Жаңалықтар

Творчестволық өсу

Творчестволық өсу Жазушылық еңбектің сәттілігі мен тағдыры әр алуан. Сонымен бірге алғашқы сәттілік алтын іздеушінің алтын жатқан жүлгені іздеп тапқанымен бірдей. Ізденген табады, табанды жеңеді, ал жазушы өмірдің өзі қалаған ең бір әсем сазды кезін таба отырып, қиялына қанат бітіргендей болады. Жақын арада елу жылдығын бүкіл Қазақстан жұртшылығы атап өткен Мұстафиннің жазушылық жолында да осыған ұқсас сәттілік бар. Соңғы 13-14 жыл ішінде жазушы төрт роман жазып шығарды. Соның үшеуі — "Шығанақ Берсиев", "Миллионер" және "Қарағанды" біздің жалпы одақтық әдебиет қорынан нық орын алды. Ғабиден Мұстафиннің романдары қазақ халқының тарихи тағдырындағы принципиалдық жаңа өзгерістерді бейнелейді. Олар жаңа тақырыпқа жазылған және бұл шығармалар социализмнің құрылысшыларын, коммунизм үшін күресшілерді, олардың өмірі мен қажырлы еңбектерін әңгімелейді. Бұл романдардың айрықша тағы бір жақсы жағы — олардың авторы өзінің геройларымен тығыз байланысып жататындығында. Автордың жеке өз басының тікелей сезімі романның жекелеген геройларының сезімімен, ісімен, сөзімен айласып жататындығы айқын сезіліп тұрады. Жазушы біздің өміріміздің тарихи қозғалысының сырын терең түсіне, өзін және жеке өз басының тағдырын өз халқының өмірімен нық байланыстыра білген және өмірлік бұл байланыстылықты өз кітаптарында дұрыс көрсете білген. Жазушының әдеби творчестволық процесінде оның жеке өз басы мен қоғамдық тарихи мәселелердің бірімен-бірі өзара тығыз айласып жатқандығын Мұстафиннің соңғы "Қарағанды" романының мысалдарынан айқын көруге болады. Бұл романның алғашқы тараулары мен бүкіл бірінші бөлімінде мемлекеттік күш пен қаржының Қарағанды көмір бассейніне шоғырлана бастағандығы суреттеледі. Мұнда Донбаста әбден ысылған тәжірибелі шахтерлер мен өндіріс басшылары келе бастайды. Автор өз Отанында туа бастаған жаңа өндіріске келіп жатқан көшпелі қазақтардың тұрмысы мен ішкі сезімін айрықша жете суреттеген. Роман Қарағандыға жыртық киіз үйлерімен, құрым қостарымен, қой-қозы, ешкі-лағымен, арық мінгіштерімен келген бұрынғы ауыл батырақтарының бірте-бірте саналы жұмысшыға, іскер маманға, пісіп шыныққан өндіріс жетекшісіне айналғанын сипаттау ісіне арналған. Мұндай адамдардың саны жүздеп, мыңдап саналатын еді. Бұлардың білімге, мәдениетке, жаңа өмірге деген ынтасы орасан. Бұлардың жан түршігерлік қараңғы тұрмыстан, ғасырлар бойы жайлаған жоқшылықтан, феодалдық-рулық шонжарлардың құлдығы мен адам айтқысыз қанауынан мүлдем құтылу жолындағы ниеттері мен мақсаттары орасан зор. Бірақ бұлар олардың өздігінен оңайлықпен түсе қалмайды. Адамдардың сана-сезімінде қалған ескінің қалдықтары әлі де болса басым, кешегі байлар Әлібек пен Жаппар және олардың сыбайластары — жаулар әлі де қаруын тастап, берілмеген болатын-ды. Олар алғашқы айларда өндірісте туа бастаған қиыншылықтарды пайдалану жағына әрекеттенді. Азық-түлік мәселесі қиындай түседі, ал оның үстіне, дұшпандар сол азды-көпті азық-түліктің өзін ұрлап, талан-таражға сала бастайды. Тұрғын үйдің жетімсіздігі де үлкен қиыншылық туғызады, жаулар осыны саудалап, жұмысшы күші жайындағы зор қиыншылықтың отын үрлеп күшейте түсу жағына тырысады. Орыс жұмысшылары мен қазақтар бір-біріне достық көзқараста болады, ал кулактар солардың арасында ұлт араздығын туғызуға әрекеттенеді. Бірақ халық партияның төңірегіне тығыз топтала отырып, жаулардың зұлымдық әрекеттеріне қарсы соққы береді, оларды әшкерелейді, сөйтіп оларды қарусыздандырады. Мұндай ірі өзгерістердің бәрі, Октябрь революциясына дейін феодалдық-рулық тұрмыс жағдайында өмір сүрген халықтан алдыңғы қатарлы социалистік ұлт туып өрбігеннен кейінгі бір ұрпақтың тұсында ғана болды. "Қарағанды" романының азиялық орта ғасырлықтың, біздің ғасырымыздың алдыңғы қатарлы озық мәдениетінің жетістіктері мен күресін және Қарағандыға Қаракесек, Сармантай, Мұрат руларынан келген адамдардың мінез-құлқында пайда болған өзгерісті суреттеген тараулары өте қызықты. Бұл адамдардың көпшілігі бір кезде автордың өзі өмір сүрген жайлаулар мен ауылдардан келгендіктен, олар Мұстафиннің өзінің жете таныстары, тіпті қайсыбірі туыстары болатын. Нұра өзенінің қазіргі Каргрэс орнаған жағалауы — Мұстафиннің туыстарының бұрынғы жайлауы, ал Спасс пен Қарағанды арасындағы жерде қыстауы болатынды. Қазір қазақ металлургтерінің жас қаласы — Теміртау орнаған Қожыр және Жауыр тауларының етегінде Мұстафиннің ата-бабаларының қыстауы барды. Жас жұмысшы Ғабиден Мұстафин Қарағандыға сол өзінің, көшпенді туыстарының уәкілі ретінде келген-ді. Бұрынғы қыр қазағы токарьлық мамандықты игереді, сөйтіп, өзінің болашақ геройы — Жанәбілдің өткен жолын өтеді. "Қарағанды" романындағы Ермек сияқты байырғы жұмысшылардың кейбірі де жазушының жақын достарының типтері. Сол тәрізді мехцехтық Лапшин, Козлов құсаған мастерлері мен орыс жұмысшыларының да жазушыға таныс адамдар екені даусыз. Ал "Қарағандыдағы" өндіріс командирі Щербаковтың образы Қарағанды құрылысының сол тұстағы начальнигі, орыс, қазақ жұмысшыларының сүйікті адамы, Мұстафин жетік білген және жақсы көрген марқұм Горбачевке көп жағынан ұқсап тұрады. Дегенмен мұндай биографиялық ұқсастықтың молдығына қарамастан, Мұстафиннің "Қарағанды" романы қалай да автобиографиялық болып табылмайтынын атап көрсеткен жөн. Мұнда геройларға жекелеген субъективті айырмашылықтарды орынсыз әкеп таңушылық жоқ. Мұстафиннің творчестволық іздену жолындағы бір ерекшелігі сол, оның геройларының биографиясы өнеркәсіпті Қазақстанның өндірістік-тарихи өсуімен біте қайнасып жатыр. Ал бұл байланыс Қарағанды бассейні және облысы арқылы шебер көрсетіледі. Егер сталиндік бесжылдықтардың кезінде бұрынғы құлазыған жердің, көшпелі ауылдардың уақытша мекендерінің орнына Орталық Қазақстанның өндірісті қалалары — Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш орнаған болса, егер революцияға дейінгі Қарағандының жұмысшылары ішінен Промакадемияны бітірген Ермек құсаған өндіріс командирлері, "Қарағанды" романындағы Жанәбіл жоғарғы партия мектебін бітіріп, партия қызметкері болып шықса, тап сол тұста Ғабиден Мұстафин де халықпен бірге үлкен даңғыл жолдан өтті, сөйтіп, ол осы уақиғалардың бәрін тек өз романдарының мазмұнында ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге олардың формасында - тілінде де көрсетті. Жазушы халық тілінің лексикондық байлығын, оның поэтикалық формаларын кеңінен пайдалана отырып, өткір нақылдар мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана білген, сөйтіп, солардың негізінде адамдардың жаңа қарым-қатынастарын бейнелейтін жаңа нақылдар мен мақал-мәтелдер жасай алған. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Мұстафиннің әсіресе диалогтері көрнекті болып шыққан. Мұстафиннің "Миллионер" романы сол Қарағанды облысының колхоздарының бірінің өміріне арналған. Өз жерін қайта жаңғырту, оның табиғатының ғасырлық мешеулігін жеңу істерін өздерінің алдына өмірлік мақсат етіп қойған совет адамдарын көрсетудегі Мұстафин творчествосының өзекті арнасы — "Шығанақ Берсиев" романы болып табылады. Әрине, Мұстафиннің творчествосында кемшіліктер де бар. Басқаларына қарағанда оның "Өмір мен өлім" деген бірінші романы сәтсіздеу шыққан. Мұнда орыс адамдарының образдарын суреттегенде схематизм элементтері барлығы көзге көбірек түседі; жаулардың өндірісте жасаған зұлымдық әрекеттерін жазғанда натуралистік әдіс көбірек қолданылған. "Шығанақ Берсиев" романында оның жақсы жақтарымен қатар, онда партия басшыларын, әсіресе обком секретарын толық және барлық жағынан жеткілікті көрсете алмағанын кезінде сын атап көрсеткен болатын. "Миллионер" — жаңашылдық шығарма, дегенмен онда да елеулі кемшіліктер бар. Олар - коллективтегі адамдардың өсу жолындағы қиыншылықтарын жеңілдетіп көрсету, жағымды геройлардың тұрмыстағы қарым-қатынастарының ішкі себептерін жете ашпау. Сол сияқты Мұстафиннің "Әдебиет және искусство" журналында басылған соңғы ең күрделі романы "Қарағандының" бірінші вариантында да елеулі кемшіліктер болды. Автор "Дружба народов" альманағының редакциясымен бірге романның соңғы вариантын және орысша тексін әзірлеген уақытта сынның ескертпелерін еске ала отырып, романды шындай түсуде көп жұмыстар істеген. Рас, романның соңғы вариантының өзінде де кейбір кемшіліктер бар. Солардың қатарына, ең бірінші кезекте романда орыс геройларының сезімі мен ой-пікірінің, әсіресе сөйлеген сөздерінің жеткілікті бағаланбағандығын қосуға болады. Ардақ пен Мейрамның қайсыбір ішкі сезімі жеткілікті ашылмаған; Қарағандының әр алуан өндірістік өмірін тәптіштеп жақсы білгенімен, соны суреттеу жағының өзі қайсыбір жағдайда ойдағы жерден шықпай отырған. Романның орысша тексі де, қазақша тексі де әлі де болса мінеп-қырнауды, редакциялық іс істеуді керек етеді. Романның аудармасында өзіндік ерекшелігі бар көрнекті шебер автордың әдебиеттік өзгешелігі де, ұлттық ерекшелігі де жайып-шайып жіберілген. Дегенмен, осы кемшіліктердің барлығын көрсете отырғанның өзінде де, Мұстафиннің қазақтың жас совет әдебиетін өркендету ісіне өз үлесін қосқанын және оның творчестволық өсу жолында екенін мойындамауға болмайды.   Мұхтар Әуезов
05.12.2012 12:09 4762

Творчестволық өсу

Жазушылық еңбектің сәттілігі мен тағдыры әр алуан. Сонымен бірге алғашқы сәттілік алтын іздеушінің алтын жатқан жүлгені іздеп тапқанымен бірдей. Ізденген табады, табанды жеңеді, ал жазушы өмірдің өзі қалаған ең бір әсем сазды кезін таба отырып, қиялына қанат бітіргендей болады.

Жақын арада елу жылдығын бүкіл Қазақстан жұртшылығы атап өткен Мұстафиннің жазушылық жолында да осыған ұқсас сәттілік бар. Соңғы 13-14 жыл ішінде жазушы төрт роман жазып шығарды. Соның үшеуі — "Шығанақ Берсиев", "Миллионер" және "Қарағанды" біздің жалпы одақтық әдебиет қорынан нық орын алды.

Ғабиден Мұстафиннің романдары қазақ халқының тарихи тағдырындағы принципиалдық жаңа өзгерістерді бейнелейді. Олар жаңа тақырыпқа жазылған және бұл шығармалар социализмнің құрылысшыларын, коммунизм үшін күресшілерді, олардың өмірі мен қажырлы еңбектерін әңгімелейді.

Бұл романдардың айрықша тағы бір жақсы жағы — олардың авторы өзінің геройларымен тығыз байланысып жататындығында. Автордың жеке өз басының тікелей сезімі романның жекелеген геройларының сезімімен, ісімен, сөзімен айласып жататындығы айқын сезіліп тұрады. Жазушы біздің өміріміздің тарихи қозғалысының сырын терең түсіне, өзін және жеке өз басының тағдырын өз халқының өмірімен нық байланыстыра білген және өмірлік бұл байланыстылықты өз кітаптарында дұрыс көрсете білген.

Жазушының әдеби творчестволық процесінде оның жеке өз басы мен қоғамдық тарихи мәселелердің бірімен-бірі өзара тығыз айласып жатқандығын Мұстафиннің соңғы "Қарағанды" романының мысалдарынан айқын көруге болады.

Бұл романның алғашқы тараулары мен бүкіл бірінші бөлімінде мемлекеттік күш пен қаржының Қарағанды көмір бассейніне шоғырлана бастағандығы суреттеледі. Мұнда Донбаста әбден ысылған тәжірибелі шахтерлер мен өндіріс басшылары келе бастайды. Автор өз Отанында туа бастаған жаңа өндіріске келіп жатқан көшпелі қазақтардың тұрмысы мен ішкі сезімін айрықша жете суреттеген.

Роман Қарағандыға жыртық киіз үйлерімен, құрым қостарымен, қой-қозы, ешкі-лағымен, арық мінгіштерімен келген бұрынғы ауыл батырақтарының бірте-бірте саналы жұмысшыға, іскер маманға, пісіп шыныққан өндіріс жетекшісіне айналғанын сипаттау ісіне арналған.

Мұндай адамдардың саны жүздеп, мыңдап саналатын еді. Бұлардың білімге, мәдениетке, жаңа өмірге деген ынтасы орасан. Бұлардың жан түршігерлік қараңғы тұрмыстан, ғасырлар бойы жайлаған жоқшылықтан, феодалдық-рулық шонжарлардың құлдығы мен адам айтқысыз қанауынан мүлдем құтылу жолындағы ниеттері мен мақсаттары орасан зор.

Бірақ бұлар олардың өздігінен оңайлықпен түсе қалмайды. Адамдардың сана-сезімінде қалған ескінің қалдықтары әлі де болса басым, кешегі байлар Әлібек пен Жаппар және олардың сыбайластары — жаулар әлі де қаруын тастап, берілмеген болатын-ды.

Олар алғашқы айларда өндірісте туа бастаған қиыншылықтарды пайдалану жағына әрекеттенді. Азық-түлік мәселесі қиындай түседі, ал оның үстіне, дұшпандар сол азды-көпті азық-түліктің өзін ұрлап, талан-таражға сала бастайды. Тұрғын үйдің жетімсіздігі де үлкен қиыншылық туғызады, жаулар осыны саудалап, жұмысшы күші жайындағы зор қиыншылықтың отын үрлеп күшейте түсу жағына тырысады. Орыс жұмысшылары мен қазақтар бір-біріне достық көзқараста болады, ал кулактар солардың арасында ұлт араздығын туғызуға әрекеттенеді.

Бірақ халық партияның төңірегіне тығыз топтала отырып, жаулардың зұлымдық әрекеттеріне қарсы соққы береді, оларды әшкерелейді, сөйтіп оларды қарусыздандырады.

Мұндай ірі өзгерістердің бәрі, Октябрь революциясына дейін феодалдық-рулық тұрмыс жағдайында өмір сүрген халықтан алдыңғы қатарлы социалистік ұлт туып өрбігеннен кейінгі бір ұрпақтың тұсында ғана болды.

"Қарағанды" романының азиялық орта ғасырлықтың, біздің ғасырымыздың алдыңғы қатарлы озық мәдениетінің жетістіктері мен күресін және Қарағандыға Қаракесек, Сармантай, Мұрат руларынан келген адамдардың мінез-құлқында пайда болған өзгерісті суреттеген тараулары өте қызықты. Бұл адамдардың көпшілігі бір кезде автордың өзі өмір сүрген жайлаулар мен ауылдардан келгендіктен, олар Мұстафиннің өзінің жете таныстары, тіпті қайсыбірі туыстары болатын. Нұра өзенінің қазіргі Каргрэс орнаған жағалауы — Мұстафиннің туыстарының бұрынғы жайлауы, ал Спасс пен Қарағанды арасындағы жерде қыстауы болатынды. Қазір қазақ металлургтерінің жас қаласы — Теміртау орнаған Қожыр және Жауыр тауларының етегінде Мұстафиннің ата-бабаларының қыстауы барды. Жас жұмысшы Ғабиден Мұстафин Қарағандыға сол өзінің, көшпенді туыстарының уәкілі ретінде келген-ді. Бұрынғы қыр қазағы токарьлық мамандықты игереді, сөйтіп, өзінің болашақ геройы — Жанәбілдің өткен жолын өтеді.

"Қарағанды" романындағы Ермек сияқты байырғы жұмысшылардың кейбірі де жазушының жақын достарының типтері. Сол тәрізді мехцехтық Лапшин, Козлов құсаған мастерлері мен орыс жұмысшыларының да жазушыға таныс адамдар екені даусыз. Ал "Қарағандыдағы" өндіріс командирі Щербаковтың образы Қарағанды құрылысының сол тұстағы начальнигі, орыс, қазақ жұмысшыларының сүйікті адамы, Мұстафин жетік білген және жақсы көрген марқұм Горбачевке көп жағынан ұқсап тұрады.

Дегенмен мұндай биографиялық ұқсастықтың молдығына қарамастан, Мұстафиннің "Қарағанды" романы қалай да автобиографиялық болып табылмайтынын атап көрсеткен жөн. Мұнда геройларға жекелеген субъективті айырмашылықтарды орынсыз әкеп таңушылық жоқ.

Мұстафиннің творчестволық іздену жолындағы бір ерекшелігі сол, оның геройларының биографиясы өнеркәсіпті Қазақстанның өндірістік-тарихи өсуімен біте қайнасып жатыр. Ал бұл байланыс Қарағанды бассейні және облысы арқылы шебер көрсетіледі.

Егер сталиндік бесжылдықтардың кезінде бұрынғы құлазыған жердің, көшпелі ауылдардың уақытша мекендерінің орнына Орталық Қазақстанның өндірісті қалалары — Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш орнаған болса, егер революцияға дейінгі Қарағандының жұмысшылары ішінен Промакадемияны бітірген Ермек құсаған өндіріс командирлері, "Қарағанды" романындағы Жанәбіл жоғарғы партия мектебін бітіріп, партия қызметкері болып шықса, тап сол тұста Ғабиден Мұстафин де халықпен бірге үлкен даңғыл жолдан өтті, сөйтіп, ол осы уақиғалардың бәрін тек өз романдарының мазмұнында ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге олардың формасында - тілінде де көрсетті.

Жазушы халық тілінің лексикондық байлығын, оның поэтикалық формаларын кеңінен пайдалана отырып, өткір нақылдар мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана білген, сөйтіп, солардың негізінде адамдардың жаңа қарым-қатынастарын бейнелейтін жаңа нақылдар мен мақал-мәтелдер жасай алған. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Мұстафиннің әсіресе диалогтері көрнекті болып шыққан.

Мұстафиннің "Миллионер" романы сол Қарағанды облысының колхоздарының бірінің өміріне арналған. Өз жерін қайта жаңғырту, оның табиғатының ғасырлық мешеулігін жеңу істерін өздерінің алдына өмірлік мақсат етіп қойған совет адамдарын көрсетудегі Мұстафин творчествосының өзекті арнасы — "Шығанақ Берсиев" романы болып табылады.

Әрине, Мұстафиннің творчествосында кемшіліктер де бар. Басқаларына қарағанда оның "Өмір мен өлім" деген бірінші романы сәтсіздеу шыққан. Мұнда орыс адамдарының образдарын суреттегенде схематизм элементтері барлығы көзге көбірек түседі; жаулардың өндірісте жасаған зұлымдық әрекеттерін жазғанда натуралистік әдіс көбірек қолданылған.

"Шығанақ Берсиев" романында оның жақсы жақтарымен қатар, онда партия басшыларын, әсіресе обком секретарын толық және барлық жағынан жеткілікті көрсете алмағанын кезінде сын атап көрсеткен болатын.

"Миллионер" — жаңашылдық шығарма, дегенмен онда да елеулі кемшіліктер бар. Олар - коллективтегі адамдардың өсу жолындағы қиыншылықтарын жеңілдетіп көрсету, жағымды геройлардың тұрмыстағы қарым-қатынастарының ішкі себептерін жете ашпау.

Сол сияқты Мұстафиннің "Әдебиет және искусство" журналында басылған соңғы ең күрделі романы "Қарағандының" бірінші вариантында да елеулі кемшіліктер болды. Автор "Дружба народов" альманағының редакциясымен бірге романның соңғы вариантын және орысша тексін әзірлеген уақытта сынның ескертпелерін еске ала отырып, романды шындай түсуде көп жұмыстар істеген.

Рас, романның соңғы вариантының өзінде де кейбір кемшіліктер бар. Солардың қатарына, ең бірінші кезекте романда орыс геройларының сезімі мен ой-пікірінің, әсіресе сөйлеген сөздерінің жеткілікті бағаланбағандығын қосуға болады. Ардақ пен Мейрамның қайсыбір ішкі сезімі жеткілікті ашылмаған; Қарағандының әр алуан өндірістік өмірін тәптіштеп жақсы білгенімен, соны суреттеу жағының өзі қайсыбір жағдайда ойдағы жерден шықпай отырған.

Романның орысша тексі де, қазақша тексі де әлі де болса мінеп-қырнауды, редакциялық іс істеуді керек етеді. Романның аудармасында өзіндік ерекшелігі бар көрнекті шебер автордың әдебиеттік өзгешелігі де, ұлттық ерекшелігі де жайып-шайып жіберілген. Дегенмен, осы кемшіліктердің барлығын көрсете отырғанның өзінде де, Мұстафиннің қазақтың жас совет әдебиетін өркендету ісіне өз үлесін қосқанын және оның творчестволық өсу жолында екенін мойындамауға болмайды.

 

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға