Жаңалықтар

Aтом

  Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын европаша атом деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сөйтіп, барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бір-бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан. Мұны алғашқы тапқан ион-грек жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса, алғашқы тапқан Финкияның Садда деген қаласынан шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур және Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық, әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды. Араб жұртының патшалығы зорайып, әр елдерді қол астына қаратқан Аббас тұқымы патша болған кезде, ион-гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде, осы атом туралы сөздерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: барлық әлем басынан бар ма еді, соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Еуропаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Еуропа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бір-бірін тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол — әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы. XVII ғасырда Ньютон алманың үзіліп жерге түскенінен көріп қалған. Бұл біліп жаратқан ие жоқ, дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әрқайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат. Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап, әрқайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Еуропаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аиие» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда, атомдар да бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлың әлемнің түп негізі нұр болғаны дейді.
08.12.2012 06:19 3348

 

Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын европаша атом деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сөйтіп, барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бір-бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан.

Мұны алғашқы тапқан ион-грек жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса, алғашқы тапқан Финкияның Садда деген қаласынан шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур және Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық, әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды.

Араб жұртының патшалығы зорайып, әр елдерді қол астына қаратқан Аббас тұқымы патша болған кезде, ион-гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде, осы атом туралы сөздерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: барлық әлем басынан бар ма еді, соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Еуропаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Еуропа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бір-бірін тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол — әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы.

XVII ғасырда Ньютон алманың үзіліп жерге түскенінен көріп қалған. Бұл біліп жаратқан ие жоқ, дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әрқайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат.

Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап, әрқайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Еуропаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аиие» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда, атомдар да бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлың әлемнің түп негізі нұр болғаны дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға