Жаңалықтар

Бес тас

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.   Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.   Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.   Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.   Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.   Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.   Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.   Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.   Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.   Сегізінші тәсіл: Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.   Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.   Оныншы тәсіл: Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасңа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.   Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басңа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлык, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасңа да басқа тастарды тигізуге болмайды. Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді.   Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады.   Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады.   Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.  
08.12.2012 04:26 6257

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.

 
Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.
 
Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.
 
Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.
 
Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.
 
Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.
 
Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.
 
Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.
 
Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.
 
Сегізінші тәсіл: Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.
 
Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.
 
Оныншы тәсіл: Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасңа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.
 
Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басңа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлык, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасңа да басқа тастарды тигізуге болмайды.
Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді.
 
Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады.
 
Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады.
 
Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға