Жаңалықтар

Өзбекстан

  Өзбекстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аум. – 442,4 мың км2. Халқы – 24,6 млн. (2000). Негізгі халқы – өзбектер (75,8%), онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4,8%), қазақтар (4,1%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемл. тілі – өзбек тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы – Ташкент қ. (2,1 млн. адам). 1992 ж. 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғ. заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төм. палата) және Сенаттан (жоғ. палата) тұрады. Атқарушы органы – Мин. Каб. Әкімш. жағынан бір автон. республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді. Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сум. Табиғаты. Ө. өңірі жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және оңт.-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария, Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Ө. аум. Орт. Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңт. Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды. Климаты тым континенттік, қуаң. Жазы ыстық, шілденің орташа темп-расы солт.-батыс бөлігінде 33 – 38°С, оңт-нде 25 – 30°С. Қысы жылы, қар жұқа түседі. Қаңтарда 6,3°С, оңт-нде 3°С болады. Жылдық жауын-шашынның мөлш. әр қилы, кей шөлді өңірлерде 100 мм, кей жерлерде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 900 мм. Өзендерінің көпшілігі Арал т-нің алабына жатады. Ірі өзендері – Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Қашқадария. Жер суару және суландыру жүйесі өте жақсы дамыған. Жері негізінен сары және сары қоңыр топырақты; батыс және солт. жағы құм-шағылды келеді. Республика жерінің көпшілік бөлігінде қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етеді. Тарихы. Ө. жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемл. бірлестіктер – Соғды, Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғ-ларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330 – 328 ж. өлкеге Македонский шапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғ-дың ортасында құрылып, түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орт-қа біріге бастады. 6 ғ-дың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты құрамында болды. 7 ғ-да ел аумағы Батыс түрік қағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орт-тарына айналды. Бірақ 7 ғ-дың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орт-на айналды. 9 ғ-дың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағында Самани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. 10 – 12 ғ-ларда ел аумағында Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті кезек-кезек билікке келді. 12 ғ-дың 2-жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғ-да өзбек жері Шыңғысхан империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. 14 ғ-дың 2-жартысында Әмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы – Самарқанд қ. ірі сауда орт-на айналды. Үндіс-танмен, Қытаймен, Иранмен және Шығ. Еуропамен арадағы тікелей сауда байланысы елдің экон. және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғы-лым мен өнер саласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің немересі Ұлықбек басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында Орта Азияны Мұхаммед Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде “Өзбек” этнонимі орныға бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған мемл. бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. 17 ғ-дың басында Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғ-дың басында Қоқан хандығы құрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени тұрмысы әрі қарай дамыды, ирригац. құрылыстар жетілдірілді, а. ш. жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді. 19 ғ-да Ұлыбритания мен Ресей Орта Азияға, оның ішінде Ө-ға да көз тігіп, қордалы шикізат пен пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломат. байланыс орнатуға тырысты. Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіріп, 1876 ж. Түркістан ген.-губернаторлығын (орт. – Ташкент қ.) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан ген.-губернаторлығына берілді. Бұхар және Хиуа хандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау з-ттары мен май айыру кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат базасына, өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды. 20 ғ-дың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экон. және әскери стратег. мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкент т. ж-н сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. “Шура-и-Ислам”, “Шура-и-Улема” ұйымдары, “Жас бұхаралықтар” қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 ж. 28 қарашада Қоқан қ-нда құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларында Кеңес үкіметін орнатты және 1918 ж. РКФСР құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 ж. Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 – 25 ж. Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 ж. қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. 2-дүниежүз. соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 ж. 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғ. Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады. Экономикасы. Ө. индустриалды-аграрлы мемлекет. 1913 ж. бүкіл ф-ка, з-т өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 ж. ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиац.-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады. 1996 ж. Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомоб. шығаруға жететін з-т іске қосылды. Сонымен бірге автомоб-дерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомоб-дері мен автобустар шығаратын з-ттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Ө-ның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұз. 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орт. және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады. Ө. мен Қазақстан арасында саяси-экон., әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 ж. екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 ж. Бірыңғай экон. кеңістік, 1998 ж. Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 ж. екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды. Әдебиеті. Өзбек әдебиетінің дамуына ауыз әдебиеті мен шығыс халықтары әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға “Күнтуғимиш”,“Алпамыш”, “Гороглы”, “Юсуф пен Ахмад”, “Тахир мен Зухра”, “Арзигул”, т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. 18 – 19 ғ-лардағы өзбек әдебиетінде Тұрды, Күлхани, М.Хорезми, Агахи, т.б. шығармалары елеулі орын алды. Ал Фурқат (1853 – 1909), Дилшад (1800 – 1905), Х.Хакизада Ниязи (1889 – 1929), С.Айни (1878 – 1954), А.Қадыри (1894 – 1940) шығармалары демокр.-ағартушылық ағымның бастауы болып саналады. 20 ғ-дағы өзбек әдебиеті классиктері Ғ.Ғұлам (1903 – 66), Айбек (1905 – 68), А.Қаһар (1907 – 68), К.Яшен, Ұйғын, т.б. жазушылар туындыларында ел өміріндегі әлеум.-саяси өзгерістерді бейнеледі. Өзбек әдебиеті 20 ғ-дың 50 – 90-жылдары кәсіби-шығарм. деңгейге көтеріліп, ақын-жазушылардың еңбектерін өзге ұлт тілдеріне аудару үрдісі жанданды. Мирмухаин, Зүлфия, А.Мұхтар, Шукурулла, А.Хашим, А.Саади, В.Абдуллаев, т.б. қаламгерлер өнімді еңбек етті. К.Мухаммади, К.Хикмет, Т.Момын, Х.Нәзір балаларға арналған шығармалары арқылы танымал болды. Мәдениеті мен өнері. Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б.з.б. 4 ғ-да салынған. Олар Бактрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы сақталған. Қала салу өнері көне заманнан (б.з.б. 3 ғ.) басталып, орта ғ-ларда өркендей түсті. Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, т.б. қ-лардың сәулеттік өнер элементтері (шаһристан, рабад, т.б.) сол кезеңнің классик. үлгісіне жатады. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пен эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды. Бейнелеу өнерінің тарихы тас дәуірінен бастау алады. Осы кезде көзешілік өнері пайда болып, қола дәуірінде жетілдірілді. Б.з.б. 1-мыңжылдықта металдан көркем бұйымдар жасау, б.з.б. 3 ғ. мен б.з. 3 ғ-ы аралығында бедерлеу өнері, монументті мүсін, саздан бояулы мүсін жасау дамыды. Ислам діні енген кезеңнен бастап сән және қолданбалы өнер өркендеді. 15 – 17 ғ-ларда Самарқандта, Бұхарада кітап миниатюрасы гүлденді. 19 – 20 ғ-ларда өзбек суретшілері ұлттық нақышты, дәстүрлі шеберлік өнерінің кәсіби мектебін қалыптастырды. Әсіресе, қазақтан шыққан Өзбекстанның халық суретшісі Орал Таңсықбаев өзбектің заманауи кескіндеме өнері мен пейзажының қалыптасуына әсер етті. Ташкентте респ. өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 ж. әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Ө-нда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 ж. “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 ж. “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 ж. “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді. Әдеб.: История Узбекистана, т. 3, Таш., 1993; Узбекистон Республикасы: Энциклопедия, Таш., 1997; Страны мира: Справочник, М., 1999; Тюркские народы: Энциклопедический справочник. А., 2004. Е. Қызырханұлы
05.12.2012 12:17 41361

 

Өзбекстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аум. – 442,4 мың км2. Халқы – 24,6 млн. (2000). Негізгі халқы – өзбектер (75,8%), онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4,8%), қазақтар (4,1%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемл. тілі – өзбек тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы – Ташкент қ. (2,1 млн. адам). 1992 ж. 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғ. заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төм. палата) және Сенаттан (жоғ. палата) тұрады. Атқарушы органы – Мин. Каб. Әкімш. жағынан бір автон. республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді. Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сум.

Табиғаты. Ө. өңірі жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және оңт.-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария, Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Ө. аум. Орт. Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңт. Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды. Климаты тым континенттік, қуаң. Жазы ыстық, шілденің орташа темп-расы солт.-батыс бөлігінде 33 – 38°С, оңт-нде 25 – 30°С. Қысы жылы, қар жұқа түседі. Қаңтарда 6,3°С, оңт-нде 3°С болады. Жылдық жауын-шашынның мөлш. әр қилы, кей шөлді өңірлерде 100 мм, кей жерлерде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 900 мм. Өзендерінің көпшілігі Арал т-нің алабына жатады. Ірі өзендері – Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Қашқадария. Жер суару және суландыру жүйесі өте жақсы дамыған. Жері негізінен сары және сары қоңыр топырақты; батыс және солт. жағы құм-шағылды келеді. Республика жерінің көпшілік бөлігінде қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етеді.

Тарихы. Ө. жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемл. бірлестіктер – Соғды, Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғ-ларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330 – 328 ж. өлкеге Македонский шапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғ-дың ортасында құрылып, түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орт-қа біріге бастады. 6 ғ-дың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты құрамында болды. 7 ғ-да ел аумағы Батыс түрік қағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орт-тарына айналды. Бірақ 7 ғ-дың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орт-на айналды. 9 ғ-дың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағында Самани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. 10 – 12 ғ-ларда ел аумағында Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті кезек-кезек билікке келді. 12 ғ-дың 2-жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғ-да өзбек жері Шыңғысхан империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. 14 ғ-дың 2-жартысында Әмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы – Самарқанд қ. ірі сауда орт-на айналды. Үндіс-танмен, Қытаймен, Иранмен және Шығ. Еуропамен арадағы тікелей сауда байланысы елдің экон. және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғы-лым мен өнер саласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің немересі Ұлықбек басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында Орта Азияны Мұхаммед Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде “Өзбек” этнонимі орныға бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған мемл. бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. 17 ғ-дың басында Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғ-дың басында Қоқан хандығы құрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени тұрмысы әрі қарай дамыды, ирригац. құрылыстар жетілдірілді, а. ш. жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді. 19 ғ-да Ұлыбритания мен Ресей Орта Азияға, оның ішінде Ө-ға да көз тігіп, қордалы шикізат пен пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломат. байланыс орнатуға тырысты. Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіріп, 1876 ж. Түркістан ген.-губернаторлығын (орт. – Ташкент қ.) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан ген.-губернаторлығына берілді. Бұхар және Хиуа хандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау з-ттары мен май айыру кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат базасына, өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды. 20 ғ-дың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экон. және әскери стратег. мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкент т. ж-н сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. “Шура-и-Ислам”, “Шура-и-Улема” ұйымдары, “Жас бұхаралықтар” қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 ж. 28 қарашада Қоқан қ-нда құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларында Кеңес үкіметін орнатты және 1918 ж. РКФСР құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 ж. Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 – 25 ж. Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 ж. қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. 2-дүниежүз. соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 ж. 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғ. Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.

Экономикасы. Ө. индустриалды-аграрлы мемлекет. 1913 ж. бүкіл ф-ка, з-т өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 ж. ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиац.-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады. 1996 ж. Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомоб. шығаруға жететін з-т іске қосылды. Сонымен бірге автомоб-дерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомоб-дері мен автобустар шығаратын з-ттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Ө-ның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұз. 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орт. және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Ө. мен Қазақстан арасында саяси-экон., әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 ж. екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 ж. Бірыңғай экон. кеңістік, 1998 ж. Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 ж. екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Әдебиеті. Өзбек әдебиетінің дамуына ауыз әдебиеті мен шығыс халықтары әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға “Күнтуғимиш”,“Алпамыш”, “Гороглы”, “Юсуф пен Ахмад”, “Тахир мен Зухра”, “Арзигул”, т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. 18 – 19 ғ-лардағы өзбек әдебиетінде Тұрды, Күлхани, М.Хорезми, Агахи, т.б. шығармалары елеулі орын алды. Ал Фурқат (1853 – 1909), Дилшад (1800 – 1905), Х.Хакизада Ниязи (1889 – 1929), С.Айни (1878 – 1954), А.Қадыри (1894 – 1940) шығармалары демокр.-ағартушылық ағымның бастауы болып саналады. 20 ғ-дағы өзбек әдебиеті классиктері Ғ.Ғұлам (1903 – 66), Айбек (1905 – 68), А.Қаһар (1907 – 68), К.Яшен, Ұйғын, т.б. жазушылар туындыларында ел өміріндегі әлеум.-саяси өзгерістерді бейнеледі. Өзбек әдебиеті 20 ғ-дың 50 – 90-жылдары кәсіби-шығарм. деңгейге көтеріліп, ақын-жазушылардың еңбектерін өзге ұлт тілдеріне аудару үрдісі жанданды. Мирмухаин, Зүлфия, А.Мұхтар, Шукурулла, А.Хашим, А.Саади, В.Абдуллаев, т.б. қаламгерлер өнімді еңбек етті. К.Мухаммади, К.Хикмет, Т.Момын, Х.Нәзір балаларға арналған шығармалары арқылы танымал болды.

Мәдениеті мен өнері. Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б.з.б. 4 ғ-да салынған. Олар Бактрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы сақталған. Қала салу өнері көне заманнан (б.з.б. 3 ғ.) басталып, орта ғ-ларда өркендей түсті. Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, т.б. қ-лардың сәулеттік өнер элементтері (шаһристан, рабад, т.б.) сол кезеңнің классик. үлгісіне жатады. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пен эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды. Бейнелеу өнерінің тарихы тас дәуірінен бастау алады. Осы кезде көзешілік өнері пайда болып, қола дәуірінде жетілдірілді. Б.з.б. 1-мыңжылдықта металдан көркем бұйымдар жасау, б.з.б. 3 ғ. мен б.з. 3 ғ-ы аралығында бедерлеу өнері, монументті мүсін, саздан бояулы мүсін жасау дамыды. Ислам діні енген кезеңнен бастап сән және қолданбалы өнер өркендеді. 15 – 17 ғ-ларда Самарқандта, Бұхарада кітап миниатюрасы гүлденді. 19 – 20 ғ-ларда өзбек суретшілері ұлттық нақышты, дәстүрлі шеберлік өнерінің кәсіби мектебін қалыптастырды. Әсіресе, қазақтан шыққан Өзбекстанның халық суретшісі Орал Таңсықбаев өзбектің заманауи кескіндеме өнері мен пейзажының қалыптасуына әсер етті. Ташкентте респ. өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 ж. әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Ө-нда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 ж. “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 ж. “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 ж. “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді.

Әдеб.: История Узбекистана, т. 3, Таш., 1993; Узбекистон Республикасы: Энциклопедия, Таш., 1997; Страны мира: Справочник, М., 1999; Тюркские народы: Энциклопедический справочник. А., 2004.

Е. Қызырханұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға