Жаңалықтар

Байдың толғағы

«Еңбекші қазақтың 187-188 сандарында «Көркем әдебиет туралы» «Екеудің» мақаласы басылды. Шынында «Екеудің» мақаласы әдебиет туралы ғана емес, әдебиетті бүркеншектеп, біздің ұстаған түпкі мақсатымызға түбімен қарсы пікір. Үстіртін қараған кісіге әдебиет туралы сықылды көрінгенмен, бұл мақаланың астын қазсаң батпағы шығады. Сөзім өтірік болмау үшін алдарыңызда «Екеуді» сөйлетіп қойып, сындарыңызға берейін. Өздеріңіз сыншы болыңыздар. Ең әуелі «Екеудің» мақаласын тексеруден бұрым жалпы көзқарасты айта кетейін. Қазіргі дәуір тап күресінің бітпеген дәуірі. Тап күресі кезінде екі тап тату тұра алмайды. Әр таптың көсемі яки көсемсінгені («Екеу» сықылды) өз табының жырын жырлайды. Жырламаған еркіне сүйенген табы қоймайды. Біздің Кеңестер Одағында еңбекші табы үстем болып отырғанмен, басқа таптар құрып кете қойған жоқ. Тапсыз коммунизм дәуіріне біз аяқты жаңада ғана салып келеміз. Пролетариат өз үстемдігінің арқасында ескі тұрмысты құрытып, коммунизмді негізге ала социалистік тұрмыстың дүкенін құрса, байлар бұған құтырған бурадай кесе-көлденең келіп, жынын шашады. Ол өлгенше өз мақсатын көксеуді қоймайды. Шамасы келсе ашып айтады. Қара күшке де салады. Ол қолынан келмесе ішімізге кіріп алып, өз жолын сыналап, пролетариат тілегіне жабыстырғысы келеді. Қазақстанда жаңа тұрмыстың негізі салынды. Біздің ауылымыз кеңестеніп, шаруамыз социалистік құрылысқа бет алды. Ескі тұрмысқа тұсау түсіп, ескілік күннен күнге кері кетті. Ауылдағы қожалық, қылатын бай, молдалардың ықпалы түсті. Бұл жай бай мен молдаға болсын, оның «сұлу тіл» жоқшысы — «Екеуге» де болсын осал тиіп отырған жоқ. Бұлардың қайсысы болса да жаңа тұрмысқа амалсыз көніп отыр. Бірақ көндім деп қарап отырған жоқ. Көріне қарсы шыға алмайтын болған соң кеңесшіл болғансып, жолымызды бөгегісі келеді. Салт-сана жағынан да қазактың байы «кеңесшіл» әдісті қолданғасын қимыл қылып отыр. Үстірт қараған кісіге олардың кейбір пікірлері біздің жолымыз сияқты. Олар тіпті Маркс пен Лениннің сөздерінен мысалдар келтіріп те соғады. Соңғы кезде мұндай боямалардың әлденеше әдістерін санауға болады. Жаңа әліп-би туралы Омарұлы Елдестің Мержақыптың айтқан сөздерін олардың төңкерістің басындағы Советке қарсы сөздерімен салыстырсаң көп айырма, боямалық бар. Ол уақытта бұлар Советті, большевикті «бұзақы, сұмырай» десе, енді ол сөздерінен тайып, екіжүзділікпен Совет үкіметі ұсақ езілген ұлттардың мәдениетін көтеретін өкімет» деп жалтармақ болады. Жаңа әліпби соның бір жолы болса, оған саясатты қатынастырып не қыламыз. Қазаққа қолайлы ма, қолайсыз ба, қолайсыз ба, соны тексерейік те. Екеуге сөз берейік, не дер екен? «Манадан бергі сөзіміздің қорытындысы: қазақтың ұлтшылдығы, басқаны өзіне бағындыруды көксеген, шегіне жеткен, озбыр ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жан сауға қылуға, жете алса теңдік алуға талпынған (әдемілеуін! С. М.) тіленші ұлтшылдық тұрмыс жүзінде ұсақ ұлттардың қалың бұқарасы теңгерілмей тұрғанда, ұлтшылдық жойылмайды. Бұрынғы жалаңаш ұлтшылдық (қазір киім киіп пе? С. М.) бұл күнде бұқарашылдыққа айналса (оны қайдан таптың ?! С. М.) бұл бір саты, бұл бір табиғи жол. (Па, шіркін ай!.. С. М.). Қазақ капитал дәуірін аттап өтіп тегістік тұрмысқа жетсе құба-құп (бәсе, осылай келші! С. М. ), жете алмаса әдебиетті аттатам дегенімен тұрмыс аттамайды. Біз бұл дәлелге келтірген сөздің басқа жағына кезінде айналармыз. Қазір «құба-құпқа» тоқталайық. Ең әуелі «Екеуге» мен бұл жерде пікірлерін ашып айтқанына рақымет айтам. «Екеу» мақаласының басынан аяғына дейін жалтақтап, қадисті қолына ала сөйлейтін дүмше молда сықылды. Марксті қолына ала жүгіріп, бетін бір бояп, бір сүртіп отырып, қалай ұсталып қалғанын аяғында білмей қалған. Шіркін, тап күресінің талқысы шыдатсын ба?! «Екеудің» еркіне қойғызсын ба? Жүрегіндегі запыраны еріксіз құстырғанын қарашы?! Қазақтың байшылдарынан «Екеудің» «құба-құбын» бояма түрде талай естіп келеміз. «Қазақ капиталдық дәуірі түгілі ақсақалдық дәуірінде жүр. Сол себепті қандай жұмысымызды болса да таптық негізімен істеуге болмайды. Қазақты бай, кедейге бөліп не қыламыз, бәрін бірдей тегістік тұрмысқа жетілтсек қайтеді» деп, мәймөңкелеп бастаушы еді олар. «Екеу» «қайтеді» дегенді былай тастап, «құба-құпқа» ерттеп мініп кеп алды. Әрине, «Екеу» болсын, басқа байшыл-ұлтшылдар болсын, әрқашан Қазақстанда социализм құруға болмайды дейтіндерін жаңа ғана естіп жүргеніміз жоқ. Және олардың айтатынын да білеміз. Олар айта алмай отыра алмайды да. Социалистік негізде құрылған Кеңестер өкіметі Қазақстанда жеті жыл толғаны олардың зәресін ұшырады, үрейін қалдырмайды, сол жеті жылғы табыстың жемісін қазақ еңбекшілері көріп отырса, олар көрмейді, көргісі де келмейді. Қазақ еңбекшілерінің жеті жылғы теңдік өмірінде біздің жұмыла кіріскен ісіміз ауылды кеңестендіру болды. Кеңестендіру дегеннің саяси мағынасы өкімет, әлеуметтік жұмыстарының бәріне еңбекшіл бұқараны қожа ету деген сөз, ел билігін еңбекші бұқараның қолына ұстату деген сөз. Жаман, жақсысы болсын әлеуметтік тұрмыстың қожалығы еңбекші бұқараның қолында емес деп «Екеудің» өзі де айта ала ма екен? Бұрын бүтін бір елді пәлен ақсақал, пәленшекең билесе, енді (болыс, ауылнай деген ат қалмағанмен) жұмыстың бәрі бір адамның қолында деп кім айта алар екен?! Рас, біздің ауылымыз көңілдегідей кеңестеніп болған жоқ. Бірақ, баяғымен салыстырғанда ауылдағы еңбекші бұқара кеш бойы ілгері кетті. Мұны ас ішкенде көзін жұмған мысықша «Екеулер» бүркеншектеп көрсеткісі келмегенмен тарих жасырмайды, еңбекші бұқара жасырмайды. Мұны көрмегеннің көзіне еңбекші бұқара күл төгеді. Кеңестендірудің шаруашылық жағы мен мәдениет мәселесіндегі міндеті — бұрынғы ескі шаруа негіздерін бұзып, еңбекші бұқараға тиімді қылу. Және бетін тегістік шаруаға бейімдеу. Жерге орналастыру жұмысы, кооператив мәселесі, шабындық, егістік жерді бірдей болу, ауқатына қарай салық алу, соның бәрінен құралған қаражаттарды жалпы еңбекші елдің шаруасын көтеруге, қараңғылығын жоюға жұмсау, мұның бәрі кеңестендірудің жемісі емей немене?! Бұрын бір аяқ саумалы үшін байдың қысы, жазы малын бағып, отын жағатын еңбекші бұқара, қазір өз шаруасын көтеруге кірісіп жатқан жоқ па? Үкімет қолдан келген жәрдемін істеп, қарасқан жоқ па? Ең аяғы жалшыға шейін байға тұрса шарт қағазбен тұрмай ма? Мұны олар бұрынғы күнде білетін бе еді? Бай ақысын берсе беріп, бермесе бермейтін жалшы, қазір еңбегін байдың көзін бадырайтып алып отырған жоқ па? Бұдан олардың шаруасы, тұрмысы түзелмегенде қайтеді? Қазақстанда түрлі өнеркәсіп орындары ашылып жатыр: жылына неше миллион пұт май беретін Оралдағы мұнай кәсібі анау. Керекті құралдарының бәрі түгелденіп, іске кірісе бастаған Қарсақпай мынау. Семейде Риддер бар. Електің тұз кәсібі бар. Каспийде тау-тау боп үйіліп жатқан балық. Жетісуда шойын жол салынып жатыр. Қызылжардан Ақмолаға бет алып, Жетісу жолын төтелеп, Ақмола— Қызылжар жолы бара жатыр. Шымкентте, Семейде тоқыма фабрикалары ашылуға айналды. Губерниялық, уездік қалалардың көбінде сабын, тері, кірпіш заводтары бар. Бұларды «Екеу» көрмегенімен біз көреміз. Ілгері бастырамыз, қазақтың ауылдарындағы мыңдаған жұмыссыз батырақтарды соларға жинаймыз. Жинап та жатырмыз. Мұның аты өнеркәсіп орындарын социалистік бағытқа көшірген емей немене? Бай табының сенімділері өз мақсатын біздің жолмен бояп іске асыру үшін мың түрлі әдіс, айла қолданады. Идеология майданындағы күшті құралдардың бірі — көркем әдебиет. Байшылдардың да қалада сығалайтын бір тесігі осы. Бұл ретте олар ашық қарсы болмай Марксты шымылдық қыла сөйлеуге тырысады. Жақында ғана баспада жарияланған Мағжанның: «Ал, мен тоқсанға қосылам, кедейшіл болам, нанбасаң байды ит-шошқа, не жуан қарын, пасық, арамтамақ деймін. (Бұлай десе баяғыдан бері қайда қалды екен? С. М.) Маған қалай сенбейсің» деген сөзі қазақ байының бояма пікірінің нағыз өзі Мағжанның бұл боямасы қазақ байының өліп бара жатқанын сипаттайды. Бірақ Мағжан осы оймен жазды ма, болмаса, «дәм-тұзымызға» еріксіз келді ме, ол арасы әлі талас мәселе. Мынау алдарыңызға салып отырған «Екеудің» мақаласы да олардың кеңес тонын жамыла қойғанын көрсетіп отыр. Бұл арада отырған бізге қарсы байлардың пікірінің сұрқияланған бір түрі. Енді «Екеудің» боямаларына келейік. «Екеу» сөзінің басын өзіміздің тілмен астарлап бастайды дедім. Соны жекелеп тексерейік. «Құба-құп» деген қорытындысын дәлелдеу үшін «Екеу» қазақтың қазіргі әлеуметтік-мәдениет құрылыстарына өзінше сын береді. Қазіргі қазақтың мәдениетін былай деп суреттейді: «Мәдениеті жоқ ел дүниені, табиғатты білім жолымен, ақылмен танымайды, жорумен, аңыз қылумен таниды. Мәлімсіз күшпен (құдаймен) жаратылып тұр деп сенеді. Дүниеде өздеріне зияны тиетін қас күштер, пайдасы тиетін дос күштер бар деп сенеді. Дос күштер құдай, періште, пайғамбар, Қыдыр-Ілияс, аруақ, қас күштер: дәу-пері, жын-шайтан, сұмырай... Мұндай елдің ақылынан сезімі басым келеді. Міне, қазақ елі осындай» («Екеудің» мақаласынан қысқартып алдым. С. М.). Екінші сөзбен айтқанда, «Екеудің» ұғымынша қазақ елінің әлі күнге дейін дүниені ақылмен, ғылыммен тану түсіне де кірген жоқ. Қазақ елі бәрін құдайдан деп біледі. Екінші сөзбен айтқанда Октябрь революциясының советтік құрылыстың оларға түк те әсері болған жоқ... Мұндай да бояма, қисынсыз өтірік болады екен-ау! Қазақ елі, әлі күнге дейін тағылық заманнан шыға алмай жүр, бәрі де құдайдан басқа өнер, күштен түк білмейім дегенге бұрын нанса да, қазір есі дұрыс кісі нанар ма? Рас, қазақтың мәдениеті кемеліне жеткен мәдениет деп ешкім де айтпайды. Бірақ аз болса да мәдениетіміз бар, оның өскендігі байқалады. Табиғат күшін пайдалану ретінде қазіргі жайды алсақ, қазақ халқы аруаққа, құдайға ғана сеніп отырған жоқ. Көрші отырған мәдениетті елдерден алып, пайдаланып отырған толып жатқан өндіріс құралдарын қоя тұрып, қазақтың өз ішіндегі бойына біткен өнерлерін санайық: етікші, үйші, оюшы, ұсталық, зергерлік, тағы сол сықылды толып жатқан өнерлерді қазақтың қайсысы құдайдан, аруақтан алдық деп айтқанын «Екеу» естіген екен? «Рас, құдайдан жаңбыр тілеп, күн тұтылса тасаттық беру, топалаң келсе аруаққа жалынып, малын молаға түнету, немесе молдаға хатым оқыту, дертті үшкірту, бақсыға қарату, бәрі де табиғат сырын білмегендік. Қазақ елі әлі осындай» дейді «Екеу». Қазақтың бәрі «жақсы құдайдан» жаңбыр тілесе, Сыр бойындағы қазақтар, Қазақстанның басқа аймақтарындағы диқаншы елдер шығырынан сарқырап ағатын суы болмаса, құдайдың жаңбырынан түк үміт күтпейді. Жаңбыр бер деп тілемейді. Мұны «Екеу» неше жыл осы аудандарда жүрсе де көрмеген екен. «Екеу» көрмеді деп басқа жұрт мұны өтірік демейтін шығар. Науқасты бақсыға қаратудан гөрі дәрігерге қаратуды елдің көбі мақұл көреді. Мал дәрігері мен адам дәрігерін іздеп, қалада жүрген қазақтарды талай көрдік. Мұны көргісі келмеген «Екеуге» біз ұрып көрсете алмаймыз. Нас, діншілдік, ел ішінде жоқ демейміз, бар. Бірақ күллі қазақ елі тұяғынан сондай деу, тал түсте жұртты адастырғандық. «Құба-құбын» дәлелдеу үшін «Екеудің» бірінші боямасы осы. Қазақтың мәдениетін тек құр қиялға сүйенеді деп дәлелдеу, қазақ әлі баяғысынан бұлжыған жоқ деген сөз. Шынында, ойлап қарасаңыз, «Екеудің» мақаласының түпкі сарыны, әдебиет ағымын дәлелдеу емес, қазақтың қазіргі мәдениет жайын теріс баяндауға тырысу, өздерінше қазақ мәдениеті баяғысынан бір қадам да алға ілгерілеген жоқ деп түсіндіру. Қазақтың қазіргі әлеуметтік құрылысын «Екеу» былай деп сипаттайды: «Ақсақал дәуірі, ру таласы осы күнге дейін қалмай келіп отыр. Үлкенді сыйлау, пәленше білсін деу әлі күнге бар. Осы күнге дейін Исполкомдардың болыс атанып, болыс есепті іс қылып, ауыл кеңестерінің ауылнай болып жүруінде де сондай терең сыр бар. Әлеумет құрылысы қандай болса халықтың ой жүйесі де, жан қалпы да соған лайықталып, икемделіп қалыптанады. Жаңа жұртшылық әлі қалыптана алмай жатыр. Бұрын жеке адамға бағынған дарашылық пікір үстем болса, енді көпшілік, тапшылдық пікір күшейіп отыр. Мұның бәрі де әдебиетке әсер етіп отыр». Әрине, «Екеуден» бұдан артық ұғуды күтуге болмайды. Бұл жерде «Екеу» әлгідей емес, мойындайын дейді. Жоғарыда мәдениет туралы қазақ қимылдамай орнында тұр десе, әлеуметтік құрылысқа келгенде көпшілдік, тапшылдық пікірі күшейіп жұртшылық жасалып келе жатқанын алмайтынын айтып отыр. Бірақ мұның да боямасы бар. Біз ауылды кеңестендіріп, жаңа жұртшылықты күннен күнге қалыптандырып келеміз десек «Екеу» қалыптана алмай жатыр дейді. Біз көпшілдік, тапшылдық үстем десек, «Екеу» ұрыншақ аттай көлденеңдеп шауып-шауып алады, шөгір кірген кісідей аяғын тап баса алмай, тыпырлай береді, майда тілдерімен жаңалықты азайтып, шамасы келсе, жоқ деуге де оңтайланып, ол болмаған соң, «ескінің қалдығы анағұрлым артық емес пе, совет дегендердің аты болмаса заты жоқ нәрсе емес пе» дегісі келеді. Мұнысынан «Екеудің» кім екені айқын әшкереленді. Олар дамып келе жатқан жаңалықты көрмей, өліп, құрып бара жатқан ескілікті тірілтіп, жандандыруға жан сала тырысады. Әдебиетке негізгі әсер ететін экономика, өндіріс қарым-қатынастары екенін «Екеудің» айтқысы келмейді. Айтса «тұрмыстан әдебиетті айыруға болмайды» деген үстірт сөзге бұрып әкетеді. «Екеудің» айтуынша әдебиетке әсер ететін тек ескі тұрмыстың қалдықтары: діншілдік, ақсақалдық дәуірі, болмаса сол сияқтыларға ұқсайды. Олардың бәрінің тамырымен құруға айналып отырғанын, оның себепкерін көргісі келмейді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі мәдениеті елден кейін екенін дәлелдегенде таңдайы тақ ете қалады да, жалпы Одақ шаруасының оған әсер ететінін көрмейді. Бұл арасына келгенде бетін бүркеп, ептеп басып ете шығады. Біздің Қеңестер Одағын жалпы алғанда қазір өнеркәсіптің кем дегенде 50 проценті социалистік негізінде құрылған. Оған қосалқы: сауда-саттық, кооператив, тағы сол сияқтыларымыз бар. Осылардың бәрі де қазақ, шаруасына әсер етіп отыр. Бұдан былай да әсер ете бермекші. Олай болса тегістік дәуірі алдағы қиял емес, шындық. Сол себепті пролетариат ақындары тегісшіл тұрмысты адақтап жазса, «Екеу» айтқандай «сарындамалық» болмайды, шындық болады. Сәкеннің «Экспресс» деп поезды суреттеп жазғанын «Екеу» пайдасыз сарындамалық қиял дегенде, қазаққа поездың керегі жоқ дегені ме, болмаса қазақта шойын жол болмайды деп ойлағаны ма? «Екеу» қалай ойласа солай ойласын, бірақ, Қазақстанда да шойын жол болмақшы, болмақ түгіл Жетісу, Ақмола жолы салынып та жатыр. Шойын жолдан қазақ қашпақ түгіл соны өз қолымен істеп жатыр. Олай болса, Сәкенді «Экспрессті» жаздың деп айыптау құрғақ ұрынғандық. «Екеу» екі сөзінің бірінде — «біздің жаңа жазушыларымыз болғанды, нағызды жазбайды» дейді. Басқа сөзбен айтқанда, оларша, Бейімбет «Мырқымбайды», «Жас ұланды» жазғанда «сарындамашыл» боп қалыпты. Шынында солай ма екен? Жоқ жазушыларымыз, «Мырқымбайға» — кеңес жолымен шаруаңды түзет!», «Жас ұланға» оқы, жаңа тәрбие ал, оның жолы мынау» десе, сарындамалық қиял емес, нағыз шындық деген сол. Әрине, қазақ тұрмысында, кейбіреулері шу дегеннен болмай жатқаны рас. Бірақ, біз оны болдырамыз дейміз. Болдырып отырмыз. Болмағанын қалай болдырудың шарасын көздейміз. Жаңа жазушылар соны жазса, бізге нағыз шындық сол. Бұдан мен ескінің бәрін пайдаланудан ат-тонымызды ала қашамыз деп отырғам жоқ. Ескінің бізге қажетін, тиімдісін пайдаланып, жаңаны көбейтуіміз керек деймін. «Екеу» сықылды ұлтшылдар қит етсе «Абайдан қашасыңдар, пайдаланбайсыңдар» деп кінәламақшы болады бізді. Ал шынында Абайдың, кейбір шығармаларын «Екеулердің» өзіне қарсы салуға да болар еді. Бай алады кезінде көп берем деп, Жетпей тұрған жерінде тек берем деп. Би мен болыс алады күшін сатып, Мен қазақтан кегіңді ап берем деп. Жарлы алады қызметпен өткерем деп, Елу басы шар салып леп берем деп. Жалаңқай жат мінез жау алады, Бермей жүрсең мен сені жек көрем деп. Абайдың бұл өлеңінде байдың озбырлығы, болыс, бидің елге істеген қиянаты, өтірігі, алдауы, сұмды-сұрқиялығы әшкереленді. Саяси жағынан «Екеу» сықылдылардың «бұрын қазақта тап күресі жоқ еді, бай, кедейді қайдан тауып алдыңдар?» дегендеріне Абайдың оу бұл сөздері үлкен соққы. Манаты мәселеге қайта оралайық. Әдебиетке әсер тигізетін себепкерді «Екеу» көргісі келмейді. Қазірде үстем тап пролетариат табы. Барлық жұмыс соның үстемдігімен жүреді. Қазіргі ауылды кеңестендіру, кедейді қосшыға ұйымдастыру сол сықылдылар пролетариат үстемдігі қазақ арасында да күш алғандығына бір дәлел. Ауыл кеңестенген сайын бұрынғы ақсақалдық, рушылдық қалдықтары құри береді. Ауылда салт-сана өзгерген сайын ауыл бұқарасының ақыл-санасы да өзгереді. Бұл марксизмнің әліп-биі, «Екеу» марксшіл болса, ең болмаса осыны ұғу керек еді. Әдебиет шындықты жазатын болса, біздің жаңашыл жазушыларымыз ескінің құрығанын, жаңаның туғанын жазса, оның аты сарнау емес, шындықтың өзі. Әдебиет мәдениеттің бір түрі дедік. Сол мәдениеттің үлкен бір тірегі — жалпы халықты ағарту жұмысын алсақ, «Екеу» айтқандай, қазірде жұрттың бәрі кейін кетіп, «Салсал» мен «Зарқұмды» ғана біліп, одан басқаны білмей отырған жоқ. Ел шаруасы жылдан-жылға надандықтан құтылып келеді. Бұрын бір ауылдан бір бала оқыса, қазірде мыңдаған-жүздеген қазақ балалары оқып жүр. Қазақтан бұрын жоғары оқу орындарым бітірген бірен-саран бай балалары ғана болса, қазір жүздеген қазақ жастары жоғарғы дәрежелі білім алып шығып жатыр. Олардың бәрі дүниені білім, ақылмен танып отырғандар. Әдебиетке бұлар әсер етпейді деп кім айтар? «Екеудің» өзі де айта алмайды. Бірақ оны көргісі келмейді, айтқысы келмейді. «Салсалдың» орнына ауыл адамдары толып жатқан газет, журналдар алып оқиды. Ел кедейлері осы күні кісіден көрген қорлығын, құдайдан бұрын газетке шағады, ел айнасы газет екенін білмейтін елде бір де бір адам бар ма екен? «Салсалды» көр аузына тақалған қарттар, жексұрын болып бара жатқан молдалар оқиды. Ел жастары «Салсалдан» гөрі қазіргі Кеңес баспасөзінің қадірлі екенін «Екеумен» менен кем білмейді. Бұрын жиын-тойда отырғанда: Әуелі ағузы деп қалам алдық. Екінші бисмелла деп жаза салдық. Ғауамнан бар айладың бір ғарыпты, Басыма салма құдай қайғы, зарлық,—   дейтін жастар, қазір: Намысы бар кедейдің балалары, Неше мың жыл құл болған бабаларың, жолдастар!— дейді. Болмаса: Ал қазақ кедейлер, Ұйымдас жалшымен, Байларды, молданы Қойдай қу қамшымен,— дейді. Осы өлеңдерді мен өзім көрген қазақ аулында естімеген жерім жоқ. Елдегі жастар жаңа әдебиетке әуестеніп, ескіні ұмытуға айналды. Елде тіпті дінді ескерген жөнді жас жоқ. Ел жастары «Салсал» түгіл «Құранды» да ұмытып барады. Осындай көзге бадырайып тұрғанды айтпай, ауылдағы жастардың бәріне құман ұстатып, дәрет алдыруға тырысқан «Екеуді», бояма демегенде не дейміз? Екеу» сөзінің қорытындысында: «біздің мәдениетіміз толық ұлттық мәдениет емес, тіленші ұлттық мәдениет» деп бітіреді. Мәдениетіміз ұлтшыл болсын дегенді ашып айта алмай, «тіленші ұлттық қой, олай болса өздерін, не дейсің, толық ұлттық жасап алып, социалистікке көшу керек деулерің керек» деген сөз тастайды. Марксизм ілімі бойынша ұлттық дегенді таптық шамасында алмасақ, қанаушы таптың ұраны болып шығады, Біздің ұлт, ұлт мәдениеті мәселесі дегенге беретін жауабымыз осы. Қазақтың қалың еңбекші бұқарасы да осылай ұғады. Оны біз Қазақстан елінің Кеңес үшін күрескен жеті жылдық өмірінен ашық көріп отырмыз. Бір билік алашордашылар «қазақ ұлты үшін өлеміз» десе, билік қазақ еңбекшілеріне көше бастаған соң, олардың өздерінің ұлтшылдық пішіндерін қалай көрсетіп алғанын жақсы білеміз. «Билік қазақтың еңбекшілерінде болсын. Қазақ байлары көпшілікке мойынсұнсын» деген іс алашорданың қарсы болып, большевикке «солай дейсің» оқ атқанын қалың бұқара әлі ұмытқан жоқ. Ұмытпақ түгіл жеті жыл соған қарсы күресіп, байшыл-алашордашылды құртып келеді. Қазақстандағы барлық ұлттың еңбекшілері бірігіп, шаруашылық, мәдениет және басқа барлық құрылыстарды Кеңес жолымен өркендетіп келеді. Қазақ еңбекшілерін осы жолда тәрбиелейміз. Қазақстандағы барлық ұлттардың еңбекшілері еншілес мәдениет жасасып жатыр, мұның аты интернационалдық мәдениет.   Тан тілегінен тысқары мәдениет жоқ, одан тысқары мәдениет болмақ та емес. «Екеу» «ұсақ ұлттардың қалың бұқарасы теңгерілмей тұрғанда, ұлтшылдық жойылмайды» деп қорытынды жасап, аржағын көмескілей береді. Бұл сөзден «қазақ халқы әлі ұлтшылдық жолмен барсын, мәдениеті де ұлтшыл болсын» деген сөздің исі аңқып тұр. Біздің ұғымымыз «Екеуден» басқа. Бізше, қазақ елі бұрын тіленші болса, енді тіленші емес. Өзіне өзі қожа, бірақ бай емес, еңбекшілер қожа. Сол қожа болған еңбекші бұқаралар басқа ұлттардың еңбекшілерімен тізе қосып, байларға үкімін жүргізеді, ортақ мәдениет. Әдебиетті де солай жасайды. «Мәдениеттің түрі ұлттық, мазмұны пролетариаттық болсын» дейді партия. Қазіргі дәуірде қазақтың қалың еңбекші бұқарасының саяси мақсатын алсақ, оларды қысқаша мыналар деуге болады: Қазақстан көлеміндегі барлық еңбекші елі таптық жолмен ұйымдасып, достығын, бірлігін күшейту, қазақ елінің өз ішіне келсек қазақ кедейін, жұмыскерлерінің таптық санасын көтеру. Бұларды орындау үшін жақын арадағы міндеттеріміз — ауылды кеңестендіру, ауыл коммунистерін тәрбиелеу, қосшы одақтарының жұмысын жақсылап, кооперативті күшейту, жалпы халықты ағарту, жастарды, жұмыскерлерді тәрбиелеу, үгіт-насихат баспасөз арқылы жалпы еңбекші елдің салт-санасын нағыз Кеңес жолына түсіру. Олай болса, біздің әдебиетіміз осы мақсаттарды қалай, қандай тәсілдермен тезінен жүзеге асыру керек? Соны суреттейтін айна болу керек. Соның бір құралы болу керек. Осылай болса ғана қазақтың жаңа әдебиеті өз міндетін орындай алғаны. Сондай болу үшін біздің әдебиетіміздің әсіресе сыртқы пішінінен де ішкі мазмұны анағұрлым артық, айқын болу керек. «Әсіресе біздің жаңа әдебиетіміз мазмұнды болсын, әсіресе салт-сана жағынан таза болсын, төңкерісшілдік қасиеті болсын, жаңа көзбен танырлық болсын» дейді жаңа әдебиетті жақсы білетін жолдастардың біреуі — Коган. Біздің айтатынымыз да осы. Әсіресе біздің Қазақстан жайында мазмұн айқын, таза болмаса, біздің әдебиетіміздің пайдасы шамалы болады. Неге десеңіз, біздің қай жұмысымыз болса да үгіттеуді, түсіндіруді керек қылады. Неге десеңіз біз қай жұмысымызды болса да өзіміздің ішкі құрылысымызда алдымен ескіге қарсы күресуден бастаймыз. Олар біздің жалпы жағдайымыздан туып отырған нәрсе. Мысалға жер бөлу жұмысын алсақ, бұл ретте біз, бір жағынан соның неге екендігін түсіндірсек, екінші жағынан, соны қалай орындауды қадағалап үйретіп отырамыз, басқарып отырамыз. «Екеудің» боямаларым қысқаша түрде ашып, сөзімді енді бітірмекпін. «Екеудің» мақаласында бұлардан басқа да теріс жерлері толып жатыр. Бірақ оның бәрін теріп отырудың қажеті жоқ. Біздің мақсатымыз — негізгі боямаларын, байшыл-ұлтшылдық сырларын, сол байшылдығын екіжүзділікпен бүркемелеуге тырысқанын әшкерелеу еді. Сөйтіп, қорыта келгенде, «Екеу» мақаласының саяси астары бар. Оның әдебиет туралы біздің негізгі пікірімізді боямалап өзгерткісі келеді. Біз — «Қазақ еліне төңкеріс көп жаңалық кіргіздік, қазақ елі баяғыдай құдайға, молдаға, ақсақалға сенбейді, Кеңес жолына сенеді, дүниеге ғылым жолымен, ақылымен қарайды» десек, «Екеу» оны көргісі келмейді. Көргісі келмек түгіл «оларың жоқ» деп таласады. Қазіргі мәдениет, шаруашылық, басқа құрылыстарда істеп отырған жұмыстарымыз әдебиетке әсер беретін себепкер екенін айтудың орнына, «Екеу» «себепкер тек қана ескілік» дейді, олай болса, барлық жұмыстарыңды соған бейімдеп жасаңдар, қазақ елін капитализмнен аттатып, тегістік тұрмысқа жеткізем деп жүргендерің қиял, сарындамалық, сандалма» дейді. Міне «Екеудің» мақаласының саяси жат пікір екені, біздің жолымыз емес, қазақ байының жыры екені. Біздің міндетіміз — осыны айыра білу керек. «Екеудің» мақаласындағы әдебиетке жататын талас мәселелері туралы тағы бір ораламыз. Әйткенмен әзірше айтып кетейін деген пікірім мынау: бізде жаңа пролетариат көбейіп келеді. Оның негізгі бағытын біз пролетариат әдебиеті негізіне бейімдеуіміз керек. Біздің жайда пролетариат бағыты дегенді жоғарыда санап кеткен негізгі алда тұрған мақсаттарымызды өмірге асыруға құрал болсын деп ұғу керек. Пролетариат әдебиеті дегенде, жалғыз жұмыскердің ғана тұрмысын суреттейтін әдебиет деп ұғуға болмайды. Әдебиетте болсын, қай жұмысымызда болсын ұлтшылдық бағытпен күресу керек. «Екеу» бір сөзінде: «әдебиетте ұлтшылдық бағыт орыста да бар» деп Пильнякты мысалға келтіреді. Мұнысы тіпті өтірік. Қазіргі орыс әдебиетінде жалпы үстем бағыт пролетариат әдебиеті. Түбінде пролетариат әдебиеті үстем болуға жағдай жасалып келеді. Пильняктар жаңа әдебиет жолында біздің жолбикелеріміз деп саналады. Орыс әдебиеті солардың ықпалымен жүріп отырса, оларды жолбике деп айтар ма едік. Ең болмаса «Екеу» осыны ұғу керек еді. Қысқасы әдебиет туралы айтыста бізге ең алдымен керегі, әдебиеттің мүшелін іздеу емес қой деймін. Мәселенің түйіні: қазақтың ескі әдебиетін қалай пайдалану керек, жаңа әдебиетіміздің өрісіп қалай кеңейту керек, әдебиет ескі әдебиет адамдарын қалай, қандай тәсілдермен өзімізге тарта, тәрбиелей білу керек, әдебиетіміздегі мазмұнды жасаудың жолдарын сұрыптау, тағы сол сияқтылар ғой деймін. Ендігі айтыс осы ретте болсын.
08.12.2012 05:36 4218

«Еңбекші қазақтың 187-188 сандарында «Көркем әдебиет туралы» «Екеудің» мақаласы басылды. Шынында «Екеудің» мақаласы әдебиет туралы ғана емес, әдебиетті бүркеншектеп, біздің ұстаған түпкі мақсатымызға түбімен қарсы пікір. Үстіртін қараған кісіге әдебиет туралы сықылды көрінгенмен, бұл мақаланың астын қазсаң батпағы шығады. Сөзім өтірік болмау үшін алдарыңызда «Екеуді» сөйлетіп қойып, сындарыңызға берейін. Өздеріңіз сыншы болыңыздар.

Ең әуелі «Екеудің» мақаласын тексеруден бұрым жалпы көзқарасты айта кетейін. Қазіргі дәуір тап күресінің бітпеген дәуірі. Тап күресі кезінде екі тап тату тұра алмайды. Әр таптың көсемі яки көсемсінгені («Екеу» сықылды) өз табының жырын жырлайды. Жырламаған еркіне сүйенген табы қоймайды. Біздің Кеңестер Одағында еңбекші табы үстем болып отырғанмен, басқа таптар құрып кете қойған жоқ. Тапсыз коммунизм дәуіріне біз аяқты жаңада ғана салып келеміз. Пролетариат өз үстемдігінің арқасында ескі тұрмысты құрытып, коммунизмді негізге ала социалистік тұрмыстың дүкенін құрса, байлар бұған құтырған бурадай кесе-көлденең келіп, жынын шашады. Ол өлгенше өз мақсатын көксеуді қоймайды. Шамасы келсе ашып айтады. Қара күшке де салады. Ол қолынан келмесе ішімізге кіріп алып, өз жолын сыналап, пролетариат тілегіне жабыстырғысы келеді.

Қазақстанда жаңа тұрмыстың негізі салынды. Біздің ауылымыз кеңестеніп, шаруамыз социалистік құрылысқа бет алды. Ескі тұрмысқа тұсау түсіп, ескілік күннен күнге кері кетті. Ауылдағы қожалық, қылатын бай, молдалардың ықпалы түсті. Бұл жай бай мен молдаға болсын, оның «сұлу тіл» жоқшысы — «Екеуге» де болсын осал тиіп отырған жоқ. Бұлардың қайсысы болса да жаңа тұрмысқа амалсыз көніп отыр. Бірақ көндім деп қарап отырған жоқ. Көріне қарсы шыға алмайтын болған соң кеңесшіл болғансып, жолымызды бөгегісі келеді. Салт-сана жағынан да қазактың байы «кеңесшіл» әдісті қолданғасын қимыл қылып отыр. Үстірт қараған кісіге олардың кейбір пікірлері біздің жолымыз сияқты. Олар тіпті Маркс пен Лениннің сөздерінен мысалдар келтіріп те соғады. Соңғы кезде мұндай боямалардың әлденеше әдістерін санауға болады. Жаңа әліп-би туралы Омарұлы Елдестің Мержақыптың айтқан сөздерін олардың төңкерістің басындағы Советке қарсы сөздерімен салыстырсаң көп айырма, боямалық бар.

Ол уақытта бұлар Советті, большевикті «бұзақы, сұмырай» десе, енді ол сөздерінен тайып, екіжүзділікпен Совет үкіметі ұсақ езілген ұлттардың мәдениетін көтеретін өкімет» деп жалтармақ болады.

Жаңа әліпби соның бір жолы болса, оған саясатты қатынастырып не қыламыз. Қазаққа қолайлы ма, қолайсыз ба, қолайсыз ба, соны тексерейік те.

Екеуге сөз берейік, не дер екен? «Манадан бергі сөзіміздің қорытындысы: қазақтың ұлтшылдығы, басқаны өзіне бағындыруды көксеген, шегіне жеткен, озбыр ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жан сауға қылуға, жете алса теңдік алуға талпынған (әдемілеуін! С. М.) тіленші ұлтшылдық тұрмыс жүзінде ұсақ ұлттардың қалың бұқарасы теңгерілмей тұрғанда, ұлтшылдық жойылмайды. Бұрынғы жалаңаш ұлтшылдық (қазір киім киіп пе? С. М.) бұл күнде бұқарашылдыққа айналса (оны қайдан таптың ?! С. М.) бұл бір саты, бұл бір табиғи жол. (Па, шіркін ай!.. С. М.). Қазақ капитал дәуірін аттап өтіп тегістік тұрмысқа жетсе құба-құп (бәсе, осылай келші! С. М. ), жете алмаса әдебиетті аттатам дегенімен тұрмыс аттамайды.

Біз бұл дәлелге келтірген сөздің басқа жағына кезінде айналармыз. Қазір «құба-құпқа» тоқталайық. Ең әуелі «Екеуге» мен бұл жерде пікірлерін ашып айтқанына рақымет айтам. «Екеу» мақаласының басынан аяғына дейін жалтақтап, қадисті қолына ала сөйлейтін дүмше молда сықылды. Марксті қолына ала жүгіріп, бетін бір бояп, бір сүртіп отырып, қалай ұсталып қалғанын аяғында білмей қалған. Шіркін, тап күресінің талқысы шыдатсын ба?!

«Екеудің» еркіне қойғызсын ба? Жүрегіндегі запыраны еріксіз құстырғанын қарашы?! Қазақтың байшылдарынан «Екеудің» «құба-құбын» бояма түрде талай естіп келеміз. «Қазақ капиталдық дәуірі түгілі ақсақалдық дәуірінде жүр. Сол себепті қандай жұмысымызды болса да таптық негізімен істеуге болмайды. Қазақты бай, кедейге бөліп не қыламыз, бәрін бірдей тегістік тұрмысқа жетілтсек қайтеді» деп, мәймөңкелеп бастаушы еді олар. «Екеу» «қайтеді» дегенді былай тастап, «құба-құпқа» ерттеп мініп кеп алды. Әрине, «Екеу» болсын, басқа байшыл-ұлтшылдар болсын, әрқашан Қазақстанда социализм құруға болмайды дейтіндерін жаңа ғана естіп жүргеніміз жоқ. Және олардың айтатынын да білеміз. Олар айта алмай отыра алмайды да. Социалистік негізде құрылған Кеңестер өкіметі Қазақстанда жеті жыл толғаны олардың зәресін ұшырады, үрейін қалдырмайды, сол жеті жылғы табыстың жемісін қазақ еңбекшілері көріп отырса, олар көрмейді, көргісі де келмейді.

Қазақ еңбекшілерінің жеті жылғы теңдік өмірінде біздің жұмыла кіріскен ісіміз ауылды кеңестендіру болды. Кеңестендіру дегеннің саяси мағынасы өкімет, әлеуметтік жұмыстарының бәріне еңбекшіл бұқараны қожа ету деген сөз, ел билігін еңбекші бұқараның қолына ұстату деген сөз. Жаман, жақсысы болсын әлеуметтік тұрмыстың қожалығы еңбекші бұқараның қолында емес деп «Екеудің» өзі де айта ала ма екен? Бұрын бүтін бір елді пәлен ақсақал, пәленшекең билесе, енді (болыс, ауылнай деген ат қалмағанмен) жұмыстың бәрі бір адамның қолында деп кім айта алар екен?! Рас, біздің ауылымыз көңілдегідей кеңестеніп болған жоқ. Бірақ, баяғымен салыстырғанда ауылдағы еңбекші бұқара кеш бойы ілгері кетті. Мұны ас ішкенде көзін жұмған мысықша «Екеулер» бүркеншектеп көрсеткісі келмегенмен тарих жасырмайды, еңбекші бұқара жасырмайды. Мұны көрмегеннің көзіне еңбекші бұқара күл төгеді.

Кеңестендірудің шаруашылық жағы мен мәдениет мәселесіндегі міндеті — бұрынғы ескі шаруа негіздерін бұзып, еңбекші бұқараға тиімді қылу. Және бетін тегістік шаруаға бейімдеу. Жерге орналастыру жұмысы, кооператив мәселесі, шабындық, егістік жерді бірдей болу, ауқатына қарай салық алу, соның бәрінен құралған қаражаттарды жалпы еңбекші елдің шаруасын көтеруге, қараңғылығын жоюға жұмсау, мұның бәрі кеңестендірудің жемісі емей немене?! Бұрын бір аяқ саумалы үшін байдың қысы, жазы малын бағып, отын жағатын еңбекші бұқара, қазір өз шаруасын көтеруге кірісіп жатқан жоқ па? Үкімет қолдан келген жәрдемін істеп, қарасқан жоқ па? Ең аяғы жалшыға шейін байға тұрса шарт қағазбен тұрмай ма? Мұны олар бұрынғы күнде білетін бе еді? Бай ақысын берсе беріп, бермесе бермейтін жалшы, қазір еңбегін байдың көзін бадырайтып алып отырған жоқ па? Бұдан олардың шаруасы, тұрмысы түзелмегенде қайтеді? Қазақстанда түрлі өнеркәсіп орындары ашылып жатыр: жылына неше миллион пұт май беретін Оралдағы мұнай кәсібі анау. Керекті құралдарының бәрі түгелденіп, іске кірісе бастаған Қарсақпай мынау. Семейде Риддер бар. Електің тұз кәсібі бар. Каспийде тау-тау боп үйіліп жатқан балық. Жетісуда шойын жол салынып жатыр. Қызылжардан Ақмолаға бет алып, Жетісу жолын төтелеп, Ақмола— Қызылжар жолы бара жатыр. Шымкентте, Семейде тоқыма фабрикалары ашылуға айналды. Губерниялық, уездік қалалардың көбінде сабын, тері, кірпіш заводтары бар. Бұларды «Екеу» көрмегенімен біз көреміз. Ілгері бастырамыз, қазақтың ауылдарындағы мыңдаған жұмыссыз батырақтарды соларға жинаймыз. Жинап та жатырмыз. Мұның аты өнеркәсіп орындарын социалистік бағытқа көшірген емей немене?

Бай табының сенімділері өз мақсатын біздің жолмен бояп іске асыру үшін мың түрлі әдіс, айла қолданады.

Идеология майданындағы күшті құралдардың бірі — көркем әдебиет. Байшылдардың да қалада сығалайтын бір тесігі осы. Бұл ретте олар ашық қарсы болмай Марксты шымылдық қыла сөйлеуге тырысады. Жақында ғана баспада жарияланған Мағжанның: «Ал, мен тоқсанға қосылам, кедейшіл болам, нанбасаң байды ит-шошқа, не жуан қарын, пасық, арамтамақ деймін. (Бұлай десе баяғыдан бері қайда қалды екен? С. М.) Маған қалай сенбейсің» деген сөзі қазақ байының бояма пікірінің нағыз өзі Мағжанның бұл боямасы қазақ байының өліп бара жатқанын сипаттайды. Бірақ Мағжан осы оймен жазды ма, болмаса, «дәм-тұзымызға» еріксіз келді ме, ол арасы әлі талас мәселе.

Мынау алдарыңызға салып отырған «Екеудің» мақаласы да олардың кеңес тонын жамыла қойғанын көрсетіп отыр. Бұл арада отырған бізге қарсы байлардың пікірінің сұрқияланған бір түрі.

Енді «Екеудің» боямаларына келейік.

«Екеу» сөзінің басын өзіміздің тілмен астарлап бастайды дедім. Соны жекелеп тексерейік. «Құба-құп» деген қорытындысын дәлелдеу үшін «Екеу» қазақтың қазіргі әлеуметтік-мәдениет құрылыстарына өзінше сын береді. Қазіргі қазақтың мәдениетін былай деп суреттейді: «Мәдениеті жоқ ел дүниені, табиғатты білім жолымен, ақылмен танымайды, жорумен, аңыз қылумен таниды. Мәлімсіз күшпен (құдаймен) жаратылып тұр деп сенеді. Дүниеде өздеріне зияны тиетін қас күштер, пайдасы тиетін дос күштер бар деп сенеді. Дос күштер құдай, періште, пайғамбар, Қыдыр-Ілияс, аруақ, қас күштер: дәу-пері, жын-шайтан, сұмырай... Мұндай елдің ақылынан сезімі басым келеді. Міне, қазақ елі осындай» («Екеудің» мақаласынан қысқартып алдым. С. М.). Екінші сөзбен айтқанда, «Екеудің» ұғымынша қазақ елінің әлі күнге дейін дүниені ақылмен, ғылыммен тану түсіне де кірген жоқ. Қазақ елі бәрін құдайдан деп біледі. Екінші сөзбен айтқанда Октябрь революциясының советтік құрылыстың оларға түк те әсері болған жоқ... Мұндай да бояма, қисынсыз өтірік болады екен-ау! Қазақ елі, әлі күнге дейін тағылық заманнан шыға алмай жүр, бәрі де құдайдан басқа өнер, күштен түк білмейім дегенге бұрын нанса да, қазір есі дұрыс кісі нанар ма? Рас, қазақтың мәдениеті кемеліне жеткен мәдениет деп ешкім де айтпайды. Бірақ аз болса да мәдениетіміз бар, оның өскендігі байқалады.

Табиғат күшін пайдалану ретінде қазіргі жайды алсақ, қазақ халқы аруаққа, құдайға ғана сеніп отырған жоқ. Көрші отырған мәдениетті елдерден алып, пайдаланып отырған толып жатқан өндіріс құралдарын қоя тұрып, қазақтың өз ішіндегі бойына біткен өнерлерін санайық: етікші, үйші, оюшы, ұсталық, зергерлік, тағы сол сықылды толып жатқан өнерлерді қазақтың қайсысы құдайдан, аруақтан алдық деп айтқанын «Екеу» естіген екен? «Рас, құдайдан жаңбыр тілеп, күн тұтылса тасаттық беру, топалаң келсе аруаққа жалынып, малын молаға түнету, немесе молдаға хатым оқыту, дертті үшкірту, бақсыға қарату, бәрі де табиғат сырын білмегендік. Қазақ елі әлі осындай» дейді «Екеу». Қазақтың бәрі «жақсы құдайдан» жаңбыр тілесе, Сыр бойындағы қазақтар, Қазақстанның басқа аймақтарындағы диқаншы елдер шығырынан сарқырап ағатын суы болмаса, құдайдың жаңбырынан түк үміт күтпейді. Жаңбыр бер деп тілемейді. Мұны «Екеу» неше жыл осы аудандарда жүрсе де көрмеген екен. «Екеу» көрмеді деп басқа жұрт мұны өтірік демейтін шығар. Науқасты бақсыға қаратудан гөрі дәрігерге қаратуды елдің көбі мақұл көреді. Мал дәрігері мен адам дәрігерін іздеп, қалада жүрген қазақтарды талай көрдік. Мұны көргісі келмеген «Екеуге» біз ұрып көрсете алмаймыз. Нас, діншілдік, ел ішінде жоқ демейміз, бар. Бірақ күллі қазақ елі тұяғынан сондай деу, тал түсте жұртты адастырғандық. «Құба-құбын» дәлелдеу үшін «Екеудің» бірінші боямасы осы. Қазақтың мәдениетін тек құр қиялға сүйенеді деп дәлелдеу, қазақ әлі баяғысынан бұлжыған жоқ деген сөз. Шынында, ойлап қарасаңыз, «Екеудің» мақаласының түпкі сарыны, әдебиет ағымын дәлелдеу емес, қазақтың қазіргі мәдениет жайын теріс баяндауға тырысу, өздерінше қазақ мәдениеті баяғысынан бір қадам да алға ілгерілеген жоқ деп түсіндіру.

Қазақтың қазіргі әлеуметтік құрылысын «Екеу» былай деп сипаттайды:

«Ақсақал дәуірі, ру таласы осы күнге дейін қалмай келіп отыр. Үлкенді сыйлау, пәленше білсін деу әлі күнге бар. Осы күнге дейін Исполкомдардың болыс атанып, болыс есепті іс қылып, ауыл кеңестерінің ауылнай болып жүруінде де сондай терең сыр бар. Әлеумет құрылысы қандай болса халықтың ой жүйесі де, жан қалпы да соған лайықталып, икемделіп қалыптанады. Жаңа жұртшылық әлі қалыптана алмай жатыр. Бұрын жеке адамға бағынған дарашылық пікір үстем болса, енді көпшілік, тапшылдық пікір күшейіп отыр. Мұның бәрі де әдебиетке әсер етіп отыр».

Әрине, «Екеуден» бұдан артық ұғуды күтуге болмайды. Бұл жерде «Екеу» әлгідей емес, мойындайын дейді. Жоғарыда мәдениет туралы қазақ қимылдамай орнында тұр десе, әлеуметтік құрылысқа келгенде көпшілдік, тапшылдық пікірі күшейіп жұртшылық жасалып келе жатқанын алмайтынын айтып отыр. Бірақ мұның да боямасы бар. Біз ауылды кеңестендіріп, жаңа жұртшылықты күннен күнге қалыптандырып келеміз десек «Екеу» қалыптана алмай жатыр дейді. Біз көпшілдік, тапшылдық үстем десек, «Екеу» ұрыншақ аттай көлденеңдеп шауып-шауып алады, шөгір кірген кісідей аяғын тап баса алмай, тыпырлай береді, майда тілдерімен жаңалықты азайтып, шамасы келсе, жоқ деуге де оңтайланып, ол болмаған соң, «ескінің қалдығы анағұрлым артық емес пе, совет дегендердің аты болмаса заты жоқ нәрсе емес пе» дегісі келеді. Мұнысынан «Екеудің» кім екені айқын әшкереленді. Олар дамып келе жатқан жаңалықты көрмей, өліп, құрып бара жатқан ескілікті тірілтіп, жандандыруға жан сала тырысады.

Әдебиетке негізгі әсер ететін экономика, өндіріс қарым-қатынастары екенін «Екеудің» айтқысы келмейді. Айтса «тұрмыстан әдебиетті айыруға болмайды» деген үстірт сөзге бұрып әкетеді.

«Екеудің» айтуынша әдебиетке әсер ететін тек ескі тұрмыстың қалдықтары: діншілдік, ақсақалдық дәуірі, болмаса сол сияқтыларға ұқсайды. Олардың бәрінің тамырымен құруға айналып отырғанын, оның себепкерін көргісі келмейді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі мәдениеті елден кейін екенін дәлелдегенде таңдайы тақ ете қалады да, жалпы Одақ шаруасының оған әсер ететінін көрмейді. Бұл арасына келгенде бетін бүркеп, ептеп басып ете шығады. Біздің Қеңестер Одағын жалпы алғанда қазір өнеркәсіптің кем дегенде 50 проценті социалистік негізінде құрылған. Оған қосалқы: сауда-саттық, кооператив, тағы сол сияқтыларымыз бар. Осылардың бәрі де қазақ, шаруасына әсер етіп отыр. Бұдан былай да әсер ете бермекші. Олай болса тегістік дәуірі алдағы қиял емес, шындық. Сол себепті пролетариат ақындары тегісшіл тұрмысты адақтап жазса, «Екеу» айтқандай «сарындамалық» болмайды, шындық болады. Сәкеннің «Экспресс» деп поезды суреттеп жазғанын «Екеу» пайдасыз сарындамалық қиял дегенде, қазаққа поездың керегі жоқ дегені ме, болмаса қазақта шойын жол болмайды деп ойлағаны ма? «Екеу» қалай ойласа солай ойласын, бірақ, Қазақстанда да шойын жол болмақшы, болмақ түгіл Жетісу, Ақмола жолы салынып та жатыр. Шойын жолдан қазақ қашпақ түгіл соны өз қолымен істеп жатыр. Олай болса, Сәкенді «Экспрессті» жаздың деп айыптау құрғақ ұрынғандық.

«Екеу» екі сөзінің бірінде — «біздің жаңа жазушыларымыз болғанды, нағызды жазбайды» дейді. Басқа сөзбен айтқанда, оларша, Бейімбет «Мырқымбайды», «Жас ұланды» жазғанда «сарындамашыл» боп қалыпты. Шынында солай ма екен? Жоқ жазушыларымыз, «Мырқымбайға» — кеңес жолымен шаруаңды түзет!», «Жас ұланға» оқы, жаңа тәрбие ал, оның жолы мынау» десе, сарындамалық қиял емес, нағыз шындық деген сол. Әрине, қазақ тұрмысында, кейбіреулері шу дегеннен болмай жатқаны рас. Бірақ, біз оны болдырамыз дейміз. Болдырып отырмыз. Болмағанын қалай болдырудың шарасын көздейміз. Жаңа жазушылар соны жазса, бізге нағыз шындық сол. Бұдан мен ескінің бәрін пайдаланудан ат-тонымызды ала қашамыз деп отырғам жоқ. Ескінің бізге қажетін, тиімдісін пайдаланып, жаңаны көбейтуіміз керек деймін.

«Екеу» сықылды ұлтшылдар қит етсе «Абайдан қашасыңдар, пайдаланбайсыңдар» деп кінәламақшы болады бізді. Ал шынында Абайдың, кейбір шығармаларын «Екеулердің» өзіне қарсы салуға да болар еді.

Бай алады кезінде көп берем деп,

Жетпей тұрған жерінде тек берем деп.

Би мен болыс алады күшін сатып,

Мен қазақтан кегіңді ап берем деп.

Жарлы алады қызметпен өткерем деп,

Елу басы шар салып леп берем деп.

Жалаңқай жат мінез жау алады,

Бермей жүрсең мен сені жек көрем деп.

Абайдың бұл өлеңінде байдың озбырлығы, болыс, бидің елге істеген қиянаты, өтірігі, алдауы, сұмды-сұрқиялығы әшкереленді. Саяси жағынан «Екеу» сықылдылардың «бұрын қазақта тап күресі жоқ еді, бай, кедейді қайдан тауып алдыңдар?» дегендеріне Абайдың оу бұл сөздері үлкен соққы.

Манаты мәселеге қайта оралайық. Әдебиетке әсер тигізетін себепкерді «Екеу» көргісі келмейді. Қазірде үстем тап пролетариат табы. Барлық жұмыс соның үстемдігімен жүреді. Қазіргі ауылды кеңестендіру, кедейді қосшыға ұйымдастыру сол сықылдылар пролетариат үстемдігі қазақ арасында да күш алғандығына бір дәлел. Ауыл кеңестенген сайын бұрынғы ақсақалдық, рушылдық қалдықтары құри береді. Ауылда салт-сана өзгерген сайын ауыл бұқарасының ақыл-санасы да өзгереді. Бұл марксизмнің әліп-биі, «Екеу» марксшіл болса, ең болмаса осыны ұғу керек еді. Әдебиет шындықты жазатын болса, біздің жаңашыл жазушыларымыз ескінің құрығанын, жаңаның туғанын жазса, оның аты сарнау емес, шындықтың өзі.

Әдебиет мәдениеттің бір түрі дедік. Сол мәдениеттің үлкен бір тірегі — жалпы халықты ағарту жұмысын алсақ, «Екеу» айтқандай, қазірде жұрттың бәрі кейін кетіп, «Салсал» мен «Зарқұмды» ғана біліп, одан басқаны білмей отырған жоқ. Ел шаруасы жылдан-жылға надандықтан құтылып келеді. Бұрын бір ауылдан бір бала оқыса, қазірде мыңдаған-жүздеген қазақ балалары оқып жүр. Қазақтан бұрын жоғары оқу орындарым бітірген бірен-саран бай балалары ғана болса, қазір жүздеген қазақ жастары жоғарғы дәрежелі білім алып шығып жатыр. Олардың бәрі дүниені білім, ақылмен танып отырғандар. Әдебиетке бұлар әсер етпейді деп кім айтар? «Екеудің» өзі де айта алмайды. Бірақ оны көргісі келмейді, айтқысы келмейді. «Салсалдың» орнына ауыл адамдары толып жатқан газет, журналдар алып оқиды. Ел кедейлері осы күні кісіден көрген қорлығын, құдайдан бұрын газетке шағады, ел айнасы газет екенін білмейтін елде бір де бір адам бар ма екен? «Салсалды» көр аузына тақалған қарттар, жексұрын болып бара жатқан молдалар оқиды. Ел жастары «Салсалдан» гөрі қазіргі Кеңес баспасөзінің қадірлі екенін «Екеумен» менен кем білмейді.

Бұрын жиын-тойда отырғанда:

Әуелі ағузы деп қалам алдық.

Екінші бисмелла деп жаза салдық.

Ғауамнан бар айладың бір ғарыпты,

Басыма салма құдай қайғы, зарлық,—

 

дейтін жастар, қазір:

Намысы бар кедейдің балалары,

Неше мың жыл құл болған бабаларың, жолдастар!—

дейді. Болмаса:

Ал қазақ кедейлер,

Ұйымдас жалшымен,

Байларды, молданы

Қойдай қу қамшымен,—

дейді.

Осы өлеңдерді мен өзім көрген қазақ аулында естімеген жерім жоқ. Елдегі жастар жаңа әдебиетке әуестеніп, ескіні ұмытуға айналды. Елде тіпті дінді ескерген жөнді жас жоқ. Ел жастары «Салсал» түгіл «Құранды» да ұмытып барады. Осындай көзге бадырайып тұрғанды айтпай, ауылдағы жастардың бәріне құман ұстатып, дәрет алдыруға тырысқан «Екеуді», бояма демегенде не дейміз?

Екеу» сөзінің қорытындысында: «біздің мәдениетіміз толық ұлттық мәдениет емес, тіленші ұлттық мәдениет» деп бітіреді. Мәдениетіміз ұлтшыл болсын дегенді ашып айта алмай, «тіленші ұлттық қой, олай болса өздерін, не дейсің, толық ұлттық жасап алып, социалистікке көшу керек деулерің керек» деген сөз тастайды.

Марксизм ілімі бойынша ұлттық дегенді таптық шамасында алмасақ, қанаушы таптың ұраны болып шығады,

Біздің ұлт, ұлт мәдениеті мәселесі дегенге беретін жауабымыз осы. Қазақтың қалың еңбекші бұқарасы да осылай ұғады. Оны біз Қазақстан елінің Кеңес үшін күрескен жеті жылдық өмірінен ашық көріп отырмыз. Бір билік алашордашылар «қазақ ұлты үшін өлеміз» десе, билік қазақ еңбекшілеріне көше бастаған соң, олардың өздерінің ұлтшылдық пішіндерін қалай көрсетіп алғанын жақсы білеміз. «Билік қазақтың еңбекшілерінде болсын. Қазақ байлары көпшілікке мойынсұнсын» деген іс алашорданың қарсы болып, большевикке «солай дейсің» оқ атқанын қалың бұқара әлі ұмытқан жоқ. Ұмытпақ түгіл жеті жыл соған қарсы күресіп, байшыл-алашордашылды құртып келеді. Қазақстандағы барлық ұлттың еңбекшілері бірігіп, шаруашылық, мәдениет және басқа барлық құрылыстарды Кеңес жолымен өркендетіп келеді. Қазақ еңбекшілерін осы жолда тәрбиелейміз. Қазақстандағы барлық ұлттардың еңбекшілері еншілес мәдениет жасасып жатыр, мұның аты интернационалдық мәдениет.

 

Тан тілегінен тысқары мәдениет жоқ, одан тысқары мәдениет болмақ та емес. «Екеу» «ұсақ ұлттардың қалың бұқарасы теңгерілмей тұрғанда, ұлтшылдық жойылмайды» деп қорытынды жасап, аржағын көмескілей береді. Бұл сөзден «қазақ халқы әлі ұлтшылдық жолмен барсын, мәдениеті де ұлтшыл болсын» деген сөздің исі аңқып тұр.

Біздің ұғымымыз «Екеуден» басқа. Бізше, қазақ елі бұрын тіленші болса, енді тіленші емес. Өзіне өзі қожа, бірақ бай емес, еңбекшілер қожа. Сол қожа болған еңбекші бұқаралар басқа ұлттардың еңбекшілерімен тізе қосып, байларға үкімін жүргізеді, ортақ мәдениет. Әдебиетті де солай жасайды. «Мәдениеттің түрі ұлттық, мазмұны пролетариаттық болсын» дейді партия.

Қазіргі дәуірде қазақтың қалың еңбекші бұқарасының саяси мақсатын алсақ, оларды қысқаша мыналар деуге болады: Қазақстан көлеміндегі барлық еңбекші елі таптық жолмен ұйымдасып, достығын, бірлігін күшейту, қазақ елінің өз ішіне келсек қазақ кедейін, жұмыскерлерінің таптық санасын көтеру.

Бұларды орындау үшін жақын арадағы міндеттеріміз — ауылды кеңестендіру, ауыл коммунистерін тәрбиелеу, қосшы одақтарының жұмысын жақсылап, кооперативті күшейту, жалпы халықты ағарту, жастарды, жұмыскерлерді тәрбиелеу, үгіт-насихат баспасөз арқылы жалпы еңбекші елдің салт-санасын нағыз Кеңес жолына түсіру. Олай болса, біздің әдебиетіміз осы мақсаттарды қалай, қандай тәсілдермен тезінен жүзеге асыру керек? Соны суреттейтін айна болу керек. Соның бір құралы болу керек. Осылай болса ғана қазақтың жаңа әдебиеті өз міндетін орындай алғаны. Сондай болу үшін біздің әдебиетіміздің әсіресе сыртқы пішінінен де ішкі мазмұны анағұрлым артық, айқын болу керек. «Әсіресе біздің жаңа әдебиетіміз мазмұнды болсын, әсіресе салт-сана жағынан таза болсын, төңкерісшілдік қасиеті болсын, жаңа көзбен танырлық болсын» дейді жаңа әдебиетті жақсы білетін жолдастардың біреуі — Коган. Біздің айтатынымыз да осы. Әсіресе біздің Қазақстан жайында мазмұн айқын, таза болмаса, біздің әдебиетіміздің пайдасы шамалы болады. Неге десеңіз, біздің қай жұмысымыз болса да үгіттеуді, түсіндіруді керек қылады. Неге десеңіз біз қай жұмысымызды болса да өзіміздің ішкі құрылысымызда алдымен ескіге қарсы күресуден бастаймыз. Олар біздің жалпы жағдайымыздан туып отырған нәрсе. Мысалға жер бөлу жұмысын алсақ, бұл ретте біз, бір жағынан соның неге екендігін түсіндірсек, екінші жағынан, соны қалай орындауды қадағалап үйретіп отырамыз, басқарып отырамыз.

«Екеудің» боямаларым қысқаша түрде ашып, сөзімді енді бітірмекпін. «Екеудің» мақаласында бұлардан басқа да теріс жерлері толып жатыр. Бірақ оның бәрін теріп отырудың қажеті жоқ.

Біздің мақсатымыз — негізгі боямаларын, байшыл-ұлтшылдық сырларын, сол байшылдығын екіжүзділікпен бүркемелеуге тырысқанын әшкерелеу еді. Сөйтіп, қорыта келгенде, «Екеу» мақаласының саяси астары бар. Оның әдебиет туралы біздің негізгі пікірімізді боямалап өзгерткісі келеді. Біз — «Қазақ еліне төңкеріс көп жаңалық кіргіздік, қазақ елі баяғыдай құдайға, молдаға, ақсақалға сенбейді, Кеңес жолына сенеді, дүниеге ғылым жолымен, ақылымен қарайды» десек, «Екеу» оны көргісі келмейді. Көргісі келмек түгіл «оларың жоқ» деп таласады. Қазіргі мәдениет, шаруашылық, басқа құрылыстарда істеп отырған жұмыстарымыз әдебиетке әсер беретін себепкер екенін айтудың орнына, «Екеу» «себепкер тек қана ескілік» дейді, олай болса, барлық жұмыстарыңды соған бейімдеп жасаңдар, қазақ елін капитализмнен аттатып, тегістік тұрмысқа жеткізем деп жүргендерің қиял, сарындамалық, сандалма» дейді. Міне «Екеудің» мақаласының саяси жат пікір екені, біздің жолымыз емес, қазақ байының жыры екені. Біздің міндетіміз — осыны айыра білу керек. «Екеудің» мақаласындағы әдебиетке жататын талас мәселелері туралы тағы бір ораламыз. Әйткенмен әзірше айтып кетейін деген пікірім мынау: бізде жаңа пролетариат көбейіп келеді. Оның негізгі бағытын біз пролетариат әдебиеті негізіне бейімдеуіміз керек. Біздің жайда пролетариат бағыты дегенді жоғарыда санап кеткен негізгі алда тұрған мақсаттарымызды өмірге асыруға құрал болсын деп ұғу керек.

Пролетариат әдебиеті дегенде, жалғыз жұмыскердің ғана тұрмысын суреттейтін әдебиет деп ұғуға болмайды. Әдебиетте болсын, қай жұмысымызда болсын ұлтшылдық бағытпен күресу керек. «Екеу» бір сөзінде: «әдебиетте ұлтшылдық бағыт орыста да бар» деп Пильнякты мысалға келтіреді. Мұнысы тіпті өтірік. Қазіргі орыс әдебиетінде жалпы үстем бағыт пролетариат әдебиеті. Түбінде пролетариат әдебиеті үстем болуға жағдай жасалып келеді. Пильняктар жаңа әдебиет жолында біздің жолбикелеріміз деп саналады. Орыс әдебиеті солардың ықпалымен жүріп отырса, оларды жолбике деп айтар ма едік.

Ең болмаса «Екеу» осыны ұғу керек еді. Қысқасы әдебиет туралы айтыста бізге ең алдымен керегі, әдебиеттің мүшелін іздеу емес қой деймін. Мәселенің түйіні: қазақтың ескі әдебиетін қалай пайдалану керек, жаңа әдебиетіміздің өрісіп қалай кеңейту керек, әдебиет ескі әдебиет адамдарын қалай, қандай тәсілдермен өзімізге тарта, тәрбиелей білу керек, әдебиетіміздегі мазмұнды жасаудың жолдарын сұрыптау, тағы сол сияқтылар ғой деймін. Ендігі айтыс осы ретте болсын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға