Жаңалықтар

Жазушылардың тұрмысы түзелсін

Бүгінгі білім адамның, кемелді жасына келіп өлуін тексеріп, тез тозбаудың (қартаймаудың, жарымжанданбаудың) әдісін тауып отыр. Адам өмірі еңбекке байланысты. Еңбек адамды шынықтырады. Өнімді еңбек істеп, дұрыс тынығып отырғанда ғана адам тозбайды. Осындай жағдайды еске алып, ғылым бір адамның бір күнгі тіршілігін, көрер жарығын үшке бөледі. Сегіз сағат ұйқы, бұл уақытта жүректен басқа дененің бәрі де қалғып жайылады, жұмыстан әлсіреген ет-тамырларың тыныстайды. Сегіз сағатта адам күр аттай сілкініп, тыңайып түре келеді. Тынысталған, жиналған күш еңбекке қол тигізсе, бұрқыратып өндіріп тастайды. Сегіз сағат еңбек істеу. Егер осы мөлшерде ғана істесе, ол еңбек кісіні қажытпайды, қайта денені шынықтырады, ақылын үдетеді. Бұл мөлшерде еңбек істемеген адам азады. Сегіз сағат демалыс. Бұл кезде адам аунап-қунайды. Таза ауаға шығып, бойын жазады. Қанын таратады. Әртүрлі мәдени тілектерін (шахмат, дойбы ойнау, өлең айту, домбыра тарту, театр, киноларға бару, аң аулауға шығу, кітап оқу тағы басқалар сықылды істерді) орындайды. Міне, ғылымның адамға тәтті өмір өткізу үшін бөлшектеп беретін кестесі осылар. Мен бұл арада фальсафа айтып, барлық адамды қалай отырғызып тұрғызуды тергестірейін деп отырғаным жоқ менің жазайын деп отырғаным жазушылар туралы, Жазушының негізгі еңбегі жазу болмаса, ол жазушы бола алмайды. Жоғарыда көрсетілген міндетті сегіз сағаттық еңбекті түгелімен, болмаса денін жазушы жазуына жұмсамаса, одан күрделі еңбек те шықпайды. Мен сіздерге қазіргі жазушымын деп жүрген жазушылардың (көбінесе коммунистердің) күнделік қызметін айтайын. Олар таңертең сағат сегізде тұрып тамағын ішеді де қызметке барып, сегіз сағат табан аудармай, кеңсенің қызметін істейді. Қазіргі жағдайда кеңсенің жауапты қызметін атқаратын адамға күнделік сегіз сағатпен қанағаттануға болмайды, біраз жұмыстарды үйде орындап әкелуге тура келеді. Бұдан басқа, қызметтен тысқары уақыттарда түрлі жиылыстар болады. Осылардың бәрін қорыта келгенде жазушыға «жазуыма» дерлік уақыт қалмайды, қалса (жұмадан басқа) күніне ең көп болғанда екі-үш-ақ сағат қалады. Ол екі-үш сағатта адамның сегіз сағатта әрең атқаратын мәдени тілектерін түгел орындау мүмкін емес. Жазушы қайсысын істеуді біле алмай дағдарып қалады. Егер басқа мәдени тілектерін түгел жауып қойып, жалғыз жазуды ғана таңдауға ойласа, онан да дәнеңе шықпайды. Себебі: ертелі-кеш демей ағыла беретін бұлақтай адам жоқ. Жалғыз жазуға ғана айналсаң, кеңсе қызметінен шаршаған миың болдырған аттай болпаңдап, жадырап желе алмайды. Шарықтап ойлай алмайды. Басың қаңғырып бір жолды бір өшіріп, бір көшіріп, тың кезінде басында жүретін сөздеріңнің көбі аузыңа түспей, малтисың да отырасың. Бір жұмадағы демалыс күні — жұма яки жексенбіде, не болмаса мейрам күндерінде ғана қол босайды. Анығында қазіргі қалам иелерінің (жазушылардың) көбі сол демалыс күндерінде ғана жазған болады. Бұл жөнінде қарапайым адам мем жазушы адамның елеулі айырмасы бар. Жазушы емес қызметкер қолы бір сағатқа босаса да еркіне жайылады, тыныстайды, ал, жазушы адам ондай тыныстайын десе, жазуы қалады да, соған жаны ашып, шаршаса да бірдемені мыжғылай береді. Мінекей біздің жазушылардың, әсіресе коммунист жазушылардың бүгінге дейін тұрмысы осылай болып келеді. Москва, Ленинград тағы сол сықылды үлкен қалаларда жазушылар мәселесі бізден басқарақ. Оларға берілетін бірсыпыра жәрдем бар. Қолдары бос, негізгі кәсібі — жазу. Басқа жұмысты екінші міндетім деп ойлайды. Ол жазушылар жыл сайын шет мемлекеттерге саяхат жасауға жіберіледі. Биыл күз Одақтық пролетариат жазушылар ұйымы Безыменский бастаған алты жас жазушыны бүкіл Европа мен Американы аралап шығуға жіберген. Жазушының шын жазушы болып шығуына үлкен бір себепкер нәрсе саяхат. Орыстың Пушкин, Лермонтов, Толстой сынды саңлақтарының ақын-жазушылық сауатын молайта түсуге олардың Қырым мен Кавказға жасаған саяхаттары да зор мүмкіншілік берді. Бұлардың ең сұлу жазуларының өзі сол Кавказ тұрмысынан алып жазғандары. Горькийдің күшті «аруағы» Альпы тауының кілемдей құлпырған өсімдігін көргеннен қозды. Біздің жазушылар бір айлық демалысқа шығады да, еліне барып үш күн түнеп, қайта қайтқанша уақыты бітіп қалады. Бір сөзбен айтқанда, өмірмен аз араласады. Өзгені былай қойғанда Қазақстандағы Алатау, Алтай сықылды жерлерге барып аралап, Қазақстанның бұрыш-бұрышымен түгел танысқан бір жазушы жоқ. Олардың көретіні өз ауылы мен Қызылорда ғана. Ауызды қу шөппен сүртетін дәуірден өттік. «Жазушымыз жоқ» деп қынжылатын заман артта қалды. Октябрь төңкерісінің жеңісі жаңадан жарыққа жазушылар шығарды. Қазір бізде Қазақстанның өз жағдайына қарай, бойына лайық жазушылары бар. Жазушы атына лайық еңбекші жазушыларымыз бар. Бүгінгі өмір — пікір 'таласынын, өмірі. Пікір майданының мықты құралының біреуі көркем әдебиет болса, көркем әдебиеттің ұстасы — жазушы болса, оларға енді айырықша назар салу керек. Сөзді созбақтай бермей, енді келтесінен қайырайық: 1)         Әдебиет майданында көрініп, негізгі өнері жазушылық екені айқындалған жазушылар бірыңғай жазу жұмысына отыратын болсын. 2)         Оқу комиссариатында ма, басқа жерде ме (орны қажет емес) жазушыларға жәрдем қоры ашылсын. Наркомпроста жас дарындарға жәрдем қоры дегенді айтып жүр. Егер бұл қордың бары рас болса, одан жас дарындарға (еңбекші жазушыларға) жәрдем берілетін болуы керек. 3)         Жазушыларға пәтер үй жөнінен де көмек көрсету керек. Ал қазір жазушылардың көбінің пәтер үймен қамтамасыз етілу жайы мейлінше қанағаттанғысыз. Алдағы күнде бұл кемшіліктер жойылып, жазушының, жемісті еңбек етуіне мүмкіншілік жасалуы керек. Бұған Халық Комиссарлар кеңесі ме, болмаса басқа бір мекеме ме, әйтеуір шара қолданып, тіпті арнаулы қаулы қабылдау керек. 4)         Жаздың басынан бастап жазушылар саяхатқа кетуі керек. Бұған тиісті жәрдем беру керек. Олардың біразы Қазақстанды араласа, кейбіреулерін шет елдерге жіберу қажет. Бұдан басқа да жазушыға керек шарттар көп, бірақ бәрін әзірге айтпай, осымен қанағаттана тұрайық. Егер бұл шарттар істелмесе, жазушыдан күрделі шығарма шығады деу киын. Жалпы қызметкер аз екені рас. Бірақ 1920-1921 жылдардай емес, қазір жаңадан қызметкерлер қосылып жатыр. Оның бер жағында жазушылар үкіметке де, партияға да, еңбекшілер жұртшылығына да кеңсе қызметінен көрі, өз дарынымен — жазуымен, қаламымен көп пайда келтіреді.
08.12.2012 05:48 3951

Бүгінгі білім адамның, кемелді жасына келіп өлуін тексеріп, тез тозбаудың (қартаймаудың, жарымжанданбаудың) әдісін тауып отыр. Адам өмірі еңбекке байланысты. Еңбек адамды шынықтырады. Өнімді еңбек істеп, дұрыс тынығып отырғанда ғана адам тозбайды. Осындай жағдайды еске алып, ғылым бір адамның бір күнгі тіршілігін, көрер жарығын үшке бөледі.

Сегіз сағат ұйқы, бұл уақытта жүректен басқа дененің бәрі де қалғып жайылады, жұмыстан әлсіреген ет-тамырларың тыныстайды. Сегіз сағатта адам күр аттай сілкініп, тыңайып түре келеді. Тынысталған, жиналған күш еңбекке қол тигізсе, бұрқыратып өндіріп тастайды.

Сегіз сағат еңбек істеу. Егер осы мөлшерде ғана істесе, ол еңбек кісіні қажытпайды, қайта денені шынықтырады, ақылын үдетеді. Бұл мөлшерде еңбек істемеген адам азады.

Сегіз сағат демалыс. Бұл кезде адам аунап-қунайды. Таза ауаға шығып, бойын жазады. Қанын таратады. Әртүрлі мәдени тілектерін (шахмат, дойбы ойнау, өлең айту, домбыра тарту, театр, киноларға бару, аң аулауға шығу, кітап оқу тағы басқалар сықылды істерді) орындайды.

Міне, ғылымның адамға тәтті өмір өткізу үшін бөлшектеп беретін кестесі осылар.

Мен бұл арада фальсафа айтып, барлық адамды қалай отырғызып тұрғызуды тергестірейін деп отырғаным жоқ менің жазайын деп отырғаным жазушылар туралы,

Жазушының негізгі еңбегі жазу болмаса, ол жазушы бола алмайды. Жоғарыда көрсетілген міндетті сегіз сағаттық еңбекті түгелімен, болмаса денін жазушы жазуына жұмсамаса, одан күрделі еңбек те шықпайды.

Мен сіздерге қазіргі жазушымын деп жүрген жазушылардың (көбінесе коммунистердің) күнделік қызметін айтайын. Олар таңертең сағат сегізде тұрып тамағын ішеді де қызметке барып, сегіз сағат табан аудармай, кеңсенің қызметін істейді. Қазіргі жағдайда кеңсенің жауапты қызметін атқаратын адамға күнделік сегіз сағатпен қанағаттануға болмайды, біраз жұмыстарды үйде орындап әкелуге тура келеді. Бұдан басқа, қызметтен тысқары уақыттарда түрлі жиылыстар болады. Осылардың бәрін қорыта келгенде жазушыға «жазуыма» дерлік уақыт қалмайды, қалса (жұмадан басқа) күніне ең көп болғанда екі-үш-ақ сағат қалады. Ол екі-үш сағатта адамның сегіз сағатта әрең атқаратын мәдени тілектерін түгел орындау мүмкін емес. Жазушы қайсысын істеуді біле алмай дағдарып қалады. Егер басқа мәдени тілектерін түгел жауып қойып, жалғыз жазуды ғана таңдауға ойласа, онан да дәнеңе шықпайды. Себебі: ертелі-кеш демей ағыла беретін бұлақтай адам жоқ. Жалғыз жазуға ғана айналсаң, кеңсе қызметінен шаршаған миың болдырған аттай болпаңдап, жадырап желе алмайды. Шарықтап ойлай алмайды. Басың қаңғырып бір жолды бір өшіріп, бір көшіріп, тың кезінде басында жүретін сөздеріңнің көбі аузыңа түспей, малтисың да отырасың. Бір жұмадағы демалыс күні — жұма яки жексенбіде, не болмаса мейрам күндерінде ғана қол босайды. Анығында қазіргі қалам иелерінің (жазушылардың) көбі сол демалыс күндерінде ғана жазған болады.

Бұл жөнінде қарапайым адам мем жазушы адамның елеулі айырмасы бар. Жазушы емес қызметкер қолы бір сағатқа босаса да еркіне жайылады, тыныстайды, ал, жазушы адам ондай тыныстайын десе, жазуы қалады да, соған жаны ашып, шаршаса да бірдемені мыжғылай береді.

Мінекей біздің жазушылардың, әсіресе коммунист жазушылардың бүгінге дейін тұрмысы осылай болып келеді. Москва, Ленинград тағы сол сықылды үлкен қалаларда жазушылар мәселесі бізден басқарақ.

Оларға берілетін бірсыпыра жәрдем бар. Қолдары бос, негізгі кәсібі — жазу. Басқа жұмысты екінші міндетім деп ойлайды. Ол жазушылар жыл сайын шет мемлекеттерге саяхат жасауға жіберіледі. Биыл күз Одақтық пролетариат жазушылар ұйымы Безыменский бастаған алты жас жазушыны бүкіл Европа мен Американы аралап шығуға жіберген. Жазушының шын жазушы болып шығуына үлкен бір себепкер нәрсе саяхат. Орыстың Пушкин, Лермонтов, Толстой сынды саңлақтарының ақын-жазушылық сауатын молайта түсуге олардың Қырым мен Кавказға жасаған саяхаттары да зор мүмкіншілік берді. Бұлардың ең сұлу жазуларының өзі сол Кавказ тұрмысынан алып жазғандары. Горькийдің күшті «аруағы» Альпы тауының кілемдей құлпырған өсімдігін көргеннен қозды. Біздің жазушылар бір айлық демалысқа шығады да, еліне барып үш күн түнеп, қайта қайтқанша уақыты бітіп қалады. Бір сөзбен айтқанда, өмірмен аз араласады.

Өзгені былай қойғанда Қазақстандағы Алатау, Алтай сықылды жерлерге барып аралап, Қазақстанның бұрыш-бұрышымен түгел танысқан бір жазушы жоқ. Олардың көретіні өз ауылы мен Қызылорда ғана.

Ауызды қу шөппен сүртетін дәуірден өттік. «Жазушымыз жоқ» деп қынжылатын заман артта қалды. Октябрь төңкерісінің жеңісі жаңадан жарыққа жазушылар шығарды.

Қазір бізде Қазақстанның өз жағдайына қарай, бойына лайық жазушылары бар. Жазушы атына лайық еңбекші жазушыларымыз бар.

Бүгінгі өмір — пікір 'таласынын, өмірі. Пікір майданының мықты құралының біреуі көркем әдебиет болса, көркем әдебиеттің ұстасы — жазушы болса, оларға енді айырықша назар салу керек. Сөзді созбақтай бермей, енді келтесінен қайырайық:

1)         Әдебиет майданында көрініп, негізгі өнері жазушылық екені айқындалған жазушылар бірыңғай жазу жұмысына отыратын болсын.

2)         Оқу комиссариатында ма, басқа жерде ме (орны қажет емес) жазушыларға жәрдем қоры ашылсын. Наркомпроста жас дарындарға жәрдем қоры дегенді айтып жүр. Егер бұл қордың бары рас болса, одан жас дарындарға (еңбекші жазушыларға) жәрдем берілетін болуы керек.

3)         Жазушыларға пәтер үй жөнінен де көмек көрсету керек. Ал қазір жазушылардың көбінің пәтер үймен қамтамасыз етілу жайы мейлінше қанағаттанғысыз.

Алдағы күнде бұл кемшіліктер жойылып, жазушының, жемісті еңбек етуіне мүмкіншілік жасалуы керек. Бұған Халық Комиссарлар кеңесі ме, болмаса басқа бір мекеме ме, әйтеуір шара қолданып, тіпті арнаулы қаулы қабылдау керек.

4)         Жаздың басынан бастап жазушылар саяхатқа кетуі керек. Бұған тиісті жәрдем беру керек. Олардың біразы Қазақстанды араласа, кейбіреулерін шет елдерге жіберу қажет.

Бұдан басқа да жазушыға керек шарттар көп, бірақ бәрін әзірге айтпай, осымен қанағаттана тұрайық. Егер бұл шарттар істелмесе, жазушыдан күрделі шығарма шығады деу киын. Жалпы қызметкер аз екені рас. Бірақ 1920-1921 жылдардай емес, қазір жаңадан қызметкерлер қосылып жатыр. Оның бер жағында жазушылар үкіметке де, партияға да, еңбекшілер жұртшылығына да кеңсе қызметінен көрі, өз дарынымен — жазуымен, қаламымен көп пайда келтіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға