Жаңалықтар

ДҮНИЕНІ ТҮЗЕТКІҢ КЕЛСЕ, ӘУЕЛІ ӨЗІҢ ТҮЗЕЛ

ДҮНИЕНІ ТҮЗЕТКІҢ КЕЛСЕ, ӘУЕЛІ ӨЗІҢ ТҮЗЕЛ – Әбеке, сіз оқырман қауыммен әрдайым сұхбаттасып тұрдыңыз. Өзекжарды ой-пікірлеріңізді ортаға салдыңыз. Кейінгі көзде оны сиретіп барасыз. Оған қызмет бабының да әсері болатынын түсінеміз. Бірақ, көп көңілінде жүрген кейбір мәселелер төңірегінде ой бөліссеңіз екен... – Иә, мен – мемлекет қызметіндемін. Оның өз тәртібі бар. Қандай лауазым иесі де өз өкілеттігі аясынан аспауы керек. Оқырман қауыммен де сол аяда сұхбаттасуға тырысамын. – Сіз сонда қай саланың мәселелерімен шұғылданасыз? – Жаңа Ата Заңымыз мемлекетіміздегі билік бөлісуді айқын межелеп берді. Ішкі, сыртқы саясатымызды, Конституциялық құрылысымыздың орнықтылығын Президент жасақтайды. Сол бойынша Елбасы құрған үкімет арнайы бағдарламалар түзіп, жүзеге асырады. Оған қажетті құқықтық негіз парламент арқылы қабылданады. Оның орындалу барысын сот билігі мен құқық қорғау орындары Ата Заңымыз белгілеген жүйемен қадағалайды. Мен Президент қызметін қамтамасыз ететін топтың мүшесімен. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Ата Заңымыз белгілеген жаңа лауазым. Оны Президент қызметке тағайындап, өзі босатады. Тікелей Президентке ғана бағынып, Президентке ғана есеп береді. Белгілі бір саланы басқармайды. Президент тапсырмаларын орындайды. Оның парламентпен, Орталық жөне жергілікті атқару орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен байланысын қамтамасыз етіп, Президент жүргізіп отырған саясатын түсіндіреді. Президент жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес, Адам құқығы жөніндегі комиссия, Мемлекеттік марапаттау комиссиясы, т. б. кеңесші-саяси құрылымдардың жұмысын үйлестіреді. Сол сияқты, Елбасының кейбір өкілеттік сипаттағы қызметтерін атқаруына болысады. – Сонда бұл дәстүрлі уәзірлік қызмет пе? Мәселен, Абылай қасындағы Бұқар жырау сияқты. Кейбіреулер солай түсініп жүр ғой. –Абылай мен Бұқар арасындағы қарым-қатынас жұрт айтып жүргеннен әлдеқайда басқаша болған. Бұқар да, Қазыбек те, Жәнібек те – өз алдарына ұлыстары бар билікшілер. Абылайдың бастамаларына қосылған да, қосылмаған да кездері бар. Абылайдың да оларға құлақ асқан да, құлақ аспаған да кездері бар. Сондықтан, Абылай ордасында Бұқар ешқандай лауазымды қызмет атқарған жоқ. Шығыстың уәзірі батыстың министріне сәйкес лауазым. Абылайдың ондай үкіметі болмағаны белгілі. Сондықтан Бұқар да үкімет мүшесі болған жоқ. Олар ел билеуді өз тұстарындағы үрдіс бойынша жүргізді. Ол үрдістің үйренетін жәйттері болғанымен, сол қалпында көшіре салуға келмейді. Одан бері екі ғасырдан астам уақыт өтті. Көп ұзамай жаңа ғасырға аттаймыз. Оған адамзат тек технологиялық үрдісті ғана емес, содан туындайтын саяси-экономикалық қатынастарды да белгілі мөлшерде бір ыңғайға көшіріп, аттағалы отыр. Қазақстан да сол құбылыстан шеткері қала алмайды. Оның бәрі де конституциялық дәрежеде заңдастырылған. Мен бұрын да талай рет айтқанмын, билік институттары мен лауазымды адамдардың қарым-қатынасында конституциялық қағидалардың мұқият сақталғанын жақтайтын адаммын. - Сіз қазіргі қалыптасып отырған жағдайға қанағаттанасыз ба? - Мемлекеттілігіміздің дамуы тұрғысынан келсек, қанағаттанамын. Тәуелсіздік алдық. Ол түгел мойындалды. Соған сүйеніп, әлемдік қауымдастықпен ықпалдасуымызды жылдан-жылға жан-жақты кеңейтіп келеміз. Жан-жаққа жалтақтауды азайтып, өз мүддемізді бірінші орынға шығара бастадық. Қай мәселеде де өз көзқарасымызды қалыптастырып, сол тұрғыдан қайрат етуге көштік. Отандастарымыздың бүгінгі нақты тұрмыс ахуалын ойласам, экономикалық дағдарыстан шығудың біз ойлағаннан гөрі ұзаңқырап бара жатқаны, оның қоғамдық рухани ахуалымызға өз салқынын тигізе бастағаны, әрине, қабырғама батады. - Неге бұндай күйге ұшырадық деп ойлайсыз? - Кейінгі онжылдықтың көп оқиғасы төбеден түскендей төтен өрбіді. Сондықтан олардың сыр-сипатына бірден түсіне қалған жоқпыз. Оның үстіне кеңес кеңістігінде демократия нышандарын білгенмен, демократиялық билік жүйесін бастан кешкен бір де бір халық жоқ еді. Сондықтан, күшті билікке бас ұру басым болды. Ал билік әлсіреген жерде әрі-сәрілікке ұшырап, дүрбелеңді көбейтіп аламыз.Соны пайдаланған большевиктер монархияны құлатып, одан да озбыр жүйе орнатты. Озбырлық наразылық тудырмай тұрмайды. Ол көбіне-көп қоғамның жоғарғы қабаттарында, билікке жақын жүретін не ықпал ете алатын топтардан өрбіп, солардың атсалысуымен төменгі қабаттарға да жайылады. Ол бірақ зорлықшы не басқа біреуден жеңілгенде, не мерт тапқанда, не ойсырай сүрініп, қателікке ұрынғанда ғана барып сыртқа шығады. Сексенінші жылдары коммунистік режим әлгі үш келеңсіздіктің үшеуін де бастан кешті. Бейбіт экономикалық жарыста жеңіліп қалды. Билік басындағылар бірінен соң бірі қазаға ұшырай бастады. Олардың қателіктерін түзетпекші лидер көп ұзамай өзі бір қатеден соң бір қатеге ұрына бастады. Сүйтіп, қопарылмалы жағдай орнады. Қайта құру реформасы эволюцияшыл сипатқа көшті. Билікті реформалау билік жолындағы тартыстың құралына айналды. Ол реформаланып жатқан қоғамның жаңа сапаға өтуін емес,біржолата жойылуын тездетті. Сүйтіп, саяси революция жүріп жатқан реформаның эволюциялық ырғағын бұзып жіберді. Көп процесті асығып-үсігуге мәжбүр етті. Ол экономикалық дағдарыстан шығуымызды кешеуілдетпесе, тездеткен жоқ. - Сонда сіз оқиғаның бұндай барысына қуанасыз ба, ренжисіз бе? - Империя құламайынша тоталитаризм құламайтын еді. Тоталитаризм құламаса, демократия да алыстай түсер еді. Демократиялық дүмпусіз тәуелсіздік ала алмас ек. Сондықтан, қуанамын, әрине. Алайда, кеңестік кеңістіктегі реформа – ұлттық құбылыс емес, геосаяси құбылыс еді. Бұрынғы бір саяси кеңістікте бірнеше саяси кеңістіктің пайда болуы жүргізіліп жатқан реформаны ұлттық ауқымда да, халықаралық ауқымда да қайта зерделеуді талап етті. Көп күштер бұл процесс демократиялық бағытынан ауытқымайды деп түсінді. Жаңа мемлекеттер жаңа дәрежедегі байланыс орнатады деп түсінді. Бұрынғы орталық реформада да үйлестіруші ықпалын сақтап қалады деп түсінді. Сондықтан, оларға берілетін көмек күллі кеңестік кеңістіктегі реформаға берілетін көмек ретінде қарастырылды. ТМД, экономикалық одақ пиғылы содан туындады. Халықаралық қауымдастық ұлтшылдық сеператизмнен сескеніп, интеграциялық процесстерді өрбітуді жақтады. Бірақ, интеграцияны көп жағдайда реинтеграция ретінде түсіну етек алды. Ол бұрынғы геосаяси ара салмақтың қайтып оралу қаупін азайта алмайтын еді. Ондай жолмен қалыптасқан кеңістік бәрібір мешеу технология, бәсекеге төтеп бере алмайтын бұйым, солқылдақ нарықтық қатынастар, кешең даму кеңістігіне айналар еді. Ондай реформа ол кеңістікке де, әлемдік экономикаға еш тиімді болмас еді. Халықаралық қауымдастық бұны тез арада түсіне қойған жоқ. Тек Ресейдегі кейінгі сайлаулар науқанында жаңа гегемонизм мен өткенді көксеушілік үлкен саяси қауіп ретінде ашық бой көрсеткенде ғана барып түсінді. Содан кейін ғана жаңа мемлекеттер тұтас күйінде де, әрқайсысы дербес күйінде де жаңа геосаяси сюжеттің нақты тетіктері ретінде қарастырыла бастады. Бұл аталмыш елдермен экономикалық қарым-қатынаста, әсіресе инвестиция саясатында түбегейлі бетбұрыс жасатты. Ондай бетбұрыссыз тәуелсіз мемлекеттерде жаңа экономика жасау, расына келсек, мүмкін емес еді. Оны қайта құру басталғаннан бергі кезең әбден көрсетті.  Өз күшімізбен де экономикамызды жаңартын алар едік дейтін де пікір бар ғой. Иә, ондай пікір жаңа экономика жасауға тырысқан барлық қоғамның бәрінде де болған. Белгілі кезеңнен кейін бәрі де ол райынан қайтқан. Көпке дейін ол райдан қайта қоймаған Латын Америкасы елдері еді. Олар да қазір сыртпен ықпалдастықты кеңейте түсті. - Қытай ше? - Бұрынғы социалистік елдерден шеттің капиталын, технологиясын тартуға, бірлескен кәсіпорындар ашып, еркін экономикалық аймақ құруға алдымен Қытайдың кіріскенін жұрттың бәрі біледі. Турасын айтсақ, шеттің капиталын қатыстырмайтын, сыртқы ықпалдастықтан бас тартатын бір де бір ел жоқ. Экономикадағы ашық есік саясаты дұрыс та шығар. Бірақ, қақпаны тым айқара ашып тастаған қалай болар екен. Қазақстан халықаралық шайхана болып кетті дейтіндер де бар. Олай ойлайтындардың логикасымен келсек, дамыған елдердің бәрі халықаралық ресторан болып шығар еді. Шайхана қалыпта қалып қоймауға тырысқан дұрыс. Бірақ, халықаралық рыноктан есікті бәрібір тарс жауып қоя алмаймыз. Экономикалық мүддемізді, экономикалық қауіпсіздігімізді ойлау – есікті тарс жауып қою емес. Саудаласа білуге, кіммен қалай ықпалдаса білуге, экономикалық шарттардың саяси-әлеуметтік астарларын мұқият ескеріп, отандық өндірісімізді тезірек жандандырып, бәсекеге төтеп бере алатын бұйымдар шығарып, ұлттық әл-ауқатымыздың тезірек тыңайып, көгеріп-көркеюіне қызмет еткізе білуде. - Бұл шаруа ойдағыдай өрістеп жатыр деп ойлайсыз ба? Ұпайымыз кетіп қалып жатқан тұстарымыз жоқ па? - Бұл мәселенің мен атқаратын істерге тікелей қатысы болмаған соң, маған сырттан тұрып, бал ашуға болмайды. Бұл – тиісті экономикалық қызметтердің шаруасы. Президент сырттан инвестиция тартуды әбден саралап, бірнеше құрылымдар құрып, қайсысына қандай көздерден қандай мақсатта қандай жолмен қаржы тартуға болатынын егжей-тегжейлеп берді. Ел ресурстарын пайдаланудың ұтымды жүргізілуін қадағалайтын қызметтер ашылды. Солар әр жобаны жеке-жеке талдаудан, сараптан өткізіп, суық қолдар мен көлденең пиғылдардың араласып кетпеуінен қырағы сақтандыра алулары керек. Реформаның ойдағыдай мандып кете алмай жатқандығы экономикалық сұғанақтықтың етек алып кеткендігінен дейді... Реформаның мандып кете алмай жатқандығы біздің бұрын да нарықтық қатынастар күшті дамымаған, кейін жоспарлы бөліспелі экономика тұсында бұрынғы әлсіз нарықтық дәстүрлеріміздің өзінен де айырылып қалған, жеке басына пайда тауып, баюды түбегейлі мансұқтайтын өз қолы мен өз ойына сенбей, мемлекеттің қолына қарап қалған этатистік қоғамнан шыққандығымыздан. Бірақ, ондай қоғамда билік жүрген жерде байлық та жүретіні белгілі. Кеңес қоғамындағы билеуші элита әуелі шексіз билікпен қанағаттанды. Отыз жетінші жылдары тоталитаризм құрығы өз мойындарына түскен соң, жеке адамның шексіз билігінен тайсалып, өздеріне экономикалық артықшылықтар мен жеңілдіктер жүйесін кеңейте бастады. Брежнев тұсында ашық сибаритизм етек жайды. Жоғарғы жақтың сибаритизмге бой алдырғанын байқап, төменгі жақта көлеңкелі экономика да еріс жая бастады. Жоғарыдан жасалатын реформа тұсында бұрын ресми түрде ауыздықталғанмен, астыртын түрде асқына түскен саяси мансапқорлық пен көлеңкелі экономика негізгі ықпалды күшке айналары түсінікті. Империя құламай тұрғанда кәсіпорындардың өз тізгінін өзіне беру, бартерлік айырбасқа жол ашу, лицензиялар мен несие берудің ашық бәсекеден тысқары бөліспелі жүйесі, жұрт жай-жапсарға түгел түсініп алмай тұрып басталып кеткен асығыс жекешелендіру бұрыннан да күшті салалық эгоизм мен экономикалық штабтар пайдакүнемдігін ұлғайтпаса, әлсіреткен жоқ. Оны, бірақ «тәуелсіздіктер парады» емес, империялық бас штабтардың өзі бастап берді. —     Егер оның бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін басталса, әлдеқайда тазарақ болар ма еді? —     Тәуелсіз мемлекеттер өзінің адамдық материалын жасап үлгере қойған жоқ. Әзір қолда барымыз – кешегі кеңес көзінде қалыптасқан адамдық материал. Бәріміз де сол материалдан жасалғанбыз. Көпшілігіміз – экономикалық бастамашылдыққа баулынбағанбыз. Кәсіпкерліктің өзін өліге дейін қылмыскерлік санап, етіміз түршігеді. Отандық кәсіпкерлік дәстүрлеріміз көлеңкелі экономика үрдісінде тәрбиеленген. Ашық кәсіпкерлік жағдайының өзінде астыртын кәсіпкерлік тәсілімен әрекет етеді. Сондықтан өндіретін бизнес жоқ та, алыпсатарлық бизнес ұлғая түсуде. Ресурс ақшаға айналғанмен, бұйымға айналмайды. Дүкенде бұйым көп болғанмен, оны шығарып жатқан кәсіпорындар жоқ. Жұмыссыздықтың, салықтың толық жиналмауының, жалақы мен зейнетақының уақытылы төленбеуінің төркіні де сонда екенін бәріміз білеміз. Бірақ, бәріміз бұның бәрін қамшының күшімен түзетіп алғыңыз келеді. Экономикалық қудалау саяси қудалауды туғызбай қоймайды. Ол тоталитаризмге қайтын оралтады. Оны қай-қайсымыз да қаламаймыз. —     Сонда қайтпек керек? —     Өлмектің соңынан өлмек жоқ. Жоспарлы-бөліспелі экономика енді келмейді. Мемлекеттік меншік бүкіл елді асырай алатындай монстр-монополист емес. Әркім экономикалық бастамашылдықтық қыр-сырына қанығуға күш салғаны лазым. Отандық өндірісті жандандырудың жан-жақты шаралары қарастырылса дұрыс. Ұлттық капиталды ұлттық экономикаға қызмет еткізе білуге тиіспіз. Президент үкіметтен соны талап етіп отыр. Жұртшылықты соған шақырын отыр. Шетелдік инвестиция тартудың да негізгі мақсаты сол. Шағын және орта бизнесті дамытудың да көздейтін мақсаты сол. – Көлеңкелі экономиканың көлеңкелі тұстары сол қалпында қала бере ма? —     Президент бұл мақсатта салық саясатын қайта қарады. Салық жинаудың тәртібін қатайтуда. Үкіметке берілген несиелердің қайтарымын қадағалауды талап етуде. Өндіретін бизнеске жеңілдіктер беруде. Ұлт ішілік, халықаралық капитал қозғалысын ұлттық экономикалық мүдде тұрғысынан қайта жүйелеуді қолға алуда. Тендер тәртібін жетілдіру керектігі дау туғызбайды. Қалыптасып қалған монополияларды, олигархияшылдықты жоюда сырттан капитал, шетелдік инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы кәсіпкерлердің жаңа буынын шығарудың да ықпалы аз болмайды. Билеу жүйесіне, әсіресе экономиканы үйлестіру жүйесіне жеткілікті білім алған, бөліспелі бизнеске қатысы жоқ тың күштерді тарту да экономика сауығуына септік етпек. Қысқасы, ұлттық мүддеге, халыққа қызмет етпей, оңай байып алғыштарға оңай тимейтін экономикалық тәсілдердің бәрін де пайдаланған жөн. Бұның бәрі баршамыз экономикалық бастамашылдыққа үрке қарамай, әр үйдің бизнеспен шұғылданатын өз адамдарын шығарып, өз экономикалық мүдделерін өздері қамдастыра алатындай ахуалға жаппай көшпейінше, ойлаған нәтижеге жеткізе қоймайды. Сондықтан, қай-қайсымыз да тек жоғарыға қарамай, жан-жағымызға да қарай білгеніміз дұрыс. —     Мұндай экономикалық қарымдылыққа даладағыларымыз түгілі қаладағыларымыздың өзі тәуекел ете алмай отыр. Әсіресе, ауылдың қатты күйзеліп отырғанын талай рет өзіңіз де айтқансыз. Ауыл осы күйзелісті күйде қала бере ма? —     Ауыл – бәріміздің де жанымызға бататын жағдайда. Жоспарлы экономика кезінде дені мемлекетке қарыздар болып отырған ауыл шаруашылығы нарыққа стихиялы түрде көшуден бірінші боп құлдырады. Энергияның, техниканың, тыңайтқыштың қымбаттауы, өндіруші өнеркәсіптің жабылуы, қала мен ауыл арасындағы айырбастың нарыққа көшуі колхоздар мен совхоздарды сол қалпында қалдыра алмайтыны баяғыдан белгілі болса да, жекешелендіру заңы баяғыда шықса да, жергілікті жерлерде жекешелендіруге асыға қоймады. Ол ортадағы мал мен дәулеттің көрер көзге тоналуына жол берді. Көп шаруашылық бөліп алатындай ештеңе қалмаған көзде барып жекешелендірілді. Өндірісін тақыр жерде бастаған нарықты шаруашылық, әрине, тауқыметке ұшырайды. Олар өз бетімен тыңайып кете алмасы белгілі. Мемлекеттік қамқорлық керек. Оған жететіндей ұлттық капитал әлі жинақтала қойған жоқ. Шетел капиталы нарықтық үрдіске көшпеген салаға бармайды. Сондықтан осының бәрі ескеріліп жасақталатын жаңа ауыл бағдарламасы керек. Ол, ең алдымен, ауыл тұрғындарын нарыққа баулуға, ауыл жастарын өнеркәсіп пен бизнеске, тұрмыстық қызметтерге тартуға, ауыл өнімдерін өңдеу мен өндіруді ұлғайтуға, халық көп тұратын ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын да көп жасақтауға бағытталуы қажет. Ауыл қолдамайынша Қазақстанда нарықтық менталитет үстемдік ала қоюы қиын. Сондықтан нарықты жақтайтын реформашыл күштер ауыл ахуалын ең өткір, ең шешуші мәселе ретінде қарастырулары керек. Жергілікті әкімшіліктер негізінен ауыл жағдайын жақсарту үшін отырғандарын бір сәт те ұмытпағандары жөн. Ауыл – үкімет қызметінің де ең басты көрсеткішіне айналары заңды. Президент бұл жайында түбегейлі мақсаттар көздеуде. Ол – мемлекетіміздің келешек дамуының қазіргі жасалып жатқан ұзақ мерзімді бағыттамасының да ең басты арқауларының бірі. —     Сонда ауылдың жағдайын да нарық арқылы жақсартудан басқа жол жоқ дейсіз ғой. Ауылға жаны ашитын азамат ретінде осылай дейсіз ғой... —     Иә, ежелгі қытай мақалы айтқандай, ауыспалы заманда өмір сүруді тек қасыңа ғана тілеуге болады. Сол қасыңа тілейтіндей қысталаң жағдайда өмір сүріп жатқан отандастарымның бәрін аяймын. Соның ішінде бейнеті тіптен асып кеткен өз қандастарымды, әсіресе, ауыл тұрғындарын қатты аяймын. Бірақ, мен аяғанмен, заман бәрібір аямай тұр ғой. Үйреншікті дәурен еді деп, оларды баяғы бабалар тұсындағы бақташылық дәурендерге бәрібір қайтып оралта алмаймыз. Үйренген жау атыспаққа жақсы деп, аштан өлтіртпеуге, көштен қалдырмауға енді-енді жетісе бастаған секілді болған кешегі колхоз-совхоз заманына да жол жабылды. Енді ондай ұжымдасқан шаруашылық та нарық заңдарына ғана сүйеніп өмір сүре алады. Сондықтан, ауылдағы ағайынға шындап жанымыз ашитын болса, барлық пәле нарықтан деп жарапазан айта бермей, адамзаттың басым көпшілігі ұстанған шаруашылық жүргізу үрдісіне қайткен күнде де тезірек жетілуге жәрдемдесуіміз қажет. Жалпы, өз халқымызды, ауылдағы ағайынды жаңалықтың исі мұрындарына бармайтын олақ та одағай қауымға санап, мал төңірегінен шығармай қоюға тырысқан кешегі кеңес тұсындағы экономикалық снобизмге қайта ұрынбауымыз керек. Оларды осы заманғы экономиканың барлық саласына да батыл араластыратын шараларды қарастырған мақұл. Бауырыңнан шыққан балаңды қанша аяғаныңмен, өмірбақи ата бесікке бөлеп қоя алмайтының сияқты бауырынан өрген халқыңды да аяғанның реті осы екен деп, мәңгібақи атакәсіпке байлап қоямыз деудің жөні жоқ. Қазақ ешқашан ондай мешеу халық болмаған. Жаңа орта мен жаңа жағдайға тез үйренісе алатын алғырлығы мен көнбістігінің арқасында ғана тарих пен табиғаттың талай соқталаңынан аман өтіп келеді. Соны ескерейік. Зар илей бергенше, баршамыз болып тәуекелге мінейік. «Балық жегісі келген адамға балық бергенше, балық аулауды үйрет», – дегендей, ауылдағы ағайынды ендігі жерде жылу жиып, жартымсыз жәрдем беріп, қарық қыла алмайсың, нарық жолына батыл қадам бастырып, баулып, қалыптасу кезеңінің қиындықтарын жеңілдетуге ғана жәрдемдесіп, жақсылық жасай аласың деп ойлаймын. – Ауыл түгілі, қала жарыққа, жылуға жарымай отыр. Жергілікті емхана түгіл астаналық клиникалар дәрі-дәрмекке қат. Мектептер түгіл ғылым академиясының өзі кісі есігіндегі күй кешуде. Жоғарғы оқу орындарына қайтадан бастағы білік емес, қалтадағы ақша түсе бастады. – Жарықтық Құнанбай қажы: «Мен жыласам, барлық қатыннан асырып жіберер ем», – деп айтқандай, әлеуметтік саладағы қиындықтар мен келеңсіздіктерді Президент төңірегі білмей отырған жоқ. Жоқтық жомарттың қолын байлайды деп, мемлекеттің азғантай қаржысы ең зәру жерге жұмсалсын деп, бұл саланы аса нәзік реформалауды қанша тапсырғанымен, әлгіндей қиындықтардан арыла алмай отырмыз. Кітапханалардың саны амалсыз кемігенмен, кітап қоры сақталып, ешкім бас сұқпайтын қоймалардан жұрт көп баратын оқу залдарына көшсін. Төбелерінде туы болғанымен, терезелерінде буы жоқ, ылғи бос тұратын көп мәдени ошақтардан гөрі халық көп жиналатын демалыс-сауық орындары ұйымдастырылсын. Аты бар да, заты жоқ елді мекендерді көбейте бермей, халық жолы бар, жарық пен жылу бара алатын, ауруханалары дұрыс ем, мектептері дұрыс білім бере алатын ықтимал елді мекендерге шоғырландырылсын. Кейінгі кезде көтеріліп жүрген бұндай әңгіменің көпшілігі ауылға жамандық ойлағаннан туып жүрген жоқ. Бұның бәрі – нарық жағдайында ескермей болмайтын процестер. Бұны дұрыстап түсіндірудің орнына, істі тұрғын халық зардап шекпейтіндей қып, икемді ұйымдастырудың орнына қаршылдаған қайшыға жүгіріп, бас салып қысқарта бастаймыз. Ықтималдандыру тек қысқарту емес. Жұртшылық үшін тиімді қылу деген сөз. Президент талабы осыны көздейді. Экономикалық дағдарыстан шыққанша ең басты міндет – барды жоғалтпау. Жағдай жақсарған сайын барға бар қосылу керек. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты осы. Нарық жағдайында атқарушы билік экономикалық игілік бөлісуге емес, әлеуметтік ойсырауға жол бермей, рухани-мәдени саланы дамыту үшін керек екендігін үкіметтік орындар да, әкімшіліктер жақсы түсінсе лазым. Ал ғылым академиясына келсек, жаңа талаптарға байланысты ғылыми-зерттеу істерін де жетілдіру керек екені белгілі. Оның қазіргі жағдайы бұл саладағы ең ықтимал үлгі деп ешкім айта алмайды. Сондықтан ол бұл қалпында да ұзақ қала алмасы түсінікті. Бұл мақсаттағы ізденіс әлі де жалғасатыны сөзсіз. Біздің кеңістікте мемлекет қолдайтын ғылыми корпорацияның академиялық үлгісінің тамыры әлі де берік, мүмкіндігі әлі де жеткілікті екендігі белгілі жағдай. Президенттің ғылым мен қоғам пайдасына шығатын ұрымтал ұсынысты қолдайтынына еш күмәнданбаған жөн. Білім беру реформасы әлі аяқталып біткен жоқ. Ол жаппай сауаттылық көрсеткішін сақтауды, қоғамның шынайы интеллектуалдық қуатын жасақтау, ол үшін нағыз талантты мен қабілеттілерді сұрыптай білуді жетілдіру, оны көп арналы қаржыландыру арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздеуге тиісті. Қабілет сұрыптау тек қабылдау емтихандары тұсында ғана емес, бүкіл білім беру барысында жүзеге асуға тиісті. Сонда ғана диплом да, студент партасы да болашағы бар білімді жасқа бұйырары хақ. Ата-аналардың да, кадр дайындауға мүдделі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың да, бюджеттің де қаражаттары әншейін амбицияны емес, шын қабілетті, жол-жөнекей жандайшап қалталарды емес, білім беру ісін қолдайтындай қылып сындарлы жүйе жасау – күн тәртібінде тұрған ең өткір мәселе екендігін Елбасы айдай жұрттың алдында талай рет ашып айтты. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының онсыз да қалтасы тоқтарға үстеме олжа боп кетпей, әл-ауқаты орта не ортадан төмен, әсіресе, көп балалы үйлерден шыққан қабілетті жастарды оқытуға жұмсалуын қадағалауға қатты назар аударып отыр. Ол орта, жоғарғы мектептерде оқылатын пәндерді, олардың оқулықтарын, оқыту дәрежесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді, барлық мектептерді компьютерлендіруді, оны әуелі ауыл мектептерінен бастауды үкіметтен қатты талап етіп отыр. Бұнда да ырғалып-жырғалатын болсақ, шын сауатсызданатын немесе аты ғана сауатты саналып, ештеңеге жарамайтын білім алатын жағдайда қала беруіміз мүмкін. —    Бізде авторитаризм қаупі бар, Жаңа Ата Заңымыздың кіріспе бөлімі мен кейінгі тараулары арасында қайшылық бар, Президенттің қолына көп билік шоғырландырылған, оған тіл тигізген адамға белгіленген шара тым қатал деген пікірлерге қалай қарайсыз? —    Конституцияның бастапқы бөлімі біздің қандай мемлекет орнататынымызды анықтайды. Кейінгі тараулар ол мақсатқа жету үшін мемлекеттік билікті қалай жүзеге асыратынымызды белгілейді. Конституция – азаматтардың, билік институттарының бірін-бірі жойып жіберуіне, соның салдарынан мемлекеттің өзінің жойылып кетуіне жол бермейтін, сол арқылы баршаның игілігі мен бостандығын, өмірі мен кемелденуін қамтамасыз ететін бүкілхалықтық пәтуа. Халық тікелей дауыс беру арқылы бүгін таңда бұны қамтамсыз етуге Президенттік республика үрдісін қолайлы деп тапты. Барлығы да сол концепциялық желіден өрбиді. Ауыспалы кезеңдерден өтіп, тәуелсіз мемлекеттер тағдырына қауіп азайып, азаматтарымыздың құқық мәдениеті жетілген сайын билік бөлісу жүйелеріне де тиісті өзгерістер енер. Бүгін таңда Ата Заңымыз өз міндетін ойдағыдай атқарып отыр. Оны бұлжытпай орындау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Демократия бір күнде төбеден түсе қалатын құбылыс емес. Диалектикалық процесс. Тап-таза тоталитаризмнен кейін тап-таза демократия орнай салмасы белгілі. Қоғам тоталитарлық санадан неғұрлым жедел тазарса, биліктің демократиялануы да соғұрлым тездейді. Демократия тағдырына мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам институттары бірдей жауапты. Олардың ара-қатынасының революциялық сипатта өрістеуі авторитаризмнің, эволюциялық сипатта өрістеуі демократияның мүмкіндігін күшейтеді. Жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның қалыптасу кезеңінде Президентке ең ауыр жүк артылып, басқа ешқайсымыздан талап етілмейтін Конституциялық құрылыстың бірден-бір кепілі болу жауапкершілігі міндеттеліп отыр. Соған сәйкес құқықтық өкілет пен моральдық мүмкіндік беру әбден заңды; Президент түгілі жәй азаматымызды балағаттауға жол бермеу керек. Демократия парасат пен мәдениетке сүйеніп өмір сүре алады. Бейпілдік иен бейбастақтық ең алдымен демократияны құртады. Ендеше ол екеуіне неге кеңпейіл болуға тиіспіз?! –     Президент жағдайды түгел біле ме? Төңірегіндегілердің шындықты сол қалпында айтуға батылы жете ме? – Билік басындағылар да, қасындағылар да шындықтың бетіне тура қарауы керек. Ол әрқайсымыздың қолымыздан әр түрлі дәрежеде келіп жатуы мүмкін. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы құлағын әркімнің аузына тосқан немесе кеңсе баққан басшы емес. Ылғи ат үстінде. Ел ортасында. Әр түрлі топтар өкілдері есігін босатпайды. Ақпарат құралдарына алды ашық. Өзі жүргізіп отырған саясатты өз аузынан түсіндіреді. Оппозициямен диалогке де батыл бара алады. Сонда: «Сіз жағдайды білмейсіз. Шын жағдай мынадай. Сіздің істеп отырғаныңыз қате. Дұрыс жолы – мынау», – деп айтқан біреуді көрдіңіз бе? Әншейінде бізге келгенде күңкілдейтіндердің өзі ол кісімен кездескенде жібектей есіліп қоя беретінін талай көріп жүрміз. Қошемет-қолпаш айту жағынан күнде қасында отырған біздерден гөрі оқта-текте бір соғатын ағайындар ұпайын асырыңқырап жібереді. Бірақ, біздің Президентіміз ненің өтірік, ненің шын екендігін аңғара алмай қалатындай аңғал кісі емес. Менің байқауымша, аузындағы сөзің мен көмейіндегі пиғылыңды қатар байқап отыратын әбден ысылған, талай талқыны көрген тәжірибелі саясаткер. Ондай кісіге шындық айтудың қиындығы жоқ дей алмаймын. Өзі біліп отырған кісіге одан асырып айту, әрине, қиын. Ал өтірік айту да оңай емес. Сондықтан өз басым өз пікірімді өз қалпында айтуға тырысамын. Назарбаев, бір жақсысы, таласа біледі. Таласа білетін кісі, айтпай қалғаныңды да айтқыза біледі. Ұсынсаң – себебін айт. Қосылмасаң – дәлеліңді айт. Көңіліңнен шыққан тапсырманы орында. Көңіліңнен шықпаса – уақытылы бас тарт. Салдары қандай болса да– керіп ал. Бастық пен бағынышты арасындағы қарым-қатынас құқықтық межеден аттап кетпеуге тиіс, әдеп-әжеттен аттап кетпеуге тиіс деп есептеймін. Мәселені ақылдасудың, талқылаудың, кеңесу мен дәйектеудің, келісудің, шешім қабылдаудың өркениетті тәсілдерін білу – кәсіби парыз. Одан аттап, бас изей беру – көлгірлік, жағадан алып, жармаса кету – оспадарсыздық, қалай да өз дегенімді өткізем деп, айла-шарғыға бару – интригандық деп білемін. Билікті аздыратын осы үшеуі. Мемлекеттік қызметші үшеуінен де аулақ тұруға тиісті деп есептеймін. Әдетте, бастың өзіне соқтыға алмаған мойынды шымшылайды деп бар пәлені бағыныштыларға итеріп салу – не жауапкершіліктен қашып дағдыланған әккі әкімгершіліктен, не жағдайды білетін жақсы билікші қоғамды бір өзі түзете алады дейтін этатистік санадан, не пәленнің орнына өзім отырсам, бәрін қатырам дейтін мансапқорлық күншілдіктен, не билік төңірегіндегілердің арасына ши жүгіртіп, билік институттарының соғысын қолдан қоздырғысы келетін әбжілдіктен өрбитін індет. Әйтпесе, Қазақстанның бастан кешіп отырған қиындықтарын түбегейлі реформа жүргізген барлық қоғамның бәрі бастан кешті. Бұрын социалистік ел болған Шығыс Европа елдерінің күні анау, ТМД елдерінің күні мынау. Тіпті асып-төгіліп жатқан АҚШ-тың өзі бірнеше онжылдықтар бойы «ұлы депрессияның» тауқыметін тартпады ма? Соның бәріндегі реформаны Назарбаев, не оның үкіметі, не оның төңірегі жүргізіп пе еді?! Өз басым Президент Назарбаев тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтайтын, көп жағдайда біздің еркімізден тысқары қалыптасқан қиын ахуалдан тек нарық реформасын ойдағыдай жүргізу арқылы шығуға болады деп есептейтін, өз ішімізде тыныштық пен бүтіндік, алыс-жақын әріптестермен тиімді ықпалдастық орнату арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін саясат жүргізіп отыр деп білемін. Сондай саясатты қолдайтындықтан да осы қызметке келісімімді бердім. Оны атқара алатын менен басқа ешкім жоқ деп ешқашан ойлап көрген емеспін. Олар аз болмау керек. Бірақ, Президент командасына оған мақтау-мадақ айтып, не оңды-солды жамандап, қорқытып-үркітуге тырысып, не төңірегіндегілердің арасына ши жүгіртіп, іріткі салу арқылы жетуге ешқашан ниет етіп көрген емеспін. Билікке біреуді жамандап емес, өзіңді таныту арқылы ғана жететін өркениетті мансапшылдыққа бой ұратын кез келді. Әйтпесе, басқару жүйесін де жақсарта алмайсыз. Алауыздықты да тия алмаймыз. Кадр саясаты жайында жаңа байыптама керектігі де сондықтан. —     Қазіргі Президентімізге ешқандай балама жоқ дегенге қосыласыз ба? —     Президент сайлауға дейін жетілген қоғамда Президентке неге балама болмасын?! Әбден болады. Алғашқы сайлаудың өзінде үш үміткер аталды. Біреуі қазіргі Президенттің пайдасына өз еркімен сайлауға түсуден бас тартты. Екеуі сайысқа түсті. Одан бері қанша жыл өтті! Қанша саяси партиялар дүниеге келді. Үміткерлер табылуы әбден мүмкін. Алайда, басталып кеткен реформаны көздеген межеге жеткізу үшін онымен біте қайнасып кеткен нақты тәжірибе, процестер барысында шындалған терең білік, тек ұлттық факторға ғана емес, аймақтық, әлемдік факторларға байланысты өмірлік мәселелерді ойдағыдай шешу үшін шектес елдерге, алыс-жақын әріптестерге, халықаралық қауымдастыққа кеңінен танымалдық пен үлкен бедел керек. Ол жағынан бүгін таңда қазақ саясатшыларының арасында Назарбаев даусыз басымдыққа ие. Бұл, қаласақ та, қаламасақ та, мойындайтын шындық. Елбасының беделі қай мемлекет үшін де ұлттық игілік. Әсіресе, жаңа тәуелсіз мемлекет үшін. Ендеше оны қастерлей білейік. —     Оқта-текте, алыс-жақын баспасөзде Қазақстан Президенті де Түрікменстан Президентінің ізімен кетпес пе екен деген қауіп айтылады. —     Оның жауабын Нұрсұлтан Әбішұлы өзі айтты ғой. «Халық қаһарманы» атағынан бас тартты. Алған сыйлығын жетім балалар үйіне берді. Жаңа астананың атын өз атымен атауға қарсы болды. Сол арқылы гуманизм мен демократия қағидаларына адал басшы екенін айғақтады. Халық өз ықыласын әр түрлі жолмен білдіруі мүмкін. Оның бәр-бәрінен астар іздей бермеген жөн. Президентке қолпаш емес, қолдау керек. Күрмеуі келте кезеңде күңкілдей бермей, көп нәрсеге түсіністікпен қарасақ – одан асқан ыстық ықылас жоқ деп санаймын. —     Айтпақшы, Ақмола атауы сол қалпында қалды ма? – Жуырдағы құрылтайда Елбасы нақтылап айтты. Өзгертілмейді. Оны «Ақмол», «Ақмолда» деп түсіндірудің де қажеті шамалы. Ол да бір кезде баспасөз бетінде айтылған түсініктеме еді. Енді оны да Президент төңірегіне таңғысы келетіндер бар. Ақ – қай мағынада да ұнамды сөз. Мола – қазақ санасында «аруаққа», «киеге», «қасиетке» байланысы бар қастерлі ұғым. Әлемдік астаналардың көпшілігінің атаулары «сиыр су», «ормандағы қалашық», «лай су», «ұйықты жер», «құдықты жер», «сусыз жер», «желдің өті» сынды, орналасқан жеріне байланысты семантикалық төркінінен ербитінін ескерсек, «Ақмоланың» да тап пәлендей ерсі ештеңесі жоқ. – Президенттер жанұясы мүшелерінің саясатқа араласуына қалай қарайсыз? – Әлемдік саяси тәжірибеде бар құбылыс. Оған талай мысал айтуға болады. Конституциялық талаптар мен шектеулер Президенттер жанұясына да қандай қатысты болса, Конституциялық құқықтар мен мүмкіндіктер де Президенттер жанұясына сондай қатысты болуға тиісті. Біздің ешқайсымыздың ешкім турасында заңнан асқан қатал, не заңнан асқан кеңпейіл болуға хақымыз жоқ деп санаймын. —     Үкімет мүшелерімен ара-қатынасыңыз қалай? —    Мен мемлекет қызметінде әркімнің өз міндетін білгенін, өзгенің шаруасына сұғанақтық жасамағанын қалайтын жанмын. Үкіметпен ара қатынастарда да осы қағидаға сүйенемін. Президент командасындағы адам болғандықтан, Президент мақұлдаған үкіметпен түсіністікпен жұмыс жасауға міндеттімін. —     Әдебиеттегі әріптестеріңізбен, әсіресе, О. Сүлейменов, Ә. Нұрпейісов, Ш. Мұртаза, М. Шахановтармен қандай қатынастасыз? —    Бұл төртеуінсіз жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойын көзге елестету мүмкін емес деп есептеймін. Тек оларды ғана емес, әдебиетіміздегі ауыз тұщытарлық әр шығарманы, олардың авторларын, маған қалай қарайтындықтарына қарамастан қастерлеймін. Әдетте, ұнатқан шығармама уақытылы лебіз білдіруге тырысамын. Көңіліме қонбаған шығарма жайында ауыз ауыртпаймын. Әдебиетте де, саясатта да адамдармен емес, көңілге қонбайтын идеялар мен тенденцияларға қарсы күресіп күресу – әлеуметтік белсенділік. Ұнатпаймын, не ұнатпайды екен деп біреудің қыр соңынан қалмау – пәлеқорлық. Өшпенділікпен ешкімді де, ештеңені де түзете алмайсың. —     Ал, олар сізге қалай қарайды? —    Нұрпейісов жазушылығымды бағалайды. Саясатқа әуестігімді тап пәлендей құптай қоймайды. Мұртаза мен Шаханов әдебиетте де, саясатта да менімен кереғар бағытта емес сияқты. Сүлейменовпен саяси-эстетикалық көзқарастарымыз көп ретте үндеседі. Оның шығармаларын өз топырағымызда бірінші боп аударған, насихаттаған адаммын. Көркемдік ойымызды ғасыр биігіне көтерудегі үлкен орнын ерекше бағалаймын. Әдебиетте де, саясатта да жекелеген тұлғалар, шығармалар, тенденциялар мен мәселелер төңірегінде көзқарастарымыздың тоғыспай қалатын тұстары бар. Бірақ, баррикаданың екі бетіндегі жандармыз деп есептемеймін. Шамасы, Олжас та солай ойлайтын шығар. Өйткені, осы қызметке тағайындалғанда Брюсельдегі Ш. Айтматов пен Римдегі О. Сүлейменов алдымен құттықтағандар болды. Сондағы Олжастың: «Өзіңіздің адал еңбегіңізбен қазақ әдебиеті саласында, Парламенттің жұмысы мен Мемлекеттік үлкен қызметтерде Сіздің бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің керегесін керіп, шаңырағын көтерісіп, туын тігісіп жүргеніңізге шын жүректен қуанып, мақтан етемін», – деген сөздері, Шыңғыс ағаның: «Әбіш інім! Тарих біліп істегендей. Бұл қызметке келуің – ұлттық табыс. Өмірің өркендесін, еңбегің – халық үшін, қаламың – рух үшін, ақылың – заман үшін», – деген ағыл-тегіл ақ батасы әрі мықтап тебірентті, әрі мықтап ойлантты. Әрине, бұндай сөздер менің тап олар айтқандай кемел биікке көтеріле алғандығымнан болмас. Бірақ, бұл теріс пікірдегі адамдардың ауыздарынан шыға қоймайтын сөздер ғой. —     Әбеке, тәуелді-тәуелсіз ақпараттармен тегіс танысып отырасыз ба? —    Әлбетте. —    Ендеше, сізге Махамбет пен Сырымды туған жұрттан, Маңғыстау сынды жауынгер аймақтан жаралып отырып, білекті түріп неге шықпайды деген бопса айтылып қалады. Ондай бопса әлгі санаттағы қаламдастарыңызға да айтылады... – Түсінікті. Білекті сыбанатын жерінде сыбану керек. Мәселен, Жаңа Өзен оқиғасы тұсында әуе десанты басып алған қиыр қалаға кеудеден итергендерге қарамастан, жүрегін қолына алып, елден бұрын жеткен – мен, менің шақыруыммен барған қаламдас ағаларым емес пе еді? Онда білекті түрсек, тоталитарлық орталықтың экономикалық отаршылдығына қарсы түрдік. Ал бүгін сонда Азаттыққа жеткен жұрттардың бәрі де бастан кешкен уақытша қиындықтарға шыдамай, өліп-талып зорға алған тәуелсіздігімізге қарсы білек түрем бе? Ол, қазақша айтқанда, битке өкпелеп, тоныңды отқа жағу болмай ма?! Әрине, бұндай бопса «күйінген тәңірісін қарғайды» деген көп қой. Дағдарысты ахуал қабырғаға батқандықтан айтылатын шығар. Бірақ, одан билік жолындағы күресті қоздырып емес, білек түріп, еңбекке кіріссек қана тездетіп шыға аламыз. «Өмір деген күрес» деген ұғым бар-бар уақытта жасампаз қарекетке жұмылдырмайды. «Өмір деген еңбек» деген ұғым ғана жасампаз қарекетке жұмылдыра алады. Мен үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Оны жойымпаздықпен емес, жасампаздықпен нығайта аламыз. Билік жолындағы тайталастың желігіне беріліп, орнықтылық ахуалды бір шайқап алсақ, қолда жоққа қол жеткізбек түгілі, қолда барды шайып жіберуіміз мүмкін. Одан кімнің мүйізі шығады? Күйзелсек те, абайлап сөйлейік, ағайын... – Жазушы қоғамға жазу столында отырып та ықпал ете ала ма? – Әрине. Ете алады. Бірақ, қоғамға қай тұста, қай кезеңде ұрымтал ықпал етуді өзі шешеді. Сократ, Платон, Диоген, Байрон, Шелли, Шиллер, Петефи, Мицкевич, Сырым, Махамбеттер неге айтыс пен тартыс ортасында жүреді? Аристотель, Сенека, Макиавелли, Науаи, Ұлықбек, Бабур, Гете, Байтұрсынов, Сейфуллин, Мальро, Гавелдер неге билік ордасында отырады? Конфуций, Вольтер, Тоныкөк, Қорқыт, Асанқайғы, Жиембет, Бұқарлар неге билікшілерге кеңес береді? Бомарше, Грибоедов, Карпентьер, Пабло Неруда, Айтматов, Сүлейменов, Ш
08.12.2012 05:34 6445

ДҮНИЕНІ ТҮЗЕТКІҢ КЕЛСЕ, ӘУЕЛІ ӨЗІҢ ТҮЗЕЛ

– Әбеке, сіз оқырман қауыммен әрдайым сұхбаттасып тұрдыңыз. Өзекжарды ой-пікірлеріңізді ортаға салдыңыз. Кейінгі көзде оны сиретіп барасыз. Оған қызмет бабының да әсері болатынын түсінеміз. Бірақ, көп көңілінде жүрген кейбір мәселелер төңірегінде ой бөліссеңіз екен...

– Иә, мен – мемлекет қызметіндемін. Оның өз тәртібі бар. Қандай лауазым иесі де өз өкілеттігі аясынан аспауы керек. Оқырман қауыммен де сол аяда сұхбаттасуға тырысамын.

– Сіз сонда қай саланың мәселелерімен шұғылданасыз?

– Жаңа Ата Заңымыз мемлекетіміздегі билік бөлісуді айқын межелеп берді. Ішкі, сыртқы саясатымызды, Конституциялық құрылысымыздың орнықтылығын Президент жасақтайды. Сол бойынша Елбасы құрған үкімет арнайы бағдарламалар түзіп, жүзеге асырады. Оған қажетті құқықтық негіз парламент арқылы қабылданады. Оның орындалу барысын сот билігі мен құқық қорғау орындары Ата Заңымыз белгілеген жүйемен қадағалайды.

Мен Президент қызметін қамтамасыз ететін топтың мүшесімен. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Ата Заңымыз белгілеген жаңа лауазым. Оны Президент қызметке тағайындап, өзі босатады. Тікелей Президентке ғана бағынып, Президентке ғана есеп береді. Белгілі бір саланы басқармайды. Президент тапсырмаларын орындайды. Оның парламентпен, Орталық жөне жергілікті атқару орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен байланысын қамтамасыз етіп, Президент жүргізіп отырған саясатын түсіндіреді. Президент жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес, Адам құқығы жөніндегі комиссия, Мемлекеттік марапаттау комиссиясы, т. б. кеңесші-саяси құрылымдардың жұмысын үйлестіреді. Сол сияқты, Елбасының кейбір өкілеттік сипаттағы қызметтерін атқаруына болысады.

– Сонда бұл дәстүрлі уәзірлік қызмет пе? Мәселен, Абылай қасындағы Бұқар жырау сияқты. Кейбіреулер солай түсініп жүр ғой.

–Абылай мен Бұқар арасындағы қарым-қатынас жұрт айтып жүргеннен әлдеқайда басқаша болған. Бұқар да, Қазыбек те, Жәнібек те – өз алдарына ұлыстары бар билікшілер. Абылайдың бастамаларына қосылған да, қосылмаған да кездері бар. Абылайдың да оларға құлақ асқан да, құлақ аспаған да кездері бар. Сондықтан, Абылай ордасында Бұқар ешқандай лауазымды қызмет атқарған жоқ. Шығыстың уәзірі батыстың министріне сәйкес лауазым. Абылайдың ондай үкіметі болмағаны белгілі. Сондықтан Бұқар да үкімет мүшесі болған жоқ. Олар ел билеуді өз тұстарындағы үрдіс бойынша жүргізді. Ол үрдістің үйренетін жәйттері болғанымен, сол қалпында көшіре салуға келмейді. Одан бері екі ғасырдан астам уақыт өтті. Көп ұзамай жаңа ғасырға аттаймыз.

Оған адамзат тек технологиялық үрдісті ғана емес, содан туындайтын саяси-экономикалық қатынастарды да белгілі мөлшерде бір ыңғайға көшіріп, аттағалы отыр. Қазақстан да сол құбылыстан шеткері қала алмайды. Оның бәрі де конституциялық дәрежеде заңдастырылған. Мен бұрын да талай рет айтқанмын, билік институттары мен лауазымды адамдардың қарым-қатынасында конституциялық қағидалардың мұқият сақталғанын жақтайтын адаммын.

- Сіз қазіргі қалыптасып отырған жағдайға қанағаттанасыз ба?

- Мемлекеттілігіміздің дамуы тұрғысынан келсек, қанағаттанамын. Тәуелсіздік алдық. Ол түгел мойындалды. Соған сүйеніп, әлемдік қауымдастықпен ықпалдасуымызды жылдан-жылға жан-жақты кеңейтіп келеміз. Жан-жаққа жалтақтауды азайтып, өз мүддемізді бірінші орынға шығара бастадық. Қай мәселеде де өз көзқарасымызды қалыптастырып, сол тұрғыдан қайрат етуге көштік.

Отандастарымыздың бүгінгі нақты тұрмыс ахуалын ойласам, экономикалық дағдарыстан шығудың біз ойлағаннан гөрі ұзаңқырап бара жатқаны, оның қоғамдық рухани ахуалымызға өз салқынын тигізе бастағаны, әрине, қабырғама батады.

- Неге бұндай күйге ұшырадық деп ойлайсыз?

- Кейінгі онжылдықтың көп оқиғасы төбеден түскендей төтен өрбіді. Сондықтан олардың сыр-сипатына бірден түсіне қалған жоқпыз. Оның үстіне кеңес кеңістігінде демократия нышандарын білгенмен, демократиялық билік жүйесін бастан кешкен бір де бір халық жоқ еді. Сондықтан, күшті билікке бас ұру басым болды. Ал билік әлсіреген жерде әрі-сәрілікке ұшырап, дүрбелеңді көбейтіп аламыз.Соны пайдаланған большевиктер монархияны құлатып, одан да озбыр жүйе орнатты. Озбырлық наразылық тудырмай тұрмайды. Ол көбіне-көп қоғамның жоғарғы қабаттарында, билікке жақын жүретін не ықпал ете алатын топтардан өрбіп, солардың атсалысуымен төменгі қабаттарға да жайылады. Ол бірақ зорлықшы не басқа біреуден жеңілгенде, не мерт тапқанда, не ойсырай сүрініп, қателікке ұрынғанда ғана барып сыртқа шығады.

Сексенінші жылдары коммунистік режим әлгі үш келеңсіздіктің үшеуін де бастан кешті. Бейбіт экономикалық жарыста жеңіліп қалды. Билік басындағылар бірінен соң бірі қазаға ұшырай бастады. Олардың қателіктерін түзетпекші лидер көп ұзамай өзі бір қатеден соң бір қатеге ұрына бастады. Сүйтіп, қопарылмалы жағдай орнады. Қайта құру реформасы эволюцияшыл сипатқа көшті. Билікті реформалау билік жолындағы тартыстың құралына айналды. Ол реформаланып жатқан қоғамның жаңа сапаға өтуін емес,біржолата жойылуын тездетті. Сүйтіп, саяси революция жүріп жатқан реформаның эволюциялық ырғағын бұзып жіберді. Көп процесті асығып-үсігуге мәжбүр етті. Ол экономикалық дағдарыстан шығуымызды кешеуілдетпесе, тездеткен жоқ.

- Сонда сіз оқиғаның бұндай барысына қуанасыз ба, ренжисіз бе?

- Империя құламайынша тоталитаризм құламайтын еді. Тоталитаризм құламаса, демократия да алыстай түсер еді. Демократиялық дүмпусіз тәуелсіздік ала а

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға