Жаңалықтар

Астанада Еуразия ұлттық университеті жанынан G-Global ХЖҚ штабы құрылмақ

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global халықаралық жастар қозғалысына (ХЖҚ) арналған шара өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап. Жаһандық сынақ кезеңінде, түрлі мемлекеттердің жастар қауымы бүкіл адамзат қауымының алдында тұрған мәселеге ат салысу үшін бірегей фронт құруға өз ынталарын білдіріп отыр. Соның негізінде жастардың әлем қауымдастығына бағытталған Ашық хаты осы шараның негізгі өзегі болды.  G-Global қозғалысының бастаушысы Қазақстан жастары болып табылады. Белсенді жастар қауымы өздерінің Ашық хатында G-Global 5 қағидатына негізделе отыра, халықаралық ұйымдарға, саяси лидерлерге, ғалымдарға және сарапшыларға заманауи мәселелердің шешімін табуға бірігуге шақырып отыр. Аттас ғаламтор алаңы басты қозғаушы күш болып табылады және ол маңызды сұрақтарды кең көлемде талқылауға мүмкіндік береді. Белсенді жастар қауымы сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global халықаралық қозғалысының штабын құруды ұсынды. Өз кезегінде аталмыш жоғарғы оқу орнының басшылары бұл ойға қолдау көрсетуде. «G-Global» ғаламтор-сұхбат алаңын 2012 жылдың қаңтар айында «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында іске қосты. Жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығуға және дағдарысқа қарсы шараларға қатысушылар қатарын кеңейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта ғаламтор-алаңында 150 мемлекеттің сарапшылары пікірсайыс және пікір талас форматында әлемдік экономикалық дағдарыстың кілтін іздеуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында сайт жаңғыртылып, 1 қарашада пайдаланушылар назарына жаңа нұсқасы ұсынылды.
07.12.2012 10:33 2938

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global халықаралық жастар қозғалысына (ХЖҚ) арналған шара өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Жаһандық сынақ кезеңінде, түрлі мемлекеттердің жастар қауымы бүкіл адамзат қауымының алдында тұрған мәселеге ат салысу үшін бірегей фронт құруға өз ынталарын білдіріп отыр. Соның негізінде жастардың әлем қауымдастығына бағытталған Ашық хаты осы шараның негізгі өзегі болды. 

G-Global қозғалысының бастаушысы Қазақстан жастары болып табылады. Белсенді жастар қауымы өздерінің Ашық хатында G-Global 5 қағидатына негізделе отыра, халықаралық ұйымдарға, саяси лидерлерге, ғалымдарға және сарапшыларға заманауи мәселелердің шешімін табуға бірігуге шақырып отыр. Аттас ғаламтор алаңы басты қозғаушы күш болып табылады және ол маңызды сұрақтарды кең көлемде талқылауға мүмкіндік береді.

Белсенді жастар қауымы сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-Global халықаралық қозғалысының штабын құруды ұсынды. Өз кезегінде аталмыш жоғарғы оқу орнының басшылары бұл ойға қолдау көрсетуде.

«G-Global» ғаламтор-сұхбат алаңын 2012 жылдың қаңтар айында «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында іске қосты.

Жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығуға және дағдарысқа қарсы шараларға қатысушылар қатарын кеңейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта ғаламтор-алаңында 150 мемлекеттің сарапшылары пікірсайыс және пікір талас форматында әлемдік экономикалық дағдарыстың кілтін іздеуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында сайт жаңғыртылып, 1 қарашада пайдаланушылар назарына жаңа нұсқасы ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға