Жаңалықтар

Жеке адам

  Жеке адам   Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.   Түсініктеме   Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.   Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бітімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғырады. К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.   Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қаумдағы ру бірлігінен ажыратып, коллективтен бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болды. Жеке адамның ең басты белгісі – оның әлеуметтік қызметінде.   «Жеке адамның мәні, - деп жазды К.Маркс, - оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, әлеуметтік сапасында».[1] Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Сондықтан да К.Маркс былай деп жазды: «... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығына келгенде ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».[2] Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелсіз. Бірақ одан жеке адам қоғамдық қатынастардың жай ғана енжар туындысы деген қорытынды жасауға болмайды. Капитализм тұсында жеке адам бір жақты дамуға душар болды. Тек социализм мен коммунизм ғана жеке адамның жетілуіне мүмкіндік туғызады. Өйткені коммунизмнің мақсаты – жеке адамның жан жақты жарасымды дамуын қамтамасыз ету. Коммунистік қоғам жеке адамды әлеуметтік ортаның бүгінгі ықпалына түсіріп, жоқ қылып жіберуді көздемейді, қайта әрбір адамды өзіндік ерекшіліктері мен әлеуметтік қасиеттердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.
05.12.2012 11:23 15285

 

Жеке адам

 

Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.

 

Түсініктеме

 

Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.

 

Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бітімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғырады. К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.

 

Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қаумдағы ру бірлігінен ажыратып, коллективтен бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болды. Жеке адамның ең басты белгісі – оның әлеуметтік қызметінде.

 

«Жеке адамның мәні, - деп жазды К.Маркс, - оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, әлеуметтік сапасында».[1] Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Сондықтан да К.Маркс былай деп жазды: «... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығына келгенде ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».[2] Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелсіз. Бірақ одан жеке адам қоғамдық қатынастардың жай ғана енжар туындысы деген қорытынды жасауға болмайды. Капитализм тұсында жеке адам бір жақты дамуға душар болды. Тек социализм мен коммунизм ғана жеке адамның жетілуіне мүмкіндік туғызады. Өйткені коммунизмнің мақсаты – жеке адамның жан жақты жарасымды дамуын қамтамасыз ету. Коммунистік қоғам жеке адамды әлеуметтік ортаның бүгінгі ықпалына түсіріп, жоқ қылып жіберуді көздемейді, қайта әрбір адамды өзіндік ерекшіліктері мен әлеуметтік қасиеттердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға