Жаңалықтар

Тарихи шашу

Неше жүз жылдан еңбекші тапты құлданып, әлсіз, мешеу елді отарланып келген азуы алты қарыс капиталды, капиталдың қолжаулығы — патшаны, патшаның үй күшігі — төрелерді жермен жексен қылған Октябрь онға келді! Колчак, Юденич, Семенов, Врангель, Анненков, Дутов сықылды жанаралдардың алтын елестеген үмітін жерге көміп, бордай тоздырған Октябрь онға келді! Кадет, меньшевик, әсер, тағы сондай екі жүзді сұрқияларды шірітіп-ірітіп иттей ұлытқан Октябрь онға келді! Езілген отар елдердің көзін ашқан, шаруаға жер берген, жұмыскерге завод пен үстемдікті берген, жалпы еңбекші бұқараға өнер-білімді берген, құлды — қожаға, қойшыны — мырзаға, әйелді — еркекке теңгерген Октябрь онға келді! Октябрь туған күні ондағы бала қазір құрал иесі — жауынгер. Сол күні туған бала бүгін онға келіп, пионер болды, мектепке түсті, лениншілмін деді. Осындай істерді істеген Октябрьдің 10 жыл жасауына қай еңбекші қуанбайды?— Әрине, қуанады! Шет мемлекеттердегі еңбекшілерді былай қойғанда, дүниенің алтыдан бірін алып отырған Кеңес елінің іші ертең (он жылдық той күні) қып-қызыл туға бөленгелі отыр. Ой да, қыр да дүниені ұранмен күңіренткелі отыр. Дүние толқығалы отыр, Октябрьдің он жылы әлі де құлдықтан құтыла алмағандарды құтқарғалы, күреске шақырғалы отыр. Капитал күйінгелі, еңбекші сүйінгелі отыр. Еңбекшіні шын жүрегімен сүйетіндердің бұған неғып қаны қызбайды? Шешен сөзімен, әнші әнімен, жыршы жырымен неғып шалқымайды?— Әрине, шалқиды, шалқып та отыр! Өнерлі елдерді былай қойғанда, шашқан бидайдай бытырап, екі үй бір, үш үй бір көшіп жүрген қазақ даласы да Октябрьдің он жылына толғана бастады. Октябрьдің он жылдық мерекесінің дабысы: Амударияға малтып, Қарақалпаққа кетті. Каспийді аттап, Адайға барды. Бетпақтың шөлін кезіп, Шу еліне жетті. Алтайдың тауын күңірентті, қой баққан қойшыны, сиыр баққан сиыршыны, жылқышыны, жалшыны, еңкейген шал, еңбектеген жасты дүбілтті. Бір кезде жылаған бала күлді. Ақынның шері, тұлпардың.желі қозды. Қуанған мен қорыққан бірдей; екеуінде де жүрек аласұрып ауызға сөз түсірмейді. Дала ақындары не дерін білмей қалды. Жүздеген ақын бір дауыспен «Жасасын Октябрь!» деді. Қазір де көз алдыма келеді; Өлкелік партия комитетінің үйінде, августың орта кезінде Октябрьдің мерекесін өткізу үшін жиылыс болды. Ақындардың өлеңдерін басу туралы әңгіме қозғалғанда, кейбір жолдастар «жиылар ма екен?» десті. Уақыт тығыз қалды. Өзіміз де күдіктендік. Айтпаған кінә бізде болмасын деп «Еңбекші қазақ» газетіне хабарландыру жаздық. Өлеңдерді жинастыру міндеті маған тапсырылған еді. Хабарландыру басылғаннан кейін бір жұма еткен соң өлең, әңгіме қардай жауды. Күні бүгінге дейін жауып жатыр. Бірақ ақырын күтуге күн таянып қалғандықтан қолға түскендерінен қорытып, өлеңдер жинағын баспаға бердік. Менің қолыма айналасы 400-ге жақын өлең, 10-ға жақын әңгіме түсті. 300-ден астам кісі жазған. Ішінде 4-5 өлең жіберіп, қай таңдағанын ал дегендері де бар. Келген өлеңді бақалшағына дейін тексердік. Іске жарағаны болса тастағамыз жоқ. Кейбір маңызы жақсы, түрі оңды, бірақ азын-аулақ жерінде ақсағы бар өлеңдерді шамамызша өңдедік. Кейбіреулердің жіберген 4-5 өлеңі түгел жақсы болып шыққандары болды. Оның бәрін жіберуге орынның тарлығын еске алдық және әркім де еңбек еткен соң, көптің сөзін жіберуді ойладық. Осы себептен біраз жарарлық өлеңдерді алып та қалдық. Біздің ойымыз: бірінші жақтан, Октябрьдің он жылдық мерекесінде өлеңдер жинағын бастыру болса, екінші жағынан елдегі шаруа бағып жүрген ақындардың Октябрьге қаламын қалай қосатындығын, қалай қуанатынын, Октябрьді қалай түсінетінін білу еді. Ақындар көңілдегідей шықты. Түсінеді екен, қуанады екен, Октябрьді біледі екен. Бір қалам емес, жүздеген қалам тербенді. Октябрьді жырлаушы біреу емес, жүз-жүз екен. «Сендерде жазушы бар ма, кедей дегенді қайдан тауып алдыңдар, ауыл әлі күнге құран оқып отыр. Кеңес. өкіметін танымайды» дейтұғын «мырзаларға» бұл үлкен сабақ, бұл жұмыс «мырзаларды» мойындататын, мойындамаса мыңдаған қаламмен оларды түйреп өлтіретін жұмыс. Бізде бұрын: Айшылық жерді алты аттайтын поезды, аспандағы қыран аэропланды жырлап, қазақ еңбекшілерін өнерге шақыратын, қымс етсе қазақ жұмыскері деп қаламын ала жүгіретін қазақ еңбекші жазушыларының тұнғышы — Сәкен бар еді. Мырқымбайдың арбасыма мініп алып кеңесетін Мырқымбаймен егін салатын, шөп шабатын, ол кейісе кейитін, ол қуанса қуанатын, шаруа десе қаламы аттай желетін — Бейімбет бар еді. Жалшының тұрмысын өзгеден бұрын көретін, қазақ еңбекшілерін Европа еңбекшілеріне қолдасуға шақыратын, Англияда жұмыскер таяқ жесе, Америкада Сакко мен Ванцетти өлсе аза қылатын, өмірі, тәрбиесі, кескіні, кейпі жалшыға таңдық, жалшының ақыны —- Қалмақан бар еді. Кедейді, жұмыскердің иісі бар жерін тіміскілеп жүретін, соларды жазатын — Елжас Бекенұлы бар еді. 40 мың батырағым бар деп көтеріле сөйлейтін, сол батырақтардың кемшілігін көрсе қаламымен қоса қабат жүгіріп, аяқ-қолы жер баспайтын, қазақ жұмыскерлерінің арасынан бірінші рет қалам ұстаған — Орымбек Бекұлы бар еді. Жаңа көтеріліп келе жатқан жас ақындарымыз Асқар, Жақан, Самат, Мансұр бар еді. Октябрь революциясынан туған қазак совет әдебиетінің алдыңғы қатардағы жазушылары ұйымдасып, пролетариат жазушылары боламыз деген ту көтерді, іске кірісті, жұмыскер, шаруа жазушыларының басын бір жерге құрастырып, тәрбие беруге бет алды. Ұлтшылдар: «Уа! Бұларың не? Жазушыны қайдан аласыңдар!» деп даурықты. Жазушыны қайдан алатынымызды осы өлеңдер жинағы айтып бере алады. Жазушыны біз іздемейміз, Октябрьдің толқыны іздейді, біз шығармаймыз, Октябрьдің толқыны шығарады. Октябрьдің он жылдық тойынын екпіні 300-ден астам қаламды тербетсе, 20 жылдығы үш жүзге тағы бір ноль қалай қоспас екен. Бұл 300 бұрынғы бармақпен санайтындарға үлкен серік, үлкен бел. «Мырзалар» күні бүгінге дейін барды көрмей келді. Менсінбей келді. Көрсе де көргісі, білгісі, есептескісі келмей келді. Оларды көрмей жүргенде Октябрьдің он жылдық, тойының қарсаңында жүздеген қалам найзадай сүйіріп шыға келді. Әрине, бұлардың бәрі көңілдегідей ақын болмауы мүмкін, бірақ «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» еріксіз шығады. Жарасын, жарамасын — он жылдық мерекеге бұрын атын-жөнін ешкім білмейтін 300-дей кісінің шашу жіберуі кімді ойға қалдырмас екен. Досты дәмелендіріп, дұшпанды шошытпас па екен. Әрине, сөйтеді! Ауыл-ауылдың арасында Кеңес тілегі жайылып бара жатқанына бұл дәлел болмағанда енді не дәлел болады? Октябрьдің ом жылы бір қуаныш болса, бұрынғы аздаған еңбекші ақындарға ел шаруасынан ондаған ақындардың ат қосуы, тобын көбейтуі — қазақ совет әдебиетіне екінші қуаныш. Октябрьдің онжылдық өмірінде істеген ісі, шашқан жемісі тарихта болмаған іс, болмаған жеміс. Сол жемістердің де, істердің де қорытындысы ертең болатын ұлан-асыр тойда қорытылмақ. Әркім барынша тойға шашу шашпақ. Сол шашудың біреуі осы өлеңдер жинағы. Бұл — үлкен шашу, тарихи шашу.
08.12.2012 05:42 4522

Неше жүз жылдан еңбекші тапты құлданып, әлсіз, мешеу елді отарланып келген азуы алты қарыс капиталды, капиталдың қолжаулығы — патшаны, патшаның үй күшігі — төрелерді жермен жексен қылған Октябрь онға келді!

Колчак, Юденич, Семенов, Врангель, Анненков, Дутов сықылды жанаралдардың алтын елестеген үмітін жерге көміп, бордай тоздырған Октябрь онға келді!

Кадет, меньшевик, әсер, тағы сондай екі жүзді сұрқияларды шірітіп-ірітіп иттей ұлытқан Октябрь онға келді!

Езілген отар елдердің көзін ашқан, шаруаға жер берген, жұмыскерге завод пен үстемдікті берген, жалпы еңбекші бұқараға өнер-білімді берген, құлды — қожаға, қойшыны — мырзаға, әйелді — еркекке теңгерген Октябрь онға келді!

Октябрь туған күні ондағы бала қазір құрал иесі — жауынгер. Сол күні туған бала бүгін онға келіп, пионер болды, мектепке түсті, лениншілмін деді. Осындай істерді істеген Октябрьдің 10 жыл жасауына қай еңбекші қуанбайды?— Әрине, қуанады!

Шет мемлекеттердегі еңбекшілерді былай қойғанда, дүниенің алтыдан бірін алып отырған Кеңес елінің іші ертең (он жылдық той күні) қып-қызыл туға бөленгелі отыр. Ой да, қыр да дүниені ұранмен күңіренткелі отыр. Дүние толқығалы отыр, Октябрьдің он жылы әлі де құлдықтан құтыла алмағандарды құтқарғалы, күреске шақырғалы отыр. Капитал күйінгелі, еңбекші сүйінгелі отыр. Еңбекшіні шын жүрегімен сүйетіндердің бұған неғып қаны қызбайды? Шешен сөзімен, әнші әнімен, жыршы жырымен неғып шалқымайды?— Әрине, шалқиды, шалқып та отыр!

Өнерлі елдерді былай қойғанда, шашқан бидайдай бытырап, екі үй бір, үш үй бір көшіп жүрген қазақ даласы да Октябрьдің он жылына толғана бастады. Октябрьдің он жылдық мерекесінің дабысы: Амударияға малтып, Қарақалпаққа кетті. Каспийді аттап, Адайға барды. Бетпақтың шөлін кезіп, Шу еліне жетті. Алтайдың тауын күңірентті, қой баққан қойшыны, сиыр баққан сиыршыны, жылқышыны, жалшыны, еңкейген шал, еңбектеген жасты дүбілтті. Бір кезде жылаған бала күлді. Ақынның шері, тұлпардың.желі қозды. Қуанған мен қорыққан бірдей; екеуінде де жүрек аласұрып ауызға сөз түсірмейді. Дала ақындары не дерін білмей қалды. Жүздеген ақын бір дауыспен «Жасасын Октябрь!» деді.

Қазір де көз алдыма келеді; Өлкелік партия комитетінің үйінде, августың орта кезінде Октябрьдің мерекесін өткізу үшін жиылыс болды. Ақындардың өлеңдерін басу туралы әңгіме қозғалғанда, кейбір жолдастар «жиылар ма екен?» десті. Уақыт тығыз қалды. Өзіміз де күдіктендік. Айтпаған кінә бізде болмасын деп «Еңбекші қазақ» газетіне хабарландыру жаздық. Өлеңдерді жинастыру міндеті маған тапсырылған еді. Хабарландыру басылғаннан кейін бір жұма еткен соң өлең, әңгіме қардай жауды. Күні бүгінге дейін жауып жатыр. Бірақ ақырын күтуге күн таянып қалғандықтан қолға түскендерінен қорытып, өлеңдер жинағын баспаға бердік.

Менің қолыма айналасы 400-ге жақын өлең, 10-ға жақын әңгіме түсті. 300-ден астам кісі жазған. Ішінде 4-5 өлең жіберіп, қай таңдағанын ал дегендері де бар. Келген өлеңді бақалшағына дейін тексердік. Іске жарағаны болса тастағамыз жоқ. Кейбір маңызы жақсы, түрі оңды, бірақ азын-аулақ жерінде ақсағы бар өлеңдерді шамамызша өңдедік. Кейбіреулердің жіберген 4-5 өлеңі түгел жақсы болып шыққандары болды. Оның бәрін жіберуге орынның тарлығын еске алдық және әркім де еңбек еткен соң, көптің сөзін жіберуді ойладық. Осы себептен біраз жарарлық өлеңдерді алып та қалдық.

Біздің ойымыз: бірінші жақтан, Октябрьдің он жылдық мерекесінде өлеңдер жинағын бастыру болса, екінші жағынан елдегі шаруа бағып жүрген ақындардың Октябрьге қаламын қалай қосатындығын, қалай қуанатынын, Октябрьді қалай түсінетінін білу еді. Ақындар көңілдегідей шықты. Түсінеді екен, қуанады екен, Октябрьді біледі екен. Бір қалам емес, жүздеген қалам тербенді. Октябрьді жырлаушы біреу емес, жүз-жүз екен. «Сендерде жазушы бар ма, кедей дегенді қайдан тауып алдыңдар, ауыл әлі күнге құран оқып отыр. Кеңес. өкіметін танымайды» дейтұғын «мырзаларға» бұл үлкен сабақ, бұл жұмыс «мырзаларды» мойындататын, мойындамаса мыңдаған қаламмен оларды түйреп өлтіретін жұмыс.

Бізде бұрын:

Айшылық жерді алты аттайтын поезды, аспандағы қыран аэропланды жырлап, қазақ еңбекшілерін өнерге шақыратын, қымс етсе қазақ жұмыскері деп қаламын ала жүгіретін қазақ еңбекші жазушыларының тұнғышы — Сәкен бар еді.

Мырқымбайдың арбасыма мініп алып кеңесетін Мырқымбаймен егін салатын, шөп шабатын, ол кейісе кейитін, ол қуанса қуанатын, шаруа десе қаламы аттай желетін — Бейімбет бар еді.

Жалшының тұрмысын өзгеден бұрын көретін, қазақ еңбекшілерін Европа еңбекшілеріне қолдасуға шақыратын, Англияда жұмыскер таяқ жесе, Америкада Сакко мен Ванцетти өлсе аза қылатын, өмірі, тәрбиесі, кескіні, кейпі жалшыға таңдық, жалшының ақыны —- Қалмақан бар еді.

Кедейді, жұмыскердің иісі бар жерін тіміскілеп жүретін, соларды жазатын — Елжас Бекенұлы бар еді.

40 мың батырағым бар деп көтеріле сөйлейтін, сол батырақтардың кемшілігін көрсе қаламымен қоса қабат жүгіріп, аяқ-қолы жер баспайтын, қазақ жұмыскерлерінің арасынан бірінші рет қалам ұстаған — Орымбек Бекұлы бар еді.

Жаңа көтеріліп келе жатқан жас ақындарымыз Асқар, Жақан, Самат, Мансұр бар еді.

Октябрь революциясынан туған қазак совет әдебиетінің алдыңғы қатардағы жазушылары ұйымдасып, пролетариат жазушылары боламыз деген ту көтерді, іске кірісті, жұмыскер, шаруа жазушыларының басын бір жерге құрастырып, тәрбие беруге бет алды. Ұлтшылдар: «Уа! Бұларың не? Жазушыны қайдан аласыңдар!» деп даурықты.

Жазушыны қайдан алатынымызды осы өлеңдер жинағы айтып бере алады. Жазушыны біз іздемейміз, Октябрьдің толқыны іздейді, біз шығармаймыз, Октябрьдің толқыны шығарады. Октябрьдің он жылдық тойынын екпіні 300-ден астам қаламды тербетсе, 20 жылдығы үш жүзге тағы бір ноль қалай қоспас екен. Бұл 300 бұрынғы бармақпен санайтындарға үлкен серік, үлкен бел.

«Мырзалар» күні бүгінге дейін барды көрмей келді. Менсінбей келді. Көрсе де көргісі, білгісі, есептескісі келмей келді. Оларды көрмей жүргенде Октябрьдің он жылдық, тойының қарсаңында жүздеген қалам найзадай сүйіріп шыға келді. Әрине, бұлардың бәрі көңілдегідей ақын болмауы мүмкін, бірақ «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» еріксіз шығады. Жарасын, жарамасын — он жылдық мерекеге бұрын атын-жөнін ешкім білмейтін 300-дей кісінің шашу жіберуі кімді ойға қалдырмас екен. Досты дәмелендіріп, дұшпанды шошытпас па екен. Әрине, сөйтеді! Ауыл-ауылдың арасында Кеңес тілегі жайылып бара жатқанына бұл дәлел болмағанда енді не дәлел болады? Октябрьдің ом жылы бір қуаныш болса, бұрынғы аздаған еңбекші ақындарға ел шаруасынан ондаған ақындардың ат қосуы, тобын көбейтуі — қазақ совет әдебиетіне екінші қуаныш.

Октябрьдің онжылдық өмірінде істеген ісі, шашқан жемісі тарихта болмаған іс, болмаған жеміс. Сол жемістердің де, істердің де қорытындысы ертең болатын ұлан-асыр тойда қорытылмақ. Әркім барынша тойға шашу шашпақ. Сол шашудың біреуі осы өлеңдер жинағы. Бұл — үлкен шашу, тарихи шашу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға