Жаңалықтар

АТАДАН – ӨСИЕТ, АНАДАН – ҚАСИЕТ

Бәйдібек ата мен Домалақ ана кесенелерін ашу салтанатындағы сөз Орта толсын, әлеумет! Той тойға ұлассын, ағайын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының осы жиынға жолдаған дұғай сәлемін әлгінде өздеріңіз естідіңіздер. Ие, бүгінгі жиын – Елбасымыз орынды еске салғандай, әңгімені амалсыз әріден қоздататын тарихи тағлымды жиын. Биылғы жылы айырықша зерделеніп жатырған ұрпақтар сабақтастығының аса бір салиқалы салтанаты. Бабаға бағышталған, анаға арналған перзенттік махаббат пен елдік бауырмалдықтың еңселі машурасы. Киелі бабамыз бен аруақты аналарымыз жатқан осы бір жоталы биіктер мен осы бір жоралы жолығысымыздың өзі арғы-бергімізді түп-түгел көз алдымызға алып келгендей. Қақ маңдайда – хан жайлаған Қаратау мен би жайлаған Алатау. Анау алдымыздағы алшия жайғасқан екі шың – осыдан екі жарым ғасыр бұрынғы қанқұйлы басқыншылықта қан қасап болған Садыр Жомарт ауылының шабылған алқабы – Үлкен Тұра мен Кіші Тұра. Жоңғар соғысының қанқұйлы эпопеясы сол арадағы сол бір сорақы оқиғадан өрбіген. Ту сыртымыз – ағаш уықты, киіз туырлықты Алаштың алшаң басқан Сары Арқасы. Бұл арадан қай тарапқа көз салсаң да, сай-сүйегіңді сырқыратар шерлі оқиғалардың да, еңсеңді көтеріп, елжіретіп жіберер елдік оқиғалар мен ерлік оқиғалардың да орындарын молынан табасың. Сондықтан да, қай пұшпағы да бірдей қымбат, бірдей қасиетті қазақ даласының қай тарабынан келсек те, бұл ара біздің көзімізге оттай басылады. Өйткені, сан толғаулы тауқыметті тағдырымыздың асау арнасы ең әуелі осы арадан бас алған, тоқсан тарау толқымалы тарихымыздың өрмегі осы арадан өріс алған. Арғы түбін Адам Ата мен Хауа Анадан бастайтын адам нәсілі біздің жерімізде ең алдымен мынау қатпар-қатпар Қаратауға аяқ іліктіріпті. Әуелі күнгейінен ырзық айырып, кейін теріскейіне, одан әрі көсілген кең жазираларға қадам басыпты. Жер ұзарып, пана азайып, қорек сиреген сайын тәсілі асып, әрекеті көбейіп, жеті қат жерді қойып, алты қат аспанның сырына жетіліп, терістікке тұтасып жатқан тоңға, шығыста тұмсық батпас нуға, батыста шалқып жатқан суға тірелгенше шартарапты шарлап бағыпты. Табиғатқа тұтастай кіріптар кезеңде ауа райының айтқанын тыңдап, тасқын судай әрлі-берлі жөңкіліп баққан сан нәсіл қайда бет алса да, осынау бір құда табақтағы құйрық бауырдай аймаласып жатқан екі таудың айналмасы көп қойнауларына амалсыз іркіліпті. Әр іркілістерінде әр алуан нәсіл өзара жаңаша қиюласып, жаңа бір этникалық сипат тауып, жаңа бір жиынтық атауларға ие болыпты. Бертін келе сол бір ынтымақтары мен ықпалдастықтары тұрақтанып, мемлекеттер құрыпты. Солардың көбі осы арада шаңырақ көтеріпті. Бірде қосылып, бірде шашылып отырған тарихи ыңғайластықтан туындаған сол бір ежелгі мемлекеттіліктің кейінгі бес-алты ғасырдағы баяндаған байырғы кескіндемесі – қазақ мемлекеттілігі болса, ол да бір кезде осы Қаратаудың бір сілемінде бесікке түсіп, әлденеше рет шетінеп кете жаздап, енді, міне, анау ақ бас Алатаудың бір жұмақ қойнауында ат жалынан тартып мінер азаттыққа қолы жетіп, тәуелсіздік ордасын самиян Сары Арқаның сайранды төріне орнатып жатыр. Ендеше, бұл өлке – бәріміздің ортақ бесігіміз. Дастандарымыздағы қуған арманыңа жететін, асылыңды табатын жерұйық Жиделібайсын да осында. Ата-бабаларымыз қатар тізе бүгіп – қолдарына алғаш рет құран алысқан жері де осы, талай рет қатар тұрып, аруақ түгендесіп, жамырай ұран салысқан жері де осы. Бүгінде ұшы-қиырсыз қазақ даласының қай түкпірінде жүрсек те, бәріміздің де түп бабаларымыз қалған түп Отанымыз осы ара. Бұндағы киелердің қай-қайсы да бәрімізге ортақ. Бұндағы әулие-әмбиелердің қай-қайсы да бәрімізге ортақ. Бұндағы бабалардың қай-қайсысы да бәрімізге ортақ. Олардың алдындағы парыз да ортақ, қарыз да ортақ. Оларға біз мынау күн бе күн көріп жүрген жарық дүниені сыйлап кеткендері үшін қарыздармыз. Біз оларға мәңгілік аттары өшпейтін даңқ сыйлауға парыздармыз. Біз бұны, әсіресе, аңсаған азаттығымыздың аяқ-жөнін түзейтін алғашқы кезеңінде айырықша есте ұстауға тиіспіз. Жерден шықпағанымызды, көктен түспегенімізді ұғындыру үшін де осылай істеуге тиіспіз. Ешкімнен кем, ешкімнен қор еместігімізді ұғыну үшін де осылай істеуге тиістіміз. Бәріміздің әу бастан да бір болғанымызды, бір болсақ, күні ертең-ақ қайтадан дүр болатынымызды түсіну үшін де осылай істеуге тиіспіз. Биылғыдай айтулы жылы бұл өлкенің бұл салада да тындырып жатқаны мол екен. Кешелі-берді Қаратауды әрі айналып, бері айналып, киелі орындарға зиярат етуге сәт түсті. Бабалар аруағына тебіреніп тұрып, бүгінгі жеткіншектеріміздің жетелі істеріне еміреніп тұрдық. Өлінің үрейі, тірінің мерейі ырза болардай тірлік бар екен. Жерімізге кие, елімізге иман дарытқан Ұзын Ата, Баба түкті Шашты Әзиз, Қарабура әулие, Жабай ата, Ыстық әулие кесенелері бой көтеріпті. Арыстан-баб тарихи қорығында кешенді жұмыстар басталыпты. Қазіргі ұлттық тарихымыздың түп бастауында әйгілі Майқы бимен үзеңгілес болып, онымен бірге Шыңғысты хан сайлауға қатысып, өз алдына ұран, құс, ағаш, ұлыс иемденген Саңғыл би бабамызға да еңселі күмбез тұрғызылып жатыр екен. Бәрінің де ізінде қалған ұрпақтары айырықша ыждаһат қылыпты. Еңбектері Алладан қайтсын! Бірақ, баба – бәрімізге ортақ. Оларға көрсетілер құрмет пен ізет те ортақ. Өйткені, біздің бабаларымыз – бәрімізге ортақ бір қоныстың шебін бірге қорғасып, бір халықтың арын бірге араласқан күллі қазаққа бірдей қымбат жайсаңдар. Оған киелі Түркістандағы Әзірет Сұлтан Ғимаратындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ата-бабалардың асыл сүйегін арулап қайта қойған сәтте көзіміз айқын жете түсті. Исі қазақтың игі жақсыларының қатарласып бірге жатқаны – бір кезде бабаларымыздың жұп ажыратпай бірге жүргендігінің куәсі. «Жеңсек басымыз бір биіктен бірге көрініп, өлсек сүйегіміз бір шұңқырға бірге көміледі» – деп тізе қосысып тірлік кешкен ата-баба үрдісі қиын күнде де қарға тамырлы қазақ болып қалуымыздың бірден бір кепілі болды. Ендеше, олардың қасиетті есімдері мен орындарын көздің қарашығындай күтіп сақтау да қарға тамырлы қазақтың ортақ борышы. Бұл тұрғыдан келгенде, тек осы өлкенің өзінде, алда да атқарылар міндеттер көп. Келесі жыл – ежелгі Түркістанның тойы. Ортақ туымыз, ортақ піріміз орнаған киелі қаланың тойына алла жазса, бәріміз де қатысармыз. Бірақ, оған қонақ болып бару күпірлік. Қонақ күтуші боп бару аздық етеді. Күллі әлемнен, ислам дүниесінен меймандар қабылдайтын елдік тойына күллі ел боп тегіс атсалысуымыз шарт. Көрші жатқан да, алыс жатқан да облыстардың бәрі алдын-ала әрекеттеніп, сол мерекеге қосар үлесі мен соған дайындықта атқарар қызметін анықтайтын уақыт жетті. Ұлтымыз дүниеге келген Сыр, Қаратау, Алатау бойларының әр тасы – тарихи ескерткіш. Мүбәрәк белгі. Бұл айрықша абайшылдықты талап етеді. Кеше Шашты Әзиз басында бір топ ақсақалдар келіп, сондағы киелі Жылыбұлақ тағдырына алаңдаушылық білдірді. Бұл сияқты тарихи-рухани ескерткіштерімізді мемлекеттік қорғауға алудың барлық шараларын қарастыруға міндеттіміз. Ол үшін қолданыстағы заңның барлық өкілетін түгел пайдаланып, ол жеткіліксіз болса, тиісті өзгерістерді тездетіп енгізіп, әлгіндей орынды талапты орындаудың амалдарын шұғыл ойластырмай болмайды. Тарих өткенге емес, бүгін мен ертеңге қызмет етеді. Осы бір ұлы ұғым, ұлы парыз, ұлы жауапкершілік бүгін, міне, тірісінде абыройы мен дәулеті, өлісінде қаулап өскен әулеті жан сүйіндіріп өткен жарықтық Бәйдібек бабамыздың, аруақты Домалақ анамыздың, аттары ардақ бес анамыздың бастарына көтерілген жаңа кесенелердің құрылыстары бітуіне арналған осынау салтанатта басымызды тоғыстырып отыр. Арғы-бергіде асыл мен ардақтыны көп көрген біздің халқымыздың ауыздан тастамай айырықша әспеттеп келе жатқан бір тұлғасы – Бәйдібек бабамыз. Тек өз ұрпағы үшін ғана емес үш арыс қазаққа, алты баулы алашқа түгел қастерлі есім. Бір жағынан ол күні бүгінге дейін өніп-өркендеп жатқан нақты әулеттердің түп атамыз деп санайтын тұрлаулы тұлғасы, бір жағынан өніп-өскендіктің, көгеріп көктегендіктің, жарастық пен инабаттың, бауырмалдық пен елжандылықтың символына айналған ұлы ұғым. Шежіреге үңілсек, қазіргі қазақ ұлтын құрайтын үш этникалық бірлік – Байшора (Ақарыс), Жаншора (Бекарыс), Қарашора (Жанарыс) болса, соның Байшорасының Майқысынан, Майқының Бақтиярынан, Бақтиярдың Үйсінен, Үйсіннің Ақсақалынан, Ақсақалдың Қарашынан өрбиді. Арғы шораларды былай қойсақ, Майқы, Бақтиярлар – ежелгі тарихта бар тұлғалар. Олардың ұрпағы шығыста Қытайға, күнгейде Кашмир мен Ауғанстанға, Орта Азия мен Таяу Шығыс елдеріне түгел тараған. Оларды есепке алмай, қазақ топырағында қалғандарының өзін есептегенде ең кемі ұлтымыздың үштен бірін құрайды. Бәйдібек – сондай мол әулеттің түп атасы саналады. Ол жайында арғыдағы Әбілғазы, бергідегі Аристов, Уәлиханов, Аманжоловтай атақты ғалымдар тоқтала жазды. Айтулы Төле би Әлібекұлының қолжазбасы Ташкенттің сирек қолжазбалар қорынан табылды деген дерек бар. Бұқар мен Ташкентте басылған басқа да еңбектер бары айтылады. Оларды тыңғылықты зерттеп, ғылыми тұрғыдан мұқият дәйектеу – болашақтың ісі. Алайда, даусыз бір ақиқат – біз көп уақытқа дейін фольклорлық мәдениет өкілдері болып келдік. Біздің шежірелік әдебиетіміздің хронологиялық нақтыланбай жататындығы да сондықтан. Арғыдағы тарихи тұлғаларымыз нақты адамнан аңыз кейіпкеріне көбірек ұқсап кетеді. Оның бір себебі, олардың бір парасы сонау таза мифологиялық сана үстемдік құрып тұрған көзде өмір сүреді де, өз басындағы оқиғалар мен жағдаяттарды сыртқы рухтардың ықпалына саяды. Екінші бір парасы таза діни көзқарастар үстемдігі тұсында өмір сүріп, өз ахуалын жаратушы иенің айырықша ықыласына апарып телиді. Үшінші бір парасы, ондай көзқарасты жүйелердің тоғысында туып, синкреттік кейіп танытады. Оның үстіне, фольклорлық мәдениеттің ақпараттық жүйесі өмірлік дерек естен шығып кетпеуі үшін әдейі әсірелеп баяндауды талап ететінін қосыңыз. Мұндай жағдайда артында нақты ұрпақтары бар, қайда туып, қайда жерленгеніне дейін белгілі тарихи тұлғалардың өзінің нақты өмірбаянын жасау қиынға түседі. Ондай өмірбаян тіпті күні кешегі Төлебилер уақытында да туа қоймауы мүмкін. Оның үстіне, Бәйдібек баба – бұрын өз алдына мемлекет болған үлкен этникалық құраманың тізгінін ұстаған тайпалық көсемнің не өзі, не прототипі болса керек. Оны ондай әлеуметтік биік статусқа көтеру үшін де ол кездегі қоғамдық сана белгілі дәрежеде айрықша киелілік деңгейде әспеттеуге, оның қолындағы билік пен дәулетті аса жоғарғы үстем рухтың айрықша шарапатымен түсіндіруге мәжбүр болған. Сондықтан, осы арада жерленген ұлы бабамыздың өмірбаянын тарихи нақтылау көптеген ғылымдардың үйлеспелі атсалысуын талап ететін күрделі шаруа. Ондай кешенді зерттеулер жүзеге асқанша, айтылар пайымдаулардың қай-қайсысы да әзір болжамдық деңгейден аса қоймас. Қолда бар тарихи деректерде, ел аузындағы аңыз әңгімелер мен шежірелік баяндауларда Бәйдібек – қара қылды қақ жарған әділ би, дүлдүл шешен, ақылгөй азамат, қол бастаған батыр, дәулетті өзі үшін емес, елі үшін жиған сақи адам боп бейнеленеді. Бәлкім, сол үшін де бір кезде батыс пен шығысқа бірдей мәшһүр болған Үйсін мемлекетінің негізгі табаны боп табылатын Жібек жолы бойындағы түгін тартса майы шығатын құнарлы қонысқа ие болып қала алған шығар. Сол үшін де әлгіндей жерұйық өлкені бастарына қандай қарлы Қаратау іс түссе де, ешқайда тырп етпей, тапжылмай қорғай білген табанды ұрпақ бітіріп, олардың басын да, бағын да шаршысына толтырып мол еткен шығар. Сол үшін де оны ел басына күн туғанда қобалжымай қол бастайтындай, дау туғанда қаймықпай сөз бастайтындай, бақ орнап, дәреже тигенде тайынбай тәуекелге бел байлайтындай талай сұңғыла-сүлейлердің өзі түп бабасы санап, тобадай табынған шығар. Бергідегі көздеріміз көре қалған жайсаңдарымызды айтпағанда, бүгінде көзі жоқ Құдайдат пен Қамарадин, Мұхамед Хайдар Дулати мен Қарасай, Саңырақ пен Наурызбай, Төле мен Райымбек, Өтеген мен Сұраншы, Сүйінбай мен Жамбыл сынды сүлейлеріміздің Бәйдібекті түп тұяғы санап, айрықша қастерлеп өткендігіне ешкім дау айта алмас. Басқасын былай қойғанда тек осы үшін-ақ Бәйдібек баба аруағын қалай ұлықтап, қалай қастерлесек те артықтық етпейді. Шығыста Хан тауы, батыста Түркістан, түскейде Шаш пен  Жиделібайсын, теріскейде Сарысу арасындағы аймақта Бәйдібекке байланысты әлденеше жер атаулары бар. Бәйдібек арығы, Бәйдібек биігі, Бәйдібек бұлағы, Бәйдібек шыңы, Бәйдібек жайлауы, Бәйдібек төбесі... барлығы да нақты адамның туып-өскен отанын, тірлік кешкен аясын көрсете алатындай нақты атаулар. Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін қымбат адамның өнегелі өмірінің өрнектері. Осыған қарап-ақ, оның аңыздық тұлға емес, тарихи тұлға екендігіне көңілің көбірек бұрады. Оның үстіне, оған байланысты айтылатын аңыздарда ертегінің батырларына ұқсайтын әсіре әспеттеу жоқ. Тау жығып, көл жұтатын, мың кісімен бір өзі шайқасатын айрықша алапат қасиеттерімен емес, әркімге ұғынықты адами қасиеттермен сипатталады. Пейіліне лайық дәулетке, ниетке лайық әулетке кенелген кемел адам ретінде дәріптеледі. Құдай жолына адал діндарлығы үшін, ағайынға адал бауырмалдығы үшін, халық қамын қамдаған елжандылығы үшін дәріптеледі. Әргі найманның Аталық биімен достығы, оның келіндікке берген қызы Қызайымның тағдыры, туған бауыры Байтулы, зайыптары Марау (Сары бәйбіше), Зеріп, Нүрила, ұлдары Жәлмембет, Түргеш (Сары үйсін), Тілеуберді (Жарықшақ), келіндері Жұпар, Сыланды, Қарашаш туралы аңыздар да тек биік адамгершілік тақырыбына негізделген. Қазақ өз көкірегіндегі асыл мұраттың бәрін осы бір абзал тұлғаның бойына тоғыстырғандай. Ол – ағайын қадірін білетін адал туыс, жекжат қадірін білетін асыл құда, ұл өсіріп, ғұмырын ұзартқан, қыз сүйіп өрісін кеңейткен бақытты әке, әйелдің көркі мен ақылының парқын жетік білетін сүйікті жар ретінде кейіптеледі. Оның осындай өнегелі қасиеттері бұл аңыздардың ар жағында нақты өмір шындығы тұрғанын аңғартқандай. Ел арасына алалық түсіп, біреу баққа мастанып, біреу атаққа ашқарақтанып, біреу артық дәулет күйттеп, ағайын жарылып бөліне көшіп, кешегі жұрт айбынған айдынды мемлекет ыдырап, тоз-тозы шыққанда қара орында қалған бөліктерінің басын құраған нақты тұлға келе-келе аңызға айналып, айрықша инабат пен парасат иесі Бәйдібектің қазіргі ел аузындағы бейнесін сомдағандай. Оның бауырлары, әйелдері, келіндері туралы аңыздар қол астындағы елдің біріндеп қауымдасқанын аңғартқандай. Тайпалардың әлгіндей себептермен саяси бірігуін туысқандық бірлік кейпінде мазмұндап, оған бастамашы болған тарихи тұлғаны сондай бірлікке кіргендердің түп атасы қылып бейнелеу әлемдік этнологиялық тәжірибеге әбден сіңіскен әдет болатын. Бұндай арғы түбінде шын тұлға мен шын оқиға жатып, оның басына күллі қауым басындағы тарихи хал-ахуал саналы түрде шоғырландырылып, ел арасындағы, тайпа арасындағы қарым-қатынас ағайындық-туысқандық, құда-жекжаттық жолмен тұспалдай бейнеленетіні шығыстық тарихи эпоста да көп көзігетін жағдай. Қорқыт та, Асан Қайғы да тап сондай тұлғалар еді. Бірақ, арғы түбі тарихи тұлғалар еді. Біреуі оғыз тайпаларының ыдырап, бөліне жарылып көшуіне қапаланған халықтың, біреуі ноғайлы жұртының басынан бақ ауғанына қапаланған халықтың өз көзінде елжанды мінез танытқан тарихи тұлғаларына көңілі біткендігінен бастау алған туындылар еді. Сондай тарихи тұлғалардың кешкен рухани халінің халық жады жаңғыртқан тұспал кескіндемелері еді. Бәйдібек жайлы аңыздар да үйсін мемлекеті ыдырап, бастарынан бақ ауған халықтың қара орында қалған жұрттың басын біріктірген басшысы жайлы тұспал өмірбаян емес пе екен деген ойға қалдырады. Олай болса, Бәйдібек – халық саналы түрде өнеге тұтып, саналы түрде дәріптеген тарихи тұлға болып шығуы әбден мүмкін. Бәйдібек бейнесінің сакрализациялық төркінін одан бұрынырақ дәл осы өлкеде өмір сүрген баят тайпасының басшысы Қорқыттың, қайы тайпасының басшысы Қазығұрттың, сельжук тайпаларының басшысы Дуқақ, Ақпан, Қараман, Тоғурыл бейнелерімен, немесе көп бертінгі ноғайлы Асанқайғының бейнелерімен салыстырғанда әлгіндей елдік драмалардың шарықтау көзінде емес, одан көп кейін қапалы жұрт торығып, өткен бақыттан күдер үзіп, енді қалған жұрнақтардың басын біріктіріп, қайтадан ел болуды көксейтін бәсеңдік кезеңінде тірлік кешкен тұлғаға ұқсайтынын айқын аңғарар едік. Ол арғы үйсіннің дәуірлеу тұсының емес, оның қара орынында қалған үйсіннің қайта дәуірлеуін бастап берген көсем бейнесіне көбірек келеді. Бұның да анық-қанығына жетуді алдағы күнге қалдыра отырып, қазіргідей елдік тұтастығымызды қай көздегіден гөрі де көбірек қамдастырар кезеңде халықтың естен шығармай келе жатқан ерекше дәстүрін жалғастырып, кемел тұлғасы мен кемеңгер бабасына тағзым етіп жатқан тәрбиелі құрметі өте орынды деп білеміз. Дәйім тағдыр талқысы мен тарихтың қатал сынына жиі ұшыраған біздің халқымыз атадан өсиет, анадан қасиет дарыта білу арқылы ғана көсегесін көгерткен. Бәйдібек ата мен Домалақ ананың жарыса дәріптелуінде де осындай сыр бар. Өз өміріміз бен келешегіміз үшін бізді жаратқан, өздері де жарастықта өмір сүрген асыл қосаққа мәңгі-бақи қарыздармыз деп ұғатын ұрпақ пен ел жұрт бабасы мен анасына табыну арқылы жанұядан басталып, жалпақ жұрттың бәрінің көсегесін көгертетін татулық пен ынтымақты құрметтейді. Бүгін де, ертең де, болашақта да береке-бірлігімізге ешқандай қауып төнбеуін көксейді. Ел жадында Домалақ ене атанған Нүрила анамыз бұл өлкеде, ұлтың рухани болмысында исламдық мәдениеттің терең сіңіскендігінің бір даусыз дәлеліндей бейнеленеді. Оның мейірбандығы бірлікшіл ақылы мен қайырымды өнегесі нағыз Тәңір анаға лайық сипаттарға ие. Біздің халқымыз батыс пен шығыстың көп жұрттарына кеңінен танылған мифтік ұғымға айналған бұл жораны да өзінше дамытқан. Атаны анадан, ананы атадан бөле-жара қарамай, екеуінің сыйластығын ел бүтіндігінің бірден-бір кепіліндей айрықша қастер тұтқан. Сол арқылы ұлынан парасат, қызынан әжет талап ететін талғампаз жұртымыз кейінгі ұрпақтардың биік адамгершілігін қалыптастыруда өз ата-бабасын, өз ата-анасын өнеге тұтқан. Солардың аруағын апшытудан тайсалып, қисық пен қиянатқа бармаған. Бір тоқтының етін түгел үлестіріп жамағаттың өзегін жалғап, он екі жілікті орынымен үлестіріп бір қауым жұрттың көңілін жарастыра білген көреген жұртымыз әділет арқылы бірлікті, сыйластық арқылы тірлікті көріктендірген. Біз бүгін жарықтық Бәйдібек атамыз бен Домалақ енемізге құрмет көрсету арқылы халқымыз дәріптеген асыл мұраттар мен биік мақсаттарға адалдығымызды айғақтаймыз. Сол арқылы қасіреті асқан халқымыз бен тақсіреті асқан тарихымыздың жоғын жоқтасып, кемісін түзесуге әрдайым әзір екендігімізді білдіреміз. Біз үшін тәуелсіздіктен асқан мұрат, бірліктен асқан мақсат жоғын тағы да айдай әлемнің алдында жария етеміз. Уақытша қиындықтардан бола алған беттен адаспайтындығымызға, айтқан серттен алжаспайтындығымызға өзімізді де, жұртты да сендіреміз. Өткенін ұмытпайтын ұлтқа сенсеңіздер – бізге сеніңіздер! Атасын ұлықтайтын жұртқа сенсеңіздер – бізге сеніңіздер! Анасын ардақтайтын ұрпаққа сенсеңіздер – бізге сеніңіздер! – дейміз. Солардың арманын жалғап, өнегесін өрбітіп, өз келешегімізді өзіміз кемелдендіруге ұмтыламыз. Келешек ғасыр мен мыңжылдыққа атаның өсиетіне, ананың ақ сүтіне адал ұрпақтар боп аттап, есесін ешкімге жібермейтін, еңсесін ешқашан түсірмейтін намысшыл қауым боп жетіліп, атамекеннің көркін, ата жұрттың абыройын асыру жолында күш-жігерді аямайтындығымызды білдіреміз. Құдай сол тілегімізді қабыл қылғай! Аруақ қош көргей! Бәйдібек атамыздың, Домалақ енеміздің, барша аймақтарымыздың бәрінің терін иемденген абзал рухты бабаларымыз бен асыл аналарымыздың аруақтары ақ ниеттерімізге риза болып, баршамызға жар болғай! Маусым, 1999 жыл.  
08.12.2012 05:50 14117

Бәйдібек ата мен Домалақ ана кесенелерін ашу салтанатындағы сөз

Орта толсын, әлеумет!

Той тойға ұлассын, ағайын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының осы жиынға жолдаған дұғай сәлемін әлгінде өздеріңіз естідіңіздер.

Ие, бүгінгі жиын – Елбасымыз орынды еске салғандай, әңгімені амалсыз әріден қоздататын тарихи тағлымды жиын. Биылғы жылы айырықша зерделеніп жатырған ұрпақтар сабақтастығының аса бір салиқалы салтанаты. Бабаға бағышталған, анаға арналған перзенттік махаббат пен елдік бауырмалдықтың еңселі машурасы.

Киелі бабамыз бен аруақты аналарымыз жатқан осы бір жоталы биіктер мен осы бір жоралы жолығысымыздың өзі арғы-бергімізді түп-түгел көз алдымызға алып келгендей. Қақ маңдайда – хан жайлаған Қаратау мен би жайлаған Алатау. Анау алдымыздағы алшия жайғасқан екі шың – осыдан екі жарым ғасыр бұрынғы қанқұйлы басқыншылықта қан қасап болған Садыр Жомарт ауылының шабылған алқабы – Үлкен Тұра мен Кіші Тұра. Жоңғар соғысының қанқұйлы эпопеясы сол арадағы сол бір сорақы оқиғадан өрбіген. Ту сыртымыз – ағаш уықты, киіз туырлықты Алаштың алшаң басқан Сары Арқасы. Бұл арадан қай тарапқа көз салсаң да, сай-сүйегіңді сырқыратар шерлі оқиғалардың да, еңсеңді көтеріп, елжіретіп жіберер елдік оқиғалар мен ерлік оқиғалардың да орындарын молынан табасың. Сондықтан да, қай пұшпағы да бірдей қымбат, бірдей қасиетті қазақ даласының қай тарабынан келсек те, бұл ара біздің көзімізге оттай басылады. Өйткені, сан толғаулы тауқыметті тағдырымыздың асау арнасы ең әуелі осы арадан бас алған, тоқсан тарау толқымалы тарихымыздың өрмегі осы арадан өріс алған. Арғы түбін Адам Ата мен Хауа Анадан бастайтын адам нәсілі біздің жерімізде ең алдымен мынау қатпар-қатпар Қаратауға аяқ іліктіріпті. Әуелі күнгейінен ырзық айырып, кейін теріскейіне, одан әрі көсілген кең жазираларға қадам басыпты. Жер ұзарып, пана азайып, қорек сиреген сайын тәсілі асып, әрекеті көбейіп, жеті қат жерді қойып, алты қат аспанның сырына жетіліп, терістікке тұтасып жатқан тоңға, шығыста тұмсық батпас нуға, батыста шалқып жатқан суға тірелгенше шартарапты шарлап бағыпты. Табиғатқа тұтастай кіріптар кезеңде ауа райының айтқанын тыңдап, тасқын судай әрлі-берлі жөңкіліп баққан сан нәсіл қайда бет алса да, осынау бір құда табақтағы құйрық бауырдай аймаласып жатқан екі таудың айналмасы көп қойнауларына амалсыз іркіліпті. Әр іркілістерінде әр алуан нәсіл өзара жаңаша қиюласып, жаңа бір этникалық сипат тауып, жаңа бір жиынтық атауларға ие болыпты. Бертін келе сол бір ынтымақтары мен ықпалдастықтары тұрақтанып, мемлекеттер құрыпты. Солардың көбі осы арада шаңырақ көтеріпті. Бірде қосылып, бірде шашылып отырған тарихи ыңғайластықтан туындаған сол бір ежелгі мемлекеттіліктің кейінгі бес-алты ғасырдағы баяндаған байырғы кескіндемесі – қазақ мемлекеттілігі болса, ол да бір кезде осы Қаратаудың бір сілемінде бесікке түсіп, әлденеше рет шетінеп кете жаздап, енді, міне, анау ақ бас Алатаудың бір жұмақ қойнауында ат жалынан тартып мінер азаттыққа қолы жетіп, тәуелсіздік ордасын самиян Сары Арқаның сайранды төріне орнатып жатыр.

Ендеше, бұл өлке – бәріміздің ортақ бесігіміз. Дастандарымыздағы қуған арманыңа жететін, асылыңды табатын жерұйық Жиделібайсын да осында.

Ата-бабаларымыз қатар тізе бүгіп – қолдарына алғаш рет құран алысқан жері де осы, талай рет қатар тұрып, аруақ түгендесіп, жамырай ұран салысқан жері де осы. Бүгінде ұшы-қиырсыз қазақ даласының қай түкпірінде жүрсек те, бәріміздің де түп бабаларымыз қалған түп Отанымыз осы ара. Бұндағы киелердің қай-қайсы да бәрімізге ортақ. Бұндағы әулие-әмбиелердің қай-қайсы да бәрімізге ортақ. Бұндағы бабалардың қай-қайсысы да бәрімізге ортақ. Олардың алдындағы парыз да ортақ, қарыз да ортақ. Оларға біз мынау күн бе күн көріп жүрген жарық дүниені сыйлап кеткендері үшін қарыздармыз. Біз оларға мәңгілік аттары өшпейтін даңқ сыйлауға парыздармыз.

Біз бұны, әсіресе, аңсаған азаттығымыздың аяқ-жөнін түзейтін алғашқы кезеңінде айырықша есте ұстауға тиіспіз. Жерден шықпағанымызды, көктен түспегенімізді ұғындыру үшін де осылай істеуге тиіспіз. Ешкімнен кем, ешкімнен қор еместігімізді ұғыну үшін де осылай істеуге тиістіміз. Бәріміздің әу бастан да бір болғанымызды, бір болсақ, күні ертең-ақ қайтадан дүр болатынымызды түсіну үшін де осылай істеуге тиіспіз.

Биылғыдай айтулы жылы бұл өлкенің бұл салада да тындырып жатқаны мол екен. Кешелі-берді Қаратауды әрі айналып, бері айналып, киелі орындарға зиярат етуге сәт түсті. Бабалар аруағына тебіреніп тұрып, бүгінгі жеткіншектеріміздің жетелі істеріне еміреніп тұрдық. Өлінің үрейі, тірінің мерейі ырза болардай тірлік бар екен. Жерімізге кие, елімізге иман дарытқан Ұзын Ата, Баба түкті Шашты Әзиз, Қарабура әулие, Жабай ата, Ыстық әулие кесенелері бой көтеріпті. Арыстан-баб тарихи қорығында кешенді жұмыстар басталыпты. Қазіргі ұлттық тарихымыздың түп бастауында әйгілі Майқы бимен үзеңгілес болып, онымен бірге Шыңғысты хан сайлауға қатысып, өз алдына ұран, құс, ағаш, ұлыс иемденген Саңғыл би бабамызға да еңселі күмбез тұрғызылып жатыр екен. Бәрінің де ізінде қалған ұрпақтары айырықша ыждаһат қылыпты. Еңбектері Алладан қайтсын! Бірақ, баба – бәрімізге ортақ. Оларға көрсетілер құрмет пен ізет те ортақ. Өйткені, біздің бабаларымыз – бәрімізге ортақ бір қоныстың шебін бірге қорғасып, бір халықтың арын бірге араласқан күллі қазаққа бірдей қымбат жайсаңдар. Оған киелі Түркістандағы Әзірет Сұлтан Ғимаратындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ата-бабалардың асыл сүйегін арулап қайта қойған сәтте көзіміз айқын жете түсті. Исі қазақтың игі жақсыларының қатарласып бірге жатқаны – бір кезде бабаларымыздың жұп ажыратпай бірге жүргендігінің куәсі. «Жеңсек басымыз бір биіктен бірге көрініп, өлсек сүйегіміз бір шұңқырға бірге көміледі» – деп тізе қосысып тірлік кешкен ата-баба үрдісі қиын күнде де қарға тамырлы қазақ болып қалуымыздың бірден бір кепілі болды. Ендеше, олардың қасиетті есімдері мен орындарын көздің қарашығындай күтіп сақтау да қарға тамырлы қазақтың ортақ борышы. Бұл тұрғыдан келгенде, тек осы өлкенің өзінде, алда да атқарылар міндеттер көп. Келесі жыл – ежелгі Түркістанның тойы. Ортақ туымыз, ортақ піріміз орнаған киелі қаланың тойына алла жазса, бәріміз де қатысармыз. Бірақ, оған қонақ болып бару күпірлік. Қонақ күтуші боп бару аздық етеді. Күллі әлемнен, ислам дүниесінен меймандар қабылдайтын елдік тойына күллі ел боп тегіс атсалысуымыз шарт. Көрші жатқан да, алыс жатқан да облыстардың бәрі алдын-ала әрекеттеніп, сол мерекеге қосар үлесі мен соған дайындықта атқарар қызметін анықтайтын уақыт жетті. Ұлтымыз дүниеге келген Сыр, Қаратау, Алатау бойларының әр тасы – тарихи ескерткіш. Мүбәрәк белгі. Бұл айрықша абайшылдықты талап етеді. Кеше Шашты Әзиз басында бір топ ақсақалдар келіп, сондағы киелі Жылыбұлақ тағдырына алаңдаушылық білдірді. Бұл сияқты тарихи-рухани ескерткіштерімізді мемлекеттік қорғауға алудың барлық шараларын қарастыруға міндеттіміз. Ол үшін қолданыстағы заңның барлық өкілетін түгел пайдаланып, ол жеткіліксіз болса, тиісті өзгерістерді тездетіп енгізіп, әлгіндей орынды талапты орындаудың амалдарын шұғыл ойластырмай болмайды.

Тарих өткенге емес, бүгін мен ертеңге қызмет етеді. Осы бір ұлы ұғым, ұлы парыз, ұлы жауапкершілік бүгін, міне, тірісінде абыройы мен дәулеті, өлісінде қаулап өскен әулеті жан сүйіндіріп өткен жарықтық Бәйдібек бабамыздың, аруақты Домалақ анамыздың, аттары ардақ бес анамыздың бастарына көтерілген жаңа кесенелердің құрылыстары бітуіне арналған осынау салтанатта басымызды тоғыстырып отыр.

Арғы-бергіде асыл мен ардақтыны көп көрген біздің халқымыздың ауыздан тастамай айырықша әспеттеп келе жатқан бір тұлғасы – Бәйдібек бабамыз. Тек өз ұрпағы үшін ғана емес үш арыс қазаққа, алты баулы алашқа түгел қастерлі есім. Бір жағынан ол күні бүгінге дейін өніп-өркендеп жатқан нақты әулеттердің түп атамыз деп санайтын тұрлаулы тұлғасы, бір жағынан өніп-өскендіктің, көгеріп көктегендіктің, жарастық пен инабаттың, бауырмалдық пен елжандылықтың символына айналған ұлы ұғым.

Шежіреге үңілсек, қазіргі қазақ ұлтын құрайтын үш этникалық бірлік – Байшора (Ақарыс), Жаншора (Бекарыс), Қарашора (Жанарыс) болса, соның Байшорасының Майқысынан, Майқының Бақтиярынан, Бақтиярдың Үйсінен, Үйсіннің Ақсақалынан, Ақсақалдың Қарашынан өрбиді. Арғы шораларды былай қойсақ, Майқы, Бақтиярлар – ежелгі тарихта бар тұлғалар. Олардың ұрпағы шығыста Қытайға, күнгейде Кашмир мен Ауғанстанға, Орта Азия мен Таяу Шығыс елдеріне түгел тараған. Оларды есепке алмай, қазақ топырағында қалғандарының өзін есептегенде ең кемі ұлтымыздың үштен бірін құрайды. Бәйдібек – сондай мол әулеттің түп атасы саналады. Ол жайында арғыдағы Әбілғазы, бергідегі Аристов, Уәлиханов, Аманжоловтай атақты ғалымдар тоқтала жазды. Айтулы Төле би Әлібекұлының қолжазбасы Ташкенттің сирек қолжазбалар қорынан табылды деген дерек бар. Бұқар мен Ташкентте басылған басқа да еңбектер бары айтылады. Оларды тыңғылықты зерттеп, ғылыми тұрғыдан мұқият дәйектеу – болашақтың ісі.

Алайда, даусыз бір ақиқат – біз көп уақытқа дейін фольклорлық мәдениет өкілдері болып келдік. Біздің шежірелік әдебиетіміздің хронологиялық нақтыланбай жататындығы да сондықтан. Арғыдағы тарихи тұлғаларымыз нақты адамнан аңыз кейіпкеріне көбірек ұқсап кетеді. Оның бір себебі, олардың бір парасы сонау таза мифологиялық сана үстемдік құрып тұрған көзде өмір сүреді де, өз басындағы оқиғалар мен жағдаяттарды сыртқы рухтардың ықпалына саяды. Екінші бір парасы таза діни көзқарастар үстемдігі тұсында өмір сүріп, өз ахуалын жаратушы иенің айырықша ықыласына апарып телиді. Үшінші бір парасы, ондай көзқарасты жүйелердің тоғысында туып, синкреттік кейіп танытады. Оның үстіне, фольклорлық мәдениеттің ақпараттық жүйесі өмірлік дерек естен шығып кетпеуі үшін әдейі әсірелеп баяндауды талап ететінін қосыңыз. Мұндай жағдайда артында нақты ұрпақтары бар, қайда туып, қайда жерленгеніне дейін белгілі тарихи тұлғалардың өзінің нақты өмірбаянын жасау қиынға түседі. Ондай өмірбаян тіпті күні кешегі Төлебилер уақытында да туа қоймауы мүмкін. Оның үстіне, Бәйдібек баба – бұрын өз алдына мемлекет болған үлкен этникалық құраманың тізгінін ұстаған тайпалық көсемнің не өзі, не прототипі болса керек. Оны ондай әлеуметтік биік статусқа көтеру үшін де ол кездегі қоғамдық сана белгілі дәрежеде айрықша киелілік деңгейде әспеттеуге, оның қолындағы билік пен дәулетті аса жоғарғы үстем рухтың айрықша шарапатымен түсіндіруге мәжбүр болған. Сондықтан, осы арада жерленген ұлы бабамыздың өмірбаянын тарихи нақтылау көптеген ғылымдардың үйлеспелі атсалысуын талап ететін күрделі шаруа. Ондай кешенді зерттеулер жүзеге асқанша, айтылар пайымдаулардың қай-қайсысы да әзір болжамдық деңгейден аса қоймас.

Қолда бар тарихи деректерде, ел аузындағы аңыз әңгімелер мен шежірелік баяндауларда Бәйдібек – қара қылды қақ жарған әділ би, дүлдүл шешен, ақылгөй азамат, қол бастаған батыр, дәулетті өзі үшін емес, елі үшін жиған сақи адам боп бейнеленеді. Бәлкім, сол үшін де бір кезде батыс пен шығысқа бірдей мәшһүр болған Үйсін мемлекетінің негізгі табаны боп табылатын Жібек жолы бойындағы түгін тартса майы шығатын құнарлы қонысқа ие болып қала алған шығар. Сол үшін де әлгіндей жерұйық өлкені бастарына қандай қарлы Қаратау іс түссе де, ешқайда тырп етпей, тапжылмай қорғай білген табанды ұрпақ бітіріп, олардың басын да, бағын да шаршысына толтырып мол еткен шығар. Сол үшін де оны ел басына күн туғанда қобалжымай қол бастайтындай, дау туғанда қаймықпай сөз бастайтындай, бақ орнап, дәреже тигенде тайынбай тәуекелге бел байлайтындай талай сұңғыла-сүлейлердің өзі түп бабасы санап, тобадай табынған шығар. Бергідегі көздеріміз көре қалған жайсаңдарымызды айтпағанда, бүгінде көзі жоқ Құдайдат пен Қамарадин, Мұхамед Хайдар Дулати мен Қарасай, Саңырақ пен Наурызбай, Төле мен Райымбек, Өтеген мен Сұраншы, Сүйінбай мен Жамбыл сынды сүлейлеріміздің Бәйдібекті түп тұяғы санап, айрықша қастерлеп өткендігіне ешкім дау айта алмас. Басқасын былай қойғанда тек осы үшін-ақ Бәйдібек баба аруағын қалай ұлықтап, қалай қастерлесек те артықтық етпейді.

Шығыста Хан тауы, батыста Түркістан, түскейде Шаш пен  Жиделібайсын, теріскейде Сарысу арасындағы аймақта Бәйдібекке байланысты әлденеше жер атаулары бар. Бәйдібек арығы, Бәйдібек биігі, Бәйдібек бұлағы, Бәйдібек шыңы, Бәйдібек жайлауы, Бәйдібек төбесі... барлығы да нақты адамның туып-өскен отанын, тірлік кешкен аясын көрсете алатындай нақты атаулар. Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін қымбат адамның өнегелі өмірінің өрнектері. Осыған қарап-ақ, оның аңыздық тұлға емес, тарихи тұлға екендігіне көңілің көбірек бұрады. Оның үстіне, оған байланысты айтылатын аңыздарда ертегінің батырларына ұқсайтын әсіре әспеттеу жоқ. Тау жығып, көл жұтатын, мың кісімен бір өзі шайқасатын айрықша алапат қасиеттерімен емес, әркімге ұғынықты адами қасиеттермен сипатталады. Пейіліне лайық дәулетке, ниетке лайық әулетке кенелген кемел адам ретінде дәріптеледі. Құдай жолына адал діндарлығы үшін, ағайынға адал бауырмалдығы үшін, халық қамын қамдаған елжандылығы үшін дәріптеледі. Әргі найманның Аталық биімен достығы, оның келіндікке берген қызы Қызайымның тағдыры, туған бауыры Байтулы, зайыптары Марау (Сары бәйбіше), Зеріп, Нүрила, ұлдары Жәлмембет, Түргеш (Сары үйсін), Тілеуберді (Жарықшақ), келіндері Жұпар, Сыланды, Қарашаш туралы аңыздар да тек биік адамгершілік тақырыбына негізделген. Қазақ өз көкірегіндегі асыл мұраттың бәрін осы бір абзал тұлғаның бойына тоғыстырғандай. Ол – ағайын қадірін білетін адал туыс, жекжат қадірін білетін асыл құда, ұл өсіріп, ғұмырын ұзартқан, қыз сүйіп өрісін кеңейткен бақытты әке, әйелдің көркі мен ақылының парқын жетік білетін сүйікті жар ретінде кейіптеледі. Оның осындай өнегелі қасиеттері бұл аңыздардың ар жағында нақты өмір шындығы тұрғанын аңғартқандай. Ел арасына алалық түсіп, біреу баққа мастанып, біреу атаққа ашқарақтанып, біреу артық дәулет күйттеп, ағайын жарылып бөліне көшіп, кешегі жұрт айбынған айдынды мемлекет ыдырап, тоз-тозы шыққанда қара орында қалған бөліктерінің басын құраған нақты тұлға келе-келе аңызға айналып, айрықша инабат пен парасат иесі Бәйдібектің қазіргі ел аузындағы бейнесін сомдағандай. Оның бауырлары, әйелдері, келіндері туралы аңыздар қол астындағы елдің біріндеп қауымдасқанын аңғартқандай. Тайпалардың әлгіндей себептермен саяси бірігуін туысқандық бірлік кейпінде мазмұндап, оған бастамашы болған тарихи тұлғаны сондай бірлікке кіргендердің түп атасы қылып бейнелеу әлемдік этнологиялық тәжірибеге әбден сіңіскен әдет болатын. Бұндай арғы түбінде шын тұлға мен шын оқиға жатып, оның басына күллі қауым басындағы тарихи хал-ахуал саналы түрде шоғырландырылып, ел арасындағы, тайпа арасындағы қарым-қатынас ағайындық-туысқандық, құда-жекжаттық жолмен тұспалдай бейнеленетіні шығыстық тарихи эпоста да көп көзігетін жағдай. Қорқыт та, Асан Қайғы да тап сондай тұлғалар еді. Бірақ, арғы түбі тарихи тұлғалар еді. Біреуі оғыз тайпаларының ыдырап, бөліне жарылып көшуіне қапаланған халықтың, біреуі ноғайлы жұртының басынан бақ ауғанына қапаланған халықтың өз көзінде елжанды мінез танытқан тарихи тұлғаларына көңілі біткендігінен бастау алған туындылар еді. Сондай тарихи тұлғалардың кешкен рухани халінің халық жады жаңғыртқан тұспал кескіндемелері еді. Бәйдібек жайлы аңыздар да үйсін мемлекеті ыдырап, бастарынан бақ ауған халықтың қара орында қалған жұрттың басын біріктірген басшысы жайлы тұспал өмірбаян емес пе екен деген ойға қалдырады. Олай болса, Бәйдібек – халық саналы түрде өнеге тұтып, саналы түрде дәріптеген тарихи тұлға болып шығуы әбден мүмкін. Бәйдібек бейнесінің сакрализациялық төркінін одан бұрынырақ дәл осы өлкеде өмір сүрген баят тайпасының басшысы Қорқыттың, қайы тайпасының басшысы Қазығұрттың, сельжук тайпаларының басшысы Дуқақ, Ақпан, Қараман, Тоғурыл бейнелерімен, немесе көп бертінгі ноғайлы Асанқайғының бейнелерімен салыстырғанда әлгіндей елдік драмалардың шарықтау көзінде емес, одан көп кейін қапалы жұрт торығып, өткен бақыттан күдер үзіп, енді қалған жұрнақтардың басын біріктіріп, қайтадан ел болуды көксейтін бәсеңдік кезеңінде тірлік кешкен тұлғаға ұқсайтынын айқын аңғарар едік. Ол арғы үйсіннің дәуірлеу тұсының емес, оның қара орынында қалған үйсіннің қайта дәуірлеуін бастап берген көсем бейнесіне көбірек келеді.

Бұның да анық-қанығына жетуді алдағы күнге қалдыра отырып, қазіргідей елдік тұтастығымызды қай көздегіден гөрі де көбірек қамдастырар кезеңде халықтың естен шығармай келе жатқан ерекше дәстүрін жалғастырып, кемел тұлғасы мен кемеңгер бабасына тағзым етіп жатқан тәрбиелі құрметі өте орынды деп білеміз. Дәйім тағдыр талқысы мен тарихтың қатал сынына жиі ұшыраған біздің халқымыз атадан өсиет, анадан қасиет дарыта білу арқылы ғана көсегесін көгерткен. Бәйдібек ата мен Домалақ ананың жарыса дәріптелуінде де осындай сыр бар. Өз өміріміз бен келешегіміз үшін бізді жаратқан, өздері де жарастықта өмір сүрген асыл қосаққа мәңгі-бақи қарыздармыз деп ұғатын ұрпақ пен ел жұрт бабасы мен анасына табыну арқылы жанұядан басталып, жалпақ жұрттың бәрінің көсегесін көгертетін татулық пен ынтымақты құрметтейді. Бүгін де, ертең де, болашақта да береке-бірлігімізге ешқандай қауып төнбеуін көксейді. Ел жадында Домалақ ене атанған Нүрила анамыз бұл өлкеде, ұлтың рухани болмысында исламдық мәдениеттің терең сіңіскендігінің бір даусыз дәлеліндей бейнеленеді. Оның мейірбандығы бірлікшіл ақылы мен қайырымды өнегесі нағыз Тәңір анаға лайық сипаттарға ие. Біздің халқымыз батыс пен шығыстың көп жұрттарына кеңінен танылған мифтік ұғымға айналған бұл жораны да өзінше дамытқан. Атаны анадан, ананы атадан бөле-жара қарамай, екеуінің сыйластығын ел бүтіндігінің бірден-бір кепіліндей айрықша қастер тұтқан. Сол арқылы ұлынан парасат, қызынан әжет талап ететін талғампаз жұртымыз кейінгі ұрпақтардың биік адамгершілігін қалыптастыруда өз ата-бабасын, өз ата-анасын өнеге тұтқан. Солардың аруағын апшытудан тайсалып, қисық пен қиянатқа бармаған. Бір тоқтының етін түгел үлестіріп жамағаттың өзегін жалғап, он екі жілікті орынымен үлестіріп бір қауым жұрттың көңілін жарастыра білген көреген жұртымыз әділет арқылы бірлікті, сыйластық арқылы тірлікті көріктендірген.

Біз бүгін жарықтық Бәйдібек атамыз бен Домалақ енемізге құрмет көрсету арқылы халқымыз дәріптеген асыл мұраттар мен биік мақсаттарға адалдығымызды айғақтаймыз.

Сол арқылы қасіреті асқан халқымыз бен тақсіреті асқан тарихымыздың жоғын жоқтасып, кемісін түзесуге әрдайым әзір екендігімізді білдіреміз.

Біз үшін тәуелсіздіктен асқан мұрат, бірліктен асқан мақсат жоғын тағы да айдай әлемнің алдында жария етеміз.

Уақытша қиындықтардан бола алған беттен адаспайтындығымызға, айтқан серттен алжаспайтындығымызға өзімізді де, жұртты да сендіреміз.

Өткенін ұмытпайтын ұлтқа сенсеңіздер – бізге сеніңіздер!

Атасын ұлықтайтын жұртқа сенсеңіздер – бізге сеніңіздер!

Анасын ардақтайтын ұрпаққа сенсеңіздер – бізге сеніңіздер! – дейміз.

Солардың арманын жалғап, өнегесін өрбітіп, өз келешегімізді өзіміз кемелдендіруге ұмтыламыз.

Келешек ғасыр мен мыңжылдыққа атаның өсиетіне, ананың ақ сүтіне адал ұрпақтар боп аттап, есесін ешкімге жібермейтін, еңсесін ешқашан түсірмейтін намысшыл қауым боп жетіліп, атамекеннің көркін, ата жұрттың абыройын асыру жолында күш-жігерді аямайтындығымызды білдіреміз.

Құдай сол тілегімізді қабыл қылғай!

Аруақ қош көргей!

Бәйдібек атамыздың, Домалақ енеміздің, барша аймақтарымыздың бәрінің терін иемденген абзал рухты бабаларымыз бен асыл аналарымыздың аруақтары ақ ниеттерімізге риза болып, баршамызға жар болғай!

Маусым, 1999 жыл.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға