Жаңалықтар

«Нұр Отан» жаңа диалог алаңы бастамасын қолға алды

Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен Сарапшылар қауымдастығының бірігіп жұмыс істеуі – қоғамның өзекті мәселелерін талқылайтын жаңа алаңға айналып отыр. Бұл туралы бүгін партия төрағасының орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен «Нұр Отан» ХДП қалалық бөлімшесінің есеп беру конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Халықтың жағдайын жақсартудың тиімді бір жолы сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, қоғамдық тыңдау өткізу деп ойлаймын. Партия мен сарапшылар қауымдастығының бірлесе жұмыс істеуінің пайдасы зор. Сарапшылар айтатын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі ұсыныс-пікірлері елді өркендетуге орынды әрі тиімді ықпал етері сөзсіз», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Сағынтаев. Отырыста партияның болашақтағы негізгі бағыттары мен қолға алуға тиісті мәселелері туралы сөз қозғалды. Конференция барысында Алматы қалалық партия бөлімшесінің атқарған жұмыстары туралы Алматы қаласының әкімі, қалалық партия бөлімшесінің төрағасы Ахметжан Есімов қорытындылады. Партия төрағасы орынбасарының мәлімдеуінше, Елбасы алға қойған әлеуметтік жаңғырту жұмыстарында «Нұр Отан» партиясы жолбасшы болуы қажет. Осы орайда алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін тиімді жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Мұндай жаңғырту партияның орталық аппаратынан бастау алады. Сондай-ақ, кадр саясаты күшейтіліп, қоғамдық қабылдаулардағы жұмыстар нығайтылуы тиіс. Кеңеске қатысқан сарапшылар көзделіп отырған өзгерістер оңды екендігін, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту үшін қолға алынып отырған қадамдардың маңызы зор екенін айтты.
07.12.2012 09:10 3048

Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен Сарапшылар қауымдастығының бірігіп жұмыс істеуі – қоғамның өзекті мәселелерін талқылайтын жаңа алаңға айналып отыр. Бұл туралы бүгін партия төрағасының орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен «Нұр Отан» ХДП қалалық бөлімшесінің есеп беру конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Халықтың жағдайын жақсартудың тиімді бір жолы сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, қоғамдық тыңдау өткізу деп ойлаймын. Партия мен сарапшылар қауымдастығының бірлесе жұмыс істеуінің пайдасы зор. Сарапшылар айтатын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі ұсыныс-пікірлері елді өркендетуге орынды әрі тиімді ықпал етері сөзсіз», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Сағынтаев.

Отырыста партияның болашақтағы негізгі бағыттары мен қолға алуға тиісті мәселелері туралы сөз қозғалды.

Конференция барысында Алматы қалалық партия бөлімшесінің атқарған жұмыстары туралы Алматы қаласының әкімі, қалалық партия бөлімшесінің төрағасы Ахметжан Есімов қорытындылады.

Партия төрағасы орынбасарының мәлімдеуінше, Елбасы алға қойған әлеуметтік жаңғырту жұмыстарында «Нұр Отан» партиясы жолбасшы болуы қажет. Осы орайда алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін тиімді жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Мұндай жаңғырту партияның орталық аппаратынан бастау алады. Сондай-ақ, кадр саясаты күшейтіліп, қоғамдық қабылдаулардағы жұмыстар нығайтылуы тиіс.

Кеңеске қатысқан сарапшылар көзделіп отырған өзгерістер оңды екендігін, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту үшін қолға алынып отырған қадамдардың маңызы зор екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға