Жаңалықтар

Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

  Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.И. Сац атында – Қазақстандағы жастар мен балаларға арналған театр ұжымы. 1944 ж. құрылған. Театрды алғаш ұйымдастырушылар – реж. Н.И. Сац пен драматург В.С. Розов болды. Театр алғашқы жылдары орыс және қазақ (қ. Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры) труппаларынан құралды. Орыс труппасы 1945 ж. 7 қарашада күндіз Е.Л. Шварцтың “Қызыл телпек” (реж. Сац), ал кешке И.В. Штоктың “Лейденді тору” спектаклімен (реж. Розов) тұңғыш рет шымылдық ашты. Алғашында театр труппасы мектеп оқушыларының бағдарламасына сәйкес орыс жазушыларының (Д.И. Фонвизин, А.С. Грибоедов, А.Н. Толстой, А.С. Пушкин, В.А. Любимова) пьесалары мен аңыз-ертегілер инсценировкаларын (Т.Габбе) қойды. Сац (1945 – 50), Б.Г. Гронский (1951 – 56), Е.А. Прасолов (1956 – 58, 1970 – 74), А.Л. Мадиевский (1958 – 62), В.Л. Шкляр (1962 – 63), В.И. Пучкин (1964 – 66), Г.М. Жезмер (1966 – 70), Р.С. Андриасян (1974 – 83), Б.Н. Преображенский (1984 жылдан) театр труппасының бас режиссерлері болумен бірге оның көркемдік жағын да басқарды; мұнда А.А. Алексеев, Е.Г. Маркова, А.А. Пашков, А.Г. Ридаль, Т.Е. Сидоров сынды режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, В.В. Теляковский, Ф.И. Ткаченко, Д.В. Павлюк (1988 жылдан), т.б. театр суретшілері де жемісті еңбек етті. Мектеп пен отбасының байланысы, жастардың жауынгерлік және еңбектегі ерлігі, достық қарым-қатынасы, алғашқы арман-махаббаты, ізгі ізденісі жайлы тәлім-тәрбиелік мәні зор драм. шығармалар (С.В. Михалков, Л.А. Малюгин, В.А. Гольдфельд, Розов, А.Н. Афиногенов, А.Н. Арбузов, К.А. Тренев, Б.И. Рябкин, М.Ф. Шатров, А.П. Гайдар, М.М. Рощин, В.Ф. Тендряков, В.А. Аграновский, т.б.) театр сахнасына шығарылды. Әр жылдары қызмет еткен Н.К. Ангаров, Я.Я. Муратов, Ю.Б. Померанцев, Г.М. Бойченко, О.А. Решетниченко, Л.А. Темкин, В.С. Бычук, В.И. Тикке, К.Н. Ушакова, В.П. Иванов, Т.Е. Кулагина, П.И. Морозов, С.Т. Печорин, Г.И. Тхоржевская, О.П. Чугунова, т.б. театр труппасының қалыптасып өсу жолына елеулі үлес қосты. Театр ұжымы Мәскеу (1958; 1967, Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі”, орыс және қазақ труппалары 1957 ж. бірлесіп қойған, реж. Прасолов пен М.Қосыбаев, Бүкілодақтық балалар мен жасөспірімдер театрлары фестивалінің 1-дәрежелі дипломымен марапатталды, Душанбе 1988), т.б. қалаларда болып, өнер көрсетті. 1995 ж. театрға реж., театр қайраткері Сацтың есімі мен академ. театр атағы берілді. К. Успенский
05.12.2012 11:41 4659

 

Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.И. Сац атында – Қазақстандағы жастар мен балаларға арналған театр ұжымы. 1944 ж. құрылған. Театрды алғаш ұйымдастырушылар – реж. Н.И. Сац пен драматург В.С. Розов болды. Театр алғашқы жылдары орыс және қазақ (қ. Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры) труппаларынан құралды. Орыс труппасы 1945 ж. 7 қарашада күндіз Е.Л. Шварцтың “Қызыл телпек” (реж. Сац), ал кешке И.В. Штоктың “Лейденді тору” спектаклімен (реж. Розов) тұңғыш рет шымылдық ашты. Алғашында театр труппасы мектеп оқушыларының бағдарламасына сәйкес орыс жазушыларының (Д.И. Фонвизин, А.С. Грибоедов, А.Н. Толстой, А.С. Пушкин, В.А. Любимова) пьесалары мен аңыз-ертегілер инсценировкаларын (Т.Габбе) қойды. Сац (1945 – 50), Б.Г. Гронский (1951 – 56), Е.А. Прасолов (1956 – 58, 1970 – 74), А.Л. Мадиевский (1958 – 62), В.Л. Шкляр (1962 – 63), В.И. Пучкин (1964 – 66), Г.М. Жезмер (1966 – 70), Р.С. Андриасян (1974 – 83), Б.Н. Преображенский (1984 жылдан) театр труппасының бас режиссерлері болумен бірге оның көркемдік жағын да басқарды; мұнда А.А. Алексеев, Е.Г. Маркова, А.А. Пашков, А.Г. Ридаль, Т.Е. Сидоров сынды режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, В.В. Теляковский, Ф.И. Ткаченко, Д.В. Павлюк (1988 жылдан), т.б. театр суретшілері де жемісті еңбек етті. Мектеп пен отбасының байланысы, жастардың жауынгерлік және еңбектегі ерлігі, достық қарым-қатынасы, алғашқы арман-махаббаты, ізгі ізденісі жайлы тәлім-тәрбиелік мәні зор драм. шығармалар (С.В. Михалков, Л.А. Малюгин, В.А. Гольдфельд, Розов, А.Н. Афиногенов, А.Н. Арбузов, К.А. Тренев, Б.И. Рябкин, М.Ф. Шатров, А.П. Гайдар, М.М. Рощин, В.Ф. Тендряков, В.А. Аграновский, т.б.) театр сахнасына шығарылды. Әр жылдары қызмет еткен Н.К. Ангаров, Я.Я. Муратов, Ю.Б. Померанцев, Г.М. Бойченко, О.А. Решетниченко, Л.А. Темкин, В.С. Бычук, В.И. Тикке, К.Н. Ушакова, В.П. Иванов, Т.Е. Кулагина, П.И. Морозов, С.Т. Печорин, Г.И. Тхоржевская, О.П. Чугунова, т.б. театр труппасының қалыптасып өсу жолына елеулі үлес қосты. Театр ұжымы Мәскеу (1958; 1967, Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі”, орыс және қазақ труппалары 1957 ж. бірлесіп қойған, реж. Прасолов пен М.Қосыбаев, Бүкілодақтық балалар мен жасөспірімдер театрлары фестивалінің 1-дәрежелі дипломымен марапатталды, Душанбе 1988), т.б. қалаларда болып, өнер көрсетті. 1995 ж. театрға реж., театр қайраткері Сацтың есімі мен академ. театр атағы берілді.

К. Успенский

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға