Жаңалықтар

«Лениншіл жас» газетінің редакциясына хат

  Жұмағали Сайын   «Лениншіл жас» газетінің редакциясына хат   Құрметті редактор!   Мен «Лениншіл жас» газеті оқушыларының бірімін. «Лениншіл жас» өзінің ұзақ жылдар бойы сіңірген игілікті еңбегімен Қазақстан жұртшылығының, әсіресе жастардың сүйікті газеттерінің біріне айналды.   Жас ұрпақтарымызды коммунистік рухта тәрбиелеу жолындағы бұл газеттің атқарып келе жатқан ерекше қызметін бір сөзбен атап көрсету қиын. Газет сүйікті, қымбатты газетіміздің, бірі. Бірақ менің айтайын дегенім басқа, біраздан бері көзге түсіп жүрген, жанымызға батып жүрген бір елеулі кемшіліктер туралы болмақ. Бұл сөз достың, шын достың кіршіксіз адал жүрегінен шыққан сөз, біздің «Лениншіл жасымыз» мінсіз болса екен деген тілектен туған сөз. Сонымен менің тоқталайын дегенім «Лениншіл жас» газетінде жарияланып жүрген кейбір мақалалардың өте шұбалаң, сөйлемдері теріс, сөз қолданулары жаңсақ екендігі жайында.   «...Қонақтар тағы да мол отырмақшы еді» «...әрі оны екі дүркін келгенде де құлағының түбіне сыбырлап айтты. Іргелес отырған мен зорға естідім». «...көп жыл бала тәрбиелеудің ыстық-суығына қақталған жан емеспін...» «ТетяАня екеуміз ұзақ әңгімеге кеттік. Жаңа космос ракетасы туралы газет материалдарын оқып жатқан Гриша ағай анда-мұнда масаттанған бізге білдірді». Осы бір біз келтірген мысалдардағы «қонақтар мол отыратын» еді, «екі дүркін құлағының түбіне сыбырлап» айтты, «іргелес отырған мен...» «ыстық-суығына қақталған» деген сияқты бұрмаланған теріс сөздер оқушы жұртшылықты ренжітетін, жастарымыздың тіл өнеріне жетуі ісіне үлкен зиян келтіретін жайлар. Бұл сөздердің ежелден бері қолданып, қалың бұқараның санасына сіңген түрлері: «қонақтар ұзақ отыратын еді», «екі рет құлағына сыбырлады», «қатар отырған мен...» «ыстығына күйіп, суығына тоңған...» деген сөздер емес пе!   Осы мысалға алып отырған «Ұл-қызбен бірге шеше өсті» деген өте ұзақ мақаланы ауыл, село жастары былай тұрсын, өмір бойы жазу ісіне араласып келе жатқан мына біздердің де түсіне қоюымыз оңай емес. Мақалада тілдің грамматикалық қағидасы мүлде бұзылған, басынан аяғына дейін теріс құралған сөйлемдер мен орнын жоғалтқан сөздерден құтыла алмайсыз. Оның үстіне бұл мақала белгілі бір жазу заңына бағынбаған, бір жүйеге түспеген біресе ананы, біресе мынаны баяндай бергендіктен айтайын деген ойы бытысып, бытпыраған.   Мақала тым ұзақ, сөздері жансыз, пікірлері күңгірт, сондықтан оқып отырған адамды өзіне тартпайды, айтылып отырған мәселе ынтықтырмайды, ой салмайды. Соның салдарынан тез ұмыт болады да, жұртшылық назарын аударар үлкен мәселелер сатысына көтеріле алмайды.   Меніңше «Лениншіл жас» бетіне жарық көретін мақала, хабар, әңгіме, очерктер саяси ұстамды болуымен қатар өте шебер, сөйлемдері қысқа, айқын, тілге бай болуы шарт. Мақаланы, я очерк-әңгімені оқып ұнатқан жас ұрпақ өз жолдастарын сол бір сәтте айғайлап шақырып алып заулатып оқып бере қоярлық жеңіл, ыңғайлы болуы шарт. Солай болғанда ғана әрбір газет номерін оқыған жастың ынтығы күшейе бермек, газет қадірі бұрынғысынан да арта бермек. Оның үстіне газет қалың оқушыларын түзу жазуға, тіл көркемдігін игеруге, пікір, ойларын қысқа да, ашық айтып үйренуге баулып отырмақ.   Біздің сөз арнап отырғанымыз «Лениншіл жастың» осы жылғы 11-октябрьдегі номерінде басылған «Ұл-қызбен бірге шеше өсті (?!)» деген мақала. Ал, 14-октябрьде басылған «Ақбұлақтың абзалдары», 8-октябрьдегі «Шабуыл», «Азаматтар» (Қамбаров, Жұмақанов, Жанұзақов жолдастар жазған) атты көлемді материалдар қысқартуды, өңдеуді керек етеді. Бұларда да сөз шеберлігі жетіспейді, айтайын деген ой дәл, қысқа айтылмайды.   Бұдан редакцияға түскен материалды қарау ісінде салқындық, өз ісіне жауапсыздық бар екенін байқаймыз. Жауапсыздық, авторлардың көңілін жықпау, кісінің беделіне қарап жазғандарын баса беру редакция үшін өте зиянды қылық, өте қауіпті әдет.   Сондықтан редакция қызметкерлерін өз ісіне өте жауапты қарауға, өз жұмысын тиянақты атқаруға үйрету керек. Сөйтіп газетті көп сөзділіктен, тіл шалағайлығынан тез арылту қажет.   Менің айтайын дегенім осы, бұл пікірімді редакциядағы жолдастар дұрыс ұғар, қорытынды шығарып бұдан былай ондай кемшіліктерден арылар деп сенемін.  
07.12.2012 18:45 6293

 

Жұмағали Сайын

 

«Лениншіл жас» газетінің редакциясына хат

 

Құрметті редактор!

 

Мен «Лениншіл жас» газеті оқушыларының бірімін. «Лениншіл жас» өзінің ұзақ жылдар бойы сіңірген игілікті еңбегімен Қазақстан жұртшылығының, әсіресе жастардың сүйікті газеттерінің біріне айналды.

 

Жас ұрпақтарымызды коммунистік рухта тәрбиелеу жолындағы бұл газеттің атқарып келе жатқан ерекше қызметін бір сөзбен атап көрсету қиын. Газет сүйікті, қымбатты газетіміздің, бірі. Бірақ менің айтайын дегенім басқа, біраздан бері көзге түсіп жүрген, жанымызға батып жүрген бір елеулі кемшіліктер туралы болмақ. Бұл сөз достың, шын достың кіршіксіз адал жүрегінен шыққан сөз, біздің «Лениншіл жасымыз» мінсіз болса екен деген тілектен туған сөз. Сонымен менің тоқталайын дегенім «Лениншіл жас» газетінде жарияланып жүрген кейбір мақалалардың өте шұбалаң, сөйлемдері теріс, сөз қолданулары жаңсақ екендігі жайында.

 

«...Қонақтар тағы да мол отырмақшы еді» «...әрі оны екі дүркін келгенде де құлағының түбіне сыбырлап айтты. Іргелес отырған мен зорға естідім». «...көп жыл бала тәрбиелеудің ыстық-суығына қақталған жан емеспін...» «ТетяАня екеуміз ұзақ әңгімеге кеттік. Жаңа космос ракетасы туралы газет материалдарын оқып жатқан Гриша ағай анда-мұнда масаттанған бізге білдірді». Осы бір біз келтірген мысалдардағы «қонақтар мол отыратын» еді, «екі дүркін құлағының түбіне сыбырлап» айтты, «іргелес отырған мен...» «ыстық-суығына қақталған» деген сияқты бұрмаланған теріс сөздер оқушы жұртшылықты ренжітетін, жастарымыздың тіл өнеріне жетуі ісіне үлкен зиян келтіретін жайлар. Бұл сөздердің ежелден бері қолданып, қалың бұқараның санасына сіңген түрлері: «қонақтар ұзақ отыратын еді», «екі рет құлағына сыбырлады», «қатар отырған мен...» «ыстығына күйіп, суығына тоңған...» деген сөздер емес пе!

 

Осы мысалға алып отырған «Ұл-қызбен бірге шеше өсті» деген өте ұзақ мақаланы ауыл, село жастары былай тұрсын, өмір бойы жазу ісіне араласып келе жатқан мына біздердің де түсіне қоюымыз оңай емес. Мақалада тілдің грамматикалық қағидасы мүлде бұзылған, басынан аяғына дейін теріс құралған сөйлемдер мен орнын жоғалтқан сөздерден құтыла алмайсыз. Оның үстіне бұл мақала белгілі бір жазу заңына бағынбаған, бір жүйеге түспеген біресе ананы, біресе мынаны баяндай бергендіктен айтайын деген ойы бытысып, бытпыраған.

 

Мақала тым ұзақ, сөздері жансыз, пікірлері күңгірт, сондықтан оқып отырған адамды өзіне тартпайды, айтылып отырған мәселе ынтықтырмайды, ой салмайды. Соның салдарынан тез ұмыт болады да, жұртшылық назарын аударар үлкен мәселелер сатысына көтеріле алмайды.

 

Меніңше «Лениншіл жас» бетіне жарық көретін мақала, хабар, әңгіме, очерктер саяси ұстамды болуымен қатар өте шебер, сөйлемдері қысқа, айқын, тілге бай болуы шарт. Мақаланы, я очерк-әңгімені оқып ұнатқан жас ұрпақ өз жолдастарын сол бір сәтте айғайлап шақырып алып заулатып оқып бере қоярлық жеңіл, ыңғайлы болуы шарт. Солай болғанда ғана әрбір газет номерін оқыған жастың ынтығы күшейе бермек, газет қадірі бұрынғысынан да арта бермек. Оның үстіне газет қалың оқушыларын түзу жазуға, тіл көркемдігін игеруге, пікір, ойларын қысқа да, ашық айтып үйренуге баулып отырмақ.

 

Біздің сөз арнап отырғанымыз «Лениншіл жастың» осы жылғы 11-октябрьдегі номерінде басылған «Ұл-қызбен бірге шеше өсті (?!)» деген мақала. Ал, 14-октябрьде басылған «Ақбұлақтың абзалдары», 8-октябрьдегі «Шабуыл», «Азаматтар» (Қамбаров, Жұмақанов, Жанұзақов жолдастар жазған) атты көлемді материалдар қысқартуды, өңдеуді керек етеді. Бұларда да сөз шеберлігі жетіспейді, айтайын деген ой дәл, қысқа айтылмайды.

 

Бұдан редакцияға түскен материалды қарау ісінде салқындық, өз ісіне жауапсыздық бар екенін байқаймыз. Жауапсыздық, авторлардың көңілін жықпау, кісінің беделіне қарап жазғандарын баса беру редакция үшін өте зиянды қылық, өте қауіпті әдет.

 

Сондықтан редакция қызметкерлерін өз ісіне өте жауапты қарауға, өз жұмысын тиянақты атқаруға үйрету керек. Сөйтіп газетті көп сөзділіктен, тіл шалағайлығынан тез арылту қажет.

 

Менің айтайын дегенім осы, бұл пікірімді редакциядағы жолдастар дұрыс ұғар, қорытынды шығарып бұдан былай ондай кемшіліктерден арылар деп сенемін.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға