Жаңалықтар

Отто Лиман фон Сандерс

Генерал-лейтенант Отто Лиман фон Сандерс (1855 жылғы ақпанның 17-сі, - 1929 жылғы тамыздың 22-сі) — Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Османлы империясына кеңесші және әскери қолбасшы ретінде қызмет еткен неміс генералы және Османлы маршалы («Лиман паша»). Помераниядағы Штольп қаласында туған. Әкесі — яһуди ұлтынан шыққан Пруссия ақсүйегі және помещигі.[1] Ақсүйек отбасыларынан шыққан басқа да көптеген пруссиялықтар сияқты, ол да әскер қызметіне еніп, генерал-лейтенант шеніне дейін өсті. Өзінен бұрын бірнеше пруссиялық генералдар сияқты, (мысалы, фон Мольтке және барон фон дер Гольц сияқты) ол 1913 жылы Османлы империясындағы Германия әскери миссиясының жетекшісі болып тағайындалды. Ол кезде Османлы империясының өз әскерін еуропалық үлгі бойынша қайта құруға тырысып жүргеніне 80 жыл болған еді. Лиман фон Сандерс түріктерге осыны істеуге көмектескен ең соңғы неміс болды. Басында Лиман Османлы әскері және саяси басшылығы туралы қалыптасқан пікірі онша жоғары болмады. 1914 жылдың шілдесінде (соғыстың дәл алдында) Енвер паша оған Германиямен одақтасуды ұсынды. Германияның Истанбулдағы елшісі Һанс фон Вангенһайм Лиман фон Сандерспен кеңескеннен соң Енвер пашаның ұсынысын кері қақты. Олар Османлы әскері әлсіз, үкіметтің жұмсайтын ақшасы аз, ал жасайтын жетекшілігі талапқа сай емес деген қорытындыға келген болатын. Алайда 1914 жылғы тамыздың 1-інде немістер және Османлы үкіметі одақ құру туралы құпия келісімге қол қойды. Сол келісімнің шарттарының бірі бойынша, Германия әскери миссиясы Османлы қару күштерінің әскери операцияларына «айтарлықтай әсер» ете алатын болып келісілді. Басында бұл әсер мүлдем жоқ десе де болатын еді. Бірақ Енвер паша мен Джемаль паша жеңіліске ұшырай бастаған соң, неміс әскери миссиясы Османлы әскерін басқаруды өз қолына ала бастады. Османлы әскері ақыры соғысқа енген соң (оған дейін екі ай бойы Антантаның әскерлерімен ашық қақтығыстан жалтарып келген болатын), Енвер паша Лиманға Карс қаласын қорғап отырған Ресей әскери құрамасын қирату туралы жоспарымен бөліседі. Лиман оған бұны істемеуді сендіріп бағады, бірақ Енвер паша оның кеңесіне құлақ аспай, Османлы әскерін Карсқа қарай бағыттайды. Онда болған шайқас Сарыкамыш шайқасы Османлы әскерінің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бастан кешірген ең ауыр жеңілістерінің бірі болды. Джемаль пашаға Суэц каналын шабуылдау туралы бұйрық берілді, оның жеке әскери кеңесшісі неміс Фридрих барон Кресс фон Крессенштайн болды. Суэцке жасалған шабуыл да сәтсіз, бірақ үлкен шығынсыз аяқталады. Сәтсіздікке ұшыраған Енвер паша Истанбулға қайтып оралып, Османлы астанасының айналасының қорғанысын қолға алады. Алайда орасан зор британиялық және француз флоты Дарданелл бұғазының бойындағы Османлы зеңбірек форттарын қиратып тастағаннан кейін (1915 жылғы наурыздың 18-і), Енвер қолбасшылықты Лиман фон Сандерске тапсырады. Османлы астанасын қорғау ісі енді неміс генералының қолына өтеді.  Толық мақаласы: Дарданелл жорығының кезіндегі әскери теңіз операциялары  Толық мақаласы: Галлиполи шайқасы Лиманның қорғанысты ұйымдастыруға уақыты аз болды, бірақ оның екі ұтымды жайты болды. Біріншісі, 84 000 жақсы жарақталған жауынгері бар, алты дивизиядан тұратын Османлының 5-ші армиясы қолда бар ең жақсы әскер еді. Екіншісі, Антантаның қолбасшыларының жасаған қателіктері. Өздерінің зор флотымен бұғаздар арқылы өтіп Истанбулға тіке шабуыл жасаудың орнына, британия және француз адмиралдары жаяу әскер алдымен Дарданелл түбегін басып алуы керек, сонда кемелер Мармара теңізіне еш қарсылықсыз өте алатын болады деп шешті. Лиманның дайындалуға тек бір ғана ай уақыты бар еді. Содан соң, 1915 жылғы сәуірдің 15-інде британиялықтар Һеллес мүйісінде үлкен қолмен жағаға келіп түсті. Лиманның осы кезде қабылдаған ең дана шешімдерінің бірі — Мұстафа Кәмәлді (ол кейінірек Ататүрік деген атпен белгілі бола бастайды) 19-шы дивизияның қолбасшысы етіп тағайындауы. Кәмәлдің дивизиясы Османдықтарды толық күйреуден сақтап қалды. Британия әскерлері келіп түскен күні олар аустралиялық және жаңа зеландиялық әскерлер келген жердің айналасындағы жотаны басып алады.Кәмәл олар төндірген қауіпті түсініп, сол жотаны жаудың қолына түсірмеуге өзінің әскерлеріне дем беріп жүрді. Келесі бес ай бойы үзбей шабуыл жасаса да, олар сол жотаны ұстап қалды. 1915 жылдың сәуірінен қарашасына дейін Лиманның бекінген әскерлері көптеген шабуылдарға тойтарыс беруге мәжбүр болды. Британиялықтар Сувла жағасында тағы бір рет әскер әкеліп түсірді, бірақ Османлы әскерлері оларға сонда да тойтарыс берді. Осы операцияның кезіндегі британиялықтардың қол жеткізген жалғыз ғана табысы — олардың өз әскерлерін сол жерден көп шығынсыз әкете алғаны болды. Сонымен бұл шайқас Османлы әскері үшін зор жеңіс болып, сол жеңіске генерал Лиман фон Сандерстің қосқан үлесі де елеусіз қалған жоқ. 1915 жылдың басында Османлы империясындағы Германия әскери миссиясының бұрынғы жетекшісі барон фон дер Гольц Истанбулға билігі шектеулі V-ші Меһмед сұлтанға әскери кеңесші ретінде қызмет етуге келді. Оның Лиман фон Сандерспен қарым-қатынастары жақсы болмады, әрі ол соғыс кезінде Османлы империясын басқарған үш пашаны (Енвер, Джемаль және Талат) да жақтырмады. Барон британиялықтарға қарсы шабуылдар ұйымдастыруды ұсынды, бірақ Антанта мүшелері Османлыларға үш жақтан (Дарданелл, Кавказ фронты, Месопотамия фронты) соққы бергенде ол шабуылдар туралы жоспарлар аяқсыз қалды. Енвер паша 1915 жылдың қазанында оны Месопотамияға әскерді басқаруға жіберді, осылайша Лиман кәрі бароннан құтылды. (Гольц сонда алты айдан кейін қайтыс болды). Соғыстың соңғы жылында, 1918 жылы Лиман фон Сандерс Палестинадағы Османлы әскерінің үстінен қолбасшылықты қабылдап алды. Оның бұрынғы қолбасшысы неміс генералы Ерих фон Фалькенхайн 1917 жылдың соңында британиялық генерал Алленбиден жеңілген болатын. Синай және Палестина жорықтары Османлы әскерінің қуатының төмендеуі Лиманның көп жоспарларының жүзеге асырылуына кедергі болды. Оның басшылығындағы әскердің қорғаныс позицияларын алып, британиялықтардың шабуылын күтуден басқа шарасы қалмады. Шабуыл ақыры келді де; генерал Алленби бүкіл әскерін төккенде, Османлы әскері бір апта шайқастың нәтижесінде толығымен күйреді (қараңыз: Мегиддо шайқасы (1918)). Соның кезінде Лиманның өзі британиялықтардың қолынан әзер дегенде сытылып кетті. Соғыс біткен соң ол 1919 жылғы ақпан айында Мальтада тұтқындалды, оған соғыс қылмыстарын жасағаны туралы айып тағылды. Бірақ ол алты айдан кейін босатылды. Ол сол жылы Германия армиясынан отставкаға кетті. Мальтада тұтқында болған кезінде соғыстың алдында және соның кезінде басынан өткізгендері туралы ол кітап жазған болатын. Ол соны 1927 жылы жарыққа шығарды (оның ағылшынша аудармасы да бар[3]). Отто Лиман фон Сандерс екі жылдан кейін Мюнхенде жетпіс төрт жасында қайтыс болды.
08.12.2012 04:51 3722

Генерал-лейтенант Отто Лиман фон Сандерс (1855 жылғы ақпанның 17-сі, - 1929 жылғы тамыздың 22-сі) — Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Османлы империясына кеңесші және әскери қолбасшы ретінде қызмет еткен неміс генералы және Османлы маршалы («Лиман паша»).

Помераниядағы Штольп қаласында туған. Әкесі — яһуди ұлтынан шыққан Пруссия ақсүйегі және помещигі.[1] Ақсүйек отбасыларынан шыққан басқа да көптеген пруссиялықтар сияқты, ол да әскер қызметіне еніп, генерал-лейтенант шеніне дейін өсті. Өзінен бұрын бірнеше пруссиялық генералдар сияқты, (мысалы, фон Мольтке және барон фон дер Гольц сияқты) ол 1913 жылы Османлы империясындағы Германия әскери миссиясының жетекшісі болып тағайындалды. Ол кезде Османлы империясының өз әскерін еуропалық үлгі бойынша қайта құруға тырысып жүргеніне 80 жыл болған еді. Лиман фон Сандерс түріктерге осыны істеуге көмектескен ең соңғы неміс болды.

Басында Лиман Османлы әскері және саяси басшылығы туралы қалыптасқан пікірі онша жоғары болмады. 1914 жылдың шілдесінде (соғыстың дәл алдында) Енвер паша оған Германиямен одақтасуды ұсынды. Германияның Истанбулдағы елшісі Һанс фон Вангенһайм Лиман фон Сандерспен кеңескеннен соң Енвер пашаның ұсынысын кері қақты. Олар Османлы әскері әлсіз, үкіметтің жұмсайтын ақшасы аз, ал жасайтын жетекшілігі талапқа сай емес деген қорытындыға келген болатын. Алайда 1914 жылғы тамыздың 1-інде немістер және Османлы үкіметі одақ құру туралы құпия келісімге қол қойды. Сол келісімнің шарттарының бірі бойынша, Германия әскери миссиясы Османлы қару күштерінің әскери операцияларына «айтарлықтай әсер» ете алатын болып келісілді. Басында бұл әсер мүлдем жоқ десе де болатын еді. Бірақ Енвер паша мен Джемаль паша жеңіліске ұшырай бастаған соң, неміс әскери миссиясы Османлы әскерін басқаруды өз қолына ала бастады.

Османлы әскері ақыры соғысқа енген соң (оған дейін екі ай бойы Антантаның әскерлерімен ашық қақтығыстан жалтарып келген болатын), Енвер паша Лиманға Карс қаласын қорғап отырған Ресей әскери құрамасын қирату туралы жоспарымен бөліседі. Лиман оған бұны істемеуді сендіріп бағады, бірақ Енвер паша оның кеңесіне құлақ аспай, Османлы әскерін Карсқа қарай бағыттайды. Онда болған шайқас Сарыкамыш шайқасы Османлы әскерінің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бастан кешірген ең ауыр жеңілістерінің бірі болды. Джемаль пашаға Суэц каналын шабуылдау туралы бұйрық берілді, оның жеке әскери кеңесшісі неміс Фридрих барон Кресс фон Крессенштайн болды. Суэцке жасалған шабуыл да сәтсіз, бірақ үлкен шығынсыз аяқталады.

Сәтсіздікке ұшыраған Енвер паша Истанбулға қайтып оралып, Османлы астанасының айналасының қорғанысын қолға алады. Алайда орасан зор британиялық және француз флоты Дарданелл бұғазының бойындағы Османлы зеңбірек форттарын қиратып тастағаннан кейін (1915 жылғы наурыздың 18-і), Енвер қолбасшылықты Лиман фон Сандерске тапсырады. Османлы астанасын қорғау ісі енді неміс генералының қолына өтеді.

 Толық мақаласы: Дарданелл жорығының кезіндегі әскери теңіз операциялары

 Толық мақаласы: Галлиполи шайқасы

Лиманның қорғанысты ұйымдастыруға уақыты аз болды, бірақ оның екі ұтымды жайты болды. Біріншісі, 84 000 жақсы жарақталған жауынгері бар, алты дивизиядан тұратын Османлының 5-ші армиясы қолда бар ең жақсы әскер еді. Екіншісі, Антантаның қолбасшыларының жасаған қателіктері. Өздерінің зор флотымен бұғаздар арқылы өтіп Истанбулға тіке шабуыл жасаудың орнына, британия және француз адмиралдары жаяу әскер алдымен Дарданелл түбегін басып алуы керек, сонда кемелер Мармара теңізіне еш қарсылықсыз өте алатын болады деп шешті. Лиманның дайындалуға тек бір ғана ай уақыты бар еді. Содан соң, 1915 жылғы сәуірдің 15-інде британиялықтар Һеллес мүйісінде үлкен қолмен жағаға келіп түсті. Лиманның осы кезде қабылдаған ең дана шешімдерінің бірі — Мұстафа Кәмәлді (ол кейінірек Ататүрік деген атпен белгілі бола бастайды) 19-шы дивизияның қолбасшысы етіп тағайындауы. Кәмәлдің дивизиясы Османдықтарды толық күйреуден сақтап қалды. Британия әскерлері келіп түскен күні олар аустралиялық және жаңа зеландиялық әскерлер келген жердің айналасындағы жотаны басып алады.Кәмәл олар төндірген қауіпті түсініп, сол жотаны жаудың қолына түсірмеуге өзінің әскерлеріне дем беріп жүрді. Келесі бес ай бойы үзбей шабуыл жасаса да, олар сол жотаны ұстап қалды.

1915 жылдың сәуірінен қарашасына дейін Лиманның бекінген әскерлері көптеген шабуылдарға тойтарыс беруге мәжбүр болды. Британиялықтар Сувла жағасында тағы бір рет әскер әкеліп түсірді, бірақ Османлы әскерлері оларға сонда да тойтарыс берді. Осы операцияның кезіндегі британиялықтардың қол жеткізген жалғыз ғана табысы — олардың өз әскерлерін сол жерден көп шығынсыз әкете алғаны болды. Сонымен бұл шайқас Османлы әскері үшін зор жеңіс болып, сол жеңіске генерал Лиман фон Сандерстің қосқан үлесі де елеусіз қалған жоқ.

1915 жылдың басында Османлы империясындағы Германия әскери миссиясының бұрынғы жетекшісі барон фон дер Гольц Истанбулға билігі шектеулі V-ші Меһмед сұлтанға әскери кеңесші ретінде қызмет етуге келді. Оның Лиман фон Сандерспен қарым-қатынастары жақсы болмады, әрі ол соғыс кезінде Османлы империясын басқарған үш пашаны (Енвер, Джемаль және Талат) да жақтырмады. Барон британиялықтарға қарсы шабуылдар ұйымдастыруды ұсынды, бірақ Антанта мүшелері Османлыларға үш жақтан (Дарданелл, Кавказ фронты, Месопотамия фронты) соққы бергенде ол шабуылдар туралы жоспарлар аяқсыз қалды. Енвер паша 1915 жылдың қазанында оны Месопотамияға әскерді басқаруға жіберді, осылайша Лиман кәрі бароннан құтылды. (Гольц сонда алты айдан кейін қайтыс болды).

Соғыстың соңғы жылында, 1918 жылы Лиман фон Сандерс Палестинадағы Османлы әскерінің үстінен қолбасшылықты қабылдап алды. Оның бұрынғы қолбасшысы неміс генералы Ерих фон Фалькенхайн 1917 жылдың соңында британиялық генерал Алленбиден жеңілген болатын.

Синай және Палестина жорықтары

Османлы әскерінің қуатының төмендеуі Лиманның көп жоспарларының жүзеге асырылуына кедергі болды. Оның басшылығындағы әскердің қорғаныс позицияларын алып, британиялықтардың шабуылын күтуден басқа шарасы қалмады. Шабуыл ақыры келді де; генерал Алленби бүкіл әскерін төккенде, Османлы әскері бір апта шайқастың нәтижесінде толығымен күйреді (қараңыз: Мегиддо шайқасы (1918)). Соның кезінде Лиманның өзі британиялықтардың қолынан әзер дегенде сытылып кетті.

Соғыс біткен соң ол 1919 жылғы ақпан айында Мальтада тұтқындалды, оған соғыс қылмыстарын жасағаны туралы айып тағылды. Бірақ ол алты айдан кейін босатылды. Ол сол жылы Германия армиясынан отставкаға кетті.

Мальтада тұтқында болған кезінде соғыстың алдында және соның кезінде басынан өткізгендері туралы ол кітап жазған болатын. Ол соны 1927 жылы жарыққа шығарды (оның ағылшынша аудармасы да бар[3]).

Отто Лиман фон Сандерс екі жылдан кейін Мюнхенде жетпіс төрт жасында қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға