Жаңалықтар

Өзімшілдік

  Өзімшілдік, эгоизм (латынша. ego – мен) – 1) адамды қоғам мен басқа адамдарға қатынасы тұрғысынан сипаттайтын өмірлік принцип пен моральдық қасиет. Ол басқалардың мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздейтін адамның жеке басының теріс қасиетін бейнелейді. Өзімшілдік адамгершілікке жат қасиет болып саналады; 2) субъектінің құндылық бағдары; өмірлік қарекетінде өз қамын, өз қажетсінулерін басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем санау. Өзімшілдік көріністеріне адамның өзге біреуге жеке басының мақсаттарына жетудің объектісі, құралы деп қарау тән. Адам бойында өзімшілдіктің белең алуы, тұлғаны, индивидті тәрбиелеуде кеткен кемшіліктерден болады. Отбасындағы тәрбиенің бағдары баланың өзін тым жоғары санауына, яғни эгоцентризміне бағытталса, онда бала да мүдделерін, қажетсінулерін ғана негізге алатын мінез-құлық қалыптаса бастайды. Есейе келе мұндай мінез-құлық арқылы өзін ғана жақсы көрушілік, өзінен басқаның күйініш-сүйінішіне немқұрайдылық танытып, субъектінің сыртқы дүниеде өзін оқшау, жалғыз санаушылығы туындайды. Кейбір психологтар тұжырымдамаларда өзімшілдік адамның туа біткен қасиеті, осының арқасында ол өзінің өмірлік қарекетін қамтамасыз етеді делінеді. Эгоизм. Өзімшілдік – адамның қоғамға және басқа адамдарға өз мүддесін жоғарғы қою тұрғысынан қарауымен сипатталатын өмірлік принцип. Эгоизм жеке тұлғаның қоғамның және басқа адамдардың мүдделерімен санаспай, тек өз мүддесін ғана көксеуінен көрінетін индивидуализм көріністері формаларының бірі. Дж. Ролз Эгоизмнің үш түрін бөліп көрсетеді: а) диктаторлық Эгоизм: “барлығы менің мүддеме қызмет жасауға тиісті.”; ә) өзінің елден ерекшелігі жайлы Эгоизм: “егер маған тиімді болмаса менен өзгенің барлығы моралдық қағидаларға бағынуға тиісті.” б) анархиялық немесе жалпы Эгоизм: “барлығы өз өресі жетерліктей жеке мүддесін көздеуге құқылы”. Өз бастауларын Қайта өркендеу кезеңінен алатын жаңа еуразиялық қоғамдық ой дүниесі “парасатты эгоизм” тұжырымдамасын дамытып, Эгоизмның жалпының игілігіне қызмет жасау мүмкіндіктерін көрсетті. 17 – 19 ғасырларда өмір сүрген Батыс Еуропалық ойшылдар Гоббс, Мандевиль, А.Смит, т.б. Эгоизм экономикалық және саяси қызметтің қозғаушы күші, қоғамдық өмірдің маңызы факторы деп білді. Эгоизмнің нормативтік шектеулері негізгі моральдық құқықтық талаптармен жүзеге асырылады.
05.12.2012 12:21 9365

 

Өзімшілдік, эгоизм (латынша. ego – мен) – 1) адамды қоғам мен басқа адамдарға қатынасы тұрғысынан сипаттайтын өмірлік принцип пен моральдық қасиет. Ол басқалардың мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздейтін адамның жеке басының теріс қасиетін бейнелейді. Өзімшілдік адамгершілікке жат қасиет болып саналады; 2) субъектінің құндылық бағдары; өмірлік қарекетінде өз қамын, өз қажетсінулерін басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем санау. Өзімшілдік көріністеріне адамның өзге біреуге жеке басының мақсаттарына жетудің объектісі, құралы деп қарау тән. Адам бойында өзімшілдіктің белең алуы, тұлғаны, индивидті тәрбиелеуде кеткен кемшіліктерден болады. Отбасындағы тәрбиенің бағдары баланың өзін тым жоғары санауына, яғни эгоцентризміне бағытталса, онда бала да мүдделерін, қажетсінулерін ғана негізге алатын мінез-құлық қалыптаса бастайды. Есейе келе мұндай мінез-құлық арқылы өзін ғана жақсы көрушілік, өзінен басқаның күйініш-сүйінішіне немқұрайдылық танытып, субъектінің сыртқы дүниеде өзін оқшау, жалғыз санаушылығы туындайды. Кейбір психологтар тұжырымдамаларда өзімшілдік адамның туа біткен қасиеті, осының арқасында ол өзінің өмірлік қарекетін қамтамасыз етеді делінеді.

Эгоизм.

Өзімшілдік – адамның қоғамға және басқа адамдарға өз мүддесін жоғарғы қою тұрғысынан қарауымен сипатталатын өмірлік принцип. Эгоизм жеке тұлғаның қоғамның және басқа адамдардың мүдделерімен санаспай, тек өз мүддесін ғана көксеуінен көрінетін индивидуализм көріністері формаларының бірі. Дж. Ролз Эгоизмнің үш түрін бөліп көрсетеді:

а) диктаторлық Эгоизм: “барлығы менің мүддеме қызмет жасауға тиісті.”;

ә) өзінің елден ерекшелігі жайлы Эгоизм: “егер маған тиімді болмаса менен өзгенің барлығы моралдық қағидаларға бағынуға тиісті.”

б) анархиялық немесе жалпы Эгоизм: “барлығы өз өресі жетерліктей жеке мүддесін көздеуге құқылы”.

Өз бастауларын Қайта өркендеу кезеңінен алатын жаңа еуразиялық қоғамдық ой дүниесі “парасатты эгоизм” тұжырымдамасын дамытып, Эгоизмның жалпының игілігіне қызмет жасау мүмкіндіктерін көрсетті. 17 – 19 ғасырларда өмір сүрген Батыс Еуропалық ойшылдар Гоббс, Мандевиль, А.Смит, т.б. Эгоизм экономикалық және саяси қызметтің қозғаушы күші, қоғамдық өмірдің маңызы факторы деп білді. Эгоизмнің нормативтік шектеулері негізгі моральдық құқықтық талаптармен жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға