Жаңалықтар

Қазақтың пролетарлық әдебиеті туралы

Бұдан екі-үш жыл бұрын, байшылды былай қойғанда, коммунист жолдастардың кейбіреуі қазақта пролетариат әдебиеті бар деген сөздің өзіне күдікті қарайтын еді, туды деуге аузы бармай, жоқ деуге бата алмай, нысанасы ғана бар дейтін еді. 1929 жылы декабрьде болған. Өлкелік партия комитетінін пленумы бұл пікірдің қателігін көрсетіп, «Қазақта пролетариат әдебиеті бар, бірақ жас» деді. Жастығына, әрине, ешкім таласа алмайды. Таластың күштісі барлықта еді, ол мәселе енді шешілді. Сондықтан оған тоқтаудың қажеті жоқ. Осы күні қазақта пролетариат әдебиеті бар ма, жоқ па деп, дос түгіл дұшпан да айта алмайды. Пролетариат кәзіргі күнде өз үстемдігі арқылы, соғыс коммунизмі, шаруаны тұрақтату сықылды дәуірлерінен өтіп, шаруаны социалистік жолмен қайта құруға көшіріп отыр. Партияның кәзіргі үлкен ұраны: 1.         Барлық майданға аттаныс жасау. 2.         Алдыңғы қатардағы капиталистік мемлекеттерді қуып жетіп, басып озу. Бұл ұрандар жалғыз шаруашылыққа ғана арналып отырған ұран емес. Пролетариат кәзіргі күнде Кеңестер Одағында не жұмысты басқарып отырса, көркем әдебиет пролетариаттың тап тартысындағы құралының біреуі болса, жоғарғы ұрандардың көркем әдебиетіне де қатынасы бар. Олай болса, жалпы пролетариат әдебиетінің оның ішінде қазақ пролетариат әдебиетінің алдында социалистік құрылысқа байланысты жаңа міндеттер туады. Кәзіргі күнде пролетариаттық ақынның жаңа міндеті де, оның шығармасының түр, мазмұн реті де бұрынғыдан өзгеше жолға қойылуы керек. Бүгінге дейін әдебиет майданына шығып, көркем шығармалар туралы пікір айтып жүрген жолдастардың біразына, қазақтың пролетариат жазушыларының кәзіргі міндеті туралы дұрыс жол көрсеткен жолдастар шамалы болып жүр. Сын деген нәрсе көркем әдебиетті дұрыс жолға салып тұратын құрал болса, қазақ әдебиетінде болған сынның көбі жікшілдік бағытпен кетті. Ендігі мақсат — бұл кемшілікті жойып, пролетариат ақындарының алдындағы кәзіргі міндеттерді дұрыс көрсетіп отыру. Біз төменде кәзіргі міндеттер туралы бірнеше пікірлер айтқалы отырмыз.   I Пролетариат ақыны кім? Пролетариат ақын, жазушыларының шығармалары қандай болу керек екендігін сөз етпей тұрып, алдымен «пролетариат ақыны кім?» деген мәселені шешіп алмай болмайды. Өйткені, бұл мәселеге қазақ әдебиетінде әлі толық жауап берілген жоқ. Пролетариат ақыны кім дегенде мәселені шешу үшін жалпы ақын, жазушылардың кім екенін шешіп алу керек. Француздың атақты сыншысы Геннекен деген адам, былай дейді: «Ешбір ақынның шығармасы барлық адамға түгел әсер етпейді. Лириканы ал, романды ал, поэманы ал, пьесаны ал, ешқайсысы түгелімен көпшіліктің бәріне бірдей ұнамайды. Біреуге керемет сұлу көрінген шығарма, біреуге қарағысыз жаман көрінеді... Кімнің ішкі құрылысы кімге үйлес болса, сол адамға оның шығармасы да ұнайды». Геннекен бұл арада әрбір қоғам адамының ішкі дүниесі оның қандай тапқа жататындығымен шешілетіндігін аңғармайды. Ол енеден туғанда бір адам ішкі сезім ретінде біреуге, енді бір адам екінші біреуге үйлес болады деп ойлайды. Адамның ішкі сыры немен шешілетіндігін Маркс былай бағалаған: «Тұрмысты адам самасы билемейді, сананы қоғамдық тұрмысы билейді... Шаруашылықтың негізі өзгерумен қатар, кейде шабанырақ күйде өте тез, сол шаруаның салдарынан туған қондырмалар да өзгереді. Бұл өзгеріске: пән де, дін де, заң да, саясат та, философия да, көркем әдебиет те кіреді. Шаруашылықта болған өзгерісті тексерген адамдарға, шаруамен қатар бұларда болған өзгерістерді де тексермей болмайды». Көркем әдебиет шаруа жағдайының өзгеруімен өзгеріп отырса, сол көркем әдебиетті туғызушы ақын, жазушының ішкі дүниесі де өзгермек. Ішкі сезімнің құрылысы іштен тумақ емес, ақын, жазушының маңындағы тап ортасының жемісі болмақ. Шаруаның өзгеруі деген нәрседен, көркем әдебиеттің түрі де, мазмұны да (өйткені, бұл екеуін айыруға болмайды ғой) өзгереді, жаңа жолға көшеді деген мағына шығады. Әйтпесе өзгергендік емес. Жаңа дәуірге, жаңа тапқа, өткен дәуір, өткен таптың көркем әдебиеті шын мағынасында сұлу, көркем емес. Бірақ, бұдан өткен дәуірдің әдебиетінің көркемдік маңызы жаңа дәуірге атымен ұнамайды деген ұғым тумайды. Өткен дәуірдің көркем әдебиетінің көркемдік әсері, біразға шейін жаңа әдебиетпен жарысып қалмайды. Бұған бас себеп — жаңа дәуірдің адамының санасы бір күнде жүз процент жаңалыққа көше қоймауы, жаңа дәуірдің санасы мен ескі дәуірдің санасы көпке шейін арпалысуы. Переверзовтың «Идея деген нәрсенің шығармаға түк әсері жоқ» деуінің қателігіне Маркстің: «Суретші өзінің күн көріс ретінде ғана күш жұмсамайды. Оның жұмысы күн көріс құралы емес, мақсат құралы» деуі ең дұрыс жауап. Маркс Гректің ескі ертегілерінің қазіргі адамға әсері барлығын айта кеп былай дейді: «Ержеткен адам, балалық дәуірге болса-болмаса да қайта айналып бара алмайды. Бірақ, сол адам баланың балалық қылығына қызығады. Өйткені, ол баланың қылығы арқылы өзінің өткен өмірінің шындығын көреді»'. Бір таптың үстемдігі орнауы — екінші тап құлау деген сөз. Үстемдік алған тап, сөз жоқ, құлаған таптың қылығын тексергенде, соны қолдану үшін емес, өткен өмірдің кескінін көріп, ұғыну үшін тексереді. Сол тексерісте, үстем тапқа өткем таптың өмірі, оның ішінде әдебиеті, өткен күнін есіне түсіреді. Өйткені, пролетариат көктен түскен тап емес, өзінен бұрынғы таптың экономикалық жағдайынан өскен тап қой. Сондықтан оған өзінен бұрынғы таптың қылығы өткен балалық дәуір сықылданады. Қысқартып айтқанда, ақынның өзіне арнаулы, іштен туған санасы жоқ. Оның санасы маңындағы тап ортасының жемісі. Ақынның шығармасы сол тап ортасынан өскен жеміс. Бірақ, осы сөзді солақайландырып жіберушілік бар. Оған профессор Переверзовтың ақынға берген бағасы куә. Переверзов былай дейді: «Көркем шығарманың тетігі адамның өз қара басының ойында емес, тұрмыста. Көркем шығарманың тетігі идеяда емес, өмірде. Марксшіл сыншы шығарманы бағалағанда осы жағынан қарауы керек». Рас, ақын тап ортасының жемісі. Тап жеке адамдардан құралады. Жеке адамды біртіндеп шығара берсе, тап тап боп тұра алмайды. Сол сықылды, таптың ой-пікірі де кесек жатқан, ақылға қонбайтын бір нәрсе емес. Таптың ойы, пікірі, мақсаты, оның жеке мүшелерінің ой, пікір, мақсатынан құралады. Тұрмыс шаруасы үйлес болған адамдардың ой, пікірі де үйлес болады. Осы үйлес ой, пікірлер таптың ой, пікірін жасайды. Бірақ, бір таптың мүшелерінің пікірлері «1-1» емес. Бірінің бірінен айырмашылығы жоқ емес. Егер пікірлерінде өзгеріс айырмашылық болмаса, таптың пікірі еспей, бір орында тұрып қалар еді. Қоғамның жеке мүшесі туралы Ленин былай дейді: «Жалқысыз жалпы жоқ. Жалпы жалқы арқылы ғана тіршілік етеді. Қалай қараса да, барлық жалқыны, жалпыдан айыруға болмайды». Олай болса, ақынның шығармасындағы пікірлер негізінде сүйенген табының пікірімен байланысты. Бірақ, бұлай «ақында арнаулы пікір жоқ, ол табының құлағын бұрап сөйлетіп қойған граммофон» деу дұрыс емес. Орыстың атақты сыншы адамы Белинскийдің ақынға ұсынатын бес түрлі шарты бар. Сол шарттың біреуінде ол «Ақын сөз дәлелдігі емес, бейне арқылы сипаттау керек» дейді. Плеханов Белинскийдің бұл шартын негізінде дұрыс деп келеді де, бірақ Маркс көзқарасынан шығып кететін жерлерін айта кеп, «Белинскийдің заңдары тар, Белинский заңымен, мәселен, француз трагедиясын тексеруге болмайды. Бұл туралы Белинскийдің өзі де француз трагедиясы менің заңымнан тысқары тұр деген дейді. Ғаббас Тоғжанов Белинскийдің жоғарғы заңын қата түсініп: «ақын сезгенін сезген күйінде жазады, сезіммен жазады, ақылға жорытпайды» дейді. Белинскийдің сезгенін сезген күйінде жазады демейді, ақын бейне, образ арқылы жазады, дейді. Ой мен сезімде айырмашылық бар. «Сезу» деген адамның көбінесе жаратылыс қасиеті. «Ойлау» деген адамның жаратылыс қасиетінің үстіне, сана-сезімнің сұрыпталған, қорытылған түрі. Санаға айналмаған сезімге айқын мағына болмайды. Сана деген нәрсе ақылда. Ақылсыз кісіде сезім бар да, сана жоқ. Сезгенін ақылына төрелетіп, өзінің табының тілегіне үйлестіріп жазбайтын ақын жоқ. Сезгенін сезген күйінде еш ақын да жазбайды. Өз сезгенін тап мақсатына үйлестіреді. Егер ақын сезген күйінде жазып, өз ақылына салмаса, оның жазғанында қоғамдық маңыз болмас еді Біз оған неге сен пәлен тапқа үйлестіріп жазбадың деп ұрыса да алмас едік. Егер ұрыссақ, ақын бізге «мен сезгенімді-жаздым, ақылға салуға міндетті емеспін» дер еді. Ғаббас бұл арада байшылдық пікірді, «ақын таптан тысқары, ол сезіммен ғана жазады, оның тіршілікпен түк қатынасы жоқ» деген пікірді жақтаған. Бұл түбірімен қате пікір. Рас, ақында сезім күштілігі бар. Бірақ, ол, сол күшті сезімді сезген күйінде фотографияға түсіре қоймайды. Сезім арқылы алған әсерлерінің ішінен тап мақсатына жақпайтын жайларды жазбайды. Сезімнің ішінен таңдау» жасайды. Ақын ойламайды, ақылға салмайды деу дұрыс емес. Ойламаған ақыннан дені дұрыс кісінің өзі шықпайды. Ақын тексермейді деу дұрыс емес. Туысында сезімі күшті болғанмен, ақын өмірді тексермесе, талқыламаса өспейді, ақын да бола алмайды. Ақынды ақын ететін нәрсе, көбінесе өмірді зерттеу білу. Өзінен күшті ақындардан үлгі алмай, өмірден үйренбей жақсы ақын болған адам жоқ. Осы үлгімен үйренуді ақын өмірді, зерттеп білу арқылы ғана табады. Және не жазса да дұрыс, бұрысын өз мақсатына жанасатын, жанаспайтынын зерттеп, талқылап алып жазады. Плеханов жалпы идеологияны, оның ішінде көркем әдебиетті жетектейтін заттар мыналар деп тапқан: 1.         Өндіріс күшінің дәрежесі. 2.         Соған лайықталған шаруашылық қатынас. 3.         Сол шаруашылыққа сәйкестелген әлеуметтік саяси құрылыс. 4.         Шаруашылық пен әлеуметтік саяси құрылыстың салдарынан туған қоғам адамының мінез-құлқы. 5.         Осы мінез-құлықтарды айнаға түсіретін әртүрлі идеология. Таптан тысқары ақын жоқ. Тап ақыны Плеханов айтқан осы бес заңмен байланысты. Ақынның ақындығы сыртқа шыққанда, бастапқы сезген күйінде емес, осы бес жағдайға сәйкестендіріліп қорытылып шығады.   II Пролетариат әдебиетінің мазмұны Маркстың айтуынша, қай дәуірде қай тап үстем болса, соның пікірі де үстем болады. Өндіріс құралы қолында отырған тап, өндіріс құралы қолыңда жоқ тапқа пікір майданында да жол бермейді. Бірақ рухани өндірісті өз қолына алады. Маркстың бұл сөзінен, қазіргі Кеңестер Одағында үстемдік алған пролетариаттың рухани өндірісті де өзінің таптық мүддесіне жарататындығы ашық көрініп тұр. Қазақтың байшылдары, байшылдардың партиядағы жасырын агенттері қазақта пролетариат әдебиеті болмайды деседі. Олардың пікірі меньшевиктердің пікірлерімен үндес. Олар пролетариат пікірі емес. Пролетариат әдебиеті болмайды деген сөзді, партия жолындамын деп жүрген қазақ коммунистері айтпайды. ,:Қандай әдебиет пролетариаттікі болады?» деген мәселені қате түсінетіндер бар. Мә.селен. «Пролетариат тілегіне үйлестіріп жазған ақын не туралы жазса да пролетариат ақыны» деген пікірге, Ғаббас: «бұл сөздің дұрысынан бұрысы көп» дейді де сөзін былай қорытады: «...негізінде пролетариат әдебиеті пролетариат тұрмысынан туады. Фабрика, завод, кен, міне, пролетариат әдебиетінің ошағы осылар. Пролетариат әдебиетіндегі геройлар осындай жерден шығады. Мұндай жерден шықпаса да пролетариат тұрмысы мен тағдырын байланыстырған, пролетариат жұртшылығын жасап, бастап отырған адамдардан шығады». Пролетариат ақынына бұл сықылды шарт қою дұрыс емес. Дұрыс болмағанда, әрине, пролетариат тұрмысын жазба дегендік емес, көп жазу керек. Бірақ Ғаббастың бұл айтқанынан пролетариат ақынының міндеті өте тар болып шығады. Пролетариат үстемдікті завод, фабрикті басқару үшін ғана жасаған жоқ. Ол өзінің үстемдігі арқылы, адам баласының тұрмысын түбірімен өзгертіп, социалистік қоғам орнату үшін үстемдік алды. Олай болса, пролетариаттың басқаруына жалғыз завод, фабрика ғана емес, ауыл шаруашылығын социалистік жолға түсіру, мәдениетті социалистік жолға түсі.ру, сонымен қабат, ескі әдет, дін, ұлт арасындағы социалистік құрылысқа залалды нәрселерді күресіп жою,— осылардың бәріне пролетариат көсемдік етеді. Кім де кім осы мәселелерді пролетариат көзқарасымен айтып бере алса, сол пролетариат ақыны. Егер, бір ақын пролетариаттың қазіргі науқанды істерін (астық даярлау, егістік, жаппай оқыту, сауатсыздықты жою, денсаулық сақтау ісін дұрыстау, дінге қарсы үгіт, тағы басқалар) пролетариатша жырласа, оны пролетариат ақыны емес деуге ешкімнің хақысы жоқ. Орыстың Панферов деген жазушысы «Бруски» деген романында колхоз құрылысын жазады. Орыс сыншылары қазір оны нағыз пролетариат шығармасы деп жүр. Шығарманың мазмұны пролетариатшыл, не байшыл болуы алған тақырыпта емес, сол тақырыпты кімнің тілегіне үйлестіріп жазуда. Қазақтың жас пролетариат жазушылары толық болмағанмен, соғыс коммунизмі, шаруашылықты тұрақтандыру дәуірлерін пролетариат тілегінше біраз жазды. Бұл туралы біз «Қазақстанның 10 жылдығы» деген кітапта пікірімізді жазғамыз. Бұл арада оны қайталамай, қазақтың пролетариат әдебиетінің дәл кәзіргі дәуірдегі мазмұн кемшіліктеріне және алда тұрған міндеттеріне аздап тоқтамақпыз. Олар: 1. Дағдарыс: Кеңес өкіметінің басынан кешірген бастапқы екі дәуірінде, шамасынша пролетариаттың тілегіне еруге жараған пролетариат ақындарымыздың біразы — социалистік қайта құрылыс дәуірінде шабандап қалып отыр. Рас, қайта құрылыс дәуірінің міндеттерін толық, бірден түсініп кете қою оңай емес. Бұл ретте қателіктер де көп кездеседі. Бірақ, біздің ақындарымыздың кейбіреуі іс үстінде қателесіп, оны іс үстінде түзеп жүрген жоқ. Құрылысқа үндемеумен жауап беріп отыр. Соңғы кезге дейін оның біреуі езіміз болдық. Бұл ретте әсіресе Сәкенде дағдарыс бар. Сәкен, бірсыпыра жұрт көрсеткен кемшіліктерін былай қойғанда, қазақ жазушыларының ішінен пролетариатты ең алғашқы аузына алған, жырлаған жазушы еді. Сол пролетариат қазір социалистік құрылысты қызу жүргізе бастағанда Сәкен дағдарып қалды. Бастапқы екі дәуірде пролетариат жазушысы болған адам қайта құрылыста үндемесе, ол пролетариат жазушысы бола алмайды. Бұл кемшілік жалғыз Сәкенде емес, көн жазушыларда бар. Ендігі міндет мұндай дағдарыстан шығып, белсенді түрде құрылысқа қатынасу, Олай етпегенде, Сталин жолдас айтқандай, таптың арбасы жалтарғанда, бос отырғандықтан түсіп қалғанымыз болады. Бұл жағдайды ақын-жазушылар қатты ескеруі керек. 2. Бостандықшылық: «Қазақ бөлек ел болды, отардан босанды, қазақ даласы еркіндік алды» деген бостаншылық тақырып қайта құрылыс дәуірінде де қалмай келе жатыр. Бұл әсіресе Қазақстанның 10 жасқа толуы туралы жазылған өлеңдерде көп айтылды. Бұл бастапқы екі дәуірде керекті тақырып еді, өйткені, ол кезде қазақ еңбекшілері өзінің азаматтық правосын толық ұққан жоқ еді. Қазір ауылдағы батырақ, кедей, орта шаруалар, заводтағы жұмыскерлер қара бастың правосы бостандық алған барлық ұлттармен теңелгенін толық ұғынды. Енді оларға тек «ұлт бостандығы» дегенді жырлай беруден көрі, кәзіргі социалистік құрылыстың көкейтесті мәселелерін көбірек жырлау керек. «Қазақстан қазақтық» деген пікірді партия әлдеқашан әшкере қылған. Қазір қазақтың даласы, барлық қазақтық емес, барлық еңбекшілердікі, қазақ еңбекшілері Қазақстанға жалғыз ғана не емес, Қазақстан топырағында отырған барлық, ұлттардың еңбекшілері сол «далаға» ортақ. Бұдан, әрине, қазақ еңбекшілерін жекелеп жырлама деген сөз шықпайды. Жырлау керек. Бірақ, жырлағанда социалистік құрылыс мәселелерімен байланыстырып жырлау керек. Қайта құрылыс дәуірінде қазақ еңбекшілері, толық мағынасында, саяси шаруашылық теңдігін алып, ол теңдікті толық түсінген күнде тең «бостандықты» ғана жырлау ұлтшылдыққа соғады. Кәзіргі басты тақырып – социалистік құрылыс тақырыбы. Ол тақырыптар совхоз, колхоз, тағы сондай істер. «Бостандықшыл» пікір, қазақ пролетариат жазушыларының едәуірінде бар, әсіресе Ілияс Жансүгірұлында бар, бұдан былайғы міндет — бұл пікірден тазару, социалистік қарқынды, социалистік құрылысты жырлау. 3. Өндіріс. Тақырыпты пролетариатша алса, пролетариат ақыны болады, дегеннен, әрине өндірісті жырлама деген сөз шықпайды. Қазақтың пролетариат ақындары өндірісті жырлау жағынан ақсап жатыр. Партияның қазақ кедей, батырақтарынан өндіріске пролетариат тарту деген ұраны әдебиеттен әлі көңілдегідей орын алған жоқ. Қазақстанда жыл санап лаулап өсіп жатқан завод, фабриктер, темір жолдар көрнекті түрде жазылған жоқ. Колхозды да жырлау керек. Бірақ, бар өндірісті, өркендеп келе жатқан өндірісті көбірек жырлай алмаса, шын мағынасындағы пролетариат жазушысы бола алмаймыз. Бұл — біздің кезектегі зор міндетіміз. 4.         Кейіпкер. Пролетариат ақындары әлі күнге социалистік қайта құрылыстың кейіпкерін ойдағыдай жасай алмай жүр. Кәзіргі кейіпкерлердің күштілері — бригадирлер, мәдени жорықшылар, тағы сондайлар. Бұлар арқылы социалистік құрылыстың істері тездейтіндігін, бұлар еңбекші бұқараның көпшілігіне үлгі екендігін партия айтып отыр. Қазақтың пролетариат жазушылары бұл ретте көзге көрнекті нәрсе жазған жоқ. Ұлы міндеттің біреуі осы. Бұл — бір. Екіншіден, пролетариаттың ішкі жан сезімін, көрінісін көзге елестету (Пролетарский психологизм) ретінде, маңызды істер істелген жоқ. Шығарманың психологиялық жағына аз көңіл бөлеміз. Рас, үгіт те керек. Бастапқы екі дәуірдің үгітімен, қайта құрылыс дәуірінің үгіті екі басқа нәрсе. Кәзір үгітіп мазмұны өзгерді. Шаруашылықты тұрақтандыру дәуірінде біздің үгіт жеке шаруаны көтеру болса, кәзіргі — колхоздандыру. Бұрын фабрика, заводтың сынғанын түзе десек, кәзіргі ұран ірі өнеркәсіп. Олай болса, үгітті тоқтату дұрыс емес. Бірақ, мәселеге үнемі ұшқары қарау да дұрыс емес. Психологизм дегенде, біздің ұғысымыз, әрине, байлардікінен басқа. Байшылдар ішкі жан сезімді жазғанда, дарашылдық, жекешілдік, өзімшілдікті қоздыруды мақсат тұта жазды. Біздің ішкі сезімді жазғандағы мақсатымыз одан басқа. Біз жеке кейіпкердің ішкі жан сезімі арқылы, еңбекші бұқараның тап тартысы арқылы социалистік қоғамға тартамыз. Еңбекші таптың таптық қуаныш, қайғысын, оның кейіпкерлерінің ішкі жан сезімі арқылы көрсетеміз. Бұл жағын да ескеру керек. 5.         Тартыстан үйрену Ақындардың көпшілігі үйренуді ақыннан үйрену деп түсінеді. Рас, мазмұнды өрбіту ретінде жас ақындар қалыптасқан ақындардан үйрену керек. Онсыз ақын бола алмайды. Бірақ, үйренудің екінші жүйесін ұмытпау керек. Біздегі кәзіргі тәжірибе: Тап тартысы мен социалистік құрылыс. Біздің пролетариат ақын-жазушыларының көп үйренетіні де осы соңғы айтқандар. Ақындарымыздың біразы кітаптан оқып қана, тұрмысты кітаптан көріп қана пролетариат ақыны болғысы келеді, әрине, қате. Кімде кім кәзіргі құрылысқа өзі қатынасып, жүріп жатқан тартыс пен құрылысты өз көзімен өткермесе, ол шын мағынасындағы пролетариат ақыны бола алмайды. 6. Тиянақты тақырып: Пролетариат ақындарының көпшілігінің бүгінге дейін құлашын өте кең жазып, социалистік құрылысты түгел айтамын деп, пікірін бытыратып алып жүр. Өндірісті, колхозды, совхозды, тағы сондайларды түгелімен бір шығармада (әсіресе өлеңде) толық көрсете алу өте қиын. Пролетариат ақындары бұл сықылды «кең құлашпен» жүре берсе, құрылыстың нақты міндеттерін жақсылап жырлай алмауы мүмкін. Мазмұн ретінде, әрине, бұлармен ғана пролетариат әдебиетінің барлық міндеті бітпейді. Бұлардың басқалары толып жатыр. Әйткенмен, кәзіргі негізгі міндеттің кемшілігі осылар.   III. Түр мәселелері Әдебиетті байларша бағалайтын қисыншылар күні бүгінге дейін әдебиеттің мазмұны мен түрін екі бөліп жүр. Біздің дәуірімізде осы байшылдық бағытты жүзеге асырып, мектепке айналдырып жүрген бағыт — түршілік (формализм). Әдебиеттегі түршілдік бағыт XIX ғасырдың аяғында Европадан басталды. Бұл бағыт көркемөнердің ішінде музыка мен бояу арқылы салынатын суреттерден кірді. Бұл бағыттың қордасы, 1887 жылы Европаның атақты суретшісі Гонса-пон-Маренің маңына жиналған адамдар еді. Бертін келе бұл бағыт көркем әдебиетке де жайылды. Россияға түршілдік бағыт 1914 жылдарда Виктор Шкловский арқылы келді. Оның сол жылы «Сөздің тірілуі деген кітабы шықты. Осыдан кейін 1916-1917 жылдары Шкловский, Эйхенбаум, Брик, Якубинский және бірнеше адамдар бірігіп «Поэтика тілінің қисыны» деген кітап шығарды. Біз енді сол түршілдердің әдебиет мәселесіне қалай қарағандығын сөз қылмақпыз. Түршілдер ең алдымен «көркемдік ақыл үшін емес, сыртқы сезім үшін деді, шығарманың көркем болуына, ішінде не айтылғаны қажет емес, сыртқы көрінісі, сыртқы әсері қажет» деді. Шкловскийдің «Искусство дегеніміз әдіс» зиянды қисыны осыдан шыққан. Бертін келе түршілдер, «көркем әдебиеттің тілі күнделік өмірдің тілінен басқа, ақын шығармасында сөзді жаңадан жасайды, дыбыс құрады» дегенді айтты. Мысалға түршілдердің белгілікті бір адамы Брик дегеннің мақаласын алсақ, ол өлеңнен мынадай қисын шығарды.   Без руля, без ветрил Врагу царь на руганье.   Мұнда көрсетіліп отырған нәрсе, бастапқы жолда екі рет, «Р. Л.» әрпі келуі, соңғы жолда екі рет «Р. Г.» әрпі келуі, орындарының ауыспауы.   О, нет их тайну, не мою. Природа тешится шутя. Мұнда көрсетіліп отырған нәрсе: бастапқы жолдан «Н. Т.» бір келді де, сол жолда артынан «Н» ның орнына «Т» тығып, екеуі орын ауысты. Бастапқы көрсетілген мысалда «Р» ды «А» десек, «Л» ды «Б» десек, бір жолда «Р» мен «Л»—«АБ» болуынан өзгермей отыр. Бастапқы мысалдың соңғы жолындағы «Р, Г» де—«А, Б» қалпынан орын ауысқан жоқ. Соңғы мысалда олай емес: «Н» ды «А» деп алсақ, «Т» ны «Б» деп алсақ, екінші мысалдың бастапқы жолында әуелі «АБ» болып келіп отыр да, және сол жолда «Т» алдында, «Н» артына шығып «БА» болып кетіп отыр. Брик осы үлгісін кеңейтеді: ол —«АБШ, БАШ, ШАБ, БША» сықылды, кәтте, «АБШ, БШ, АБШ, БАШ, АБШ, БШ» сықылды «формуланы» місе тұтпай, «ДШ-БДШ- ЕДШ-БА-ДШ» сықылды өлең «формулаларын шығарады. Брик, ақын өлең жазғанда осы көрсетілген «формулаларды» қусын дейді. Брик мазмұнына қарамайды, оған дыбыстың математикасы керек. Міне, түршілдердің көркем шығарманы қай жерге дейін апарғандығы. Рас, ақын сөз әдемілігін, сөз кестесін қуады. Бірақ, бұл сықылды математиканы, бұл сықылды формуланы ешбір ақын, жазушы шығарма шығарып отырғанда есептеп, мысқылдап «АБ» ны «БА» қылып. теріс айналдырып отырмайды. Түршілдер көркем шығарманың түрімен осынша әуреленгендіктен, олар тіл екі түрлі, біреуі күнделік өмірдің тілі де, біреуі поэзия тілі деген. Түршілдердің көсемі Шкловский былай дейді: «Аристотель поэтика тілі туған тілден өзге тіл деген. Іс жүзінде де солай: Сумерей тіліндегі поэтика тілі Ассерей тілі; орта ғасырдағы Европаның әдебиет тілі латындікі. Францияның әдебиет тілі арабтікі. Орыстың әдебиет тілінің негізі ескі болгар тілі. Поэтика тілінің қиындығы да осындай». Якубинский мақаласында былай деген: «Кәзір орыс тілінде тамаша құбылыстар болып жатыр. Шеттен кірген тілдер орыстың әдебиет тіліне жай кіруі былай тұрсын, қара халықтың өздері осындай жат тілге құмартып, мақал-мәтелдеріне кіргізетін болды. Кәзір күнделік өмір тілінен әдебиет тілі жекеленді». Мұндай болатындығы рас. Бірақ, бұл бір халықтың шеттен тіл алып, жеке әдебиет тілін жасырғысы келгендігі емес. Бұл арада мәдениеті жоғары елдің тілі, мәдениеті төмен елдің тіліне араласатынын Якубинский білмей отыр. Қазақ әдебиетінен бірнеше мысал келтірейік: 1.         Көп уақытқа дейін қазақ тіліне араб, фарсы тілінің үлкем әсері болын келді. Мысал келтірейік:   Адамның екі көзі көрер ғайни, Самиғон ғала ра-иси, уәл уәзнәйни, Сіздерге махаббатым барлығына Тәшәһһун екі иінімде мәләкәйни   Қадыры зер, зергер шунасы, қадыр жауһар жауһари; Қадыр гүл, бұлбұл шунасы, қадыр Қанбара Ғали.   Әуелі ағузы деп қалам алдық, Екінші бисмелде деп жаза салдық. Ғауамнан бар айладың біз ғарыпты, Басыма салма құдай қайғы зарлық.   Иләһи я карими пәруәр-декәр, Пәндәң жүр рахматыңа болып інкәр, Шірітіп ішке сырды жібергенше, Әшкере халыққа сырды айла жәдікәр.   Осы өлеңдерді жазғанда олар қазаққа айрықша әдебиет тілін жасауды ойлаған жоқ. Бұл қазаққа ислам арқылы араб, фарсы сөздерінің кіріп бара жатқаны еді. 2.         Халық өлеңдеріндегі орыс тілінің әсерлері, Мысал келтірейік.   Қыздарда қыздар бар красивай, Қарағым аманбысың, моя милай, Көңілім қыз дегенді ести жатса, Біздерге бір жақсылық здиялай.   Көптен-көп паклон айттым скажия, Сен тұрсаң уағадаңда спасиба, Сөзімді слушайт қып тыңдай білсең, Сестра карошинский сватия.   Бұл орыс сөздерінің қазақ арасына жайыла бастауының нәтижесі. Кейбір қазақ ақындары бір кезде татар тіліне еліктеп, көп өлеңдер жазды. Олардың өлеңдерінде татар сөздері көп кездесетін. Бұл — татар тілінің қазаққа тарай бастағаны. Жалғыз қазақ емес, басқа елдердің бәрі де сондай. Көршілес отырған мәдениетті елдің тілінен үлес алмаған ел жоқ. XVIII—XIX ғасырларда орыс ақындары француз тіліне еліктеді. Кәзіргі күнде қазаққа: трактор, телефон, поезд, радио, телеграф, машина тағы сондай толып жатқан сөздер кіріп, қазақ тілі боп барады. Осыларды қазақ сөзі қып алғанда, солармен қазақ тілінде айрықша әдебиет тілін жасау ниетімен немесе, мәдениет тілі болғандықтан ол тілдер өзінде бұрын болмағандықтан алып отыр. Олай болса, Шкловскийдің шеттен кірген тіл әдебиет тілі деуі, күнделік тіл халықтың өз тілі деуі қате. Шу жануар трактор, Колхоз сені сұрап тұр, — деген өлеңді жазған ақын «трактор» дегенді әдебиет тілі деп алып отырған жоқ. Термин болғандықтан алып отыр. Ақын емес шаруа да тракторды осылай атайды. «Самауыр, ақ шәйнекпен тұрса қайнап, Отырса бір бұран бел көзі жайнап, Сол күні қыз әкесі үйде жоқ боп, Отырсаң әзілдесіп күліп-ойнап» — дегендегі «самауыр» мен «шәйнек» орыс тілі. Оны ақын әдебиет тілі деп алып отырған жоқ, термин болғандықтан алып отыр. Қысқасы «әдебиет тілі» немесе «күнделік өмір тілі»— деген жіктелген тіл еш халықта да жоқ. Әдебиет тілі күнделік өмірде сөйлеп жүретін тілден құралады. Сөздің әдемі көрінуі әдебиет тілі болғандықтан емес, сөйлем ішінде орнын тапқандықтан. Мысалы —«қызыл» біздің ұғынысымызда бетке ғана жарасады. Егер «қызыл бет» деудің орнына «қызыл мұрын» десек, әдемілік орнына жексұрын көрінер еді. Әдебиеттің тіл мәселесі осындай. Түр мен мазмұн бір-біріне тығыз байланысты. Екеуінің біреуі ақсақ болса, ол шығарманың көркемдік маңызында ақсақтық бар. Мазмұн қашан да болса таптық. Табы бар қоғамда таптан тысқары мазмұн жоқ. Пролетариат әдебиетінің түрі кәзіргі күнде әдебиеттегі үлкен маңызды мәселенің біреуі боп отыр. Ішкі мазмұнының сыртқы көрінісін сұлу ғып шығару мәселесі бізге кезекті міндеттің біреуі. Бізде бұл жағынан. үлкен кемдік бар. Пролетариат ақындары көркем шығармаларына ішкі материалдарын тапқанмен, сол материалды (мазмұнды) сыртқы пішін ретінен (түр) көркем қып шығару жағын әлі көңілдегідей жеткізе алған жоқ. Сондықтан шығарманың сыртқы көрінісін (түрін) әдемілеу, жетілдіру біздің кезектегі міндетіміздің зоры. Лениннің, пролетариат мәдениеті көктен түскен мәдениет емес, ол өзінен бұрын жасаған таптардың табысымен толық пайдаланады, сол таптар ілгерілете алмаған жерден мәдениет сатысын жоғарылатып әкетеді, деген сөзін біз естен шығармаймыз. Түр мәселесінде де біз осыны айтамыз. Екінші сөзбен айтқанда, өзімізден басқа таптың әдебиетінің түрлерімен пайдаланамыз. Пайдаланғанда, бұлжымаған түрінде емес, өз тілегімізге сәйкес пайдаланамыз. Әрине, бұдан соларға жетіп қана қоямыз деген сөз шықпайды, асуымыз керек. Түр мәселесінде Одақтағы жалпы пролетариат жазушыларында, оның ішінде қазақ пролетариат жазушыларында бірнеше жетістіктер бар. Мысалға Сәкенді алсақ, ол қара сөз жазу техникасына жетік емес, кәтте олақ деп айтуға болады. Ал, өлеңге келген уақытта, Сәкен әсіресе осы соңғы кезде көп ілгері кетті. Сәкеннің «Советстан», «Сыр сандық», «Көкшетау» деген өлеңдері таза түр жағынан да қай байшыл ақыннан болса да көркем деп жүрген «Батыр Баянынан» артып түспесе, кем түспейді. Ғаббастың Сәкенді түр жағынан «бейшара» көрсетіп, Мағжанға жығыла беруі дұрыс емес, Сәкен өлеңі техника жағынан Мағжаннан кем емес. Кейде артық түсіп отырады. Ілияс Жансүгірұлы да түр жағынан қазақ әдебиетіне бірнеше жаңалық кіргізді. Оның аллитерацияны қолдануы - қазақ әдебиетіне үлкен олжа. Соңғы кезде Ілияс жазған «Дала» атты поэмада түр жағынан түйдектік, екпінділік бар. Кейбіреулер, әсіресе Ғаббас, өлеңнің түрі дегенді көбінесе жолдын буынынын ұзын, я қысқасы деп түсінеді. Пролетариат ақындары бұрынғы бар буынмен өлең жазса, оны түр таппағандық деп ойлайды. Бұл дұрыс емес, Буыны бірдей екі өлеңнің түрі екі басқа бола береді. Мәселен: Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым. Сым пернені басып қара, Басып қара жырласын, — деген өлең 8 буынды.   Тәңірім қосқан жар едің сен Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен Аямасқа бекіп ең, — деген өлең де 8 буын. Осы өлеңдердің өзінен түршілдерше қарағанда да бастапқы өлеңде сақиналау (кольцовка) заңы бар. Өйткені, бастапқы жолдың аяғында келген сөз, екінші жолдын, басында қайталанып отырады. Мұны әдебиет тілінде «сақиналау заңы» дейді. Абай өлеңінде ол жоқ. Сөз құрылысын, дыбыс жүйесін алғанда да Ілияс, Сәкен, тағы сондайлардың бұрынғы буынмен жазған өлеңдерін, егер бояуын таба білсе түр таппады деуге болмайды. Бейімбет өлеңнен гөрі қара сөзге шебер. Қара сөздің техникасын қазақ жазушыларының, біразында Бейімбеттен жақсы білетін кісі жоқ. Бейімбет әсіресе образ арқылы ауылдағы батрақ, кедейдің мінез-құлқын айтып беруге шебер. Қысқасы, қазақ пролетариат әдебиетінде де жетістік бар. Бірақ, мұнымен қанағаттануға болмайды. Әлі де түр іздеу керек. IV. Үйрену жайында Біздің алдымызда кімнен, қалай үйрену керек деген мәселе тұр. Енді соны талқылап көрейік. Бірнеше жолдастарда түр үйрену ретінен пролетариат жазушыларын қазақтың байшыл жазушыларына итере беретін әдет бар. Мұның бұрысы да, дұрысы да бар. Дұрысы — олардың көркемдік жөніндегі табыстарын біз әлі түгел пайдаланып болғанымыз жоқ. Оны пайдалану керек. Бұған талас жоқ. Бұрысы — байшылдарды орынсыз мадақтау. Шынында қазақтың ақсүйекшіл жазушылары болсын, байшыл жазушылары болсын, толық мағынасындағы ақындық шыңына жеткен жоқ. Бұл бір. Екіншіден, түр деген нәрсе мазмұнмен байланысты болса, түр мазмұнның сыртқы көрінісі болса, Мағжан сықылды шығармасының мазмұны сасыған ақынның, сыртқы түрінің оңды, я оңды емес екендігінің өзі күдік тудыратын мәселе. Орыстың атақты марксшіл сыншы адамы, көркемөнердің қисыншысы Фрише: «Кузнец Либнехт, солдат Либнехт, узник Либнехт: Ты, наша любовь, ты гордость наша!»—деген өлеңді «түрі сұлу» дейді, «өйткені, жұмыскер табының бұл өлең көзін тартады, не нәрсе көзді тез тартса, сонда көркемдік бар» дейді. Бұл арада орыстың атақты ғалымы Потебнидің «көркемдік деген нәрсе — өмір» деген сөзі еске түседі. Не нәрседе өмір болса, сол ғана көркем болу керек. Maғжанның көп өлеңі, қыстыгүні қағаздан әшекейлеп істеп қойған үй сықылды. Сырты көрнекті сықылды болғанмен, іші толған ызғар. Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады, Толқын мен толқын жарысад, - деген жұмбақтарда өмір астарланған, толқынның астына көмілген. Егер өмір жоқ нәрседе көркемдік жоқ болса, бізше осы «толқындарда» көркемдік жоқ. Өмірге асатын нәрсе ғана көркем болатынын Плеханов та қолдап, көркемөнердің өмірге пайдалысы ғана көркем алысы ғана шын мағынасында көркем деген пікірге келген. Ендеше, Мағжаннан үйрен деуден тыйылмай болмайды. Мағжаннан үйрен!» ұранынан жас пролетариат жазушыларының арасына кәзір жайылып бара жатқан жаман әдет бар. Ол — адам баласының, оның ішінде өз табының тіршілігіне байланыстырмай, табиғаттың сыртқы құбылысын суреттеп, кей жерде жас пролетариат жазушыларының күйректікке түсіп кетуі. «Жел жылайды, ағаш жылайды, толқын тулайды, бұлт басады, өзен күледі» деген сықылды сөздердің көбі Мағжан термині. Біздің жас жазушылар, осы «толқу», «жылауларды» орнына пайдалана алмай, мағжандыққа күп беріп түсіп кетеді. «Мағжаннан үйрен» деушілер оның «толқындарын» пайғамбардың хадисіндей көріп, аузынан сілекейі шұбырғаннан басқаны білмейді, Залалынан сақтандырмай орынсыз «намаз» оқиды. Бұл жақсы ауру емес. Байшылдардың шығармасы құрып бара жатқан байлар табының сарсығы. Олардың мазмұны шіріген. Сол шіріген мазмұн түрін де шірітпей қоймайды. Әйткенмен осы сарсықтың бетін байшыл ақындар ажарлап, сарсығын еңбекші тапқа білдірмей жұқтыруды ойлайды. Осындай сарсықтан пролетариат ақындары сақ болмаса, көп жерде өз шығармаларын сасытып алады, және кей кезде сөйтіп алып та жүр. Түрден үлгі алу мәселесінде, біздің қисыншыларымыздың көбі Европадан үлгі алуды ескермейді, айтпайды. Европа дегенде—біз Европаның қазіргі байларын айтпаймыз, ескі классиктері мен кәзіргі өсіп қалған және болашағы зор пролетариат әдебиетін айтамыз. Жалпы Шығыс еліне, оның ішінде Қазақстанға қай жағынан болса да ағалық қып отырған Европа. Европаның пролетариат жазушыларының өздері қазақ пролетариат жазушыларынан көш ілгері. Біздің негізгі үйренетін мектебіміз осы Европа жазушылары болу керек. Олардан біз жалғыз түрді ғана емес, мазмұн құрастыру, тақырып табу әдістерін де үйренеміз. Бұл біздің күнделік міндетіміз және бас міндетіміз. Түр жағынан жас пролетариат жазушыларына үлгі боларлық шығармалар, қазақтың есейген пролетариат жазушыларында да толып жатыр. Оны кермеу, аттап өтіп, байшылдарға телміру дұрыс емес. Қазақ пролетариат жазушыларының жетістіктерін пайдалану ретінде көп жолдаста бағаламаушылық, қателік бар. Мысалға Ілияс Жансүгірұлының жақын арада «Еңбекші қазақта» басылған «Ән-күй туралы» деген мақаласын алсақ, Ілияс ол мақаласында Сәкеннің «Советстан» деген өлеңіне еліктеген жолдастардың өлеңдерін «Футуризмнің қотыры» деді. Ең алдымен «Советстан» футуризм емес. «Советстанда» ырғақ, үйлес бар. Футуризм ең алдымен ырғақ үйлесті танымайды. Футуристер шығарманың мазмұнын сюжет емес, сөзбен көрсетпек болады. «Советстанда» толық сюжет бар. «Советстан» социалистік негізге құрылған Кеңестер Одағының басым шаруашылық халін қысқа түрде көрсетеді. «Советстанда» салыстыру, бейнелеу бар. Футуризм сөзді тірілтеміз деп, ешуақытта пернелі, бейнелі сөзді қолданбайды. Формалистер бір кезде футурилистерді осындай «сөз тірілткіш» болғандықтан жақтаған. Электр, шам жақ, Айдап — бақ, Рудзутак Сақ бол, сақ Тарт-тат, тат.— деуінің футуризмге жанасы жоқ. Мұнда жолдың қысқалығы болмаса, ырғақ бар, ұйқас бар! Егер мұны футуризм десе, Ілияс футуризмге түсінбеген болар еді. Онда Ілпясқа футуризмді оқы дер ек. Бұл — бір. Екіншіден, егер Сәкен пролетариат ақындығының азаматтық правосынан үлесі бар адам болса, оның шығармаларының ішіндегі ең пролетариат тілімен жазғаны осы Советстан». Мұны әлі ешбір сыншы теріс деген емес. Рас, кей жері қайта құрылыста ескірді. Онымен бағасын жоюға болмайды. Мағжан түрінен басқа түк таба алмай жүрген қазақтың кейбір жас пролетариат жазушыларына «Советстан» зор үлгі болмақ. Ілияс «футуризм қотырына еріп жүр» деп көп жас ақындардың тізімдерін көрсеткен. Осылардың бәрі «Советстанға» қотыр болғысы келгендіктен еліктеген жоқ, «Советстанның» түрі қазақ әдебиетіндегі ең төңкерісшіл болғандықтан еліктеді. Әлі де еліктеу керек. Сәкеннің «Трактор мен комбайн» деген өлеңінде жаңа ырғақ бар. Мұнда да еліктей бастағандық көрініп отыр. Бұл біздің пролетариат әдебиетінің жетістігі деп қуану керек. Жас пролетариат жазушыларына Сәкеннен үйрен деуіміз керек. Сәкеннің қатесі болса ол өз алдына бір мәселе. Жалғыз Сәкен емес, Ілиястың өзінен де, басқалардан да үйренетін үлгілер толып жатыр. Пролетариат әдебиетінің осындай жетістіктерін жас пролетариат жазушыларына үйрен демесек, қолдағыны бағаламаған боламыз. Түр мәселесінде айта кететін бір сөз халық әдебиеті туралы. Немістің атақты қисыншысы Бюхер деген адам «Еңбек пен ырғақ» деген кітабында: ән-күйдің, өлеңнің ырғағының, үйлесінін қайдан шыққанын зерттеген 500 беттей қалың кітабында ол ылғи осы мәселелерді талқылап, ырғақ дегеннің тетігі қоғамның саяси-шаруашылық күн көрісіне байланысты екенін, ырғақ әлеуметтік белгі екенін айтады. Содан келіп, қоғамның әлеуметтік өмірі қызу кезінде «ырғағы да қызу болады» дейді. Қазақтың «Қобыланды батыр», «Алпамыс» сияқты қиссаларының ырғағы әлеуметтік қозғалыстың қызу кезінде шыққан. Ол кездегі дәурен жортуыл, шабуыл, жаугершілік заманы ғой. Сондықтан онда қимыл да, ырғақ та қызу. Сол себепті олардың өлеңі түйдектеліп, шапқындатып келеді, ағынды келеді. Қазақтың 4 жолды, 11 буынды «Қара таудың басынан көш келеді» деген өлең өлшемі баяу өмірдің, түйе үстінде аяңдаған өмірдің өлеңі. Қызусыз қимыл, екпінсіз ырғақтың өлеңі. Сондықтан, бұл өлең баяу, салбыраңқы келеді. Сәкеннің «Советстанында» машина ырғағына түскендігі бар. Жаңа түр өз алдына тү
08.12.2012 05:55 10739

Бұдан екі-үш жыл бұрын, байшылды былай қойғанда, коммунист жолдастардың кейбіреуі қазақта пролетариат әдебиеті бар деген сөздің өзіне күдікті қарайтын еді, туды деуге аузы бармай, жоқ деуге бата алмай, нысанасы ғана бар дейтін еді. 1929 жылы декабрьде болған. Өлкелік партия комитетінін пленумы бұл пікірдің қателігін көрсетіп, «Қазақта пролетариат әдебиеті бар, бірақ жас» деді. Жастығына, әрине, ешкім таласа алмайды. Таластың күштісі барлықта еді, ол мәселе енді шешілді. Сондықтан оған тоқтаудың қажеті жоқ. Осы күні қазақта пролетариат әдебиеті бар ма, жоқ па деп, дос түгіл дұшпан да айта алмайды.

Пролетариат кәзіргі күнде өз үстемдігі арқылы, соғыс коммунизмі, шаруаны тұрақтату сықылды дәуірлерінен өтіп, шаруаны социалистік жолмен қайта құруға көшіріп отыр. Партияның кәзіргі үлкен ұраны:

1.         Барлық майданға аттаныс жасау.

2.         Алдыңғы қатардағы капиталистік мемлекеттерді қуып жетіп, басып озу.

Бұл ұрандар жалғыз шаруашылыққа ғана арналып отырған ұран емес. Пролетариат кәзіргі күнде Кеңестер Одағында не жұмысты басқарып отырса, көркем әдебиет пролетариаттың тап тартысындағы құралының біреуі болса, жоғарғы ұрандардың көркем әдебиетіне де қатынасы бар. Олай болса, жалпы пролетариат әдебиетінің оның ішінде қазақ пролетариат әдебиетінің алдында социалистік құрылысқа байланысты жаңа міндеттер туады.

Кәзіргі күнде пролетариаттық ақынның жаңа міндеті де, оның шығармасының түр, мазмұн реті де бұрынғыдан өзгеше жолға қойылуы керек.

Бүгінге дейін әдебиет майданына шығып, көркем шығармалар туралы пікір айтып жүрген жолдастардың біразына, қазақтың пролетариат жазушыларының кәзіргі міндеті туралы дұрыс жол көрсеткен жолдастар шамалы болып жүр. Сын деген нәрсе көркем әдебиетті дұрыс жолға салып тұратын құрал болса, қазақ әдебиетінде болған сынның көбі жікшілдік бағытпен кетті. Ендігі мақсат — бұл кемшілікті жойып, пролетариат ақындарының алдындағы кәзіргі міндеттерді дұрыс көрсетіп отыру.

Біз төменде кәзіргі міндеттер туралы бірнеше пікірлер айтқалы отырмыз.

 

I Пролетариат ақыны кім?

Пролетариат ақын, жазушыларының шығармалары қандай болу керек екендігін сөз етпей тұрып, алдымен «пролетариат ақыны кім?» деген мәселені шешіп алмай болмайды. Өйткені, бұл мәселеге қазақ әдебиетінде әлі толық жауап берілген жоқ.

Пролетариат ақыны кім дегенде мәселені шешу үшін жалпы ақын, жазушылардың кім екенін шешіп алу керек.

Француздың атақты сыншысы Геннекен деген адам, былай дейді: «Ешбір ақынның шығармасы барлық адамға түгел әсер етпейді. Лириканы ал, романды ал, поэманы ал, пьесаны ал, ешқайсысы түгелімен көпшіліктің бәріне бірдей ұнамайды. Біреуге керемет сұлу көрінген шығарма, біреуге қарағысыз жаман көрінеді... Кімнің ішкі құрылысы кімге үйлес болса, сол адамға оның шығармасы да ұнайды». Геннекен бұл арада әрбір қоғам адамының ішкі дүниесі оның қандай тапқа жататындығымен шешілетіндігін аңғармайды. Ол енеден туғанда бір адам ішкі сезім ретінде біреуге, енді бір адам екінші біреуге үйлес болады деп ойлайды. Адамның ішкі сыры немен шешілетіндігін Маркс былай бағалаған: «Тұрмысты адам самасы билемейді, сананы қоғамдық тұрмысы билейді... Шаруашылықтың негізі өзгерумен қатар, кейде шабанырақ күйде өте тез, сол шаруаның салдарынан туған қондырмалар да өзгереді. Бұл өзгеріске: пән де, дін де, заң да, саясат та, философия да, көркем әдебиет те кіреді. Шаруашылықта болған өзгерісті тексерген адамдарға, шаруамен қатар бұларда болған өзгерістерді де тексермей болмайды».

Көркем әдебиет шаруа жағдайының өзгеруімен өзгеріп отырса, сол көркем әдебиетті туғызушы ақын, жазушының ішкі дүниесі де өзгермек. Ішкі сезімнің құрылысы іштен тумақ емес, ақын, жазушының маңындағы тап ортасының жемісі болмақ.

Шаруаның өзгеруі деген нәрседен, көркем әдебиеттің түрі де, мазмұны да (өйткені, бұл екеуін айыруға болмайды ғой) өзгереді, жаңа жолға көшеді деген мағына шығады. Әйтпесе өзгергендік емес. Жаңа дәуірге, жаңа тапқа, өткен дәуір, өткен таптың көркем әдебиеті шын мағынасында сұлу, көркем емес. Бірақ, бұдан өткен дәуірдің әдебиетінің көркемдік маңызы жаңа дәуірге атымен ұнамайды деген ұғым тумайды.

Өткен дәуірдің көркем әдебиетінің көркемдік әсері, біразға шейін жаңа әдебиетпен жарысып қалмайды. Бұған бас себеп — жаңа дәуірдің адамының санасы бір күнде жүз процент жаңалыққа көше қоймауы, жаңа дәуірдің санасы мен ескі дәуірдің санасы көпке шейін арпалысуы.

Переверзовтың «Идея деген нәрсенің шығармаға түк әсері жоқ» деуінің қателігіне Маркст

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға