Жаңалықтар

ЕХРО-2017 аясында Қазақстан экономикалық жағдайы қиын елдерге павильон салады

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде ЕХРО-2017 ұлттық үйлестірушісі Рапиль Жошыбаев студенттермен кездесу барысында Қазақстан көрмені ұйымдастырушылардың жалпы ережесіне сәйкес өзінің қатысуына төлемақы төлей алмайтын елдер үшін қолайлы жағдай жасауы қажет екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қаржы дағдарысы Еуропа елдерін тұралатып кетті. Мен Скандинавияда болғанда өңірдің қандай күйге түскенін өз көзіммен көрдім. Осыған байланысты, көптеген елдер біріге бастады. Біз Францияда Бас Ассамблеяда болғагда, көбісі бізден «Бұл сіздерге не үшін керек? Сіздерде мұнай да, газ да, жаңартылатын энергия көздері де көп, сіздер жайбарақат өмір сүре аласыздар» деген сауал қойды. Бұл ең алдымен біздің Елбасының бастамасы және біздің басты міндетіміз энергияның, атом энергиясы болса да қауіпсіз болуы болып табылады. Біз баламалы энергетика саласындағы өз мүмкіндіктерімізді белсенді дамытуымыз керек», - деп атап өтті Жошыбаев. Ұлттық үйлестіруші сондай-ақ ЕХРО-2017 ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыру үшін мүмкіндік беретінін айтты. Ал «біздің есебімізден» салынған нысандар Отанымызда қалып, «Болашақтың энергиясын» әрі қарай зерттеу және қолдану мақсатында пайдаланылатын болады.
07.12.2012 11:52 2731

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде ЕХРО-2017 ұлттық үйлестірушісі Рапиль Жошыбаев студенттермен кездесу барысында Қазақстан көрмені ұйымдастырушылардың жалпы ережесіне сәйкес өзінің қатысуына төлемақы төлей алмайтын елдер үшін қолайлы жағдай жасауы қажет екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қаржы дағдарысы Еуропа елдерін тұралатып кетті. Мен Скандинавияда болғанда өңірдің қандай күйге түскенін өз көзіммен көрдім. Осыған байланысты, көптеген елдер біріге бастады. Біз Францияда Бас Ассамблеяда болғагда, көбісі бізден «Бұл сіздерге не үшін керек? Сіздерде мұнай да, газ да, жаңартылатын энергия көздері де көп, сіздер жайбарақат өмір сүре аласыздар» деген сауал қойды. Бұл ең алдымен біздің Елбасының бастамасы және біздің басты міндетіміз энергияның, атом энергиясы болса да қауіпсіз болуы болып табылады. Біз баламалы энергетика саласындағы өз мүмкіндіктерімізді белсенді дамытуымыз керек», - деп атап өтті Жошыбаев.

Ұлттық үйлестіруші сондай-ақ ЕХРО-2017 ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыру үшін мүмкіндік беретінін айтты. Ал «біздің есебімізден» салынған нысандар Отанымызда қалып, «Болашақтың энергиясын» әрі қарай зерттеу және қолдану мақсатында пайдаланылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға