Жаңалықтар

Арға тартпай – арман тұл, намыс қумай – мақсат тұл

Ұлттық намыс туралы ойлансақ. Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған құбылыстарымыз көп ретте сондай кіндік кезеңдерді еске салады. Бұл орайда жиі талас туғызып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы. Кейбіреулер ұлттық мемлекеттер көп ұзамай тарих сахнасынан біржола кетеді деген сәуегейлік айтады. Ал екінші бір ойшылдар, керісінше, кейінгі өзгерістер ұлттық мемлекет идеясының өшуі емес, өршуінің айқын көрінісі деп дәлелдейді. Қайсысы дұрысы? Міне, алдымен осы жәйттің басын ашып алмайынша, бүгін таңда көп сөз болып жүрген ұлттық намыс, ұлттық сана дейтін ұғымдардың да мән-мағынасына қапысыз қаныға қоймас едік. Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан әлгіндей құбылыстарға байланысты біздің өз ұлттық болмысымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұл сұрақтың кез-келген естияр азаматты енжар қалдырмайтыны әбден түсінікті. Оған дұрыс жауап табу үшін жалпы адамзат қоғамының өткен жолына тағы да көз жүгіртуге мәжбүр боламыз. Өйтпейінше, біз алға басып барамыз ба, не кейін шегініп келеміз бе, алған бағытымыз дұрыс па, бұрыс па дейтін күдік-күмәннан арыла алмас едік. Ал, ұлттық сана дегеніміздің әзі де, әр адамның жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі ғой. Олай болса, қазіргідей әрі-сәрі кезеңде біз адамзат тарихының тағылымдарына қайта-қайта жүгінбеске амалымыз жоқ. Жалпы, жер бетіндегі тіршілік миллиондаған жылдармен есептелінеді. Соның тек кейінгі бір миллион жылында ғана саналы адам дүниеге келді. Алайда, адамзат тарихы одан әлдеқайда әріден, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуынан басталады. Ал жер дегеніміздің өзі де – үлкен космостың кішкентай ғана бөлігі ғой. Ендеше, тіршілік – тек жер тағдырымен шектелмейтін, үлкен ғарыштық ұғымдағы құбылыс. Сондықтан да біз өз ұлттық тарихымызды жалпы тіршілік тарихынан, адамзат тарихынан бөле-жара қарастыра алмаймыз. Олай етсек, ер жеткенімізді де кер кеткенімізді атымен ажырата алмауымыз мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, мына бір жайды мықтап еске ұстағанымыз жөн сияқты. Миллиардтаған жылдармен өлшенетін тіршілік тарихы мен адамзат тарихында ұлт, мемлекет дейтін ұғымдардың шыққаны күні кеше ғана еді. Дәлірек айтсақ, неолит заманынан бермен қарайғы кезеңде еді. Оның әр жағындағы миллиондаған жылдар бойы адамзат қалған тіршілік иелерінен ірге ажыратып кете алмай, бүкіл табиғатпен бөліне-жарылмайтын бір құбылыс саналып келді. Жалпы, жан иелерінің қалған жаратылыстан оқшауланып көзге түсіп тұратын жалғыз қасиеті – өз қорегін өзі табуға тырысатындығы еді. Бұл қасиет бүкіл биологиялық индивидумдардың бәріне де тән. Қанша саналы дегенімізбен бұл мәселеде адамдар да алғашқы кезеңде басқалардан көп алысқа ұзап кете алмады. Олар да жер бетінде өзінен-өзі өніп тұрған дайын ырзықты тауып қоректенгеніне қанағат етті. Ғалымда оны терімшілік дәуір дейді. Шөптің басында, судың ішінде, өзін қоршаған ортаның кез-келген жерінде дайын күйінде тұрған ырзықты жиып алып жеу – бағзыдағы бабаларымыз білген бірден-бір экономикалық қарекет болатын. Ең таңғалатын жағдай: сол миллиондаған жылдарға созылған адамдық тіршіліктің тоқсан проценті осындай дайын тұрған табиғи ырзықты сол әзір күйінде әжетке жарататын терімшілдік дәуірге жатады. Ал оның бер жағындағы он проценттей ғана мөлшерді иемденетін келте кезеңде біздің ырзық айыру дағдымыз түбегейлі өзгерді. Бұрынғы табиғаттағы дайын тұрған ырзықты дайын күйінде пайдалану орнына табиғатпен қосыла отырып, өз ырзығыңды өзің көбейте түсу жолында қаракеттене бастадық. Оған дейін шөп басындағы дәнді теріп алып, соны қорек етсек, енді оны өзіміз қолдан өсіруді, далада жүгіріп жүрген мақұлықаттарды ұстап алып, тамақ етсек, енді оны қолға үйретіп етін азық, жүнін, терісін киім етуді кәсіпке айналдырдық. Мұндай үрдістің шыққанына бар болғаны тоғыз-он мың жылдай ғана уақыт болды. Мінеки, неолит революциясы деп жүрген революциясы да осы еді. Неолит революциясы адамдарды бұрынғы биологиялық индивидиум және табиғи үйірдің өкілінен  әлеуметтік индивидиум және әлеуметтік ортаның (социум) мүшесіне айналдырды. Бұл бірден жүзеге асқан жоқ, біртіндеп жүзеге асты. Әуелі қан қуалаған тектік жолмен топтасу – рулардың шығуы, рулар бірлесіп, тайпалық одақ құрауы сияқты алғашқы саяси қауымдасу кезеңі басталды.. Оның барлығы мемлекеттік құрылысқа келер жолдар болғанымен, әлі мемлекеттік құрылыс емес еді. Ендеше ол тұстардың бәрінде екі аяқты нәсіл этникалық жолмен ұйымдасудың да ең бір бастапқы кезеңінде жүрген еді. Ондай тар ауқымнан шығып, үлкен мөлшерде топтасу, сол топтастықты одан әрі дамытып, ұлғайта алатындай саяси құрылымдар түзуге әкеп тірейтін әлеуметтесудің жүзеге асқанына бар болғаны бес-алты мың жылдай ғана уақыт болды. Ал әуелі осындай өз алдарына дербес-дербес құралған жиынтықтардың бір-бірімен өз еріктерімен бірігуі, өз еріктерімен бірікпесе, күштілері әлсіздеріне әлімжеттік жасай отыра біріктіруі басталғанына не бары үш-төрт мың жылдай ғана уақыт өтті. Сол екі ортада екі аяқты нәсіл танымастай өзгерді. Жер белдеуінің бойынан бастап жер кіндіктеріне қарай қашқан мұзға ілесе отырып, әуелі аң қуалады, кейін сол қуалаған аңдарының кейбірін қолға үйретіп, молшылықты күйттеді. Жол-жөнекей мұздан босаған жерлерде өсіп тұрған өсімдіктердің дәнін жиып, тамырын сорып; миуасын теріп жеп жүре, диқандыққа дағдыланды. Сөйтіп, бірте-бірте адамдық күнкөрістің көп ғасырдан бері көз қанықты болып алған жолдарына көшті. Оған жету үшін де мыңдаған жылдар керек болды. Неолит революциясы географиялық ортаны игеруде үлкен бетбұрыс жасады. Географиялық кеңістіктерді игеру үстінде қалыптасқан жиынтық өзі игерген ортаның жағдайларына иемдену барысында өз тіршілік үрдісін қалыптастырды. Ол нәсілдік даралануды туғызды. Сол арқылы көптеген этностардың, ұлттардың шығуы жүзеге асты. Мінеки, осылайша биологиялық дамудың шетінен этникалық даму шешуші орынға шықты. Ондай нәсілдік дамуға әмір сүріп отырған ортаның тарихи-географиялық сипаттары айрықша ықпал етті. Өйткені, адам ұзақ уақыт бойына тек жер үсті дайын игілікті ғана пайдаланды. Сосын оны қолдан толықтыратын жолдарға егіншілікке, малшылыққа көшті. Сүйтіп, күні кешеге дейін вегативтік кеңістіктерге тікелей тәуелді болып келді. Соңғы үш-төрт ғасырдан бұрынғы уақытты вегативті кеңістікке тәуелділік заманы деп есептеуіміз керек. Тек соңғы үш-төрт ғасырда ғана адам кеңістіктің үстін ғана игеріп қоймай, астын да игеруге кірісті. Ұлттық әр алуандық қайдан пайда болды? Көп уақытқа дейін адам нәсілеттілердің саны өте аз, ал жер бетіндегі кеңістік соншама үлкен болды. Адамдар сол өте үлкен кеңістіктерді шарлап кезіп жүрді. Аң аулау үшін де, мал өсіру үшін де өте үлкен кеңістіктер керек еді. Әрбір адам, не болмаса әрбір жан ұя өзінің қорегін айыру үшін жүздеген, мыңдаған шақырым жерлерге барып мал бағатын, аң аулайтын. Сөйтіп, кеңістіктік көптігі мен одан алатын ырзықтың аздығы алғашқы адам нәсілеттілер жиынтықтарының оңашалануларына жағдай туғызды. Сондықтан олар бірнеше жүздеген, мыңдаған оңаша-оңаша ұжымдарға бірікті. Сол ұжымдар мыңдаған жылдар бойы белгілі бір кеңістікте, күнкөрістің белгілі бір түрлерімен шұғылдана жүріп, тек қана өзара араласып, өзара ықпалдасып, ортақ әрекеттесу арқылы саналы түрде тұрақты жиынтықтар жасады. Бұл тілдің, дәстүрдің, тағдырдың бірлігіне, тіпті тарихтың бірлігіне әкеліп тіреді. Осы жағдайлар болашақ этникалық бірліктің қалыптасуын қамтамасыз етті. Жаңағы айқын вегативтік кеңістікке тікелей тәуелді кезеңде ұлттық ұю қалыптасып кете алмады. Ол кезде қаншама үлкен жиынтықтар болғанымен, олардың тұқым, қан қуалайтын жүйелері ұмыт бола қоймаған-ды. Оларды ұмытатындай белгілі бір аяда тым көп мөлшерде жинақталып, өзара ию-қию араласып, жікті білдірмей жымдасып кете алатындай жағдайлар әлі орнаған жоқ еді. Сондықтан капитализмге дейінгі кезеңде негізінен адамдардың ұйымдасу, қауымдасу үлгісінде тектік жол бірден-бір ұйымдасушылық қағидаға айналып отырды. Феодал дегеніміздің өзі феод ұғымынан шыққан-ды. Мұның өзі – белгілі бір бекзаданың төңірегіне топтасқан бірнеше тектердің жиынтығы деген сөз. Қазақтардың да тайпа дегені көршілес, қоңсылас жүрген рулардың белгілі бір туыстың жүйемен топтасқан одағы ғой. Ондай туыстық жүйе болмаған күннің өзінде әлгі руларды туыстас, тектес деп санататындай қисындар бәрібір ойлап табылар еді. Оның барлығы біздің қазіргі пайдаланын жүрген ұлттың мағынасына бәрібір жақындай алмас еді. Ұлт болу үшін өз мемлекетіңнің болуы, тіліңнің, жеріңнің тұтас болуы керек дейтін қағида бар. Ол әдетте Сталинге телінеді. Бірақ олар оған дейін де нәсілтану ғылымында бар сипаттамалар еді. Бәлкім, үстеме таптық сипаттар қосақталуы аталмыш кескіндемені айтарлықтай тұрпайыландырған шығар. Алайда ұлт болу үшін жер тұтастығы, тағдыр тұтастығы, қарым-қатынастардың тұрақты үрдісі болуы керектігі ақылға сыятындай шарттар еді. Осы ретпен келгенде, ерекше ескеретін бір жәйт: жаңағы айтып отырған кейбір ұлттар вегативтік кеңістікті ерте замандарда игеріп, оның табиғи мүмкіндіктерін ертерек тауысып, оны қолдан толықтыратын жасамыс тәсілдерге ертерек көшті. Соған қарап, жалпы төңірегімізді қоршап тұрған дүниені бірін жаратылыс, екіншісін жасамыс деп екі айырық салаға бөлетін қисын шықты. Жаратылысымыз күн, су, ауа – «құдайдың өзі жасаған» ортамыз да, жасамысымыз – сол ортаның адамның қолы араласып, қосымша сипаттар қосып, күрделілендірген түрі еді. Мәселен, қала, егінжай, суландыру, қатынас, байланыс жүйелері, т.б. Адамзат қауымы сол жаратылыстық аядан жасамыстық аяға бір уақытта жаппай көшкен жоқ. Біреулері бұған мыңдаған жылдар бұрын, екінші біреулері бірнеше ғасыр бұрын ғана кірісті. Ал, үшінші біреулерінің тіршілігінде жасамыстық аядан гөрі жаратылыстық ая әлі күнге басым түсіп келеді. Жер бетіндегі өркениеттің әр алуандығы, әр ұлттық мәдениеттің өзіндік сипаты, әрбір ұлттардың санасында айта қаларлықтай айырмашылықтардың болуы – негізінен, осы себептерден туындайды. Мұны біреулердің еңбекшіл болғандықтан ерте дамып кетті, екіншілері жалқау болғандықтан кейін қалып қойды деп түсінуге бола ма? Жоқ, болмайды. Белгілі бір биологиялық түр ретінде адамның дамуы өзін қоршаған ортаға тікелей байланысты екенін айттық. Өзін қоршаған ортада оның тіршілігіне қажетті барлық жағдай туып тұрса, ол өзінің жаратылыстық жағдайын көп өзгерте қоймайды. Жасамастық жолға да дендеп кеше бермейді. Мінеки, көптеген ұлттардың жиырмасыншы ғасырға дейін вегативтік кеңістікпен қарым-қатынас тұтқынында қалып келгенінің сыры да осында. Төңірегіндегі оңай ырзық айыратын табиғи мүмкіндіктердің әлі сарқыла қоймағандығында. Бұдан мыңдаған жылдар, бірнеше ғасырлар бұрын өз тұсындағы саяси жағдайда өте үлкен ықпалға ие болған ұлттармен ұлыстардың кейін ондай ықпалдан өз-өзінен айырылып қалуының да негізгі себебі – жаратылыстық мүмкіндіктердің молдығына мәз болып, жасамыстық мүмкіндіктерге тым кеш көшкендігі. Осындай санаттағы ұлттарға қазақтарды да қосуға болатын тәрізді. Егіншіліктен біржолата ірге ажыратып, бірыңғай малшылыққа көшу ежелгі экономикалық қатынастардағы айтулы өзгеріс болды. Тек қана малшылықпен шұғылданатын көшпелі тұрмыстың шығуы негізінен Орталық Азияға тән құбылысты. Орталық Азия халықтары көп уақытқа дейін Евразияның ұлан-байтақ жазықтықтарын, таулары мен құмдарын қыс қыстау, жаз жайлауына айналдырып, ондаған ғасырлар бойы емін-еркін көшпелі дәурен сүрді. Ондай шаруашылық үрдіс қазақ үшін тіпті бүгінгі жиырмасыншы ғасырларға дейін созылды. Бұл жағдай оның басындағы саяси-экономикалық өзгеру процестерін ойдағыдай өрістетпей, белгілі мөлшерде баяулатып тастағанына бүгін көзіміз жетіп отыр. Біздің күнделікті күнкөрісімізді қамтамасыз ете алатын вегативті кеңістіктердің көп болуы, жанбасымыздың аз болуы, өзіміз жүрген географиялық аяны тек бір-ақ бағытта, мал өсіру бағытында ғана игеруге жағдай жасады. Сондықтан ата-бабаларымыз малының өрісі мен суатын ғана ойлап, жеріміздің астындағы байлықпен ісі болмады. Ол түгілі көз алдымызда ағып жатқан өзендердің бойына егін салып, шалқып жатқан шалқар көлдерімізден балық аулап, ырзық айыруға да онша ықыласты бола қойған жоқпыз. Төрт түлік малды азық та қылдық, көлік те қылдық, көрік те қылдық. Сөйтіп, даламыздың кеңдігі, тек үстіндегі байлығының өзі қажетімізден асын түсуі бізді ұзақ уақытқа дейін басқаша тіршілікке атымен алаңдата қоймады. Қазақ халқы осындай молшылық, кеңшілік дәуренде жүрген кезде адамзаттың қалған бөлігі өз төңірегіндегі табиғи тіршілік ресурстарының сарқылын бара жатқандығын байқап, оны қолдан толықтыратын жолдарға көше бастады. Егіншілікті, жерді қолдан суаруды меңгерді. Ол үшін отырықшылыққа көшу керек болды. Осыдан барып, біз мекендеп жатқан Орталық Азияның өзінде отырықшы мемлекеттер пайда болды. Мұның өзі келе-келе көшіп-қонып жүрген малшы мемлекеттердің тіршілігіне көптеген қиындықтар әкеле бастады. Әсіресе, бұрынғыдай емін-еркін көшіп-қонуға кедергілер көбейе бастады. Рас, ондай отырықшы мемлекеттерге бастапқы көзде оншалықты көп территория қажет бола қойған жоқ. Өйткені, олардың экономикасының әуелдегі негізгі көзі – егіншілік, ұсақ кәсіпшілік, сауда-саттық болатын. Сондықтан да оларға көшпенділер сияқты бір құрлықты түгел иемденуге тырысудың қажеті шамалы еді. Әрине, ондай отырықшы мемлекеттердің шығуы көшпелілікті тежеген жоқ, Қайта олардың жағдайын жақсартты. Өйткені, көшпелілер өзінің үйреншікті шаруашылығымен шұғылдана отырып, қажетті бұйымдары мен мүліктерін көршілерінен алатын экономикалық айырбастың тұрақты түрлерін қалыптастырды. Бұл көшпелі дәуірдің тағы да ұзаққа созыла түсуіне әсер етті. Азияда осындай жағдай үстемдік құрса, екінші бір материктерде, мысалы Европада, бұрынғы аңшылар, балықшылар, вегативтік кеңістікке тәуелділіктің алысқа апармайтынын ерте аңғарды, табиғи мүмкіндіктің тапшылығының дәмін ертерек татты. Сондықтан олар табиғи ортамен қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жетілді. Табиғатты игерудің өнікті амалдарын тезірек үйренді. Ол ғылымның жетілуіне, техниканың дамуына ықпал жасады. Ол екеуі жер үстіндегі табиғи байлықтарды азайтқан үстіне азайта түсті. Енді жер астын да игеруге, қазба байлықты да адамзат қажетіне асыру қарекетіне кешірді. Осыдан барып өнеркәсіп шықты. Индустрияның шығуы капитализмнің келуі, қосымша құнның адам нанбастай мол мөлшерде қордалануы осыдан үш-төрт ғасыр ғана бұрын жүзеге аса бастады. Ондай үрдістің Еуропадан басталуы да тегіннен-тегін емес еді. Бұл құрлықтың климаттық жағдайы, тұрғындардың жиілігі, қоныстануының заңдылықтары, жер шарының қалған аймақтарынан әлдеқайда бөлек еді. Бірақ жер шарының бір бөлігінде қорек айырудың, тіршілік етудің жаңа және өте ықпалды, өнікті түрінің пайда болуы қалған бөліктеріне де тікелей әсер ететіні түсінікті. Осыған байланысты соңғы үш-төрт ғасырдың ішінде, тіршілік, қорек айырудың европалық үлгісі, қор жию тәсілдері дүниенің төрт бұрышына түгел тарай бастады. Адамзат тіршілігінің негізгі үрдісі кейінгі үш-төрт ғасырда европалық үлгілерге мейлінше жақындай түсті десек, ақиқаттан аулақ кетпейміз. Бүгінгі заманда жер бетінің түгелге жуық ұстанып отырған қағидасы – осы айтқан Еуропалық, тиімділік тәсілі. Әрине, өз-өзінен бұлай бола қойған жоқ! Халқының жиілігі, жер көлемінің тарлығы, климат жағдайы Еуропада өнеркәсіптің ең алдымен шығуына себепші болды. Ол өнеркәсіп территориялық тұрақтылықты талап етті. Өйткені, жер асты байлығын игеру, жер үсті байлығын игерудей емес, ауа райына тәуелділікті азайтты. Климаттың құбылуына байланысты бір құрлықтан екінші құрлыққа үдере көше жөнелетін, жаппай миграция тыйылды. Енді адамдар бұрынғыдай тек қуалау жолымен емес, бір аяда ұзақ уақыт бірге тіршілік ететін мекендестік жолымен де ынтымақтаса алатын болды. Ондай ынтымақ этникалық жағынан ала-құлалау, әр алуандау болғанымен, экономикалық мүдделестігі жағынан бір-біріне мейлінше тәуелді жаңа этникалық-территориялық жиынтықтарды туғызды. Ұлттар солай пайда болды. Территориялық тұрақтануды рухани-экономикалық ықпалдасуға ұластырған бұндай күрделі жиынтықтардың ынтымағын қалыптастыру үшін бұрынғыдан гөрі күрделірек және пәрмендірек саяси құрылымдар керек болды. Мемлекеттік білім институттары солай қалыптасты. Мемлекеттің ұлттық санаға, ұлттың сананың мемлекеттілікке тікелей байланысты болатындығы да сондықтан. Жаңаша кеңістік игеру мен жаңаша шаруашылық құру территория мен тұрғындары арасында жаңаша сабақтастық туғызды. Дүниеге ұлттық мемлекет идеясы солай келді. Бұрынғы бір дінді ту етіп ұйымдасқан әлемдік империялар енді ұлттық-территориялық жаңа жіктелуге байланысты қайтадан ыдырай бастады. Қасиетті Рим империясы мен оның қиыр батыс және қиыр теріскей аймақтары арасында жерге таласудан шыққан отыз жылдық соғыс өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты жаңа күшейе бастаған шет аймақтардың территориялық талабын мойындаумен аяқталды. Осы заманғы ұлттық мемлекет идеясының шығуына да сол 1648 жылғы Весталь бітімі себепші болды. Содан басталған егемендену процесі ғылым мен техниканың дамып, соған негізделген жаңа өркениеттің өркендеуіне айта қаларлықтай ықпал етті. Сөйтіп, әлемдік дамудың алдына шығып алған Еуропа капитал мен бұйымды көптеп сыртқа шығарып, сырттан көптеп шикізат әкелу мақсатымен дүниені қалған бөліктерін отарлауға кірісті. Дамыған Еуропа елдері іргедегі көршілерін қосып алу жолымен көбейетін бұрынғы империялардай емес, техниканың дамуы арқасында алыс елдерді де өз ықпалдарына бағындыра алған жаңа трансконтиненталдық империялар туғызды. Ондай мүмкіндікке бір емес, бірнеше елдердің қатарынан ие болуы жер шарын қайта бөліске салатын дүниежүзілік соғыстарды шығарды. Сондай бір дүниежүзілік соғыстың империялардың пайдасына шықпауы XX ғасыр басында АҚШ президенті Вудруф Вильсонды «халықтардың өзін-өзі билеу құқын қамтамасыз ету» идеясын қайтадан көтеруге мәжбүр етті. Россиядағы большевизм монархизмге қарсы күресте ол идеяны шебер пайдаланды. Бірақ, көп ұзамай ұлттық тәуелсіздік қағидасын таптық күрес қағидасы жолында құрбандыққа шалды. Ол жаңа сипатты әлемдік текетіреске жол ашты. Вул жағдай екінші дүниежүзілік соғыс басталмай жатып, Рузвельт, Черчилль, Сталинді «Атлант хартиясын» қабылдап, «ұлттардың өзін-өзі билеуі» қағидасының заңдылығын қайтадан мойындауға мәжбүр етті. Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыс ұлт-азаттық қозғалысының пайдасына шешілгенмен, «ақ империализм» де, «қызыл империализм» де оны әлемдік үстемдік жолындағы күрестің қаруына айналдыруға тырысты. Сөйтіп, «әлемдік империя» «әлемдік үстемдік» құру идеясын қайтадан күшейтуге жан салды. Ол бұрынғыдан да қатерлі, тіпті күллі планетаны құрдымға батыруы мүмкін болатындай қауіпті дәрежедегі текетіреске әкеп соқтырды. Ол текетірестің күйреуі де «әлемдік үстемдік» қағидасының емес, «ұлттық тәуелсіздік» қағидасының пайдасына шықты. Қазір жер бетінде екі жүздей тәуелсіз мемлекеттер болса, мамандардың айтуынша, олардың саны келесі ғасырдың ортасына шейін үш жүзге жетуі ықтимал. Демек, ұлттық мемлекет идеясы әлдеқашан ескірді, ендігі әлем тәуелсіздену жолымен емес, ықпалдасу жолымен өркендейді дейтін қисын – әлемдік үстемдік ниетінен әлі бас тарта қоймаған империалистік көлгірліктің айла-амалы. Ресурстар азайып, жасампаздық жойымпаздыққа ұласып кетуі ықтимал жағдайда әлемдік ықпалдастық керек екендігін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ, ондай ықпалдастық «әлемдік үстемдік орнату» жолымен емес, барлық жақтың мүддесі бірдей ескеріліп, еш тараптың да мүддесіне қауіп төнбейтіндей, әлемдік тәртіп орнату жолымен ғана жүзеге аса алады. Ондай тәртіп халықтар мен мемлекеттердің кіріптарлығы емес, тәуелсіздігін, томаға-тұйықтығын емес, ықпалдастығын, жақ-жақ одақтастығы емес, дербес-дербес тең құқылығын жаппай даусыз мойындау арқылы ғана іске асады. Бұл жолда әлемдік үстемдік жолында тап-тапқа бөлінген әлемдік саяси текетірестер де сондай қауіпті болса, не дін жолымен, не тарихи дәстүрлестік жолымен жақ-жақ боп тайталасатын аймақтық саяси текетірестер де сондай қауіпті. Олардың қай-қайсысы да әлемдік тәртіпке емес, әлемдік тайталастыққа апарып соқтырады. Ондай текетірес пен тайталаста бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған жас мемлекетіміз болған. Ол кейде өз алдына отау тігіп, оңаша хәл кешсе, кейде көршілерімізге кіріптар болып, бағынышты күй кешті. Талай рет басқалармен қосылын, жиынтық мемлекеттер құрамында болды. Қалай болған күнде де, мыңдаған жылдарғы мемлекеттік дәстүріміз бар. Бірақ, өркениетті мемлекет болуға енді ғана бет бұрдық. Ондай беталыс жиырмасыншы ғасырдан ғана басталды деп айтуға әбден болады. Он тоғызыншы ғасырда қазақ даласында жекелеген кендер қазылғанмен, жекелеген өнеркәсіп орындары ашылғанымен, жекелеген өнеркәсіп орындар ашылғанымен, ол ұлттық шаруашылық үрдісімізді түбегейлі өзгерте алатындай ықпалға ие бола алған жоқ-ты. Оның үстіне, жаратылыстық аядан кетіп, жасамыстық аяға көшуіміз көп жағдайда күштеп жасалынған-ды. Қазақтар көп жағдайда жаңа кәсіпті өз еркімен игерген жоқ, екіншіден оны өз еркімен игеруге мүмкіндігі де болған жоқ. Мінеки, соның салдарынан біздің ұлттық санамызда белгілі бір мөлшерде өзін үлкен индустриядан аулақ ұстау, не болмаса оған жатсына қарау салқын орын алын келді. Екінші жағынан, біздің даланың байлығын игеретін күштер жергілікті халықты өз істеріне араластырғысы келмеді. Мүмкіндігінше, одан шет қалдырды, ғылыми-техникалық өзгерістерден аулақтау ұстау саясатын жүргізді. Бұған көзіміз қазір жетіп отыр. Қазақстанның көп салалы экономикасында жергілікті халықтың үлесіне тигені тек мал шаруашылығы ғана. Қалған салаларда оның үлес салмағы тым қораш. Қысқасы, қазақтар өз жерінде болып жатқан индустриялық революциядан тысқары тұрды. Оның жай-жапсарынан көк арақты кісілер ретінде хабардар болғанымен, қолма-қол араласып, жетекші тұлғаға айнала алмады деп айтуға әбден хақылымыз. Бұл жалпы отаршылдық атаулының ұстанатын ортақ саясаты еді. Ол заңдылық қазақ даласын да айналып өте алмады. Біз қазір саяси тәуелсіздігімізді нығайтып жатырмыз. Ол жолда табыссыз да емеспіз. Бірақ экономикалық тәуелсіздігіміз турасында тап бұлай батыл айта алмаймыз. Өйтетіні – білердің күнкөріс айыру үрдісіміз қалған адамзат жеткен биіктен әлі де болса төмен тұр. Мұны ашық мойындамасақ, өзімізді өзіміз алдарқатып, әлі де талай уақыт жолдан қаламыз, Осыған орай, әртүрлі әңгімелер айтылады. Қазақ қандай жолмен ілгері басуы керек? Қандай бағыт ұстансақ, тезірек ел болып кете аламыз? Бұл мәселеде де ешкімге ұқсамайтын атымен жаңа үрдіс табу өте қиын. Өйткені, тарихи дамудың дағдыларын күллі адамзат қалыптастырады. Ал ұлт – оның бір бөлшегі ғана. Демек, кез-келген халық өзін-өзі аман сақтап қалуы және ілгері дами білуі үшін бүкіл адамзаттық тәжірибеге жүгінуге мәжбүр болады. Осы реттен келгенде, адамзаттың даму жолдарын мейлінше зерделеп, жете білуіміз қажет. Еуропалық технология, осы заманғы үрдіс пен рационалды мәдениет, жалпы өркениет өзінен-өзі туа салған жоқ. Сол айтулы Еуропаңыздың өзі де өзгелер тәжірибесін мықтап үйренді. Қатыгез табиғат жағдайында кеңінен өріс алған құрылыс салу, қолдан жер суару, дақылдарды қайтадан егу, өндіру, кеңістікті игеруді мөлшерлей білу, әуелі Еуропа емес, Афроазияда, Мысыр мен Қосөзен алқабында пайда болды. Отырықшы Азия ойлап тапқан математика, қыш өңдеу, қолдан құрылыс материалын жасау, жалпы механика жалпы медицина, астрономия өз отандастарынан гөрі басқа құрлықтарға көбірек қызмет етті. Демек, Еуропалық мәдениет деп жүргеніміздің өзі де – оған дейінгі күллі адамзат мәдениетінің ғасырлар сұрыптаған ең тиімді, ұтымды жолдары. Соны қапысыз үйрену арқылы қалыптасқан мәдениет. Ендеше, ол неге тек еуропалықтарға ғана тән болуы керек? Неге ол тәуелсіздік алып, өз жерінің үстіңдегі байлықты да, астындағы байлықты да игеруге енді-енді кірісіп жатқан басқа халықтарға өнеге бола алмайды? Болғанда қандай?... Мұндай ұлттық томаға-тұйықтықты тәуелсіздік деп ұғу – өскісі келген халықтың емес, өшкісі келген халықтың ісі. Әркім әр қырдың астында дәурендеп жүретін кез кетті. Өз игілігіңді өзің игере алсаң – игергенің, игермесең – өзге игеріп қояды. Өз ырзығыңды өзің жесең – жегенің, жей алмасаң – өзге жеп қояды. Өзің қапы қалмауға тырыспасаң, өзге қапыңды тауып кететін заманда отырмыз. Сондықтан басқалар білгенді біліп, басқалар меңгергенді меңгермесең, кіріптарлық пен басыбайлылықтан бәрібір азат бола алмайсың. Оның үстіне сен неғұрлым аз халық болсаң, солғұрлым тез жетіліп, солғұрлым көп үйренуің керек. Өйтпесең, өз ұпайыңды өзің түгендей алмайсың. Осы заңдылықты ескермей, кейінге тартуымыз, әлі де кең жүріп, кең тұруға тырысуымыз көсегені көгертпейді. Ұлттық намыс, ең алдымен, елгезектігіміз бен ыждаһатымыздан көрінуге тиісті. Өзгелер тәжірибесін дұрыс талдап, дұрыс бағалай білу – тәуелсіздікке үйренудің ең басты тағылымы. Біздің бастан кешіп отырған жағдайымызды көптеген мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз бастарынан өткерді. Солар не істеді? Бұрынғы дәстүр аумағында қалып, өткеннің ізімен жүруге тырысқан елдер әліге дейін өзіндік экономика жасақтай алған жоқ. Көбіне-көп шикізатын сатып, санының аздығын, шикізатының молдығын пайдаланып, күнкөріс айырғанына мәз болып отыр. Ал басқалармен батыл жарысқа түсіп, өздерін өздері рухани шыңдауға дәті тұра білген елдер өз байлығының аздығы ғана емес, тіпті жоқтығына қарамастан, осы заманғы технологияны алдымен игерудің арқасында әлемдік экономиканың көшбасшысына айнала алды. Мысалы, біздермен бір құрлықты мекендейтін, өзімізбен нәсілдес жапондарды алайықшы. Олар қоныстанған аралдарда шикізат атымен жоқтың қасы. Біздегі мүмкіндіктерден түгелдей ада. Соған қарамастан жапонның іскерлік ақылынсыз қазіргі әлемдік экономиканы көзге елестету еш мүмкін емес. Осындай рухани кемелділікке жетуге біздің мүмкіндігіміз бар ма? Әрине. Біз бұрынырақ тәуелсіздік алған басқа елдерге қарағанда, жаппай сауаттымыз. Көбіміз техниканы өзіміз жасамағанмен, оны пайдалануға дағдыланып қалдық. Жеріміздің астында қанша байлық бар екендігінен жеткілікті хабардармыз. Қалған елдердің өнеге-үлгісін күнде көріп отырмыз. Оның үстіне қазір бұрынғы ата-бабаларымыздың өңі түгілі түсіне енбеген соны мүмкіндіктерге иеміз. Біріншіден, бізде технологиялық мағлұмат бар; Екіншіден, соны жүзеге асыратын шикізат мол. Үшіншіден, жаңа технологияны игеруге жеткілікті мөлшерде жасамыстық тіршілікке икемделген тәжірибеміз және бар. Қазір жасамыстық жағдайға бейімделмесек, өмір сүре алмайтындай кезеңде тұрғанымызды жақсы түсінеміз. Өйткені, өркениет тұрмысымызға әлдеқашан енген. Оның артықшылығымен пайдаланудың дәмін әлдеқашан татқанбыз. Өркениетті ел боламыз дегенді де осыған сүйеніп айтамыз. Ендеше, бұрынғы ұстанып келген үрдістеріміз бен дәстүрлеріміздің күні не болады? Олардың барлығын мансұқтап, бір күннің ішінде басқа адам болып шыға қоюымыз мүмкін бе? Бұл арада да басқалардың тәжірибесіне зерделей қарағанымыз абзал. Жер бетінде бұрын аңшы болмаған, егінші, малшы болмаған ешбір жұрт жоқ. Немістер де, ағылшындар да, жаңа мысалға келтіріп кеткен жапондар да, әуелде солай күн керіп, солай қорек айырды. Бірақ, олар жаңа мамандықтарды игеру үстінде өздерінің мыңдаған жылдар бойы жасаған мәдени мұраларың ұмытып, заманалар бойы қалыптасқан ұлттық психологиясын түгелдей өзгертіп жіберген жоқ. Олардың бойына жаңа психология, жаңа үрдіс сол мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімен жарасым табу арқылы сіңді. Егер немістер өздері жайлаған ортадағы қатаң табиғатта үлкен төзімділікке, тапқырлыққа дағдыланбаса, аң аулаған, егін салған көздегі бойларына дарыған қасиеттерді, сол тұста тапқан амал-тәсілдерін жаңа индустриялық үрдісті игеруде де тиімді пайдаланбаса, бүгінгі биікке көтеріле алар ма еді?! Иә болмаса, жапондар шашыраңқы тар аралдардағы тапшылық салдарынан жоқтан бар жасауға, алақандай жерге бүкіл әулетін асырайтындай егін салып, тастың үстіне гүл өсіретіндей ұсынықтылыққа жетіскен іскерлігін пайдалана отырып қана осы заманғы ең озық технологияны меңгерді. Сол сияқты, заманалар бойы сүйектеріне сіңген үй ішілік, қауымдық, ұжымдық мінез-құлықтарынан да айныған жоқ. Мәселен, жапондар күні бүгінге дейін өздері жұмыс істейтін фирмасын өзінің қасиетті қара шаңырағы, өзінің ата-қауымы сияқты қастерлейді. Олар да үлкен рулық-феодалдық жолдан өткен халық. Сондағы ру басыларын, батырларын, ақылды азаматтарын, сеньорларын қалай сыйлаған болса, қазіргі өз фирмаларының, ұжымдарының басшыларын да тап солай сыйлайды. Не болмаса, бұрынғы самурайлықтың бусидо деп аталған моральдық жосығының көп қағидаларын қазіргі еңбек мәдениетін, кәсіби этиканы қалыптастыруда орынды пайдаланды. Қысқасы, өздерінің бір заманғы қауымдық психологиясын түгелімен далаға лақтырып тастамай, оны мына жаңа жағдайға икемдей білді. Өмірдің жаңа заңдылықтарын игеруде әжетке асыра білді. Біздің қазақ қауымында да мыңдаған жылдар бойы жан-жақтан әр алуан діндердің, нәсілдердің, мәдениеттердің шырқ айнала қоршап тұрған тайталас ортасында өмір сүргендіктен ықпалдастыққа ыңғайласа қалыптасқан жақсы-жақсы дәстүрлер бар. Ол – кеңпейілділік-мейірбандықпен қоса аршылдығымыз. Атаның сүйегін қорлатпайтын, өз жерін, өз суын сүйетін, мыңдаған шақырымға созылып жатқан маң даланы бір басының меншігіндей қасиеттеп, қастерлеп отыратын үрдістеріміз ешқашан ескіруі, тозуы мүмкін емес. Оның үстіңе қазақтың көп нәрсеге қызыққыш, көп нәрсені білгісі келетін елгезектігі, ыссылы-суықты табиғат өзгерістеріне оңай икемделе қоятын, жағдай талғамайтын төзімділігі және бар. Осындай қасиеттердің қандастарымызға осы заманғы индустриялық, тіпті индустриядан кейінгі атымен соны технологияны тез, жан-жақты игеруге пайдасын тигізері сөзсіз. Біздер бұрын ел қорғаған батырларымызбен мақтанатын едік. Біраздан бері «өз ортамыздан пәлен министр, түген профессор шықты», – деп қуанатын болдық. Бұл біздің намысшылдығымыз. Ендеше, сол намысшылдығымызды жаңа заманға лайық жаңа үрдістер игерудің психологиялық қаруына неге айналдырмаймыз?! Біз неге іскер адамдарымызға, білгір мамандарымызға мақтанбауымыз керек? Қазір ғой, қандай елге барсақ та, ең алдымен, ол елдің комфортын, сән-салтанатын, шығаратын бұйымдарын, кісі құрметтеу, қызмет көрсету мәдениетін ауызға аламыз. Қазір адамды, қауымды бағалаудың қағидалары да өзгеріп кетті. Сол жаңарған қағидалар қазақтар үшін жат болар ма еді? Жоқ, жат болмас еді. Қазақтар да бір кезде адамдарды көргенді-көргенсіз, тәрбиелі-тәрбиесіз деп бөлетін. Не болмаса, кісі бағалағанда, оның ұстаған шаруашылығына, мінген атына, киген киіміне, құрып отырған тұрмысына қарап бағалайтын. Неге біз жаңа іскерлікті игеруді, немесе жаңа мамандықтарды меңгеруді осындай бәсекеге айналдырмаймыз?! Біздің халқымыздың табиғатында бәсекешілдік бар. Біздің намысшылдығымыздың өзінде де әлгіндей бәсекешілдік жатыр. Неге біз осы бәсекешілдігімізді жаңа заманға ыңғайлануға пайдаланбаймыз ?! Ондай бәсекешілдік әуелден басыбайлыққа көндігіп қалған көнбіс қауымдарға емес, емін-еркін дәурендеп қалған азаттықшыл халықтарға ғана тән құбылыс. Ал өз-өзінен төлдеп, өз-өзінен көбейіп жататын мал үстінен ырзық айырып қалған көшпенді қауымда адамдар көбіне-көп кісіге кіріптар бола бермеген. Ашуланса, ағайынымен де ат құйрығын үзісіп, нағашысына не қайнына тайып туратын әдет те содан шығып жүрген шығар. Ылғи қозғалыс үстіндегі көшпелі шаруашылық өз аяғына жалынған мал болмаса, қозғалмайтын қор жинауға құлықты емес еді, Демек, дүниеге кіріптарлық та сүйекке сіңбеген. Ендеше, біздің бабаларымызға басты мұрат – басының қадірін асыру ғана болған сияқты. «Жігітке жүз өнер де аз», «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін қағидалар тегіннен-тегін тумаса керек. Өйткені, жорық үстіндегідей ылғи жол үстіндегі тіршілікте де барлық өнер өз бойыңнан табылмаса, басқа біреуге амалсыз кіріптар болуға тура келетін еді. Сондай кіріптарлықтан қашып, қай өнер, қай қасиетте де ұятқа қалмауға тырысатын намысқойлық көшпенді тұрмыстың бір сарындылығы салдарынан жан-жақты жасампаздыққа ұласа алмай, бір басының бағасын ғана асыруға тырысатын бәсекешілдік пен баққұмарлықты асқындырып алған жерлері де бар шығар. Ол да – түптеп келгенде, рухани максимализмнің көрінісі. Оны күншілдікке айналдырып жіберіп жүрген де бір сарынды экономикалық үрдіс пен содан өрбіген күйкі әлеуметтік тағдыр. Ежелгі экономикалық үрдіс жаңа экономикалық үрдістің тегеурініне төтеп бере алмады. Ескі экономикалық үрдіс қалыптастырған ескі әлеуметтік үрдіс жаңа экономикалық үрдістің алдында кіріптарлыққа ұшыратты. Зордың өзін қорға, жақсының өзін жаманға айналдырмаса, кіріптарлықтың аты кіріптарлық болар ма еді?! Бұндай мәселеде, себеп пен салдардың ара-жігін ажыратып алмасақ, қасиетімізді қасиетсіздікке жорып, өз бәсімізді өзіміз түсіріп алуымыз да ғажап емес. Егер мәселеге осы тұрғыдан келсек, қазақтың «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді», – дейтін рухани максимализмі біздің әрі шұғыл, әрі түбегейлі шыңдалуымыз бен шымырығуымыздың бірден-бір моральдық қозғаушы күші бола алар еді. Жалпы, дәстүр-дәппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу – есуастық. Бірақ, оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, жақсартпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар жаны қастық. Олай болса, көшті-қондымен өткізген өткенімізді біржақты бағалауға болмайды. Біз оңымен қоштассақ, қимай қоштасамыз, жамандығына немесе бізге жасаған қиянатына бола қоштаспаймыз. Адамзаттың саны өсіп, табиғи ресурстар азайып, әлемдік ықпалдастық әркімді өз қалауымен дәурендей беруіне жібере қоймайтын осы заманғы ортақ дағдыластыққа бағынбасқа амал қалмағандықтан қоштасамыз. Ендеше, оның бойындағы қазір қолбайлау болатындай қасиеттерді жағдайға ыңғайлап жетілдіреміз, ал бұрын жасампаздығын жағдай болмағандықтан ойдағыдай таныта алмай келген жақсы қасиеттерін жарқыратып аша түсеміз. Біздіңше, ондай жақсы қасиеттерімізге тұрмыстағы шүкіршілік пен қанағатшылдыққа баулынған тұтынушылық минимализмді, соның арқасында кіріптарлыққа бас ұра қоймайтын рухани максимализмді – аршылдық пен намысшылдықты, бірақ салқар кеңістікте оқшаулана беруге жол бермейтін, у ішсең, руыңмен ішуге мәжбүр ететін қауымшылдықты, оған басыбайлықпен бас ұрғызбай, өзіңді-өзің тежей білу арқылы жүгінетін абырой-өжеттілікті жатқызуға болар еді. Әрине, ол қасиеттердің өзі де заман талабымен үйлесімділікті қажет етері сөзсіз. Көшпенді өмірдің сондай бір жақсы жоралғысы – жаңаруға, жаңа ортаға құмарлық. Тар аяда тұйықталмай, кеңге ұмытылған еркіндікке құштарлық. Кеңістікті бойлай өтіп, бұрын бармаған-баспаған жаңа өлкелерге жетуге ынтыққан тәуекелшілдік. Соныдан тайсалмайтын, жаңадан жасқанбайтын елгезектік. Кеше ол мінез жұртымызға бұрын көрмеген жаңа кеңістіктерді игеруге көмектессе, енді бұрын ұстанбаған жаңа үрдістерді меңгеруге көмектесері сөзсіз. Ұлттық психологиямыздағы мұндай қасиет те байырғы тұрмысымыздың дәйім қозғалыс үстіндегі динамикалық сипатынан туындап жатса керек. Алайда, бұл қасиеттің даулы да, даусыз да тұстары бар. Қауіпті де, қауіпсіз де қасиеттері бар. Қауіптенбейтін жері – ошарылып отырып қалуға, тоқмейілсіп тоқырап қалуға жол бермейтіндігі. Құбылмалы табиғаттың ыңғайын тауып, өзі жүрген ортамен ықпалдаса қарекеттенуге итермелейтіндігі. Қауіп шақыратын жері – кеңістіктегі тұрақсыздықтың рухани тұрақсыздыққа ұрынуы, елгезектіктің ұшқарылыққа ұласуы ықтимал екендігі. Ол, әсіресе, қауымның өз билігі өзінде болмаған жағдайда өзінен-өзі безінуге, өзін-өзі мұқатуға әкеліп соғатынын Күні кешегі тарих әбден дәлелдеп берді. Біздің жаңа заманға икемделгіштігіміз сондай: кейде өз қауымымызда атымен жоқ қырсықтарды өзіміз іздеп таба қойғышпыз. Мәселен, отызыншы жылдары таптық қатынастар әлі кеңінен етек жая қоймаған біздің арқайын қауым тап жауларын құрту жолындағы күресте басқа жұрттың бәрінен озып кетті. Оның қасында мына тың мамандықтарды, жаңа кәсіптерді игеру, өз өлкеңнің игілік-дәулетіне иелік жасауда жұрттан қалмайтындай икемділік пен белсенділік таны
08.12.2012 05:11 5658

Ұлттық намыс туралы ойлансақ.

Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған құбылыстарымыз көп ретте сондай кіндік кезеңдерді еске салады.

Бұл орайда жиі талас туғызып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы. Кейбіреулер ұлттық мемлекеттер көп ұзамай тарих сахнасынан біржола кетеді деген сәуегейлік айтады. Ал екінші бір ойшылдар, керісінше, кейінгі өзгерістер ұлттық мемлекет идеясының өшуі емес, өршуінің айқын көрінісі деп дәлелдейді. Қайсысы дұрысы? Міне, алдымен осы жәйттің басын ашып алмайынша, бүгін таңда көп сөз болып жүрген ұлттық намыс, ұлттық сана дейтін ұғымдардың да мән-мағынасына қапысыз қаныға қоймас едік.

Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан әлгіндей құбылыстарға байланысты біздің өз ұлттық болмысымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұл сұрақтың кез-келген естияр азаматты енжар қалдырмайтыны әбден түсінікті. Оған дұрыс жауап табу үшін жалпы адамзат қоғамының өткен жолына тағы да көз жүгіртуге мәжбүр боламыз. Өйтпейінше, біз алға басып барамыз ба, не кейін шегініп келеміз бе, алған бағытымыз дұрыс па, бұрыс па дейтін күдік-күмәннан арыла алмас едік. Ал, ұлттық сана дегеніміздің әзі де, әр адамның жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі ғой.

Олай болса, қазіргідей әрі-сәрі кезеңде біз адамзат тарихының тағылымдарына қайта-қайта жүгінбеске амалымыз жоқ. Жалпы, жер бетіндегі тіршілік миллиондаған жылдармен есептелінеді. Соның тек кейінгі бір миллион жылында ғана саналы адам дүниеге келді. Алайда, адамзат тарихы одан әлдеқайда әріден, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуынан басталады. Ал жер дегеніміздің өзі де – үлкен космостың кішкентай ғана бөлігі ғой. Ендеше, тіршілік – тек жер тағдырымен шектелмейтін, үлкен ғарыштық ұғымдағы құбылыс. Сондықтан да біз өз ұлттық тарихымызды жалпы тіршілік тарихынан, адамзат тарихынан бөле-жара қарастыра алмаймыз. Олай етсек, ер жеткенімізді де кер кеткенімізді атымен ажырата алмауымыз мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, мына бір жайды мықтап еске ұстағанымыз жөн сияқты. Миллиардтаған жылдармен өлшенетін тіршілік тарихы мен адамзат тарихында ұлт, мемлекет дейтін ұғымдардың шыққаны күні кеше ғана еді. Дәлірек айтсақ, неолит заман

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға