Жаңалықтар

Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге бірнеше рет саудагерлер мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Тулуймен (Төлей) Бұхара қаласына жүріп кетеді. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды. Монғол шапқыншылығы басталғанда қазақ даласында, Орта Азия жерінде феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін монғол-татар әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп соғысуына кедергі болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа өзенінің бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға (Батый) тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады.[  
05.12.2012 12:35 31527

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге бірнеше рет саудагерлер мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Тулуймен (Төлей) Бұхара қаласына жүріп кетеді. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Монғол шапқыншылығы басталғанда қазақ даласында, Орта Азия жерінде феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты.

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін монғол-татар әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп соғысуына кедергі болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа өзенінің бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға (Батый) тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады.[
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға