Жаңалықтар

Шортанды ауданы

Шортанды ауданы – облыстың орта тұсындағы әкімшілік бөлініс. Солт-нде Ақкөл, шығысында Ерейментау, оңт.-шығысында және шығысында Целиноград, батысында Астрахан аудандарымен шекараласады. 1939 ж. құрылған. Жер аум. 4,7 мың км2. Тұрғыны 30,4 мың адам (2008). Аудандағы 31 елді мекен 2 кенттік және 9 ауылдық окрукке біріктірілген. Аудан орт. – Шортанды кенті. Ш. а. Сарыарқаның солт-н ала орналасқан. Жер бедері – саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –17 – 18оС, шілденікі 19 – 21оС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жері арқылы Қалқұтан өз. мен оның салалары – Дамса, Ащылыайырық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Бозайғыр, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар. Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан дала бүркіті, бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 5,9 адам. Этник. құрамы: қазақтар – 9719, орыстар – 11150, басқа ұлт өкілдері – 9573 адамды құрайды. Өнеркәсіп саласында «Қазақалтын кен-металлургия» АҚ-ның бөлімшесі – Жолымбет алтын кеніші, жиһаз ф-касы (Шортанды), тігін ф-касы (Жолымбет), май з-ты, ауд. баспахана, т.б. жұмыс істейді. А. ш-на пайдаланатын жері 438,5 мың га, оның 287,4 мың га-сы егістік, 2,6 мың га-сы шабындық, 148,2 мың га-сы жайылым. Көп жылдық отырғызылған ағашы 0,3 мың га жерді алады. 2007 жылдың басында ауданда 18,9 мың бас мүйізді ірі қара, 7,6 мың қой мен ешкі, 23,0 мың шошқа, 2,1 мың жылқы, 34,3 мың құс болды. Ауданда 3 балабақша, 4 бастауыш, 11 негізгі, 16 орта мектеп, 1 кәсіптік-техн. мектеп, 31 кітапхана, орт. ауд. аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдш.-акуш. пункт бар. Шортанды кентінде мәдениет және демалыс саябағы орналасқан. Аудан жері арқылы респ. маңызы бар Астана – Көкшетау автомоб. жолы өтеді.  
05.12.2012 11:26 7809

Шортанды ауданы – облыстың орта тұсындағы әкімшілік бөлініс. Солт-нде Ақкөл, шығысында Ерейментау, оңт.-шығысында және шығысында Целиноград, батысында Астрахан аудандарымен шекараласады. 1939 ж. құрылған. Жер аум. 4,7 мың км2. Тұрғыны 30,4 мың адам (2008). Аудандағы 31 елді мекен 2 кенттік және 9 ауылдық окрукке біріктірілген. Аудан орт. – Шортанды кенті. Ш. а. Сарыарқаның солт-н ала орналасқан. Жер бедері – саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –17 – 18оС, шілденікі 19 – 21оС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жері арқылы Қалқұтан өз. мен оның салалары – Дамса, Ащылыайырық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Бозайғыр, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар. Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан дала бүркіті, бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 5,9 адам. Этник. құрамы: қазақтар – 9719, орыстар – 11150, басқа ұлт өкілдері – 9573 адамды құрайды.

Өнеркәсіп саласында «Қазақалтын кен-металлургия» АҚ-ның бөлімшесі – Жолымбет алтын кеніші, жиһаз ф-касы (Шортанды), тігін ф-касы (Жолымбет), май з-ты, ауд. баспахана, т.б. жұмыс істейді. А. ш-на пайдаланатын жері 438,5 мың га, оның 287,4 мың га-сы егістік, 2,6 мың га-сы шабындық, 148,2 мың га-сы жайылым. Көп жылдық отырғызылған ағашы 0,3 мың га жерді алады. 2007 жылдың басында ауданда 18,9 мың бас мүйізді ірі қара, 7,6 мың қой мен ешкі, 23,0 мың шошқа, 2,1 мың жылқы, 34,3 мың құс болды. Ауданда 3 балабақша, 4 бастауыш, 11 негізгі, 16 орта мектеп, 1 кәсіптік-техн. мектеп, 31 кітапхана, орт. ауд. аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдш.-акуш. пункт бар. Шортанды кентінде мәдениет және демалыс саябағы орналасқан. Аудан жері арқылы респ. маңызы бар Астана – Көкшетау автомоб. жолы өтеді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға