Жаңалықтар

Мерейлі мерекелі жыл

  Мерейлі мерекелі жыл   Жаңа жыл — 1970 жылдың бетін аштық.   Бір жасқа есейдік, бір қадам ілгері бастық. «Есею», «қадам» деген ұғымдар былай алғанда тым қарапайым естіледі. Ал, сол шын мәнінде қарапайым ба? Есеюіміздің, ілгері басуымыздың табиғатына үңіле қарасақ, ғажайып сырлары бар. Бұл бір жылдың сыры болғанымен ғасырдың, дәуірдің сипаты. Біздің жылдарымыз бірімен-бірі сабақтасып, бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі биіктеп дәуірдің шежіресін құрайды. Биіктеген сайын тереңнен көтерілген теңіздің толқынындай өр келеді.   Уақытқа мұндай өрлік сипат берген совет халқы, оның қажырлы да қарқынды ісі, жаңа қоғамды құру жолындағы сарқылмас жасампаздық күші. Халық күшінің табиғатын тану тарихқа оңай соққан жоқ. Тарих небір «әулие» дегеннің кеңесін тыңдап көрген. Жаратушыға жалынсақ, жарылқайды ол бізді деушілер де болды. Бірақ ештеңе шықпады. Адамзатқа дәрменсіздікті, бақытсыздықты танды ол жол. Өзіңе деген игілікті өзгенің мейірінен күт, біреуге жалынышты бол, бағынышты бол деушілер де шықты. Бұл да бақытсыздыққа душар етті.   Тарихтың сол бір бұралаң - бұлтарыс жолдарын елеп-екшеп, ең түйінді, ең дәйекті шешім айтқан маркстік - лениндік ілім. Ал бұл ілімнің негізін салушылар халықтың бойындағы қайратты танытты. Ол қайраттың жасампаздық сырын ашты. Ұлы Ленин сол қайратты бақыт арнасына қарай бұра алатын күшті — Коммунистік партияны құрды.   Міне, сол партияның бастауымен еліміздің жарқын болашаққа бет түзегеніне елу үшінші жыл. Барған сайын биіктеу, өрдің үстінде өрге шығу — осы жылдарға тән сипат, осы жылдар ғана жасаған мұра. Осы жылдар совет халқының жасампаздық шежіресін шертті. 1969 жыл да сол шежірені шертіп өтті, 1970 жыл да сол шежірені шертем деп келді. Бірақ бұл бірін-бірі қайталау емес, жаңарту, жалғау!   ...1920 жылдың күзі. Бір жағы аштық, жалаңаштық, жоқшылық, бір жағы империалист интервенция шымбайға батып тұрған шақта Кремльдегі Лениннің қарапайым ғана жиналған кабинетіне Герберт Уэллс кірді. Ол Россиядағы ауыр халды, күйзеліс құрығын өз көзімен көріп келген-ді. Ілгеріні ойлауды, алысты барлауды еншіме мол тиген деп есептейтін атақты фантаст-жазушы еліміздің болашағына сенбеді. Ленинмен пікірлесуді, ауыр жағдайда оның не ойлап, не жоспарлап отырғанын білгісі келді...   Таң қалды. Таңырқағаны сонша, Ленинді «Кремльдің қиялшылы» деп те атады. «Қандай бір сыйқырлы айнаға қарасам да, Россиянин болашағын көріп тұрғаным жоқ. Ал мынау Кремльдегі аласа бойлы адам сол болашақты көріп тұр. Ол быт-шыты шыққан темір жолдардың орнында жаңа, электрленген жолдардың болатынын, тас жолдардың әлі-ақ байтақ елдің түкпір-түкпіріне апаратынын, қайта түлеген, индустриялы, бақытты, коммунистік державаны көріп тұр», деп жазды.   Лениннің кемеңгерлігі тарихты жасаушы халық екенін, оның бойындағы қабілетті оята білсе, не ғаламатты жасайтынын да көргендігінде, әрі соған сенгендігінде еді. Ал Уэллс оны көре алған жоқ-ты. Жарты ғасырдан аз-ақ астам тарихи қысқа мерзім - ұлы көсемнің сол көрегендігіне айғақ.   — Елімізде болған ғажайып өзгерістердің сыры неде, оны жасаушы кім? — деп ойлансақ, аузымызға алдымен совет адамдарының есімі оралады. Коммунизм идеясы оның бойындағы бар қабілетті оятып, жасампаз күшке айналдырды. Ол күштің алмаған қамалы, жеңбеген қиындығы болмады.   Әр жылғы есею, әр жылғы ілгері басқан қадам дегенде ең алдымен сол күштің есеюін, сол күштің кемелденуін айтамыз. Оны тіпті жайшылықта қолданатын «есею», «қадам» деген ұғымдарға қиғың да келмейді. Күні — жыл, жылы — ғасыр өрлеуді, дамуды қалай ғана қиярсың бұл ұғымға. Бірақ үйреншікті сөз, үйреншікті ұғым керек. Бізге ұлылықтың өзі үйреншікті боп барады. Дүние жүзінде түңғыш рет тарихта ұлы жолды — коммунизм жолын салдық. Бұл бізге үйреншікті боп кетті. Дүние жүзінде тұңғыш рет космосқа жол салдық. Совет адамы тұңғыш рет ғарышқа көтерілді. Бұл бізге үйреншікті боп кетті. Дүние жүзінде тұңғыш рет атом қуатын бейбіт мақсатқа жұмсадық. Бұл да бізге үйреншікті. Байқап қарасақ, үйреншікті әдеттегі ісіміздің өзінде самсап тұрған ұлылықтар. Мұның өзі — ғасыр сипаты, дәуір сипаты.   Ғасыр басы — Октябрь, дәуір аты — Ленин. Бұл екі ұғым егіз. Адамзат тағдырының ендігі тізгіні де Октябрь туында. Бақыттың алтын қазығы сол.   Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылына аяқ басып отырғанда осы ғасыр жайлы толғанамыз. Байқасақ, бұл ғасырдай өнімді, бұл ғасырдай адам баласына алуан жаңалық әкелген дәуір болмапты. Ғылымның да, қоғамдық дамудың да небір кереметтері осы ғасырдың үлесіне тиеді. Сонда ғасыр тегершігіне соншама қуат берген не? Ол — Октябрьдің жеңісі, Лениннің идеясы!   1970 жыл — өзгеше жыл, ерекше жыл болмақ. Бұл жылдың 22 апрелінде ғасырдың ұлы перзентінің туғанына 100 жыл толды. Мұның өзі адал ниетті адамзат атап еткен мереке. Бүкіл әлем боп әзірленетін мерекелер аз. Ұлы Лениннің туғанына 100 жыл толуы — соның ішіндегі ең қадірлісі, шоқтығы биігі. Өйткені, оның аңсаған арманы адамзат бақыты еді. Ол қалдырған мұра еңбекші, езілген атаулыға ортақ. Оның туы — бүгінгі ұлы күрестің туы, дүние жүзінің еңбекшілері осы туға қарап қатарын түзепті. Владимир Ильичтің еңбектері елу елде, 107 халықтың басылып, олар 23 миллион 191 мың тиражбен тарап отыр. Қазір планетамызда Ленин есімін білмейтін адам жоқ.   Данияның көрнекті жазушысы Мартин Андерсон Нексе кезінде: «Ғасырлар бойы адамдардың ақыл-ойын, сезім - жігерін Лениндей қозғалысқа келтірген ешкім болған жоқ... Халықаралық пролетарлық қозғалыс үшін Лениннің сіңірген еңбегін айтып жеткізу киын», — деп жазған болатын.   Ал, ағылшын жазушысы Джек Линдсей былай дейді: «Мен үшін Ленин — ең алдымен, ғасырдың ұлы айнасы, өнегесі. Оның кітаптары, еңбектері жер үстіндегі жүздеген миллион адамдарды қайта түлетті... Көкейкесті мәселенің бәріне мен Лениннен жауап табамын. Владимир Ильич Лениннің 100 жылдық тойы дүние жүзінде оның жеңімпаз идеяларының бұрынғыдан зор өсуімен атап өтілуі сөзсіз. Лениннің ғұмыры әлі жасай беретін өшпес, өлмес ғұмыр деп батыл айта алам».   Бейбітшілікті қорғаудың бүкіл дүниежүзілік Советінің президенті Изабелла Блюм: «Ленин адамзатқа тек жиырмасыншы ғасырда ғана емес, одан кейінгі ғасырларға да жол көрсетіп берді. Адам баласы от тұтатуды үйренгеннен бергі заманда Октябрь революциясынан кейінгі жылдардағыдай зор өрлеуді, алға басуды білген емес», — дейді.   Әр елдің өкілінің осы айтқан сөздерінде кемеңгер Ленинге деген бүкіл прогресшіл адамзаттың ұлы сүйіспеншілігі жатыр. Биылғы мерекелі жылдың ерекше болатындығы да осы сүйіспеншілікте.   Ал, өз еліміздегі ұлы дүбірге құлақ түріп көрсек ше? Лениннің туғанына 100 жыл толуына әзірлік осыдан бірнеше жыл бұрынғы қимыл - қарқын, іс-әрекетімізден басталады. Содан бергі небір ғажап істеріміз көсем есімімен байланысты. Осы жылдары совет халқына ерекше бір қанат біткендей. Әр адамның кеудесінде бөлекше бір сезім жалын атады. Сол жалын оны ілгері сүйреп, ұмтылдырады, биіктен - биікке жетектейді. Кешегіні бүгін, бүгінгіні ертең місе тұтпай еңбек етудің де сыры осында. Әр жүрек Ленин деп соғады, әр істен Ленин өсиетіне деген адалдық сезіледі.   Осы ұлы сүйіспеншілік мұхитының түбі терең, аумағы кең. Байтақ елдегі ұлы еңбек дүбірін көрсете алар биік шынар болса, соның басына шығып, ғаламат картинаға бір сәт көз тастауға әркім-ақ құмартар еді. Бірақ сол ұлы дүбірді әркім-ақ өз жүрегімен сезгендей. Өз жүрегінің лүпілі — өзіндей отандастарының да жүрек соғысы.   Жаңа жылда өткенді шолып, алға қарау — дәстүр. Бесжылдықтың соңғы жылы 1970 жылға аяқ басып отырғанда бұл тіптен керек. Жаңа биікке жету үшін шыққан биіктің мөлшерін білген абзал. Біз жаңа жылдың дарқан дастарханы басында отырсақ та, Отан шекарасының күзетінде сақылдаған сары аязда сақшы болып тұрсақ та, табиғаттың дүлей күшімен арпалысып шопан болып жүрсек те, станокта темір жонып, егістікке көң төгіп, табиғаттың талай жұмбақ сырын іздеп, ғалым болып жүрсек те осылай толғанамыз. Өйткені біз былтырғыдан биылғы, кешегіден бүгінгінің көп болғанын, көлемді болғанын қалаймыз.   Әр жылғы үстеме өнімнің, әр жылғы өнімді еңбектің бағасын жақсы білеміз. Ал ел дәулетін шалқытқан үстіне шалқыта беру, жарқын болашақты жақындата түсу деген сөз.   1969 жылдың қосып кеткен үлесі қандай? Тарихқа бесжылдықтың төртінші жылы болып келіп, ол да лениндік дәуір шежіресінің бір бетін жасады. Еліміз бойынша электр қуатын ендіру осы жылы 690 миллиард киловат-сағатқа жетті. Мұнай өндіру — 329 миллион тонна, болат өндіру 110 миллион тонна, минералдық тыңайтқыштар — 47 миллион тонна болды. Бесжылдықтың төрт жылында 1500-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары салынды. Барлық жүмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы бесжылдықтың басынан бері 22 процентке өсті. Төрт жылдың ішінде 40 миллионнан астам совет адамдары әсем салынған әдемі үйлерге қоныстанды.   Тізе берсек, жетістікті тауыса алмас ек. Сондықтан қарқынымызды, қадамымызды сипаттай алатын екі цифрды ғана келтірейік. Өнеркәсіп өнімі өсімінің өзі ғана төрт жылдың ішінде 39 процент болды. Мұның өзі директивада көрсетілген мөлшерден едәуір жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімінің үстіміздегі бесжылдықта орта жылдық мөлшері бұған дейінгі бесжылдықтан 19 процент артты. Осы цифрлардың ар жағында жатқан ғажайып сырларды қарапайым көз де байқайды.   Көп ұлтты байтақ еліміздің іргелі бір отауы —Қазақстанның халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі де қомақты. Ал шын мәнінде коммунизмнің ұлы құрылысшыларының алып алаңына айналды. Лениндік идеялардың тарихи қысқа мерзімде қалай жүзеге асқанын көргісі келген адам, кімде-кім совет халқының неге қабілетті екенін білгісі келсе, Қазақстанға келсін, Қазақстанның бүгінгі жетістігі революцияға дейінгі 130 Қазақстанмен пара-пар. Қазақстаннан шыққан өнеркәсіп өнімін дүние жүзінің 70 елі алады қазір. Қарағанды металлургия заводы, Өскемен қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай кен-байыту, Жезқазған, Балқаш кен металлургия комбинаттары, міне, бүгінгі Қазақстанның келбеті.   Үстіміздегі бесжылдықта Қазақстанның өз тракторы дүниеге келді. Ол «Қазақстан» деп аталады. Қазір Павлодардың трактор заводына барсаңыз, көктемде, жазда шетсіз, шексіз егіс далаларында болсаңыз, жөңкіліп жүрген техниканы көресіз. Бір кезде аядай жерді ағаш соқамен айыру мұң болған шаруаға енді темір тұлпардың құлағында ойнау түк емес. Бұл да үйреншікті болды.   Республика бесжылдықтың төрт жылында мемлекетке екі миллиард 815 миллион пұт астық сатты. Оның 420 миллион пұты жоспардан тыс. 1969 жылдың өзінде 650 миллион пұт астық берді. Жоспар асыра орындалды. Республикамыздағы 16 облыстың 9-ы мемлекетке астық сатудың бесжылдық жоспарын орындап қойды. Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Орал, Алматы, Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстары.   Ет, сүт және басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жөнінде де төрт жылдың тапсырмасын орындадық.   Мұның бәрі — қадамымыздың нық қарқынымыздың қарышты екенін көрсететін, бесжылдықты 1970 жылы ойдағыдай орындауға сенімімізді күшейтетін фактілер.   Мұның бәрі Октябрь ғасырының 52-жылы, бесінші бесжылдықтың төртінші жылы болған 1969 жылдың абыройын көтерді. Оның қолынан 1970 жыл ерлік эстафетасын алды.   Алпыс тоғызыншы жылдың өзге жылдарға ұқсамайтын дара, елеулі оқиғалары да бар. Олар шын мәнінде тарихи оқиғалар!   Бәріміздің есімізде — жыл басында космос көгіне «Союз-4», «Союз-5» корабльдері көтерілді. Әлем төрт совет космонавтының ерлігіне тағы қол соқты. Олар В.А.Шаталов, Б.В.Болынов, Е.В.Хрунов, А.С.Елисеев. Екі корабль ғарышта жүріп түйісті. Жыл аяғына қарай тарихи ерлік шежіресіне тағы да «Союз-6», «Союз- 7», «Союз-8» корабльдерінің, тағы да жеті сұңқардың есімі жазылды. Олар — Г.С.Шонин, В.Н.Кубасов, А.В.Филипченко, В.Н.Волков, В.В.Горбатко, В.А.Шаталов, А.С.Елисеев. Көріп отырсыз, екі космонавт космос тұңғиығын зерттеуге қайталап сапар шекті. Ғылыми аса маңызды зерттеулер жасалды. Жерде ат ауыстырып мінудің өзі оңай емес. Ал біздің космонавттар ғарышта корабль ауыстырып мінді. 1969 жылдың айтулы оқиғасы бұл.   Бәріміздің есімізде июнь айында коммунистік және жүмысшы партияларының Москва Кеңесі болды. Бұл кеңес дүние жүзіндегі коммунистік қозғалыстың бірлігін, империализмге қарсы күрескерлердің қимылын күшейтуде, бейбітшілік, демократия, ұлттық тәуелсіздік және социализм жолында күресіп келе жатқан күштердің бүкіл дүниежүзілік майданын топтастыруда зор роль атқарды. Кеңес тарихи документтер қабылдады. Оның ішінде «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы туралы» үндеу бір ауыздан қабылданды. Дүние жүзіндегі революциялық күштердің жауынгер отрядтарынан келген өкілдер ұлы көсемнің өзімен сырласқандай болды. Олар Ленин есімі Ұлы Октябрь жеңісінің, әлемнің әлеуметтік бейнесін түбірімен өзгерткен, адамзаттың социализмнен коммунизмге бет бұруын бейнелеген аса ірі революциялық жеңістердің символы болып табылады деп көрсетті.   Сонау 1917 жылы дүние жүзінде жүздеген мың ғана коммунистер болса, қазір ол күрескерлердің саны 50 миллионға жетіп, 88 елде коммунистік және жүмысшы партияларын құрып отыр. Соның 71-і Москва Кеңесіне өз өкілдерін жіберді. Олар осы замандағы ең көкейтесті мәселе жөнінде кеңесіп, пікірлесті. Бұл да 1969 жылдың айтулы оқиғасы.   Бәріміздің есімізде — ноябрь айында, колхозшылардың Бүкілодақтық үшінші съезі болып өтті. Төрт жарым мыңнан астам совет деревнясының таңдаулы ұлдары мен қыздары Кремльдің Съездер сарайында бас қосып, ауыл шаруашылық артелінің үлгі уставын талқылады. Съезге жиналғандардың бейнесінен колхоз құрылысының бүкіл тарихы, бүгінгі советтік деревняның бар тұлғасы көрінгендей еді. Омыраулары Алтын жұлдызға, ордендерге, медальдарға толы отандастарымызды көргенде көңіліміз шалқыды. Әрбір күнгі мәжілісті жібермей көгілдір экраннан көз алмадық. Өзімізді солармен бірге Съездер сарайында отырғандай сезіндік. Делегаттардың тотыққан жүзінен даланың лебі ессе, киім киістерінен, жүріс-тұрыстарынан қаланың лебі есті. Қала мен деревняның арасындағы айырмашылықтың жойылып бара жатқанын адамдардың бойынан, олардың салауатты ойынан көрдік. Шаруа деген ұғымға совет адамы жаңа сипат, жаңа қасиет әкеліпті. Бір кезде «шаруа» деген сөзден төмен санаудың, кемсітудің исі аңқып тұрушы еді. Бұл күнде ол сөзді мақтанышпен айтамыз. Тегіміздің шаруа екеніне енді қорланбаймыз, қайта масаттанамыз.   Советтік заманда шаруа — қоғамдағы жасампаз күштердің белді бір категориясы.   Жаңа Устав қабылданды. Бұл колхозды деревняның өміріндегі жаңа кезең деген сөз. Ол кезеңде де Ленин партиясының ұлы идеяларымен жігерленген советтік шаруа езін көрсете алары, партия қалаған биіктен шығары сөзсіз. Колхозшылардың съезі, міне, осыны паш етті. Бұл да 1969 жылдың айтулы оқиғасы.   Жылдар жылға ұласып, ерлік істер жалғаса бермек, лениндік дәуір шежіресі қалыңдай бермек. Асыл арман бізді ілгері сүйрейді. 1970 жылы игерілер небір кезеңдерді, келісті керемет істерді көз алдымызға келтіреміз. Асу-асу белдер, аса жауапты сындар тұр. Міне, солардың бастылары.   Ұлы кесемнің мүшелді тойы, ғасырлық ғұмырына деген құрмет... Табысымызды тағы да екшеп, тағы да таразыға саламыз. Молайта бергіміз, зорайта бергіміз келеді. Зор жауапкершілікті түсінгендіктен сүйтетін болсақ керек. Әдетте адам ширыққанда қайраты тасиды. Ал халық ширыққанда ше? Онда оның алмайтын қамалы, жетпейтін мұраты болмаса керек. Біздің 1970 жылғы үлкен мұратымыз — көсем мерекесі құрметіне алған міндеттемелерді абыроймен орындау. Бұл — үлкен сын.   Өзен бойын қайнардан алады да, мұхитқа барып құяды. Бүгінгі тасыған халық жігері де тап сондай. Басы — қайнар, аяғы — мұхит. Бірақ, ол — дәулеттің, байлықтың мұхиты. Күні кеше еткен жылдың аяғында бұрынғы небір жақсы бастамаларға қосымша «Лениндік еңбек вахтасының жүз күнінде — жүз түрлі тарту!» атты қозғалыс туып еді. Сол қозғалысқа қарашы енді!   Қарағанды қаласындағы 16 кәсіпорынның озаттары бүкіл қала еңбеккерлеріне жазған хатында былай деді: «Ильичке біз өміріміздегі бар асылымыз, бар бақытымызбен қарыздармыз. Тағдырымыз тамаша арна тапты. Өзімізді ел қожасы, кен қожасы сезінеміз. Ризамыз, мақтанамыз бұл өмірге. Міне, осы сезім қайратымызды тасытады. Біз Владимир Ильичтің мүшелді мерекесі құрметіндегі социалистік жарыстың күннен күнге екпіндеп, қарышты қарқын алғанын көріп отырмыз. Мерекеге дейін қалған әрбір күн қажырлы еңбекке, жаппай ерлікке толы болсыншы! Біздің жүрегіміз осыны қалайды».   Бұл — бүкіл совет адамдарының қалауы. Қаһарман замандастарымызға сол қалауыңа жет дер едік. Жақа жылдық үлкен бір тілек, міне, осы. Дарқан дастархан басында бұл үшін көтерілер тосты есте ұстайық.   Қазақстан еңбекшілері үшін тағы бір еңселі мереке тұр. Ол — республиканың елу жылдығы. Ұлы көсемнің туғанына 100 жыл толуымен, бесжылдықтың соңғы жылымен қанаттас келетін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол да республика еңбекшілерінің алдында тұрған екінші сын. Жарты ғасыр ішінде дамудың ғажайып жолынан өткен халықтар достығының ұлы факелін ұстаушы Қазақстан шежіресінің жарқын беттерін жасайық! Жаңажылдық тағы бір тілек, міне, осы. Бұған да тост көтереміз.   1970 жыл — бесжылдықтың соңғы жылы. Соңғы жүк қашан да ауыр. Біздің қайратымыз әрдайым ауыр істерде, жауапты міндеттерді орындауда шындалған. Бұл жолы да сүрінбеуге сертіміз бар. Бесінші бесжылдық еліміздің алып тұлғасын даралап, сын саладағы табысына табыс, жеңісіне жеңіс қоса түссін! Алдағы бесжылдықтың старт алар аса зор алаңын, қай жағынан болса да, әзір етейік. Жаңажылдық тағы бір тілек, міне, осы.   1970 жылы фашистік Германияның талқандалғанына, біздің ұлы жеңісімізге ширек ғасыр толады. 25 жыл тарих үшін ұзақ мерзім емес. Бірақ біз сол бір жеңіс жылынан неғұрлым қашықтаған сайын соғұрлым оның халықаралық мәні, соғұрлым сол жеңістен алар сабақтарымыз айқындала түсуде. Жеңістің 25 жылдығы — биылғы тағы бір үлкен той.   Ал совет халқының тарихи ерлігін еске түсіру ғана емес, сонымен бірге тарихтың үлкен ескертуі де. Гитлерлік армия бақайшағына дейін қаруланған қуатты армия болатын, халықаралық империализм оған үлкен үміт артты. Сол себептен де фашизмді Совет Одағына айдап салды. Бірақ ол үміті күл боп ұшты.   Бұл мейрам тағы да тартысқа түскісі кеп, тағы да қан төгуді аңсаушылар үшін де сабақ. Біз социализм жеңістерін ерлікпен қорғадық. Сол ерліктің арқасында социалистік ынтымақ дүниеге келді, социалистік лагерь ірге тепті. Оның тұтастығын ешкімге бұздыра алмаймыз.   Бұл мейрам — Вьетнамдағы абыройсыз, басқыншылық соғысымен дүние жүзіне масқара болған американ империализм! үшін де, сол империализмнің айтақтауымен Таяу Шығыста шиеленіс туғызып отырған Израиль агрессорлары үшін де, нацизмді қайта тірілтуге жан ұшырған батыс германиялық реваншистер үшін де сабақ.   Тарих сабағын ұмытқысы келгендерге бұл мейрам көп нәрсені ескерте алады. Біз кегіміздің мөлдір, көңіліміздің шат болуын қалаймыз. Міне, 25 жыл біздің зеңбіректер үнсіз. Осы мерзім ішінде қаншама ғажайып бейбіт істерді атқардық. Бейбіт өмір өзінің мәуелі бәйтерегін барған сайын шешек аттыруда. Біз зеңбірек атаулының үні өшсін, самолет атаулының бомба емес, тек қана жолаушылар тасуын, ракета атаулының космос көгінде ғылымға ғана қызмет етуін қалар едік. Октябрь - ана бейбітшілік деп ауыздандырған, сондықтан біз бейбітшілік деп өмір сүргіміз келеді.   Жаңажылдық дастархан басында, малына безендірілген елка қасында айтарымыз осы. Осы ниет ақ тілеулі аналарымыздың, күміс күлкілі балаларымыздың, нұрлы жүзді жарларымыздың да жүрегінде. Вьетнам халқының балалары да жана жылда біздің бөбектердей жайнап жүрсе екен дейміз. Бомба қай жақтан түседі деп аспанға үрейлене қарамаса, мылтықтан қорқып орманға тығылмаса екен дейміз. Грек әйелдері абақтыдағы жарларының тағдырын ойлап тарықпаса, қайғының, мұңның тұңғиығына тұншықпай, арайлы азаттық таңына қараса! Бауырластық шын тілегіміз осы. Олардың бүгінгі мүшкіл халдері біздің де қабырғамызды қайыстырады. Адам дүниеге қуану үшін, жасау үшін, жаңғыру үшін келмей ме! Гректің патриот композиторы Микис Теодоракис өзінің шығармаларын адам үшін, соның рухани байлығы үшін жазған жоқ па! Ал осы шығармалар түскен пластинкалар неге құртылады? Композитор неге қапас түрмеге жабылады? Оның қолындағы зеңбірек емес, мылтық емес, бейбіт аспабы ғой. Ол оқ атпайды, ән жазады, күй шығарады емес пе! Көңіл қошын көтеріп, музыкада сұлулықты, жан сұлулығын жырламай ма! Оның орны түрме емес, оның орны театр, сахна, жазира жұрттың алды!   Жоқ, Отаны қапаста болған соң оның ұлына азаттық қайдан келсін. Адамның талантын, ақыл-ойын да тұтқында ұстап тұншықтырғысы келетін қара ниеттілер бар әлі бұл дүниеде. Олардың еркіне жіберсең, жұмыр жерді су түбіне батырудан тайынбайды.   Ұлы Лениннің кемеңгерлігі қанаушы таптың, осы қара ниетін әшкерелеп қана қоймай, соған қарсы ұлы майдан ашуында, сол майданда өзі бас болып жеңіске жеткізуінде. Жаңа тарих, жаңа ғасыр басы сол жеңіс күнінен — Ұлы Октябрьден басталды. Содан бергі жылдар — жыршыл, сыршыл жылдар. Содан бергі жылдар — Октябрь ғасырының шежіресі.   Көгіндегі күніңе, жүзіндегі нұрыңа қылау түспей, әр жылғы қадамыңа гүл бітсін, отандастар!  
08.12.2012 04:06 3905

 

Мерейлі мерекелі жыл
 
Жаңа жыл — 1970 жылдың бетін аштық.
 
Бір жасқа есейдік, бір қадам ілгері бастық. «Есею», «қадам» деген ұғымдар былай алғанда тым қарапайым естіледі. Ал, сол шын мәнінде қарапайым ба? Есеюіміздің, ілгері басуымыздың табиғатына үңіле қарасақ, ғажайып сырлары бар. Бұл бір жылдың сыры болғанымен ғасырдың, дәуірдің сипаты. Біздің жылдарымыз бірімен-бірі сабақтасып, бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі биіктеп дәуірдің шежіресін құрайды. Биіктеген сайын тереңнен көтерілген теңіздің толқынындай өр келеді.
 
Уақытқа мұндай өрлік сипат берген совет халқы, оның қажырлы да қарқынды ісі, жаңа қоғамды құру жолындағы сарқылмас жасампаздық күші. Халық күшінің табиғатын тану тарихқа оңай соққан жоқ. Тарих небір «әулие» дегеннің кеңесін тыңдап көрген. Жаратушыға жалынсақ, жарылқайды ол бізді деушілер де болды. Бірақ ештеңе шықпады. Адамзатқа дәрменсіздікті, бақытсыздықты танды ол жол. Өзіңе деген игілікті өзгенің мейірінен күт, біреуге жалынышты бол, бағынышты бол деушілер де шықты. Бұл да бақытсыздыққа душар етті.
 
Тарихтың сол бір бұралаң - бұлтарыс жолдарын елеп-екшеп, ең түйінді, ең дәйекті шешім айтқан маркстік - лениндік ілім. Ал бұл ілімнің негізін салушылар халықтың бойындағы қайратты танытты. Ол қайраттың жасампаздық сырын ашты. Ұлы Ленин сол қайратты бақыт арнасына қарай бұра алатын күшті — Коммунистік партияны құрды.
 
Міне, сол партияның бастауымен еліміздің жарқын болашаққа бет түзегеніне елу үшінші жыл. Барған сайын биіктеу, өрдің үстінде өрге шығу — осы жылдарға тән сипат, осы жылдар ғана жасаған мұра. Осы жылдар совет халқының жасампаздық шежіресін шертті. 1969 жыл да сол шежірені шертіп өтті, 1970 жыл да сол шежірені шертем деп келді. Бірақ бұл бірін-бірі қайталау емес, жаңарту, жалғау!
 
...1920 жылдың күзі. Бір жағы аштық, жалаңаштық, жоқшылық, бір жағы империалист интервенция шымбайға батып тұрған шақта Кремльдегі Лениннің қарапайым ғана жиналған кабинетіне Герберт Уэллс кірді. Ол Россиядағы ауыр халды, күйзеліс құрығын өз көзімен көріп келген-ді. Ілгеріні ойлауды, алысты барлауды еншіме мол тиген деп есептейтін атақты фантаст-жазушы еліміздің болашағына сенбеді. Ленинмен пікірлесуді, ауыр жағдайда оның не ойлап, не жоспарлап отырғанын білгісі келді...
 
Таң қалды. Таңырқағаны сонша, Ленинді «Кремльдің қиялшылы» деп те атады. «Қандай бір сыйқырлы айнаға қарасам да, Россиянин болашағын көріп тұрғаным жоқ. Ал мынау Кремльдегі аласа бойлы адам сол болашақты көріп тұр. Ол быт-шыты шыққан темір жолдардың орнында жаңа, электрленген жолдардың болатынын, тас жолдардың әлі-ақ байтақ елдің түкпір-түкпіріне апаратынын, қайта түлеген, индустриялы, бақытты, коммунистік державаны көріп тұр», деп жазды.
 
Лениннің кемеңгерлігі тарихты жасаушы халық екенін, оның бойындағы қабілетті оята білсе, не ғаламатты жасайтынын да көргендігінде, әрі соған сенгендігінде еді. Ал Уэллс оны көре алған жоқ-ты. Жарты ғасырдан аз-ақ астам тарихи қысқа мерзім - ұлы көсемнің сол көрегендігіне айғақ.
 
— Елімізде болған ғажайып өзгерістердің сыры неде, оны жасаушы кім? — деп ойлансақ, аузымызға алдымен совет адамдарының есімі оралады. Коммунизм идеясы оның бойындағы бар қабілетті оятып, жасампаз күшке айналдырды. Ол күштің алмаған қамалы, жеңбеген қиындығы болмады.
 
Әр жылғы есею, әр жылғы ілгері басқан қадам дегенде ең алдымен сол күштің есеюін, сол күштің кемелденуін айтамыз. Оны тіпті жайшылықта қолданатын «есею», «қадам» деген ұғымдарға қиғың да келмейді. Күні — жыл, жылы — ғасыр өрлеуді, дамуды қалай ғана қиярсың бұл ұғымға. Бірақ үйреншікті сөз, үйреншікті ұғым керек. Бізге ұлылықтың өзі үйреншікті боп барады. Дүние жүзінде түңғыш рет тарихта ұлы жолды — коммунизм жолын салдық. Бұл бізге үйреншікті боп кетті. Дүние жүзінде тұңғыш рет космосқа жол салдық. Совет адамы тұңғыш рет ғарышқа көтерілді. Бұл бізге үйреншікті боп кетті. Дүние жүзінде тұңғыш рет атом қуатын бейбіт мақсатқа жұмсадық. Бұл да бізге үйреншікті. Байқап қарасақ, үйреншікті әдеттегі ісіміздің өзінде самсап тұрған ұлылықтар. Мұның өзі — ғасыр сипаты, дәуір сипаты.
 
Ғасыр басы — Октябрь, дәуір аты — Ленин. Бұл екі ұғым егіз. Адамзат тағдырының ендігі тізгіні де Октябрь туында. Бақыттың алтын қазығы сол.
 
Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылына аяқ басып отырғанда осы ғасыр жайлы толғанамыз. Байқасақ, бұл ғасырдай өнімді, бұл ғасырдай адам баласына алуан жаңалық әкелген дәуір болмапты. Ғылымның да, қоғамдық дамудың да небір кереметтері осы ғасырдың үлесіне тиеді. Сонда ғасыр тегершігіне соншама қуат берген не? Ол — Октябрьдің жеңісі, Лениннің идеясы!
 
1970 жыл — өзгеше жыл, ерекше жыл болмақ. Бұл жылдың 22 апрелінде ғасырдың ұлы перзентінің туғанына 100 жыл толды. Мұның өзі адал ниетті адамзат атап еткен мереке. Бүкіл әлем боп әзірленетін мерекелер аз. Ұлы Лениннің туғанына 100 жыл толуы — соның ішіндегі ең қадірлісі, шоқтығы биігі. Өйткені, оның аңсаған арманы адамзат бақыты еді. Ол қалдырған мұра еңбекші, езілген атаулыға ортақ. Оның туы — бүгінгі ұлы күрестің туы, дүние жүзінің еңбекшілері осы туға қарап қатарын түзепті. Владимир Ильичтің еңбектері елу елде, 107 халықтың басылып, олар 23 миллион 191 мың тиражбен тарап отыр. Қазір планетамызда Ленин есімін білмейтін адам жоқ.
 
Данияның көрнекті жазушысы Мартин Андерсон Нексе кезінде: «Ғасырлар бойы адамдардың ақыл-ойын, сезім - жігерін Лениндей қозғалысқа келтірген ешкім болған жоқ... Халықаралық пролетарлық қозғалыс үшін Лениннің сіңірген еңбегін айтып жеткізу киын», — деп жазған болатын.
 
Ал, ағылшын жазушысы Джек Линдсей былай дейді: «Мен үшін Ленин — ең алдымен, ғасырдың ұлы айнасы, өнегесі. Оның кітаптары, еңбектері жер үстіндегі жүздеген миллион адамдарды қайта түлетті... Көкейкесті мәселенің бәріне мен Лениннен жауап табамын. Владимир Ильич Лениннің 100 жылдық тойы дүние жүзінде оның жеңімпаз идеяларының бұрынғыдан зор өсуімен атап өтілуі сөзсіз. Лениннің ғұмыры әлі жасай беретін өшпес, өлмес ғұмыр деп батыл айта алам».
 
Бейбітшілікті қорғаудың бүкіл дүниежүзілік Советінің президенті Изабелла Блюм: «Ленин адамзатқа тек жиырмасыншы ғасырда ғана емес, одан кейінгі ғасырларға да жол көрсетіп берді. Адам баласы от тұтатуды үйренгеннен бергі заманда Октябрь революциясынан кейінгі жылдардағыдай зор өрлеуді, алға басуды білген емес», — дейді.
 
Әр елдің өкілінің осы айтқан сөздерінде кемеңгер Ленинге деген бүкіл прогресшіл адамзаттың ұлы сүйіспеншілігі жатыр. Биылғы мерекелі жылдың ерекше болатындығы да осы сүйіспеншілікте.
 
Ал, өз еліміздегі ұлы дүбірге құлақ түріп көрсек ше? Лениннің туғанына 100 жыл толуына әзірлік осыдан бірнеше жыл бұрынғы қимыл - қарқын, іс-әрекетімізден басталады. Содан бергі небір ғажап істеріміз көсем есімімен байланысты. Осы жылдары совет халқына ерекше бір қанат біткендей. Әр адамның кеудесінде бөлекше бір сезім жалын атады. Сол жалын оны ілгері сүйреп, ұмтылдырады, биіктен - биікке жетектейді. Кешегіні бүгін, бүгінгіні ертең місе тұтпай еңбек етудің де сыры осында. Әр жүрек Ленин деп соғады, әр істен Ленин өсиетіне деген адалдық сезіледі.
 
Осы ұлы сүйіспеншілік мұхитының түбі терең, аумағы кең. Байтақ елдегі ұлы еңбек дүбірін көрсете алар биік шынар болса, соның басына шығып, ғаламат картинаға бір сәт көз тастауға әркім-ақ құмартар еді. Бірақ сол ұлы дүбірді әркім-ақ өз жүрегімен сезгендей. Өз жүрегінің лүпілі — өзіндей отандастарының да жүрек соғысы.
 
Жаңа жылда өткенді шолып, алға қарау — дәстүр. Бесжылдықтың соңғы жылы 1970 жылға аяқ басып отырғанда бұл тіптен керек. Жаңа биікке жету үшін шыққан биіктің мөлшерін білген абзал. Біз жаңа жылдың дарқан дастарханы басында отырсақ та, Отан шекарасының күзетінде сақылдаған сары аязда сақшы болып тұрсақ та, табиғаттың дүлей күшімен арпалысып шопан болып жүрсек те, станокта темір жонып, егістікке көң төгіп, табиғаттың талай жұмбақ сырын іздеп, ғалым болып жүрсек те осылай толғанамыз. Өйткені біз былтырғыдан биылғы, кешегіден бүгінгінің көп болғанын, көлемді болғанын қалаймыз.
 
Әр жылғы үстеме өнімнің, әр жылғы өнімді еңбектің бағасын жақсы білеміз. Ал ел дәулетін шалқытқан үстіне шалқыта беру, жарқын болашақты жақындата түсу деген сөз.
 
1969 жылдың қосып кеткен үлесі қандай? Тарихқа бесжылдықтың төртінші жылы болып келіп, ол да лениндік дәуір шежіресінің бір бетін жасады. Еліміз бойынша электр қуатын ендіру осы жылы 690 миллиард киловат-сағатқа жетті. Мұнай өндіру — 329 миллион тонна, болат өндіру 110 миллион тонна, минералдық тыңайтқыштар — 47 миллион тонна болды. Бесжылдықтың төрт жылында 1500-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары салынды. Барлық жүмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы бесжылдықтың басынан бері 22 процентке өсті. Төрт жылдың ішінде 40 миллионнан астам совет адамдары әсем салынған әдемі үйлерге қоныстанды.
 
Тізе берсек, жетістікті тауыса алмас ек. Сондықтан қарқынымызды, қадамымызды сипаттай алатын екі цифрды ғана келтірейік. Өнеркәсіп өнімі өсімінің өзі ғана төрт жылдың ішінде 39 процент болды. Мұның өзі директивада көрсетілген мөлшерден едәуір жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімінің үстіміздегі бесжылдықта орта жылдық мөлшері бұған дейінгі бесжылдықтан 19 процент артты. Осы цифрлардың ар жағында жатқан ғажайып сырларды қарапайым көз де байқайды.
 
Көп ұлтты байтақ еліміздің іргелі бір отауы —Қазақстанның халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі де қомақты. Ал шын мәнінде коммунизмнің ұлы құрылысшыларының алып алаңына айналды. Лениндік идеялардың тарихи қысқа мерзімде қалай жүзеге асқанын көргісі келген адам, кімде-кім совет халқының неге қабілетті екенін білгісі келсе, Қазақстанға келсін, Қазақстанның бүгінгі жетістігі революцияға дейінгі 130 Қазақстанмен пара-пар. Қазақстаннан шыққан өнеркәсіп өнімін дүние жүзінің 70 елі алады қазір. Қарағанды металлургия заводы, Өскемен қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай кен-байыту, Жезқазған, Балқаш кен металлургия комбинаттары, міне, бүгінгі Қазақстанның келбеті.
 
Үстіміздегі бесжылдықта Қазақстанның өз тракторы дүниеге келді. Ол «Қазақстан» деп аталады. Қазір Павлодардың трактор заводына барсаңыз, көктемде, жазда шетсіз, шексіз егіс далаларында болсаңыз, жөңкіліп жүрген техниканы көресіз. Бір кезде аядай жерді ағаш соқамен айыру мұң болған шаруаға енді темір тұлпардың құлағында ойнау түк емес. Бұл да үйреншікті болды.
 
Республика бесжылдықтың төрт жылында мемлекетке екі миллиард 815 миллион пұт астық сатты. Оның 420 миллион пұты жоспардан тыс. 1969 жылдың өзінде 650 миллион пұт астық берді. Жоспар асыра орындалды. Республикамыздағы 16 облыстың 9-ы мемлекетке астық сатудың бесжылдық жоспарын орындап қойды. Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Орал, Алматы, Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстары.
 
Ет, сүт және басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жөнінде де төрт жылдың тапсырмасын орындадық.
 
Мұның бәрі — қадамымыздың нық қарқынымыздың қарышты екенін көрсететін, бесжылдықты 1970 жылы ойдағыдай орындауға сенімімізді күшейтетін фактілер.
 
Мұның бәрі Октябрь ғасырының 52-жылы, бесінші бесжылдықтың төртінші жылы болған 1969 жылдың абыройын көтерді. Оның қолынан 1970 жыл ерлік эстафетасын алды.
 
Алпыс тоғызыншы жылдың өзге жылдарға ұқсамайтын дара, елеулі оқиғалары да бар. Олар шын мәнінде тарихи оқиғалар!
 
Бәріміздің есімізде — жыл басында космос көгіне «Союз-4», «Союз-5» корабльдері көтерілді. Әлем төрт совет космонавтының ерлігіне тағы қол соқты. Олар В.А.Шаталов, Б.В.Болынов, Е.В.Хрунов, А.С.Елисеев. Екі корабль ғарышта жүріп түйісті. Жыл аяғына қарай тарихи ерлік шежіресіне тағы да «Союз-6», «Союз- 7», «Союз-8» корабльдерінің, тағы да жеті сұңқардың есімі жазылды. Олар — Г.С.Шонин, В.Н.Кубасов, А.В.Филипченко, В.Н.Волков, В.В.Горбатко, В.А.Шаталов, А.С.Елисеев. Көріп отырсыз, екі космонавт космос тұңғиығын зерттеуге қайталап сапар шекті. Ғылыми аса маңызды зерттеулер жасалды. Жерде ат ауыстырып мінудің өзі оңай емес. Ал біздің космонавттар ғарышта корабль ауыстырып мінді. 1969 жылдың айтулы оқиғасы бұл.
 
Бәріміздің есімізде июнь айында коммунистік және жүмысшы партияларының Москва Кеңесі болды. Бұл кеңес дүние жүзіндегі коммунистік қозғалыстың бірлігін, империализмге қарсы күрескерлердің қимылын күшейтуде, бейбітшілік, демократия, ұлттық тәуелсіздік және социализм жолында күресіп келе жатқан күштердің бүкіл дүниежүзілік майданын топтастыруда зор роль атқарды. Кеңес тарихи документтер қабылдады. Оның ішінде «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы туралы» үндеу бір ауыздан қабылданды. Дүние жүзіндегі революциялық күштердің жауынгер отрядтарынан келген өкілдер ұлы көсемнің өзімен сырласқандай болды. Олар Ленин есімі Ұлы Октябрь жеңісінің, әлемнің әлеуметтік бейнесін түбірімен өзгерткен, адамзаттың социализмнен коммунизмге бет бұруын бейнелеген аса ірі революциялық жеңістердің символы болып табылады деп көрсетті.
 
Сонау 1917 жылы дүние жүзінде жүздеген мың ғана коммунистер болса, қазір ол күрескерлердің саны 50 миллионға жетіп, 88 елде коммунистік және жүмысшы партияларын құрып отыр. Соның 71-і Москва Кеңесіне өз өкілдерін жіберді. Олар осы замандағы ең көкейтесті мәселе жөнінде кеңесіп, пікірлесті. Бұл да 1969 жылдың айтулы оқиғасы.
 
Бәріміздің есімізде — ноябрь айында, колхозшылардың Бүкілодақтық үшінші съезі болып өтті. Төрт жарым мыңнан астам совет деревнясының таңдаулы ұлдары мен қыздары Кремльдің Съездер сарайында бас қосып, ауыл шаруашылық артелінің үлгі уставын талқылады. Съезге жиналғандардың бейнесінен колхоз құрылысының бүкіл тарихы, бүгінгі советтік деревняның бар тұлғасы көрінгендей еді. Омыраулары Алтын жұлдызға, ордендерге, медальдарға толы отандастарымызды көргенде көңіліміз шалқыды. Әрбір күнгі мәжілісті жібермей көгілдір экраннан көз алмадық. Өзімізді солармен бірге Съездер сарайында отырғандай сезіндік. Делегаттардың тотыққан жүзінен даланың лебі ессе, киім киістерінен, жүріс-тұрыстарынан қаланың лебі есті. Қала мен деревняның арасындағы айырмашылықтың жойылып бара жатқанын адамдардың бойынан, олардың салауатты ойынан көрдік. Шаруа деген ұғымға совет адамы жаңа сипат, жаңа қасиет әкеліпті. Бір кезде «шаруа» деген сөзден төмен санаудың, кемсітудің исі аңқып тұрушы еді. Бұл күнде ол сөзді мақтанышпен айтамыз. Тегіміздің шаруа екеніне енді қорланбаймыз, қайта масаттанамыз.
 
Советтік заманда шаруа — қоғамдағы жасампаз күштердің белді бір категориясы.
 
Жаңа Устав қабылданды. Бұл колхозды деревняның өміріндегі жаңа кезең деген сөз. Ол кезеңде де Ленин партиясының ұлы идеяларымен жігерленген советтік шаруа езін көрсете алары, партия қалаған биіктен шығары сөзсіз. Колхозшылардың съезі, міне, осыны паш етті. Бұл да 1969 жылдың айтулы оқиғасы.
 
Жылдар жылға ұласып, ерлік істер жалғаса бермек, лениндік дәуір шежіресі қалыңдай бермек. Асыл арман бізді ілгері сүйрейді. 1970 жылы игерілер небір кезеңдерді, келісті керемет істерді көз алдымызға келтіреміз. Асу-асу белдер, аса жауапты сындар тұр. Міне, солардың бастылары.
 
Ұлы кесемнің мүшелді тойы, ғасырлық ғұмырына деген құрмет... Табысымызды тағы да екшеп, тағы да таразыға саламыз. Молайта бергіміз, зорайта бергіміз келеді. Зор жауапкершілікті түсінгендіктен сүйтетін болсақ керек. Әдетте адам ширыққанда қайраты тасиды. Ал халық ширыққанда ше? Онда оның алмайтын қамалы, жетпейтін мұраты болмаса керек. Біздің 1970 жылғы үлкен мұратымыз — көсем мерекесі құрметіне алған міндеттемелерді абыроймен орындау. Бұл — үлкен сын.
 
Өзен бойын қайнардан алады да, мұхитқа барып құяды. Бүгінгі тасыған халық жігері де тап сондай. Басы — қайнар, аяғы — мұхит. Бірақ, ол — дәулеттің, байлықтың мұхиты. Күні кеше еткен жылдың аяғында бұрынғы небір жақсы бастамаларға қосымша «Лениндік еңбек вахтасының жүз күнінде — жүз түрлі тарту!» атты қозғалыс туып еді. Сол қозғалысқа қарашы енді!
 
Қарағанды қаласындағы 16 кәсіпорынның озаттары бүкіл қала еңбеккерлеріне жазған хатында былай деді: «Ильичке біз өміріміздегі бар асылымыз, бар бақытымызбен қарыздармыз. Тағдырымыз тамаша арна тапты. Өзімізді ел қожасы, кен қожасы сезінеміз. Ризамыз, мақтанамыз бұл өмірге. Міне, осы сезім қайратымызды тасытады. Біз Владимир Ильичтің мүшелді мерекесі құрметіндегі социалистік жарыстың күннен күнге екпіндеп, қарышты қарқын алғанын көріп отырмыз. Мерекеге дейін қалған әрбір күн қажырлы еңбекке, жаппай ерлікке толы болсыншы! Біздің жүрегіміз осыны қалайды».
 
Бұл — бүкіл совет адамдарының қалауы. Қаһарман замандастарымызға сол қалауыңа жет дер едік. Жақа жылдық үлкен бір тілек, міне, осы. Дарқан дастархан басында бұл үшін көтерілер тосты есте ұстайық.
 
Қазақстан еңбекшілері үшін тағы бір еңселі мереке тұр. Ол — республиканың елу жылдығы. Ұлы көсемнің туғанына 100 жыл толуымен, бесжылдықтың соңғы жылымен қанаттас келетін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол да республика еңбекшілерінің алдында тұрған екінші сын. Жарты ғасыр ішінде дамудың ғажайып жолынан өткен халықтар достығының ұлы факелін ұстаушы Қазақстан шежіресінің жарқын беттерін жасайық! Жаңажылдық тағы бір тілек, міне, осы. Бұған да тост көтереміз.
 
1970 жыл — бесжылдықтың соңғы жылы. Соңғы жүк қашан да ауыр. Біздің қайратымыз әрдайым ауыр істерде, жауапты міндеттерді орындауда шындалған. Бұл жолы да сүрінбеуге сертіміз бар. Бесінші бесжылдық еліміздің алып тұлғасын даралап, сын саладағы табысына табыс, жеңісіне жеңіс қоса түссін! Алдағы бесжылдықтың старт алар аса зор алаңын, қай жағынан болса да, әзір етейік. Жаңажылдық тағы бір тілек, міне, осы.
 
1970 жылы фашистік Германияның талқандалғанына, біздің ұлы жеңісімізге ширек ғасыр толады. 25 жыл тарих үшін ұзақ мерзім емес. Бірақ біз сол бір жеңіс жылынан неғұрлым қашықтаған сайын соғұрлым оның халықаралық мәні, соғұрлым сол жеңістен алар сабақтарымыз айқындала түсуде. Жеңістің 25 жылдығы — биылғы тағы бір үлкен той.
 
Ал совет халқының тарихи ерлігін еске түсіру ғана емес, сонымен бірге тарихтың үлкен ескертуі де. Гитлерлік армия бақайшағына дейін қаруланған қуатты армия болатын, халықаралық империализм оған үлкен үміт артты. Сол себептен де фашизмді Совет Одағына айдап салды. Бірақ ол үміті күл боп ұшты.
 
Бұл мейрам тағы да тартысқа түскісі кеп, тағы да қан төгуді аңсаушылар үшін де сабақ. Біз социализм жеңістерін ерлікпен қорғадық. Сол ерліктің арқасында социалистік ынтымақ дүниеге келді, социалистік лагерь ірге тепті. Оның тұтастығын ешкімге бұздыра алмаймыз.
 
Бұл мейрам — Вьетнамдағы абыройсыз, басқыншылық соғысымен дүние жүзіне масқара болған американ империализм! үшін де, сол империализмнің айтақтауымен Таяу Шығыста шиеленіс туғызып отырған Израиль агрессорлары үшін де, нацизмді қайта тірілтуге жан ұшырған батыс германиялық реваншистер үшін де сабақ.
 
Тарих сабағын ұмытқысы келгендерге бұл мейрам көп нәрсені ескерте алады. Біз кегіміздің мөлдір, көңіліміздің шат болуын қалаймыз. Міне, 25 жыл біздің зеңбіректер үнсіз. Осы мерзім ішінде қаншама ғажайып бейбіт істерді атқардық. Бейбіт өмір өзінің мәуелі бәйтерегін барған сайын шешек аттыруда. Біз зеңбірек атаулының үні өшсін, самолет атаулының бомба емес, тек қана жолаушылар тасуын, ракета атаулының космос көгінде ғылымға ғана қызмет етуін қалар едік. Октябрь - ана бейбітшілік деп ауыздандырған, сондықтан біз бейбітшілік деп өмір сүргіміз келеді.
 
Жаңажылдық дастархан басында, малына безендірілген елка қасында айтарымыз осы. Осы ниет ақ тілеулі аналарымыздың, күміс күлкілі балаларымыздың, нұрлы жүзді жарларымыздың да жүрегінде. Вьетнам халқының балалары да жана жылда біздің бөбектердей жайнап жүрсе екен дейміз. Бомба қай жақтан түседі деп аспанға үрейлене қарамаса, мылтықтан қорқып орманға тығылмаса екен дейміз. Грек әйелдері абақтыдағы жарларының тағдырын ойлап тарықпаса, қайғының, мұңның тұңғиығына тұншықпай, арайлы азаттық таңына қараса! Бауырластық шын тілегіміз осы. Олардың бүгінгі мүшкіл халдері біздің де қабырғамызды қайыстырады. Адам дүниеге қуану үшін, жасау үшін, жаңғыру үшін келмей ме! Гректің патриот композиторы Микис Теодоракис өзінің шығармаларын адам үшін, соның рухани байлығы үшін жазған жоқ па! Ал осы шығармалар түскен пластинкалар неге құртылады? Композитор неге қапас түрмеге жабылады? Оның қолындағы зеңбірек емес, мылтық емес, бейбіт аспабы ғой. Ол оқ атпайды, ән жазады, күй шығарады емес пе! Көңіл қошын көтеріп, музыкада сұлулықты, жан сұлулығын жырламай ма! Оның орны түрме емес, оның орны театр, сахна, жазира жұрттың алды!
 
Жоқ, Отаны қапаста болған соң оның ұлына азаттық қайдан келсін. Адамның талантын, ақыл-ойын да тұтқында ұстап тұншықтырғысы келетін қара ниеттілер бар әлі бұл дүниеде. Олардың еркіне жіберсең, жұмыр жерді су түбіне батырудан тайынбайды.
 
Ұлы Лениннің кемеңгерлігі қанаушы таптың, осы қара ниетін әшкерелеп қана қоймай, соған қарсы ұлы майдан ашуында, сол майданда өзі бас болып жеңіске жеткізуінде. Жаңа тарих, жаңа ғасыр басы сол жеңіс күнінен — Ұлы Октябрьден басталды. Содан бергі жылдар — жыршыл, сыршыл жылдар. Содан бергі жылдар — Октябрь ғасырының шежіресі.
 
Көгіндегі күніңе, жүзіндегі нұрыңа қылау түспей, әр жылғы қадамыңа гүл бітсін, отандастар!
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға