Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» мен Астананың оқу орындары арасында меморандум жасалды

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Астана қаласының оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік орнатпақ. Бүгін компания мен «Тұран Профи» халықаралық кәсіптік академиясы, политехникалық колледж арасында меморандум жасалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл құжат құрылыс саласының мамандарын әзірлеуге бағытталған. Оқу орындарының студенттері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын құрылыс нысандарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болмақ. «Бүгінгі күні Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Білікті мамандар қажет. Оларды шеттен шақырғанша, өзіміз дайындағанымыз абзал. Біз «Қолжетімті баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып табыламыз. Сондықтан бізге кәсіби мамандар керек. Студенттер біздің компания қаржыландыратын нысандарда өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Олар жұмыс басында жүріп, қазіргі заманғы технологияларды меңгереді. Бұл жастардың кейін жұмысқа орналасқанда тәжірибелері болады, әрі еңбек өнімділігі де жоғары болатыны даусыз», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Нұрғалиев. Өз кезегінде оқу орындарының жетекшілері меморандум аясында жемісті әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізді. «Құрылыс саласының мамандарына бүгін сұраныс жоғары. Оларды дайындауға жұмыс берушілер атсалысса игі. Біз бүгінгі күнгі талаптарға жауап беретін мамандарды дайындауымыз қажет. Біз құрылыс саласының мамандарын дайындаймыз, ал академия жұмыс істеп жүрген жастардың біліктілігін арттыруға үлес қосып келеді. Бүгін қол қойылған меморандум - осы бағыттағы жұмысымыздың тиімділігін арттыруға ықпалы болатыны сөзсіз. Мен меморандуммен таныстым, құжатта жастарды жұмысқа орналастыру жағына үлкен көңіл бөлінген екен. Бұл бізді қуантады», -деп атап өтті политехникалық колледж директоры Виктор Старунов.
07.12.2012 06:42 3284

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Астана қаласының оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік орнатпақ. Бүгін компания мен «Тұран Профи» халықаралық кәсіптік академиясы, политехникалық колледж арасында меморандум жасалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл құжат құрылыс саласының мамандарын әзірлеуге бағытталған. Оқу орындарының студенттері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын құрылыс нысандарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болмақ.

«Бүгінгі күні Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Білікті мамандар қажет. Оларды шеттен шақырғанша, өзіміз дайындағанымыз абзал. Біз «Қолжетімті баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып табыламыз. Сондықтан бізге кәсіби мамандар керек. Студенттер біздің компания қаржыландыратын нысандарда өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Олар жұмыс басында жүріп, қазіргі заманғы технологияларды меңгереді. Бұл жастардың кейін жұмысқа орналасқанда тәжірибелері болады, әрі еңбек өнімділігі де жоғары болатыны даусыз», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Нұрғалиев.

Өз кезегінде оқу орындарының жетекшілері меморандум аясында жемісті әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізді.

«Құрылыс саласының мамандарына бүгін сұраныс жоғары. Оларды дайындауға жұмыс берушілер атсалысса игі. Біз бүгінгі күнгі талаптарға жауап беретін мамандарды дайындауымыз қажет. Біз құрылыс саласының мамандарын дайындаймыз, ал академия жұмыс істеп жүрген жастардың біліктілігін арттыруға үлес қосып келеді. Бүгін қол қойылған меморандум - осы бағыттағы жұмысымыздың тиімділігін арттыруға ықпалы болатыны сөзсіз. Мен меморандуммен таныстым, құжатта жастарды жұмысқа орналастыру жағына үлкен көңіл бөлінген екен. Бұл бізді қуантады», -деп атап өтті политехникалық колледж директоры Виктор Старунов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға