Жаңалықтар

Қазақ әйелдері әм сауатсыздық

  Қазақ әйелі әлі күнге малша сатылып жүрсе, әлі күнге бостандықтың қадірін біле алмай жүрсе, соның бәрі қараңғылықтың — надандықтың салдары. Қазақ әйелі оқып көзін ашпай бүл қиын қалыптан шыға алмақ емес деген сөзді айтушы қандай көп болса, білуші онан да көп. Бірақ айту, білу істеудей емес екендігі де талай сөйленген сөз. Қазақ әйелі надан екені рас. Оқымай қатарға кіре алмайтыны да рас. Бірақ солар қайткенде оқи алмақ? Қай жөнмен олардың арасына білім таратылмақ? Міне, осы арасына ой сарып қылған, тәжрибесін майданға салған азамат кем. Қазақ арасында келешегіміздің үміті болған бастауыш мектептердің өзі ретке салына алмай келе жатқандығы, оқу болған жерлерде әйел балалардың еркек балалармен бірдей оқи алмай жүргені кімге болса да жасырын емес. Бұл кейіпті көргенде, жас буынымыздың келешегі мынадай болғанда, үлкендерімізге не жорық деген үмітсіздік көлденеңдеуге де мүмкін. Сонда да жастар туралы «қос жүре түзелерді» малданып, казіргі барлық Советтер Одағындағы даусы жер жарып, сәулесі көк жарып келе жатқан «жоғалсын сауатсыздық!» ұранына қосылмай отырудың жөні жоқ. Бұдан 5 жыл бұрын салған Ленин жолдастың бұл ұраны жалпы еңбекшілердің қараңғылығына қапаланып, олардың тезірек қатарға кіруіне асығып салынған ұран болатын. Сол асыққан еңбекшілерінің бірі қазақ, кедейі болатын болса, қазақ ішінде ең қорлықтағы жүрген әйел болатын болса, сол әйелдің сауатсыздығын жою бұл жөндегі жұмыстың алдыңғысы болу керек. Ұранның салуы оңай болса да, істеуі қиын, іс кісі таңдайды, жұмыс әдіс таңдайды. Оның үстіне «айбар керек, әл керек; әлсіз айбар не керек?» деп жұмыстың көбі істеуге келгенде күшке тіреледі. Міне соның үшін қазақ арасында, әсіресе қазақ әйелдерінің сауатсыздығын жою жұмысына кіріскенде, жоғарғы орыннан ерекше күш жұмсалып, өтімді әдіс қолданылмаса, сөз іске айналмақ емес. Өйткені қазақ елінің көбі көшпелі болғандықтан, тұрмыстары әйел түгіл еркектерінің ілгерілеуіне көп бөгеттік жасап отырады. Ал, әйел тұрмысы онан қиын болғанда, тұрмыстан басқа еркінің біреуделігі жұмысты әлденеше ауырлатады. Ана ауылдағы жана түскен келінге шашу апару үшін байына үш күн жалынып, тор шолақ пен пішен шананы жарты күнге әзер сұрап алатын қазақ қатыны күндегі оқуға барып отыруына қанша жігер, қандай еркіндік керек болмақ! Қазақ әйелінің сауатсыздығын жою үшін әуелі еркегін мойындату керек. Ол мойындату үгіт жөнімен болар, орны келгенде заң жөнімен болар,— әйтеуір іске асарлық ретпен кірісу «жоғалсын сауатсыздық» ұранын қолдаушылардың жұмысы. Әйел ақсақ қалса, төңкерістің жемісі бойымызға сіңбейді, әйел надан отырса, келешегіміз оңалмайды.  
08.12.2012 06:22 3966

 

Қазақ әйелі әлі күнге малша сатылып жүрсе, әлі күнге бостандықтың қадірін біле алмай жүрсе, соның бәрі қараңғылықтың — надандықтың салдары. Қазақ әйелі оқып көзін ашпай бүл қиын қалыптан шыға алмақ емес деген сөзді айтушы қандай көп болса, білуші онан да көп. Бірақ айту, білу істеудей емес екендігі де талай сөйленген сөз. Қазақ әйелі надан екені рас. Оқымай қатарға кіре алмайтыны да рас. Бірақ солар қайткенде оқи алмақ? Қай жөнмен олардың арасына білім таратылмақ? Міне, осы арасына ой сарып қылған, тәжрибесін майданға салған азамат кем. Қазақ арасында келешегіміздің үміті болған бастауыш мектептердің өзі ретке салына алмай келе жатқандығы, оқу болған жерлерде әйел балалардың еркек балалармен бірдей оқи алмай жүргені кімге болса да жасырын емес. Бұл кейіпті көргенде, жас буынымыздың келешегі мынадай болғанда, үлкендерімізге не жорық деген үмітсіздік көлденеңдеуге де мүмкін.

Сонда да жастар туралы «қос жүре түзелерді» малданып, казіргі барлық Советтер Одағындағы даусы жер жарып, сәулесі көк жарып келе жатқан «жоғалсын сауатсыздық!» ұранына қосылмай отырудың жөні жоқ. Бұдан 5 жыл бұрын салған Ленин жолдастың бұл ұраны жалпы еңбекшілердің қараңғылығына қапаланып, олардың тезірек қатарға кіруіне асығып салынған ұран болатын.

Сол асыққан еңбекшілерінің бірі қазақ, кедейі болатын болса, қазақ ішінде ең қорлықтағы жүрген әйел болатын болса, сол әйелдің сауатсыздығын жою бұл жөндегі жұмыстың алдыңғысы болу керек.

Ұранның салуы оңай болса да, істеуі қиын, іс кісі таңдайды, жұмыс әдіс таңдайды.

Оның үстіне «айбар керек, әл керек; әлсіз айбар не керек?» деп жұмыстың көбі істеуге келгенде күшке тіреледі.

Міне соның үшін қазақ арасында, әсіресе қазақ әйелдерінің сауатсыздығын жою жұмысына кіріскенде, жоғарғы орыннан ерекше күш жұмсалып, өтімді әдіс қолданылмаса, сөз іске айналмақ емес. Өйткені қазақ елінің көбі көшпелі болғандықтан, тұрмыстары әйел түгіл еркектерінің ілгерілеуіне көп бөгеттік жасап отырады.

Ал, әйел тұрмысы онан қиын болғанда, тұрмыстан басқа еркінің біреуделігі жұмысты әлденеше ауырлатады. Ана ауылдағы жана түскен келінге шашу апару үшін байына үш күн жалынып, тор шолақ пен пішен шананы жарты күнге әзер сұрап алатын қазақ қатыны күндегі оқуға барып отыруына қанша жігер, қандай еркіндік керек болмақ!

Қазақ әйелінің сауатсыздығын жою үшін әуелі еркегін мойындату керек. Ол мойындату үгіт жөнімен болар, орны келгенде заң жөнімен болар,— әйтеуір іске асарлық ретпен кірісу «жоғалсын сауатсыздық» ұранын қолдаушылардың жұмысы.

Әйел ақсақ қалса, төңкерістің жемісі бойымызға сіңбейді, әйел надан отырса, келешегіміз оңалмайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға