Жаңалықтар

Орал

  ОРАЛ, Жайық, Теке – қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі т. ж. ст., Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өз-нің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Тұрғыны 222,4 мың адам (2004). Қалалық мәслихатқа қарайтын жерінің аум. 0,7 мың км2. Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды. О. қ-ның орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. О. қ-ның жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Әбдірахман, Әбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғ-дың аяғы 16 ғ-дың бас кезінде келе бастады. 17 ғ-дың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі О. қ-ның орнына көшірілді. 18 ғ-дың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеум. жіктелудің нәтижесінде кедейлер (“голытба”) мен байлар (“домовитые”) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 ж. 15 қаңтардағы жарлығымен “Орал қаласы”, ал оның тұрғындары “Орал казактары” болып аталды. О. қ-ның неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңт-не орналасты. Ғибадатхана – О. қ-ның тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 97) халық көтерілісі, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары О. қ. мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал обл. құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында соц.-демокр. үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде О-да Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. О. губерн. қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында О-дың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өз. мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек т. ж-ның ашылуы қаланың экон. жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 90) О. қ-нда ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, мед. препарат з-ты, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды. Бүгінгі (21 ғ-дың басында) О. қ. – Қазақстандағы ірі мәдени-экон. орталықтардың бірі. Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және респ. мемл. “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа обл. дәрежедегі нан комб., жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 музей, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. О-да Бат. Қазақстан т. ж. жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғ-да салынған сәулет ескерткіштері сақталған. Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі ақын-жазушылары А.С. Пушкин, В.А. Жуковский, В.И. Даль, В.Г. Короленко, М.А. Шолохов, т.б. болды. Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері С.Сейфуллин, Х.Есенжанов, Т.Жароков, І.Аманжолов, т.б. өмірінің біраз кезеңдерін О. қ-нда өткізген. І. Ахметов  
05.12.2012 11:22 4805

 

ОРАЛ, Жайық, Теке – қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі т. ж. ст., Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өз-нің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Тұрғыны 222,4 мың адам (2004). Қалалық мәслихатқа қарайтын жерінің аум. 0,7 мың км2. Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды. О. қ-ның орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. О. қ-ның жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Әбдірахман, Әбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғ-дың аяғы 16 ғ-дың бас кезінде келе бастады. 17 ғ-дың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі О. қ-ның орнына көшірілді. 18 ғ-дың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеум. жіктелудің нәтижесінде кедейлер (“голытба”) мен байлар (“домовитые”) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 ж. 15 қаңтардағы жарлығымен “Орал қаласы”, ал оның тұрғындары “Орал казактары” болып аталды. О. қ-ның неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңт-не орналасты. Ғибадатхана – О. қ-ның тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 97) халық көтерілісі, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары О. қ. мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал обл. құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында соц.-демокр. үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде О-да Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. О. губерн. қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында О-дың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өз. мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек т. ж-ның ашылуы қаланың экон. жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 90) О. қ-нда ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, мед. препарат з-ты, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды. Бүгінгі (21 ғ-дың басында) О. қ. – Қазақстандағы ірі мәдени-экон. орталықтардың бірі. Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және респ. мемл. “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа обл. дәрежедегі нан комб., жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 музей, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. О-да Бат. Қазақстан т. ж. жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғ-да салынған сәулет ескерткіштері сақталған. Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі ақын-жазушылары А.С. Пушкин, В.А. Жуковский, В.И. Даль, В.Г. Короленко, М.А. Шолохов, т.б. болды. Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері С.Сейфуллин, Х.Есенжанов, Т.Жароков, І.Аманжолов, т.б. өмірінің біраз кезеңдерін О. қ-нда өткізген.

І. Ахметов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға