Жаңалықтар

Әйелге жаны ашыған кісі оқыту жағына жәрдемдес болсын

  Қалыңмал бұрынғы қалпында да емес, бірақ қала да қойған жоқ. Қалыңмал алған қыз әкесі қашанда болса; «екі алып биге шықтым!» деп мақтанады (әрі өзі мал алып, әрі қызын «жыламайтын жеріне» беріп). Сол мақтануын ішінен болса да, әлі қойған жоқ. Қыздардың осы күнге әкесіне ең алдымен күйеу емес, мал ұнайды: мал алған соң, көзін шелей қаптайды да, күйеуді ұнамаса да «ұнайды» дей салады. «Тамағына тас тығылғыр!» болмаса, ішінен шыққан баласын жастай сөйтпес еді ғой. Әрине, бұлай істеушілер — айуандар. Қазақтың бәрін «айуан» деуіміздің жөні де жоқ. Шынында баласының. шын қамын ойлайтындары да бар шығар. Ондайларға айтатын ақылымыз: ең әуелі қызды да үлкен қатар оқуға беру керек. Қыз да адамның баласы. Оқыса, о да кісі болады. Оң мен терісті айыра біледі. Білген кісі, білгеннің ақылына да көнгіш болады, кім біледі, түбінде қызы оқып адам болғаннан кейін, әкесінің ұнатқан күйеуіне баруға, оқымаған надан қыздарға ұсап бүгежектемей кетер еді. Өйткені, әкесі қызын «жаман күйеуге тисін» демейді ғой. Шынында әйелдің оқып 'көзі ашылса, өз тізгінін өзі алып жүруге жараса, басқанын әурелігіне көнбейді ғой (маған десе, әкесі болма да); байсыз қалғанда, ешкімге масыл болмайды ғой. Оқымаған әйелдің бағы-байына байлаулы емес пе? «Бағы күйген» әйел (байы өліп, ие айрылысып) шырағы қайта жанғанша, әке-шеше, туысқандарына тірі масыл боп жүрмей ме: сондықтан, «қызым саналы болсын» десе, «түбінде бақсыз болып қалмасын десе, жаны - іші ашыған әкенің міндеті — жас қызын оқуға беру. Әйел оқымай саналы бола алмаса, санасыз әйел бостандығына ие болмаса, көрінгеннің қолында («қолжаулық») болса, оның теңдікке жеткені қайсы? Күнде «тегін мал?» деп аузын ашып отыратын еңбексіз, өз әкелерінің, екі күннің бірінде «жас қатын, жақсы қатын» іздеп жүрген шал мен ынтықтардың қайсыбірін қырып бітірерсің? Оман да, «мандымның басына ал» дегенге дейін қолдан келген шаруа әйелдерді (әсіресе, әйел балаларды) оқыту жағына жұмсалу керек. Жуырда Қызылтаң, болысынан екі-үш қыз әкелерінің азғыруымен сүйген жігіттерінен айнып шыққандығын қырағы» деген біреу жазып, әйелдердің осындай мінездеріне қынжылғандығын білдіріпті. Жалғыз «Қызылтаңдікі» емес, басқа жерлердің «қырағы» лары да ол сияқты әңгімелердің талайын көзімен көріп, қолымен ұстап жүр. Мұндай жалпы ауруға жалпы ем керек. Ол ем — оқу. Әйелге жаны ашыған кісі, оны оқыту жағына жәрдемдес болсын.  
08.12.2012 06:02 3611

 

Қалыңмал бұрынғы қалпында да емес, бірақ қала да қойған жоқ.

Қалыңмал алған қыз әкесі қашанда болса; «екі алып биге шықтым!» деп мақтанады (әрі өзі мал алып, әрі қызын «жыламайтын жеріне» беріп). Сол мақтануын ішінен болса да, әлі қойған жоқ. Қыздардың осы күнге әкесіне ең алдымен күйеу емес, мал ұнайды: мал алған соң, көзін шелей қаптайды да, күйеуді ұнамаса да «ұнайды» дей салады. «Тамағына тас тығылғыр!» болмаса, ішінен шыққан баласын жастай сөйтпес еді ғой. Әрине, бұлай істеушілер — айуандар. Қазақтың бәрін «айуан» деуіміздің жөні де жоқ. Шынында баласының. шын қамын ойлайтындары да бар шығар. Ондайларға айтатын ақылымыз: ең әуелі қызды да үлкен қатар оқуға беру керек. Қыз да адамның баласы. Оқыса, о да кісі болады. Оң мен терісті айыра біледі. Білген кісі, білгеннің ақылына да көнгіш болады, кім біледі, түбінде қызы оқып адам болғаннан кейін, әкесінің ұнатқан күйеуіне баруға, оқымаған надан қыздарға ұсап бүгежектемей кетер еді. Өйткені, әкесі қызын «жаман күйеуге тисін» демейді ғой. Шынында әйелдің оқып 'көзі ашылса, өз тізгінін өзі алып жүруге жараса, басқанын әурелігіне көнбейді ғой (маған десе, әкесі болма да); байсыз қалғанда, ешкімге масыл болмайды ғой. Оқымаған әйелдің бағы-байына байлаулы емес пе? «Бағы күйген» әйел (байы өліп, ие айрылысып) шырағы қайта жанғанша, әке-шеше, туысқандарына тірі масыл боп жүрмей ме: сондықтан, «қызым саналы болсын» десе, «түбінде бақсыз болып қалмасын десе, жаны - іші ашыған әкенің міндеті — жас қызын оқуға беру.

Әйел оқымай саналы бола алмаса, санасыз әйел бостандығына ие болмаса, көрінгеннің қолында («қолжаулық») болса, оның теңдікке жеткені қайсы? Күнде «тегін мал?» деп аузын ашып отыратын еңбексіз, өз әкелерінің, екі күннің бірінде «жас қатын, жақсы қатын» іздеп жүрген шал мен ынтықтардың қайсыбірін қырып бітірерсің? Оман да, «мандымның басына ал» дегенге дейін қолдан келген шаруа әйелдерді (әсіресе, әйел балаларды) оқыту жағына жұмсалу керек.

Жуырда Қызылтаң, болысынан екі-үш қыз әкелерінің азғыруымен сүйген жігіттерінен айнып шыққандығын қырағы» деген біреу жазып, әйелдердің осындай мінездеріне қынжылғандығын білдіріпті.

Жалғыз «Қызылтаңдікі» емес, басқа жерлердің «қырағы» лары да ол сияқты әңгімелердің талайын көзімен көріп, қолымен ұстап жүр.

Мұндай жалпы ауруға жалпы ем керек. Ол ем — оқу. Әйелге жаны ашыған кісі, оны оқыту жағына жәрдемдес болсын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға