Жаңалықтар

Бақыт Ахметов

2001 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасының жейдесін киген Бақыт Ахметов бірден 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің тізгінін мықтап қолға алды. Шымкентте өткен ел чемпионатында қоссайыстың қорытындысы бойынша ол 275 келіні ырқына оңай көндірді. Айтулы жарыста Ахметов Азия ойындарының жеңімпазы Андрей Макаров пен жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Алексей Чуйковты артта тастады. Содан кейін-ақ шымкенттік жігіттің тасы өрге домалады. 2002 жылы Ахметов өзінің алғашқы қомақты табысына қол жеткізді. Пусанда алауы тұтанған Азия ойындарында шымкенттік жігіт алтыннан алқа тағынды. Бір ғажабы, сол тартыста ол әлем чемпионы Күреш Багериден басым түсті. Иран атлеті 2001 жылғы әлем чемпионатында 407 (жұлқып көтеруде 185, серпіп көтеруде 222) келілік көрсеткішке қол жеткізіп, көрермендерді таң қалдырған болатын. Дәл осындай нәтижемен ол Азия ойындарында да топ жаратын еді. Алайда Ахметовтің де алтыннан дәмесі болды. Сол себепті белді бекем буған жерлесіміз жұлқып көтеруде басты қарсыласынан 10 келі, серпіп көтеруде бес келі артық көтеріп, бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылдың сәуір айында Алматыда өткен Азия чемпионатында, Ахметовтің айшықты өнері сол кезде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған жұрттың есінде. Бірінші жаттығуда-ақ ол 182 келіні тік көтеріп, қарсыласынан 12 келідей озды. Есесіне Иран атлеті серпіп көтеруде мықты екенін аңғартты. Ол 210 келіге келіп тоқтады. Енді Ахметов үшін шегінетін жер қалмады. Бақыт 212 келіге тапсырыс берді. Барлық көрермен тақымын қысып, үн-түнсіз отырды. Маң-маң басып, ортаға келген ауыр атлетіміз зіл батпан темірді аспанға атты да жіберді. Сол сәтте залдың әр бұрышынан атойлаған дауыстар естілді. Ахметов – Азия чемпионы! Афина Олимпиадасында 94 келі салмақта болгариялық Милен Добревтің мерейі үстім болды. Ресейлік Қажымұрат Ақаев пен Эдуард Тюкин жүлдегер атанды. Ал Бақыт Ахметов жетінші орында қалып қойды. 2005 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында жерлесіміз қола медаль алған Милен Добревтен небары бір келі кем көтеріп, төртінші орынға табан тіреді. Десек те, жұлқып көтеру жаттығуы бойынша ол «кіші» қола медальді мойнына ілді. Келесі жылғы әлемдік додада сәтсіздікке ұшырады. Сол тұста айтулы ауыр атлеттің «психологиялық даярлығы нашар» деген сипатта әңгімелер айтыла бастады. Көп кешікпей Ахметов 105 келіге дейінгі салмаққа ауысты. Катарда алауы тұтанған Азия ойындарында қола медальді олжалады. Ал 2007 жылы Таиландта өткен әлем чемпионатында жерлесіміз бұл салмақта да бәсекелестікке қабілетті екенін байқатты. Жұлқып көтеруде 190 келілік зілтемірді бағындырып, екінші орын алды. Есесіне серпіп көтеруде қарсыластары қарқынын күшейтті де, Бақытқа барын салуға тура келді. Әуелі 210 және 220 келі салмақты ол аспанға атты. Егер ол соңғы мүмкіндігін пайдалана алғанда жүлдегерлер қатарына қосылатыны сөзсіз еді. Үшінші рет Ахметов 225 келіні басынан асырды. «Күміс медаль уысымызда» деп бөркімізді аспанға атқанымыз сол еді, батпан темір Бақыттың қолынан сусып шығып кетті. Төрешілер бұл нәтижені есепке алмады. Сөйтіп, жерлесіміз жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Андрей Арамнов (Беларусь), Олимпиада мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алан Загаев (Болгария) және әлем чемпионы Дмитрий Клоковтан (Ресей) кейінгі төртінші орынға орналасты. – Спорттық жол ұңғыл-шұңғыл келеді. Ол соқпақтан сүрінбей өту мүмкін емес. Иә, менің де салым суға кеткен сәттер аз емес. Бірақ ондай кездерде қасымнан жанашыр адамдар табылды. Шымкентте Болат Қырықбаев пен Юрий Мельников көп көмек көрсетті. Алматыда білікті мамандар Энвер Түркілери, Бекен Бекмұханбетов, Алексей Нидің қамқорлығын сезінудемін. Бірақ бәрінен бұрын сол кездегі облыстық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Зиядин Исабековтің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Шымкентке қоныс аударған күннен бастап ол кісі менің жанашырым болды. Әуелі сол қаладан пәтер әперді, менің болашағыма зор сеніммен қарады. Зиядин аға менің өкіл әкем болса, жұбайы Гүлнар апайды екінші анам десем, артық айтқаным емес. Өкінішке қарай, Зәкең осыдан бірер жыл бұрын қайтыс болды. Енді мен қайткенде де сол кісінің маған артқан сенімін ақтап, Олимпиада тұғырына көтерілуге тиіспін. Міне, менің бар мақсатым – осы. Зиядин ағамның аманатын орындасам, өзімнің алға қойған жоспарымның барлығы жүзеге асты деп есептер едім, – деп тұлғалы жігіт ағынан жарылды. Бақыт Ахметов әлем чемпионаттарында екі мәрте төртінші орынға тұрақтады. Азия ойындары мен Азия чемпионатында топ жарды. Енді көрермендер одан байрақты додалардың медалін күтеді. Тіптен республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыхановтың өзі алдағы жарыста айтулы азаматқа зор сенім артатынын білдірді. Ал мамандар Ахметовтің атой салатын тұсы Аспантау елі дейді. Соңғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшының көрсеткіші – 423 (195+228) келі. Ал Бақыт болса, жаттығу барысында 430 (200+230) келіні еркін еңсереді.  
08.12.2012 04:07 3690

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға