Жаңалықтар

Калифорнияда қазақ студенттерінің бірінші құрылтайы өтті

АҚШ-тың Калифорния штатында қазақ студенттерінің бірінші құрылтайы өтті. Бұл ақпаратты BNews.kz тілшісіне «Purdue» университетінің студенті, осы оқу орнындағы қазақ студенттері қауымдастығының президенті Диас Жорабек хабарлады. Алыста жүрген қазақ студенттерінің басын қосқан бұл шара Калифорния Университетіндегі Қазақ студенттері қауымдастығының ұйытқы болуымен өткен. Және де бұл игі бастамаға Америкадағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі - Safway компаниясы қаржылай демеушілік танытқан. Екі күнге созылған құрылтайда АҚШ сынды алып державада жүрген қазақ студенттері бас қосып, футболдан жарыс ұйымдастырды, сондай-ақ Сан-Диего қаласында 4 сағаттық саяхат ұйымдастырды. Құрылтайдың мақсаты – Америкадағы қазақ студенттерінің басын қосып, таныстық ұйымдастыру, олардың арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты нығайту. Сол арқылы үлкен ынтымақтастыққа жол ашу. Құрылтай барысында қазақ студенттері бар АҚШ-тағы кез келген университетте Қазақ студенттері қауымдастығын құрып, оларды ҚазАльянстың (ҚазАльянс - Америкадағы қазақ студенттері қауымдастығының Альянсы) құрамына қосу көзделіп отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда ҚазАльянсқа тек қана Шығыс Американың Қауымдастықтары ғана мүше. Қазақ студенттерінің бірінші құрылтайына Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің өкілі Асхат Асанов, «Болашақ» бағдарламасының өкілі Артур Ахметов, ҚазАльянстың өкілі Әбутәліп Мүтәліп қатысты.
05.12.2012 12:38 3388

АҚШ-тың Калифорния штатында қазақ студенттерінің бірінші құрылтайы өтті. Бұл ақпаратты BNews.kz тілшісіне «Purdue» университетінің студенті, осы оқу орнындағы қазақ студенттері қауымдастығының президенті Диас Жорабек хабарлады. Алыста жүрген қазақ студенттерінің басын қосқан бұл шара Калифорния Университетіндегі Қазақ студенттері қауымдастығының ұйытқы болуымен өткен. Және де бұл игі бастамаға Америкадағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі - Safway компаниясы қаржылай демеушілік танытқан.

Екі күнге созылған құрылтайда АҚШ сынды алып державада жүрген қазақ студенттері бас қосып, футболдан жарыс ұйымдастырды, сондай-ақ Сан-Диего қаласында 4 сағаттық саяхат ұйымдастырды.

Құрылтайдың мақсаты – Америкадағы қазақ студенттерінің басын қосып, таныстық ұйымдастыру, олардың арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты нығайту. Сол арқылы үлкен ынтымақтастыққа жол ашу. Құрылтай барысында қазақ студенттері бар АҚШ-тағы кез келген университетте Қазақ студенттері қауымдастығын құрып, оларды ҚазАльянстың (ҚазАльянс - Америкадағы қазақ студенттері қауымдастығының Альянсы) құрамына қосу көзделіп отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда ҚазАльянсқа тек қана Шығыс Американың Қауымдастықтары ғана мүше.

Қазақ студенттерінің бірінші құрылтайына Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің өкілі Асхат Асанов, «Болашақ» бағдарламасының өкілі Артур Ахметов, ҚазАльянстың өкілі Әбутәліп Мүтәліп қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға