Жаңалықтар

Бағзы мен бақиды жалғастырар сара жол

Тарихи-мәдени мұра кеше, бүгін, ертең... Адамзат бұрын жанарын тек алысқа ғана тігетін. Назарына тосын мен таңсық қана түсетін. Көк жиекке дейінгіні көзіне де ілмейтін. Асылдың бәрі алыста, таңсықтың бәрі тасада деп ұғатын. Кейінгі кезде айналамыздағыны да абайлай бастадық. Басқа галактикалар мен цивилизациялар жайындағы қиян-кескі дау-дамайды күрт тыйып, ат шаптырып жердегі айдынның неге тартылғанына, құрық тастам жердегі көне үйіктің неге құлағанына көбірек алаңдайтынды шығардық. Өзін-өзі жер құдіреттей көріп, желпініп жүрген адамзаттың тап бұлай аяқ астынан бүгежектей қалуының сыры неде? Қалай ғана ол бүгін кешегісінен гөрі дәрменсіз, кешегісінен гөрі мүсәпір күйге түсті екен? Жоқ, тап бұның қисыны келе қоймас. Соны дәл бұндай абайшыл қылып жүрген құтының қашуы емес, құдіреттің тасуы болмасын. Соңғы ширек ғасырда өмір сүріп жатқан ұрпақ өзіне дейінгі миллиондаған ұрпақтардың бәрі қосылып жұмсағанынан әлдеқайда көп энергетикалық ресурс шығындапты. Ал енді тап осы қазіргі ауқатымыз бен қару-жарағымызды көбейтпей де, азайтпай да, әлі де осы жыл осы қалпында ұстау үшін күні бүгінгі жұмсап отырған әлгідей жер ойдық энергиямыздан үш-төрт есе көп энергия пайдалануымызға тура келеді екен. Өйткені, қазір әр он жыл сайын соңғы екі мың жылда қанша жаңалық ашылса, сонша жаңалық ашылады. Ондай жаңалықты ашып ап, шаш-етектен пайда түсіруге ұмтылмайтындай сабыр мен қанағатты бізге кім беріпті?! Қазіргі күнде-күнде тұтынып жүрген бұйымдарымыздың тоқсан проценті осыдан сексен жылдай бұрын атымен үрдісте болмапты. Аранды ашқан үстіне аша берсек, ешқандай атом, сутегі, нейтрон бомбасынсыз-ақ дүниенің күлін көкке бір-ақ ұшыратын сыңайымыз бар. Басқасы басқа ғой, ауа екеш ауа мен су екеш судың өзіне зар боп қалар түріміз байқалады. Осынша обырланғанда жер бетіндегілерді тегіс кенелтіп, тегіс қарқ қыла алдық па? Жоқ! Бай мен кедейдің, бар мен жоқтың, тоқ пен аштың ара-жігі бұрынғыдан да алшая түсті. Жер үсті бүгін таңдағыдай индустриялық қоғамға көшкенге дейін орта есеппен алғанда дүниедегі ең дәулетті адам ең жарлы адамнан үш есе көп табыс таба алатын. Бүгінде жан басына шаққанда дамыған елдердегі адамның табысы дамушы елдердегі адамның табысынан отыз есе, тіпті сексен, тоқсан есе көп болып шығады. Материалдық игілікті пайдаланудағы мұндай кереғарлық рухани игілікті пайдалануда одан сайын арта түседі. Ғылыми зерттеулердің 95 процентін бар болғаны 25 елдің лабораториялары қамтиды. Әрбір жүз мың адамға шаққанда Теріскей Америкада – 37, араб мемлекеттерінде – 3, Азияда (тіпті Жапонияны қосқанда) – 2, Латын Америкасында – 1,4, ал Африкада – 0,2 адамның ғылыми дәрежесі бар. Дамыған елдердің тұрғындары айға барып қонып, айлап-жылдап космоста ұшып жүргенде, дамушы елдердің тұрғындарының сексен проценттейі әлі сауатсыз. Мұндай алшақтықты жою үшін жер бетіндегі тіршілік әлі де жүз жыл бойына бейбіт жағдайда дамуы керек. Ал біреулер аспандай биіктеп, екіншілері әлі шыңырау түбінде шыңғырып жатқан ала-құла дүниені бір сәтте жоқ қып жіберу қазіргі адамзат үшін оңайдың оңайы. Ғалымдар жақында элементарлық бөлшектерді бір-бірімен байланыстырып тұрған физикалық константалар қазіргіден сәл өзгешелеу болса, жер бетінде атымен тіршілік болмауы мүмкін екендігін дәлелдеді. Ал бүгінгі адамзат оңдай күрделі де нәзік түзілімдерді түбірімен өзгертіп жібере алатындай құдіретке ие екендігі әркімге-ақ мәлім. Ендеше, біздің бір-бірімізге деген, өзімізді қоршаған рухани, табиғи ортаға деген көзқарасымыз да атымен өзгеруге тиісті. Бүгін тек күллі адамзат қана емес, әрбір тіршілік иесі индивидиум тек түрлік тіршілікті ғана емес, күллі әлемдік тіршілікті сол қалпында сақтап қала аларлық маңыз-мағынаға ие болды. Егер әрбір индивидиумды көздің қарашығындай сақтау арқылы тұтас халықтарды, әрбір халықты көздің қарашығындай сақтау арқылы күллі адамзатты сақтай алатындығымызды жете түсінсек қана, күллі әлемде тек біздің планетамызда ғана орын алып отырған феномен – саналы тіршілікті аман алып қала аламыз. Бұл – біздің цивилизацияның мойнындағы күллі әлемдік парыз. Бұл тек көп нәрсе жайында басқаша тұжырым жасауға ғана емес, көп нәрседен атымен бас тартуға мәжбүр қылады. Ең алдымен, бір кездегі жұрттың бәрінен бай, бәрінен күшті болуға тырысушылықтан, жан-жағымызға қолды мол салып, мол қарамауға ұмтылушылықтан, демек жеке бастылық, топтық, таптық, ұлттық, нәсілдік эгоизмнен бас тартуға тура келеді. Енді адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып өрге баса алады. Ал ақылдылықтың өлшемі – әділеттілік. Әділет ешкімді кемсітпейді, ештеңенің обалына қалмайды. Сонда ғана адамдар мен адамдардың, ұлттар мен ұлттардың, мемлекеттер мен мемлекеттердің арасында бірін-бірі түсіне және құрметтей білуге негізделген жарастықты қарым-қатынас орнай алады. Ондай қарым-қатынас бізді қоршаған табиғи аяға да, этникалық аяға да, рухани аяға да бірдей қатынасты болса лазым. Тек адам мен қоғам концепциясы ғана емес, табиғат пен цивилизация, тарих пен болашақ концепциялары да атымен жаңаша қарастыруды талап етеді. Адамның ғана мүддесін көздеп, қоғамның қамын жемек әлеуметтік теңсіздікке жол берді. Қоғамның ғана мүддесін көздеп, адамның қамын жемеу, әуелі таптың, сосын империяның, сосын империяларды біріктіретін саяси жүйелердің монополизмін күшейтті. Таптық ұлттық, нәсілдік кемсітушілік те, идеологиялық, мәдени, діни, дүниетанымдық айырмашылықтарға қысым жасаушылық та содан өрбіген. Бұл басқаны қойып, табиғат пен цивилизацияның арасындағы кереғарлықты күшейтті. Адамның табиғаттың бел баласы екендігі рас болса, ол жасаған цивилизация да табиғаттың құрамдас бір бөлшегі, табиғи эволюцияның заңды жалғасы болуға тиісті еді. Алайда, ақыл ой жарастықты ойламай, бас пайданы ғана ойласа, тек адамдар мен адамдардың, халықтар мен халықтардың, мемлекеттер мен мемлекеттердің, мәдениеттер мен мәдениеттердің арасында ғана емес, күллі жаратылыс пен цивилизацияның арасында антогонистік қарым-қатынас орнатады екен. Бұл антогонизмнің катализаторы – қоздырушы күші табиғат емес, цивилизация болып табылатынын тарих тайға таңба басқандай дәлелдеп беріп отыр. Цивилизацияның құдіреттілігіне жарастықты санасы сай келмесе, ол бірте-бірте тек жаратылыстың ғана емес, өзінің де көзін жоймай тынбайтын құртушы күшке айналатыны тағы да айдан анық. Сөйтіп, ақырзаманның орнауы үшін көктен Әзірет әлінің түсуі, жерден Мәдінің шығуы шарт болмай қалды. Оны санаға бағынбай кеткен цивилизацияның өзі-ақ орнатады. Сөйтіп, ол өзінің бастапқы мақсаты – адамзат қоғамын ер жеткізетін емес, кері кеткізетін ықпалға ие болады. Сондықтан да, біздің тұсымызда күн тәртібіне табиғатты қорғау, адамзаттың адамзаттық мазмұны болып табылатын цивилизацияны қорғау қатар қойылып отыр. Мұндай жігі ажырамас үш проблема тек қатар шешіліп, қатар жүзеге асқанда ғана болашаққа деген сенім нығая түседі. Оның кілті біреу-ақ. Ол – саналы дамуды, дамудың санаға бағынуын, даму арқылы сананы өрістетіп, сана арқылы дамуды жүйеге түсіріп отыруды жүзеге асыру. Дамуды қоғамдық мүдде өркендетіп, қоғамдық тәжірибе жүйелейді. Қоғамдық мүдденің ұстанар нысанасы – диалектикалық даму үстінде айқындала түсер жарқын болашақ болса, қоғамдық тәжірибенің қайнар көзі – сондай даму үстінде қалыптасқан және қалыптаса беретін тарихи процестер болып табылады. Тарих пен болашақ концепциясын қайта қарастыру қажеттілігі де осыдан көп өрбиді. Жер бетіндегі жазба деректердің ең ежелгісі біздің заманымызға дейінгі 3000-шы жылға тура келеді. Демек, жазба деректерге сүйенетін тарихымыз бес мың жылдан әрі аса алмайды. Ал оған дейінгі адам нәсілінің тарихы миллиондаған жылдарға барып тіреледі. Соған қарамастан, күллі адамзаттың жалпы тарихы әлі жасақталған жоқ. Тарихи даму әлі ұлттық аядан, мемлекеттік тұрғыдан қарастырылып келеді. Сондықтан онда бір-біріне кереғар догматтық концепциялар үстемдік құрып кетеді де, ұлттық шектелушілікке, мемлекеттік шектелушілікке, қоғамдық жүйелік шектелушілікке жел беретін қисындар туындайды. Ол баршамыздың өзімізді қоршаған аямен жарастықты да әділ қарым-қатынасымызды жасақтайтын ортақ критерийлер табуымызға кедергі келтіруде. Соның қырсығынан көп уақытқа дейін баршамыздың асыраушымыз болып табылатын табиғатты кім уысты молырақ салса, сол көбірек олжаға бататын иесіз дәулеттей көрдік. Сол сұраусыз дәулетті басқалардан бұрынырақ, көбірек қармап қалу үшін қауымға, тайпаға, халықтық, мемлекеттік бірлікке топтастық. Сөйтіп, адамзат нәсілінің өз ішіндегі алауыздықты барған сайын неғұрлым ересен масштабтарда заңдастырып, сол арқылы бір-бірімізге әлімжеттік жасадық. Бір қауым екінші қауымға бас салудан басталған жабайылық әлімжеттік бір мемлекет екінші мемлекетке бас салатын орта ғасырлық әлімжеттікпен тынбай, сондай екіұдай мүдделер жолында топтасқан екі ұдай мемлекеттердің теке тіресуінен тұратын күллі әлемдік империалистік әлімжеттікке айналды, Мұндай жағдайдағы басқыншы соғыс та, қорғану соғысы да күллі табиғаттың түбегейлі күйреп, адамзат пен цивилизацияның біржолата жойылуымен тынады. Сондықтан да қазір халықаралық, мемлекетаралық саясатта теке тірестік қағиданы мүдделер үйлесімі қағидасымен алмастыруды көздейтін жаңаша ойлау концепциясы орын тебе бастады. Ол концепция өз әрекет аясын тек бүгінгі саяси ара-қатынасты жүйелеумен ғана шектелмей, күллі адамзаттық қоғамдық тәжірибені қайтадан сараптап, қайтадан байыптауды да қамтыса керек. Ондай жағдайда бірінші орынға ұлттық та, мемлекеттік те, таптық та емес, күллі адамзаттық мүдделер озады. Олар ұлттық, мемлекеттік, таптық мүдделерді жоққа шығармайды, қайта оларды бәрімізге ортақ табиғат пен цивилизацияны аман алып қалу жолындағы мақсаттың төңірегіне шоғырландырады. Ал бұл тарихи сапаны мыңдаған жылдарға созылып келе жатқан тайпа аралық, ұлт аралық, династия аралық, мемлекет аралық, тап аралық, формация аралық кикілжіңдер мен шайқастардың шетсіз-шексіз шытырман шежірелерінен алып шығып, адамның алғашқы ағаш бұтағындағы миуаны үзіп жеуінен басталып, бүгінгі «Буран» мен «Шатлға» дейінгі екі аралықтағы миллиондаған жылдарға созылып келе жатқан мәдени дамуымыздың заңдылықтарын зерттеп тануға жұмылдырады. Мәдениет тарихы – түптеп келгенде, адамзат тарихы. Сондықтан да ол ұлттық тарихтан да, мемлекет, қоғам тарихтарынан да әрі кеңірек, әрі көнерек. Ол түп басын, қажет десеңіз, галактика тарихынан алады. Өйткені, планетамыздың жаратылуы да, ондағы саналы өмірдің пайда болуы мен дамуы да әу бастан астрономиялық құбылыстардан өрбіген. Жер бұдан 4,6 миллиард жыл бұрын жұлдыздар арасындағы газ бен шаңнан жаратылған. Ондағы тіршілік 4 миллиард жыл бұрын мұхит пен су айдындарында пайда болған. Алғашқы көп клеткалы организмдер 3 миллиард жыл бұрын жаратылады, олар содан 1 миллиард жыл өткен соң барып, аналық, аталық болып екі жынысқа бөлінеді. Адамға ұқсас алғашқы жан иесі осыдан 10 миллион жыл бұрын жарыққа келген. Ал адамның алғашқы жер басуы бар болғаны бір миллион жыл ғана бұрын. Жердегі тіршіліктің негізі болып есептелетін белокты да, тұқымнан тұқымға информациялар дарытатын нуклеин қышқылын да түзетін молекулалар біреу. Ол өсімдік дүниесіне де, жануарлар дүниесіне де ортақ. Мұндай түзілім тек жердегі тіршілік иелеріне ғана тән. Сондықтан біздей мақұлықтардың басқа планетадан табыла қоюы екі талай. Ал басқа кейіптегі, басқа құрылымдағы ақыл иелерінің ұшырасуы әбден мүмкін. Дарвиннің эволюциялық теориясы бойынша, адамдар адам тұрпаттас маймылдардан (антропеидтерден) шыққан. Оның саналы мақұлыққа айналуына, К. Маркс пен Ф. Энгельстің айтуынша құрал жасау мен бірлесіп еңбек етуге үйренуі шешуші ықпал еткен. Мұнда экологиялық жүйелеу африкалық антропеидтерге (горилла мен шимпанзеге) ұқсас («орман маймылдарын») баршамыздың бастапқы бабамыз деп тануға мәжбүр етеді. Олар осыдан 27-12 миллион жыл бұрын Афроевразияны басып жатқан тропикалық ормандарда өмір сүріпті. Олар климаттың өзгеруіне байланысты біреулер адам тұрпаттас маймыл (понгид) боп қалыпты да, екіншілері адам сипаттас мақұлдатарға гоминидтерге айналыпты. Соңғылардың санатына сүйектері Теріскей Индиядан табылған, бұдан 14–8 миллион жыл бұрын өмір сүрген рамапитектер жатады. Олардың сүйектері Азия мен Африканың көп жерінен табылады. Ал кейін тек Австралия ғана емес, Африканың әлденеше елдерінен табылған миының көлемі 500–600 текше сантиметрден 1100–1800 текше сантиметрге дейін баратын австралопитектер сол рамапитектердің ұрпақтары болып есептеледі. 1960 жылы Олдовей (Танзания) аңғарынан табылған, бұдан екі миллион жыл бұрын өмір сүрген австралопитекке ұқсас қаңқа қасынан малта тастардан жасалған дөрекі құралдардың шығуына байланысты гомо-хабилис (ісмер адам) деп аталды. Табан сүйектеріне қарағанда, түрегеп жүруге әбден жетілген мақұлқатқа ұқсайды. Ф. Энгельстің айтуынша, «маймылдардың адамға айналуы» соларға ұқсап, қолдың көмегіне сүйенбей, аяқтарынан тік басып кетуден басталса керек (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығармалары, т. 20. 486-бет). Маймылдардың адамға айналуына ежелгі дүниеде аман қалу үшін тек күшпен қоса ептілік талап ететін жаңа жағдайлардың пайда болуына байланысты жаңа табиғи сұрыптау шешуші әсер еткен секілді. Австралопитектер мен хабилистердің табылуы адамзаттың қайдан шыққандығы туралы пікірді өзгертті. Көпке дейін ғалымдар Орталық және Күнгей Шығыс Азияны «адамдардың алғашқы отандары» деп есептеп келген-ді. Оған әлгі аймақтарда адам сипаттас маймылдар қаңқасының көптеп табылуы әсер еткен-ді. Екінші бір ғалым адамдар солтүстік Европада, Америкада немесе Австралияда шықты деп жолдаған. Бірақ оған жеткілікті дәлелдері болмаған. Үшінші біреулер адамзат жер шарының бірнеше бөлігінде қатар пайда болған. Сондықтан адамзат әр текті, мәселен, сары нәсіл – орангутандардан, қара нәсіл – горилладан, ақ нәсіл – шимпанзеден өрбіген деген қисынын айтқан. Дарвин адамға африкалық понгидтер (горила мен шимпанзе) азиялық понгидтер (орангутандар мен гиббоидардан) гөрі әлдеқайда ұқсасырақ екендігіне сүйеніп, "африкалық отан" қисынына бүйірі бұрды. Австролопитектер мен хабилистердің табылуы да әлгі қисынның ұпайын асыра түседі. Алайда, маймылдардың адам сипаттануын бастап берген рамапитектердің Индияның терістігінен табылғанын естен шығаруға болмайды. Оның үстіне кең-байтақ Азияның қиыр-қиырындағы археологиялық деректер әлі түгел игерілген жоқ. Сондықтан да кейбір совет ғалымдары, хайуандардың адамдану процесі Азияның, Африканың, тіпті Европаның да оңтүстік аймақтарын қамтиды деп есептейді. Не де болса адамдар, морфологиялық, физиологиялық, психологиялық материалдарға қарағанда әуелде бір түбірден, бір тектен шықса керек. Ол әуелі бір аймақта пайда болып, келе-келе Афроевразияның әлгі айтқан аймақтарына тараса керек. Ең ежелгі адамдарға -архаитроптарға солар жатады. Олар Афроевразияда 800–300 мың жыл бұрын өмір сүрді. Малта тастан қару жасаған олдовий мәдениетінің өкілдері ширектік кезеңнің бастапқы тұсында өмір сүрсе, шақпақ тастан екі жағында да жүзі бар шапқы жасаған ашель мәдениетінің өкілдері Европада, Солтүстік, Шығыс Африкада, Орта және Күнгей Азияда өмір сүрді. Олар біздің еліміздің Кавказ, Қаратеңіздің теріскей жағалауы, Қырым, Орта Азия, Қазақстан, Сібірдің Қиыр Күнгей мен Қиыр Шығыс секілді аймақтарын да қамтыды. Архиатроптардың кейбір қауымдары от жағыпты деген де тұспалдар бар. Алайда, от жағу олардан кейінгі палеоантроптардың тұсында кеңінен етек жайса керек. Олар бұдан 250–70 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұрынғы шапқының орнына түрпі мен үшкір жебелі тас қаруды пайдаланып, үлкен жануарларды аулап, ет пісіріп жеген бұл мақұлықтар Европа, Солтүстік және Шығыс Африка, Кавказ, Оңтүстік-Батыс, Орта және Орталық Азияның кейбір аймақтарын жайлады. Олардың тас қарулары алғаш рет Франциядағы Ле Мустье деген жерден табылды. Соған байланысты «Мустье мәдениетінің» өкілдері деп саналады. Бізде неандертальдық сәбидің сүйегін алғаш рет 1938 жылы археолог А. П. Окледников Өзбекстаннан тапқан. Олар үйір-үйір боп үңгірлерде тұрған. Бейберекет етек араласына (промискуитет) да солардан бастап тиым салына бастаған. Кісі жерлеуді солар шығарғанына қарағанда алғашқы діни сенімдер де сол тұста пайда болды ма екен деген болжам бар. Олар бұрынғы адам тектестерге қарағанда әлдеқайда анық сөйлесе алған секілді. Бірақ, шын мәніндегі ақыл иелерінің қатарына бұдан 40–30 мың жыл бұрын соңғы мұз қайтуы тұсында пайда болған неонтроптар ғана жата алады. Шын мәніндегі гомо-сапиенс (саналы адам) солардан өрбиді. Саналылану (сапиестену) процесі де солардан басталады. Бұрынғы үйірлер рулық қауымдарға айналады. Ол күшпен қоса саналылықты да есепке алатын жаңа табиғи сұрыпталу арқасында жүзеге асады. Матриархат, сәндік бұйымдар жасау, үңгірлердің қабырғасына сүрет салып әшекейлеу, тастан және сүйектен мүсіндер қашау осы тұста пайда болады. Тағы да сауал туады: адамдардың саналылануы қай аймақтан басталған? Совет ғалымы Я. Я. Рогинскийдің концепциясы бойынша, бұл процесс те әуелде бір аймақтан басталған. Оған Оңтүстік-Батыс Азия, Солтүстік-Шығыс Африка, Оңтүстік Европа, Кавказ, Орта және Күнгей Азияның кейбір аймақтары жатуы мүмкін. Моноцентризмге қарсы полицентризм концепцияларын қолдайтындар саналылау бірнеше орталықтардан басталды деп есептейді. Кейінгі көзде бұл процесс екі жерде – Оңтүстік-Батыс және Шығыс Азиядан басталды деген концепция тарап жүр. Бірақ оның археологиялық дәйектемесі жеткіліксіздеу. Сонымен, қазіргі ең көп тараған концепция бойынша, Жер Орта теңізінің Шығысынан басталған сапиенстену (саналылану) теріскей батысқа қарай Европаға, оңтүстік-батысқа қарай Африкаға, Шығыста Тынық Мұхитқа дейінгі бүкіл Азияға тарайды. Қазір Еуразияда басталған бүгінгі адамға ұқсас популяция бірте-бірте шығысқа қарай бағыт алып, жолдағы неандертальдық тұқымдастарымен араласып, кейінгі палеолит тұсында Индонезияға, Филиппинге, Жаңа Гвинеяға, Жапония мен Сахалинге жетті. Ал бұдан 70 мың жылдай бұрын Беринг бұғазының орнындағы мойнақ арқылы Америкаға өтті деп ұйғарым жасауға әбден мүмкіндік бар. Австралиядағы алғашқы адам сүйектеріне қарағанда, ол осыдан 18–8 мың жыл бұрын барып, қоныстанса керек. Неантроптар Тасманияға 11 мың жыл бұрын аяқ іліктірген. Сөйтіп, кейінгі палеолит тұсында адамдар жер шарының барлық бөлігіне де таралып үлгерген. Одан кейінгі эволюция бізде ақ, қара, сары нәсілге бөлінуге әкеп соқтырды. Нәсілдер арғы тегі бір адамдардың ғасырлар бойы белгілі бар тарихи-географиялық аяда табан аудармай өмір сүруі арқасында қалыптасқан морфологиялық және физиологиялық түзілімдер негізінде пайда болған. Мұндай алуан нәсілділік адамзаттың бір тектілігін жоққа шығара алмайды. Оны ең алдымен, нәсіларалық некенің ұрпақтың биологиялық және рухани-әлеуметтік сапасына ешқандай зиянды ықпал етпейтіндігінен қарап-ақ аңғара беруге болады. Кейінгі зерттеулер осы заманғы нәсілдердің арасындағы биологиялық сипаттардың ұқсастығы орасан зор да, айырмашылығы тым болмашы екендігін анықтады. Француз генетигі Альберт Жакардың: «Африка тұрғыны мен эскимос генетикалық жағынан өзіміздің қыстақтағы полицейскийден гөрі әлдеқайда жақынырақ болып шығуы мүмкін»,– дейтіні де сондықтан. Мәселен, теріге қарақошқыл әр беретін меланни пигментінің ықпалына қарағанда африкалықтар бір топ та, европалықтар мен азиялықтар бір топ, ал генадағы лактаз ферменттінің ықпалына қарағанда европалықтар бір топ та, азиялықтар мен африкалықтар бір топ, қанның резустық жүйесі мен иммунологиялық НL-А-А жүйесінен қарағанда, азиялықтар мен эскимостар бар топ та, европалықтар мен қара африкалықтар бір топ боп бөлініп шыға келеді. Гарвард университетіндегі генетик ғалым Ф. Левутиннын дерегінше, қан жағынан салыстырғанда, әр нәсілдегі екі халықтың арасындағы айырма бір нәсілдегі екі халықтың арасындағы айырмадан бар болғаны 7–8 процентке ғана көбірек болады екен. Бұдан шығатын қорытынды: халықтардың да, нәсілдердің не арасында белгілі бір айырмашылықтың бары рас, бірақ, бір халықтан шыққан екі индивидиумның арасындағы айырма одан көп болмаса, аз емес. Сондықтан ЮНЕСКО 1967 жылы: «осы заманғы биология ғылымы халықтардың мәдени жетістіктерінің арасындағы айырмашылықты олардың тұқым қуалау жолымен қалыптасқан генетикалық қасиеттерінің айырмашылығынан көруге болмайтынын анықтады», – деген тұжырымға келді. Арғы түбі Дарвиннен басталатын эволюциялық концепцияны жақтайтындардың айтары: адамзат әуелі бір тектен, сондықтан да бір бесіктен тараған. Тегіміз – адам тектес маймыл да, бесігіміз – әр ғылымның айтуынша әр қилы. Ал екінші бір ғалымдар адамзаттың көп текті емес, біртекті екендігін мойындай отыратын генетикалық мұра – тектік сипаттар қалыптасқан да, тарихи даму тұсында ұрпақтан ұрпаққа мәдениет арқылы беріліп отыратын рухани мұра-тәжірибе жасақталған. Тұқым қуалау арқылы қалыптасқан сипаттар баянды да, ал тәжірибе арқылы қалыптасқан сипаттар кейде тым қысқа мерзім ішінде жойылып кетіп отырады. Мәселен, жазба деректер арқылы баяндап беруге болатын соңғы бес мың жылдықта жүздеген ұрпақтар дүниеге келіп, дүниеден өтті. Бірақ, олардың еш қайсысынан айтарлықтай биологиялық не психофизикалық өзгеріс байқалмады. Ал сол екі ортада адамзат цивилизациясында сан алуан түбірлі өзгерістер болып өтті. Әдетте адамдардың қалған жануарлар дүниесінен айырмашылығының қатарына тік жүрісіндегі, миының салмағының үлкендігі, терісінде түк болмайтыны, басқа жануарлардың ешқайсысынан көзікпейтін, күлетін, жылайтын қасиеттері жатады. Морфологиялық тұрғыдан өмір сүрудің экологиялық түрлеріне бейім тұрғанмен, ол дене бітімі жағынан өзінен басқа ешқандай жан иесіне ұқсамайды. Ең бастысы – барлық жан-жануарлардың өзі тіршілік ететін ортаның сипатына лайық ерекше жетілген бір мүшесі болады: пілдің тұмсығы, жыртқыштардың тырнағы мен азуы, т.т. Ал адамда ондай ала бөтен күшті жетілген мүше жоқ. Ол оның есесін құрал-сайман қолданумен қайтарады. Ал құрал-сайманды дұрыс пайдалану еп пен есепті қажетсінеді. Сөйтіп ол дене бітімнің әлгіндей олқылықтарының орнын ақылымен толықтырады. Мәселен, сәби басқа төлдердің іштен біліп туатын көп қылығына бір жасқа жеткенше жөргекте жатып үйренеді. Осының өзі-ақ жан-жануарлардың тіршілік амалына іштен жетіліп туатынын, ал адам оған белгілі бір тарихи қалыптасқан әлеуметтік ортада үлкендерге қарап үйренетінін айғақтайды. Бұдан көп, Портман «Біз адамнан тіршіліктің өте бір ерекше түрін кереміз. Адам дене бітімі және мінез-құлқы тұрғысынан жануарларға көп ұқсағанмен, тұтастай алғанда, атымен бөлекше пішімделген. Біздің денеміз әр мүшесі, әр қимылымыз осыны аңғартады», – деген қорытынды шығарады. Ендеше, кез-келген зоологиялық түрдің эволюциялық жолмен сұрыптала келіп, ақыл-ойға ие болуы еш мүмкін емес деген пәтуа жасайды. Оның айтуынша, адам әуелден қалған өмірлік пішімдерге ұқсамайтын өзге бір айырықша үлгіден туындаған болуы мүмкін. Бұл жағынан Портман кейбіреулердің адамдар да жануарлардың қолға үйренуі сияқты доместиациядан өтуі арқылы қазіргі сипатқа ие болды деген тұжырымына дау айтады. Біріншіден, әлгіндей процестің нәтижесінде жануарлардың миы азайып кетсе, адамдардікі үлкейген. Екіншіден, мұндай жағдайда жануарлардың жыныстық жетілуі жеделдесе, адамдардың жыныстық жетілуі баяулайды. Оның үстіне, адамнан басқа ешбір жан иесі ешқайда эволюциялық даму нәтижесінде ойлауға, жазуға, өзін-өзі тежей білуге, жыныстық эгоизмді жеңіп, өзге жыныстармен қауымдаса білуге үйренген емес, Портманның әлгі дәйектемелеріне қарап, К. Ясперс жылқының жылқы тектес, маймылдың маймыл тектес ежелгі мақұлқаттардан өрбігені секілді, адам да адам тектес мақұлқаттан өрбіп, қазіргідей аса саналы күйге жеткен болуы мүмкін деген тұжырымға саяды. Оның айтары: адамды мәдениет тудырған жоқ, мәдениетті адам тудырды. Ал мәдениеттің қайдан тарағандығы мәселесіне келгенде, ол Евфраттағы Шумердің де, Каспий маңындағы, батыс Күрдстандағы Джейтунның да, Орталық Азияның да ондай қызмет атқаратындығы туралы белгілі болжамдардың бәріне де күмән айтады. Қазіргі ғылымның бұл жайындағы болжамдарының бәрі негізінен археологиялық деректерге сүйенген. Ал планетадағы барлық археологиялық мұра түгел қазылып, түгел зерттеліп, салыстырмалы талдаудан өткен жоқ. Сондықтан да оған сүйеніп, әлгіндей нақты қорытындыға келу әлі асығыстық етеді. Бірақ, жер бетіндегі саналы мақұлқаттардың шығуын кейінгі мұз дәуірімен байланыстырсақ, онда жер бетіндегі климаттық өзгерістердің геологияның және астрономиялық себептерін салғастыра отырып, алғашқы саналы тіршілік пайда болуы ықтимал нүктені анықтауға болар еді. Өйткені, мұздың еруін космостық энергияның ықпалына сайысақ, ол белгілі бір астрономиялық денеден шығып, жердің өз осінен космостық энергияның ықпалына сайысақ, ол белгілі бір астрономиялық денеден шығып, жердің өз осінен айналуы заңдылығына орай, планетаны басып жатқан мұзды бір пұшпағынан бастап, бірте-бірте ерітер еді ғой, саналы тіршілікке алдымен қай жерде табиғи жағдай жасалса, адамзат та сол жерде пайда болмай ма?! Мұны анықтау үшін бір археология, бір палеонтология, бір климатология аздық етеді. Оларды негізге ала отырып, басқа да ғылымдарды комплексті жұмылдыруды қажетсінеді. Ал әзірге осы орайда ешқандай эмпирикалық тәжірибелерге сүйенбей, ой қорыту жолдарымен ізденіп жүрген ғалымдардың бірі – совет тарихшысы Лев Гумилев. Ол да сана иелері маймылдан шықты дегенге бас изей қойғысы келмейді. Оның айтуынша, жер бетін басып жатқан мұз Таймырдан басталып, Финоскандикавияға қарай қозғалып, ақырында Атлантикада еріп жоғалған. Кейінгі мұз қайту кезеңіндегі тіршілікке ең ыңғайлы жер Сібір болған. Қысқасы, тарихи дәуірге дейінгі мыңжылдықтардың бізге ұқтырары: адамдардың арғы тегінің бір жерден тарауының мүмкіндіктері, олар жасаған мәдениетінің ең бастапқы нышандары от жағу, құрал жасау және пайдалану әуелде бір жерде пайда боп, кейін басқа аймақтарға тарағаны, сол процестің үстінде оның бір сипаттылықтан көп сипаттылыққа ауысқаны. Ежелгі дүниеде сана төңіректегі табиғи аяны игеру үстінде пайда болды, Азық табу жолындағы қаракет әуелі ақылды, ал әлгі қаракетті одан әрі жетілдіруді ойлаған ақыл ғылым мен мәдениетті туғызды. Алғашқы адамдардың тіршілік ету қарекеттері қандай ұқсас болса, сол жолда айла-амалдары да сондай ұқсас еді. Сондықтан ежелгі дүниенің мәдени біркелкілігі қай көздегіден де басым түсті. Мәселен, Олдовий мәдениетінің өкілдері қандай құрлықты жайласа да, бәрібір бірдей қарумен пайдаланды. Демек, ол қарудың жасалуы мен пайдалану жолдары қайда да ұқсас болды. Ол мәдени әр алуандыққа жер шарының барлық бөлігіне түгел тарап, сондағы географиялық аяны орнықты игеру үстінде тұрақты еңбек үрдістерін, тұрмыс үрдістерін қалыптастыру арқасында ғана жетілді. Сондықтан, белгілі бір мәдениеттің өзіндік сипатының болуы – цивилизация дамуы тұрғысынан келгенде, эволюциялық жетістік. Оның бәрі адамзат санасының өсуіне, мәдени дәстүрлердің негізін салуға айта қаларлықтай үлес қосқанмен, шын мәніндегі мәдениет және оның белгілі бір аймаққа, этносқа байланысты өзіндік сипаттары туралы сөз қозғауға әлі ерте еді. Мәдениетті табиғи аяны игеруден туды дейтін болсақ, оның өркендеуінде құралдардың атқарар қызметі өз-өзінен түсінікті. Біздің бабаларымыздың қолына ең бұрын түскен және ең көп қолданған құралы – тас. Тас құралдармен пайдаланған кезеңді тарихта Тас дәуірі дейді. Тас дәуірінің ең ерте кезеңі палеолит, одан кейінгі орта кезеңі – мезолит, ең аяқы кезеңі неолит атанған. Палеолит тұсында тасты бір-біріне ұрып сындыру арқылы жасалған дөрекі құрал, мезолит тұсында тасты қабыршақтап сындыру арқылы жасалған жартылай өңделген құрал, ал неолит тұсында қажап, егеп, тегістеп өңделген құрал пайдаланылды. Сондықтан да, Лесон 1865 жылы ғылымға неолитті сырты тегістелген өңделген тас құралдардың, палеолиті – ондай өңделмеген кедір-бұдыр дөрекі құралдардың кезеңі деген ұғым – енгізді. Соған лайықты еңбек технологиясы да, еңбек бөлісу де дами бастады, табиғи аяны игеру де тереңдей түсті. Ол таспен қоса, металды да пайдалануға әкеп соқты. Қола дәуірі мен темір дәуірі солай шықты. Құралдардың өзгеруі күнкөріс тәсілдерін ғана емес, адамдардың қауымдасуын да жетілдіре түсті. Адам табиғатқа біржолата тәуелді, сондықтан үйір-үйір боп қана өмір сүріп, ортақ қауымдық меншік қалыптастырған кезең – жабайылық заманы, қарулардың жетіліп, әркім өз бетінше әрекет етіп тамағын асыраумен қоса, өз меншігіне ие боп, ол аз болса, өзгенің меншігіне қол сала алатындай мүмкіндікке ие болған кезеңді – жаугершілік, Варварлық хананы, ал табиғатқа тікелей тәуелдіктен әбден алыстап, қоғамдағы еңбек бөлісу әбден тереңдеп, мемлекеттің шығуына әкеп соқтырғаннан бергі кезеңді – цивилизация заманы деп атаймыз. Ф. Энгельстің жүйелеуінше, жабайылықтың бастапқы кезеңіне адамдар тек орман арасында жеміс, жаңғақ, тамырмен қоректеніп, тек терімшілікпен ғана шұғылданған. Тілдің шығуы да сол тұста болған. Ортаңғы кезеңде, балықпен де қоректене бастаған. Ол отты пайдалануға мәжбүр еткен. Аңшылық та сол тұста шыққан. Бірақ тек бірыңғай аңшылықпен өмір сүрген тайпа ешқашан болған емес. Ет жеуге үйрену адам жеуге әкеп соқтырған. Одан адамзат садақтың шығуы арқасында ғана құтылған. Садақ пен жебе аңшылықты ең басты кәсіпке айналдырды, орман мен үңгірден алып шығып, қолдан баспана жасауға үйретті. Сондықтан да, бұл жабайылық заманының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Баспана жасау қолдан ыдыс-аяқ жасауды – құмыра жасауды үйретті. Аңдарды аулаумен қоса қолға үйрету үрдіске ене бастады. Бұл – жабайылықтың бастапқы кезеңнен ортаңғы кезеңге ауысуының белгісі. Шөп басынан дән үгу егін салуды туғызды. Мал басының көбеюі өріс іздетті. Сөйтіп, адамдар кеңістікті батыл игере бастады. Ол тас құралдардан басқа құралдар іздеуге мәжбүр етті. Тас соқамен егіс көлемін ұлғайта алмайсың. Қайыс ауыздықпен атқа мініп, алысқа ұзап кете алмайсың. Әуелі қоланы, артынан темірді балқыту, одан соқа, ауыздық үзеңгі жасау солай пайда болды. Оған дейінгі шаруашылық-аңшылық, балықшылық, малшылық, егіншілік бәрі аралас жүретін, сөйтіп әркім бар мұқтажын бір өзі табатын комплексті шаруашылық еді. Темір құралдарының шығуы еңбек бөлісуді, біреулердің бір ыңғай малшылықпен, екінші біреулердің бірыңғай егіншілікпен айналысуына жағдай жасады. Сөйтіп, отырықшы тұрмыспен қоса көшпелі тұрмыс өмірге келді. Бұл тек еңбек бөлісуді ғана емес, бұйым айырбасын туғызды. Ал ол адамдардың қауымдасуын бұрынғыдан да күрделілендіре түсті. Табиғатқа басыбайлы тәуелді көзде адамдар үйір боп жүріп қорек айыратын. Ол кезде үңгірде көп балаларды бағатын әйелдің рөлі басым болды. Көп болып ортақ тапқан олжаны көп болып ортақ иемденетін. Ол кездегі қарекет тек бір күннің ғана қорегін айырумен тәмамдалатын. Ол кездегі неке әр әйел қауымдағы барлық еркекке, әр еркек қауымдағы барлық әйелге ортақ – жаппай неке деп аталатын. Балалар да ол кезде шешелеріне қарап бөлінетін: «Пәлен әйелдің балалары, түгел әйелдің балалары». Өйткені, жаппай неке тұсында балаларды шешесіне қарап ажырату оңай-тұғын. Егіншіліктің шығуы, мал бағу бұрынғы аң аулағандай, терімшіліктегі емес, өзара туыстас мәселені бір әйелдің балалары ғана боп, бөлек еңбек етуге әкеп соқты. Ендігі табыс бір күнде ішіп-жеп қойылмай, сақталатын болды. Сөйтіп қосымша өнім пайда болды. Егін салатын, мал бағатын әрбір еркек өз табысын өз ұрпағына қалдыруды ойлайтын жағдай туды, жекеменшік қауымдарды жеке шаңырақтарға ыдыратты. Ол жаппай некенің орнына жұптық некені үрдіске енгізді. Жұптық неке балалар да әкесіне меншіктететін ата билікті (патриархатты) туғызды. Қауымдық меншіктің орнына рулық меншік шықты. Еңбек бөлісуден өрбіген рулық меншік ру аралық бұйым айырбасын, рулық одақтарды, ол мемлекеттік одақтарды туғызды. Мәселен, Рим мемлекетін, аңыздың айтуынша, алғашында жүз латын руының бірлестігі құрапты. Оған көп ұзамай екінші жүз ру – сабельдер қосылыпты. Көп ұзамай әр текті үшінші жүз ру көп бірігіпті. Сол үш жүзден құрылған Рим арада үш жүз жыл өткен Фабийлер әулеті билеп тұрған тұста да рулық элементтерін жоғалтқан жоқ-ты. Ол кезде патрицийлер тек ең күшті Фабийлер әулетінен ғана тұратын. Келе-келе жеке меншікке негізделген экономикалық өмір дәулет теңсіздігін туғызды. Содан көп, Рим жұртшылығы дәулетіне қарай алты топқа бөлінді: I-100 000 асс, II-75 000 асс, III-50 000 асс, ІV-25 000 асс, V-11 000 асс, ал алтыншы топқа дәулеті жоқтар жатты. Таптық жіктеулі солай туды. Гректер мен германдардың мемлекетті де әуелі осылай рулық құрылыстың түрін өзгерту, сосын оның жаңа құрылымдармен әлсірету, ең соңында, мемлекеттік біліктің жаңа түрін ойлап табу арқылы жүзеге асқан-ды. Сөйтіп, адамзат екі миллион жылға созылған алғашқы тапсыз қоғамды аяқтап, бес мың жыл енді толып отырған таптық қоғамға, цивилизация дәуіріне, мемлекеттік құрылысқа көшті. Онда да бәр-бәрі емес, сөйтуге тарихи-экономикалық жағдайлар туған жерлерде ғана солай болды. Рулық құрылыстың мемлекеттік құрылысқа көшу жер бетінде, шынына келгенде, әлі аяқталып біткен жоқ. Бұл – екі миллион жылдан асқан адамзат тарихы. Ал цивилизация тарихына бар болғаны бес мың жыл. Пілге қонған шыбындай ғана көрінетін болмашы мерзім. Ол екі миллион жыл – расын айтсақ, біздің бабаларымыздың табиғатқа икемделуінің шежіресі. Тіпті оның соңғы 50 мың жыл ішінде бес құрлыққа түгел аяқ басуының өзі – соның айғағы. Ол солардың ешқайсысына саяхат жасап барған жоқ, не жаулап алған жоқ. Қажет десеңіз, қайда келе жатқанын да білген жоқ. Бағзы бабаларға бүйтіп жиһан кездіріп жүрген де сол – сол бір күндік қорек табудың қамы. Бір қауымның екінші қауымға әлімжеттік жасауы, табиғи апаттар талай қауымды үйреншікті мекендерін тастап кетуге мәжбүр етті. Әсіресе, мұхит деңгейінің көтерілуі мен термиялық максимум (құрғақшылық) жер бетіндегі тіршілікті асты-үстіне шығарып отырды. Мұндай орасан апаттардың белгілі бір кезеңдер өткен соң барып қайталануы ежелгі дүниедегі жаппай босуды да белгілі бір мөлшерлі уақытта қайталатып отырғызды... Ондай босу тек белгілі бір аймақтардың, құрлықтардың көлемімен шектелмей, күллі планеталық масштабқа дейін ұлғая түсті. Мәселен, мұздың солтүстікке қарай шегінуі ірі аңдардың да солай қарай көшуіне себепші болды. Ал ол аңшы тайпаларды сонау поляр шеңберіне дейін аң аулап баруға мәжбүр етті. Бір кезде Сібірде ірі аңдардың жайылысына қолайлы шүйгіндердің көп болуы сондағы халықтарды да көбейтті. Бағзы кездегі миграцияның осынша кеңінен етек жаюына себепші болған тағы бір жағдай: мың адамды астықпен және етпен асырау үшін 100 гектар егіндік және 400–500 гектар жайылым, ал аң аулап қорек айыру үшін күллі Испания мен Францияның ауқымындай территория керек еді. Трухан өлкесіндегі аңшы кеттер тіпті біздің ғасырымыздың бас шамасында бір маусымда 300 шақырым жол жүріпті. Сол себепті де монғол нәсілдес бір тайпа бес мың жыл бойы Хуэнхэден Беринг бұғазына дейін аң соңынан ілесіп барып, одан әрі ол кезде екі құрлықты жалғастырып жатқан мың километрлік құрлықпен Америкаға өтті. Антрополог Г.Ф. Дебес үнділердің қан құрамын тексеріп, олардың расында да, әу баста аса шағын бір ғана топтан тарағандығын анықтады. Олар табиғаты аса бай құрлыққа тап болып, сол жақта өзіндік сипаты бар жаңа бір цивилизацияның негізін салды. Ал Австралияға барған топ ондай жағдайға ұшыраспай, пәлен ғасырға созылған құрғақшылықтың қырсығынан күні кешеге дейін жабайылық жағдайынан кете алмады. Сібір асқан малшылар ауа-райына байланысты әлденеше рет батысқа жөңкіп, талай әлемдік империяларды қиратып, талай жаңа әлемдік империялар орнатты. Олардың соңғы өкілдері біздің ғасырдың басына дейін көшпелі тұрмыс құрғаны біздер үшін еш дәлелдеуді қажет етпейді. Қарақұмның шөлге айналуынан Индия асып кеткен арийлер Күнгей Азиядан Европа өтіп, осы күнгі күллі индоевропалық дүниені қалыптастырды. Тек, Тынық Мұхит пен Атлантиканың арасындағы Оңтүстік Европаның, Солтүстік Африканың, Күнгей Азияның шөл арасындағы азғантай құнарлы жерлерін қамтитын, ұзындығы құрғақ жердің төрттен біріндей, ені он екіден біріндей жіңішке жолақта ғана алғашқы мемлекеттер мен алғашқы цивилизация орталықтары пайда боп, көркейіп гүлдеді. Ол да тек соңғы екі жарым мың жылда ғана. Ал одан кейін тек Африкада Египет, Азияда Шумер патшалығында ғана көнелікті цивилизация жасалды. Цивилизацияның қаншалықты шапшаң дамығанын түсіну үшін мынандай мысалдың өзі-ақ жеткілікті шығар! Біршама жетілген темір құралдары, ұсталық көрік: қол диірмен, құмыра жасауға керек шеңбер шарық, өсімдік майы мен шарап, металл өңдеу, зергерлік, доңғалақты арба,
08.12.2012 04:49 10052

Тарихи-мәдени мұра кеше, бүгін, ертең...

Адамзат бұрын жанарын тек алысқа ғана тігетін. Назарына тосын мен таңсық қана түсетін. Көк жиекке дейінгіні көзіне де ілмейтін. Асылдың бәрі алыста, таңсықтың бәрі тасада деп ұғатын.

Кейінгі кезде айналамыздағыны да абайлай бастадық. Басқа галактикалар мен цивилизациялар жайындағы қиян-кескі дау-дамайды күрт тыйып, ат шаптырып жердегі айдынның неге тартылғанына, құрық тастам жердегі көне үйіктің неге құлағанына көбірек алаңдайтынды шығардық.

Өзін-өзі жер құдіреттей көріп, желпініп жүрген адамзаттың тап бұлай аяқ астынан бүгежектей қалуының сыры неде? Қалай ғана ол бүгін кешегісінен гөрі дәрменсіз, кешегісінен гөрі мүсәпір күйге түсті екен?

Жоқ, тап бұның қисыны келе қоймас. Соны дәл бұндай абайшыл қылып жүрген құтының қашуы емес, құдіреттің тасуы болмасын.

Соңғы ширек ғасырда өмір сүріп жатқан ұрпақ өзіне дейінгі миллиондаған ұрпақтардың бәрі қосылып жұмсағанынан әлдеқайда көп энергетикалық ресурс шығындапты. Ал енді тап осы қазіргі ауқатымыз бен қару-жарағымызды көбейтпей де, азайтпай да, әлі де осы жыл осы қалпында ұстау үшін күні бүгінгі жұмсап отырған әлгідей жер ойдық энергиямыздан үш-төрт есе көп энергия пайдалануымызға тура келеді екен. Өйткені, қазір әр он жыл сайын соңғы екі мың жылда қанша жаңалық ашылса, сонша жаңалық ашылады. Ондай жаңалықты ашып ап, шаш-етектен пайда түсіруге ұмтылмайтындай сабыр мен қанағатты бізге кім беріпті?! Қазіргі күнде-күнде тұтынып жүрген бұйымдарымыздың тоқсан проценті осыдан сексен жылдай бұрын атымен үрдісте болмапты. Аранды ашқан үстіне аша берсек, ешқандай атом, сутегі, нейтрон бомбасынсыз-ақ дүниенің күлін көкке бір-ақ ұшыратын сыңайымыз бар. Басқасы басқа ғой, ауа екеш ауа мен су екеш судың өзіне зар боп қалар түріміз байқалады.

Осынша обырланғанда жер бетіндегілерді тегіс кенелтіп, тегіс қарқ қыла алдық па?

Жоқ! Бай мен кедейдің, бар мен жоқтың, тоқ пен аштың ара-жігі бұрынғыдан да алшая түсті. Жер үсті бүгін таңдағыдай индустриялық қоғамға көшкенге дейін орта есеппен алғанда дүниедегі ең дәулетті адам ең жарлы адамнан үш есе көп табыс таба алатын. Бүгінде жан басына шаққанда дамыған елдердегі адамның табысы дамушы елдердегі адамның табысынан отыз есе, тіпті сексен, тоқсан есе көп болып шығады. Материалдық игілікті пайдаланудағы мұндай кереғарлық рухани игілікті пайдалануда одан сайын арта түседі. Ғылыми зерттеулердің 95 процентін бар болғаны 25 елдің лабораториялары қамтиды. Әрбір жүз мың адамға шаққанда Теріскей Америкада – 37, араб мемлекеттерінде – 3, Азияда (тіпті Жапонияны қосқанда) – 2, Латын Америкасында – 1,4, ал Африкада – 0,2 адамның ғылыми дәрежесі бар. Дамыған елдердің тұрғындары айға барып қонып, айлап-жылдап космоста ұшып жүргенде, дамушы елдердің тұрғындарының сексен проценттейі әлі сауатсыз. Мұндай алшақтықты жою үшін жер бетіндегі тіршілік әлі де жүз жыл бойына бейбіт жағдайда дамуы керек. Ал біреулер аспандай биіктеп, екіншілері әлі шыңырау түбінде шыңғырып жатқан ала-құла дүниені бір сәтте жоқ қып жіберу қазіргі адамзат үшін оңайдың оңайы. Ғалымдар жақында элементарлық бөлшектерді бір-бірімен байланыстырып тұрған физикалық константалар қазіргіден сәл өзгешелеу болса, жер бетінде атымен тіршілік болмауы мүмкін екендігін дәлелдеді. Ал бүгінгі адамзат оңдай күрделі де нәзік түзілімдерді түбірімен өзгертіп жібере алатындай құдіретке ие екендігі әркімге-ақ мәлім. Ендеше, біздің бір-бірімізге деген, өзімізді қоршаған рухани, табиғи ортаға деген көзқарасымыз да атымен өзгеруге тиісті. Бүгін тек күллі адамзат қана емес, әрбір тіршілік иесі индивидиум тек түрлік тіршілікті ғана емес, күллі әлемдік тіршілікті сол қалпында сақтап қала аларлық маңыз-мағынаға ие болды. Егер әрбір индивидиумды көздің қарашығындай сақтау арқылы тұтас халықтарды, әрбір халықты көздің қарашығындай сақтау арқылы күллі адамзатты сақтай алатындығымызды жете түсінсек қана, күллі әлемде тек біздің планетамызда ғана орын алып отырған феномен – саналы тіршілікті аман алып қала аламыз. Бұл – біздің цивилизацияның мойнындағы күллі әлемдік парыз.

Бұл тек көп нәрсе жайында басқаша тұжырым жасауға ғана емес, көп нәрседен атымен бас тартуға мәжбүр қылады.

Ең алдымен, бір кездегі жұрттың бәрінен бай, бәрінен күшті болуға тырысушылықтан, жан-жағымызға қолды мол салып, мол қарамауға ұмтылушылықтан, демек жеке бастылық, топтық, таптық, ұлттық, нәсілдік эгоизмнен бас тартуға тура келеді. Енді адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып өрге баса алады. Ал ақылдылықтың өлшемі – әділеттілік. Әділет ешкімді кемсітпейді, ештеңенің обалына қалмайды. Сонда ғана адамдар мен адамдардың, ұлттар мен ұлттардың, мемлекеттер мен мемлекеттердің арасында бірін-бірі түсіне және құрметтей білуге негізделген жарастықты қарым-қатынас орнай алады.

Ондай қарым-қатынас бізді қоршаған табиғи аяға да, этникалық аяға да, рухани аяға да бірдей қатынасты болса лазым. Тек адам мен қоғам концепциясы ғана емес, табиғат пен цивилизация, тарих пен болашақ концепциялары да атымен жаңаша қарастыруды талап етеді. Адамның ғана мүддесін көздеп, қоғамның қамын жемек әлеуметтік теңсіздікке жол берді. Қоғамның ғана мүддесін көздеп, адамның қамын жемеу, әуелі таптың, сосын империяның, сосын империяларды біріктіретін саяси жүйелердің монополизмін күшейтті. Таптық ұлттық, нәсілдік кемсітушілік те, идеологиялық, мәдени, діни, дүниетанымдық айырмашылықтарға қысым жасаушылық та содан өрбіген. Бұл басқаны қойып, табиғат пен цивилизацияның арасындағы кереғарлықты күшейтті. Адамның табиғаттың бел баласы екендігі рас болса, ол жасаған цивилизация да табиғаттың құрамдас бір бөлшегі, табиғи эволюцияның заңды жалғасы болуға тиісті еді. Алайда, ақыл ой жарастықты ойламай, бас пайданы ғана ойласа, тек адамдар мен адамдардың, халықтар мен халықтардың, мемлекеттер мен мемлекеттердің, мәдениеттер мен мәдениеттердің арасында ғана емес, күллі жаратылыс пен цивилизацияның арасында антогонистік қарым-қатынас орнатады екен. Бұл антогонизмнің катализаторы – қоздырушы күші табиғат емес, цивилизация болып табылатынын тарих тайға таңба басқандай дәлелдеп беріп отыр. Цивилизацияның құдіреттілігіне жарастықты санасы сай келмесе, ол бірте-бірте тек жаратылыстың ғана емес, өзінің де көзін жоймай тынбайтын құртушы күшке айналатыны тағы да айдан анық. Сөйтіп, ақырзаманның орнауы үшін көктен Әзірет әлінің түсуі, жерден Мәдінің шығуы шарт болмай қалды. Оны санаға бағынбай кеткен цивилизацияның өзі-ақ орнатады. Сөйтіп, ол өзінің бастапқы мақсаты – адамзат қоғамын ер жеткізетін емес, кері кеткізетін ықпалға ие болады. Сондықтан да, біздің тұсымызда күн тәртібіне табиғатты қорғау, адамзаттың адамзаттық мазмұны болып табылатын цивилизацияны қорғау қатар қойылып отыр. Мұндай жігі ажырамас үш проблема тек қатар шешіліп, қатар жүзеге асқанда ғана болашаққа деген сенім нығая түседі. Оның кілті біреу-ақ. Ол – саналы дамуды, дамудың санаға бағынуын, даму арқылы сананы өрістетіп, сана арқылы дамуды жүйеге түсіріп отыруды жүзеге асыру. Дамуды қоғамдық мүдде өркендетіп, қоғамдық тәжірибе жүйелейді. Қоғамдық мүдденің ұстанар нысанасы – диалектикалық даму үстінде айқындала түсер жарқын болашақ болса, қоғамдық тәжірибенің қайнар көзі – сондай даму үстінде қалыптасқан және қалыптаса беретін тарихи процестер болып табылады. Тарих пен болашақ концепциясын қайта қарастыру қажеттілігі де осыдан көп өрбиді. Жер бетіндегі жазба деректердің ең ежелгісі біздің заманымызға дейінгі 3000-шы жылға тура келеді. Демек, жазба деректерге сүйенетін тарихымыз бес мың жылдан әрі аса алмайды. Ал оған дейінгі адам нәсілінің тарихы миллиондаған жылдарға барып тіреледі. Соған қарамастан, күллі адамзаттың жалпы тарихы әлі жасақталған жоқ. Тарихи даму әлі ұлттық аядан, мемлекеттік тұрғыдан қарастырылып келеді. Сондықтан онда бір-біріне кереғар догматтық концепциялар үстемдік құрып кетеді де, ұлттық шектелушілікке, мемлекеттік шектелушілікке, қоғамдық жүйелік шектелушілікке жел беретін қисындар туындайды. Ол баршамыздың өзімізді қоршаған аямен жарастықты да әділ қарым-қатынасымызды жасақтайтын ортақ критерийлер табуымызға кедергі келтіруде. Соның қырсығынан көп уақытқа дейін баршамыздың асыраушымыз болып табылатын табиғатты кім уысты молырақ салса, сол көбірек олжаға бататын иесіз дәулеттей көрдік. Сол сұраусыз дәулетті басқалардан бұрынырақ, көбірек қармап қалу үшін қауымға, тайпаға, халықтық, мемлекеттік бірлікке топтастық. Сөйтіп, адамзат нәсілінің өз ішіндегі алауыздықты барған сайын неғұрлым ересен масштабтарда заңдастырып, сол арқылы бір-бірімізге әлімжеттік жасадық. Бір қауым екінші қауымға бас салудан басталған жабайылық әлімжеттік бір мемлекет екінші мемлекетке бас салатын орта ғасырлық әлімжеттікпен тынбай, сондай екіұдай мүдделер жолында топтасқан екі ұдай мемлекеттердің теке тіресуінен тұратын күллі әлемдік империалистік әлімжеттікке айналды, Мұндай жағдайдағы басқыншы соғыс та, қорғану соғысы да күллі табиғаттың түбегейлі күйреп, адамзат пен цивилизацияның біржолата жойылуымен тынады. Сондықтан да қазір халықаралық, мемлекетаралық саясатта теке тірестік қағиданы мүдделер үйлесімі қағидасымен алмастыруды көздейтін жаңаша ойлау концепциясы орын тебе бастады. Ол концепция өз әрекет аясын тек бүгінгі саяси ара-қатынасты жүйелеумен ғана шектелмей, күллі адамзаттық қоғамдық тәжірибені қайтадан сараптап, қайтадан байыптауды да қамтыса керек.

Ондай жағдайда бірінші орынға ұлттық та, мемлекеттік те, таптық та емес, күллі адамзаттық мүдделер озады. Олар ұлттық, мемлекеттік, таптық мүдделерді жоққа шығармайды, қайта оларды бәрімізге ортақ табиғат пен цивилизацияны аман алып қалу жолындағы мақсаттың төңірегіне шоғырландырады. Ал бұл тарихи сапаны мыңдаған жылдарға созылып келе жатқан тайпа аралық, ұлт аралық, династия аралық, мемлекет аралық, тап аралық, формация аралық кикілжіңдер мен шайқастардың шетсіз-шексіз шытырман шежірелерінен алып шығып, адамның алғашқы ағаш бұтағындағы миуаны үзіп жеуінен басталып, бүгінгі «Буран» мен «Шатлға» дейінгі екі аралықтағы миллиондаған жылдарға созылып келе жатқан мәдени дамуымыздың заңдылықтарын зерттеп тануға жұмылдырады.

Мәдениет тарихы – түптеп келгенде, адамзат тарихы. Сондықтан да ол ұлттық тарихтан да, мемлекет, қоғам тарихтарынан да әрі кеңірек, әрі көнерек. Ол түп басын, қажет десеңіз, галактика тарихынан алады. Өйткені, планетамыздың жаратылуы да, ондағы саналы өмірдің пайда болуы мен дамуы да әу бастан астрономиялық құбылыстардан өрбіген. Жер бұдан 4,6 миллиард жыл бұрын жұлдыздар арасындағы газ бен шаңнан жаратылған. Ондағы тіршілік 4 миллиард жыл бұрын мұхит пен су айдындарында пайда болған. Алғашқы көп клеткалы организмдер 3 миллиард жыл бұрын жаратылады, олар содан 1 миллиард жыл өткен соң барып, аналық, аталық болып екі жынысқа бөлінеді. Адамға ұқсас алғашқы жан иесі осыдан 10 миллион жыл бұрын жарыққа келген. Ал адамның алғашқы жер басуы бар болғаны бір миллион жыл ғана бұрын. Жердегі тіршіліктің негізі болып есептелетін белокты да, тұқымнан тұқымға информациялар дарытатын нуклеин қышқылын да түзетін молекулалар біреу. Ол өсімдік дүниесіне де, жануарлар дүниесіне де ортақ. Мұндай түзілім тек жердегі тіршілік иелеріне ғана тән. Сондықтан біздей мақұлықтардың басқа планетадан табыла қоюы екі талай. Ал басқа кейіптегі, басқа құрылымдағы ақыл иелерінің ұшырасуы әбден мүмкін.

Дарвиннің эволюциялық теориясы бойынша, адамдар адам тұрпаттас маймылдардан (антропеидтерден) шыққан. Оның саналы мақұлыққа айналуына, К. Маркс пен Ф. Энгельстің айтуынша құрал жасау мен бірлесіп еңбек етуге үйренуі шешуші ықпал еткен. Мұнда экологиялық жүйелеу африкалық антропеидтерге (горилла мен шимпанзеге) ұқсас («орман маймылдарын») баршамыздың бастапқы бабамыз деп тануға мәжбүр етеді. Олар осыдан 27-12 миллион жыл бұрын Афроевразияны басып жатқан тропикалық ормандарда өмір сүріпті. Олар климаттың өзгеруіне байланысты біреулер адам тұрпаттас маймыл (понгид) боп қалыпты да, екіншілері адам сипаттас мақұлдатарға гоминидтерге айналыпты. Соңғылардың санатына сүйектері Теріскей Индиядан табылған, бұдан 14–8 миллион жыл бұрын өмір сүрген рамапитектер жатады. Олардың сүйектері Азия мен Африканың көп жерінен табылады. Ал кейін тек Австралия ғана емес, Африканың әлденеше елдерінен табылған миының көлемі 500–600 текше сантиметрден 1100–1800 текше сантиметрге дейін баратын австралопитектер сол рамапитектердің ұрпақтары болып есептеледі. 1960 жылы Олдовей (Танзания) аңғарынан табылған, бұдан екі миллион жыл бұрын өмір сүрген австралопитекке ұқсас қаңқа қасынан малта тастардан жасалған дөрекі құралдардың шығуына байланысты гомо-хабилис (ісмер адам) деп аталды. Табан сүйектеріне қарағанда, түрегеп жүруге әбден жетілген мақұлқатқа ұқсайды. Ф. Энгельстің айтуынша, «маймылдардың адамға айналуы» соларға ұқсап, қолдың көмегіне сүйенбей, аяқтарынан тік басып кетуден басталса керек (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығармалары, т. 20. 486-бет).

Маймылдардың адамға айналуына ежелгі дүниеде аман қалу үшін тек күшпен қоса ептілік талап ететін жаңа жағдайлардың пайда болуына байланысты жаңа табиғи сұрыптау шешуші әсер еткен секілді.

Австралопитектер мен хабилистердің табылуы адамзаттың қайдан шыққандығы туралы пікірді өзгертті. Көпке дейін ғалымдар Орталық және Күнгей Шығыс Азияны «адамдардың алғашқы отандары» деп есептеп келген-ді. Оған әлгі аймақтарда адам сипаттас маймылдар қаңқасының көптеп табылуы әсер еткен-ді. Екінші бір ғалым адамдар солтүстік Европада, Америкада немесе Австралияда шықты деп жолдаған. Бірақ оған жеткілікті дәлелдері болмаған. Үшінші біреулер адамзат жер шарының бірнеше бөлігінде қатар пайда болған. Сондықтан адамзат әр текті, мәселен, сары нәсіл – орангутандардан, қара нәсіл – горилладан, ақ нәсіл – шимпанзеден өрбіген деген қисынын айтқан.

Дарвин адамға африкалық понгидтер (гори

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға