Жаңалықтар

Шыншыл, тәкәббәр ақын

Шыншыл, тәкәббәр1 ақын Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті. Еңбек дүниесінің күні тумай, шөл ғасырлардың кер заманы меңдеп тұрған күндерде шығып, тарихи сын күндерде кері кетпей, өмірдің тарту, әуелгі адамның өзінде-ақ "оңай жол болайын" деген жоқ-ты. Осы жиырма жыл бойын басып озып отырған ақын еңбегіне, сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы есебінде көз жіберіп қарасаң, өзгеде жоқ екі түрлі ерекше, ірі қасиеті басымдап айқындана шығады. Мұның біріншісі — жалтағы жоқ шыншылдығы. Екіншісі — ақындық тәкәббәрлігі. Жай мінез машығын айтпаймын, ақындық еңбегінің сипатын айтам. Ең әуелі тәкәббәрлік дегенге тоқтасақ: бұл сөз қазақ құлағына тосаң тиетін, өзінің нәрлі, жақсы мағынасынан айрылған сөз еді. Оның тарихи себебі де бар еді. Отар күні, ошарыла басқан құлдық күні болатын. Құлдық психологиясын елге мінез етіп басқалар: хан, төре, би, болыс, чиновник — тілмаш, ескішіл, байшыл ұлтшылдар егіп еді. Жалыну мен жағыну үстінде де өз күндерін кешіп еді. Адамның шын адам мүсінін көрсететін, өз басын "өзгеден кем емеспін, теңмін" деген сенім, санаға жеткізетін, қадырлы сипат — тәкәббәрлік аналар тұсында сөнген, солған еді. Ол тіпті айыпты мінез, шам сөздің мағынасында қалып еді. Октябрь революциясы, Ленин жолы бізді, міне, мақтандыратын, тәкәббәрлендіретін күнге жеткізіп, одақтың сүбе елінің бірі етті. Пролетариат революциясының басынан басталған партия тәрбиесі бүкіл дүние еңбекшілерімен қатар Қазақстан еңбекшілеріне де: "Дүниеге өзің қожамын деп біл", "Бұқпантайлама, ер көкірек бол" деп, көптен баулып келеді. Әрбір елдің елдік қасиетінің іргесі соған тірелуші еді. Міне, біздің әдебиетте қаламының буыны беки бастағаннан бері қарай осы қасиетті берік ұстанған жалғыз ақын — Сәкен. Тәкәббәрлікті жақсы мағынасында танытып, әдебиетте де, ой-санаға да сіңіріп келе жатқан еңбегі айқын. Жақсы мағынасында дегенді баса айтамын. Өйткені, "Арыстанмын", "Күнмін", "Пайғамбармын"2 деп, қоғамнан, тарихтан қағылып қалып, далада истерикамен3 жалғыз өзі шабынғандікін біз жаңағы айтып отырған тәкәббәрлік демейміз, истерика дейміз. Ал, Сәкеннің ақындық асуларында, әр жотадан атой бергендей, тәкәббар сөз үндері: "жабы емеспіз, тұлпармыз", "құладін емес, сұңқармыз" деп, бұрынғы өткен тарихқа, бүгінгі оянған табына, езілген еңбекшілерге дабыл ұрады. Бұл сияқты тәкәббар үнінің өскелеңдеп, үдеп келген бір тұрғысы — "Альбатрос"4 заманының қасарысып соққан дауылына қасқиып ап, қанатымен қар сабап, қарыса ұшқан "Альбатрос" анау. Сұңқар "тұлпардың" екінші аты. Ол — СССР. Тәкәббәрлікпен қарысқан СССР. Сәкен өзімен, өз басымен тәкәббәрлік етпейді. Табымен, Отанымен тәкәббәрлік етеді. Олардың да алысқа құлаш ұрған ізімен, қиынға самғаған қанат қағысымен тәкәббәрлік етеді. Соны біздей бұрыннан ылғи жасандық, бәсеңдікпен келген елдің көкейіне көбірек сіңіріп, бүгінгі бақыт, теңдік күнінде өрлендіре, өршелендіре бастырады. Ақындық еңбегінде мұндай өнімді сарын тауып отырған ақын, әрине, өзінің тарихтағы орны мен маңызын қамтамасыз еткен ақын болмақшы. Әр ақынның осындай өзіндік пішіні, осындай барлық еңбегінен туатын тұтас, үлкен қорытындысы болса екен дегізеді. Мұндай дұрыс жолдағы революциялық тәкәббәрлікпен сол ақынды шығарған орта тәкәббәрлене алады. Сәкен ақындығының екінші зор қасиеті — шыншылдығы. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын, ашық. Тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын көрнекті, бүтіндігі бар сезімдер. Белгілі шығармаларынан өлеңін, әңгімесін, поэмасын алсақ — барлығында да сүюі 30 мен ашуы, ырзалығы мен наразылығы, үміті мен күдігі әрқашан барынша шын сезімнің толқыны боп білінеді. Сонысымен әсерлі де, күшті боп шыға алады. Өз ішінде тұрған көңіл күйін оқушыға жеткізіп, қондырып ұқтыра алады. Лебімен тартатын өнімділік, ұтымдылық табады. Шыны қайда, өзі қайда екенін білдірмейтін, жаза баспайтын, ішіне тығынған кедір-бұдырсыз тақ-тақ жолдың ақыны Сәкен емес. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар — шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса осындай қайнар көзден шығуға ылайық. Біздің бүгінгі әдебиеттің әлі заманымызға сай үлкен обобщениені5 жеке-жеке, ірі шығарма түрінде бере алмай келе жатқаны мәлім. Жиырма жылдан басып өтіп, күш қуаты шын толған кезіне, кемеліне жеткен Сәкеннен енді сондай қорытынды еңбектерді күтеміз. Соны бере алады деп сенеміз. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 12:31 5020

Шыншыл, тәкәббәр1 ақын

Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті.

Еңбек дүниесінің күні тумай, шөл ғасырлардың кер заманы меңдеп тұрған күндерде шығып, тарихи сын күндерде кері кетпей, өмірдің тарту, әуелгі адамның өзінде-ақ "оңай жол болайын" деген жоқ-ты.

Осы жиырма жыл бойын басып озып отырған ақын еңбегіне, сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы есебінде көз жіберіп қарасаң, өзгеде жоқ екі түрлі ерекше, ірі қасиеті басымдап айқындана шығады. Мұның біріншісі — жалтағы жоқ шыншылдығы. Екіншісі — ақындық тәкәббәрлігі. Жай мінез машығын айтпаймын, ақындық еңбегінің сипатын айтам.

Ең әуелі тәкәббәрлік дегенге тоқтасақ: бұл сөз қазақ құлағына тосаң тиетін, өзінің нәрлі, жақсы мағынасынан айрылған сөз еді. Оның тарихи себебі де бар еді. Отар күні, ошарыла басқан құлдық күні болатын. Құлдық психологиясын елге мінез етіп басқалар: хан, төре, би, болыс, чиновник — тілмаш, ескішіл, байшыл ұлтшылдар егіп еді. Жалыну мен жағыну үстінде де өз күндерін кешіп еді. Адамның шын адам мүсінін көрсететін, өз басын "өзгеден кем емеспін, теңмін" деген сенім, санаға жеткізетін, қадырлы сипат — тәкәббәрлік аналар тұсында сөнген, солған еді. Ол тіпті айыпты мінез, шам сөздің мағынасында қалып еді. Октябрь революциясы, Ленин жолы бізді, міне, мақтандыратын, тәкәббәрлендіретін күнге жеткізіп, одақтың сүбе елінің бірі етті.

Пролетариат революциясының басынан басталған партия тәрбиесі бүкіл дүние еңбекшілерімен қатар Қазақстан еңбекшілеріне де: "Дүниеге өзің қожамын деп біл", "Бұқпантайлама, ер көкірек бол" деп, көптен баулып келеді. Әрбір елдің елдік қасиетінің іргесі соған тірелуші еді.

Міне, біздің әдебиетте қаламының буыны беки бастағаннан бері қарай осы қасиетті берік ұстанған жалғыз ақын — Сәкен. Тәкәббәрлікті жақсы мағынасында танытып, әдебиетте де, ой-санаға да сіңіріп келе жатқан еңбегі айқын.

Жақсы мағынасында дегенді баса айтамын. Өйткені, "Арыстанмын", "Күнмін", "Пайғамбармын"2 деп, қоғамнан, тарихтан қағылып қалып, далада истерикамен3 жалғыз өзі шабынғандікін біз жаңағы айтып отырған тәкәббәрлік демейміз, истерика дейміз.

Ал, Сәкеннің ақындық асуларында, әр жотадан атой бергендей, тәкәббар сөз үндері: "жабы емеспіз, тұлпармыз", "құладін емес, сұңқармыз" деп, бұрынғы өткен тарихқа, бүгінгі оянған табына, езілген еңбекшілерге дабыл ұрады. Бұл сияқты тәкәббар үнінің өскелеңдеп, үдеп келген бір тұрғысы — "Альбатрос"4 заманының қасарысып соққан дауылына қасқиып ап, қанатымен қар сабап, қарыса ұшқан "Альбатрос" анау. Сұңқар "тұлпардың" екінші аты. Ол — СССР. Тәкәббәрлікпен қарысқан СССР. Сәкен өзімен, өз басымен тәкәббәрлік етпейді. Табымен, Отанымен тәкәббәрлік етеді. Олардың да алысқа құлаш ұрған ізімен, қиынға самғаған қанат қағысымен тәкәббәрлік етеді. Соны біздей бұрыннан ылғи жасандық, бәсеңдікпен келген елдің көкейіне көбірек сіңіріп, бүгінгі бақыт, теңдік күнінде өрлендіре, өршелендіре бастырады. Ақындық еңбегінде мұндай өнімді сарын тауып отырған ақын, әрине, өзінің тарихтағы орны мен маңызын қамтамасыз еткен ақын болмақшы. Әр ақынның осындай өзіндік пішіні, осындай барлық еңбегінен туатын тұтас, үлкен қорытындысы болса екен дегізеді. Мұндай дұрыс жолдағы революциялық тәкәббәрлікпен сол ақынды шығарған орта тәкәббәрлене алады.

Сәкен ақындығының екінші зор қасиеті — шыншылдығы. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын, ашық. Тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын көрнекті, бүтіндігі бар сезімдер. Белгілі шығармаларынан өлеңін, әңгімесін, поэмасын алсақ — барлығында да сүюі 30 мен ашуы, ырзалығы мен наразылығы, үміті мен күдігі әрқашан барынша шын сезімнің толқыны боп білінеді. Сонысымен әсерлі де, күшті боп шыға алады. Өз ішінде тұрған көңіл күйін оқушыға жеткізіп, қондырып ұқтыра алады.

Лебімен тартатын өнімділік, ұтымдылық табады. Шыны қайда, өзі қайда екенін білдірмейтін, жаза баспайтын, ішіне тығынған кедір-бұдырсыз тақ-тақ жолдың ақыны Сәкен емес. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар — шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы.

Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса осындай қайнар көзден шығуға ылайық. Біздің бүгінгі әдебиеттің әлі заманымызға сай үлкен обобщениені5 жеке-жеке, ірі шығарма түрінде бере алмай келе жатқаны мәлім. Жиырма жылдан басып өтіп, күш қуаты шын толған кезіне, кемеліне жеткен Сәкеннен енді сондай қорытынды еңбектерді күтеміз. Соны бере алады деп сенеміз.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға