Жаңалықтар

Келелі мақсат - кең тыныс

  Келелі мақсат - кең тыныс Осы кітаптың ең соңғы редакциясы қаралып біткен шақ біздің отандастарымыз, қала берді дүйім дүние халықтары айлар бойы асыға күткен аса зор оқиғамен тұстас келді. Советтік құрылыстың бірінші Елужылдығына эпилог, екінші Елужылдығына пролог саналатын осынау алда тұрған бес жыл біздің ұрпақ, өмірінің тағы бір эпопеясын, ұлы симфониясын, жаңа бір шежіресін жаздырмақ. Ендігі очерк, публицистика, суреттемелердің кейіпкерлері - қатарымызда бірге жүрген қаһарман дос, туыстарымыз күні ертең-ақ көп-көп жаңа қырларымен көрінері сөзсіз. Сағаты соққанда оны да өз алдына кітап етіп ұсынармыз. Соған дейін жазушыға да, оқушыға да қатысы бар мына бір төмендеп сырларды шертумен шектеле тұралық. Осыдан аз-ақ, уақыт бұрын Алматыдағы Коммунист проспекті жайлы өз сезімімді өлең түрінде жазып, оның жарқын өзгерістеріне жаныммен тебіренген едім. «Менің көшемнің тынысы» деп атағам-ды оны. Сол көшем қазір тағы да өзгеріп кетті. Өте шұғыл өзгеріп кетті. Газондар пұшпаққа қарай көп-көп ығысып, асфальт арнасы алшақтап, бұрын да дархан көше одан бетер даңғылдана түсті. Шешен домбыраның ішегіндей сыңғырлап, екі беткейде жарысып жатқан мөлдір бұлақтар жүйесі де бір-бірінен сәл қашықтап, қою қозғалысқа орталарынан мол орын қалдырды. Өміріміздегі күнделікті өзгерістердің үлкен де, үрдіс қимылдың барлық көрінісі осыған ұқсас. Өткен март пен осынау апрель ел тіршілігінің саяси-экономикалық, ғылыми-мәдени тараптарына да көктемнің нұр, шуақтарын көп себелеп тастады. Бусана бөріткен жер үстіндегі күн жылуындай, тепе тебіндеп, бірден тұтанған балғын гүл, балапан көктей, жүлге-жүйеге жамырай жүгірген мөлдір бұлақтардай көңіл ашар, шабыт шақырар оқиғалар осы бір екі айда ересен көп көрініс берді. Жаңа бесжылдық директиваларының жобасы жалпының қалың құптауы мен қапысыз талғам-талқысынан туған ортақ ойларды, бүкіл дала-қала жұрттарының даналығын бойына сіңірді. Одақтас республикаларда совет коммунистерінің форумдары бірыңғай биік өтіп жатты. Сол санатта Қазақстан коммунистерінің XII съезі де ұлы дәуірдің ұранын көтерді, өткен шақтың түгел табысын түйіндеді, кемсін жайларды да батыл сынады. Сөйтіп, шындығымызды шынықтыра түсті, алдымызды айқындап, жүк-міндет, қарыз-парызымызды жол-жөнімен жоспарлап берді. Бұл тұста қоғамдағы күллі коллектив Ленин партиясының XXIII съезіне тап сонау Ай спутнигін даярлаған. Әлем саяхатына атом сүңгуір қайықтарын даярлаған қауымдардай-ақ қам істеді. Даңқты цехтар мен дала қостарында қанша миллион қақпа, шатырлар үстінде жарыс туы жалындай шалқып, көкіректегі берік сезімдер сертке ұласып жатты. Ежелгі лениншілдер дәстүрі қанына сіңген халқымыз құрметті еңбек вахтасына тұрды. Әлемдегі бірден-бір революцияшыл партияның гимні «Интернационал» ең әуелі осылайша Отанымыздағы 232 миллион жасампаз жандар атынан, оның он екі миллион жасақты коммунистері атынан дүние координаттарын дүр сілкінтіп сонау алыстағы Ай төңірегіне сонсоң барды-ау! Міне, КПСС XXIII съезі қарсаңында Отан осылайша кемеңгер көкірегін кере тыныстады, бекіп те болмаған Бесжылдық өнімдері көктемгі тау дариясындай тасып шалқып, құт-береке теңізіне құйылып жатты. Даңқты Октябрь пленумының, одан кейінгі март, сентябрь пленумдары аталған коммунист форумдардың қарар-шешімдері барлық салада салтанат құрып, ғылым мен практикадағы қаһармандық, әзіз әмірші жүректің ынта-жігері қайрат-күші қанатын кең жайып келді. Осындайда абзал халқымыздың теңдесі жоқ тереңде, биік ұлылығын ұққан үстіне ұғып-ақ қаласың!.. Көптен күткен 29 март Москва сағатына онды соқтырды. Оның үні дүниедегі оң, теріс тілекті күллінің құлағына күмбірлеп еркін естілді. Эфирді жаяу борасындай жайлап алған «ала-қаншық», түрлі-түрлі болжал-топшылаулар тоқтала қалды. Мәртебелі Кремльдегі Съездер Сарайының сырты мен іші әлемдегі әрқилы бақылаушының көз алдына келіп тұтасымен тұрып алды. Телевизормен ұзақ уақыт үнсіз беттесіп, тебіренген дос та, көрнеу көкірегін қарсы айырған қас та көп болғаны қақ. Үміт-сенімнің үлкен хартиясына өз елімізден басқа сексеннен астам елдің ақ, тілеулі ардагер ұл-қыздары қадірменді қонақ сипатында қатысты емес пе. Құрлықтардың баршасынан құттықтау тасқынын телетайп, телеграфтар мінсіз, мігірсіз құптады. Съезд өз жұмысын баяғыша байсалды бастап кетті. Орасан ойшыл, көреген көсем де, шешен күндер шерулеп, бірінен соң бірі өтіп жатты. Еліміз екі апта бойына созылған осы съезге өз өкілдерін тана емес, бүкіл арман-тілегін апарды. Бес мыңға жуық делегат соңынан тоқсан мың құттықтау, хат-хабар, ұсыныс, рапорттар съезге барша тараптан барып жатуы осы жайды айқын аңғартты. ...Өзін шын Отан мен партия патриоты санайтын жазушы, журналист, ортақ ойлы қаламдас дос осынау болған ұлы жиынның жарқын идеясын жалпыға насихаттау жолында іркілмей ізденеді, алып шындығымызға арқа сүйеп отырып, толып жатқан толғаныстарға ұйып береді. Содан барып шын сөз түгел түрімен жүрекке жол табады. Әрине, съезд әсерінен соң іле-шала туып жатқан әзіргі күндер қалам иесін қайтадан бір іс барлауға барғызады. Күн проблемаларының күллі звеносымен қан-жігерін қаруландырады: әдетте ең әуелі әсерге сөз берілетіні заң. Бұл мақала да сол әзіргі әсер ұшқыны болмақ. Совет коммунистерінің ХХIII съезіне мезгіл үш ағайынды болып қатысты деу әбден орынды. Өршіл, өндіргіш өткен шақ болып жатқан барша қозғалыстың барометрі бүгінгі күн мен кемеңгер келешек бұл съезге шешуші дауыспен тегіс, тең праволы қатысты. Үш мезгілдің ұжым ұйғарысымен эстафетаға сөз берілді. Туған жердің бет-бедерінде арғы кезеңдер сияқты өткен жеті жылдың да өрнегі өз бояуымен бір ұдай, қайталанбайтын географиялық карта болды. Қашыққа шалқаймай-ақ, Қазақстанға көз жүгіртсең де ол саған оттан ыстық, айдан айқын көрінеді. Барлық атырап та әлгі бір сөз басындағы Алматы көшесіндей көркейе өзгеріп, жасарып келіп, ендігі мезгілге толық есеп берді. Біз Қазақстанда көптеген зор-зор өндіріс ошақтары етек-жеңін елсіз жапан үстіне де жайып жібергенін көрдік. Республикада соңғы жеті жыл ішінде жеті жүзден астам ipi-ipi жаңа кәсіп орны пайда болған десек, солардың әрбіреуіне мезгіл тың мекен де тауып берді. Бұрынғы үлкен-үлкен, алып дегендеріміз де үрдіс өзгеріп, 535 жана цех сол бұған дейінгі ірілер қанатынан ірге тепті. Сөйтіп, индустрияның аға буыны саналатын алғашқы ошақтары да қуатына қуат қосты. Бұл — оның жыры да өзгеріп кетті деген сөз. Ал, тұрғын жайлар ақуалы ше?.. Тың қоныстың үй-жайлары өз алдына... Қарт заман қалдығы — саман лашық, құжыра тамдар жеті жыл ішінде құдды басқа бір белгісіз жаққа жер ауып кеткендей, көше-көшеден аумақ-жұмағымен алынып тасталды. 42 миллион шарты метр комфортқа Қазақстанның көпшілік жұрты көшіп қонды. Мысал үшін айта кетейін, ондаған жылдар бойы өзгерудің бір орайын келтіре алмай, баяғы баз қалпында күзгі, күйік бетегедей жермен-жексен тырбиып кеп жататын бір қалашық болушы еді. Арғы заманның жоқ-жітік балықшы, пәдретші, алып-сатары саудагер, жалдап-жатақтары мен сүргіндегі қарашекпендер салған өңшең бір тозғын, тоқал үйшіктер жүрегімізді жүдетіп-ақ бітіп еді. Өзгелер өзгеріп, жаңарып жатса да, неге екені белгісіз, осы бір быжырқай міз бақпаушы еді. Бір кезде ел аузында үйшік атанған, Жайықтың Еуропа тарапындағы көне Гурьевті айтып отырмын. Былтыр барғанда соның да тынышы кете бастағанын көріп, тынысым біраз кеңейіп қалды. Сөйтіп, бұрынғы көне кварталдар да атын қалдырып, затын өзгертіп алған. Осы маңайда бір сәт ойланып отырсаңыз, жас жетіліп, қарт жасарып, талай ұрпақ табысып жатқандай тамаша бір жайлар ғой бұл өзі!.. Жоғарыдағы бір сөзімізде далалар есебінен қалалар көбейді дедік те, сол әр қаланың өзіндік сырын сипаттамалық. Шойын, кокс, титан, магний, синтетикалық каучук, глинозем, асбест, картон, күрделі минералдың тыңайтқыштар — сайып келгенде осының әрқайсысы өз алдына бір қала. Темір қаласы, мұнай қаласы, дән-дақыл қаласы, ауыл шаруашылық машинасын жасайтын қала, экономикадағы «А», «Б» категорияларының басқа да толып жатқан тұлғалы ошақтары — мұның бәрі әр қала тұрғындарының өзгеден өзіндік мамандығын да айқын аңғартады. Бір комплексті мамандар қауымының тірлігінен тыс ондай шаһарда тұру, тұрғындар тізіміне тіркелу ұят. Халықтың тұрмыс-жағдайы тағы да кемелденіп, іс адамына стимул (ынта) сыбағасы мол берілді. Өміріңнің қызығы өзіңнің қимылыңда ғана. Қоғам береген қолыңды қақпайды — алаған да сен боласың. Бұл айтылғандар ел өмірінің елгезек жаршысы нағыз ақынның найзағай, ракета шапшаңдығымен шалқып көтерілетін, асқақ жырлайтын аңыздан артық шындығы. Орталық Комитеттің кешегі есебінде жол-жөней болса да қынжыла атап өткен әне бір некен-саяқ, намыссыз жазушысымақ біреулердің ғана көзі жетпейтін көкжиек, тап бүгінгі күннің тамаша шындығы осылар. Әрине, бұлармен замандас олқы жайлар да жасырын емес. Өсудің де өзіндік кемшілігі болатыны әзелден-ақ темір логика. Адымды қозғалыстың сәл ағат, оқыс серпіні де аракідік ықтимал. Мысалға ауыл шаруасындағы ақуалды алайық. Тұтас салмақтағанда ауыл секторы бұл тұсқа қала қатарынан сәл кейінірек, қалып келді. Съезд соның себептерін жетік ашты, ірілі-ұсақты кемсін, қателер қатты мошқалды. Даурыға мақтану, орынсыз төбеден түйіліп әкімсу, жерді баппен пайдалану орнына бет-албатты түбіттей түткізу, жоспарды жөнсіз, жөппелдем өзгерту сияқты ғылымға жат ғибратсыз қылықтар қырсығын түбірімен отаған Октябрь пленумына съезд мінбесінен биік баға берілді. Съезде өткен шақтың осыншалық жан-жақты есебін бүгінгі күніміз бұлайша қабылдай отырып, келер күндердің жол-жоспарын айқындады. Ендігі жерде егінші, бағбан, бақташылар кәсіпшілігіне екі есе назар-ілтипат, қаржы-қаражат жұмсалмақ берік кесім, шешім боп құпталды. Егін тыңы мен мал тыңын егіз дамытып отырған Қазақстан үшін бұл өзі тіптен айрықша проблема. Тура осы проблемамен туысып, етене табысып алу қаламы қуатты қайраткердің бас парызының бірі болса керек: Көзіміз қаныққан көп жайлар осы бір тұста тұнып тұр. Ауыл тағдырына араласып жүргендер санатында бедел-достармен бірге берекесіздер де жоқ емес. Басшылық ісін арқаланбақ түгіл газды су мен балмұздақты адал сата алмайтын, қадір-қасиетінен хабарсыз әулекі кейбіреулер әлі де кездесіп қалуы ықтимал. Тек солар ғана қадалмыш қаламға аяусыз нысана да, қалған құбылыстардың барлығы-ақ жарқын шабытқа жалын бермек. Келешек жайына келсек, қазіргі таңда әрбіріміз-ақ құрылыс объектілерін жобалайтын инженерге ұқсаймыз: «Пәлен жердегі болашақ сарайдың архитектурасы, іші мынадай, сырт көрінісі мынадай болмақ» деген суретті баспасөз бетінен жиі ұшыратушы едік қой. Сол сияқты біздің жүрегімізде де болашақ шындықтың бой-тұлғасы тірі тіркестерімен жатыр. Бесжылдық директиваларының әр жолына көзіңіз түссе-ақ, көкірегіңізде көптеген бір қызық қимылдар пайда болады. Жалғыз-ақ ден қоя оқи білсеңіз болғаны!.. Мәселен... Мәселен, алдағы Бесжылдықта орта мектеп мұншалық көбейеді, институттардың, ғылым ордаларының саны мұншалық артады деген жазулардың мағынасында келешек сменамыздың (өміріміздің жарқын жалғасының) өзінен бастап, әлі күнге шекті әйгілі емес құрал-жабдықтары мен лабораториялар көз алдыңызға елестемей ме?! Мәселен... Мәселен, қол еңбегін жеңілдету еткен елу жылдың ең бір ұлықтан ұлық ұраны болған еді. Ол проблема шебер шешілген-ді. Ал, мынау директиваларда ақыл-ой еңбегін жеңілдету ұраны ең алдыңғы, ең ірі жоспарға қойылғандардың, бірі болып, көз, көңіл объективін түгел алып тұрған жоқ па?!.. Қапшағайдың ГЭС, теңіздері, Қарағанды-Ертіс каналы, айшылық жерден құрдымға тартылған құбырлар сипатты өмір өзегінің жем-сусындары қайран туған жеріңізді сізге қайтадан бір таныстырып шықпай ма?!.. Қазақстан қашан да кең-байтақ- Қарақұйрық,, ақбөкені асыр салған. Үкі, қояндары үрке қоймаған әуелгі қалпындағы жер әлі де баршылық десек, осы директиваларда оның, ертеңгісі де өз алдына бір ұдай сүренді сурет. Жердің үстіңгі қабатынан-ақ үлкен табылатын кесек рудалардың ашық карьері, ақ, қызыл, жасыл шатырлы жаңа үйлер, стадион, монша, клубтар, белден-белге жарқырап асып жатқан шойын, асфальт жолдар, маңдайына өз республикамыздың, өз заводымыздың маркасын жаздырып алып, қаптап жүрген Қазақстан тракторлары — әлгі айтылған көкіректегі көптеген қызық қимылдар осылайша тізбек-тізбек болып келе береді Коммунистік коғам құрудың ұлы Программасында өте дәл де, тұжырымды жазылған қасиетті бір қағида бар-ау: «Бәрі де адам үшін!» деп, шапағатты ұран шашып тұр ғой ол. Сол бір ұлы заңға барша табиғатымен бағынған ендігі мезгіліміз елдің жұмыс күні де қысқартып, оны аптаның бес күніне түсірді. Екі күн ұдай емін-еркін демалыс дегеніңіз адамның жеке өзіндік, семьялық тағдырына — ұлы мәніндегі ұяға деген партия ілтипатының, лениндік гуманизмнің салтанаты. Біз бір сөзбен үй деп атайтын қасиетті меншік мекенімізді Ленин кішкене мемлекет деп тегіннен тегін айтпаған ғой. Мұның өзі де, өсіп өзгеру жүйесі күрделі, айна-қатесіз мемлекеттік механизм. Әсіресе, біздің Отанымызда, дәл осы дәуірде... Әрине, үй ішіндегі сан қилы тіршілікті санап жеткізе алмайсың. Бірақ, солардың ішінде ылғи бір ойыңның ортасын алып тұратын бірегей бір жайлар бар-ау. Шәкірт балаңның маңдайынан сипап, ойындағысын білу, күнделігін тексеріп, мектептегі жетекші, ұстаздарына жолығу, орайын тапқанша шөлдеп жүрген кітабыңды оңаша бір ұйып отырып оқу, өзгеден өзі ғана ерек нақ сүйеріңмен адамға бір-ақ рет берілетін әзіз өмір жайлы әрқилы әңгіме шертіп, пікір түгендесу, жан-жарастығы мол дос семьялармен барыс-келіс, ұғыныс баптары — осы айтылғандардың әрбіреуі-ақ құл-мезгілгі құмарың емес пе?.. Міне, енді мұның да сағаты екі есе ұзарып отыр. Келешектің кескін-тұлғасы үйде-түзде осы сипатта көрінеді. Жалғыз-ақ, директиваларды жалан көзбен емес, жаныңмен оқып, ден қоя, түгел түсіне білсең болғаны... Сонда сен де, өз әріптесім, дүйім дүбірге ат құрғатпай араласасың. Жыр, хикая, табиғатына жаңа бір ой, образ орамдары, тіл тіркестері, ырықтан тыс тамаша ырғақ, әсерлі әуендер келеді. Әдебиетіміз кемеңгер кейіпкерлермен толыса түседі. Соңында әдебиет жайлы бірер сөз. Өз басым халық шаруашылығының өзге саласынан өнер-әдебиет саласы кемсін, кенже-нәрегей деген пікірмен, кім айтса да, келісе алмаушы едім. Соның дұрыстығына съезд тағы да көзімізді жеткізді. Жаман шығармаларымыз жақсыларымызды сызып тастау үшін жазылмаған ғой. Олар оған дәрменсіз. Оның үстіне, жаман шығарма бесжылдық жоспарда жоқ. Партия съезі әдебиетімізді де әл-ауқатты, өнімі бітік, көп мәніндегі көркем кәсіпшілік деп биік бағалап, оған да ендігі мезгілдің ересен салмақты жүгін жүктедің аса зор сенім артты, тазалықты талап етті. Өз анасына қор сөз айтып, қол көтермек болған жетесіз жеке біреулерді өнер иелерінің санатынан өшіріп берді. Мұның бәрі көңілді сергітіп, берік сенімді бекіте түсетін, шабыт шақыратын жанды, жалынды медет, әз әкенің қалтқысыз қамқорлығы. Өзінің баяғы батыл бағытынан айнымас тапшыл, революцияшыл әдебиетіміздің қасиетті дәстүрі қашан да дәуірлеп, салтанат құра береді. Біздің не қилы күрестерде шыныққан қаһарман социалистік реализм коммунистік қоғамның материалдық, рухани байлығын даналықпен даярласады. Жазушылар съезі де жақын, ұрымтал тұста тұр. Ол партия съезінің жарқын идеяларымен жарақтанып, білгір, биік етеді деген сенімге әрбіріміз иеміз. Ол съезде де барды байсалды бағалап, жоққа жол табамыз; көркем ісіміздің көлемді бесжылдығын бір ауыздан құптап алып, сонсоң тағы да бір құлшына жазар болармыз. Қазіргі уыздай әсер әлі-ақ өзендерден енген терең теңіздей шеңберленіп барып, адамның артықша ақылгөйі, адал досы — кітапқа кірер болар! Іске сәт, әріптес достар! 1966 жыл.  
07.12.2012 23:09 3320

 

Келелі мақсат - кең тыныс

Осы кітаптың ең соңғы редакциясы қаралып біткен шақ біздің отандастарымыз, қала берді дүйім дүние халықтары айлар бойы асыға күткен аса зор оқиғамен тұстас келді. Советтік құрылыстың бірінші Елужылдығына эпилог, екінші Елужылдығына пролог саналатын осынау алда тұрған бес жыл біздің ұрпақ, өмірінің тағы бір эпопеясын, ұлы симфониясын, жаңа бір шежіресін жаздырмақ. Ендігі очерк, публицистика, суреттемелердің кейіпкерлері - қатарымызда бірге жүрген қаһарман дос, туыстарымыз күні ертең-ақ көп-көп жаңа қырларымен көрінері сөзсіз. Сағаты соққанда оны да өз алдына кітап етіп ұсынармыз. Соған дейін жазушыға да, оқушыға да қатысы бар мына бір төмендеп сырларды шертумен шектеле тұралық.

Осыдан аз-ақ, уақыт бұрын Алматыдағы Коммунист проспекті жайлы өз сезімімді өлең түрінде жазып, оның жарқын өзгерістеріне жаныммен тебіренген едім. «Менің көшемнің тынысы» деп атағам-ды оны. Сол көшем қазір тағы да өзгеріп кетті. Өте шұғыл өзгеріп кетті. Газондар пұшпаққа қарай көп-көп ығысып, асфальт арнасы алшақтап, бұрын да дархан көше одан бетер даңғылдана түсті. Шешен домбыраның ішегіндей сыңғырлап, екі беткейде жарысып жатқан мөлдір бұлақтар жүйесі де бір-бірінен сәл қашықтап, қою қозғалысқа орталарынан мол орын қалдырды.

Өміріміздегі күнделікті өзгерістердің үлкен де, үрдіс қимылдың барлық көрінісі осыған ұқсас. Өткен март пен осынау апрель ел тіршілігінің саяси-экономикалық, ғылыми-мәдени тараптарына да көктемнің нұр, шуақтарын көп себелеп тастады. Бусана бөріткен жер үстіндегі күн жылуындай, тепе тебіндеп, бірден тұтанған балғын гүл, балапан көктей, жүлге-жүйеге жамырай жүгірген мөлдір бұлақтардай көңіл ашар, шабыт шақырар оқиғалар осы бір екі айда ересен көп көрініс берді.

Жаңа бесжылдық директиваларының жобасы жалпының қалың құптауы мен қапысыз талғам-талқысынан туған ортақ ойларды, бүкіл дала-қала жұрттарының даналығын бойына сіңірді. Одақтас республикаларда совет коммунистерінің форумдары бірыңғай биік өтіп жатты. Сол санатта Қазақстан коммунистерінің XII съезі де ұлы дәуірдің ұранын көтерді, өткен шақтың түгел табысын түйіндеді, кемсін жайларды да батыл сынады. Сөйтіп, шындығымызды шынықтыра түсті, алдымызды айқындап, жүк-міндет, қарыз-парызымызды жол-жөнімен жоспарлап берді.

Бұл тұста қоғамдағы күллі коллектив Ленин партиясының XXIII съезіне тап сонау Ай спутнигін даярлаған. Әлем саяхатына атом сүңгуір қайықтарын даярлаған қауымдардай-ақ қам істеді. Даңқты цехтар мен дала қостарында қанша миллион қақпа, шатырлар үстінде жарыс туы жалындай шалқып, көкіректегі берік сезімдер сертке ұласып жатты. Ежелгі лениншілдер дәстүрі қанына сіңген халқымыз құрметті еңбек вахтасына тұрды. Әлемдегі бірден-бір революцияшыл партияның гимні «Интернационал» ең әуелі осылайша Отанымыздағы 232 миллион жасампаз жандар атынан, оның он екі миллион жасақты коммунистері атынан дүние координаттарын дүр сілкінтіп сонау алыстағы Ай төңірегіне сонсоң барды-ау!

Міне, КПСС XXIII съезі қарсаңында Отан осылайша кемеңгер көкірегін кере тыныстады, бекіп те болмаған Бесжылдық өнімдері көктемгі тау дариясындай тасып шалқып, құт-береке теңізіне құйылып жатты.

Даңқты Октябрь пленумының, одан кейінгі март, сентябрь пленумдары аталған коммунист форумдардың қарар-шешімдері барлық салада салтанат құрып, ғылым мен практикадағы қаһармандық, әзіз әмірші жүректің ынта-жігері қайрат-күші қанатын кең жайып келді. Осындайда абзал халқымыздың теңдесі жоқ тереңде, биік ұлылығын ұққан үстіне ұғып-ақ қаласың!.. Көптен күткен 29 март Москва сағатына онды соқтырды. Оның үні дүниедегі оң, теріс тілекті күллінің құлағына күмбірлеп еркін естілді. Эфирді жаяу борасындай жайлап алған «ала-қаншық», түрлі-түрлі болжал-топшылаулар тоқтала қалды. Мәртебелі Кремльдегі Съездер Сарайының сырты мен іші әлемдегі әрқилы бақылаушының көз алдына келіп тұтасымен тұрып алды. Телевизормен ұзақ уақыт үнсіз беттесіп, тебіренген дос та, көрнеу көкірегін қарсы айырған қас та көп болғаны қақ.

Үміт-сенімнің үлкен хартиясына өз елімізден басқа сексеннен астам елдің ақ, тілеулі ардагер ұл-қыздары қадірменді қонақ сипатында қатысты емес пе. Құрлықтардың баршасынан құттықтау тасқынын телетайп, телеграфтар мінсіз, мігірсіз құптады. Съезд өз жұмысын баяғыша байсалды бастап кетті. Орасан ойшыл, көреген көсем де, шешен күндер шерулеп, бірінен соң бірі өтіп жатты.

Еліміз екі апта бойына созылған осы съезге өз өкілдерін тана емес, бүкіл арман-тілегін апарды. Бес мыңға жуық делегат соңынан тоқсан мың құттықтау, хат-хабар, ұсыныс, рапорттар съезге барша тараптан барып жатуы осы жайды айқын аңғартты.

...Өзін шын Отан мен партия патриоты санайтын жазушы, журналист, ортақ ойлы қаламдас дос осынау болған ұлы жиынның жарқын идеясын жалпыға насихаттау жолында іркілмей ізденеді, алып шындығымызға арқа сүйеп отырып, толып жатқан толғаныстарға ұйып береді. Содан барып шын сөз түгел түрімен жүрекке жол табады.

Әрине, съезд әсерінен соң іле-шала туып жатқан әзіргі күндер қалам иесін қайтадан бір іс барлауға барғызады. Күн проблемаларының күллі звеносымен қан-жігерін қаруландырады: әдетте ең әуелі әсерге сөз берілетіні заң. Бұл мақала да сол әзіргі әсер ұшқыны болмақ.

Совет коммунистерінің ХХIII съезіне мезгіл үш ағайынды болып қатысты деу әбден орынды. Өршіл, өндіргіш өткен шақ болып жатқан барша қозғалыстың барометрі бүгінгі күн мен кемеңгер келешек бұл съезге шешуші дауыспен тегіс, тең праволы қатысты. Үш мезгілдің ұжым ұйғарысымен эстафетаға сөз берілді.

Туған жердің бет-бедерінде арғы кезеңдер сияқты өткен жеті жылдың да өрнегі өз бояуымен бір ұдай, қайталанбайтын географиялық карта болды. Қашыққа шалқаймай-ақ, Қазақстанға көз жүгіртсең де ол саған оттан ыстық, айдан айқын көрінеді. Барлық атырап та әлгі бір сөз басындағы Алматы көшесіндей көркейе өзгеріп, жасарып келіп, ендігі мезгілге толық есеп берді.

Біз Қазақстанда көптеген зор-зор өндіріс ошақтары етек-жеңін елсіз жапан үстіне де жайып жібергенін көрдік. Республикада соңғы жеті жыл ішінде жеті жүзден астам ipi-ipi жаңа кәсіп орны пайда болған десек, солардың әрбіреуіне мезгіл тың мекен де тауып берді. Бұрынғы үлкен-үлкен, алып дегендеріміз де үрдіс өзгеріп, 535 жана цех сол бұған дейінгі ірілер қанатынан ірге тепті. Сөйтіп, индустрияның аға буыны саналатын алғашқы ошақтары да қуатына қуат қосты. Бұл — оның жыры да өзгеріп кетті деген сөз.

Ал, тұрғын жайлар ақуалы ше?.. Тың қоныстың үй-жайлары өз алдына... Қарт заман қалдығы — саман лашық, құжыра тамдар жеті жыл ішінде құдды басқа бір белгісіз жаққа жер ауып кеткендей, көше-көшеден аумақ-жұмағымен алынып тасталды. 42 миллион шарты метр комфортқа Қазақстанның көпшілік жұрты көшіп қонды. Мысал үшін айта кетейін, ондаған жылдар бойы өзгерудің бір орайын келтіре алмай, баяғы баз қалпында күзгі, күйік бетегедей жермен-жексен тырбиып кеп жататын бір қалашық болушы еді. Арғы заманның жоқ-жітік балықшы, пәдретші, алып-сатары саудагер, жалдап-жатақтары мен сүргіндегі қарашекпендер салған өңшең бір тозғын, тоқал үйшіктер жүрегімізді жүдетіп-ақ бітіп еді. Өзгелер өзгеріп, жаңарып жатса да, неге екені белгісіз, осы бір быжырқай міз бақпаушы еді. Бір кезде ел аузында үйшік атанған, Жайықтың Еуропа тарапындағы көне Гурьевті айтып отырмын. Былтыр барғанда соның да тынышы кете бастағанын көріп, тынысым біраз кеңейіп қалды. Сөйтіп, бұрынғы көне кварталдар да атын қалдырып, затын өзгертіп алған. Осы маңайда бір сәт ойланып отырсаңыз, жас жетіліп, қарт жасарып, талай ұрпақ табысып жатқандай тамаша бір жайлар ғой бұл өзі!..

Жоғарыдағы бір сөзімізде далалар есебінен қалалар көбейді дедік те, сол әр қаланың өзіндік сырын сипаттамалық. Шойын, кокс, титан, магний, синтетикалық каучук, глинозем, асбест, картон, күрделі минералдың тыңайтқыштар — сайып келгенде осының әрқайсысы өз алдына бір қала. Темір қаласы, мұнай қаласы, дән-дақыл қаласы, ауыл шаруашылық машинасын жасайтын қала, экономикадағы «А», «Б» категорияларының басқа да толып жатқан тұлғалы ошақтары — мұның бәрі әр қала тұрғындарының өзгеден өзіндік мамандығын да айқын аңғартады. Бір комплексті мамандар қауымының тірлігінен тыс ондай шаһарда тұру, тұрғындар тізіміне тіркелу ұят.

Халықтың тұрмыс-жағдайы тағы да кемелденіп, іс адамына стимул (ынта) сыбағасы мол берілді. Өміріңнің қызығы өзіңнің қимылыңда ғана. Қоғам береген қолыңды қақпайды — алаған да сен боласың.

Бұл айтылғандар ел өмірінің елгезек жаршысы нағыз ақынның найзағай, ракета шапшаңдығымен шалқып көтерілетін, асқақ жырлайтын аңыздан артық шындығы. Орталық Комитеттің кешегі есебінде жол-жөней болса да қынжыла атап өткен әне бір некен-саяқ, намыссыз жазушысымақ біреулердің ғана көзі жетпейтін көкжиек, тап бүгінгі күннің тамаша шындығы осылар.

Әрине, бұлармен замандас олқы жайлар да жасырын емес. Өсудің де өзіндік кемшілігі болатыны әзелден-ақ темір логика. Адымды қозғалыстың сәл ағат, оқыс серпіні де аракідік ықтимал. Мысалға ауыл шаруасындағы ақуалды алайық. Тұтас салмақтағанда ауыл секторы бұл тұсқа қала қатарынан сәл кейінірек, қалып келді. Съезд соның себептерін жетік ашты, ірілі-ұсақты кемсін, қателер қатты мошқалды. Даурыға мақтану, орынсыз төбеден түйіліп әкімсу, жерді баппен пайдалану орнына бет-албатты түбіттей түткізу, жоспарды жөнсіз, жөппелдем өзгерту сияқты ғылымға жат ғибратсыз қылықтар қырсығын түбірімен отаған Октябрь пленумына съезд мінбесінен биік баға берілді.

Съезде өткен шақтың осыншалық жан-жақты есебін бүгінгі күніміз бұлайша қабылдай отырып, келер күндердің жол-жоспарын айқындады. Ендігі жерде егінші, бағбан, бақташылар кәсіпшілігіне екі есе назар-ілтипат, қаржы-қаражат жұмсалмақ берік кесім, шешім боп құпталды. Егін тыңы мен мал тыңын егіз дамытып отырған Қазақстан үшін бұл өзі тіптен айрықша проблема. Тура осы проблемамен туысып, етене табысып алу қаламы қуатты қайраткердің бас парызының бірі болса керек: Көзіміз қаныққан көп жайлар осы бір тұста тұнып тұр. Ауыл тағдырына араласып жүргендер санатында бедел-достармен бірге берекесіздер де жоқ емес. Басшылық ісін арқаланбақ түгіл газды су мен балмұздақты адал сата алмайтын, қадір-қасиетінен хабарсыз әулекі кейбіреулер әлі де кездесіп қалуы ықтимал. Тек солар ғана қадалмыш қаламға аяусыз нысана да, қалған құбылыстардың барлығы-ақ жарқын шабытқа жалын бермек.

Келешек жайына келсек, қазіргі таңда әрбіріміз-ақ құрылыс объектілерін жобалайтын инженерге ұқсаймыз: «Пәлен жердегі болашақ сарайдың архитектурасы, іші мынадай, сырт көрінісі мынадай болмақ» деген суретті баспасөз бетінен жиі ұшыратушы едік қой. Сол сияқты біздің жүрегімізде де болашақ шындықтың бой-тұлғасы тірі тіркестерімен жатыр. Бесжылдық директиваларының әр жолына көзіңіз түссе-ақ, көкірегіңізде көптеген бір қызық қимылдар пайда болады. Жалғыз-ақ ден қоя оқи білсеңіз болғаны!..

Мәселен... Мәселен, алдағы Бесжылдықта орта мектеп мұншалық көбейеді, институттардың, ғылым ордаларының саны мұншалық артады деген жазулардың мағынасында келешек сменамыздың (өміріміздің жарқын жалғасының) өзінен бастап, әлі күнге шекті әйгілі емес құрал-жабдықтары мен лабораториялар көз алдыңызға елестемей ме?!

Мәселен... Мәселен, қол еңбегін жеңілдету еткен елу жылдың ең бір ұлықтан ұлық ұраны болған еді. Ол проблема шебер шешілген-ді. Ал, мынау директиваларда ақыл-ой еңбегін жеңілдету ұраны ең алдыңғы, ең ірі жоспарға қойылғандардың, бірі болып, көз, көңіл объективін түгел алып тұрған жоқ па?!..

Қапшағайдың ГЭС, теңіздері, Қарағанды-Ертіс каналы, айшылық жерден құрдымға тартылған құбырлар сипатты өмір өзегінің жем-сусындары қайран туған жеріңізді сізге қайтадан бір таныстырып шықпай ма?!.. Қазақстан қашан да кең-байтақ- Қарақұйрық,, ақбөкені асыр салған. Үкі, қояндары үрке қоймаған әуелгі қалпындағы жер әлі де баршылық десек, осы директиваларда оның, ертеңгісі де өз алдына бір ұдай сүренді сурет. Жердің үстіңгі қабатынан-ақ үлкен табылатын кесек рудалардың ашық карьері, ақ, қызыл, жасыл шатырлы жаңа үйлер, стадион, монша, клубтар, белден-белге жарқырап асып жатқан шойын, асфальт жолдар, маңдайына өз республикамыздың, өз заводымыздың маркасын жаздырып алып, қаптап жүрген Қазақстан тракторлары — әлгі айтылған көкіректегі көптеген қызық қимылдар осылайша тізбек-тізбек болып келе береді

Коммунистік коғам құрудың ұлы Программасында өте дәл де, тұжырымды жазылған қасиетті бір қағида бар-ау: «Бәрі де адам үшін!» деп, шапағатты ұран шашып тұр ғой ол. Сол бір ұлы заңға барша табиғатымен бағынған ендігі мезгіліміз елдің жұмыс күні де қысқартып, оны аптаның бес күніне түсірді. Екі күн ұдай емін-еркін демалыс дегеніңіз адамның жеке өзіндік, семьялық тағдырына — ұлы мәніндегі ұяға деген партия ілтипатының, лениндік гуманизмнің салтанаты.

Біз бір сөзбен үй деп атайтын қасиетті меншік мекенімізді Ленин кішкене мемлекет деп тегіннен тегін айтпаған ғой. Мұның өзі де, өсіп өзгеру жүйесі күрделі, айна-қатесіз мемлекеттік механизм. Әсіресе, біздің Отанымызда, дәл осы дәуірде...

Әрине, үй ішіндегі сан қилы тіршілікті санап жеткізе алмайсың. Бірақ, солардың ішінде ылғи бір ойыңның ортасын алып тұратын бірегей бір жайлар бар-ау. Шәкірт балаңның маңдайынан сипап, ойындағысын білу, күнделігін тексеріп, мектептегі жетекші, ұстаздарына жолығу, орайын тапқанша шөлдеп жүрген кітабыңды оңаша бір ұйып отырып оқу, өзгеден өзі ғана ерек нақ сүйеріңмен адамға бір-ақ рет берілетін әзіз өмір жайлы әрқилы әңгіме шертіп, пікір түгендесу, жан-жарастығы мол дос семьялармен барыс-келіс, ұғыныс баптары — осы айтылғандардың әрбіреуі-ақ құл-мезгілгі құмарың емес пе?.. Міне, енді мұның да сағаты екі есе ұзарып отыр. Келешектің кескін-тұлғасы үйде-түзде осы сипатта көрінеді. Жалғыз-ақ, директиваларды жалан көзбен емес, жаныңмен оқып, ден қоя, түгел түсіне білсең болғаны... Сонда сен де, өз әріптесім, дүйім дүбірге ат құрғатпай араласасың. Жыр, хикая, табиғатына жаңа бір ой, образ орамдары, тіл тіркестері, ырықтан тыс тамаша ырғақ, әсерлі әуендер келеді. Әдебиетіміз кемеңгер кейіпкерлермен толыса түседі.

Соңында әдебиет жайлы бірер сөз. Өз басым халық шаруашылығының өзге саласынан өнер-әдебиет саласы кемсін, кенже-нәрегей деген пікірмен, кім айтса да, келісе алмаушы едім. Соның дұрыстығына съезд тағы да көзімізді жеткізді. Жаман шығармаларымыз жақсыларымызды сызып тастау үшін жазылмаған ғой. Олар оған дәрменсіз. Оның үстіне, жаман шығарма бесжылдық жоспарда жоқ. Партия съезі әдебиетімізді де әл-ауқатты, өнімі бітік, көп мәніндегі көркем кәсіпшілік деп биік бағалап, оған да ендігі мезгілдің ересен салмақты жүгін жүктедің аса зор сенім артты, тазалықты талап етті. Өз анасына қор сөз айтып, қол көтермек болған жетесіз жеке біреулерді өнер иелерінің санатынан өшіріп берді. Мұның бәрі көңілді сергітіп, берік сенімді бекіте түсетін, шабыт шақыратын жанды, жалынды медет, әз әкенің қалтқысыз қамқорлығы. Өзінің баяғы батыл бағытынан айнымас тапшыл, революцияшыл әдебиетіміздің қасиетті дәстүрі қашан да дәуірлеп, салтанат құра береді. Біздің не қилы күрестерде шыныққан қаһарман социалистік реализм коммунистік қоғамның материалдық, рухани байлығын даналықпен даярласады.

Жазушылар съезі де жақын, ұрымтал тұста тұр. Ол партия съезінің жарқын идеяларымен жарақтанып, білгір, биік етеді деген сенімге әрбіріміз иеміз. Ол съезде де барды байсалды бағалап, жоққа жол табамыз; көркем ісіміздің көлемді бесжылдығын бір ауыздан құптап алып, сонсоң тағы да бір құлшына жазар болармыз. Қазіргі уыздай әсер әлі-ақ өзендерден енген терең теңіздей шеңберленіп барып, адамның артықша ақылгөйі, адал досы — кітапқа кірер болар!

Іске сәт, әріптес достар!

1966 жыл.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға