Жаңалықтар

Сынға сын

«Жазушының жазғанына сыншы би, сыншының жазғанына оқушы би» дейді, «Темір қазық» журналының 1923 жылы шыққан бірінші санында Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағына жазған мақаласында Нәзір Төреқұлұлы. Оның бұл сөзіне менің де қол қойғым келеді. Жазушының шығармасын бағалау сыншының еркінде болса, оның сынын қалай бағалау оқушының еркінде. Сондықтан мен, Нәзір жолдастың сыны туралы бір-екі сөз айтып өтуді мақұл көрдім. Нәзірдің бұл сыны — қазақ совет әдебиетіндегі алғашқы сын мақалалардың бірі. Бүгінге дейін қазақ тілінде жазылған шығармаларға партия қызметкерлері назар салмағандықтан, партиялық тиісті сын жөнді болмады, сондықтан, коммунист Нәзір Төреқұлұлының сын жаза бастауы жақсы беталыс. Қазақ республикасында марксизм буыны қатпаған жас әдебиетшілердің баспада жарияланғандарының бәрі дұрыс болып көріне беруі ықтимал. Сондықтан, әр басылған кітапқа марксизм тұрғысынан баға беріп отыру қажет болады. Бірақ, бұл секілді жауапты жұмыста Нәзіршілеу лайықсыз-ақ. Олай дейтін себебіміз,— Нәзір «Асау тұлпарды» қолына алғаннан-ақ, о жақ, бұ жағын сығалай қарап, ішінен сөкет нәрсе табуға тырысады. «Асау тұлпардағы» жақсы шығармалардың ешқайсысын көрмейді, ол шығармалардың революциялық, советтік қазақ әдебиетіндегі алғашқы қарлығаштар екенін айтпайды. Ол, тек, бұл жинақтың қате, кемшіліктерін ғана тереді. Біз де бұл мақалада «Асау тұлпардағы» жақсы шығармаларға талдау жасамай, Нәзір Төреқұлұлының қате, кемшіліктерді қалай сынауына ғана тоқталамыз. Кемшілікті ғана іздеген оның көзіне ен алдымен мемлекеттік баспаның басып шығаратын кітаптарының сыртына .қоятын маркасы түседі. Онда «күш — білімде» деп жазылған. Нәзір осыны оқиды да, «Бәсе күш білімде, дедім де, Сәкен бізге не білім береді екен деп басынан аяғына шейін оқып шықтым» дейді. Нәзір жолдас, «сын» ісіне бұлай қарау, цирктегі Бим-Бомдарға ғана лайық. Олар халықты күлдіру үшін аузына келгенін айтады. Біздің Нәзір де сөйтіп, сыншылық бетіне мемлекеттік баспаның маркасын ұстай келеді де, сөзін жазушының шығармасын мысқылдаудан бастайды. Мемлекеттік баспаның таңбасы тұрмаса Нәзір Асау тұлпарды» оқып шықпақ емес. Осы да сөз бе екен? Кітаптың өзіне емес, сыртындағы маркесіне қарап оқуға бола ма екен? «Асау тұлпарды» осылай қисая оқыған Нәзірдің шығармаларға беретін бағасына келейік. «Сынның» дұрысы — әрбір коммунист, олардың ішінде Нәзір сықылды жауапты қызметкер қазақ тілінде шығып жатқан жаңа кітаптың бәрін оқып, біліп отыруға тиіс. Баспасөз — тәрбие қаруының бірі. Бұл қаруды Коммунист партия кім көрінгеннің қолына беріп отыра алмайды. Бұны, Нәзір жолдас та білетін сияқты. Бірақ таңқалдырарлық нәрсе — ол Түркістан республикасында басшылардың бірі боп тұрған шағында онда басылған кітаптардың ешқайсысына сын жазған емес. Кітаптарды былай қоя тұрғанда, соңғы екі-үш жылда «Ақжол» газетінің беттерінде коммунистік идеяға жат талай мақалалар басылды. Нәзір жолдас ол кезде Түркістан Орталық Атқару Комитетінде жауапты хатшы еді. Нәзір жолдас сыншы болса сонда қайда қалған? «Асау тұлпарды» сынаумен Нәзір ескі қарыздарын үстінен түсіре алмайды. Түркістан республикасының баспасөзінен Орта Азия жастары түгел тәрбие алуға тиісті. Бірақ оның беріп отырған тәрбиесі қандай? Ондағы баспасөз орындарының көбінде Қазақстаннан сытылып барған байшыл ұлтшылдар отыр. Нәзір олардың Совет өкіметіне қарсы жазып, баспада жариялап жүрген шығармаларын неге көрмейді? Нәзір жолдас «Асау тұлпардың» халыққа тарап кетуінен қорқады, сондағы дәлелі: «69 өлеңнің төрттен бірі әйелге деген махаббат туралы жазылған. Әйелдің түрілген жалаңаш балтыры да өлеңге қосылған». Шариғатта әйелдің екі қолының басынан, бетінен басқа денесі «ғаурат». Нәзірдің осы «қағиданы» әлі ұмытпағаны ма? Ескілік шырмауындағы өзбек әйелдері бетін де қымтап жауып алады. Нәзір әйелдерді әлі де солай ұстау керек дей ме? Пушкин, Лермонтов секілді орыс ақындарының әйелді сипаттауын Нәзір оқымаған ба? Қазақ ақыны Абайдың әйелді сипаттауын қайда қояды екен ол? Басқа ақындардан да бұл секілді өлеңдер аз табыла ма? Нәзір Сәкенге «әйел туралы көп жаздың, төңкеріс тақырыбына аз жаздың» десе сыйымды нәрсе ғой. Ол өйтпейді... «Жұмыста жүрген әйелге құмартасың» деп, Сәкенді күрекпен қақ бастан салып жібергісі келіп тұрады. Нәзір бұл «қиын мәселені» өзінше оңай «шешіп», Сәкеннің қасында әдепті революционер көріне қалғысы келеді. Жоқ, Нәзір жолдас, болмайды ол! Әйелге деген махаббат — табиғат заңы. Махаббат байлыққа, кедейлікке, жұмыскерлікке, капиталистікке қарамайды. Нәзірдің Сәкенге: «жұмысшы әйелге қарама» деген «ақылына» қосыла алмадық. Әйел сүюді революцияның тыйғанын мен әлі естіген жоқпын. Бұндай «революция» ишандардың «революциясы» болуы мүмкін, бірақ пролетариат революциясы бола алмайды. Нәзірдің «Айт күні» деген өлең туралы сынына қосылуға болады. Бірақ, қосыла алмайтын жерім: «Сабаз исламды білмейді,— деп кейиді Нәзір Сәкенге, — «ақиқаттың қай күні түскенінен, туысқандықтың қай күні құшағын ашқанынан хабары жоқ. Махаббат һәм әйел туралы қанша білімді болса, «ислам» туралы да сонша!». Бұдан көрінетін нәрсе, Нәзірді Сәкеннің «Айт күнін» мақтағандығы емес, ислам дінін білмегендігі ренжітеді. Сәкеннің ислам діні туралы білімі толық болса, Нәзір оған ренжу орнына қуанады. Бұлай сынаудан сынамай тек отырған көп жақсы. Сәкен сияқты коммунист «Айт күнін» мақтап жасөспірім азаматтарды бір адастырса, ислам дінін біліп, жеткізіп мақтай алмадың деп, Нәзір екі адастырған болып табылады. «Азия» өлеңіне шыққан сыны да сын көтермейді. Сәкен Азияның майын ағызып мақтаса, Нәзір де сөйтіп Европаға кір жуытқысы келмейді. Шынында екеуінікі де қате. Нәзір сынының ішінде оқушының езу тартып күлетін жері, Сәкеннің: «Ән мен күйге түйе де Шаттанар, хайуан десек те, Сезбейтін оны, арамды Салпаң құлақ есек те...— деген жолдары. Нәзір Сәкенді «Ақмоланың түйелері болмаса, басқа жақтың түйелері әнші, күйші болғанын көрген жоқпын» деп сықақтайды. Жанды-жансыз табиғатты күйге еліту Сәкен бастаған ғана жол ма? Қай елдің, қай кездің әдебиетінен кездеспейді ол? Нәзір жолдас әдебиет ісінде өзін білімсіз деп санамайды. Әдебиетте салыстыру, суреттеу бар нәрсе. Олай болса Нәзір сыны сын емес, оның аты құр байланысу мақсаты. Сәкеннің «Жапон әдебиетінен» деген аудармасында: «Сүйгеніме жасырын Түнде жалғыз барсам мен... ...Арсылдап ит сен мені Қорқытпа... ...Тастасам сүйек, үрмессің...» — деген жолдар бар. Нәзір бұл өлеңге былай байланысады: «иттің көңілін табу жолын Жапонға бармай-ақ білуге мүмкін ғой. Түнде қызға барғанда жанына құрт салып кететін қазақтың бозбалалары да оны біледі ғой!» Осы да сын боп па? Бұл өлеңді мейлі жапон жазсын, мейлі Сәкен, мейлі түнде жапон жігіті итке сүйек тастап жүретін болсын, мейлі қазақ жігіті қалтасына құрт салсын мұнан революцияға келер не пайда, не зиян бар? Нәзір «Асау тұлпар» туралы мақаласын «Темір қазық бетіне жариялаумен қанағаттанбай, Қазан, Уфа, Ташкент газеттерінің бетінде де жариялатты. Онымен де қанағаттанбай, Москвадағы орыс тіліндегі журналға да өткізді. Естіп отырмын, Бұхара һәм Қырымда да басылған дейді. Бұның аты не? Бұл сын ба, болмаса бір жолдасты бүкіл Россия халықтарының бетіне қаратпастай етейік деп тырысқан науқан ба? Әрбір саналы кісіге соңғысы екені айқын көрініп тұр. Бірақ, одан ешнәрсе өнбейді. Сәкеннің кім екенін, Нәзірдің кім екенін қазақ еңбекшілері жақсы біледі. Октябрь төңкерісіне кімнің шын, кімнің өтірік қатынасуы да оларға мәлім. Байлар мен байшігештерге Сәкеннің ұнамайтынын білеміз. «Асау тұлпар» төрт аяғынан түгел басқан шығарма деп ешкім де айтпайды. Тұлпардың сүрінген, жығылған жерлері де бар. Бірақ, ол қазақ еңбекші табының мүддесінен туған бірінші көркем шығарма. Ендеше, оны ешбір қарсы науқан жоққа шығара алмайды.  
08.12.2012 04:47 6300

«Жазушының жазғанына сыншы би, сыншының жазғанына оқушы би» дейді, «Темір қазық» журналының 1923 жылы шыққан бірінші санында Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағына жазған мақаласында Нәзір Төреқұлұлы. Оның бұл сөзіне менің де қол қойғым келеді. Жазушының шығармасын бағалау сыншының еркінде болса, оның сынын қалай бағалау оқушының еркінде. Сондықтан мен, Нәзір жолдастың сыны туралы бір-екі сөз айтып өтуді мақұл көрдім.

Нәзірдің бұл сыны — қазақ совет әдебиетіндегі алғашқы сын мақалалардың бірі. Бүгінге дейін қазақ тілінде жазылған шығармаларға партия қызметкерлері назар салмағандықтан, партиялық тиісті сын жөнді болмады, сондықтан, коммунист Нәзір Төреқұлұлының сын жаза бастауы жақсы беталыс. Қазақ республикасында марксизм буыны қатпаған жас әдебиетшілердің баспада жарияланғандарының бәрі дұрыс болып көріне беруі ықтимал. Сондықтан, әр басылған кітапқа марксизм тұрғысынан баға беріп отыру қажет болады.

Бірақ, бұл секілді жауапты жұмыста Нәзіршілеу лайықсыз-ақ. Олай дейтін себебіміз,— Нәзір «Асау тұлпарды» қолына алғаннан-ақ, о жақ, бұ жағын сығалай қарап, ішінен сөкет нәрсе табуға тырысады. «Асау тұлпардағы» жақсы шығармалардың ешқайсысын көрмейді, ол шығармалардың революциялық, советтік қазақ әдебиетіндегі алғашқы қарлығаштар екенін айтпайды. Ол, тек, бұл жинақтың қате, кемшіліктерін ғана тереді. Біз де бұл мақалада «Асау тұлпардағы» жақсы шығармаларға талдау жасамай, Нәзір Төреқұлұлының қате, кемшіліктерді қалай сынауына ғана тоқталамыз.

Кемшілікті ғана іздеген оның көзіне ен алдымен мемлекеттік баспаның басып шығаратын кітаптарының сыртына .қоятын маркасы түседі. Онда «күш — білімде» деп жазылған. Нәзір осыны оқиды да, «Бәсе күш білімде, дедім де, Сәкен бізге не білім береді екен деп басынан аяғына шейін оқып шықтым» дейді.

Нәзір жолдас, «сын» ісіне бұлай қарау, цирктегі Бим-Бомдарға ғана лайық. Олар халықты күлдіру үшін аузына келгенін айтады. Біздің Нәзір де сөйтіп, сыншылық бетіне мемлекеттік баспаның маркасын ұстай келеді де, сөзін жазушының шығармасын мысқылдаудан бастайды. Мемлекеттік баспаның таңбасы тұрмаса Нәзір Асау тұлпарды» оқып шықпақ емес.

Осы да сөз бе екен? Кітаптың өзіне емес, сыртындағы маркесіне қарап оқуға бола ма екен? «Асау тұлпарды» осылай қисая оқыған Нәзірдің шығармаларға беретін бағасына келейік.

«Сынның» дұрысы — әрбір коммунист, олардың ішінде Нәзір сықылды жауапты қызметкер қазақ тілінде шығып жатқан жаңа кітаптың бәрін оқып, біліп отыруға тиіс. Баспасөз — тәрбие қаруының бірі. Бұл қаруды Коммунист партия кім көрінгеннің қолына беріп отыра алмайды. Бұны, Нәзір жолдас та білетін сияқты. Бірақ таңқалдырарлық нәрсе — ол Түркістан республикасында басшылардың бірі боп тұрған шағында онда басылған кітаптардың ешқайсысына сын жазған емес. Кітаптарды былай қоя тұрғанда, соңғы екі-үш жылда «Ақжол» газетінің беттерінде коммунистік идеяға жат талай мақалалар басылды. Нәзір жолдас ол кезде Түркістан Орталық Атқару Комитетінде жауапты хатшы еді. Нәзір жолдас сыншы болса сонда қайда қалған?

«Асау тұлпарды» сынаумен Нәзір ескі қарыздарын үстінен түсіре алмайды. Түркістан республикасының баспасөзінен Орта Азия жастары түгел тәрбие алуға тиісті. Бірақ оның беріп отырған тәрбиесі қандай? Ондағы баспасөз орындарының көбінде Қазақстаннан сытылып барған байшыл ұлтшылдар отыр. Нәзір олардың Совет өкіметіне қарсы жазып, баспада жариялап жүрген шығармаларын неге көрмейді?

Нәзір жолдас «Асау тұлпардың» халыққа тарап кетуінен қорқады, сондағы дәлелі: «69 өлеңнің төрттен бірі әйелге деген махаббат туралы жазылған. Әйелдің түрілген жалаңаш балтыры да өлеңге қосылған».

Шариғатта әйелдің екі қолының басынан, бетінен басқа денесі «ғаурат». Нәзірдің осы «қағиданы» әлі ұмытпағаны ма? Ескілік шырмауындағы өзбек әйелдері бетін де қымтап жауып алады. Нәзір әйелдерді әлі де солай ұстау керек дей ме? Пушкин, Лермонтов секілді орыс ақындарының әйелді сипаттауын Нәзір оқымаған ба?

Қазақ ақыны Абайдың әйелді сипаттауын қайда қояды екен ол? Басқа ақындардан да бұл секілді өлеңдер аз табыла ма?

Нәзір Сәкенге «әйел туралы көп жаздың, төңкеріс тақырыбына аз жаздың» десе сыйымды нәрсе ғой. Ол өйтпейді... «Жұмыста жүрген әйелге құмартасың» деп, Сәкенді күрекпен қақ бастан салып жібергісі келіп тұрады.

Нәзір бұл «қиын мәселені» өзінше оңай «шешіп», Сәкеннің қасында әдепті революционер көріне қалғысы келеді. Жоқ, Нәзір жолдас, болмайды ол! Әйелге деген махаббат — табиғат заңы. Махаббат байлыққа, кедейлікке, жұмыскерлікке, капиталистікке қарамайды. Нәзірдің Сәкенге: «жұмысшы әйелге қарама» деген «ақылына» қосыла алмадық. Әйел сүюді революцияның тыйғанын мен әлі естіген жоқпын. Бұндай «революция» ишандардың «революциясы» болуы мүмкін, бірақ пролетариат революциясы бола алмайды.

Нәзірдің «Айт күні» деген өлең туралы сынына қосылуға болады. Бірақ, қосыла алмайтын жерім: «Сабаз исламды білмейді,— деп кейиді Нәзір Сәкенге, — «ақиқаттың қай күні түскенінен, туысқандықтың қай күні құшағын ашқанынан хабары жоқ. Махаббат һәм әйел туралы қанша білімді болса, «ислам» туралы да сонша!».

Бұдан көрінетін нәрсе, Нәзірді Сәкеннің «Айт күнін» мақтағандығы емес, ислам дінін білмегендігі ренжітеді. Сәкеннің ислам діні туралы білімі толық болса, Нәзір оған ренжу орнына қуанады. Бұлай сынаудан сынамай тек отырған көп жақсы. Сәкен сияқты коммунист «Айт күнін» мақтап жасөспірім азаматтарды бір адастырса, ислам дінін біліп, жеткізіп мақтай алмадың деп, Нәзір екі адастырған болып табылады.

«Азия» өлеңіне шыққан сыны да сын көтермейді. Сәкен Азияның майын ағызып мақтаса, Нәзір де сөйтіп Европаға кір жуытқысы келмейді. Шынында екеуінікі де қате.

Нәзір сынының ішінде оқушының езу тартып күлетін жері, Сәкеннің:

«Ән мен күйге түйе де

Шаттанар, хайуан десек те,

Сезбейтін оны, арамды

Салпаң құлақ есек те...—

деген жолдары. Нәзір Сәкенді «Ақмоланың түйелері болмаса, басқа жақтың түйелері әнші, күйші болғанын көрген жоқпын» деп сықақтайды. Жанды-жансыз табиғатты күйге еліту Сәкен бастаған ғана жол ма? Қай елдің, қай кездің әдебиетінен кездеспейді ол?

Нәзір жолдас әдебиет ісінде өзін білімсіз деп санамайды. Әдебиетте салыстыру, суреттеу бар нәрсе. Олай болса Нәзір сыны сын емес, оның аты құр байланысу мақсаты.

Сәкеннің «Жапон әдебиетінен» деген аудармасында:

«Сүйгеніме жасырын

Түнде жалғыз барсам мен...

...Арсылдап ит сен мені

Қорқытпа...

...Тастасам сүйек, үрмессің...» —

деген жолдар бар. Нәзір бұл өлеңге былай байланысады: «иттің көңілін табу жолын Жапонға бармай-ақ білуге мүмкін ғой. Түнде қызға барғанда жанына құрт салып кететін қазақтың бозбалалары да оны біледі ғой!»

Осы да сын боп па? Бұл өлеңді мейлі жапон жазсын, мейлі Сәкен, мейлі түнде жапон жігіті итке сүйек тастап жүретін болсын, мейлі қазақ жігіті қалтасына құрт салсын мұнан революцияға келер не пайда, не зиян бар?

Нәзір «Асау тұлпар» туралы мақаласын «Темір қазық бетіне жариялаумен қанағаттанбай, Қазан, Уфа, Ташкент газеттерінің бетінде де жариялатты. Онымен де қанағаттанбай, Москвадағы орыс тіліндегі журналға да өткізді. Естіп отырмын, Бұхара һәм Қырымда да басылған дейді. Бұның аты не? Бұл сын ба, болмаса бір жолдасты бүкіл Россия халықтарының бетіне қаратпастай етейік деп тырысқан науқан ба? Әрбір саналы кісіге соңғысы екені айқын көрініп тұр. Бірақ, одан ешнәрсе өнбейді. Сәкеннің кім екенін, Нәзірдің кім екенін қазақ еңбекшілері жақсы біледі. Октябрь төңкерісіне кімнің шын, кімнің өтірік қатынасуы да оларға мәлім. Байлар мен байшігештерге Сәкеннің ұнамайтынын білеміз. «Асау тұлпар» төрт аяғынан түгел басқан шығарма деп ешкім де айтпайды. Тұлпардың сүрінген, жығылған жерлері де бар. Бірақ, ол қазақ еңбекші табының мүддесінен туған бірінші көркем шығарма. Ендеше, оны ешбір қарсы науқан жоққа шығара алмайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға