Жаңалықтар

Баспасөз күшейсін

  Асса барлық дүниеде, қалса өз мемлекетінде не болып жатқанынан хабар беретін, кімдер нені істеп жақсылыққа, нені істеп жамандыққа ұшырап жатыр; қай жерде қандай елігерлік қызық бар, қандай жеркенерлік бұзық бар — солардың бәрінен мағлұмат беретұғын баспасөз, газет, журналдар екені жұрттың бәріне мәлім. Пән, ғылым деген нәрсе өмірдің өркендеуі үшін керек болса, сол пәндерді, ғылымдарды көпке таратып, жалпының пайдалануына себепкер болатұғын да баспасөз екендігі талассыз. Халыққа пайдасы тиер бір зор пікірдің көпке тарауы керек болатын болса, оған себепші болатын нәрсе баспасөз болатын болса, сонан-ақ баспасөздің қадірі қандай екені, оған қандай көзбен қарау керектігі байқалуға болады. Желдің,, будың күшінен пайдаланатын, суда жүзіп, кекте ұшатын құралдарды шығарған — қысқасынан айтқанда барлық ғылымның жарыққа шығуына себепкер болып отырған көн қолды, көн терілі белді енбекші жұмыскерлер өздерінің не істеп, не қойғандарын да білмей, бейнеттеніп дүниеге шығарған қызығын көлденең біреу пайдаланып отырды. Сондықтан бұрынғы күнде (басқа мемлекеттерде осы күнде де) қандай пайдалы әңгіме, ғылым-білім туралы жазылған кітаптар жер жүзіндегі болып жатқан не түрлі оқиғалардан хабар беретін газет-журналдар бәрі де патшалардың байлардың, төрелердің, саудагерлердің, оқымыстылардың жайын жазушы еді. Қысқасын айтқанда баспасөз солардың ғана мүлкі еді.  Олардың баспасөзінде жұмыскер дейтін халық бар, кедей бишара дейтін адамдар болады. Олардың өмірі сондай болады деген сөздер мәз керіне қоймайтұғын. Жұмыскер, кедейлердің де адам екенін, олардың рақатты сүйіп, бейнеттен жеркенетінін, қайта олардың дәрежесі басқа таптардан артық болуға лайық - екендігін енді сезіп келеміз, енді біліп келеміз. Сол енбекші жұмыскерлердің, сол бишара кедейлердің мерейін үстем қылып, билікті қолдарына алуға басшылық етіп, себепкер болған ұлы көсем Ленин жолдас екенін білмейтін кісі қалған жоқ. Сол Ленин жолдас бейнетқорларға басшылық ету жөнінде талай қасиетті пікірлерін баспасөз жөніне жасырын түрде болса да таратты, талай газет, журнал, кітаптар шығарды. Сөйтіп басында тамшыдан (бір кісінің басынан) басталған пікір кепке жайылды. Бұдан не байқалды? Дүниеде жасайтын адамға, дүниедегі оқиғалардан хабар беретін, ғылымдарды мүліктендіруге себепші болатын баспасөз, газет, журнал, кітапсыз жасау мүмкін еместігі байқалды. Оның үстіне бейнетқор жұмыскерлер табының баспасөзі, капиталшы байлар табының баспасөзіне қарама-қарсы жолменен жүретіндігін есте тұтсақ біздің совет үкіметінің баспасөзі жана тарих езіне лайықты дәуірмен жасайтындығы бар. Сондықтан еңбекшіл жұмыскерлер табына үздіксіз жолбасшылық қылып келе жатқан ортақшыл партияның өзегі Мәскеуде шығатын «Правда» (шындық) газетінің алғашқы шыға бастағанына міне биыл 12 жыл. «Правда» газеті 1912 жылы 5 майда, Петроградта (қазірде Ленинградта) Ленин жолдастың басшылығымен дүниеге шықты. Соның үшін еңбекшілер баспасөзінің орнықты тарихын «Правда» ның шыққан күнінен бастап әр жыл 5 майды баспасөздің мейрамы деп танып, ол үшін арнаулы күш жұмсап, баспасөзді өркендете тұруымыз керек болады. Мемлекетіміздің әр жерінде майдың 5-нен бастап, баспасөз жетісі болып етті. Семейде ол жеті 22 нен 27 майға дейін жасалмақ болды. Осы жетінің сілемімен газет әңгіме, хабар ретінен, қаражат, қайрат ретінен ақсайтын болып, халыққа көбірек тарауға, еңбекшілердің мұңына жауап беруге жарайтын болсын. Ал, еңбекшіл шаруалар! Жалпақ жұмыскер табы! Сендер де жасай біліңдер, жазыңдар! Жазылыңдар! Күшейсін баспасөз!  
08.12.2012 05:51 3942

 

Асса барлық дүниеде, қалса өз мемлекетінде не болып жатқанынан хабар беретін, кімдер нені істеп жақсылыққа, нені істеп жамандыққа ұшырап жатыр; қай жерде қандай елігерлік қызық бар, қандай жеркенерлік бұзық бар — солардың бәрінен мағлұмат беретұғын баспасөз, газет, журналдар екені жұрттың бәріне мәлім.

Пән, ғылым деген нәрсе өмірдің өркендеуі үшін керек болса, сол пәндерді, ғылымдарды көпке таратып, жалпының пайдалануына себепкер болатұғын да баспасөз екендігі талассыз.

Халыққа пайдасы тиер бір зор пікірдің көпке тарауы керек болатын болса, оған себепші болатын нәрсе баспасөз болатын болса, сонан-ақ баспасөздің қадірі қандай екені, оған қандай көзбен қарау керектігі байқалуға болады.

Желдің,, будың күшінен пайдаланатын, суда жүзіп, кекте ұшатын құралдарды шығарған — қысқасынан айтқанда барлық ғылымның жарыққа шығуына себепкер болып отырған көн қолды, көн терілі белді енбекші жұмыскерлер өздерінің не істеп, не қойғандарын да білмей, бейнеттеніп дүниеге шығарған қызығын көлденең біреу пайдаланып отырды.

Сондықтан бұрынғы күнде (басқа мемлекеттерде осы күнде де) қандай пайдалы әңгіме, ғылым-білім туралы жазылған кітаптар жер жүзіндегі болып жатқан не түрлі оқиғалардан хабар беретін газет-журналдар бәрі де патшалардың байлардың, төрелердің, саудагерлердің, оқымыстылардың жайын жазушы еді. Қысқасын айтқанда баспасөз солардың ғана мүлкі еді. 

Олардың баспасөзінде жұмыскер дейтін халық бар, кедей бишара дейтін адамдар болады. Олардың өмірі сондай болады деген сөздер мәз керіне қоймайтұғын.

Жұмыскер, кедейлердің де адам екенін, олардың рақатты сүйіп, бейнеттен жеркенетінін, қайта олардың дәрежесі басқа таптардан артық болуға лайық - екендігін енді сезіп келеміз, енді біліп келеміз.

Сол енбекші жұмыскерлердің, сол бишара кедейлердің мерейін үстем қылып, билікті қолдарына алуға басшылық етіп, себепкер болған ұлы көсем Ленин жолдас екенін білмейтін кісі қалған жоқ.

Сол Ленин жолдас бейнетқорларға басшылық ету жөнінде талай қасиетті пікірлерін баспасөз жөніне жасырын түрде болса да таратты, талай газет, журнал, кітаптар шығарды.

Сөйтіп басында тамшыдан (бір кісінің басынан) басталған пікір кепке жайылды.

Бұдан не байқалды? Дүниеде жасайтын адамға, дүниедегі оқиғалардан хабар беретін, ғылымдарды мүліктендіруге себепші болатын баспасөз, газет, журнал, кітапсыз жасау мүмкін еместігі байқалды.

Оның үстіне бейнетқор жұмыскерлер табының баспасөзі, капиталшы байлар табының баспасөзіне қарама-қарсы жолменен жүретіндігін есте тұтсақ біздің совет үкіметінің баспасөзі жана тарих езіне лайықты дәуірмен жасайтындығы бар. Сондықтан еңбекшіл жұмыскерлер табына үздіксіз жолбасшылық қылып келе жатқан ортақшыл партияның өзегі Мәскеуде шығатын «Правда» (шындық) газетінің алғашқы шыға бастағанына міне биыл 12 жыл.

«Правда» газеті 1912 жылы 5 майда, Петроградта (қазірде Ленинградта) Ленин жолдастың басшылығымен дүниеге шықты.

Соның үшін еңбекшілер баспасөзінің орнықты тарихын «Правда» ның шыққан күнінен бастап әр жыл 5 майды баспасөздің мейрамы деп танып, ол үшін арнаулы күш жұмсап, баспасөзді өркендете тұруымыз керек болады.

Мемлекетіміздің әр жерінде майдың 5-нен бастап, баспасөз жетісі болып етті.

Семейде ол жеті 22 нен 27 майға дейін жасалмақ болды.

Осы жетінің сілемімен газет әңгіме, хабар ретінен, қаражат, қайрат ретінен ақсайтын болып, халыққа көбірек тарауға, еңбекшілердің мұңына жауап беруге жарайтын болсын.

Ал, еңбекшіл шаруалар! Жалпақ жұмыскер табы! Сендер де жасай біліңдер, жазыңдар! Жазылыңдар! Күшейсін баспасөз!

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға