Алматыда №93 балабақшаның тәрбиешілері бүлдіршіндерге арнап Желтоқсан құрбандары туралы арнайы сабақ өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Шара барысында балалар Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған жастар туралы бейнебаян тамашалап, ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.
Балабақша қызметкерлері сахналық қойылым көрсетіп, шараның мәнін барынша түсіндіруге тырысты.
«Бұл шараны біз балаларды патриоттық сезімге, отаншылдыққа баулу үшін өткізіп отырмыз. Біздің мақсатымыз – балаларды тарихынан, өткенінен, түп-тамырынан ажыратпай тәрбиелеу. Балалар әлі кішкентай болса да, қызықты қойылымдар арқылы түсінікті етуге тырыстық», - деді №93 балабақша меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова.
Алматыда балабақшада Желтоқсан оқиғасы туралы арнайы сабақ өтті
Оқи отырыңыз
Кеше, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады