Жаңалықтар

Біздің әкеміз - Октябрь

Сыланған қыздың көңіліне кір келер деп ойламай, мінін жарқыратып алдына көрсетіп беретін айна қандай болса, тарих та сондай. Біреу қолақпандай мінін қолындағы алтын жүзігіндей етіп көрсетемін десе де, тарих оның ырқына көнбей, жақсылық, жамандығын жарқыратып айтып береді. Тарих бір күндік емес, көп күндік. Тарихта бір күннің емес, көп күннің көп күндегі тұрмыстың тізбегі бар. Егер тарих болмаса, өткен уақыттағы жақсылық, жамандықтан түк білмейтін соқыр, әңгүдік болар едік. Сондықтан біздің тарихпен есептеспеуімізге болмайды. Тарих бетіне қарап отырсаң, адам баласының білім қалай аттағанын, біреуге біреудің істеген зорлық-зомбылығын, қандай кісінің жақсылыққа басшы болғанын, қандай кісінің жауыздыққа басшы болғанын айтып береді. Әрине, оның бәріне тоқтап түсіндіріп кетсе, бірталай кітаптар жазылуға керек, жазылып та жүр. Менің мақсатым әзірше ол болмағандықтан тек қазақ халқының тарихына, бүгінгі тіршілігіне де тығыз байланысты тоқтап кеткім келеді. Жуырда Орынбордағы бір шешеннің лекциясын тыңдадым. Ол қазаққа деген жақсылық біткеннің бәрін маңдайына басып бірнеше кісіге бөліп берді. Шешеннің бұл сөзіне «аузыңды ашсаң нанамын, өтірік айтсаң зауалым саған» дейтіндер де бар шығар Бірақ мен ондай ойдан аулақ болғандығымнан өз пікірімді жалпы еңбекшілердің сынына салмақшымын. Шешен мақтаған адамның бірі — Кенесары ханды алсақ, оның өз өмірінде істеген зұлымдық, жамандығы халыққа мәлім. Кенесарының орысқа қарсы соғыс ашуының мәнісі, қазақ орысқа бағынса елдігінен айырылады деген ой емес те. Өзі Абылай ханның немересі, Қасым ханның баласы болды. Егер Россияға бағынса, жер тәңірсісіндей көріп аузына қаратып тұрған қазақ елі, Кененің әміріне бағынбайтынын, Кенені ханына есептемейтінін сезді. Сондықтан ол қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ, өз мүддесін ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады. Егер Кене шын қазақ елінің қамын ойласа, маңайындағы қазақ руларын қысқа күнде қырық рет шауып неге маза бермеді? Өтірік айтса жаны шықсын, қазақтың қарт адамдары, «Кене пәлен жерде пәлен румен өштесіп, талап алды, жүкті әйелдердің ішін жарып, баласын керегеге іліп кетті» деп отырады. Соған қарағанда Кенені қазаққа залалсыз еді, тізесін батырмап еді, момын еді деп мадақтаған адамның адасқандығы. Егер Кенесары тимеген елге соқтықпаса, қырғыз елімен соғысқан мәнісі қалай? Шешеннің екінші мақтаған адамы Ахмет Байтұрсынов. Оның жайында айтатыным: жалғыз Ахмет емес, әрісін айтқанда жалғыз қазақ емес, бұратана халықтың көбін оятқан 1905 жылғы Россиядағы төңкеріс болатын. Онда да алдымен татар ұлтшылдары «Милләтім» деп бас көтерсе, Ахмет Байтұрсынов, Мержақып Дулатов пен Әлихан Бөкейхановтар соларға еліктеп ұлтшылдық туын көтеруге кіріскен. «Ахмет қазақтың Ақаңы болса, мен Жақаны» деп жүрген Мержақыптың «Оян қазақтағы» мәслихаты, шариғаты, мағрифаты, табиғаты, хайриаты, жамғиаты дегендері... соқыр кісі болмаса, көзі барға татар ұлтшылдарын еліктегендігін көрсетіп-ақ тұр. Ахметті алсақ, ол жалпы қазақ халқының Ақаңы емес, қазақтың ақ жағаларының, байларының Ақаны. Егер Ахмет жалпы қазақ халқының Ақаңы болса, қазақтың жуан жұдырықтарының кедейлерге істеп келе жатқан қиянаттарын көріп, я сөзі, я ісімен жуандарға жұдырық көрсете алды ма? Жоқ, Ахмет Байтұрсыновтың патша заманындағы әрекетін айтпай-ақ қояйық. Ал Октябрь революциясынан кейін де ол кедей мүддесін қорғаса қайда қалды? Қысқасын айтқанда, ақ жаға мырзалар Ахметті Ақаң демей құдай деп шоқынып отырса да еркі, бірақ қазақ еңбекшілері Ахмет ұранына қосылмайды, дүние жүзі еңбекшілерінің бірлік ұранына қосылады. Сондықтан манағы шешендер тілмәрсіп, Ахмет Байтұрсыновты еңбекшілерге майлап өткіземін деуді қоюы жөн. Еңбекшіл қазақтың арасынан Ахметке орын жоқ. Ахмет байдың Ақаңы, «күле кіріп, күңірене шығып жүрген» арамзалардың тірегі. Еңбекшілердің Ақаңы да емес, әкесі де емес ,досы да емес. Еңбекшіл қазақтың әкесі — өздерінің қолын теңдікке жеткізген Октябрь революциясы. Ендеше шешендерге айтатыным: қисынсыз сайраймын деп, еңбекшілердің қара тақтайына жазылып қалып жүрмеңдер! Еңбекші қазақ газетінің 1923 жылы шыққан 69 санында «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» деген атпен басылған мақаладан қысқартылып алынды. 
08.12.2012 04:44 3967

Сыланған қыздың көңіліне кір келер деп ойламай, мінін жарқыратып алдына көрсетіп беретін айна қандай болса, тарих та сондай. Біреу қолақпандай мінін қолындағы алтын жүзігіндей етіп көрсетемін десе де, тарих оның ырқына көнбей, жақсылық, жамандығын жарқыратып айтып береді. Тарих бір күндік емес, көп күндік. Тарихта бір күннің емес, көп күннің көп күндегі тұрмыстың тізбегі бар. Егер тарих болмаса, өткен уақыттағы жақсылық, жамандықтан түк білмейтін соқыр, әңгүдік болар едік. Сондықтан біздің тарихпен есептеспеуімізге болмайды. Тарих бетіне қарап отырсаң, адам баласының білім қалай аттағанын, біреуге біреудің істеген зорлық-зомбылығын, қандай кісінің жақсылыққа басшы болғанын, қандай кісінің жауыздыққа басшы болғанын айтып береді. Әрине, оның бәріне тоқтап түсіндіріп кетсе, бірталай кітаптар жазылуға керек, жазылып та жүр. Менің мақсатым әзірше ол болмағандықтан тек қазақ халқының тарихына, бүгінгі тіршілігіне де тығыз байланысты тоқтап кеткім келеді.

Жуырда Орынбордағы бір шешеннің лекциясын тыңдадым. Ол қазаққа деген жақсылық біткеннің бәрін маңдайына басып бірнеше кісіге бөліп берді.

Шешеннің бұл сөзіне «аузыңды ашсаң нанамын, өтірік айтсаң зауалым саған» дейтіндер де бар шығар Бірақ мен ондай ойдан аулақ болғандығымнан өз пікірімді жалпы еңбекшілердің сынына салмақшымын.

Шешен мақтаған адамның бірі — Кенесары ханды алсақ, оның өз өмірінде істеген зұлымдық, жамандығы халыққа мәлім. Кенесарының орысқа қарсы соғыс ашуының мәнісі, қазақ орысқа бағынса елдігінен айырылады деген ой емес те. Өзі Абылай ханның немересі, Қасым ханның баласы болды. Егер Россияға бағынса, жер тәңірсісіндей көріп аузына қаратып тұрған қазақ елі, Кененің әміріне бағынбайтынын, Кенені ханына есептемейтінін сезді. Сондықтан ол қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ, өз мүддесін ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады. Егер Кене шын қазақ елінің қамын ойласа, маңайындағы қазақ руларын қысқа күнде қырық рет шауып неге маза бермеді? Өтірік айтса жаны шықсын, қазақтың қарт адамдары, «Кене пәлен жерде пәлен румен өштесіп, талап алды, жүкті әйелдердің ішін жарып, баласын керегеге іліп кетті» деп отырады. Соған қарағанда Кенені қазаққа залалсыз еді, тізесін батырмап еді, момын еді деп мадақтаған адамның адасқандығы. Егер Кенесары тимеген елге соқтықпаса, қырғыз елімен соғысқан мәнісі қалай?

Шешеннің екінші мақтаған адамы Ахмет Байтұрсынов. Оның жайында айтатыным: жалғыз Ахмет емес, әрісін айтқанда жалғыз қазақ емес, бұратана халықтың көбін оятқан 1905 жылғы Россиядағы төңкеріс болатын. Онда да алдымен татар ұлтшылдары «Милләтім» деп бас көтерсе, Ахмет Байтұрсынов, Мержақып Дулатов пен Әлихан Бөкейхановтар соларға еліктеп ұлтшылдық туын көтеруге кіріскен. «Ахмет қазақтың Ақаңы болса, мен Жақаны» деп жүрген Мержақыптың «Оян қазақтағы» мәслихаты, шариғаты, мағрифаты, табиғаты, хайриаты, жамғиаты дегендері... соқыр кісі болмаса, көзі барға татар ұлтшылдарын еліктегендігін көрсетіп-ақ тұр. Ахметті алсақ, ол жалпы қазақ халқының Ақаңы емес, қазақтың ақ жағаларының, байларының Ақаны. Егер Ахмет жалпы қазақ халқының Ақаңы болса, қазақтың жуан жұдырықтарының кедейлерге істеп келе жатқан қиянаттарын көріп, я сөзі, я ісімен жуандарға жұдырық көрсете алды ма? Жоқ, Ахмет Байтұрсыновтың патша заманындағы әрекетін айтпай-ақ қояйық. Ал Октябрь революциясынан кейін де ол кедей мүддесін қорғаса қайда қалды?

Қысқасын айтқанда, ақ жаға мырзалар Ахметті Ақаң демей құдай деп шоқынып отырса да еркі, бірақ қазақ еңбекшілері Ахмет ұранына қосылмайды, дүние жүзі еңбекшілерінің бірлік ұранына қосылады.

Сондықтан манағы шешендер тілмәрсіп, Ахмет Байтұрсыновты еңбекшілерге майлап өткіземін деуді қоюы жөн. Еңбекшіл қазақтың арасынан Ахметке орын жоқ.

Ахмет байдың Ақаңы, «күле кіріп, күңірене шығып жүрген» арамзалардың тірегі. Еңбекшілердің Ақаңы да емес, әкесі де емес ,досы да емес. Еңбекшіл қазақтың әкесі — өздерінің қолын теңдікке жеткізген Октябрь революциясы. Ендеше шешендерге айтатыным: қисынсыз сайраймын деп, еңбекшілердің қара тақтайына жазылып қалып жүрмеңдер!

Еңбекші қазақ газетінің 1923 жылы шыққан 69 санында «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» деген атпен басылған мақаладан қысқартылып алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға