Жаңалықтар

"Социалды Қазақстанның" басқармасына ашық хат

"Социалды Қазақстанның" басқармасына ашық хат Соңғы кездерде Мемлекеттік драма театрында қойылған Жұматтың1 "Арқалық" деген пьесасына және соны сахнаға шығарып қойып отырған театрға, театр басқарушыларына бірнеше сындар жазылды2. Бұл жайдағы алғашқы сөзді бастаған "Социалды Қазақстан" еді. Кейін "Лениншіл жаста" Тұрғамбайұлының мақаласы басылды. Бұл тексерулердің бәрінде де менің жайым айрықша сөз болып, театрдағы менің ісіммен, әсіресе "Арқалық" турасындағы менің қатынасым жайында бірнеше теріс мағлұматтар, қата түсініктер берілді. Әсіресе, "Лениншіл жаста" Тұрғамбайұлы мені театрдың суреттілік ісін басқарушы3 етіп және "Арқалық" пьесасының режиссер-постановщигі деп көрнеу өтірік мағлұматтар беріп, жұртшылықты мен туралы жалған ізге салыпты. Осы туралы, сол екі газетімізде қата түсінік алмасын деп өзім туралы бірнеше анықтама айтпақшымын: Ең әуелі мен театрда суреттілік ісін басқарушы емеспін, әдебиет бөлімін басқарушы драматургпын. Менің ісім — театр репертуарына өз жанымнан пьеса жазу. Екінші, өзге қазақ жазушылары жазған пьесаны сол жазушылардың өздерімен бірлесіп отырып, театрдағы режиссер, актердің, жалпы басқарманың көпшілігімен ақылдаса отырып, сахнаға ықшамдап қоюдағы олқылықтарын айтысу, талқыласу. Қазақ пьесаларына кіргізетін қосу мен түзетулерді әр жазушының өзі істейді. Үшінші, сахнада қойылатын пьесалар туралы режиссер, суретші, актерлерге жалпы және жекеше талдаған түсініктер беру. Төртінші, қазақ пьесаларын орысшаға аударып, орыс тіліндегі пьесаларды қазақшалау сияқты жұмыстар. "Арқалық" турасында айрықша айтатыным, бұл пьесаны түзеуші мен емес, жазушысы Жұматтың өзі. Екінші, сол түзелген қалпындағы пьесаның сахнаға қойылуында да мен өзге пьесалар тұсында істейтін қызметімді істей алмадым, үйткені қыс (январь-февраль) уақытында мен Мәскеу-Ленинградта болып, "Арқалықтың" әзірлігі пісіп қалған кезде келдім. Режиссерлері — Елубай4 мен Насонов5. Солар Жұмат берген соңғы текстің кемшіліктерін әзірлік үстінде кейде қысқарту, кейде бірлі-жарым көріністерін ауыстырып салумен түзесіп келеді екен. Мен соңғы кезде солардың кейбір қысқарту жөніндегі азын-аулақ кемісіне ғана қатынаса алдым, басқа, бұдан молырақ түрде араласуға пьесаның театрда әзірленіп қалғандығы, менің кешігіп қалғандығым себеп боп көп ат салыса алмадым. Осы жөнінде біздің өлкелік газеттер менің жайымды әрі өздері жаңсақ түсініп, әрі жұртшылықты күдікке салмай анық, дұрыс мағлұмат берсе екен деймін. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 11:42 2897

"Социалды Қазақстанның" басқармасына ашық хат

Соңғы кездерде Мемлекеттік драма театрында қойылған Жұматтың1 "Арқалық" деген пьесасына және соны сахнаға шығарып қойып отырған театрға, театр басқарушыларына бірнеше сындар жазылды2. Бұл жайдағы алғашқы сөзді бастаған "Социалды Қазақстан" еді. Кейін "Лениншіл жаста" Тұрғамбайұлының мақаласы басылды.

Бұл тексерулердің бәрінде де менің жайым айрықша сөз болып, театрдағы менің ісіммен, әсіресе "Арқалық" турасындағы менің қатынасым жайында бірнеше теріс мағлұматтар, қата түсініктер берілді.

Әсіресе, "Лениншіл жаста" Тұрғамбайұлы мені театрдың суреттілік ісін басқарушы3 етіп және "Арқалық" пьесасының режиссер-постановщигі деп көрнеу өтірік мағлұматтар беріп, жұртшылықты мен туралы жалған ізге салыпты.

Осы туралы, сол екі газетімізде қата түсінік алмасын деп өзім туралы бірнеше анықтама айтпақшымын:

Ең әуелі мен театрда суреттілік ісін басқарушы емеспін, әдебиет бөлімін басқарушы драматургпын. Менің ісім — театр репертуарына өз жанымнан пьеса жазу.

Екінші, өзге қазақ жазушылары жазған пьесаны сол жазушылардың өздерімен бірлесіп отырып, театрдағы режиссер, актердің, жалпы басқарманың көпшілігімен ақылдаса отырып, сахнаға ықшамдап қоюдағы олқылықтарын айтысу, талқыласу. Қазақ пьесаларына кіргізетін қосу мен түзетулерді әр жазушының өзі істейді.

Үшінші, сахнада қойылатын пьесалар туралы режиссер, суретші, актерлерге жалпы және жекеше талдаған түсініктер беру.

Төртінші, қазақ пьесаларын орысшаға аударып, орыс тіліндегі пьесаларды қазақшалау сияқты жұмыстар.

"Арқалық" турасында айрықша айтатыным, бұл пьесаны түзеуші мен емес, жазушысы Жұматтың өзі. Екінші, сол түзелген қалпындағы пьесаның сахнаға қойылуында да мен өзге пьесалар тұсында істейтін қызметімді істей алмадым, үйткені қыс (январь-февраль) уақытында мен Мәскеу-Ленинградта болып, "Арқалықтың" әзірлігі пісіп қалған кезде келдім.

Режиссерлері — Елубай4 мен Насонов5. Солар Жұмат берген соңғы текстің кемшіліктерін әзірлік үстінде кейде қысқарту, кейде бірлі-жарым көріністерін ауыстырып салумен түзесіп келеді екен. Мен соңғы кезде солардың кейбір қысқарту жөніндегі азын-аулақ кемісіне ғана қатынаса алдым, басқа, бұдан молырақ түрде араласуға пьесаның театрда әзірленіп қалғандығы, менің кешігіп қалғандығым себеп боп көп ат салыса алмадым.

Осы жөнінде біздің өлкелік газеттер менің жайымды әрі өздері жаңсақ түсініп, әрі жұртшылықты күдікке салмай анық, дұрыс мағлұмат берсе екен деймін.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға