағытын анықтай тексеру сын үшін қиын да, аса абыройлы да міндет емес пе?

 

Жазушыларымыздың осылайша көп ізденуінің нәтижесінде қазіргі қазақ прозасының суреттеу тәсіліне, стиліне, дүние тану машығына көптеген өзгерістер енді. Бұрынғы прозамызда негізінен эпикалық жанр басым болса, соңғы жылдары лирикалық проза кең өріс алды. Лирикалық прозаның негіздері қазақ әдебиетінде бұрыннан да болатын. Ол кей жазушыларымыздың жеке шығармаларынан елес беріп көрініп отыратын. Бірақ прозамызға негізгі арна болып кең өрістемеген еді. Заманымыздың рухына сай соңғы он-он бес жылдағы әңгіме, повестеріміз, романдарымыз да лирикалық сарынға, сыршылдық сазға ауысты.

 

Бұл бүгінгі әдебиетімізді реализмнің тереңдеуіне — шығармаларымыздың схемадан, жасандылық пен шарттылықтан айығып, өмір шындығын молырақ көрсете бастауына тәнті жағдай болса керек. Өмір шындығымен қоса кейіпкер шындығын — оның сезімі мен жүрек сырын да тереңірек ашу қажет болды. Бүгінгі шығармаларымыздың кейіпкерлері — өзінің барша шынын айтуға, сырын айтуға, керек болса, өз басындағы мінін айтуға да қысылмайтын, тартынбайтын ашық жандар. Олар оқушыға қалтқысыз сеніп ағынан жарылады. Ал, кейіпкер дегеніміздің өзі де сол көп оқушының бірі, солардың қалың ортасынан шыққан өмірлесі, мұңдасы. Сөйтіп, кейінгі шығармалар өмірмен жақындасты. Сол арқылы оқушымен де жақындасты.

 

Ілгеріректегі кейбір шығармаларымызға тән өз ортасынан дара шығып, оқшау тұратын, қолынан келмейтіні жоқ ерекше, бірақ жасанды геройлардың орнын кәдімгі қарапайым көптің бірі — сырға, ой-пікірге бай, шын мәнінде толық қанды, жанды образдар басты. Бұл — бүгінгі әдебиетіміздің өсу жолындағы, кемелдену жолындағы келелі табысы.

 

Лирикалық прозамыздың даму жолында бірыңғай табыстар мен ұтыстар ғана емес, елеулі кемшіліктер де, ұтылыстар да болды. Әрине, сыршылдық — көркем әдебиет үшін тамаша қасиет. Геройдың жан-жүйесін ашу, барша сезімін тебірентіп, дірілдеген жанды күйінде ыстығын суытпай жеткізу — әдебиет үшін биік мұрат. Бірақ сырдың да сыры, сезімнің де сезімі бар. Лирикалық проза жасаған жақсы үлгілерге еліктеушілер көбейіп, біраз жағдайда әдебиет тақырыбын, шығармадағы кейіпкерлерді ұсақтатып алдық. «Жаман сырын айтам деп шынын айтады» демекші, көптеген кейіпкерлер өзінің болмашы тіршілігін, мардымсыз, ұсақ арманын, көңілдегі кірбіңін оқушы алдына жайып салатынды шығарды. Әрине, әдебиет оны да көрсетуге тиіс. Әдебиет үшін шектеулі тақырып, еленбейтін өмір құбылысы болмауға тиіс. Бірақ ол үлкен өмірдің, қызғылықты жақсы характер мен қилы-қилы өмір құбылыстарының көлеңкесінде көрінсе ғана орынды болар еді.

 

Прозамыз сияқты бүгінгі поэзиямызда да лирикалық сыршылдық сарыны үстемдік құрып келеді. Ертеректегі жалаң пафос, даурықпа патетикадан айығып, бүгінгі өлеңдеріміз ойлы, тебіреністі азаматтық әуенге ауысты. Сол сияқты баяндау мен жалаң оқиғасы басым келетін поэма жанрында да сыршылдық, геройдың сан-жүйесін, ішкі сырын, көңіл құбылысын ашатын сезімталдық сарыны күшейді.

 

Лирикалық проза мен поэзияның өріс алуы қазақ әдебиетінің әріден келе жатқан эпикалық сипатын өзгерте алды ма деген сұрақ туады. Бұған мен қазақ әдебиетінің эпикалық негізгі сипаты өзгере қойған жоқ; ол тек молықты, байыды, сол арқылы жаңа сатыға көтерілді деп жауап берер едім. Шынында да бүгінгі қазақ прозасының шоқтығын көтеріп тұрған әлі де сол эпикалық шығармалар. Олар әдебиетіміздің алып туындысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының заңды жалғасы. Осы эпопеяның ұлы дәстүрі бізде өріс алып, ілгерілеп келеді. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабит Мүсреповтің «Оянған өлкесі», Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейіні» мен «Көз көргені», Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романдар циклі, Әбдіжәмил Нұрпеисовтың «Қан мен тері», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Ілияс Есенберлин мен Әзілхан Нұршайықов, Әлжаппар Әбішевтің романдары осының айғағы.

 

Бірақ бүгінгі эпикалық прозамыз кешегіден әлдеқайда өзгеше. Ондай проза жазып жүрген авторларымыз оқиғаны бір ырғақты кең арнамен байсалды баяндап, салиқалы, сабырлы суретпен жеткізіп қана қоймайды. Тарихи тақырыпқа жазған шығармалардың өзінде геройларының жүрегінің лүпілін, көңілінің дірілін ыстық арманы мен күйініш-сүйінішін — қысқасы, оның барша сезімі мен ахуалының ыстығын суытпай жеткізуге тырысады. Эпикалық прозамыз бүгінгі лирикалық прозаның көптеген көркемдік тәсілдерімен қаруланды. Адам сезімін бақайшағына дейін талдап беретін психоанализ, я болмаса, кейіпкерлердің өз ішін өзі ақтарып, өз сезімін сарапқа салатын самоанализ, лирикалық шегіністер, авторлық толғаныстар сияқты бояуларды молынан пайдаланып жүр. Бұл біздің эпикалық прозамыздың бояуын түрлендіріп, бетіне қан жүгіртіп, оны қазіргі оқушымыздың жүрегіне жақындатып әкелді.

 

Лирикалық сыршылдық сарынмен байыған эпикалық проза — бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен табысы.

 

Осы айтылғанның бәрі — қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі бір сипаты, оның даму тенденциясының бір қыры. Ал, біздің әдебиетіміздің талқыға түспей, ашылмай жатқан сырлары көп. Бүгінгі съезд әдебиетіміздің көп мәселелерін ортаға салып оның өсу жолындағы сүбелі проблемаларын кең талқылап, бұдан арғы ілгерілеу бағдарымызды белгілеп береді ғой деген үмітіміз зор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға