Жаңалықтар

Қазақстанда жастар саясаты туралы заң қажет – жастар пікірі

Қазақстанда жастар саясаты туралы заң қажет. Бұл туралы Алматыда өткен мемлекеттік жастар саясаты туралы концепцияның негізгі бағыттары талқыланған ашық пікір-сайыс алаңында Алматы қалалық коммунистік партиясының хатшысы Елнұр Бейсенбай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Әр саладағы жастардың басын қосып, бұл шараны ұйымдастыру – үлкен жеңіс. Жастар - қоғамның локомотиві. Біз, былайша айтқанда, локомотивті оталдырып қойдық та, жүргізбей тұрмыз. Бұрынғы заң жобасына енгізілген толықтырулар қабылданбады. Оған 185-ке жуық толықтырулар енгізілген болатын. Соның 85-ке жуығы қайтарылды, 25-ке жуығы қайта қаралуға қайтарылды. Толығымен заң жобасына ешқандай толықтырулар енгізілмеді.  Мен жастарға 50 пайыз жеңілдік жасалсын деген ұсыныс айтып едім. Ол да қабылданбады. Көптеген депутаттар жастардың үй мәселесін, жүріс-тұрысын шеше беретін болсақ, бұл заң емес, қайырымдылық қоры болып кетеді деп санайды. Бұл – қате пікір. Менің ойымша, мемлекет жастарға қамқор болса, жастар мемлекет үшін қызмет етеді. Бізде үй мәселесі түгілі, ЖОО-ларда жатақхана мәселесі шешілмеген. Біз сапалы маман ала алмаймыз. Өйткені, жастар білім алудың орнына жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр. Бүгінде жастарды қолдауға қоғам қайраткерлері ниет білдіріп отыр. Дариға Назарбаева жастардың локомотиві болуға дайын. Ол кісі жастар саясаты туралы концепция жасасақ, қабылдануына қолдау көрсететінін айтты», - деді Е.Бейсенбай. «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен бұл отырыста мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Ашық алаңға қатысқан қаланың белсенді жастары өздерінің ойлары мен ұсыныстарын айтты. Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасы жастар саясатын жетілдіру жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Сонымен қатар, «Жас Отанның» ІІ сьезінде Мемлекет басшысы жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Стратегиясының басты қағидаларын Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасында ескеру қажеттігі туралы айтқан болатын. Елбасының тапсырмасына орай «Жас Отан» жастар қанаты болашақ концепцияның негізгі бағыттары бойынша әр жерде талқылаулар ұйымдастырып, жастадың пікірімен санасуда.
06.12.2012 03:17 6789

Қазақстанда жастар саясаты туралы заң қажет. Бұл туралы Алматыда өткен мемлекеттік жастар саясаты туралы концепцияның негізгі бағыттары талқыланған ашық пікір-сайыс алаңында Алматы қалалық коммунистік партиясының хатшысы Елнұр Бейсенбай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Әр саладағы жастардың басын қосып, бұл шараны ұйымдастыру – үлкен жеңіс. Жастар - қоғамның локомотиві. Біз, былайша айтқанда, локомотивті оталдырып қойдық та, жүргізбей тұрмыз. Бұрынғы заң жобасына енгізілген толықтырулар қабылданбады. Оған 185-ке жуық толықтырулар енгізілген болатын. Соның 85-ке жуығы қайтарылды, 25-ке жуығы қайта қаралуға қайтарылды. Толығымен заң жобасына ешқандай толықтырулар енгізілмеді. 

Мен жастарға 50 пайыз жеңілдік жасалсын деген ұсыныс айтып едім. Ол да қабылданбады. Көптеген депутаттар жастардың үй мәселесін, жүріс-тұрысын шеше беретін болсақ, бұл заң емес, қайырымдылық қоры болып кетеді деп санайды. Бұл – қате пікір. Менің ойымша, мемлекет жастарға қамқор болса, жастар мемлекет үшін қызмет етеді. Бізде үй мәселесі түгілі, ЖОО-ларда жатақхана мәселесі шешілмеген. Біз сапалы маман ала алмаймыз. Өйткені, жастар білім алудың орнына жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр. Бүгінде жастарды қолдауға қоғам қайраткерлері ниет білдіріп отыр. Дариға Назарбаева жастардың локомотиві болуға дайын. Ол кісі жастар саясаты туралы концепция жасасақ, қабылдануына қолдау көрсететінін айтты», - деді Е.Бейсенбай.

«Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен бұл отырыста мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Ашық алаңға қатысқан қаланың белсенді жастары өздерінің ойлары мен ұсыныстарын айтты.

Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасы жастар саясатын жетілдіру жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Сонымен қатар, «Жас Отанның» ІІ сьезінде Мемлекет басшысы жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Стратегиясының басты қағидаларын Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасында ескеру қажеттігі туралы айтқан болатын.

Елбасының тапсырмасына орай «Жас Отан» жастар қанаты болашақ концепцияның негізгі бағыттары бойынша әр жерде талқылаулар ұйымдастырып, жастадың пікірімен санасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға