Жаңалықтар

ТІЛ КӨГЕРМЕЙ, ЕЛ КӨГЕРМЕС

ТІЛ КӨГЕРМЕЙ, ЕЛ КӨГЕРМЕС Қадірлі әріптестер! Бүгінгі семинар-кеңестің жұмысына зор қанағаттанғандықпен қарауға барлық негіз бар. Біріншіден, ол уақытында өтті. «Қазақстан Республикасы Тіл саясаты Заңының» қабылданғаны жуырда ғана. Елбасының қойған қолының сиясы әлі кеуіп те үлгерген жоқ. Екіншіден, бүгінгі кеңеске нағыз керекті адамдар шақырылыпты. Мемлекеттік билік жүйесінің барлық саласының және барлық деңгейінің өкілдері қатысып отыр. Жаңа Заң ең бастан осындай үлкен мемлекеттік маңыз берілген жағдайда ғана ойдағыдай жүзеге аса алады. Үшіншіден, кеңеске қатысушылар зор белсенділік танытты. Баяндамада да, шығып сөйлегендер сөзінде де қонымды пікірлер, орынды ұсыныстар баршылық. Ол көңілге үлкен үміт ұялатады. Қандай Заңның да тағдыры, көбіне көп оны орындауға, ең алдымен, мемлекеттік билік орындарының қаншалықты құлықты екендігіне байланысты болатыны еш құпия емес. Әсіресе, тіл туралы Заң айрықша үлкен ықыласты талап етеді. Әсіресе, біздердің тарапымыздан. Өйткені, біз бен сіз үшін өз мемлекетімізді одан әрі орнықтырып, нығайта түсуден басқа мұрат жоқ. Ал тіл саясатының бұл мәселеде қаншалықты маңызға ие екенін өмір өзі көрсетіп беріп отыр. Тілдік жарасым жоқ жерде әлеуметтік жарасым болмайды. Ал, әлеуметтік жарасым тек әділетке ғана сүйене алады. Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тарихи жасақталған тілдері мен мәдениеттерінің бәрі қажет. Бір тілдің жоғалуы – тек белгілі бір ұлтқа ғана емес, күллі адамзатқа жасалған қиянат болып табылады. Ал мәдениет пен тіл сияқты аса нәзік құбылыс тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады. Әр тіл мен мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан сондай етене ортасы бар. Мәселен, қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана ойдағыдай дами алады. Ол осындай күллі адамзаттық маңызы бар рухани құбылыс ретінде кемелденіп жетілуге тиісті мемлекеттік маңыз бен нақты қамқорлықты тек қазақ топырағында ғана талап ете алады. Бұны отандастарымыз дұрыс түсінеді. Оған барша естияр қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі жолымен қабылданған жаңа Ата Заңымыз айғақ. Ол еліміздегі тілдік қатынастарымызды да конституциялық жолмен реттеп берді. Ол реттіліктерді жүзеге асырудың құқықтық жолдары Тіл саясаты туралы жаңа Заңмен нақтыланды. Ол Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің өз ана тілдерін оқып-үйренуіне, құрметтеуіне ерік береді. Мемлекет тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетіледі. Енді бұл төңіректегі мәселелерді одан әрі саясаттандыра бермеген жөн. Ол үшін Жаңа Заңды жүзеге асыруға қажетті Мемлекеттік бағдарлама мен басқа да қосалқы құжаттарды жұртшылықты алаңдатпайтындай қып, уақытылы және мұқият әзірлеуіміз дұрыс. Бұл – Үкімет атқаратын парыз. Тілдерді дамытудың мемлекеттің бағдарламасы кешіккен жерде саяси айтыс-тартыстың қайта қозып кететіндігін еткен жылдар көрсетіп берді. Екіншіден, бұл құжатты алысқа сермемей, таяу жылдарда атқарылатын керекті ауқымы нақты пайымдалғаны тиімді. Екінші, ол шараларды жүзеге асырудың мерзімі, жауапты тұлғасы мен материалдық шығыны бүгінгі саяси-экономикалық ахуалға сәйкес анық көрсетілгені лазым. Әйтпесе, ауқымды аламыз деп, аяқсыз қалатын шараларды белгілеп, болмайтын шаруалар төңірегіндегі өнбейтін дауларға қайта желік бітіріп алуымыз ғажап емес. Аз да болса, сатылап болса да, көзге көрінетіндей ілгері басушылық жоқ жерде бұл жағынан сары уайым сапырушылардың, екінші жағынан, «Қап, бәлем, қалай екен», – деп ашық табалаушылардың қыспағында қаламыз. Ол үшін мемлекеттік тілдің қолданбалық аясын кеңейтуге басым маңыз беруге тиіспіз. Бұл арада басын ашып алатын бір мәселе бар. Қазақ тілі – лингвоархеологиялық немесе лингвоэтнографиялық құбылыс емес. Ол – үлкен саяси-әлеуметтік құбылыс. Ол өзге ұлт тілдері бастан кешкен даму процестерінің бәрін бастан кешті. Тек XX ғасырдың өзінде үш рет жазу реформасына ұшырады. Жазбалы-полиграфиялық, бейнелемелі-дыбыстамалық жүйеге ие болды. Өзге тілдермен ықпалдасу тәсілдерін де меңгерді. Аударма, сөздіктеме тәжірибесін де жинақтады. Көп жанрлы көркем әдебиет пен өнер, көп салалы ғылым мен техника, көп бағдарлы ақпарат, көп сатылы білім беру, мемлекеттік басқару мен қоғамдық ықпал, саяси дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру құралына айналды. Оның негізінде туындаған көркемдік құндылықтар өзге тілдерге аударылды. Әлемдік әдебиет пен дүниетанымның үздік үлгілері қазақ тіліне ойдағыдай аударылды. Оны қайтадан үй ішілік, тұрмыстық қатынастар ауқымымен шектеу еш мүмкін емес. Оны кешегі тоталитарлық идеология да, «қосылысу мен құйылысуды» ғана күйттеген солақай интернационалистік саясатты жүзеге асыра алмады. Сондай қиянатты әшкерелейміз деп, тіліміздің ахуалын тым мүшкілдендіре, мүсәпірлендіре суреттеуге тырысушылық оған деген нигилистік көзқарасты одан сайын өршітіп алды. Билік жолындағы таласта қандай тәсілден де тайынбайтын күштер тарапынан қазақ тілін архаикалық құбылыс, ал онымен пайдаланатындарды кертартпалық пен кешеліктің өкілдері деп көрсетуге тырысатын пиғылдар да бой көрсетпей қалып жатқан жоқ. Сондай солақайлық салдарынан тіліміздің болашағына, өмірлік қабілетіне өзге отандастарымызды қойып, өз қандастарымыздың күмәні күшейе бастады. Мектептегі балалардың қайта алынып кетуі, тіл үйренетін үйірмелердің жұмысының озбауы, ілеспелі аударманың салғыртсынуы, жиналыстардың қайтадан бір тілділікке көшуі әлгіндей күдік-күмәндардың бел ала бастағандығының белгісі. Ендеше, ендігі жерде жылап-сықтап тіл көсегесін көгерте алмайтынымыз белгілі болды. Жоқты талап етуге шеберміз. Барды ұқсатуға олақпыз. Басты қырсық осында. Бұл арада мынаны ескеру керек. Қандай ма тіл болмасын, оның даму деңгейін қанша адамның ол тілде сөйлейтіндігі белгілемейді. Ол тілдің өмірдің қанша саласында қолдана алынатындық қабілеті анықтайды. Бұл ретте, біздің социлингвистеріміз бен статиктеріміз Қазақстан тұрғындарының қаншасы қазақша біліп, қаншасының қазақша білмейтінін анықтағанмен, оның қай салада қалай пайдаланып жүргендігіне бас ауыртпады. Расына келсе, қазақ тілін білмейтін, тіпті білгісі келмейтін адамдар бар болса бар да шығар, ал бірақ өмірдің қазақ тілін пайдалану мүмкін емес бір де бір саласы жоқ. Қазақ тілінің қолдану аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылтылған жоқ, тездетіп бір тілділікке, бір ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көз алара, көз таса әрекеттердің салдарынан қасақана қолдан тарылтылған. Әйтпесе, тіпті тоталитаризм жылдарында ол тілде әлемдік философия мен әдебиеттің, осы заманғы ғылым мен техника салаларының зерттеу еңбектері басылып шыққан-ды. Жоғары математика мен астрономиялық, медицина мен геологияның, жаратылыстану мен қоғамтанудың талай оқулығы қазақ авторларының қолынан жарық көрген. Бұл саладағы әрідегі Бөкейханов, Байтұрсынов, Асфендияров, Досмұханбетов, Ермековтерді былай қойғанда, күні кешегі Сыдықов, Машанов, Ибрашев, Еркеғұлов, Оразақов, Әбішев, Шағым Жұмабаев еңбектерін-ақ еске алыңызшы. Осының өзі-ақ, қазақ тілінің жетілген беллетристика тілі ғана емес, толыққанды саяси және ғылыми публицистиканың тілі екендігіне көзімізді анық жеткізе түседі. Оның мешеулігі мен кенделігі жайындағы лақаптар – бүгінгі саяси риторикадағы көп бейпілдіктің ең бір өрескел түрі. Ендеше, әлгіндей қиянатын арылу жолы – мемлекеттік тілді мемлекетіміз өмірінің барлық саласында батыл қолдану. Бұл мәселені шешуде демографиялық аспектіге жүгіре бермей, негізінен институттық, функциональдық аспектілерге жүгіну орынды. Ең алдымен, билік орындары мемлекет тілінде сөйлемей тұрып, күллі мемлекет өз тілінде сөйлемейді. Оның деңгейі қанша бастықтың, қанша шенеуніктің қазақша білетіндігімен анықталмайды. Ісқағаздары, жиналыстар мен мәжілістер, мемлекет рәсімдері қай тілде жүзеге асатындығымен анықталады. Сондықтан, шенеуніктерді емес, билік институттарын қазақша сөйлетуге күш салуымыз керек. Ол ісқағаздарын жүргізетін жинақтар мен рәсімдерді әзірлейтін біз бен сізге байланысты. Өкіметтің өзі сөйлемейтін, өзі іс жүргізбейтін тілде қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдардың сөйлей қоюы, іс жүргізе қоюы екіталай. Сондықтан тіл заңының шарттарын мұқият орындауда мемлекеттік билік орындары өздері өнеге көрсетуге тиісті. Білім беру саясаты – мемлекеттік саясат. Білім беруді қаржыландырудың алуан көздері болуы мүмкін. Бірақ, білім берудің халықаралық қалыптарын сақтауды, оның концептуалдық, методологиялық жүйесін жасақтауды тек мемлекет қана жүзеге асырады. Осы тетіктерді пайдалана отырып, ана тіліміздің білім берудегі аясын кеңейтуге тиісті ықпал жасауға болады. Жұрттың бәрінің қазақша оқуын қамтамасыз етпеген күнде де орта білім мен жоғары білім беруде барлық пәндерді қазақша оқытуға қажетті оқулықтар мен мамандар әзірлеуді жолға қоя алсақ, қазақша білім беру аясын толық көлемде кеңейтуге жағдай жасаған боп шығамыз. Бүгін таңда ең алдымен осыны жүзеге асыруға ұмытылғанымыз жөн. Егер біз Қазақстанда алынған дипломның халықаралық деңгейде әжетке асуын қамтамасыз ететін болсақ, онда барлық пәндер бойынша оқулықтарды халықаралық білім стандарттарына сәйкес қайта жазып, немесе басқа тілдерден аударып, қайта бастырып шығаруымыз керек. Жаңа оқулықтарды ең алдымен қазақ тілінде басып шығаруға басым мән бергеніміз тіл туралы жаңа заңның да, білім берудің жаңа байыптамасының да жүзеге асыруға бағытталған шешуші қадамы болар еді. Тілдік климатты жасауда ақпараттың атқарар қызметі айтпаса да белгілі. Нарықтық қатынастар жағдайына ана тіліміздегі ақпарат аясын кеңейтудің соны мүмкіндіктерін қарастырмай болмайды. Өйткені, нарық жайындағы білім мен ақпаратқа әсіресе шалғай аудандар мен ауылдар зәру. Бұл ретте, ұлт тілінде тәуелсіз ақпарат жүйесін жасақтаудың мүмкіндіктері өте жақтаулы. Шетелдік инвестиция мен халықаралық экономикалық ықпалдастық әзірге индустриялық өндіріс пен қалалық ортаны ғана қамти алып отыр. Бұл мемлекеттік тілдегі ақпарат құралдарын қаржыландыруға мемлекеттің басты маңыз беруін талап етер объективті жағдай. Тілдік ахуалдың нарық үшін тартымды сипатқа көшуінде жарнаманың да атқарар қызметі зор. Кейінгі көзде безендіруі мен жарнамаларына қарап, біздің қалаларымыздың қай елдің қалалары екенін айырылып алу қиындап кетті деген сөз көп айтылып жүр. Бұл – біздің жарнамаларымыз тек қазақша жазылсын деген сөз емес. Қазақ тілін көше безендіруде сол баяғы таз қалпында қалдыруға енді болмайды деген талап. Орынды талап. Өйткені, мемлекеттік тіл – мемлекеттің туы, гербі, гимні сияқты символы. Оны отандық фирмалар да, шетелдік фирмалар да мықтап ескеруге тиісті. Жер бетіндегі мемлекеттер қазір түгелге дерлік нарық қатынасына көшті. Бірақ, өз тілінде жарнамаламайтын бір де бір ел жоқ. Егер біз ұлттық ортамызды нарықтық ахуалды тезірек мән орнатқымыз келсе, мемлекеттік тілдегі жарнамаға көбірек мән бергеніміз жөн. Бұл негізінде кәсіпкерлер мен кәсіпорындар тарапынан емес, көше безендіруді, жарнамаларды жасақтау мен орналастыруды үйлестіретін билікшілер мен билікші орында тарапынан орын алып отырған енжарлық. Тіліміздің қолданылу аясын кеңейту мен әлеуметтік беделін арттыруда сындарлы терминология мен ономастикалық саясаттың тигізер пайдасы өлшеусіз. Бұл ретте де ойландыратын мәселелер қордаланып келеді. Термин жасауда жүйесіздік бар. Әр басылым, әр автор өз баламасын ұсынып, қарапайым оқырман мен тыңдарман кімге құлақ асарын білмек түгілі, қай ұғымның нені білдіретінін айырудан қалып барады. Ономастикада да бір кезде келісілген пәтуалар атымен ұмытылды. Кім көбірек айқайлап, бұрынырақ жүгірсе, оның ұсынысы ономастикалық дәрежеге ие болып келеді. Бұл мәселелерді бір ізділікке түсірмей болмайды. Бұның бәрі мемлекеттік тіл саясатын қалыптастырып, жүзеге асыруда кетіп отырған, қолға алынбай жатқан кемшіліктер мен олқылықтарды түгел қамти алмайды. Бірақ, әнтек көзге ұрып тұрған «әттегенайлар». Тек солардың өзіне байланысты ақылға сыйымды шешім тауып, тез арада жүзеге асыра алсақ, тілімізге деген нигилистік көзқарасты, мемлекеттік билік орындарының ана тілімізге деген қамқорлығына деген нигилистік көзқарасты белгілі мөлшерде әлсірете алар едік. Мұндай ингилизмнің белең алып кетпеуі үшін, тіл саясатын жүзеге асыруды қаржыландыру төңірегінде жариялылықты қамтамасыз етпей болмайды. Бұл мақсатта жұмсалатын қаржының көлемін мемлекеттік бюджетте жеке жолмен көрсеткен жөн. Оны халық та, тиісті мекемелер мен ұйымдар да айқын біліп отырса құба-құп. Тіл заңында шешімін дұрыс тапқан мәселелер қатарында «Өкілетті орган» жөніндегі бапты да атап айтқан дұрыс. Өйткені, тіл мәселесі мемлекеттік саясаттың арнайы бағыты болып қала бермек. Оны мемлекеттік тұрғыда жүзеге асыруға барлық мемлекеттік билік орындары түгел ат салысуы керек. Мұндай көп тарапты, көп бағытты жұмыс уақытылы және икемді үйлестіруді қажет етеді. Оны арнайы ұйымсыз қадағалау аса қиын. Жалпы, Заңды жүзеге асыру жөнінде Үкіметтің арнайы қаулы қабылдағаны жөн шығар. Мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік билік жүзеге асыратыны белгілі. алайда, бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тек кез келген басшы ғана емес, кез келген азамат тіл тағдырын мемлекет тағдырымен астастыра қарауға үйренуі қажет. Сондықтан мемлекеттік билік орындары тіл саясатын жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, мәдениеттік және азаматтық қозғалыстармен кеңінен ықпалдасудың мүмкіндіктері мен жолдарын жан-жақты қарастырулары шарт. Тіл тағдырын тек ақша шешпейді. Тек билік шешпейді. Ақшаны мол шашып, билікті қатайтып, санскрит пен эсперантоны да кеңінен енгізуге болады. Ал, біздің жағдайымызда әңгіме ана тіліміз жөнінде болып отыр. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Бұл отаншылдықпен тікелей байланысты. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуінен де қолғабысын аямауға тиісті. Бұл ретте қоғамдық қорлар мен ұйымдардың ықпалы орасан зор болмақшы. Олар мұндай нәзік мәселеде мемлекет араласа алмайтын жерлерге де араласа алады. Ол үшін әлгіндей қорлар мен қоғамдық ұйымдар саясатсызданып, таза культурологиялық сипатқа көшкендері ләзім. Тіл мүддесін қорғап, тіл зәруін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік орындарға талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері қажет. «Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып бара жатыр», – деп, көздің жасын көлдете бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, әлеуметтік көзқарасына деген сенімді нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, жанұялардың атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оларды өнікті жүзеге асырудың әдістемесін жасауға ерекше мән бермей болмайды. Шығыстың ежелдегі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сосын балаң мен достарыңды түзе», – деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сосын балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал. Ал, бұл үшін де арнайы заң шығарып, әдейі қаржы бөлуді талап етсек, маңызды істің бәсін түсіріп, тек өзіміздің ғана емес, халқымыздың ар-намысын аяқасты еткен болар едік. Қысқасы, қиын да қажетті парызды талқыға салып отырмыз. Ол бізден табандылықпен қоса инабаттылықты талап етері даусыз. Егер біз бұл төңіректегі саяси ахуалды сауықтырғымыз келсе, сөзді азайтып, істі көбейтуіміз қажет. Бұл істе де мемлекеттік билік мұрындық болуға тиісті. Ендеше, осы отырғандар осы мәселеде ерекше ұйымшылдық пен ыждаһат танытуға тиісті. Іске сәт, достар! 1997 жыл.  
08.12.2012 05:28 3271

ТІЛ КӨГЕРМЕЙ, ЕЛ КӨГЕРМЕС

Қадірлі әріптестер!

Бүгінгі семинар-кеңестің жұмысына зор қанағаттанғандықпен қарауға барлық негіз бар. Біріншіден, ол уақытында өтті. «Қазақстан Республикасы Тіл саясаты Заңының» қабылданғаны жуырда ғана. Елбасының қойған қолының сиясы әлі кеуіп те үлгерген жоқ. Екіншіден, бүгінгі кеңеске нағыз керекті адамдар шақырылыпты. Мемлекеттік билік жүйесінің барлық саласының және барлық деңгейінің өкілдері қатысып отыр. Жаңа Заң ең бастан осындай үлкен мемлекеттік маңыз берілген жағдайда ғана ойдағыдай жүзеге аса алады. Үшіншіден, кеңеске қатысушылар зор белсенділік танытты. Баяндамада да, шығып сөйлегендер сөзінде де қонымды пікірлер, орынды ұсыныстар баршылық. Ол көңілге үлкен үміт ұялатады. Қандай Заңның да тағдыры, көбіне көп оны орындауға, ең алдымен, мемлекеттік билік орындарының қаншалықты құлықты екендігіне байланысты болатыны еш құпия емес. Әсіресе, тіл туралы Заң айрықша үлкен ықыласты талап етеді. Әсіресе, біздердің тарапымыздан. Өйткені, біз бен сіз үшін өз мемлекетімізді одан әрі орнықтырып, нығайта түсуден басқа мұрат жоқ. Ал тіл саясатының бұл мәселеде қаншалықты маңызға ие екенін өмір өзі көрсетіп беріп отыр. Тілдік жарасым жоқ жерде әлеуметтік жарасым болмайды. Ал, әлеуметтік жарасым тек әділетке ғана сүйене алады. Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тарихи жасақталған тілдері мен мәдениеттерінің бәрі қажет. Бір тілдің жоғалуы – тек белгілі бір ұлтқа ғана емес, күллі адамзатқа жасалған қиянат болып табылады. Ал мәдениет пен тіл сияқты аса нәзік құбылыс тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады. Әр тіл мен мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан сондай етене ортасы бар. Мәселен, қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана ойдағыдай дами алады. Ол осындай күллі адамзаттық маңызы бар рухани құбылыс ретінде кемелденіп жетілуге тиісті мемлекеттік маңыз бен нақты қамқорлықты тек қазақ топырағында ғана талап ете алады. Бұны отандастарымыз дұрыс түсінеді. Оған барша естияр қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі жолымен қабылданған жаңа Ата Заңымыз айғақ. Ол еліміздегі тілдік қатынастарымызды да конституциялық жолмен реттеп берді. Ол реттіліктерді жүзеге асырудың құқықтық жолдары Тіл саясаты туралы жаңа Заңмен нақтыланды. Ол Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің өз ана тілдерін оқып-үйренуіне, құрметтеуіне ерік береді. Мемлекет тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетіледі. Енді бұл төңіректегі мәселелерді одан әрі саясаттандыра бермеген жөн. Ол үшін Жаңа Заңды жүзеге асыруға қажетті Мемлекеттік бағдарлама мен басқа да қосалқы құжаттарды жұртшылықты алаңдатпайтындай қып, уақытылы және мұқият әзірлеуіміз дұрыс. Бұл – Үкімет атқаратын парыз. Тілдерді дамытудың мемлекеттің бағдарламасы кешіккен жерде саяси айтыс-тартыстың қайта қозып кететіндігін еткен жылдар көрсетіп берді. Екіншіден, бұл құжатты алысқа сермемей, таяу жылдарда атқарылатын керекті ауқымы нақты пайымдалғаны тиімді. Екінші, ол шараларды жүзеге асырудың мерзімі, жауапты тұлғасы мен материалдық шығыны бүгінгі саяси-экономикалық ахуалға сәйкес анық көрсетілгені лазым. Әйтпесе, ауқымды аламыз деп, аяқсыз қалатын шараларды белгілеп, болмайтын шаруалар төңірегіндегі өнбейтін дауларға қайта желік бітіріп алуымыз ғажап емес. Аз да болса, сатылап болса да, көзге көрінетіндей ілгері басушылық жоқ жерде бұл жағынан сары уайым сапырушылардың, екінші жағынан, «Қап, бәлем, қалай екен», – деп ашық табалаушылардың қыспағында қаламыз. Ол үшін мемлекеттік тілдің қолданбалық аясын кеңейтуге басым маңыз беруге тиіспіз. Бұл арада басын ашып алатын бір мәселе бар.

Қазақ тілі – лингвоархеологиялық немесе лингвоэтнографиялық құбылыс емес. Ол – үлкен саяси-әлеуметтік құбылыс. Ол өзге ұлт тілдері бастан кешкен даму процестерінің бәрін бастан кешті. Тек XX ғасырдың өзінде үш рет жазу реформасына ұшырады. Жазбалы-полиграфиялық, бейнелемелі-дыбыстамалық жүйеге ие болды. Өзге тілдермен ықпалдасу тәсілдерін де меңгерді. Аударма, сөздіктеме тәжірибесін де жинақтады. Көп жанрлы көркем әдебиет пен өнер, көп салалы ғылым мен техника, көп бағдарлы ақпарат, көп сатылы білім беру, мемлекеттік басқару мен қоғамдық ықпал, саяси дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру құралына айналды. Оның негізінде туындаған көркемдік құндылықтар өзге тілдерге аударылды. Әлемдік әдебиет пен дүниетанымның үздік үлгілері қазақ тіліне ойдағыдай аударылды. Оны қайтадан үй ішілік, тұрмыстық қатынастар ауқымымен шектеу еш мүмкін емес. Оны кешегі тоталитарлық идеология да, «қосылысу мен құйылысуды» ғана күйттеген солақай интернационалистік саясатты жүзеге асыра алмады. Сондай қиянатты әшкерелейміз деп, тіліміздің ахуалын тым мүшкілдендіре, мүсәпірлендіре суреттеуге тырысушылық оған деген нигилистік көзқарасты одан сайын өршітіп алды. Билік жолындағы таласта қандай тәсілден де тайынбайтын күштер тарапынан қазақ тілін архаикалық құбылыс, ал онымен пайдаланатындарды кертартпалық пен кешеліктің өкілдері деп көрсетуге тырысатын пиғылдар да бой көрсетпей қалып жатқан жоқ. Сондай солақайлық салдарынан тіліміздің болашағына, өмірлік қабілетіне өзге отандастарымызды қойып, өз қандастарымыздың күмәні күшейе бастады. Мектептегі балалардың қайта алынып кетуі, тіл үйренетін үйірмелердің жұмысының озбауы, ілеспелі аударманың салғыртсынуы, жиналыстардың қайтадан бір тілділікке көшуі әлгіндей күдік-күмәндардың бел ала бастағандығының белгісі. Ендеше, ендігі жерде жылап-сықтап тіл көсегесін көгерте алмайтынымыз белгілі болды. Жоқты талап етуге шеберміз. Барды ұқсатуға олақпыз. Басты қырсық осында. Бұл арада мынаны ескеру керек. Қандай ма тіл болмасын, оның даму деңгейін қанша адамның ол тілде сөйлейтіндігі белгілемейді. Ол тілдің өмірдің қанша саласында қолдана алынатындық қабілеті анықтайды. Бұл ретте, біздің социлингвистеріміз бен статиктеріміз Қазақстан тұрғындарының қаншасы қазақша біліп, қаншасының қазақша білмейтінін анықтағанмен, оның қай салада қалай пайдаланып жүргендігіне бас ауыртпады. Расына келсе, қазақ тілін білмейтін, тіпті білгісі келмейтін адамдар бар болса бар да шығар, ал бірақ өмірдің қазақ тілін пайдалану мүмкін емес бір де бір саласы жоқ. Қазақ тілінің қолдану аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылтылған жоқ, тездетіп бір тілділікке, бір ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көз алара, көз таса әрекеттердің салдарынан қасақана қолдан тарылтылған. Әйтпесе, тіпті тоталитаризм жылдарында ол тілде әлемдік философия мен әдебиеттің, осы заманғы ғылым мен техника салаларының зерттеу еңбектері басылып шыққан-ды. Жоғары математика мен астрономиялық, медицина мен геологияның, жаратылыстану мен қоғамтанудың талай оқулығы қазақ авторларының қолынан жарық көрген. Бұл саладағы әрідегі Бөкейханов, Байтұрсынов, Асфендияров, Досмұханбетов, Ермековтерді былай қойғанда, күні кешегі Сыдықов, Машанов, Ибрашев, Еркеғұлов, Оразақов, Әбішев, Шағым Жұмабаев еңбектерін-ақ еске алыңызшы. Осының өзі-ақ, қазақ тілінің жетілген беллетристика тілі ғана емес, толыққанды саяси және ғылыми публицистиканың тілі екендігіне көзімізді анық жеткізе түседі. Оның мешеулігі мен кенделігі жайындағы лақаптар – бүгінгі саяси риторикадағы көп бейпілдіктің ең бір өрескел түрі. Ендеше, әлгіндей қиянатын арылу жолы – мемлекеттік тілді мемлекетіміз өмірінің барлық саласында батыл қолдану. Бұл мәселені шешуде демографиялық аспектіге жүгіре бермей, негізінен институттық, функциональдық аспектілерге жүгіну орынды. Ең алдымен, билік орындары мемлекет тілінде сөйлемей тұрып, күллі мемлекет өз тілінде сөйлемейді. Оның деңгейі қанша бастықтың, қанша шенеуніктің қазақша білетіндігімен анықталмайды. Ісқағаздары, жиналыстар мен мәжілістер, мемлекет рәсімдері қай тілде жүзеге асатындығымен анықталады. Сондықтан, шенеуніктерді емес, билік институттарын қазақша сөйлетуге күш салуымыз керек. Ол ісқағаздарын жүргізетін жинақтар мен рәсімдерді әзірлейтін біз бен сізге байланысты. Өкіметтің өзі сөйлемейтін, өзі іс жүргізбейтін тілде қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдардың сөйлей қоюы, іс жүргізе қоюы екіталай. Сондықтан тіл заңының шарттарын мұқият орындауда мемлекеттік билік орындары өздері өнеге көрсетуге тиісті. Білім беру саясаты – мемлекеттік саясат. Білім беруді қаржыландырудың алуан көздері болуы мүмкін. Бірақ, білім берудің халықаралық қалыптарын сақтауды, оның концептуалдық, методологиялық жүйесін жасақтауды тек мемлекет қана жүзеге асырады. Осы тетіктерді пайдалана отырып, ана тіліміздің білім берудегі аясын кеңейтуге тиісті ықпал жасауға болады. Жұрттың бәрінің қазақша оқуын қамтамасыз етпеген күнде де орта білім мен жоғары білім беруде барлық пәндерді қазақша оқытуға қажетті оқулықтар мен мамандар әзірлеуді жолға қоя алсақ, қазақша білім беру аясын толық көлемде кеңейтуге жағдай жасаған боп шығамыз. Бүгін таңда ең алдымен осыны жүзеге асыруға ұмытылғанымыз жөн. Егер біз Қазақстанда алынған дипломның халықаралық деңгейде әжетке асуын қамтамасыз ететін болсақ, онда барлық пәндер бойынша оқулықтарды халықаралық білім стандарттарына сәйкес қайта жазып, немесе басқа тілдерден аударып, қайта бастырып шығаруымыз керек. Жаңа оқулықтарды ең алдымен қазақ тілінде басып шығаруға басым мән бергеніміз тіл туралы жаңа заңның да, білім берудің жаңа байыптамасының да жүзеге асыруға бағытталған шешуші қадамы болар еді.

Тілдік климатты жасауда ақпараттың атқарар қызметі айтпаса да белгілі. Нарықтық қатынастар жағдайына ана тіліміздегі ақпарат аясын кеңейтудің соны мүмкіндіктерін қарастырмай болмайды. Өйткені, нарық жайындағы білім мен ақпаратқа әсіресе шалғай аудандар мен ауылдар зәру. Бұл ретте, ұлт тілінде тәуелсіз ақпарат жүйесін жасақтаудың мүмкіндіктері өте жақтаулы. Шетелдік инвестиция мен халықаралық экономикалық ықпалдастық әзірге индустриялық өндіріс пен қалалық ортаны ғана қамти алып отыр. Бұл мемлекеттік тілдегі ақпарат құралдарын қаржыландыруға мемлекеттің басты маңыз беруін талап етер объективті жағдай.

Тілдік ахуалдың нарық үшін тартымды сипатқа көшуінде жарнаманың да атқарар қызметі зор. Кейінгі көзде безендіруі мен жарнамаларына қарап, біздің қалаларымыздың қай елдің қалалары екенін айырылып алу қиындап кетті деген сөз көп айтылып жүр. Бұл – біздің жарнамаларымыз тек қазақша жазылсын деген сөз емес. Қазақ тілін көше безендіруде сол баяғы таз қалпында қалдыруға енді болмайды деген талап. Орынды талап. Өйткені, мемлекеттік тіл – мемлекеттің туы, гербі, гимні сияқты символы. Оны отандық фирмалар да, шетелдік фирмалар да мықтап ескеруге тиісті. Жер бетіндегі мемлекеттер қазір түгелге дерлік нарық қатынасына көшті. Бірақ, өз тілінде жарнамаламайтын бір де бір ел жоқ. Егер біз ұлттық ортамызды нарықтық ахуалды тезірек мән орнатқымыз келсе, мемлекеттік тілдегі жарнамаға көбірек мән бергеніміз жөн. Бұл негізінде кәсіпкерлер мен кәсіпорындар тарапынан емес, көше безендіруді, жарнамаларды жасақтау мен орналастыруды үйлестіретін билікшілер мен билікші орында тарапынан орын алып отырған енжарлық.

Тіліміздің қолданылу аясын кеңейту мен әлеуметтік беделін арттыруда сындарлы терминология мен ономастикалық саясаттың тигізер пайдасы өлшеусіз. Бұл ретте де ойландыратын мәселелер қордаланып келеді. Термин жасауда жүйесіздік бар. Әр басылым, әр автор өз баламасын ұсынып, қарапайым оқырман мен тыңдарман кімге құлақ асарын білмек түгілі, қай ұғымның нені білдіретінін айырудан қалып барады. Ономастикада да бір кезде келісілген пәтуалар атымен ұмытылды. Кім көбірек айқайлап, бұрынырақ жүгірсе, оның ұсынысы ономастикалық дәрежеге ие болып келеді. Бұл мәселелерді бір ізділікке түсірмей болмайды.

Бұның бәрі мемлекеттік тіл саясатын қалыптастырып, жүзеге асыруда кетіп отырған, қолға алынбай жатқан кемшіліктер мен олқылықтарды түгел қамти алмайды. Бірақ, әнтек көзге ұрып тұрған «әттегенайлар». Тек солардың өзіне байланысты ақылға сыйымды шешім тауып, тез арада жүзеге асыра алсақ, тілімізге деген нигилистік көзқарасты, мемлекеттік билік орындарының ана тілімізге деген қамқорлығына деген нигилистік көзқарасты белгілі мөлшерде әлсірете алар едік.

Мұндай ингилизмнің белең алып кетпеуі үшін, тіл саясатын жүзеге асыруды қаржыландыру төңірегінде жариялылықты қамтамасыз етпей болмайды. Бұл мақсатта жұмсалатын қаржының көлемін мемлекеттік бюджетте жеке жолмен көрсеткен жөн. Оны халық та, тиісті мекемелер мен ұйымдар да айқын біліп отырса құба-құп.

Тіл заңында шешімін дұрыс тапқан мәселелер қатарында «Өкілетті орган» жөніндегі бапты да атап айтқан дұрыс. Өйткені, тіл мәселесі мемлекеттік саясаттың арнайы бағыты болып қала бермек. Оны мемлекеттік тұрғыда жүзеге асыруға барлық мемлекеттік билік орындары түгел ат салысуы керек. Мұндай көп тарапты, көп бағытты жұмыс уақытылы және икемді үйлестіруді қажет етеді. Оны арнайы ұйымсыз қадағалау аса қиын. Жалпы, Заңды жүзеге асыру жөнінде Үкіметтің арнайы қаулы қабылдағаны жөн шығар.

Мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік билік жүзеге асыратыны белгілі. алайда, бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тек кез келген басшы ғана емес, кез келген азамат тіл тағдырын мемлекет тағдырымен астастыра қарауға үйренуі қажет. Сондықтан мемлекеттік билік орындары тіл саясатын жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, мәдениеттік және азаматтық қозғалыстармен кеңінен ықпалдасудың мүмкіндіктері мен жолдарын жан-жақты қарастырулары шарт. Тіл тағдырын тек ақша шешпейді. Тек билік шешпейді. Ақшаны мол шашып, билікті қатайтып, санскрит пен эсперантоны да кеңінен енгізуге болады. Ал, біздің жағдайымызда әңгіме ана тіліміз жөнінде болып отыр. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Бұл отаншылдықпен тікелей байланысты. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуінен де қолғабысын аямауға тиісті. Бұл ретте қоғамдық қорлар мен ұйымдардың ықпалы орасан зор болмақшы. Олар мұндай нәзік мәселеде мемлекет араласа алмайтын жерлерге де араласа алады. Ол үшін әлгіндей қорлар мен қоғамдық ұйымдар саясатсызданып, таза культурологиялық сипатқа көшкендері ләзім. Тіл мүддесін қорғап, тіл зәруін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік орындарға талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері қажет. «Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып бара жатыр», – деп, көздің жасын көлдете бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, әлеуметтік көзқарасына деген сенімді нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, жанұялардың атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оларды өнікті жүзеге асырудың әдістемесін жасауға ерекше мән бермей болмайды. Шығыстың ежелдегі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сосын балаң мен достарыңды түзе», – деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сосын балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал. Ал, бұл үшін де арнайы заң шығарып, әдейі қаржы бөлуді талап етсек, маңызды істің бәсін түсіріп, тек өзіміздің ғана емес, халқымыздың ар-намысын аяқасты еткен болар едік.

Қысқасы, қиын да қажетті парызды талқыға салып отырмыз. Ол бізден табандылықпен қоса инабаттылықты талап етері даусыз. Егер біз бұл төңіректегі саяси ахуалды сауықтырғымыз келсе, сөзді азайтып, істі көбейтуіміз қажет. Бұл істе де мемлекеттік билік мұрындық болуға тиісті. Ендеше, осы отырғандар осы мәселеде ерекше ұйымшылдық пен ыждаһат танытуға тиісті. Іске сәт, достар!

1997 жыл.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға