Жаңалықтар

"МОПР" жайында

  Бірер жылдан бері газеттерде МОПР деген сөзді жиірек көрушілер болса да қазақ арасында дәл оның мәнісін түсініп, затын ұғушылар түгіл, не деген сөз екенін білушілер де сирегірек деуге болады. МОПР деген сөз: «Дүниедегі төңкерісшілерге жәрдем көрсететін ұйым» деген сөздердің қысқартылғаны. МОПР ұйымы ашылғалы екі жыл болды. Содан бері төңкерісінен қатынасы бар халықтың қайсысы болса да «МОПР»-ды білгендей болды. Қазірде МОПР ұйымы қай мемлекетте болса да бар: ондағы мүшелердің саны 4 миллиондап бар. Оның 3 миллионы Советтер Одағында. МОПР-ға мүше болғандардың ай сайын өздерінің табыстарынан салып отыратын мүшелік жарналары болады. МОПРға берілген жәрдемнің 90 проценті (жүзден тоқсаны) Советтер Одағынан. Тегінде МОПРдың мәнісі мен мақсатына көз жібергенде, ете маңыздылық байқалады: «МОПР» кімге жәрдем қылмақ? Дүние жүзінің төңкерісшілеріне. Өйткені олар Маркстің ұранын орындап барлық еңбекшілердің басын қосу үшін, байлардың тырнағынан құтқару үшін жанын отқа салады, басын отқа байлайды. Советтер Одағынан басқа мемлекеттер төңкерісшілдермен бәрі қас: оларды атады, айдайды, тұтқынға алады; жолыңнан таймадың деп неше түрлі азап тартқызады. Қазірде шет мемлекеттердің абақтысында 50 мыңнан астам төңкерісшілдер отыр. Төңкеріс жолында қазаға ұшыраған аштық пен адам көрмеген азаптың ата-бабасын тартып тұтқында отырған ерлердің үй іштеріне, өздеріне жәрдем көрсету әрбір еңбекшілдік борышы. Осы декабрьдің 7-нде МОПР жұмасы жүргізіліп өтті. Бұл жұмада МОПРдың әрбір ұйымдары жиылыстар, баяндамалар жасап, үндеулер таратып әрқайсысы әр мемлекеттегі мұқтаждық көруші төңкерісшілдерге қамқорлықтарын көрсетті. Біздің, қазақ, даласына келгенде ежелгі әр нәрседен кенже қалғаны сияқты бұл жолда да іс қылушылар сезілмеді. Рас, қазақ төңкеріс ісіне қатынасқан жоқ-ақ шығар, сондықтан басшылық қылатын а:іаматы кем-ақ шығар. Сонда да, бұл қалыппен бара беруге болмайды. Қазақ, еңбекшілері де дүниеде жасай білуі үшін дүние еңбекшілерінің кіріскен жұмысына атсалысуы керек. Төңкеріс болмаса қазақ сияқты елге бұл теңдік тиер ме еді. Дүниеде капиталшылар құрымай еңбекшілердің мойны босамайды. Капиталшыларды жоятын жалпы төңкерісті орнататын жалпы дүниенің төңкерісшілдері. Олай болса қазақ еңбекшілері де МОПР-ға жазылсын. Олар да төңкеріс жолындағы азап шеккен ерлерге қарлығаштығын көрсетсін. 
08.12.2012 05:33 3033

 

Бірер жылдан бері газеттерде МОПР деген сөзді жиірек көрушілер болса да қазақ арасында дәл оның мәнісін түсініп, затын ұғушылар түгіл, не деген сөз екенін білушілер де сирегірек деуге болады.

МОПР деген сөз: «Дүниедегі төңкерісшілерге жәрдем көрсететін ұйым» деген сөздердің қысқартылғаны.

МОПР ұйымы ашылғалы екі жыл болды. Содан бері төңкерісінен қатынасы бар халықтың қайсысы болса да «МОПР»-ды білгендей болды.

Қазірде МОПР ұйымы қай мемлекетте болса да бар: ондағы мүшелердің саны 4 миллиондап бар. Оның 3 миллионы Советтер Одағында.

МОПР-ға мүше болғандардың ай сайын өздерінің табыстарынан салып отыратын мүшелік жарналары болады.

МОПРға берілген жәрдемнің 90 проценті (жүзден тоқсаны) Советтер Одағынан. Тегінде МОПРдың мәнісі мен мақсатына көз жібергенде, ете маңыздылық байқалады: «МОПР» кімге жәрдем қылмақ? Дүние жүзінің төңкерісшілеріне. Өйткені олар Маркстің ұранын орындап барлық еңбекшілердің басын қосу үшін, байлардың тырнағынан құтқару үшін жанын отқа салады, басын отқа байлайды.

Советтер Одағынан басқа мемлекеттер төңкерісшілдермен бәрі қас: оларды атады, айдайды, тұтқынға алады; жолыңнан таймадың деп неше түрлі азап тартқызады.

Қазірде шет мемлекеттердің абақтысында 50 мыңнан астам төңкерісшілдер отыр.

Төңкеріс жолында қазаға ұшыраған аштық пен адам көрмеген азаптың ата-бабасын тартып тұтқында отырған ерлердің үй іштеріне, өздеріне жәрдем көрсету әрбір еңбекшілдік борышы.

Осы декабрьдің 7-нде МОПР жұмасы жүргізіліп өтті. Бұл жұмада МОПРдың әрбір ұйымдары жиылыстар, баяндамалар жасап, үндеулер таратып әрқайсысы әр мемлекеттегі мұқтаждық көруші төңкерісшілдерге қамқорлықтарын көрсетті. Біздің, қазақ, даласына келгенде ежелгі әр нәрседен кенже қалғаны сияқты бұл жолда да іс қылушылар сезілмеді. Рас, қазақ төңкеріс ісіне қатынасқан жоқ-ақ шығар, сондықтан басшылық қылатын а:іаматы кем-ақ шығар. Сонда да, бұл қалыппен бара беруге болмайды. Қазақ, еңбекшілері де дүниеде жасай білуі үшін дүние еңбекшілерінің кіріскен жұмысына атсалысуы керек.

Төңкеріс болмаса қазақ сияқты елге бұл теңдік тиер ме еді.

Дүниеде капиталшылар құрымай еңбекшілердің мойны босамайды. Капиталшыларды жоятын жалпы төңкерісті орнататын жалпы дүниенің төңкерісшілдері. Олай болса қазақ еңбекшілері де МОПР-ға жазылсын. Олар да төңкеріс жолындағы азап шеккен ерлерге қарлығаштығын көрсетсін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға